Ж. Ж. Молдабеков филос. ғ. д., профессор



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата25.10.2018
өлшемі5.01 Kb.
#93719
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ХАЛЫҚОВ Қ.З. 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы  
2009 
 
 
 
 
 

 

УДК 1/14 
ББК 87.3   
Х 17 
Т.Жүргенов 
атындағы 
Қазақ 
Ұлттық 
Өнер 
академиясының Оқу-Әдістемелік Кеңесінде талқыланып, 
баспаға ұсынылды, №5 хаттама көшірмесі 21. 12. 2009 ж. 
Жауапты редактор: 
ҚР ҰҒА академигі, филос. ғ.д., профессор 
Ғарифолла Есім
 
Пікір жазғандар: 
М.С. Сәбит – филос. ғ.д., профессор,  
Ж.Ж. Молдабеков – филос. ғ.д., профессор,  
Д.С. Раев – филос. ғ.д., профессор    
 
Х– 17  
Халықов Қ.З. Қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы:  
Монография / Халықов Қабыл Заманбекұлы. – Алматы, 2009. – 350 
бет.  
 
ISBN 978-601-265-033-4 
 
Монографияда  қазіргі  заманғы  өнердегі  адам  болмысы 
мәселесі  мәдени-философиялық  бағыттың  өзгеруіне  сәйкес 
зерттелген.  Адам  болмысының  даралығы  мәселелерін  адамның 
анықталған субстанционалдық сапа тұрғысынан қарастырылады. 
Қазіргі  уақытта  өнерде  болып  жатқан  құбылыстардың  негізгі 
кілті – адамның өзіндік болмысын түсінуінде.  
Жоғары  және  арнайы  орта  оқу  орындарындағы  өнер 
философиясы  мен  өнертану  мамандығы  студенттеріне, 
магистранттарына,  докторанттарға,  оқытушыларға  және  осы 
салада  зерттеу  жұмысымен  айналысып  жүрген  ғалымдарға  
арналады.  
УДК 1/14 
ББК 87.3   
       0301010000 
X  
       00(05)-09 
 
ISBN 978-601-265-033-4                                 
© Халықов Қ.З., 
2009.  

 

 
 
КІРІСПЕ 
 
Адам  болмысының  қазіргі  жағдайы  тарихи-философиялық  мәселелер 
деңгейінде  көкейкесті.  Әсіресе  мәдениет  философиясы  контексінде  өнердің 
жалпы  адам  мен  оның  әлемді  көркейту  тәсілі  ретіндегі  мәндері  ашылуы 
маңызды  мәселе.  Монографиялық  еңбекте  адам  болмысының  өзіндік 
даралылығы  мен  руханилығы  мәселелелерінің  сипаты  категориялар 
деңгейінде  мәдени-философиялық  тұрғыдан  қарастырылып,  қазіргі  заман 
өнеріне  қатысты  айшықтары  белгіленеді.  Көркем  шығармашылықтағы 
барлық  пен  болуға  тиістілік  сапалары,  тарихи-жаһанданулық  өзгерістер 
үрдісіндегі  адам  болмысына  қатысты  өнердің  атқаратын  міндеттері  мен 
болашағы талданады.  
Қазіргі  заман  өнері  және  адам  болмысының  жағдайы  адамзат  өмір 
сүруінің жаңа өлшемге шығуымен негізделеді. Көркем шығарма қазіргі заман 
өнерінде  әсерлендіретін  пәнге  айналып,  ал  өнер  адам  өмірінің  көрінісін 
бейнелейді.  Өнердің  мұндай  статусы  классикалық  емес  көркем  әлемді 
құруды  білдіреді  және  ол  сан  қырлы  өмірлік  әрекетпен  қайнасқан  әртекті 
мәдени әлемдердің терезесі тең құқықта адамзаттың бірлесіп өмір сүруі мен 
өзара  қатынас  екендігін,  екпінді  түрде  өзін-өзі  ұйымдастыратын  саяси, 
шаруашылықтық,  экономикалық,  этникалық,  діни-этикалық  және 
құндылықтық  принциптер  бойынша  жиі  өзгеріп  отыратындығын  дәлелдеді. 
Ғасыр соңында тоталды сипатқа ие болған көркем-мәдени әлем структурасы 
құрылуының  көп  жағдайда  белгі  болып  дискурспен  туындауы 
құндылықтарды  өзімен  алып  жүруші,  берілетін,  қатынастыратын  мәнге 
айналып,  өнердің  болмыс  формасы  мен  тәсілін  өзгертті.  Ғасырлар 
аралығында созылған классикалық дәстүрлі мен жаңашыл өнердің арасында 
ХХ ғасырда қақтығыс байқалып, мұның негізінде ХХІ ғасыр өнерінде үлкен 
өзгерістер трансформациясы айқындалды.  
Ал,  бұл  мәселенің  қазіргі  мәдени  өміріміздегі  көрінісі  қандай?  Біздің 
қоғамымызда адамның құндылық ретіндегі орны, болмысы мен оның сипаты 
қандай?  Республикамызда  Тәуелсіздік  алғаннан  бергі  сындарлы  он  жылдан 
астам  уақыт  ішінде  Кеңес  дәуірінде  қалыптасқан  санамыздағы  өзгерістерді 
атауға  болады.  Бұл  мәселе  бірден-бір  біздің  болмысымызды  анықтаған 
«
құлдық  санадан»  арылдық.  Егеменділікпен  тәуелсіз  ұлт  ретінде,  мемлекет 
ретінде біздің болмысымыздың, тұрмысымыздың гүлденуіне жол ашылды.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  бұл  бағытта 
«
Мәдени  мұра»,  жастарға  шетелде  білім  берудің  «Болашақ» 
бағдарламаларын  атауға  болады.  «Еуразиялық  Одақты»  құру  идеясында 
әлемдегі  барлық  мемлекеттер  бойынан  өткізіп  жатқан  дағдарыстан  өту 
мақсатында  барлық  кедергі  жасайтын  догмаларды,  таптаурындар  мен 
шаблондарды аттай отырып,  қажырлы да зор жігермен,  шығармашылықпен 
жаңаша  ойлауды,  тарихпен  берілген  мүмкіндіктерді  пайдалануды  атап 
көрсетті.  Бұл  құрылым  «Еуразиялық  Одақтың»  экономикалық,  қаржылық, 

 

саяси,  мәдени  барлық  деңгейлеріне  тиімді  әрекет  ететіндігімен  өзін 
дәлелдеді»  делінген  [1,  2  б.].  Бұл  орайда  Президентімізбен  аталған  мақсат-
тарды  жүзеге  асыру  үшін  әрбір  азаматтың  тұлға  ретінде  кемелденуі, 
болмысының  толықтығы  көзделген.  Ол  әрбір  азамат  болмысының  жеке 
даралық  қасиеттерін  дамыту,  ерекше  болуын  және  басқаға  деген 
қатынасының  жақсаруын,  яғни,  бүкілжалпылық  адамзатқа  ортақ 
құндылықтарға  қол  жеткізуін  білдіреді.  Адамның  болмысы  бұл  мәселелер 
қатарында  оның:  заттар  әлеміндегі  адам  болмысы,  адам  болмысының 
арнайылығы, дараланған руханилық болмыс, объективтендірілген руханилық 
болмыс, болмыс пен барлық сапаларында анықтауды қажет етеді. 
Ал, адам болмысы мәселесін зерттеуде  рухани көздерді ашу  мәдениет, 
өнер  салаларымен  байланысты  келеді.  Қазіргі  ақпараттар  легіндегі  мәдени 
ағымдардың  әсерін  сындарлы  талдаудан  өткізу,  қоғамымызға  қауіп 
төндіретін жағдайда шара қолдануымыз қажет болады. Мысалы, адам өзінің 
табиғатында шығармашылықтың барлық салаларына қабілетті, соның ішінде 
ең алдымен өнерге де қабілетті әмбебапты тіршілік иесі екені белгілі. Адам 
сонымен  қатар,  рухани-ұжданды,  «адами»  тіршілік  иесі.  Демек,  адамның 
міндеті  өзінің  шығармашылығында  жоғары  гуманистік  құндылықтарды, 
рухани-ұждандық  бастауларды  көрсету.  Олай  болмаған  жағдайда  өнер 
жасампаздық сипатта емес, керісінше жойқын, бұзушы күш болып табылады. 
Себебі,  адамның  қолынан  барлық  нәрсе  келеді,  демек,  оның 
шығармашылығы  адамдарда  адамилықты  дамытуға  арналып  емес,  жеке 
өзінің  эгоцентристік  мақсаттарына  бағытталуы  да  мүмкін.  Бұл  мәселе 
турасында  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстандағы  ең  ірі  саяси  ұйым,  көшбасшы 
партия  –  «Нұр  Отан»  партиясының  кезектен  тыс  12-ші  съезінде  сөйлеген 
сөзінде  «Әлеуметтік  шиеленістерді  қарау  мен  тарқату  жөнінде  Қоғамдық 
кеңестер  құрылуы  керек.  Ұжымдарға  батыл  түрде  бару  керек.  Қоғамдағы 
тұрақтылыққа  қатер  төндіретін  жәйттерге  үн  қату  қажет.  Елге  залалын 
тигізетін  үндеулерге  тойтарыс  беруге  әзір  болайық»  деп  өте  орынды 
шақырады  [2,  11  б.].  Қоғам  мен  қоршаған  орта  арасындағы  өзара  әсерлесу 
барысында  мәдениет  өркениетке  айналып,  адамдардың  бойындағы 
болмыстық  ерекшеліктер  нәтижесінде  құндылықтар  құнсызданады.  Осы 
үдерісте  адамның  жаттануы,  құралға  айналуы,  ұлтаралық  қарма-
қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Міне, бұл адам болмысының ерекшелікке 
ұмтылуында  туындайтын  үдерістер.  Ал,  жалпыға  ортақ  -  өнегелілік, 
ізгіліктілік  тәрізді  адамзаттық  құндылықтар  адами  болмысын  сақтауға 
жетелейді.  Сондықтан,  біздің  мақсатымыз  тарихымыздағы  өнегелі  істерді, 
даналықты  бойға  сіңіріп,  дәстүрімізді  жаңашылдықпен  сабақтастырып 
қоғамымызды дамытуға бағытталады. Батыс философтары адам болмысына 
қатысты  зерттеу  мәселесін  қалыптастырған  болса,  қазақ  ойшылдарының  да 
құнды айтылған ойларын өз деңгейінде отандық ғылымда көтеруіміз қажет. 
Қазақ  елі  бүгінгі  Тәуелсіз  Республикамызда  ел  басы  атап  көрсеткендей 
мемлекеттің  жоғары  игілікке  ұмтылу  идеясымен  ұласып  жатыр:  «Біз 
ұланғайыр  байтақ  даланы  ақ  білектің  күшімен  қорғап  қалған  батыр 
бабаларымыздың асқақ аманатына адал болуымыз керек. Олар елі азат, жері 

 

тұтас  қуатты  мемлекет  құруды,  Жерұйықта  ғұмыр  кешуді  аңсады.  Осы 
арманды  ақиқатқа  айналдыру  бақыты  біздің  ұрпаққа  бұйырды.  Елімізді 
әлемнің  маңдайалды  мемлекеттерінің  қатарын  қосып,  қарқынды  дамытып, 
Қазақстанды  қарыштап  өркендете  беру  –  біздің  қастерлі  де  қасиетті 
борышымыз!» деп түсінеміз [1, 3 б.].  
ХХ  ғасыр  философиясы  үшін  дәстүрлі  онтологиямен  салыстырғанда 
алдымен  әлем,  табиғат  емес,  адам  зерттеу  мәселенің  бастапқы  нүктесіне 
айналды.  Неліктен  бірқатар  философиялық  бағыттар  үшін  болмыс  туралы 
ілім ерекше  назарға  ие  болды?  Оның  адам мәселесіне  қарай  ауысқандығын 
қалай  түсіндіруге  болады?  ХХ  ғасыр  философтары  өткеннің  философия 
ішіндегі  проритеттерін  қайта  қарады.  Олар  әлем  болмысының 
өзбетінділігінен бастау алып, одан адамды түсінуге ұмтылатын және адамды 
әлемге  тәуелді  етіп  қойған  классикалық  онтологияның  өкілдеріне  қарсы 
шықты. Бұл жағдайда философия «заттар филсофиясына» айналып, ал адам 
көп жағдайда дәл солай зат ретінде қарастырылды. Алдыңғы қатарға логика, 
гносеология,  идеялар  теорияларын  ұсынған  классикалық  философияның 
кейбір бағыттарына наразылық одан кем болмай, «жаңа онтология» өкілдері 
оларды  «идеялар  философиясы»  үстемдік  етуде  адамды  белгілі  бір  «таным 
машинасына» айналдырды деді.       
Класикалық  онтологизм  мен  гносеологизмге  таразы  теңестірген  ХХ 
ғасыр  философиясының  феноменология,  экзистенциализм  мен  персонализм 
бағыттары  шындығында  адамды  философияның  орталық  мәселесі  деп 
есептеді.  Бұл  бағыттарда  адам  болмысының  зерттелуі  едәуір  жан-
жақтылығымен,  тұтастығымен  ерекшеленіп,  метафизикалық  толықтығы 
қамтылады.  Адам  болмысын  түсіндіруде  қаншама  көзқарастар  орын 
алғандығына қарамастан, адам болмысы өз деңгейінде терең зерттеліп, өзінің 
соңғы  шешімін  тапқан  жоқ.  Бұл  ретте  адамның  болмысы  жайлы 
анықтамалардан да адам болмысының адам үшін қажеттілігі негізгі орталық 
мәселе болып тұр.  
Мәселенің экономикалық аспекте басым түрде шоғырланғануын Маркс 
жаттанудың  капиталистік  қоғам  жүйесі  үшін  маңыздылығын  мынада  баса 
көрсеткен: «Еңбекпен өндірілген зат, оның өнімі еңбекке қарсы қандай да бір 
бөтен нәрсе өндірушіге тәуелді емес күш...» [3, 455 б.]. Өмірден мұнда жүзеге 
асырушыны,  өмірден  жұмыскерді  алып  тастаған  болып  шығады, 
заттандыруда  адамның  жоғалуы  және  затпен  оны  жаулау,  затты  игеру  – 
мұның    барлығы  жаттану,  өзін-өзі  жаттандыру  болып  табылады.  Кейіннен 
түрлі неомарксистік тұжырымдар біршама жаттануды қарастыруды кеңейтті, 
пікірталастың  қызған  уақытына  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  он 
жылдық  сәйкес  келеді.  Ең  алғаш  болып  жаттану  тұжырымдамасына  назар 
аударған  Д.Лукач  пен  Г.Маркузе  болса,  жаттану  мәселесі  дәл  солай 
экзистенциализм  үшін  де  орталық  мәселенің  бірі  болып  табылатындығы 
(Сартр,  Ясперс,  Хайдеггер)  және  психоанализм  бағытында,  Франкфурт 
мектебінде (Э.Фромм, жартылай В.Райхта) көрініс тапқан. 
Ж.-П.  Сартр  «жаттануды  индивидтің  жаттанбайтын  еркіндігі  мен  оны 
қоршаған  әлемнің  арасындағы  онтологиялық  қатығыстың  салдарынан»  деп 

 

есептейді;  сондықтан  «жаттану  адам  болмысының  бөліп  алуға  болмайтын 
бөлігіне айналады» [4, 44 б.]. Маркузе «жаттану қазіргі заманғы еуропалық 
мәдениеттегі  болмыстың  барлық  элементтерін  құралға  айналдырып,  оны 
индивидпен  жаттандыратын  инструментальді  рационалдылықтың  үстемдік 
етуінің салдарынан туындаған» деп табады [5, 91 б.]. Э.Фромм «жаттануды 
мәдениет  психоанализіндегі  шешуші  ұғымдардың  бірі  ретінде»  қарайды  [6, 
315 б.].  
Адам  болмысы  мәселесін  бірден-бір  орталық  мәселе  ретінде 
қарастыратын  ХХ  ғасыр  философиясындағы  бағыт  экзистенциализм 
философиясы. Оның ең үздік өкілдері, оны жасағандар: Карл Ясперс (1883-
1
969),  Жан-Поль  Сартр  (1905-1980),  Альбер  Камю  (1913-1960),  Мартин 
Хайдеггер (1889-1976). 
Экзистенциализм – философияның бағыты – оның басты зерттеу құралы 
адам,  оның  мәселелері,  қоршаған  ортадағы  болмысы  болып  келетін  болса, 
экзистенцияның  сонда  жалпы  ұғымы  не?  Экзистенциализм  философияның 
бағыты  ретінде  ХХ  ғ.,  ортасында  дүниеге  келді,  ал  ХХ  ғ.,  20-70  жылдары 
танымал  болып  Батыс  Еуропада  бірден  бір  танымал  философиялық  бағыт 
болды.  Экзистенциализмнің  пайда  болуына  және  дамуына  әсерін  тигізген 
факторларды атау арқылы біз зерттеу мәселесін жалғастырамыз. 
ХХ  ғасырдың  20-70  жылдарында  экзистенциализмнің  көкейтестілігіне 
және  дамуына  келесі  себептер  әсерін  тигізді.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс 
алдында,  бірінші  және  екінші  дүниежүзілік  соғыстардағы  және  оның 
арасындағы  адамзатты  иеленетін  рухани  ізгіліктілік,  экономикалық  және 
саяси  дағдарыс;  ғылым  және  техниканың  дамуы  және  техникалық  қол 
жетімділіктердің  адамға  қарсы  пайдаланылуы  (техниканы  жақсарту, 
автоматтар,  пулеметтер,  миналар,  жарылғыш  заттар,  соғыс  барасындағы 
уландырғыш заттар қолдану т.б.); Адамзаттың жойылу қаупі (ядерлік қаруды 
жасау  және  оны  пайдалану,  жақындап  келе  жатқан  экологиялық  апат); 
зұлымдықтың күшейуі, адамға деген зұлымдық (екі дүниежүзілік соғыста 70 
миллион  адамның  өлуі,  концлагерлер,  еңбек  лагерлері);  түбегейлі  адамның 
жеке  тұлғасын  жоятын  фашистік  және  басқа  да  тоталитарлық  режимдердің 
таралуы;  табиғат  алдындағы  адамның  дәрменсіздігі  тәрізді  айғақтармен 
сипатталады. 
Г.Рикерттің басты көзқарасы болмыстың екі тәсілі – табиғаттағы болмыс 
және  рухани  болмыс  арасындағы  басты  айырмашылықты  негіздеуге 
құрылған.  Философиядағы  «сыни  онтология»  ұғымының  негізін 
қалаушылардың  бірі  Н.Гартманның  пікірінше  «дүниедегі  тіршілік  етушінің 
барлығын реалдылық және идеалдылық категориялары қамтиды» [7, 159 б.]. 
Реалдылыққа  тек  табиғат  заттары  мен  құбылыстары  ғана  емес,  идеялар 
жатады.  Сонымен  қатар,  Н.Гартман  «болмыстың  идеалдылық  бөліктерге 
және  сатыларға  бөліну  идеясын  қалыптастырды.  Бөлік  -  бұл    болмыс 
сапалары мен сатыларын ажырататын әлдебір көрінбейтін шекара, бірақ, ол 
кез-келген  шекараға  бөлінбейді,  сондай-ақ,  бұл  сапаларды  өзара 
байланыстырады  [7,  172  б.].  Неміс  философы  Н.Гартман  «материалды 
болмысты  өтпеліге  де,  эмпирикалыға  идеалды  болмысты  тарихилықтан 

 

жоғарылық  ретінде  қарсы  қойып,  олардың  таным  тәсілдері  арасына 
айырмашылық  жүргізеді.  Осыған  сәйкес  ол  онтологияны  болмыстың 
органикалық емес, органикалық, рухани түрлі қабаттарынан тұратын барлық 
туралы ғылым» деп пайымдайды [7, 189 б.]. 
Антик  заманынан  бері  қарай  философияда  «болмыс»  пен  «барлық» 
(
сущий) айырмашылықты. «Барлық» деп адамның өзі мен қоршаған ортасын 
түсінудегі  алғашқы  қадамында-ақ  өзінің  көріністерінде  шексіз  көптүрлі 
болатын заттар мен үдерістердің жиынтығын түсінген. Болмыс – ол бастау, 
себепсіз  «таза»  өмір  сүру. Ол  өзі-өзінің  себебі, өзіндік  жеткілікті, ештеңеге 
жатқызылмайтын,  ештеңеден  шығарылмайтын,  әлемді  реттілікпен, 
тұрақтылықпен  және  дамумен  қамтамасыз  етуші  бастау.  Болмыс  -  бұл 
тіршілікті  қамтамасыз  етуші.  Болмыс  –  бұл  тағы  да  сұрауға  болатын 
соңғылық:  оның  артында  ештеңе  жоқ  соңғылық,  ол  өз-өзінің  мәні  деп 
пайымдалған. 
Философия  тарихында  «өмір  сүру»  ұғымы  әдетте  заттың  сыртқы 
болмысын белгілеу үшін қолданылды, оның заттың мәнінен айырмашылығы 
ойлаумен емес, тәжірибемен танылатындығында. Экзистенциализмде болмыс 
бірыңғай  жүйе  ретінде  таңдалады.  Мәннің  жалпы  құрылымындағы 
экзистенциясын анықтау, яғни, ғаламның басқа да бастауларымен қатар, адам 
табиғатының онтологиялық барлығын анықтау негізгі мәселе деп табылады. 
Экзистенцияның негізгі онтологиялық анықтамасы – «аралық болмыс», бұл 
ұғымды  Кьеркегор  енгізген.  Діну  экзистенциалистер  (Бердяев,  Ясперс, 
Марсель,  Тиллих)  басқаның  табиғатын  сенім  актінде  ашылатын 
«
трансценденция» ретінде анықтайды. Құдаиилық «апофатикалық теология» 
тұрғысында  құдайдың  ешқандай  позитивті  анықтамаларын  мойындамайтын 
рухта  қарастырылады.  Терістеу  арқылы  трансценденцияны  анықтау  сипаты 
әсіресе  Хайдеггерге  тән,  онда  «трасценденция  «еш  нәрсе  еместік»  ретінде» 
шығады [8, 351 б.]. Христиандық ойшылдарда (Бердяев, Марсель) трансцен-
денция  сипаттамасы:  сенім,  үміт,  махаббат  тәрізді  сенім  құндылықтары 
бедерін береді; мысалы, Марсельге сәйкес Құдай «абсолютті Сен» - ең жақын 
және  сенімді  дос»  [9,  45  б.].  Шестовта  иудаизмге  жақын ветхозавет  сарын-
дары кездеседі. 
Неміс  экзистенциализмінің  өкілі  М.Хайдеггермен  болмыс  нағызғы, 
субстанция, субъектке қарама-қарсы және қандай да бір сырттан берілгендік 
ретіндегі дәстүрлі қарастырылатын тұжырымдама сыналады. Хайдеггер үшін 
«
болмыс  мәселесі  адам  мәселесі  ретіндегі  мәнде,  адамның  өмір  сүруі 
негіздерінің  шеткері  мәселесі  болып  танылады.  Болмыстың  жалпы 
адамзаттық  тәсілінің  ең  маңызды  көрінісі  «ештеңе  еместіктің»  алдындағы 
үрей. Хайдеггер таза болмысты қандай да бір уақыттан тыс деп қарастырған 
еуропалық философиялық дәстүрді қайта ұғынуға ұмтылады» [8, 113 б.].  
Хайдеггер  Гуссерльдің  феноменологиялық  тәсілін  қайта  қарастырып, 
оның  зерттеуіне  «интенционалдылық  болмыс»,  «әлемдегі  болмыс»  деп 
пайымдап,  экзистенцияны  қосты  [8,  47  б.].  Феноменологиялық  тәсіл  экзис-
тенциализмді  шындықты  суреттейтін  жүйелі  онтологияға  айналдыруға 
мүмкіндік берді. Діни экзистенциализм адамды  әлемнен құдайға шақырады 

 

және  өз-өзіне  тереңдеуде  болмыстың  жаңа  «трансцендентті»  өлшеміне  қол 
жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Өз-өзіне  тереңдеу,  сонымен  бірге  Мен 
даралылығының шекараларын кеңейту.  
Жалпы, адам мәселесі философиялық антропологияның негізгі мәселесі 
ретінде  антикалық  дәуірден  бері  қарай  философиялық  ағымдарда  кеңінен 
қарастырылып  келеді.  Ежелгі  Грекия  философиясы  мен  өнерінде, 
онтологиялық  мәселеден  адам  мәселесін  қарастыруға  көшу  софистерде, 
Сократ  еңбектерінде,  Протогорда  басталса,    қайта  өркендеу  дәуірінде 
гуманистік  антропоцентризм  философиясының  мәні  адам  идеалын 
қалыптастыру  болып  табылды,  оның  өкілдері:  Леонардо  да  Винчи,  Никколо 
Макиавелли, Дж. Бруно, Эразм Роттердамский,  Мишель де Монтень және т.б.  
Неміс  классикалық  философиясының  өкілдері  И.Кант,  В.Ф.Гегель, 
Л.Фейербах, К.Маркс пен Ф.Энгельс табиғат,  қоғам, адам бейнесін ғылыми 
тұрғыдан  түсіндірудің  негіздерін,  даму  идеясы  ретінде  алдыңғы  кезекке 
шындықты танудың теориясы мен әдістерін шығарады.  
ХХ ғасырдағы экзистенциализм философиясының өкілдері С.Къеркегор, 
Ф.Ницше,  А.Шопенгауэр,  М.Хайдеггер,  К.Ясперс,  Ж.Сартр,  А.Камью 
алдыңғы кезекте ұғымдар тілінде сипатталынбайтын абсолютті бірегей адам 
болмысын терең қарастырды.  
Феноменология  ХХ  ғасырдағы  батыс  философиясындағы  зор  ықпалды 
ағымдардың  бірі  ретінде  зерттеу  тақырыбына  қатысты  таңдалды. 
«
Интенционалдылық» ұғымының жасалуында Брентано қосқан үлесі ерекше, 
өйткені, «intentio термині орта ғасырлық философияда объективті мағынада, 
яғни,  субъект  емес,  объект  сипаттамасы  ретінде  қолданылды».  Брентано 
алғашқы  болып  «интенционалдылық  ұғымын  психикалық  үдерістерді 
сипаттауға, яғни, таза субъективті мағынада қолданды» [10, 27 б.]. Интенцио-
налдылықты Брентаноның түсінуін психологизм мен натурализмге жатқыза 
сынай  отырып,  интенционалдылыққа  Э.Гуссерль  «натуралистік  емес», 
трансценденталды-феноменологиялық  түсінік  беруге  ұмтылады.  Ол 
Э.Гуссерльдің  («Логикалық  зерттеулер»)  феноменологиялық  философияны 
ауқымды түрде зерттеп дамыта білгендігі нәтижесінде кеңінен таралды.  
ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысы  мен  ортасында  неміс  және  француз 
философиясы  зерттеуге  феноменологиялық  тәсіл  ретінде  маңызды  роль 
атқарды.  Бұл  М.Шелердің  «Этикадағы  формализм  мен  құндылықтардың 
материалды этикасы»,  Хайдеггердің «Болмыс пен уақыт», Мерло-Понтидің 
«
Феноменологиялық  қабылдау»,  Дж.Серльдің  «Сананы  қайта  ашу»  атты 
феноменологиялық зерттеулері болып табылады.   
Г.Шпеттің  әлеуметтік  герменевтикасында  Гуссерльдің  субъективизмге 
бейімділігін  өзгертуге  ұмтылды,  «тікелей  тәжірибеден  шығатын  сананың 
талдауы  мәдени-әлеуметтік  тәжірибенің  бар  болмысын  ұсынуы»;  
структуралистердің  беделді  әрі  ықпалды  өкілі  Ролан  Барт  «әртүрлі 
адамдардың,  тіпті  кейде  қарама-қарсы  мәдениеттердің  әңгімелерінде  бірге 
және бірдей нәрсеге зейін қоятындығын байқаған, демек зерттеуші олардың 
константты  құрылымы  мәдени  кедергілер  мен  адами  психикасы  санасы 

 
10 
табиғатында  тұйықталғанды  жоятын  бірегей үлгі  (модель)  бар  екені  жайлы 
пікірлері келтірілді» [11, 19 б.].  
Постструктурализм «қандай болмасын мәдени феноменнен рет пен мән 
іздеуге  ұмтылатын  логоцентристік  дәстүрге  сынмен  қарап  қарсы  шықты. 
Антитарихилық пен статикалықққа әкеліп тірейтін құрылым идеясы да күмән 
туғызды. Бұл ағымның белді өкілі Жак Деррида  структуралистік әдіснаманы 
герменевтика  мен  психоанализге  қосуға  қадам  жасап  көрді.  «Мәдениет 
сөздігі  жеке  дәуір  мен  тарихи  айналымға  ғана  арналып  жасалуы  мүмкін, 
бірақ әртүрлі уақыттардағы барлық өнер құбылыстарын түсінуге әмбебапты 
емес»  деген  пікірлер,  модернизм,  постмодернизмдік  жасаған  жұмыстарды 
тануға  француз  философы  және  мәдениеттанушысы  Ж.Ф.  Лиотар  және  т.б. 
көзқарастары  жұмыста  қазіргі  заманғы  мәдениеттанулық  бағдарларды 
анықтауға  қолданылды.  Неміс  философы  Т.Адорно  «суретшілерге  адам 
образын  жасау  мүмкін  болмау  себебі  адам  өміріндегі  хаос  қисынсыз 
қайталанған деструктивті, дисгармониялық формада көрініс тапқандығы. Сол 
себептерден өнердегі гротескті образдар нақты адамзаттың басынан кешірген 
апатты көрсетуі болып қабылданғанының дәлелі [12, 121 б.]. 
Экзистенциалистік ойлау жүйесі тек қана бірыңғай болмыс шеңберінде 
ғаламның  басқа  да  бастауларымен  қатар,  адам  табиғатының  онтологиялық 
барлығын  анықтауға  ұмтылады,  Экзистенцияның  негізгі  онтологиялық 
анықтамасы  –  «аралық  болмыс»,  бұл  ұғымды  Кьеркегор  енгізген.  Діну 
экзистенциалистер  (Н..Бердяев,  К.Ясперс,  Марсель,  Тиллих)  басқаның 
табиғатын  сенім  актінде  ашылатын  «трансценденция»  ретінде  анықтайды. 
Адам  болмысын  зерттеудің  әдістемелік  негіздерінде  М.С.  Каганның 
«
мәдениет»  ұғымында  адамның  барлық  биологиялық  детерминделмеген 
сапаларының  толықтығы»,  оның  әрекет  тәсілдері  мен  олардың  заттық  іске 
асуы  тәрізді  анықтамалары  алынды.  Сондай-ақ,  К.Юнг,  З.Фрейд, 
Ш.Шукуров, Ю.М.Лотман еңбектері көркем шығармашылықты қазіргі заман 
өнерінде тарихи-мәдени аспектіде талдауға қолданылды.  
Адам  болмысы  мәселесінің  отандық  қазақ  философиясында  талдану 
деңгейі  осы  мәселеге  жақын  зерттеулерде  О.А.Сегізбаев,  Ж.М.Әбділдин, 
Ә.Н.Нысанбаев, 
Қ.Ә.Әбішев, 
М.С.Орынбеков, 
Т.Ы.Әбжанов, 
Қ.Ш.Нұрланова, 
Ж.М.Молдабеков, 
Ж.Алтай, 
Т.Х.Ғабитов, 
С.Е.Нұрмұратовтың  еңбектерінде  қарастырылған.  Адам  мәселесін  талдауға 
арналған  ғылыми  жұмыстардың  қатарында  Б.Р.Қазыханова,  Т.Х.Рысқалиев, 
Т.Қ.Айтқазин,  Қ.Ш.  Шүлембаев,  М.С.Сәбит,  Б.Ғ.Нұржанов,  Н.Ж.Байтенова, 
Н.Р.Мұсаева,  Ж.Б.Бекбосынова,  Б.К.Байжігітов,  К.Қ.Бегалинова,  Н.Г.Аюпов 
және тағы басқа ғалымдардың туындылары бар. Өмірдің мәні, өмір және өлім 
мәселелерін жалпы зерттеп жүрген ғалымдар Г.Г.Соловьева, С.Ю.Колчигин, 
А.Б.Капышев,  А.З.Камалиденова  еңбектері  соңғы  уақытта  жазылды.  Адам 
болмысы  мәселесі  ерекше  жақын  тақырыпта  терең  зерттелген  еңбектерге  
Ғарифолла  Есімнің  «Абай  дүниетанымындағы  Алла  мен  адам  болмысы 
(герменевтикалық  талдау)»  және  Г.Ж.Нұрышеваның  «Адам  өмірінің 
философиялық  мәні»,  Б.Қожамберлиевтің  «Рухани  болмыс  пен  әлеуметтік 

 
11 
болмыс  дамуының  ара  қатынасы»  атты  докторлық  диссертацияларда 
зерттелді.  
Адам болмысы қазіргі заман өнерінде философиялық тұрғыдан арнайы 
зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып. Біз қарастырайық деп отырған қазіргі 
заман  өнеріндегі  адам  болмысы  мәселесі  көркемөнер  шығармасындағы 
адамның  бүгінгі  уақыттағы  болмыстық  жағдайының  қандай  деңгейде 
екендігі,  болмыс  философиялық  категория  ретінде  тұжырымдамасы  және 
оның өнердегі пайымдалу деңгейін философиялық тұрғыдан айқындау. Адам 
болмысының қазақ өнеріндегі қалыптасқан дәстүрлі сипаты мен қазіргі заман 
өнеріндегі  көрінісінің  ашылу  белгілерін  айқындау,  мазмұн  мен  форманың 
мәнге қатынасын өнер мысалдарында талдауға ұйтқы болды.  
1. 
Антропологиялық сипаттағы экзистенциалистік ойлау жүйесі тек қана 
бірыңғай  болмыс  шеңберінде  өрбитіндігінде,  ал  басқа  дәстүрлі 
философиялық мәселелер негізгі мәселені шешудің жеке бір салдары ретінде 
қосымша  мәнде.  Бұл  негізгі  мәселе  –  мәннің  жалпы  құрылымындағы 
экзистенциясын анықтау, яғни, ғаламның басқа да бастауларымен қатар, адам 
табиғатының  онтологиялық  барлығын  анықтау.  Экзистенциализм  болмыста 
қандай  да  бір  нәрсенің  болуын,  болмыстың  бір  нәрседе  объективтілігін 
қарастыруда  дұрыстығын  жоққа  шығарады.  Экзистенциализмде  болмыс 
құралдық алаң немесе мүмкіндіктер көкжиегі, оның шамасында өмір сүретін 
және дамитын адамның еркіндігі болып табылады. 
2.  «
Руханилық»  пен  «мәдениет»  ұғымдары  адамның  танымдық  әрекеті 
мен  әлеуметтік  болмыс  жүйесінде  ерекше  мәндік  рөл  атқарады.  Руханилық 
бұл  жүйедегі  мәдени  өнімдер  мен  процестерді,  сол  сияқты  адамгершілік 
нормалар  мен  өлшемдерді,  құқықты,  көркемдік  шығармашылықты  адамдар 
әлемінде рауаждандырылатындықтан ол мәдениеттің субстанционалдық өзегі 
болып  табылады.  Өнер  саласы  руханилықты  әлеуметке  тасымалдаушы, 
таратушы, насихаттаушы жүйе. 
3. 
Интенционалдылық принципі адамның үзіліссіз екпінді түрде өзіндік 
санасының  шегінен  шығуы,  өзінің  шекарасын  аттап  өтуі  ретінде 
анықталады.  Гуссерль  бұл  мазмұнды  мен  формалдының  арасындағы 
айырықта  трансценденталды  субъективтілік  негізіне  жаңа  конституивті 
принципті  енгізіп,  оны  интенционалдылық  принципі  деп  атады. 
Интенционалдылықтың  философиялық  әлеуетінен  интенционалдылықтың 
философиялық  дискурс  практикасына  өту  өнердегі  шығармашылықтың 
тиімді  жолдарын  табу  қажеттілігімен  анықталады.  Адам  қазіргі  заман 
өнерінде  өзінің  болмыстық  мәнін  осы  интенционалдылық  әрекетте 
көрсетеді. 
4. 
Әрбір  көркем  шығарма  өнерде  адам  мен  әлемді  көркейту  тәсілі 
ретіндегі міндетін атқаруда өзінің әлем моделін, көркемдік тұжырымдамасын 
адам  болмысының  ішкі  және  сыртқы  ортамен  өзара  әсерінде  көрсетуге 
қабілетті. Көркем шығарма қандай да бір материалдан жасала отырып өзінің 
рухани  мәндеріне  ие,  мәдениет  аясында  рухани  (көркемдік)  қасиеттерін 
бойында  ала  жүретін  материалды  құндылық.  Себебі,  ол  мәндік  тұрғыда 

 
12 
ұждандық бастауларға бағындырылған және бірдей  уақытта зерденің айнасы 
болып табылады.  
5. Өзара қатынас пен сұхбат – түп негізінде көркем шығармашылықтың 
мәнді жақтары. Адам ең алдымен өзіндік дараланған қабілеті арқасында өзіне 
қажетті  өнер  әлемін  жасайды  және  оның  осы  өзара  қатынастағы  өнері 
арқылы  өзін  құлпыртады,  қайта  жасандырады,  рухани  гүлдендіреді.  Бұл 
«
суретші» - «өнер шығармасы» - «көрермен» жүйесінде тұлғаны жасау және 
қайта  қалыптастыру  коммуникациясы.  Өнер  монолог  емес,  диалог.  Адам 
«
сұхбат  философиясы»  ұғымының  мәнінде  сұхбаттасу  және  болмыспен 
сұхбаттасуын  қамтиды.  Диалогпен,  яғни  сұхбатпен  философияның  өнер 
ретінде  тууы  бір  шама  байланысты,  ол  пікір  талас  арқылы  ақиқатты  іздеу 
немесе ақиқатқа қол жеткізу.  
6.  Адам  болмысының  рухани-әмбебаптылығы  мен  оның  табиғи-
инстинктілігін  өнер  шығармасындағы  жасаушы  адам,  кейіпкер  адам  және 
қабылдаушы  адам  жүйесінде  көрінеді.  Адам  өзінің  табиғатында 
шығармашылықтың  барлық  салаларына  қабілетті,  соның  ішінде  ең  алдымен 
өнерге  де  қабілетті  әмбебапты  тіршілік  иесі.  Адам  сонымен  қатар,  рухани-
ұжданды,  «адами»  тіршілік  иесі.  Демек,  адамның  міндеті  өзінің 
шығармашылығында  жоғары  гуманистік  құндылықтарды, рухани-ұждандық 
бастауларды  көрсету.  Олай  болмаған  жағдайда  өнер  жасампаздық  сипатта 
емес,  керісінше  жойқын,  бұзушы  болып  табылады.  Өзінің  кезегінде  бұл 
өнерді  қабылдаушыға  (реципиентке)  негативті  кері  әсерін  тигізеді.  Көркем 
шығармада  тек  руханилық  феномен  арқылы  ғана  адамның  мәндік 
анақтамаларының өзегі бола алады. 
7.  Көркем  шығармадағы  адам  бейнесінде  барлық  пен  болуға  тиістілік 
сапаларын  қарастыруда  адамның  идеал  мен  реалды  өмірде  қандай  екендігі 
дәйектеледі.  Көркем  шығармашылық  үрдістегі  оның  көрінісі  ақпараттық 
қоғамның  әлеуметтік-мәдени  үрдістері  мен  мәдени  құбылыстардың  көрінісі 
ретінде анықталады. Қазіргі адамзаттың ең ауыр кеселі «болмысты ұмытуы», 
«
болмыстың  тұтастығы  мен  оның  тәуелсіздігін  ұмытуы»,  басқа  адамдарда 
олар тек құралды көреді де адам болмысының жоғарғы тағайындалғандығын 
ұмытады.  Әсіресе,  бүгінгі  күні  адам  мен  адамзаттың  болмыс  туралы,  бүкіл 
планетаны,  өркениетті,  табиғи  ортаны  сақтау  қамқорлығы  бақылаудан 
шығып қалған адам өмірінің деструктивті үрдістеріне қарсы тұруы қажет.  
8.  Постмодернизмнің  барлық  теоретиктері  әлемді  репрезентациялауда 
өнердің  мүмкіндіктерін  қайта  қарауға  тырысады.  Мысалы,  Лиотар 
репрезентациясыз  эстетика  жайлы  жазса,  Бодрийар  мен  Делез  симуляция 
кезеңіне  түскен  өнерді  тәркілейді,  Деррида  «жаңа  мимесис»  жайлы 
мәселелер қозғап, Джеймсон әлемге шизофрениялық көзқарас туралы айтқан. 
Оқиғада  ұғымдар  мен  образдар  бір  мәнді  болып  ұстатпайды, 
репрезентацияланбай  тайқып  кетеді,  сондықтан  ешбір  бейне  оқиғаны 
бейнелей  алмайды,  ол  тек  көрінбейтінге  ғана  сілтеуге  мүмкіндікті.  Бұл 
мағынада  Лиотардың  қазіргі  заман  өнеріне  реалдылықты  қоймау,  көріне  
алмайтын  ойландыға  сілтеме  таба  білу  идеялары  осы  ауқымда  түсінілуі 
мүмкін.  

 
13 
9. 
Тарихи–жаһанданулық 
өзгерулер 
үдерісінде 
таптаурынды 
мәдениетпен  келген  лектерге  шек  қою.  Қазіргі  заман  суреткерінің 
шығармашылық  аясынан  адам  әлемінің  табылмауына  қарсы  «адамның  ішкі 
жан  дүниесінен  сыр  шерту,  өзінің  адами  болмысын  ұғынуы,  өмір  мен 
әлемнің  рухани  негізінің  көрінісін  беруді  алға  тарту,  оның  өркениет 
талаптарына  сай  кәсіптік  деңгейін  жоғалтатын  шығармалармен  шектелмеуі, 
адамның  рухани-мәдени  өмірінен  алыстамауы  қарсы  қойылады.  Сонымен 
қатар,  өзгерулер  үдерісіндегі  өнердің  міндеттерінде  ұлттық  идеяға 
сәйкестілік,  рухани  көздердің  қорына  ұмтылыс,  дәстүрлі  мәдениетпен 
байланыс,  ұлттық  қолтаңбаның  сонылығы  және  т.б.  көркем 
шығармашылыққа мән беретін құрамдарға ауысу талданады.  
10. 
Қазақ  дәстүрлі  өнерінің  ерекше  қырлары  әлеуметтік,  тарихи  және 
географиялық  климаттық  орта  сол  халыққа  тән  мәдени  болмыстың  негізін 
анықтайтын 
шығармашылықтық 
қарым-қатынас 
жүйесін 
қалыптастыратындығында.  Адамдар  арасындағы  осындай  байланыстың 
негізінде  игі  әсер  ететін  қоршаған  орта  материалды-рухани  өнер 
жәдігерлерінде  сол  халықтың  мінез-құлықтық  ерекшеліктері,  дүние  мен 
адамды тануына ықпал еткен бұл шығармашылықтық қатынас адам өмірінің 
өзегіне  айналып,  бірлігін  қалыптастырып  отырған.  Осы  ортада  өмір  сүріп 
отырған  адамның  табиғи  болмысы  да  дәстүрге  байланысты  қалыптасады, 
яғни оның бойында «ішкі  естелік» ретінде сақталады. 
11. 
Қазіргі  Қазақстан  өнеріндегі  «адам  мен  әлем»  қатынастарының 
философиялық  шешімі  Қазақстанда  90-жылдардың  басында  –  contemporary 
art – 
ХХ ғасырдың феномені ретінде адам болмысына қатысты көрініс тапты. 
Перформанс, акция, энвайронмент, видео арт, авангард, абстракционизм және 
т.б. бағыттар шығармашылық ізденістерінде «адам мен әлем» қатынастарында 
танымның өзгешелігін көрсетуге ұмтылады. Бірақ, ондағы «адам бейнесі» ұлт 
өкілі емес, «әлем» техногенді өркениетке көбірек ұқсайтындығы пайымдалды.  
12. 
Қазақ  өнеріндегі  жаңару  ұлттық  мәдениеттің  қазіргі  заман 
талаптарына сәйкес бейімделуіне негізделеді. Бұл әлемдік көркем практикада 
тексерілген  қажетті  әдіснамаларды  жаһанданудың  әлемдік  тарихи-мәдени 
үрдістеріне  сәйкес  пайдалана  білуде.  Жаһандану  өзімен  бірге  дүниені 
біртұтас  ақпараттар  технологиясына  айналдыруды  әкелсе,  бұл  біздің 
еліміздің  геосаяси  және  мәдени  орны  қандай,  біз  әлемдік  мәдени  дамудың 
қандай  деңгейінде  тұрмыз  деген  мәселелерде  мемлекеттік  дамудың  жалпы 
бағыттарымен анықтауда көреміз. Қазақ мәдениеті мен өнерінің қазіргі батыс 
мәдениетімен  қатынасында  өзіндік  келбетін  сақтай  алатындай  қабілеті  бар 
екенін тұжырымдауға болады.   
Бұл  еңбекте  автор  адам  болмысына  берілген  анықтамаларға  сараптама 
жасап,  адамның  бірегейлігі,  даралылығы  мен  сәйкестігіне  ХХІ  ғасырдың 
мәселелері  ретінде  зерттеу  жүргізеді.  Тобырлық,  конвейерлік  өндіріс, 
көптеген  адамдардың  өмір  сүру  бейнесін  –  типологиялау  мен  стандарттау 
шығармашылық,  даралылық  пен  әрбір  адамдағы  қайталанбайтындықты 
көлеңкелеуге  қабілетті  екенін,  қазіргі  заман  өнерінде  адамның 

 
14 
идентификалылығындағы  яғни  сәйкестігіндегі  тоқырау  себептерін    осыдан 
іздейді.  
 
 

 
15 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет