Жалпы білім беретін мектептегі 3 сынып оқушыларындағы дисграфияның ерекшеліктері Б. Е. Арынтай



Дата07.01.2018
өлшемі155.57 Kb.
Жалпы білім беретін мектептегі 3 сынып оқушыларындағы дисграфияның ерекшеліктері

Б.Е.Арынтай - Абай атындағы ҚАЗҰПУ Арнайы білім беру кафедрасының 5В010500 – Дефектология мамандығының (логопедия) 4 курс студенті, bakoni_95@mail.ru

Ғылыми жетекшісі: С.Ж.Өмірбек – психол.ғ.к., Абай атындағы ҚАЗҰПУ арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы


Ұсынылып отырған мақалада авторлар жалпы білім беретін мектептегі 3 сынып оқушыларында кездесетін дисграфияның түрлерін, ерекшеліктерін, таралуын арнайы әдебиеттердегі деректерге сүйене отырып, әдістемелерді іріктеп, қазақ тілді балаларға бейімдеп анықтаушы тәжірибе жүргізу арқылы анықтаған. Жалпы білім беретін мектептің 3 сынып оқушыларынан алынған әріптік,буындық, сөздік және мәтіндік диктантта көп кездесетін қателердің түрлері көрсетілген. Жазба жұмыс түрлерінде ұқсас дыбыстарды шатастыру, әріпті немесе буынды тастап кету, артық әріпті (буынды) қосып жазу, сөздерді бірге жазу және дұрыс тасымалдай алмау жиі байқалған.

Түйін сөздер: 3 сынып оқушылары, дисграфия, диктант, жазудағы ерекше қателер.
Қазіргі таңда сөйлеу тілі соның ішінде жазбаша сөйлеу тілі Қазақстанда және шет елдерде логопедия, психология, психолингвистика, педагогика, неврология, лингвистика салаларындағы көптеген зерттеулердің арқасында пәнаралық зерттеу объектісі болды. Осы күнге дейін көптеген зерттеулердің жүргізілуіне қарамастан бұл салада зерттеулер жүргізудің өзектілігі бәсеңдеген емес. Ақпарат ағымының ұдайы молаюы мен жаңаруына байланысты қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқу тәрбие үрдісіне, оның мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары мен басқару түрлеріне сапалық тұрғыдан жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан да, бастауыш сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тілі жағдайын бақылап, жазу бұзылыстарын, олардың этиологиясын зерттеу - логопедияның басты бағыттарының бірі.

Жазбаша сөйлеу тілі ұғымына оқу мен жазу кіреді. Жазу – бұл графикалық элементтердің көмегімен информацияны қашыққа жіберіп сөйлеу тілін белгілейтін таңбалар жүйесі. Яғни, жазбаша таңбалар жүйесі арқылы қатынас жасаудың ерекше түрі.

Жазбаша тіл алғаш рет арнайы психологиялық зерттеу пәні ретінде Л.С. Выготскийдің еңбектерінде орын алған. Жазбаша тілді жоғарғы психологиялық функциялардың дамуымен ұштастырып, жазбаша тілде өзіндік психологиялық құрылым бар деп айтқан.

Заманауи әдебиеттерде «дисграфия» терминологиясының құрылымы әр түрлі. Көптеген белгілі анықтамаларға мысал келтірсек. Р. И. Лалаева (1997) мынадай анықтаманы берді: дисграфия – бұл жазу процесінің ауытқушылық бөлігі. Өз тарапынан психика функциясы қалыптасуының жазу барысындағы әсерінен ұдайы қайталанатын қателіктер.

И. Н. Садовникова дисграфияны ұдайы спецификалық қателердің болуынан, жазудың бөліктік ауытқушылығы (төменгі сынып оқушыларының жазбаша сөйлеуді игерудегі қиындықтар) деп сипаттайды. Мұндай қателердің пайда болуы жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың интеллектік дамуының төмендеуінен, есту және көру қабілетінің ауытқушылығынан немесе мектептік оқытудың жүйелілігіне байланысты емес.

А.Н.Корнев (1997, 2003) дисграфияны интеллектуалды деңгейдің жеткіліктілігі, сөйлеудің дамуы, көру мен есту қабілетінің ауытқушылығына байланысты емес жазудың графикалық ережесінің машықтануын игеруге қабілетсіздігінің тұрақтылығы деп көрсетеді.

А.Л.Сиротюк (2003) дисграфияға бас ми қабыршағының дисфункциясы немесе жетілмегендігінің, зақымдану ошағының әсерінен болған жазу машығын игерудегі жиі кездесетін ауытқушылық деп анықтама береді.

Жазу барысында сөздің фонематикалық талдауын жасап отыру, әр фонеманы әріппен сәйкестендіріп отыру, әріптерді белгіленген реттілікпен жазып отыру керек.

Жазу бірнеше операциялардан тұрады:

1. Жазуға арналған сөздің дыбыстық талдауы. Жазудың бірінші шарты – сөздегі дыбыстардың кезектілігін анықтау. Екінші – дыбысты анықтау, яғни, естіген дыбыстарды нақтылау, фонемаға айналдыру. Бастапқы уақытта екі процесс те есті түрде орындалатын болса, уақыт өте келе автоматты түрде орындалады. Акустикалық талдау мен жинақтау артикуляцияның қатысуымен жүзеге асады.

2. Келесі операция фонемаларды (естіген дыбыстарды) графемаға (жазу белгілеріне) айналдырудан тұрады. Осы операция барысында элементтердің кеңістіктік орналасуы ескеріледі.

3. Жазудың соңғы операциясында көру схемалары жазуға қажетті кинетикалық қимылдардың бірізді жүйесіне ауысады (графемалар кинемаға айналады).

А.Р.Лурияның айтуы бойынша: «Бұл бөліктер әр кезеңдегі қимыл қабілеттер барысында бірдей салмақта болмайды. Бірінші кездерде жазушының назары дыбыстық талдауға ауатын болса, кей уақытта көп назар қажетті графеманы іздестіруге аударылады. Жазу толықтай қалыптасқан уақытта бұл кезеңдер артта қалады. Жақсы қалыптасқан сөздерді жазу барысында жазу операциясы кинетикалық стереотипке айналады».

Қ.Қ.Өмірбекова мен А.С.Тухышева жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, атап айтканда 2-4 сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тілінің жағдайына салыстырмалы зерттеу жүргізе келе мынандай қорытынды жасаған болатын:

1. Сынып жоғарылаған сайын, қателердің жалпы санының азаю тенденциясы байқалды.

2. Бастауыш сынып оқушыларында көп кездесетін қате түрлері: екінші сыныпта шатастыру, тастап кету, орнын алмастыру, артық әріпті, буынды қосып жазу, үшінші сыныпта шатастыру, тастап кету, орнын алмастыру, бөлек жазу, ал төртінші сыныпта шатастыру және тастап кету, бірге жазу, бөлек жазу қателері жиі кездескен.

3. Бастауыш сынып оқушыларынан алынған үш жазбаша жұмыс (диктант, мазмұндама, көшіріп жазу) түрлерінің ішінде мазмұндама жұмысында қателердің басым түрде көп кездескенін байқаған.

З.А.Мовкебаева мен Г.Н Ибдиминова өздерінің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жалпы білім беретін мектептің бастауыш, соның ішінде 2-4 сынып оқушыларының жазбаша жұмыстарында ерекше қателердің кең ауқымда таралғандығын анықтады. Ал бұл жағдай өз кезегінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жазуындағы кездесетін ерекше қате түрлерін жою мақсатында логопедиялық жұмыстың қажет екенін нақтылай түседі.

Біздің зерттеу тақырыбымыз жалпы білім беретін мектептегі 3 сынып оқушыларындағы дисграфияның ерекшеліктері мәселесіне арналғандықтан біз аталмыш балалармен тәжірибе жүргіздік.

Зерттеуіміздің мақсаты: үшінші сынып оқушыларының дисграфиясының ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеуге Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, жалпы білім беретін Ә.Бейсеуов атындағы мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің үшінші сыныбының 24 оқушысы алынды.



Бастауыш сынып оқушыларының жазу бұзылыстарының ерекшеліктерін анықтамастан бұрын біз Л.Г.Волкованың әдістемесіне сүйене отырып, қазақ тілді балаларға бейімдеп оқушылардың жетекші қолы мен көзін анықтадық.

  1. Жетекші қолды анықтау мынандай сынамалар арқылы жүргізілді:

  • Саусақтарды айқастыру сынамасы (солақайлық кезде сол қолдың бас бармағы жоғарыда тұрады).

  • Қошеметтеу сынамасы (солақайлық кезде сол қол белсенділік көрсетеді).

  • «Наполеон қалпы» сынамасы - кеуде тұсында қолдарды айқастыру (солақайларда оң қол үстінде тұрады).

  1. Баланың жетекші көзін анықтау үшін тесікке, калейдоскопқа, түтікшенің тесігіне қарау ұсынылады.

Егер бала солақай болса оның жетекші көзі сол болу керек.

Қол мен көздің қайсы жетекші екенін анықтау бойынша алынған нәтиже: сыныптағы тек бір оқушының жетекші қолы мен көзі сол болып шықты.



Бастауыш сынып оқушыларының жазу бұзылыстарының ерекшеліктерін анықтау үшін Т.В.Ахутинаның, Т.А.Фотекованың, Л.Г.Парамонованың әдістемелерінен тапсырмалар және тапсырмалардың бөлімдерін іріктеп, қазақ тілді балаларға бейімдедік. Жалпы осы ғалымдар ұсынған әдістемелер мынадай бөлімдерден құралған: 1 бөлім – Ауызша сөйлеу тілінің ерекшеліктерін тексеруге бағытталса, 2 бөлім – Жазбаша сөйлеу тілі тексеруге арналған. 1 бөлімнің өзі 2 блок, 6 сериядан, ал 2 бөлім 3 сериядан тұрады.

Ал біз тексеру жұмысын жүргізу үшін 2 бөлімнің 2 сериясын (1 серия - Тілдік талдау дағдысын тексеру, 2 серия - Жазу дағдысын тексеру) алдық. Анықтаушы тәжірибе әдістемесі қамтыды:



  1. Сөйлемді сөздерге талдау дағдысын тексеру

  2. Сөздерді буынға бөлу дағдысын тексеру

  3. Фонематикалық талдау, жинақтауды тексеру:

Сөздегі дыбыстың орнын басқа дыбыстарға сүйеніп анықтау

Сөздегі дыбыстың санын анықтау

Белгілі дыбыс санына байланысты сөздерді ойлап табу


  1. Жазу дағдысын тексеру:

Әріптік, буындық диктант

Сөздік диктант

Мәтіндік диктант

Жазбаша сөйлеу тілінің ерекшеліктерін тексеру

Бірінші серия

«Тілдік талдау дағдысын тексеру»

Сипаттамасы: балаға сөйлемді сөздерге талдау, сөздерді буынға бөлу, фонематикалық талдау, жинақтау дағдысын тексеруге арналған сұрақтар қойылады.

Балаға нұсқау: Менің сұрақтарыма жауап бер.


  • «Әсет мысықпен, күшікпен ойнағанды жақсы көреді» сөйлемінде қанша сөз бар? (6)

  • Осы сөйлемдегі екінші сөзді ата. (мысықпен)

  • «Қайсар мен Асқар қамыс арасынан тасбақаны көрді» сөйлемінде қанша сөз бар? (7)

  • «Тау» сөзінде қанша буын бар? (1буын)

  • «Дәптер» сөзінде қанша буын бар? (2 буын)

  • «Терезе» сөзінде қанша буын бар? (3буын)

  • «Терезе» сөзіндегі үшінші буынды ата. (зе)

  • «Ою» сөзінде қанша дыбыс бар? (3 дыбыс)

  • «Қоян» сөзінде қанша дыбыс бар? (5 дыбыс)

  • «Парта» сөзінде бірінші тұрған дыбысты ата. (п)

  • «Қасқыр» сөзіндегі үшінші дыбысты ата. (с)

  • «Қасқыр» сөзіндегі «с» дыбысынан кейін қандай дыбыс? (қ)

  • «Тышқан» сөзіндегі «қ» дыбысының алдында қандай дыбыс? (ш)

  • Д, ы, р, о, н, қ, ы осы дыбыстардан сөз құра. (орындық)

  • Р, қ, ғ, а, л, а, ш,ы осы дыбыстардан сөз құра. (қарлығаш)

Бағалау

3 балл – дұрыс жауап;

2 балл – өзін-өзі түзету;

1 балл – көмек көрсеткеннен кейінгі дұрыс жауап;

0 балл - көмек көрсеткеннен кейінгі дұрыс емес жауап.

Бөлім бойынша жоғарғы баға – 45 ұпай



Екінші серия

«Жазу дағдысын тексеру»

Сипаттамасы: балаға ең алдымен А – әріптік қатар ұсынылады, кейін Ә – ашық буын қатары, Б – тұйық буын қатары және В – дауыссыз дыбыстың екі дауысты дыбыстың ортасында келетін буын қатары ұсынылады.

Сөздік диктант кезінде мұғалім оқиды, оқушылар жазады.

«Көрегенді бала» диктантын жазу барысында мұғалім мәтінді толығымен оқып балаларды таныстырады. Содан кейін бірінші рет оқиды оқушылар тыңдайды, екінші ретте жазады, үшіншісінде тексереді.

Балаларға нұсқау: Мен оқимын, сендер жазасыңдар.

Әріптік, буындық диктант

А) С, ұ, з, ү, ш, қ, н, ф, ң, х, п, ж, ғ, ы, р, ө, ц, і, в, б.

Ә) Са, шо, зу, ға, ро, жу.

Б) Ас, ош, уз, ағ, ор, уж.

В) Аса, ошо, узу, ама, оро, ужу.

Сөздік диктант

Мектеп, жиен, әже, көрпе, сызғыш, балық, қасық, вагон, дала, зығыр, ине, ғарыш, тау, өзен, үкі, футбол, цирк, лашын, аю, нағашы, етік, ілгіш, хабар, шахтёр, айна, шаңғы, ұя, чемодан, ащы, экран.



Мәтіндік диктант

Көрегенді бала

Асылбек екінші сыныпта оқиды. Ол күнде үйіне автобуспен барады. Келесі аялдамадан бір әжей автобусқа мінді. Асылбек тұрып орын берді. Әжей Асылбекке риза болды.

Бағалау

45 – орфографиялық немесе пунктуациялық немесе сөзді тастап кету ережелерін бұзумен байланысты 3 қатеден көп емес.

30 – орфографиялық немесе пунктуациялық 5 –ке дейінгі қателер және/немесе 1-2 дисграфиялық.

15- 5-ке дейінгі орфографиялық және пунктуациялық қателер және/немесе 5-тен көп емес дисграфиялық қателер.

0 – көптеген дисграфиялық, орфографиялық және пунктуациялық қателер.

Бөлім бойынша жоғарғы баға – 135ұпай

Жалпы білім беретін мектептегі 3 сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тілінің ерекшеліктері №2 кестеде көрсетілген.

2 кесте. Жалпы білім беретін мектептегі 3 сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу тілінің ерекшеліктерінің көрсеткіштері





Оқушының аты- жөні

Жинаған ұпай саны

1 бөлім

2 бөлім

Жалпы ұпай

1

А.Меруерт

45

135

180

2

А.Рамазан

32

90

122

3

А.Жандос

45

120

165

4

А.Ақбота

33

30

63

5

А.Еркебұлан

24

15

39

6

А.Ерсұлтан

43

120

163

7

Б.Айдын

23

45

68

8

Б.Ерназар

43

105

148

9

Б.Назерке

33

90

123

10

Б.Ербосын

24

30

54

11

Ғ.Заманбек

35

90

125

12

Д.Саят

34

60

94

13

Е.Мөлдір

25

75

100

14

Ж.Әсел

24

75

99

15

К.Жанар

23

30

53

16

К.Аллаберген

45

135

180

17

Қ.Ерасыл

35

75

110

18

Қ.Раян

39

90

129

19

М.Мұхаммеджан

30

75

105

20

М.Назерке

23

30

53

21

С.Берік

24

30

54

22

Т.Айдана

33

60

93

23

Т.Айдын

25

30

55

24

Т.Асылбек

15

20

35

Жазба жұмыстарын талдау барысында түрлі қателердің кездесетінін байқадық, мәтіндік диктант жұмысы бойынша қателерге толығырақ №4 кестеде тоқталдық.

4 кесте. Жазба жұмыс түрлерінде жіберген қателер бойынша



3 сыныптың көрсеткіші

Қате түрлері

Сөздік диктант

Диктант

Шатастыру

79%

46%

Тастап кету

42%

71%

Артық әріпті (буынды) қосып жазу

50%

4%

Сөздерді бірге жазу

-

4%

Дұрыс тасымалдай алмау

-

8%

Сыныптағы оқушылардың көбінде и-й, т-д, г-ғ, ч-ш-щ, э-е-і-и,

ү-ұ-у, х-қ-к әріптерін шатастыру байқалды. Мысалы, Т.Асылбек жиен, экран сөздерін жйен, ікран деп, Д.Саят футбол, чемодан, ілгіш сөздерін фудбол, шемодан, ілғіш деп, Б.Ербосын, А.Еркебұлан хабар сөзін қабар деп, Е.Мөлдір экран – икран, чемодан – щемодан деп, Ж.Әсел үйіне – ұйіне деп жазған.

Әріп немесе буынды тастап кету қателері де жиі кездесті. Мысалы: Ғ.Заманбек Асылбекке – Асылбке десе Б.Айдын Асылбек– Аслбек, Б.Ерназар әжей – әжи, А.Ақбота аялдамадан – аямада.

Сонымен бірге артық әріпті (буынды) қосып жазу қателері көрініс тапты. Мысалы: М.Мұхаммеджан шахтёр – шахтиёр, Қ.Раян экран – экыран, Қ.Ерасыл цирк –циырк, Т.Айдын күнде – күннде.

Өткізілген жұмыстың нәтижелері бойынша жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының жазбаша жұмыстарында ерекше қателердің кең ауқымда таралғандығын анықтадық.

Баланың сауаттылыққа үйрену кезеңінде мақсатты бағытталған көмек көрсету мүмкіндігіне ие болу үшін жазудағы ең алғашқы қиыншылықтардың себептерін уақытылы анықтау өте маңызды деп айтуға болады. Бірақ баланың сауаттылыққа үйренуіне дейін (яғни мектеп жасына дейінгі уақытта) жазуды меңгеру кезінде кездесетін қиыншылықтардың пайда болу белгілерін анықтау едәуір маңызды, өйткені осы қиыншылықтардың пайда болуын уақытылы ескертуге үлгеру керек, себебі дисграфияны түзету үрдісі оны жою үшін анағұрлым көп күшті талап етеді.

Сонымен, осы тақырыптың өзектілігі және ары қарай алдын алу мен түзетушілік жұмысқа бағытталған зерттеулердің қажет екендігі айдан анық ол жүргізілген зерттеу нәтижелерінің сандық, сапалық өңделуімен расталады.

Қ.Қ.Өмірбекова мен А.С.Тухышева, З.А.Мовкебаева мен Г.Н.Ибдиминова өз жұмыстарында диктант, көшіріп жазу, мазмұндама арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, атап айтканда 2-4 сыныптың жазбаша сөйлеу тілінің жағдайына салыстырмалы зерттеу жүргізген болатын. Ал біз 3 сынып оқушыларының жазу бұзылыстарының ерекшеліктерін қай қолы мен көзі жетекші екенін және ерекшеліктерін анықтау арқылы, сонымен қатар тілдік талдау дағдыларын (сөйлемді сөздерге талдау, сөздерді буынға бөлу, фонематикалық талдау, жинақтау), жазу дағдысын тексеру арқылы толығырақ анықтадық.

Келешекте біз бейімдеген әдістемелерді екінші және төртінші сыныпқа арналған бағдарламада қойылған талаптарға сай толықтырып сол бойынша оқушыларды тексерген жағдайда, жалпы бастауыш сынып оқушыларының жазу бұзылыстарының ерекшеліктері толығырақ зерттеліп кейін болдырмау жолдарына негіз болады деген ойдамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Выготский Л.С. Мышление и речь, - М,. 1999г.

  2. Лалаева Р.И. «Нарушение чтения и письма у младших школьников» Ростов н/Д: Феникс 2004г.

  3. Садовникова И.Н. «Нарушение письменной речи у младших школьников» Москва1997.

  4. Корнев А.Н. «Нарушения чтения и письма» СПб., 1997г.

  5. Сиротюк А.Л. Детская дисграфия М., 2003г.

  6. Лурия А.Р. «Очерки психофизиологии письма» М.: ИЦ «Академия», 2002г.



Резюме

Б.Е.Арынтай – студентка 4 курса по специальности 5В010500 Дефектология (логопедия)

КазНПУ им.Абая, bakoni_95@mail.ru

Научный руководитель: С.Ж.Омирбек – к.психол.н,ст. преподаватель кафедры специального образования КазНПУ им. Абая



Особенности дисграфии у учащихся третьего класса общеобразовательной школы

Авторы в предлагаемой статье с опорой на специальные литературы, путем отбора различных методик определили виды, особенности и распространения дисграфии у учащихся 3 класса в общеобразовательной школе с помощью констатирующего эксперимента. Показаны виды ошибок, встречающихся у учащихся 3 класса общеобразовательной школы полученных в ходе буквенного,слогового, словарного и текстового диктанта. В различных видах письменной работы часто наблюдалось пропуски букв или слогов, написание лишней буквы (слогов), написание слов вместе и неправильность их перенесения.



Ключевые слова: ученики 3 класса, дисграфия, диктант, особые ошибки в письме.
Summary

B.E. Aryntay – 4 course student of the specialty 5В010500 Defectology (speech therapy)

KazNPU named after Abai, bakoni_95@mail.ru

Scientific supervisor: S.Zh. Omirbek - candidate of psychological sciences, senior teacher of department of the special education KazNPU named after Abai

Features of a dysgraphia at pupils of the third class of comprehensive school

Authors in the offered article with a support on special literatures, by selection of various techniques have defined types, features and spread of a dysgraphia at studying 3 classes at comprehensive school by the stating experiment. Types of the mistakes which are found at pupils of 3 classes of comprehensive school received during an alphabetic, syllabic, dictionary and text dictation are shown. In different types of written work it was often observed missing of letters or syllables, writing of an excess letter (syllables), writing of words together and abnormality of their transferring.



Keywords: pupils 3 classes, dysgraphia, dictation, special mistakes in the letter.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет