Жалтақтықты жағдай көтермейді



Pdf көрінісі
Дата24.10.2018
өлшемі29.64 Kb.
#92960

Жалтақтықты 

жағдай көтермейді 

Бірте-бірте ашық айта бастадық, дегенмен әлі де 

болса бойымызға сіңіп кеткен жалтақтық әдет 

қалмай келеді. 191 7 жылдан бері, одан бұ-

рын да орыс халқын арқа сүйер ағадай пір тұтып, 

олардан үлкен үміт күтіп, соларға сеніп және 

«олар бізді іргелі ел  қатарына  қосады» деген 

үмітіміз шын мәнінде іске аспады деп айтуға неге 

қорқамыз. Ленин кезінде  қ аза қ емес «қайсақ» 

болдық, Сталин кезінде «жау» болдық, ал Хрущев 

тұсында бізді орыстандырып жіберген  ж о қ па, 

бірдеңе десек  ұлтшылсың деп, тіпті өз тілінде 

сөйлеуді былай  қойғанда мәдениетімізді жойып, 

тарихымызды жұлмалап жіберді гой. 

Кейде жұмыста жүргенде, айналадағы адамдар-

мен өз тіліңде сөйлесуді сағынасың, сөйлесейін 

десең қазақ жоқтың қасы, бары қазақша білмейді, 

білем дегендері бір-екі сөз айтады да әуелгі сүр-

леуіне түсіп кетеді. Содан бір күні Жаңаарқа 

жақтан бір жолдасым келіп, екеуіміз  қазақша 

сөйлесіп отырғанбыз, сонда өзімізбен бірге жұ-

мыс істейтін бір орыс жігіті: «Это не хорошо, 

даже не культурно в обществе говорить на казах-

ском языке», дегені. (Сол кезде бәріңізде жиі 

естуші едіңіздер ғой). Сонда  қалай біз өз тілімізде 

тек үйде ғана сөйлеуіміз керек пе дедім. «Где 

хотите, даже можете вообще не говорить» дегені 

ғой. Ал бұл мысалды келтіріп отырған себебім, 

жаңағы орыс жігітін кінәлағанмен өзімізде де 

шикілік бар екенін дәлелдеу. Тілімізді өгейсіткен 

өзіміз? 

Біз неге көшеде, автобустарда, дүкендерде, көп-

шілік орындарда, тіпті үйде де өз тілімізде сөйле-

мейміз. Сол сөйлемейтіндігімізден қазақ тілі  б а с -

қаның құлағына түрпідей тиеді, тіпті жабайы естіле-

ді. Себебі, арамыздағы басқа  ұлт өкілдері оған 

үйренбеген. Естіп көрмеген,  қайдан естиді, бір 

орыс тұрса бәріміз орысша жамыраймыз-ау кеп, 

қазір азайып келеді, сонда да қала тұрғындарының 

көпшілігі әлі сол аурудан құтыла алмай жүр. Бұл да 

біздің санамызға сіңіп  қалған жағымпаздық дейін 

бе, жалтақтық дейін бе, әйтеуір беріш тәрізді 

қатып  қалған бір түсінік. 

Күні кеше ғана орта мектептің жоғарғы кластар-

ға арналған  Қазақ ССР тарихының өзі 100 бетке 

жетпегенін білесіздер.  Қайта мектептегі оқушы-

лар  қазақ тарихынан гөрі, египет тарихын көп 

білетін болып шықты. Сол кезде шыққан кинолар-

ға көз жіберіп  қараңыздаршы. Жеті сериялы 

Ұлы Отан соғысы туралы түсірілген «Азаттық» 

деген фильмде бірде-бір  қазақ азаматы жоқ. Бүкіл 

Орта Азиядағы бес республика азаматтарының 

Отан  қорғау жолындағы үлесін бір-ақ адаммен 

тұжырымдаған... 

Топардағы «ГРЭС 2 » мекемесінде бірнеше жыл 


бойы В.В.Пономарев деген директор болып,  қызмет 

істеді. Ол сол жылдары бірде-бір  қазақ азаматын 

басшы  қызметке жуытпады. Жетпісінші жылдары 

жергілікті азамат Жәркеш Әтінов  Қарағандының 

политехникалық институтын бітіріп жолдамамен 

осында келген еді. Айналасы бір жыл істетпей 

оны  қуып жіберді. Бүгінде ол министрдің орынба-

сары болып  қызмег істейді. Сол В. Пономарев 

өзінің орынбасары Шимпфке мен  қазақтан кадр 

алмаймын деп ашық мәлімдегенін сол жердің аза-

маттарының бәрі біледі. 

Шіркін  қазағым-ай кеңдігің де, кемдігің де  қал-

майды-ау. Сол бүкіл  қазаққа топырақ шашқан 

В.В.Пономарев зейнеткерлікке шығып, 70-тен асып 

барып о дүниелік болған соң аудан әкімі Тілеубек 

Ережепұлы Зейнешев Топар  қаласындағы бір 

көшенің атын беріп, есімін «Ұрпаққа  ұлагат» етіп 

қалдырды ғой. 

Мен алпысыншы жылдары Жаңаарқада мектеп-

те  қызмет атқарып жүргенімде, жыл сайын көк-

темде  қазақ орта мектептерінің балаларын  қой 

бағуға барыңдар, комсомолдық бригада  ұйымдас-

тырыңдар деп үгіт-насихат жүргізетін. Тіпті мек-

теп директорлары аудандық атқару комитетінен 

сол үшін талай сөгіс алған. Мен де сондай бір 

таяқты жегем. Ауданнан келген өкілге, сіздер 

неге  қазақ мектептерінде ғана осындай үтіт жүр-

гізесіздер, ал орыс мектептеріне осындай үгіт 

неге жүргізбейсіздер дегенімде,  қазақ балалары 

малға икемді дегені бар. Мен сонда: Россия мен 

Украинаның малдарын  қазақтар бағып жүр ме 

деген едім. Сол сөзім өзіме соққы болып тиген еді. 

Сол заманында жүргізілген саясат  қазақты мо-

ральдық жағынан езгілеу еді. Осы үгіт-насихат 

жемісін бермей  қоймады, Ақтоғай ауданының бір 

өзінде 42 комсомол-жастар шопандар бригадасы 

құрылып, жастардың бәрі оқымай, осы уақытқа 

дейін қой соңында жүр. 1964 жылы «Физкульту-

ра и Спорт» журналы оқырмандардың үнемі 

Поддубныйды айтасыңдар,  Қажымұқан туралы 

неге жазбайсыздар» деген сұрауларын «ондай 

адам болған емес» деп жауап берген. Сол  Қажы-

мұқанды олар түгілі өзіміз де әлі көрсете алмай 

келеміз, «Қазақфильм» түсірген тіпті «Знай на-

ших» деген кинофильмде  Қажымұқанды емес, 

Поддубныйды дәріптеп түсірдік емес пе. 

Сөзімді тұжырымдай келе мынадай  ұсыныстар 

жасаймын: Біріншіден, көпшілік орындарда жар-

намалар екі тілде емес, тек  қана  қазақ тілінде 

жазылуы керек. Егер де бір тілде жазылса еске 

жақсы сақталады. Мен 1970 жылы Львов  қала-

сында шаштаразды іздеп өткіншілерден сұраға-

нымда «Перукарня» деген жазуы бар үйді нұсқа-

ды. Мен наубайханаға жіберген несі деп жүрсем, 

украин тілінде шаштараз «Перукарня» деп айты-

лады екен. Міне, содан бері 26 жыл өтсе де сол 

сөз менің мәңгі есімде. Тіпті біздегі украиндықтар 

осы сөзді білмейді. Ал, енді басқа сөздерге  қ а р а -

ғанда өте  қиын болса да «тиын», «тенге» дегенді 

тегіс үйренді ғой. «Әкім» деп те таза айтып жүрген 

жоқ па. Уақыт жетті, енді жалтақтаудың реті жоқ. 

Өмір бойы көрген зорлық-зомбылық аз болған 

жоқ. Енді еңсемізді көтермесек бәрінен айырыла-

мыз. Бәрі өзінен-өзі орнына келеді деген пікір 

дұрыс емес. 

Үшіншіден,  қазақ балаларын ата-аналарының 

еркінен тыс міндетті түрде  қазақ миектебіне алу 

керек. Әйтпесе әке-шешесінің өзі шалақазақ болып 

жүргендер балаларын  қазақшаға бермеуге тыры-

сады. Бұдан 5-6 жыл бұрын  қазақша мектепке 

барған балалар еді 4-5 жылда бітіреді, ал ашылып 

жатқан жоғарғы білім беретін оқу орындары әлі 

аз, сондықтан бастап дайындық жұмыстары жүр-

гізілуі керек. 

Төртіншіден, көпшілік орындарда  қызмет ететін 

адамдар тек  қана  қазақ тілін өте таза меңгерген 

жандар болуы керек. Магнитофон таспасымен 

көз бояуды доғару керек. 

Өмірдің өзі көрсетіп отырғанындай жоғарыдан 

ықпал жасалмаса, жергілікті жердегілер тілдің 

жайын ойламайды. Сол жоғарғы жақтың  қаулы-

сымен үйренген сөз тізбегі төмендейдей: Тиын, 

теңге, астана, әкім, мәслихат. Сонда 5 жылда — 5 

сөз. Жамбыл атамыздың тіл қорында  7 0 0 мың сөз 

болса, мұндай  қарқынмен мемлекеттік тілге көшу 

біз түгілі біздің  ұрпағымыздың  ұрпағы үшін де 

арман болып өтеді екен. Сондықтан жалтақты 

қойып, мемлекеттік тілде барлық жерде жаппай 

үстемдік беруге көшуіміз керек. 

Тайтөлеу АСҚАРТЕГІ 

Сарыарқа. - 1996. - № 5. - 86-87 б. 



Каталог: irbis64r 01 -> kraeved


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет