Жалданын адам өлтіруді өлтіруді тергеудің ЖӘне ашудың ерекшеліктері ержаұлы Айдос



Дата14.07.2017
өлшемі124.65 Kb.

МРНТИ: 10.77.51

УДК: 343.98.06.



ЖАЛДАНЫН АДАМ ӨЛТІРУДІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ ЖӘНЕ АШУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ержаұлы Айдос - Абай атындағы КазҰПУ, Тарих және құқық институтының 1 курс магистранты.e-mail:

Ғылыми жетекші: Алмаганбетов П.А. з.ғ.к., Абай атындағыКазҰПУ, Тарих және құқық институтының, қылмыстық-құқықтықпәндерікафедрасының доценті.
Аңдатпа
Қазіргі заманғы қоғамның негізгі мәселелердің бірі қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуі, оның ішінде адам өлтіру санының ұлғайыуы болып табылады. Бұл ретте адам өлтіру жалпы санының арасындағы бір бөлігін тапсырыс бойынша жасалғанадамды өлтіруқұрайды. Тапсырыс бойынша жасалған адам өлтіру – бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың алдын ала сөз байласу арқылы және материалдық сыйақы алуүшін жәбірленушіні өмірінен айырумақсатымен жасалатынқылмыстық жазаланатын әрекет.

Түйінді сөздер: тапсырыс бойынша адам өлтіру, қылмыстық құқық бұзушылық, субъективтік жақ, объективтік жақ, субъект,объект.
ОСОБЕННОСТИ РАСКРЫТИЯ И РАССЛЕДОВАНИЯ УБИЙСТВА ПО НАЙМУ
Ержанұлы Айдос – магистрант 1 курса Института истории и права КазНПУ им.Абая

Научный руководитель: Алмаганбетов П.А. - к.ю.н, доцент кафедры уголовно-правовых дисциплин Института Истории и права КазНПУ им.Абая
Аннотация
Одной из ключевых проблем современного общества является рост преступности, в том числе увеличение количества убийств. При этом среди общего количества убийств определенную часть составляют убийства, совершенные по найму. Убийство, совершенное по найму - это уголовно наказуемое деяние, совершаемое организованной преступной группой по предварительному сговору и за материальное вознаграждение одной из сговаривающихся сторон и имеющее целью лишение жизни потерпевшего.

Ключевые слова: убийство по найму, уголовное правонарушение, субъективная сторона,объективная сторона,субъект,объект.
FEATURES OF DISCLOSING AND INVESTIGATION OF ASSASSINATIONS

ErjanAidos- мasters Degri students of History and Law named after Abai Kazakh National Pedagogical University

Almaganbetov P.A.- Head of the criminal law disciplines of the Institute of History and Law named after Abai Kazakh National Pedagogical University
Annotation
One of key problems of modern society is a height of criminality, including increase of amount of murders. Thus among the general amount of murders certain part is made by the murders accomplished on hiring. The murder accomplished on hiring is this criminally punishable act accomplished by the organized criminal group on a previous concert and for the material reward of one of arranging things parties and having for an object privation of life of victim.

Keywords: murder on hiring, criminal offense, subjective aspect, objective side, subject, object.
Өмірге қарсы қылмыстарды анықтауда адамның өмірінің басталуы мен аяқталуына байланысты фактілі және заңи алғышарттар бар. Бірінші фактілі алғышарт өмір сүруін бастаған адамға қастандық жасалғанын анықтау. Адамның өмірі сүруі қай кезден басталатыны даулы мәселе. Бұл аборт және анасының баласын өлтіруін айырумен байланысты. Екінші фактілі алғышарт болып адамның өмірінің аяқталуы, яғни өлуі болып табылады. Бұған байланысты медиктер мен заңгерлер арасында пікірталас туындады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті биологиялық өлім. Біз айтқанымыздай уақытынан бұрын қаза тапқан адамдардың көбі: ауру немесе зорлық әрекеттерден қайтыс болады.

Басқа адамның әрекеті нәтижесінде адамның зорлықпен қайтыс болуын анықтау тағы бір алғышарт болып табылады. Әрекетті өмірге қарсы деп тану үшін фактілі алғышарттан басқа заңи алғышарттар бар. Олар: құқыққа қайшылық және кінәлілік. Себебі, адам өлтіру заңи әрекет те болуы мүмкін, мысалы өлім жазасына кесу [1,56 б].

ҚР Қылмыстық кодексінде көрсетілген адам өлтіру анықтамасын идеалды деп айтуға болмайды, себебі онда адамды өмірінен қасақана айыру белгілері баяндалмаған. С.В.Бородиннің пікірінше ҚК – ке сәйкес адам өлтіру қылмысын келесідей сипаттауға болады: Адам өлтіру – басқа адамның өміріне қастандық жасап, қаза келтіретін Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген кінәлі әрекет. [2,17б.] Бірақ, абайсыздан адам өлтіруге ҚК-те анықтама берілмеген. Адам өлтіруді сипаттайтын белгілер де абайсыздан адам өлтіруге тән тек әрекеттің субъективтік жағына байланысты немқұрайлылықпен немесе менмендікпен адам өлтіру дегенді қосу керек.

Адам өлтірудің бір қылмыс түрінен екінші адам өлтіру қылмысынан айыру үлкен қиыншылық туғызады. Бұл қылмысты саралауда көбінесе бір адамөлтіру түрі басқа адам өлтіру түрі болып саналады. Саралау процессін шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең, заңның тура мағынасын түсініп, қылмыстың құрамының белгілерін анықтау және жан – жақты талдау. Мұның нәтижесінде негізгі қылмыс құрамының бар немесе жоғы анықталады. Мұндай жағдайда абайсыздықтан адам өлтіру анықталса, саралау процессі осымен аяқталады, себебі бұл қылмыстың тек бір түрі көрсетілген. Өзін - өзі өлтіруге дейін жеткізу қылмысында саралаудың бірінші кезеңі қолданылады.

Екінші кезең, негізгі қылмыс құрамы анықталғаннан кейін екінші этап басталады. Саралаушының адам өлтіру қылмысының ерекшеліктерінің бар – жоғын анықтауы. Мұнда жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар анықталады. Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру» деп ҚК -тің 96- бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан.Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады.

ҚР ҚК-нің 99-бабында көзделген адам өлтіруге оқталған кезде кінәлі оның қоғамға қауіпті сипатын сезгендіктен, жәбірленушіге құқыққа қарсы қаза келтіру мақсатында әрекет жасаған, оның іске асатынын алдын ала білген және соны қалаған, бірақ оған қатысты емес жағдайлар бойынша қаза іске аспаған қасақана әрекеттерді тану керек.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі адам өлтірудің барлық түрін шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

1.Жай адам өлтіру немесе кісі өлтірудің негізгі құрамы. Қазақстан Республикасының Қылмыстың кодексінің 99 бабының 1 бөлігі.

2.Ауырлататын жағдайдағы адам өлтіру. Қазақстан Республикасының Қылмыстың кодексінің 99 бабының 2 бөлігіндегі көрсетілген – 15 тармақ.

3.Жеңілдетілген жағдайдағы адам өлтіру. Қазақстан Республикасының Қылмыстың кодексіндегі келесі қылмыс құрамдары: жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (100 б); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (101 б); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру (102 б); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру (103 б) [3].

Кінәні, жауаптылықты ауырлататын немесе аса ауырлататын әрекеттермен қылмыс жасағанды, жазаны негізгі құрам бойынша белгілей алмаймыз, заң баптарын бөлімге немесе әрі қарай ауырлататын құрамдарға бөлмеу кінәліге жеткілікті жаза тағайындауға заң жүзінде мүмкіндік бермес еді. Адам өлтіру қылмысын білдіретін 99 баптың бөлімдері (және екінші бөлімнің он бесінші тармағы) да жеке құрамдарды білдіреді.

Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау актісінде, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс.

Қылмысты бірнеше адам жасаған кезде олардың арасында қылмыс жасауға алдын ала сөз байласу болған – болмағанын, рөлдері бөлінген – бөлінбегенін, қылмыс жасалған кезде олардың әрқайсысының қандай әрекеттер жасағанын, сондай-ақ барлық өзге де мән-жайларды анықтап, солардың негізінде адамдардың топ болып әрекеттер жасағандары туралы қорытынды жасау және жауаптылыққа тартылған адамдардың әрқайсысының қатысу нысанын айқындау, олардың әрекеттерін жеке-жеке саралап әділ жаза тағайындау қажет.

Қылмысты квалификациялау үшін қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс түрлерінің қылмыстық құқықта белгіленген ерекшеліктерін немесе оларды өзге қылмыстардан ажырататын белгілер тобымен жақсы таныс болу керек. Әрбір қылмысты білдіретін белгілер тобының жиынтығы арқылы ғана жеке қылмыс құрамдары өзге құрамдардан ажыратылады және нақтыланады. Қылмыс құрамы деген ұғым «құрам» деген сөздің қолданылуының өзінен-ақ, оның белгілі – бір элементтерден, белгілерден құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді.

Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі аталады.

Тапсырыс бойынша адам өлтіру қылмысының объектісі адамның өмірі. Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет. Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады [4, 28б.]. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қарудың, өзге заттарды пайдаланумен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында болуы мүмкін. Бұл негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жолбереді. Адам өлтірудің объективтік жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болып табылады.

Тапсырыс бойынша адам өлтіру – материалдық құрамға жатататын қылмыс. Тапсырыс бойынша адам өлтіру субъективтік жағы – ҚК – тің 99 бабына сәйкес тек қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама да болуы мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге әкелетіндігін біледі, және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді.

Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын, кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын, оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі керек.

Тапсырыс бойынша адам өлтіру өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады.

Ауырлататын жағдайда адам өлтіру – ҚК-тің 99-бабының 2-тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу үшін қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.Обьекті бойынша, яғни жәбірленушінің жеке тұлғасы бойынша – екі немесе одан көп адамдарды; Осы адамның қызметтік іс - әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын; Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан; жүкті екенгдігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру. Объективті жағы бойынша – аса қатігездікпен жасалған; көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған; адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған. Субъективтік жағы бойынша – пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан; бұзақылық ниетпен; Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан; әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша; жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған. Субъектісі бойынша – бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру.

В.Н.Кудрявцев «барлық жағынан бірдей екі қылмыстық құрам болмайды. Барлық қылмыс құрамдары кем дегенде бір белгісі бойынша ажыратылады. Құрамдардың арасында айырмашылықтың болмауы ұқсас қылмыстарды ажыратуда мүмкіндік бермес еді» - дейді [5, 20 б]. Құрам элементтері бір қылмыстың түрлі құрамдарында бірдей анықталғанда, олар өзара құрам элементтерінің қосымша белгілерінің міндетті белгі болуына қарай және Қылмыстық кодекстің 54 бабында келтірілген кінәні ауырлататын белгілердің көрсетілуіне қарай ажыратылады. ҚР ҚК 99 баптың 2 бөлімінде қарастырылған қасақана адам өлтірудің ауырлататын түрлерінің құрам элементтері бойынша айырмашылығы жоқ . Тек соңғы «13» тармағы бұрын қасақана адам өлтіру қылмысын жасаған адамның осы қылмысты қайталануын көрсетіп субъекті бойынша ажыратады. Бұл баптың әртүрлі пункттеріндегі қасақана адам өлтіру әрекеттері өзара объект көлемі (мысалы жүкті әйелді өлтіру, екі немесе одан көп адам өлтіру), тәсілі бойынша (мысалы аса қатігездікпен өлтіру, бірнеше адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен өлтіру), қылмыстық ниеті бойынша (пайдақорлық, қанды кекті қайтару, бұзақылық ниетпен адам өлтіру), мақсаты бойынша (жәбірленушінің мүшелерін немесе тәнін пайдалану, басқа қылмысты жасыру немесе қылмыстың жасалуын жеңілдету мақсатында адам өлтіру) ажыратылады.

Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілерді үш топқа бөлуге болады: 1) негізгі; 2) ауырлататын немесе сараланған; 3) жеңілдететін. Адам өлтіру қылмысына байланысты:

1. Негізгі белгілер деп қылмыстық құрамдардың негізгі немесе ауырлататын құрамдарына, сондай – ақ жеңілдетілген құрамдарына да тән белгілерді айтамыз. Мысалы қасақана түрде басқа адамға қаза келтіру белгісі 99 баптың 1 бөлімі бойынша сараланатын жай адам өлтірудің түрлеріне, сондай – ақ 100, 101, 102, 103 баптарындағы кінәні жеңілдететін жағдайларға қарсы бағытталған қылмыстардың негізгі белгісі болып табылады;

2. Ауырлататын белгілер қылмыстың құрамында тікелей келтірілген ауырлататын жағдайларды білдіреді. Ол ауырлататын жағдайлар қылмыстық құрамды сипаттайтын белгілердің түрлерінде кездеседі, яғни зардаптың көлеміне, қылмысты жасау орыны, уақыты, тәсілі жағдайы, құралына қарай және ниетімен мақсаттың, қылмыс субъектісінің түріне қарай ауырлатады. Мысалы 99 баптың екінші бөлігінің «8» тармағындағы пайдақорлық ниетпен адам өлтіруде «пайдақорлық» ниет ауырлататын белгі болып табылады;

3.Қылмыстық құрамдар кінәні жеңілдететін қылмыс түрі ретінде бағалануы үшін, ол жеңілдетілген белгі құрамның мазмұнында келтіріледі. Мұндай жағдайда да ауырлататын құрамдардағы сияқты кінәні жеңілдететін белгі қылмыстық құрамының міндетті белгісі ретінде норма диспозициясында тікелей көрсетіледі. Оларға әйелдің баласын босану уақытындағы, қажетті қорғану, ашу шегінен, қылмыскерді ұстау шаралары шегінен шығуы жағдайларында өміріне қаза келтіруі қарастыратын құрамдар жатады.

Өзіне немесе басқа адамдар үшін материалдық (мүліктік құқық, тұрғын үйге құқық және т.с.с.) пайда алу мақсатында не материалдық шығындардан (қарызды қайтару, көрсетілген қызметті төлеу, алимент төлеу, материалдық міндеттемелер мен төлемдер төлеу және т.с.с.) құтылу мақсатында жасалған адам өлтіру пайдакүнемдікпен жасалған қылмыс ретінде ҚК 99-бабы екінші бөлігінің 8) тармағы бойынша саралануға жатады.

Адам өлтіруді сыйақы алу үшін жасаған адамдардың әрекетін жалданып адам өлтіру ретінде ҚК 99-бабының екінші бөлігінің 8 тармағы бойынша, ал осы адам өлтіруді ұйымдастырған немесе орындаушыны сыйақы үшін адам өлтіруге көндірген адамның әрекетін ҚК 28-бабының үшінші немесе төртінші бөліктері және 99-бабы екінші бөлігінің 8 тармағы бойынша саралау керек.

Егер кінәлінің ниеті қарақшылық шабуыл жасау немесе қорқытып алу және осы қылмыстарды жасау кезеңінде жәбірленушіге күш көрсету қолданған кезде оның өмірін қасақана жойса, онда әрекетті қылмыстар жиынтығы ретінде ҚК 99-бабы екінші бөлігінің 8 тармағы және ҚК 192 немесе 194-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралау керек.

Жалдаумен, қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан адам өлтіруді саралаған кезде - өлтіру пайдакүнемдік ниетпен жасалды деп қосымша саралау белгісін қолданудың қажеті жоқ.

Егер мүлікті иемдену ниеті адамға қаза келтіргеннен кейін пайда болса және пайдакүнемдік мақсаты адам өлтіру себебі болмаса, онда жәбірленушінің өмірін қиғаннан кейін оның мүлкін иемденуге байланысты кінәлінің әрекеттерін бөтеннің меншігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК баптары бойынша, ал адам өлтіруді, саралау белгілерінің болуына байланысты ҚК 96-бабының тиісті бөліктері бойынша саралау қажет.

Адам өлтіруді қылмыстық қарулы топтардың (банда) ұйымдастырушылары, жетекшілері немесе қатысушылары жасаса, қылмыстарының жиынтығы бойынша ҚК-нің 268-бабының тиісті бөліктері және ҚК 99-бабы екінші бөлігінің «з» тармағы бойынша саралауға жатады.



Қарақшылық шабуылды немесе қорқытып алуды жасыру мақсатында жәбірленушіге қатысты аталған қылмыстардан кейін қасақана құқыққа қарсы қаза келтіру осы әрекеттер үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң нормалары бойынша және ҚК 99-бабы екінші бөлігінің 10 тармағы бойынша саралануға жатады [6].
1. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Алматы, 2006.-332 б.

2.Бородин С.В. Ответственность за убийство: квалификация и наказание по российскому праву. - М: Юрист, 1994. -216 с.

3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексы.-Алматы: ЮРИСТ. 2015. - 208 б.

4. Бахин В., Байсажаров В., Когамов М. Методики расследования заказных убийств. Учебное пособие. -Алматы: Оркениет, 2000. – 231с.

5. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификаций преступлений. М., «Юридическая литература», 1972. 352 с.

6. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы (өзгертулер және толықтырулармен 21.04.2011 ж.) - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11 мамыр 2007 жылғы № 1 нормативтік қаулысы.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет