Жалпы білім беретін мектептердегі экологиялық білім берудің
мақсаты мен мазмұны
Мусина Р.Т., Кейкин Е.Қ., Ауельбекова А.К., Кыздарова Д.К.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Мақалада жалпы білім беретін мектептердегі экологиялық білім беудің мақсаты мен мазмұны қарастырылған. Экологиялық білім берудің мақсаты нақты анықталып, жеке тұлғаның бойында экологиялық мәдениетті дамыту көрсетілген. Экологиялық білім берудің мазмұны педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік принциптері негізінде анықталып, білім деңгейін қалыптастыратын құрылымның мазмұны анық көрсетілген.
Кілтті сөздер: гносеология, экология, мәдени-зеректік принцип, жүйелілік принцип, ғылыми принцип, фундаменталдық принцип, аксиология.
Білім берудің мақсаттары жалпы адамзаттық идеалға, ұлттық дәстүрлерге, білім беру жүйесіндегі нақты жағдайларға байланысты. Мұндай нақты мақсаттар экологиялық мәдениеттің қалыптасу кезеңдері мен тәсілдерін анықтайды.
Кез келген педагогикалық білім беру жүйесінде оқу мазмұны, үрдіс, оқытудың нәтижесі және тәрбиемен қатар, мақсат негізгі жүйе құраушы фактор болып әлеуметтік мақсаттардың жиынтығы ретінде, саяси, әлеуметтік және ғылыми – педагогикалык факторлардың ықпалында білімдерді дамыту болып табылады.
Экологиялық білім беру әлеуметтік мақсат пен және жеке адамды қалыптастыру мақсатын қамтиды. Әлеуметтік мақсатттар қоғамның өзін-өзі дамыту кезегінде қалыптасады, сонымен қатар әр адамның білім беру жүйесіндегі жеке қабілеттерінде, өз бетімен білім алуды және кәсіптік еңбектерді қамтиды.
Экологиялық білім беру негізінде әлеуметтік қатынас қалыптасады. Экологияны оқушыларда ғылыми көзқарасты, жаратылыстану және гуманитарлық білімдерді дамытуды қалыптастыратын қайнар көзі ретінде қарастыру қажет.
Экологиялық білім берудің басты мақсаты – жеке адамда экологиялық мәдениетті және адамзат пен табиғат арасындағы практикалық, рухани тәжірибені ұштастыра отырап қоғамды қалыптастыру. Бұл мақсат жеке адамды дамытып қалыптастыруды және қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге бағыттайды [1].
Экологиялық мәдениет құрамына практикалық, рухани тәжірибені және әлеуметтік прогресс негізінде толығымен қалыптастырады. Жеке адамда экологиялық сананы дамытуда, яғни осы мақсатқа жету үшін басты рөлді табиғи заңдылықтарды түсіну «табиғат-қоғам» жүйесіндегі туындайтын келіспеушілік себеп салдарын анықтау болып табылады.
Дәстүрлі түрде экологияны оқытудың мақсаттары оқытушы (білім беруші), тәрбиелеуші және дамытушы болып бөлінеді.
Экологиялық білім берудің оқытушылық мақсаттары оқушыларды экологиялық білім беру, ептілік және дағдыларын қалыптастыру жүйесі меңгеруге алып келу. Оларға жатады:
- оқушыларда қоршаған орта жағдайларында тірі ағзалардың өмір сүру қызметін, заңдылықтарын, қоғам және табиғат арасындағы байланысты, қазіргі таңдағы экологиялық дағдарыс мәселелері жайлы білім беруді қалыптастыру;
- жаратылыстану ғылымдарының экологиялық аспектілерін түсіну, жаратылыстану мен гуманитарлық білім беру жүйесінде ғылымтану интеграциясын дамыту;
- табиғатты және қоршаған ортаны қорғау бойынша экологиялық жүйені оқыту жөніндегі практикалық білік пен дағдыны дамыту;
Экологиялық білім беру оқушының жеке адамдық білім қорын байытады, табиғат байлығын және құндылықтарды бағалауға үйретеді.
Экологиялық білім берудің тәрбиелік мақсаты мыналарды қамтиды:
- табиғат тұтастығы мен құндылықтары арасындағы байланыстар мен бағыттардың, адам құндылықтары мен оның өмірі мен денсаулығын қамтуды қалыптастыру;
- оқушыларда табиғатқа деген танымдық көзқарастарын, эмоционалдық және эстетикалық қабылауды дамыту;
- оқушыларда табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін дамыту;
- табиғат жөнінде білімді және ғылыми, ғаламдық көзқарастарды қалыптастыру.
Экологиялық білім берудің дамытушы мақсаттары оқушылардың интелектуалдық қабілеттерін, оларда экологиялық ойлау стилін қалыптастыру, табиғатпен қарым-қатынаста бола алу қажеттілігін, сонымен қатар оқу және ғылыми зерттеу жұмыспен айналысуға деген қабілеттілікті дамыту.
Экологиялық білім беру экологиялық ережелерді, заңдарды меңгеру арқылы, табиғаттың әртүрлілігін және құндылықтарын түсіндіретін және оны сақтап қалу әдісін таңдау оқушының жеке адамдық және қоғамдық маңызды қасиеттерін бекітеді.
Меңгерілген білім бірден табиғаттқа деген іс-әрекеті мен мінез-құлқына, пікіріне айналмайды. Сондықтан экологиялық тәрбиеге аса маңызды көңіл бөлу қажет. Өйткені, қоғам мен табиғаттың өзара біріне-бірі әсер ететіндігі туралы көпшілікке білім беру, адамның практикалык іс-әрекетінде басшылыққа алатын табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады [2].
Экологиялық білім берудің құрылымы педагогикалық білім беру жүйесін, қызметтер тәсілін, шығармашылық қызметтер тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалдық құндылықтарды қалыптастырады. Экологиялық білім берудің мазмұнын қалыптастыратын сыртқы көзі болып - экология ғылымы құрайды. Ішкі көзі болып оқушылар арасында экологиялық білім берудің психологиялық және жас ерекшеліктерін қалыптастыратын педагогика және психология ғылымдары жатады.
Педагогикадағы білім беру мазмұны жиі білім беруге бағытталған әлеуметтік тапсырыс педагогикалық модельді анықтайды.
Экологиялық білім жүйесінде (теория, заңдар, ұғымдар, фактілер) адамзат тарихында жиналған бүкіл табиғат жайлы білімдерді қамтиды. Өлі және тірі табиғат жүйелерінің ара қатынасын анықтайды. Экологиялық білім тұлғаның қоршаған ортадағы құндылықтарын анықтайды. Неғұрлым меңгерілген білімнің көлемі және жүйелілігі көп болса, соғұрлым оның жеке құндылықтар жүйесіне енуі мүмкін. Экологиялық білім мазмұнына енген білімдер жүйесі оның гносеологиялық құраушысын қалыптастырады.
Білім беру мазмұнына енген экологиялық қызметтің тәсілдері, тұлға мен меңгерілген және оның білік пен дағдыларына айналған әлемнің ғылыми суретін түсінуге, табиғатты сақтау, мәдениетті қайта жаңғыртуға дайындайды. Экологиялық білім беру мазмұнындағы іс-әрекеттердің түрлері мен тәсілдері қызметтік құраушысы анықтайды.
Құраушы мазмұны, шығармашылық іс-әрекетті қамтиды, меңгеру және игеру деңгейіне байланысты жаңа деңгейдегі қызмет тәсіліне өтеді.
Қоршаған ортаға деген эмоциональдық құндылық байланысы әлеуметтік белсенділікті ынталандырады, басқа да құраушылар мазмұнын игеруге ықпалын тигізеді.
Аксиологиялық (құндылық) құраушы экологиялық білім беру мазмұны білім беру құндылықтары, табиғатты қабылдаудағы ережелер мен заңдылықтардан адам және табиғат арасындағы арақатынастан құралады.
Экологиялық білім беру мазмұнын игеру арқылы оқушының экологиялық білім беру қабілеті дамиды және оқушыларда ғылыми көзқарас пен экологиялық мәдениет қалыптасады.
Білім беру мазмұны оқушылармен оқу үрдісінде меңгеріледі, нормативті құжаттар негізінде мазмұнын қалыптастыру және талдау жасау педагогтар және методистер арқылы жүзеге асырылады.
Теориялық білім беру негізінің мазмұнын қалыптастыратын келесі педагогикалық заңдылықтар қамтиды:
- мазмұнның әлеуметті-педагогикалық келісілуі;
- оқытудың, тәрбиелеу және дамытудың бірлігі;
- мазмұнның құрылымы оқытудың мақсатына, міндетіне және тәрбиесіне тәуелділігі;
- білім беру мазмұны оқушылардың жасерекшеліктерін ескереді;
- білім мазмұнынындағы құрылымдық құраушылардың бірлігі;
- оқытудың теориялық және практикалық байланысы;
- экологиялық білімнің дамуындағы жүйелілік.
Жалпы білім беру мазмұны мемлекеттік тапсырыс арқылы жүзеге асырылып, Мемлекеттік білім беру стандарты арқылы анықталады [3].
Педагогикалық ғылымда мазмұнының келесі деңгейлерін бөліп қарастырады: жалпы теориялық деңгей; оқу пәндерінің деңгейі; оқу материалының деңгейі; педагогикалық деңгейі; тұлға деңгейі.
Жалпы теориялық деңгей экологиялық білімнің құрылымы туралы, шығармашылық әрекеті мен табиғатқа деген жалпы эмоционалды-құндылықтарын біртұтастығын қалыптастырады. Экологиялық білім мазмұнының осы деңгейлерінде гносеологиялық, қайраткерлік, шығармашылық, аксиологиялық құраушыларының жиынтығы толықтырады.
Экологиялық білім мазмұнының теориялық түрі экологиялық білім мен іс-әрекетті қамтыған оқыту пәндерінің жиынтығы қарастырылғын - оқу жоспары. Бұл биология, география, химия, физика, сонымен қатар тарих, әдебиет және т.б. оқу пәндері. Осындай жағдайда мектеп тәжірибиесінде экологиялық білімнің көппәнділік үлгісі қалыптасады.
Егер оқу жоспарына (оған мектептік құраушы) «экология» пәні енгізілсе, экологиялық білімнің мазмұны маңызы сол пәнде көрсетіледі (экологиялық білімнің бір пәндік үлгісі қалыптасады).
Оқу пәнінің деңгейінде экологиялық білім деңгейін қалыптастыратын құрылымның мазмұны анық көрсетілген. Әрбір оқулық (және бірінші орында “экология”) осы деңгейде экологияның негізін, соның ішінде табиғат және қоғам арасындағы әртүрлі кезеңдердегі және олардың тарихи дамуы барысындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Сонымен бірге, әрбір пән мазмұнның төрт компонентін құрайды: білімділік, тұрақтылық, шығармашылық, эмоционалды-құндылық.
Оқу материалының деңгейі негізінде экологиялық білім мазмұнының жүзеге асырылуына оқулықтарда және оқу құралдарында нақты көрсетілген: деректер, түсінік, іс-әрекет тәсілдері, құндылық, қағида, ережелер көрсетілген экологиялық оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Экологиялық тұрғыдағы оқу материалы (мысалы, оқу тақырыбы) пән мазмұнының төрт элементі мазмұндалатын көлемде және әртүрлі байланыста мазмұндалады.
Жоғарыда аталған үш деңгей экологиялық білімді оқу жүйесіндегі әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық моделі ретінде қарастырады. Білім мазмұны нақты оқу үрдісінде педагогикалық шындық деңгейінде жүзеге асырылады.
Педагогикалық шындық деңгейінде экологиялық білім әртүрлі жалпы білім беретін мекемелер (жалпы білім беретін мектептер, пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназиялар, лицейлар) арқылы жүзеге асады.
Жеке тұлға дәрежесінде экологиялық білімнің мазмұны мұғалім және оқушы арасындағы қарым-қатынас барысында анықталады.
Әртүрлі деңгейде экологиялық білімнің мазмұны жеке тұлғаны қалыптастыру барысында әлеуметтік және педагогикалықты талдауды қарастырады [4].
Экологиялық білім берудің мазмұны педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік принциптер негізінде қалыптасады. Принциптердің теориялық жағдайы білім мазмұнының нормативті моделі ретінде жалпы теориялық дәрежеде қарастырылады. Осы принциптер негізінде экологиялық білім беру мазмұнына осы және басқа талаптар қажет етіледі.
Экологиялық білім беру мазмұнын қалыптастыратын ең аса бір негізгі принцип болып барлық құраушы мазмұнының әлеуметтік тапсырысқа сәйкес келуі. Нарық пен жаңарудың барысында бүгінгі таңда үкіметіміз экологиялық мәселелерге баса назар аударып отыр. Соңғы шықкан қаулыларда көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беруді іске асыру кейінге қалдырмайтын мәселе екені ашық айтылып жүр.
Экологиялық білім мен тәрбие солардың ішінен ең маңыздысы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу қарастырылады.
Мәдени-зеректік принциптері экологиялық білімнің келесі жүйесінің қалыптасуын талап етеді, өткеннің және болашақтың мәдени құндылықтарын ескере отырып экологиялық білімді қалыптастырады. Экологиялық білім мәдени зеректік принципі тұрғысынан жеке тұлғаның мәдениетке енуін, оқу бағдарламаларының және экологиядан оқу материалдарының экологиялық мәдениетті қалыптастыратынын аңғартады. Экология ғылымын және экологиялық білімді мәдениеттің құрамдас бөліктері ретінде қарастыруды түсіну маңызды. Оқушылардың табиғат заңдылықтарын білуі қазіргі таңдағы адам мәденитінің ең ажырамас бөлігі рерінде қарастырылады, сонымен қатар экологиялық білімді адамзат баласының қайсысы, қандай мамандық иесі болмаса да меңгеруі қажет.
Жүйелілік принципі экологиялық білімнің мазмұнын гнесологиялық, іс-әрекеттілік, шығармашылық, аксиологиялық құраушылардан құралған жүйе түрінде анықтайды. Экологиялық білімнің мазмұнына енетін білім, іс-әрекет түрлері мен тәсілдері, құндылықтар өзара бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста және олардың барлығы экологиялық білімнің мақсатқа жетуін қамтамасыз етеді.
Ғылыми принцип экология, педагогика және экологияны оқыту әдістемесі пәнінің қазіргі таңдағы ғылыми жетістіктерінің ақпараттарын көрсетеді. Экологиялық білім мазмұнына ғылыми (барлық деңгейдегі материалдары) сараптаудан өтпеген ақпараттардан енгізілмейді.
Фундаменталдық принципі экологиялық білім мазмұнына әдістемелік білім және дағдыларды енгізуді талап етеді. Әдістемелік білім оқушыларды экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуын, экологиялық зерттеулерге тән оның құрылымымен, жалпы ғылыми, арнайы әдістерімен және оның тарихының қалыптасуын қарастырады.
Фундаменталдық принципі білімді қарқынды ақпараттық ағымнан сақтайды. Экологиялық білімнің фундаменталдық мазмұны оқушылар арасында ғылыми қызығушылықты, зерттеу жұмыстарын жүргізуді, болашақта мамандық таңдауда кәсіптік қызығушылықты тудырады.
Теориялық және практикалық байланыс принципі экологиялық білім мазмұнына әр түрлі танымдық деңгейдегі және экологиялық іс-әрекеттің түрлерін енгізу тәжирибелік және практикалық жұмыстардың тақырыптарын кеңейтеді.
Білім бағытының құндылық принципі тек қана ғылыми жағынан ашып қарастыру емес, сонымен қоса, адамзат пен табиғат арасындағы өнегелі қарым – қатынасын анықтайды, яғни оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтары мен жаңа адамгершілік қағидасы туралы түсінікті меңгертуін қамтамасыз ету. Экологиялық мазмұнының бағытталу құндылығының күшеюі оның экологиялық – гуманистік және өнегелі ойларының баюы арқасында мақсатқа жетуі мүмкін. Ол дегеніміз, өмір құндылығы, табиғат құндылығы, ғылым мен білім, тірі табиғат пен адамзатқа зиян келтіретін ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін қолдануға рұқсат бермеу.
Білімге тәжірибе түрінде бағытталу принципы экологиялық білім мағынасының баюы қазіргі қоғамның және әрбір адам өмірінің, ғылыми ашылымдар мен ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдар, сонымен қоса,экология ғылымымен байланысқан мамандық туралы білім мазмұнының ағысын талап етеді.
Экологиялық білім мазмұнының іріктеу ерекшелігінде өлкетану қағидасының талабы бар. Бұл талаптар оқу пәндерімен, оқу материалдары мен мұғалімнің педагогикалық іс – әрекеті объектілерді оқытуына бағытталған, нақты берілген аймағы мен туған өлкесінің деңгейіне сай келеді.
Барлық аталған принциптар экологиялық білім мазмұнының теориялық негізін іріктеуінде анықталады. Оларға жалпы теориялық ойлар, оқу материалдары, педагогикалық іс–әрекеттер мен жеке тұлға қалыптасуындағы деңгейі жатады [5].
Қорыта айтқанда экологиялық білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатпен өзара гармониялық байланысты нығайту. Экологиялық білім берудің мазмұны педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік принциптер негізінде қалыптастыру. Экологиялық білім беру негізінде табиғатқа жаңашырлықты тудыртып, тәрбиелеу арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бүгінгі таңда экологиялық білім берудің маңыздылығы артты. ХХІ ғасырдың жастарында табиғатты қорғау, аялау принцинтері ең басты мақсатқа айналуы керек.
Әдебиеттер тізімі
1. Моисеев Н.И. Экология и образование.- М.:ЮНИСАП, 1996.- 191с.
2. Дерябо С.Д., Ясвин В.А. Экологическая педагогика и психология. Ростов-на-Дону: Издательство «Феникс», 1996. – 480с.
3. Бейсенова Ә. С. Экология: оқулық. - Алматы : Ғылым, 2001. - 23б.
4. Зверев И.Д. Экологическое образование школьников.- М.:Педагогика, 1983.- 160с.
5. Шалгымбаев С.Т., Ефремов С.В. Тенденция экологического образования.- Алматы: Қазақ университеті, 2004.- 160с.
Достарыңызбен бөлісу: |