Қызылсая орта мектебінің 2015-2016 оку жылындағы тәрбие жұмысының сараптамасы



Дата21.12.2017
өлшемі190.56 Kb.
Қызылсая орта мектебінің 2015-2016 оку жылындағы тәрбие жұмысының сараптамасы .

Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындарының бірі мектеп. Білімді ұрпақ –егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дуниесі бай,білімі мен біліктілігі жоғары,талап-талғамы терең,салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді ұрпақ,білімді болу жеткіліксіз,сондықтан әрбір жеке тұлғаның адамгершілік,ізгілік,кішіпейілдік,қайырымдылық,батырлық, бойына Отан –сүйгіштік т.б. қасиеттер болу керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят,адалдық,рүхани,адамгершілік,ізгілік мәселелерін қатар қою керек.Оқушыларға тәрбие беруде әр-түрлі қызмет түрлері қолданалады Ауызша түрі; лекция,оқу кеші,факультативтік сабақтар,сынып сабақтар, сухбаттар,кеңестер,конференциялар,шығармашылық,әдеби-танымал тұлғалармен кездесу кеші,диспуттар,дөнгелек үстелдер,дебат клубтар,презентациялар,әңгімелер.

Көрнекілік түрі : аралас көрмелер,стендтер,слайттар,кездесулер,флешмобтар

Баспа басылымдары: ақпараттық материалдары,әдебиеттер, мақалдар,жарнама материалдар,хабарландыру,шақыру қағаздары,мектеп газетасы (Жас қалам)

Кешенді түрі: әртүрлі үлгідегі сабақтар,апталықтар, онкүндіктер,айлықтар,саяхаттар т.б.

Барлық мектептегі тәрбие жұмысының жоспарлары ҚР жалпы білім беретін мектептердің окушыларына арналған тәрбие бағдарламаға сәйкес келеді.



Мектептегі тәрбиенің негізгі мақсаты: жастардың бойына азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу,әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып ұйренуге,Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетің әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.
Тәрбиенің бағыттары
Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу
Құқықтық мәдениеттің қалыптастыру
-Рухани-адамгершілік мәдениетің қалыптастыру
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Эстетикалық тәрбие беруді қалыптастыру
Еңбек пен экономиқалық тәрбие беру
Мамандыққа және шығармашылыққа тәрбиелеу
Отбасы қатынас мәдениетің қалыптастыру
Экологиялық мәдениеттің қалыптастыру
Осы бағыттар бойынша мектепте оқушылармен келесі іс-шаралар өткізілді:

Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағыты бойынша 01.09.2015 жылы Алғашқы қоңырау мерекесі /Сәлем,саған алтың ұям - мектебім» тақырыбына мерекелік іс-шара өтті,мұнда барлық 1-11 сынып бойынша – 90 окушы және дайындақ сынып 7 оқушы жиналды,әдеби монтаж 1 сынып окушылары көрсетті,сынып жетекшісі Жамуханов А. О окушылар тақпақтар мен «Мектеп вальсі» би көрсетті және 1 сынып окушыларына 11 сынып окушылар алғашқы қонырау үлгісімен білім кілті және әлпені тапсырды. Мектеп ұздаздары -22,ата-аналар -52,ауылдық акиматтан аыул әкімі Аукарова Б.С.,қарт ұздаздардан Шегиров Аюбай Шегірұлы,Бексултанова Раукен апай Курмангожина Б О Хамзина К Т салтанатты сапқа қонақтар болып қатысты. Тулектерге арнап 1 сынып окушыларына тлектер айтып берд.«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ » атты тақырыпқа бірінші ашық сынып сағаттары 1 қыркүйек күні өтті. Барлық 1-11 сыныптарда – 90 оқушы сабаққа қатысты,мұнда Ел танба,ән-ұран,Ту туралы ,Стратегия -2050 әнгімелер,тақпақтар айтылды,әссересе өте жақсы сабақтар 8-9-10 -11сыныптарда өтті,өткені бұл сыныптар сабақты мультимедиа кабинетте өткізді,слайдтар арқылы,викторина сұрақтармен жалғасып бір халық,бір ел,бір тағдыр дегенге көздері жетті.Сынып жетекшілер:Закирина Д.С- 9 сыныптың,Аукарова Г.Ж.- 8 сыныптың, Алиева Б.Б.- 10 сыныптың,Рахымжанова Н Д - 11 сыныптың окушыларына сынып сағаттың мақсатын жеткізе білді.

ҚР Конституциясына 20 жыл деген тақырыпқа стенд жасалынды Стендте ҚР бойынша қандай жетістіктерге жетті мәліметтер,азаматтық Конституция бойынша баптары мен мәліметтер жинақталды. Бұл іс-шараға мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды.

1 желтоқсан – ҚР Тұнғыш Президенттінің Күніне байланысты мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды.Барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді,әсіресе 5-8 сыныптарда мультимедиа кабинетінде ҚР-Тұнғыш Президентінің өмір баяны роликпен көрсетілді.ҚР президентінің мұражай туралы роликтер көрсетілді. Мектепте ҚР президентіне арнап стенд жасалынды,1-11 сыныптарға арнап салтанатты сап откізілді.1желтоқсан –Тұнғыш Президент күніне байланысты екінші жыл ұландарымызды үздік оқығаны үшін және мектеп ,аудан,облыстық іс-шараларға белсенді қатысып жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Жас Ұлан жұлдызы» ,»Жас Қыран жұлдызы » төсбелгісімен марапаттадық. Төс белгілерді қонақтар табыстады. Ол 10 сынып окушысы Сарсенбай Акерке 7 сынып окушылары Таупық Мерей мен Жұмашева Айғаным.Марапатталған Жас ұландар шынайы патриот,нағыз көшбасшы,қоғамға қызмет ететін ,жауапты азамат,сенімді дос,келешек Жас Отандықтар! Әдеби-монтаж құттықтау сөздермен мектеп директоры Рахымжанов Б.С. ,келген конақтар мектеп 0арт ұстаздары «Алға Қазақстан» әнмен аяқталды, ерекше көзге түскендер:10сынып оқушылары Тезекбаева Г , Елберген Е Қабиева Ж.,Курмангалиева А. «Жас Ұлан жұлдызы», »Жас Қыран жұлдызы » төсбелгісімен ерекше білімімен және белсенділігімен көзге түскен оқушыларды әр жылда 1-желтоқсан «Тұнғыш Президент» күніне орай марапаттауды дәстүрге айналдыруды ұйғардық.

15.12.2015 күні 16 желтоқсан ҚР Тәуілсіздік күніне арнап «Қазақстан – менің Тәуелсіз елім»атты салтанатты сап ұйымдастырылды. » мұнда 10 сынып окушылары әдеби монтаж қойып жауапты сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Алиева Балапан Болатқызы ел Тәуелсіздігі ел қолында деп айтып берді,окушылары Тәуелсіздік хронологиясын көрсете білді.Сонымен қатар Қазақстан Тәуілсіз ел!»»суреттер көрмесін бейнелеу пәнінің мұғалімі Рахымжанов А.К. 1 – 6 сыныптар арасында ұйымдастырылды.Ең жақсы суреттер –Сагнаев Досбол-6 сынып оқушысы «Астана»,6 сынып окушысы Кручек Яна « Байтерек» ,3 сынып окушысы Абугали Елхан «Қазақстан жері» т.б.Сонымен қатар кітапханада «Ынтымақ,бірлік,келісім – ең басты байлық ел үшін»көрме ұйымдастылып, мұнда ҚР әйгелі жасушылардың әдеби кітаптары мен журналдар жинақталды мысалы.Астана – альбом,Жер – Ана ,Қазақстан Республикасының президент Назарбаевтің бірнеше томдар мен Қазақстан жазушілардың кітаптары.»Рахмет саған,менім Қазақстаным » атты тақырыпқа сынып сағаттар 1-11 сыныптарда ұйымдастырылды.Мектепте Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпқа стенд жасалынды. 16 желтоқсан мейрамына байланысты салтанатты сапта «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына 10 окушы қабылданды. Осы мейрамға байланысты балалар өз көлымен жасаған көрме ұйымдастырып берді.

Көктем демалыс кезінде 02.04.2016 жылы технология пәнінің мұғалімі Рахимжанов Ә.К.»Құстар келді қуанып» тақырып бойынша құстарға ұй жасау жұмыстарын бастап,окушылар сабақтарда 15 кұстарға ұй жасап мектеп жанындағы ағаштарға іліп берді.

11.04.2016 жылы »Арманы асқақ азаматтар» тақырыбына Ғарышкерлер күніне байланысты 8-9 сынып окушылары мен физика пәнінің мұғалімі Закирина Д С. салтанатты сапта әдеби монтаж жасап Қазақстанның ғарышкерлеріне стенд жасалынып,ғарышкерлер өмірбаяны айтылды. Осы іс-шараға окушыларға викторина сұрақтары қойылды.Сап тартымды болды.Ал бастауыш сынып окушыларына арнап мультимедиа кабинетінде роликтер корсетіп балаларга арналған әнгіме кітапханашы Закирина Д С айтып берді



Құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша әр сыныпта оқушылар мектеп ережелерімен, өз міндеттерімен құқықтармен сынып сағаттарында танысты.

1-11 окушылар өрт сөндіру қауіпсіздімен кабинеттерде және мектепте танысып ,кол қойды.Мектепте «Жас өрт сөндірушісі» тобы 7-11 сынып окушылардан кұрылып ,жоспар жасалынды.Окушыларга арнал5ан 5 минутт3к жаттыгу жасалынды жылда екі рет.

Жолда жұру ережелері 1-8 сынып окушылар арасында сынып сағаттарда ж2не арнал5ан жоспар бойынша түсіріледі,арнайы жоспар кұрылып,окушыларға « Жолаушы, назар аудар !« акция өткізілді,мұнда сынып сағаттар мен видио роликтер әсіресе бастауыш сынып окушыларына көрсетілді . «Менің мектепке баратын жолым « атты стенд жасалынып,окушылар арасынан « Жол инспекторы»деген топ құрылып, жыл сайын өтетін «Жол инспекторлар»аймақтық сайысына қатысып 2 орын алды.Мектеп жол инспекторларында арнайы формасы мен белгілері бар. 4-10 мамыр аралығында жол жүрүсі қауыпсыздігінің 3-ші жахандық аптасы шеңберінде «Бала жаяу жүргінші» акциясы , 11-20 мамыр аралығында «Жаяу жүргінші өткелі» акциясы, 21 -30 мамыр аралығында «Жаяу жүргінші өткелмен жүр!» акциясы мектепте өтті. Осында балаларға арналағн жол белгілері, қауіпсіздік сақтау құрал-жабдықтар әр түрлі психологиялық тестер, жарақаттың алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Мектепте үлкен жұмыстын бірі тәртіп бұзған окушыларға көп көніл беріледі.Арнай жоспар кұрылып,барлық іс-шаралар өтіліп жатыр.Полиция участкелік капитанымен тығыз байланыста және ата-анамен үнемі. Тәртіп бұзушылардың алдын алу іс-шаралардың бірі - үйге рейд жасау,сонымен мөлтек аудандар бойынша сынып жетекшілер жылда 4 рет оқушылардың ұйіне рейдтер жасап жүрді,нәтижесінде ұйде бос отырған, сабақтан қалған, бұзышылық жасаған окушылар жоқ деп есептелді. Ауданда есепте тұратын окушылар жоқ.

0-18 жасқа толған балалар дәптерге тіркелді- барлығы -136 болып шықты,оның ішінде 0-1 жаста-1 бала,. 2 жаста – 4, 3 жаста – 5 бала,балабақшада – 24,дайындақ сыныбында -7 окушы,қалгандары 90 мектепте, колледжде оқиды-5

20 қараша күні мектепте халықаралық бала құқұқтарының күніне байланысты тәрбие сағаттары берілді.Оқушылар Қонвенциямен танысып,өз құқұқтарын,міндеттерін жүзеге асыра білді. Қоғамдық орындарда, мектепте, отбасында өзін-өзі ұстау мінез-құлық ережелерін білу, қолдану, адам құқығы жайлы түсініктерін қалыптастыру жолында әңгімелер, сынып сағаттар, сабақтар, викториналар, саптар, мерекелер өткізіліп жатыр.» Мен неге құқықтымын»тақырыбына 7 сынып окушыларымен сынып жетекшісі Шаймерденова Тазагуль Нуроллақызы ашық сынып сағатын өткізді. Ата-аналар жиналысында бала кұкықтары мен ата-ана құқықтары талқыланды.Бала еңбегі мен онынң құқықтары мен міндеттеріне тоқтады.

25 қазан күні мектепте «Мен және менің полициям» атты акция өткізілді,балалар полиция жұмысымен танысты,сондай-ақ оларды кейбір негізгі қоғамдывқ орындарда және жол тәртібі ережелерімен мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Бегалина Р.Т. таныстырды. Мектепке участілік полиция капитанымен ішкі істер полиция кызметкерлері келіп окушыларға әнгіме өткізді.Ата-аналар жиналысында түнгі жүріс туралы және ұялы телефондар мен бағалы заттарды әкелу туралы айтылды,ата-аналардан колхатттар алынды. Сонымен қатар 5-11 сыныптар арасында адамдардың қоғамдағы жүріс-тұрыс ережелері не үшін қажет екендігін түсіндіріп, адамзаттардың құқықтары, бостандықтары мен конститутциялық міндеттерін білу, оны күнделікте тәжірибеде қолдана білуді қалыптастыру, қылмыстық жауапкершілік туралы түсініктерін қалыптастыру, адам өмірі, денсаулығы, бостандығы және ар-ожданын бағалау, оның құқықтарын сыйлап білу қабілетін қалыптастыру. Қатыгездікке күш көрсетуге, адам құқықтарын бұзуға кері көзқарас қалыптастыруға да көптеген іс-шаралар өткізілді. 1-11 сынып арасында суицидтің алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп жатыр Окушылардың педагогикалық-психологиялық жағдайы, ол өз -өздерін дұрыс бағыттай алмауы, өз-өзінің ішкі мәселесі мен жағдайын реттей алмауы, кері әсерлерге қарсы тұра алмауы, өзіндік ішкі қорғаныс бағытының жоқтығы, алға мақсат қоя алмауы тексерілді.Мұндай жағдайлар оқушыларда байқалған жоқ. Экономикалық-психологиялық тұрғыдағы себептер бойынша балалардың құрбы-құрдастары қатарынан қаржы-қаражат, киім - киісі, ақша жарату байқалған жоқ. Материалдық-тұрмыстық жағдай жағынан жетіспеушілік жан-ұя жоқ, ал биологиялық-генетикалық тұрғыдағы тұқымқуалаушылық себептер есепке анықталып жатыр.Сонымен қатар мектепте жалпы мазасыздық, әлеуметтік стресті бастан кешіру, жетістікке жетудегі қажеттілік фрустроциясы, өзін-өзі көрсету қорқынышы, білімін тексеру жағдайындағы қорқыныш, қоршаған орта күтуіне сәйкес емес қорқыныш стреске төмен физиологиялық қарсылық, мұғаліммен қарым - қатынас кезіндегі қорқыныш пен проблемалар атты сауалнамалар, дөңгелек үстел, әңгімелер өткізілді.Мысалы: Окушылардың арасында стреспен ,конфликт болмауға арналған тренинг мектеп психологі Рахимжанова А.М. жиі өткізеді. 12.01.16 жылы – 5-9 сыныптар арасында өткізді.Мектепішілік ата-аналар жиналысында 14.11.2015 жылы қалай болады суицидтің алдын алуға ата-аналарға кеңес берілді.Сонымен қатар кешкі уақытта кейбір окушыларға рейдтер жасаланады,мысалы 11 сынып окушыларына Акшалов Қапез бен Дауренбеков Ерік.8 сынып окушыларына: Аюбай Амир Сеитов Базарбай Ж Шаймерденов И Серікбаев К – окушылардың ұй жағдайы мен сабаққа дайындығы ,окушының мінезі мен ата-аналармен қарым-қатынасы,достарымен қарым-қатынасы тексерілді.Мектеп кітапханасында / Өмір ғажаптары / атты тақырыбына көрме ұйымдастырылды,өткізген мектеп кітапханашы Закирина Д.С.Ал мультимедиа кабинетінде 5-11 сынып окушыларына бейне көрмелер,слайдтар,роликтер ұйымдастырылып жатыр.

22.02.-23.03.2016 жылы аралығында мектепте «Біздің мақсатымыз - туберкулезды тоқтату»ұранымен апталық жоспар құрылыап бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр: мысалы сынып сағаттар,стенд жасалынды,спорт ойындар мен викториналар,диктантармен мазмұндамалар өткізілді.Жоспар бойынша мектеп медбикесі Жамалиденова Ж.Е мектеп психологі мен әлеуметтік педагог осы апталыққа көп жұмыс істеп ,нәтижесінде аптылық көртысын жасап берді. Сәуір айында тәрбие ісінің менгерушісі Бегалина Р Т. 3-5 сынып окушылар арасында « Тәртиіпті бала қандай болу керек» тақырыбына әссе өткізді, ал 8-9 сынып окушылар арасында «Адамгершілік қарым-қатынас», «Мектеп өмірінің өзегі» тақырыптарына әссе алды.



Адамгершілік мәдениетін қалыптастыру. Бағыт бойынша

«Қамқорлық» акция,»Мектепке жол» акция тамыз айында өтті.Жоспар құрылып,іс-шаралар ұйымдастырылды. Мында көп балалы, тұрмысы нашар оқушылар есепте, жоқ болыа анықталды.

«Қайырымдылық» акция бойынша қарияларға қазан ай бойынша тимуршылар көмек көрсетті, отын кесіп, көмір еңгізді,картоп алды. Мысалы: Торгай апайға-отын үйіп,Муслима апайға – көмір еңгізіп,Базарбай атаға картоп жинап берді.

«Ауылы мол қария, ақылы теңіз дария» атты концерттік бағдарлама жасап берілді.Мәдениет үйінде өткен концерттік бағдарламаға әссіресе 5,6,7,8 сыныптардың окушылары қатысты.

«Ұлылықтың басында – ұстаз тұрар» Мұғалімдер күніне байланысты «Әділет» ұйымының оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырды.»Мұнда ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама және сыйлықтар ұйымдастырылды,ұстаздарға арнап 11 сынып окушылары сабақ берді.

10 қантардан-10 ақпанға дейін қамқорлық-қайырымдылық акциясы Қызылсая орта мектебінде өткізілді . Мектепете акцияға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп,іске асырылды.Акция кезінде ауылдық әкімшілігіне, орман шаруашылығына үндеу парақтары таратылды.Бірақ көмек олардан көрсетілген жоқ. Акция кезінде 8 және 9 сынып окушылары қамқорлық-қайырымдылық көмек ретінде мектеп зейнеткерлерге Отын мен шөбін ұйіп берді. /Қамқорлық / акция кезінде ауылда 30 рейд жасалынды,мектепке келмеген, жалпы окумен қамтымасыз қалған ,сабақтан тыс қалған окушылар байқалған жоқ. Бірак екі окушы Калымтаева Аружан 9 сынып окушысы және 11 сынып окушысы Мұсылманбеков Рамазан туберкулез арумен аруырып калып Кокшетау каласындагы аруханада жатыр осы кунге дейін.

27.01.16 – 04.02.16 күн арасында «Өзін-өз» тану адамгершілік – рухани білім беру. » онкүндігі аталып өтті.мұнда «Қөнілді жарыстар»,»Бақытты балалық шақ» концерт,»Менің достарым», «Менің қолымнан бәрі келеді» атты тақырыптарға сурет және көл онер кормелер ұйымдастырылды.»Біз оқимыз» атты бұрыш ұйымдастырылды.Мектеп психологі мен тәлімгер «Менің жарқын болашағым !» атты тақырыбына дөнгелек үстел ұйымдастырылды.

Этномәдениеттік қалыптастыру. Тілдер фестивалі қыркүйек айында жоспар бойынша өткізіліп, көптеген іс-шаралар өтті. «Ұлттық тағамдар» атты жәрменке қазан айында ұйымдастырылды. Танымдық қызығушылықты қалыптастыру. Мектепте«Өлең - сөздің патшасы» сайыс өткізілді. Баскетбол, волейбол, теннис, футбол спорт ойындары каникул кезінде өтті.Сейфуллін ауылынан мектеп окушылары волейбол мен баскетбол ойына біздің мектепке келіп сайыс өткізді. Әр мейрам күндерінде балалар басқа ұлтардың дәстүрлерімен танысып өлендер мен би көрсете білді.

Мамандыққа және шығармашылыққа тәрбиелеу

18.04.2016 жылы «Ең жақсы мамандық » тақырыбына 9-11 сынып окушыларына тәрбие ісінің меңгерушісі Бегалина Р.Т. окушыларға баяндама оқып, Красный Яр селосындағы агротехниқалқ колледж және Шағалы колледжден мамандар келіп окушыларға кенес берді.Сонымен қатар Мырзахметов аттындағы университетінен да мамандар келіп 11 сынып окушыларына мамандықтар туралы мәліметтер беріп окушылардан тест алынды.



Отбасы қатынас мәдениетін қалыптастыру

7 қыркүйек күн »Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кілті»тақырыбына отбасылық спорттық іс-шара ұйымдастырылды

,»Менің отбасым» өлендер сайысы,»Әкем,анам және мен – аспаздармыз шетінең»тақырыбына сайыс бастауыш сыныптардың ата-аналар арасында өткізілді.Мұнда ас жасау,салат дайындау,қол өнер мен би,ән сайыстар болды.Орындар алған ата-аналар: 3 сынып Хабидуллин А,Тулаков 4сынып, және 2 сынптан Каденов А.Ж.Дәстурлі отбасы күндер жыл сайын орын алып жатыр.Мектеп-отбасы –бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру мақсатында «Отбасы-алтын діңгек» - сайыс, »Тәрбие басталуы - отбасынан» ата-аналарға арналған баяндама,» Ата-ана -мен» спорттык сайыс деген іс-шараларотбасының мәртебесін және рөлін арттыру,жауапты ата-аналықты насихаттауда,өзекті проблемалардышешеде жан-жақты көмек көрсетуде.

«Қатыгездік пен зорлықсыз жастық шақ»тақырыбына акция ұйымдастырған кезде сыныптарда сынып сағаттары мен мультимедиа кабинетте зорлық түрлері атты видеоролик қөрсетілді.Окушалар арасында шығармалар жазылып,тақпақтар шығарылды. Әссіресе »Жас қалам»үйірмесінде 7 сынып окушысы Женисова Аружан,6 сынып окушысы Крючек Яна т.б.окушылар зорлықсыз,зомбылықсыз өмір сүру жайынды жазылған тақпақтавр «Мектеп жаршысы » аудандық газеттінің беттеріне шақты.

8 наурыз мейрамына байланысты іс-шаралар жоспары құрылып ,келесі іс-шаралар өткізілді: 05.03.2016 жылы «Ана – өмір шырағы» тақырыбына сурет көрмесін сурет пәнінің мұғалімі Рахимжанов Ә.К. ұйымдастырып,бастауыш сынып окушылар арасында өткізді,ең жақсы сурет салғандар 3-4 сынып окушылары болды.

04.03.2016 жылы «Бірінші көктем мейрамы» тақырыбына бастауыш сыныптарды 0-4 сынып сағаттары өткізілді мұнда аналар,әжелер шақырылып оларға арналған би,ән,өлендер оқытылды,сыйлықтар берілді. 03.03.2016 жылы » Көктем аруы - 2016» атты қыздар сайысы 8-10 сыныптар арасында өткізілді,мұнда сайысқа шыққан қыздар бірнеше тапсырмадан өтті: өзін-өзі таныстыру,көл өнер, шығармашылық сайыс,тағам жасау т.б. Сүрінбей өткен 10 сынып окушысы Куланова Алуа бірінші орынға ие болды.

04.03.2016 жылы «Әйел – Ана, Әйел - Ару , Әйел – Гүл » тақырыбына үлкен концерттік бағдарлама балалар ұйымы «Әділет»ұйымдастырып апалар мен аналардың көнілін көтеріп берді.

Сонымен қатар мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырыған мектеп кітапханашы Закирина Д.С. әдеби кітаптардан,журналдар әйгелі әйелдер туралы жинақ көрсеттілді.

Барлық өткен іс-шаралар окушыларға эстетикалық,аламгершілік,мәдениеттік тәрбие беру мақсатында өткізілді.

22 наурыз мейрамына арналған мектепте жоспар кұрылып,бірнеше іс-шаралар өткізілді: мысалы 17 наурыз күні бастауыш сынып окушылары «Наурыз – думан » ертеңгілік өткізді,мұнда әр сынып қазақ халқының салт-дәстурдерін көрсетіп,қазақ халқының ұй жихаздарын,киім-кешектерін,құрал-жабдықтарын көрсетіп және сөзбен айтып берді.Ертеңгілікте дастархан жайылып,ән ,би ,ұлттық ойындар мен тақпақтар көрсетілді.Өткізген іс-шараға жауапты 3 сынып жетекшісі Каденов А.Ж. Осы сыныптың ата-аналары демеушілік жасап,барлық окушыларға сыйлықтар жасалынып берілді.Ал орта буын мен жоғары буында 18 наурыз күні «Той думан- наурыз !» окушылардың күшімен мерекелік қойлым қойылды,мұнда 9 сынып окушылары «Қыз ұзату» салт дәстүрін көсетіп,ал 5 сынып окушылары Кожанасырдың қылықтарынан көріністер көрсетсе,6 сынып балалары айтыс жасап берді. Той- думан шаңырақ астында өтіп балалардың көңілі көтеріліп, наурыздың жақсы көңіл –күймен өткізді. Жауапты сынып жетекшісі Шаймерденова Т.Н. мен 6-сынып оқушылары .


Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«Сыбдыры сұлу,Алтын күз» мерекесі бойынша суретшілер сайысы, қабырға газет сайысы, күзгі дастархан сайысы, сән –сымбат сайыстары бастауыш сыныптар мен орта және жоғары сыныптар арасында өткізілді.Ең тамаша өздерінің өнерлерін көрсеткен 5,6 сынып окушылары болып шықты.Осы жылы алтын Күз мерекесі өте жақсы бастауыш сыныптарда өтті,окушылар бірнеше күзгі дастархан мәзірін бейнелеп көрсетті.

Әр бейсенбі тазалық күні деп саналып,сенбіліктер кезде мектеп аймағы мен сыныптар тазаланады.Тазалау,абпттандыру және көгалдандыру бойынша 2016 жылға арналған жоспар кұрылып мектеп жанындағы ағаштардың және теректердің буталары қиылып,жаңа 20 қарағай ағашы мен 20 ақ қайн ағашы отырылдғызды,барлық ағаштардың түктері ағартылып,бардюрлар мен гүлзарлаға 100 дана петунья гүл мен 30 дана бархатцы гүл салынды, және армшөптен 5 ға жер тазалынды.Ағаш діндерімен бардюлалар және гулзарлар ағатырылды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Денсаулық фестивалі 7 қыркүйек айында өтті,мұнда 5-11 сыныптар арасында жүгіру сайысы 61 окушыдан 55 окушы қатысты,қыздар -500-1000 метр,ұлдар 1000-1500 метр жүгірді.1 орын алғандар: 8 сынып Тезекбаева Жулдыз,ұлдардан – 9 сынып Рамазанов Медет,11 сынып Дауренбеков Ерік. Қөңілді жарыстар 1-7 сыныптар арасында, велоспорт 4-11 сыныптар арасында өткізілді.

16 ақпан-16 наурыз арасында «Салауатты өмір салтының салауатты дәстүрі» ұранымен сұлулық және денсаулық айлығы өткізілді. Мұнда арнаулы жоспар бойынша «Жыныстық тәрбие» әнгіме, «Сұлулық пен саулық бірігей» спорттық сайыстар, «Халық денсаулық рецептері» , «Ұлттық тағамдар» тақырыбына көрмелер ұйымдастырылды. «Сұлулық пен өмір» тақырыбына қол өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырылды. Оқушылар қазақтың ұлттық тағамдарын жасады: құрт, ірімшік, мәліш т.б сатушылардың жалпы сатқан ұлттық бағасы 9,325 тенге болды.

АИТВ – инфекциясыны,ЖИТС салдарына арналған 1 қарашадан -1 желтоқсанға айлық өтті.ЖИТС, нашақорлық, ішімдік, темекі шегу қарсы іс-шаралары айлық ішінде өтті, «ЖҚТБ-СПИД ғасыр індеті,ЖҚТБ туралы толық мағлумат» тақырыбына мультимедиа кабинетте ашық сынып сағаттың 9 сынып жетекшісі Закирина Дамеля Сейілханқызы берді.«Біз өмірді таңдаймыз» кеш ұйымдастырылды.9-11 сынып арасында «Темекі шегуге жол жоқ»деген тақырыпқа дебат өткізілді.Сонымен қатар «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»тақырыпқа сынып сағаттары өткізілді.»Денсаулық зор байлық »атты стенд жасалынды.

5-8 сынып окушыларына медбике Жамалиденова Ж.Е. «СПИД ғасыр індеті» тақырыбына диктант алып аудандық орталық ауруханасына есеп жіберді .Мектепте наркопост және санпост жоспар бойынша жұмыс істеуде.Арналған папкалар мен окушылар арасынан топтар құрылып жұмыс істеуде. 1-10 сәуір арасында « Дұрыс тамақтану» онкүндігі өтті. Мұнда арналған жоспар бойынша «Дұрыс тамақтанудың мәдениеті» әнгіме, «Фастфуд - маған емес» диктант,»Ауа,күн,су – біздің қымбатты достарымыз»сурет көрмесі, «Денсаулық пен дәрумендер» тақырыбына сынып сағаттар өткізілді.

«Саламаты Қазақстан»денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы бойынша мониторинг жасалынып АИТВ – инфекциясынын алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді: мысалы «Жыныстық тәрбие ерекшеліктері», «Гигиеналық тазалық» бастауыш сыныптарға арналған және «Репродуктивтік тәрбие» әнгімесін 8-11 сынып окушыларға өткіздік ВИЧ- инфекция арналған сұрақтар медбике Жамалиденова Ж.Е. 7-11 сынып окушылар арасында өткізді. Әр өткізген іс-шара «Салауатты мектеп» жоба аясында өткізіліп жатыр.

1—31 мамыр аралығында Дүниежүзілік темексіз күніне орай темекі шегуді шектеу мен алдын алу бойынша айлық өтті. Мектепта арналған жоспар құрылып іс-шаралар өткізілді. Мысалы:5-10 сынып оқушылары «Жас қалам » ұйірмесінде ««Темекі шегуге,нашакорлыққа жол жоқ !»» тақырыбына шығарма мен өлендер жазылды.

3 желтоқсан күнінен бастап мектеп алдындағы мұзайдыны жоспар бойынша жұмыс істеуін бастады Желтоқсан бойы балалар кесте бойынша конькимен және шаңғымен жаттыгулар жасайды. . Жетекшісі дене тәрбиесінің мұғалімі жас маман Дұйсенбай Абылай.

Барлық өткізілген іс-шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтуға,жаман қасиеттерден айырылып салауатты өмір-салтын қалыптастыруға негізделген.»Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ»тақырыбына мультимедиа кабинетінде интернетті пайдаланып 8 сынып жетекшісі Аукарова Гульнар Жумашқызы ашық сабақ қөрсетті. Мектепте қысқы каникул кезінде спорт ойындары өткізілді: баскетбол, волейбол, теннис, шахмат-шашки, далада хоккей мен коньки шаңғы тебу сайыстары өтті. Өте жақсы коньки тебуден 6-сынып оқушылары байқалды. Шаңғы тебуден 11-сынып оқушысы Дауренбеков Е, Серикбаев Қ және 9 -сынып оқушылары Рамазанов М.

07.01.2016күні өткен «Алтын шайба» ойынында 8-9 сынып ер балалары байқалды. Мектептің ер балалары ауыл арасындағы Сейфуллин ауылына волейбол ойынына жарысқа барып 2 орын әкелді.Сонымен қатар «Қыс ғажаптары» бастауыш сынып оқушыларына суреттен сайыс өтті. Өте жақсы салған суреттер: 6-сынып Сағынаев Д, Акмагамбетова Г, Крючек Я, 5-сынып Аюбай А, Құрмангалиева Т. Мультимедия кабинетінде 5-11 сынып оқушылары әлем ғажаптарын тамашалап Омір улкен ғажап деген тақырыпқа агылшын пәнінің мұғалімі Каюпова Д әнгіме откізді.

08.01. күні әр-түрлі тақырыптарға арналған бірнеше роликтер көрді. Мектеп психологі Рахимжанов А.М. «Толеранттылық деген не?» тақырыбына жоғары буын оқушыларымен дөңгелек стол өткізді.

Мамыр айында 5,9,11 сыныптардың окушылары президенттік тест тапсырды,балалар тест нормативтерді жақсы берді.Сонымен қатар көнілді жарыстар да өтті.Окушылар ауада бірнеше спорт ойындар өткізіді: мысалы футбол және волейбол т.б.Ұйымдастыруші дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дүйсенбай А.



Мектепішілік бақылау жұмыстары

Мектепте кезекшілік сынып окушыларымен сынып жетекшімен құрылған. Апта сайын кезекшілік ұйымдастырған сынып балалардың мектеп формасын сақтау,тәнертендік дене жаттығу өткізу,сабақтарға уақытымен бару,тәртіпті сақтау,уақатымен тамақтану мектеп асханада,гардеробта тазалық сақтау мен сыныптық тазалықтарын,сабақ үлгерімге, мектеп және республикалық жаналықтарын жинауға жауапкершілік атқарады.Өсы жұмысқа / Әдлет/ балалар коғам ұйымы да жұмыс істеуде.Окушылардың күнделіктері айда бір рет тексеріледі.Сынып жетекшілермен,ата-анамен күнделіктері тексеріледі,бірақ окушылардың бағалары пән мұғалімдерімен дұрыс жиі көйылмайды.Балалардың тәрбие мониторингі жүргізіледі.мектепке жол акция бойынша көшелер бойынша рейдтер жасалынды,Қамкорлық акция бойынша жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді,Жолда журу акция, « Менің Қазақстаным» атты акция,ардагер акция,Қазақ хандығының 550 жыл толуына ,Қазақстан халқы Ассамблеясына кұрылуына 20 жыл толуына орай барлық іс-шаралар толық өткізілді.



Ата- Анамен жұмыс

Еңселі егеменді еліміздің қуатты тұтқасын,яғни саналы да білімді болашағын қалыптастыру – әрбір ата-анасының міндеті,парызы. Ата-аналардың оку мен тәрбие процесіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса нәтижелі болады.Мектепте ата-аналарға арналған жоспар кұрылып,іс-шаралар үнемі ұйымдастыруда. мектеп психологі Рахымжанова А.М. ,тәрбие ісінің меңгерушісі Бегалина Р.Т.,тәлімгер Аукарова Г.Ж . және 11 сынып жетекшілер үнемі ата-аналармен тығыз байланыста.Сабаққа келу мен бос уақытты өткізуге ат салысады.Ата-аналарға байланысты баяндамалар,сауалнамалар мен тестер өткізуде,апталықтарда,айлықтарда үйлеріне рейдттер өткізуде.Ата-анамен жұмыс әр сыныпта жүргізіледі.Барлық сыныптағы ата-аналар жиналыстары түрлендіріп өткізіледі.Сонымен қатар сынып жетекшілер бала тәрбиесіне байланысты сауалнамалар алады.Жоспар бойынша мектепте жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.1-жиналыс 15 қараша 2015 жылы Баланың бас ұстазы – ата-ана дөнгелек ұстел ретінде мүльтимедиа кабинетінде ұйымдатырылып өтілді.Осы жиналысқа ауылдық учасқалық полиция капитаны қатысып ата-аналарға түнгі жүрістер,құқық бузышылардың алдың алу мақсатында әнгіме жүргізді.Кейін ата-аналарга аудандық пен облыстық іс-шараларға белсенді қатысқан окушылардың ата-аналарға алғыс хат қағазымен марапатталды. Екінші жиналыс 25 сәуір2016 жылы жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді,сыныптан сыныпқа көшу,оку жылының аяқтау мен мемлекеттік емтихандарды тапсыру,мектеп жөндеу жұмыстары сияқты сұрақтар шешілді. Мектепте қыркүйек айында мектеп ата-аналар комитеті жұмыс істеун бастайды,ата-аналар комитетінің торайымы Иманбаева Ж.Е...Ата-аналар комитеті барлық іс-шараларға көмек көрсету кол береді,бірнеше мейрамдарға демеушілік көрсетті.Ата-аналар комитетінің мүшелері окушылардың үйіне де рейдтер жасап,тәрбие жұмыстарына ат салысты. «бала тәрбиесіндегі ата-анамен мектептің атқаратын ролі» тақырыбына Каербекова Л.Т. баяндама және «Отбасы –тәрбиенің басты ұясы» атты тақырыбына казак тілінің мұғалімі Бегалина Р. Т. Коучинг ата-аналар арасындап өткізді. Пікір-талас,анкета мен әнгімелер осы бағдарлама бойынша жақсы өтті.Сонымен қатар ата-аналар комитетінің 4 отырысы өтті. Мұнда оқушылардың сабаққа кешікпеуін, себепсіз оқудан қалмауын, оқу құралодарымен қамтамасыз етуі, мектеп формасын сақтау, сабақ кестесінің дұрыстығы, санитарлық-гигиеналық талаптар, ата-аналардың белсене қатысуы қаралды. Түнгі уақытта ата-аналарды мектеп ұстаздарымен кезекшілікке ұйымдастыру жұмыс, және мектеп жөндеу жұмыстарына қатыстыру туралы жұмыстар үнемі жүреді.



Ұсыныс:

1. Ата-аналармен тығыз жұмыс жасауға ,әссере ата-аналар комитетімен мектеп проблемаларын шешу

2. Үнемі окушыларға қажетті жағдай жасауға керек

3. пед.ұжымның және мектеп қызмет істеушілері жұмыс жағдайының жақсаруына көмек көрсету.

4. окушылардың денсаулықты жақсартатын іс-шаралар өткізу үшін көмек көрсету

5. іс шараларды видио камераға ұнемі түсіруі керек



6.ұнемі аудандық, облыстық іс-шараларға қатысу

c:\documents and settings\777\рабочий стол\dscf5111.jpg

c:\documents and settings\777\рабочий стол\dscf5083.jpg

c:\documents and settings\777\рабочий стол\dscf1767.jpg

c:\documents and settings\777\рабочий стол\dscf1734.jpg

c:\documents and settings\777\рабочий стол\dscf5106.jpg

c:\documents and settings\777\рабочий стол\dscf5211.jpg

c:\documents and settings\777\рабочий стол\dscf5271.jpg

c:\documents and settings\777\рабочий стол\dscf5081.jpg

c:\documents and settings\777\рабочий стол\dscf5269.jpg


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет