Ж. Жауынгер қазақтардың рухын көтерген



Pdf көрінісі
Дата02.08.2018
өлшемі22.59 Kb.
#81398

 

 

26.05.2015 ж

Жауынгер қазақтардың рухын көтерген 

 

Бақтияр ТАЙЖАН. 

 

Ол  ғұмырында  темекі  тартып,  арақ  ішіп  көрмепті.  Ол  ғұмырында  мектептен  бастап  жоғары  оқу 



орындарында  бестіктен  басқа  баға  алмаған.  Ол  ғұмырында  ешкімді  балағаттап,  жаман  сөз  айтпапты.  Ол, 

ол…  Бәрі  рас,  қарт  майдангер,  өткен  9  мамырда  Қазақстаннан  Мәскеуде  болған  Жеңістің  70  жылдығына 

арналған  парадына  қатысқан  қазақ  жауынгерінің  бірі  Қаратай  Төлебеков  туралы  жақсы  білетіндер  осылай 

деп ризашылықпен айтып еді. Өз аузынан да естідік. Оған келісілген уақытта келдік. Есікті 90-нан асса да 

бойы  еңкіш  тартпаған,  жүзінен  жылы  шуақ  төгіліп  тұратын  Қаратай  ағаның  өзі  ашты.  Қолында  қалта 

телефон. «Кейін хабарласамын», деп қысқа қайырды. Әңгімелесіп жатқаны Оңтүстікте қадірі жоғары Әдіхан 

Шілтерханов  ақсақал  екен.  Қазақтың  тарихын  түгендеп  жүретін  зерделі,  зейінді  кісі.  Көп  жазғыштың  бірі 

емес, аз жазса да саз жазады. Кәрілік үйден шығармай тастаған. Көз-құлағы мына біз келіп отырған Қаратай 

ақсақал, кешегі қан майданда ерлік көрсетіп, елге оралған тыныштықтың күзетшісі. Әңгімелесіп отырмыз. 

Әкесі Төлебек заманында болыс болған кісі екен. Қазан төңкерісінің беті бері бұрылмайтынын байқағаннан 

кейін  мал-мүлкін  жоқ-жұқанаға  таратып  беріп,  кәмпескеден  аман 

қалыпты. Осы Қаратайы дүниеге келгенде жаңа туған шақалақтың 

аузына  қаламның  ұшын  тығып,  зайыбына  «Білекті  бірді  жығады, 

менің  балам  білімді  болса  екен.  Қай  кезде  де  білімдінің  жүзі 

жарық,  ешқашан  қор  болмайды»,  деген  екен.  Ол  кезде  қазақ 

баласының  аузы  ақ  уызға  жарығаны  жоқ.  Бала  Қаратайдың  алты 

жасында  әкесі,  сегіз  жасында  анасы  өмірден  өтті.  Әкесінің  ағасы 

Тәжібай бидің қолында жеті жетімек өскен. – Ес білгенде әкемнің 

айтқан өсиетін шешемнен естіп, сабақты тек беске оқыдым, – дейді 

Қаратай  ақсақал.  –  Жетімдік  деген  қиын  ғой.  Бір  топта  жасымыз 

қатар  төрт  бозбала  бар  едік.  1942  жылы  сол  төртеуіміздің  ішінен 

ешкімі  жоқ  тұлдыр  жетім  мені  майданға  алды.  Мәскеу  түбіндегі 

әскери  жаттығудамыз.  Мектепте  Сейітмұрат  Мыңбаев  деген  аса 

білімпаз  кісі  сабақ  берген.  Жақсы  оқушыға  сыйлығы  бар  еді. 

Маған  50  кітап  және  дүниежүзінің  картасы  қалды.  Ауыл 

азаматтарына 

жастайымнан 

картаға 


қарап, 

дүниежүзінің 

жаңалықтарын  айтып  жүрдім.  Әскери  жаттығудың  бір  сағаты 

саяси  дайындыққа  беріледі.  Үнемі  шұқшиып  оқып  отырғанымды 

байқап  жүрді  ме,  Машкевич  деген  ұлты  еврей  порторг  қасыма 

келді: «Төлебеков, осы оқығандарыңның түсінігін айта аласың ба, 

дәптерге түсірші», деді. Ол маған бұйым ба, командирдің ықыласы 

ауды. Осылайша, саяси қызметкерге айналып кеттік. Соғысқа 2-ші 

Балтық  майданының  құрамындағы  №482  жеке  батальонда  саяси  қызметкер  болып  кірдім.  1943  жылы 

Ленинградтағы саяси бөлімде партия қатарына қабылдады. Жаудан енді босаған кезі. Айнала адамдар өлігі, 

талқаны  шыққан  қала.  Ленинградтан  күштеп  шегіндірілген  немістің  600  мыңға  жуық  іріктелген  армиясын 

кеңес  әскерлері  Курляндия  шығанағына  қарай  тықсырды.  Жан-жағы  теңіз.  Онда  ағылшын,  американ 

флоттары жүр. Біздің әскер қылтаны жауып тұр. Немістерді шабуылдап алуға кеңестің негізгі әскері басқа 

тараптарда  соғысып  жатыр.  Күштеп  бағындырылған  Балтық  жағалауы  елдері  жаулық  пиғылда.  Шамасы 

келсе, латыштар жалғыз-жарым солдаттарды өлтіріп кетеді. Іріктелген неміс армиясын қылтадан шығарып 

алсақ,  біздің  әскердің  ту  сыртынан  тиеді.  Солдаттар  саны  шамалас.  Тапсырма  «өл,  тіріл,  немісті  тылдан 

шығарма».  Шығармадық.  Ұстап  тұрдық.  Ұрыс  біткен  соң  мауыздай  жігіттер  қаруларын  тастап,  кеңес 

әскеріне тұтқынға берілді. Міне, менің соғыс тарихым. Жеңіс сарбазы, оқ пен оттың арасынан аман келген, 

үлкен-үлкен  қызметтер  атқарған  жауынгер  осылай  дейді.  Айтқаны  көп  еді,  оның  бәрін  шағын  мақалаға 

сыйғыза  алмадық.  Жалпы,  ағамыз  жақсы  өмір  сүріпті.  Екі  ұл,  екі  қыз  тәрбиелеп  өсірген.  Зайыбы  Қымбат 

Бердалиева  апай  –  қырық  жыл  мектепте  математикадан  сабақ  берген  ұстаз.  Балаларды,  әке-шешесін 

алақанға  салып  үлпілдетіп  отыр.  «Әсіресе,  қыздарымның  мен  дегенде  шығарға  жандары  жоқ.  Қанша 

костюм-шалбарым бар, есебіне жете алмаймын», деп күледі Қаратай аға. Ал 90-нан асса да денсаулығының 

мықтылығының  себебі  қандай?  Алпысыншы  жылдары  «Ессентуки»  курортына  барған.  Қарны  қабақтай, 

денесі  ауыр,  ырсылдаған  адамдар  ішінен  жараған  аттай  сылаңдаған  Қаратай  ағаны  бөлек  шақырған  жас 

бапкер  жігіт  «кәдеңізге  жарайды,  сізді  қартайтпайды»  деп  12  жаттығу  түрін  үйреткен  екен.  Әлі  күнге  сол 

жаттығуларды жасап келеді. Таңертеңгілік денесін мұздай сулы орамалмен сүртеді. Жатарда ауыр тамаққа 

жоқ. Арақ ішпегенін, шылым тартпағанын айттық. Киіміне қылау түсірмейді, шалбарының қыры пышақтың 



жүзіндей  Қаратай  Төлебеков  1964  жылы  да  Мәскеуде  өткен  парадқа  қатысқан.  Биыл  да  бір  дәрігер,  бір 

медбикенің  бақылауында  Мәскеуге  барып  келді.  Политрук  қой.  Сөз  сөйлегенде  тосылмайды.  Кешегі 

Одақтың талай жиындарында баяндама жасаған. Илья Эренбургтің, Александр Бектің майдандағы қазақтар 

ерлігі  туралы  айтқанда  майын  тамызатындығы  соншалық,  бір  генерал  «немістерді  қазақтар  болмаса  жеңе 

алмайтын едік» деп әзілдепті. Әзіл болса да астарында шындық бар. «Орыс, украин, белорус жауынгерлерін 

түсінуге  болады.  Өз  жерін  босату  үшін  жаумен  соғысты.  Ал  елі,  жері  жырақтағы  қазақтардың  басқа 

ұлттардан артық соғысқанына, ерлік көрсеткеніне тәнтіміз», депті Эренбург сияқты майдангер жазушылар. 

Сол  қаһарман  қазақтың  өкілі,  Ұлы  Жеңісті  жақындатқан  жауынгер  Мәскеудегі  жеңіс  парадына  қатысып 



қайтты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет