Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы Сұлтанбаева Күләш- кітапханашы



Дата22.05.2017
өлшемі62.92 Kb.
#11072
Балалықтың бал сыры қаламынан тараған

/Әдеби кеш/



Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы

Сұлтанбаева Күләш- кітапханашы


1-жүргізуші: Жазып та көрдім, мен де өлең,

Жазып та көрдім,қара сөз.

Ерте ме, кеш пе мен де өлем,

Өлмейді тек - дана сөз,-деп жырлаған Бердібек Соқпақбаев

- қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді бейнелеудің өзгеше бір жолын тапқан талантты жазушыларымыздың бірі.
2-жүргізушіі: Бала шақты кестелеген тілі нық,

Бір болса егер-осы болар ірілік:

Ұландары отызыншы жылдардың

Қайта келер көз алдыңа тіріліп,-деп Бейсебай Кірісбайұлы жырлағандай - Бердібек Соқпақбаев-өмірге екі рет келмейтін әлемдік әдебиетте Хантәңіріндей биік те дара тұлға.


1-жүргізуші: Қымбатты қонақтар!Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл 90 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушының өнегелі өмірі және шығармашылығымен таныстыру мақсатында өткізілгелі отырған «Балалықтың бал сыры қаламынан тараған» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Мінуар Әкімхановтың жазушы Бердібек атамызға арнаған

«Тұрғандай сені күтіп» атты жырын қабыл алыңыздар!

Оқитын: Әбдімәлік Бекзада
1-жүргізуші: Көбің, достар, білім емес,

Оқисыңдар баға үшін.

Айтайын бір ақыл-кеңес:

Кітап керек сана үшін.

2-жүргізуші: Білім, өнер, өркениет-

Бәрі-бәрі кітапта.

Адамшылық, көркем ниет

Жазылған тек кітапқа, -деп Қымбат Әбілдәқызы

Жырлағандай шыншыл шығарма–өміршең. Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып баурайды оқырманды. Шындықтың шырынын алып айта білу-бақыт! Ол бақыт қолына қалам ұстаған мыңнан бірдің еншісі!
1-жүргізуші: Бердібек Соқпақбаев бала кейіпкерлерін үлкен тағдыр иесі деп қарады, бала кейіпкерге- қоғам бойындағы ауыртпалықты арқалата білді. Қаламгердің қай кейіпкеріне де бейтарап қарай алмайтын себебіңіз де сондықтан.
2-жүргізуші: Бердібек атамыздың шығармалары шуақты күлкіге шомылып, жылы юморға оранып туады. Юмор жазушының баяндау мәнеріне жан бітіреді. Юмор-кейіпкерін тапқыр, қу, аңқау, аңғал, қожанасыр дегендей телқабыс күй кештіреді. Қожа іс-әрекетіне күліп отырып та,тағдырына жаның ашып, мұңданасың да. Демек, жазушы күлкісі- ойлы күлкі.

Жазушы соңына қыруар әдеби мұра қалдырды. Оның қаламынан туған «Он алты жасар чемпион», «Менің атым –Қожа», «Қайдасың Гауһар», «Өлгендер қайтып келмейді» сияқты кітаптары әлі талай ұрпақ сүйсіне, құмарта оқитын көркем туындылар.


1-Жүргізуші: Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым-Қожа» повесі болды. Повесте жазушы балаларға бар сырын ашады. Жазушы бұл кітабын шығарарда өз елінен қолдау таба алмады. «Кеңестік тәрбиеге қайшы.Біздің оқушылар Қожаның сотқыр қылығына еліктеп, тәрбиеден аттап кетеді» деген пиғылдағы әңгімелер желдей есті.Жазушының кітабын орындаушылар басудан бас тартқан.

2-Жүргізуші: Бірақ оған мойымаған Б.Соқпақбаев шығармасын Москвадан шығатын «Детская литература» баспасына апарып береді.

Сөйтіп бірінші «Менің атым Қожа» кітабы орыс тілінде басылып шықты.Қазақтың қожасы оқырман қауымның қызығушылығын туғызды. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды.

1-Жүргізуші: Өз елімізде повесть 1957 жылы жарық көріп, жазушыны бірден оқырманына танытты. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркемфильм етіп шығарды. Қазақ киносында соны соқпақ салған режиссердің бірі Абдолла Қарсақбаев сияқты екі ірі тұлғаның ортақ шығармашылығы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды.

2- Жүргізуші: Б. Соқпақбаев атындағы мектептің оқушысы Талғат Оразымбетұлының:

Бала жайлы шығарманың төресі,

«Менің атым Қожа» деген повесі.

Өзімізді сол повестен табамыз,

Шалқып-тасып қиялардың кемесі,-дп өзінің жүрекжарды

лебізін осы өлең жолдары арқылы білдірген екен. Шындығында да Қожа бейнесі біздің жүрегімізде, мәңгі жас қалпымызбен есімізде сақталады.

1-жүргізуші: Кім білмейді «Менің атым Қожаны»,

Аңғал, тентек, зейінді сол баланы.

Сан мәрте рет оқып шықтық қайтадан,

Соқпақбаев салған жолды саралы.


2-жүргізуші: Балалықтың Қожа деген үлгісі,

Әр нәрсені келіп тұрар білгісі.

Таза көңіл, пейілімен баурады,

Ұнатты оны үлкені де, кішісі.


1-жүргізуші: Біз де қазір сол Қожадай баламыз,

Кейде сондай тентек болып қаламыз.

Білімді боп, өнерлі боп жүрейік,

Ақ пейілді, ашық болсын санамыз.


2-жүргізуші: Балалыққа саяхаттап барамыз,

Көркем әдебиетке толы кітапханамыз.

Естелігін мәңгілікке қалдырған,

Соқпақбаев дара тұлға атамыз.

1-жүргізуші: «Менің атым Қожа» шығармасының басты мақсаты- жақсылыққа тәрбиелеу. Қожаға еліктеп қаншама бала әдебиетке жақын болып, кітап та жазғандары бар.Сондықтан жазушының шығармаларын іздеп оқитындар қатары алдағы күндері де көбейе түсетіндігі күмәнсіз.

2-жүргізуші: Өлеңде мінезі бар жас баланың,

Жылатып алам ба деп жасқанамын.

Өлең-нәзік ішегіндей домбыраның,

Үзіп алса үлкені масқараның

Бұрқырата өлеңді жазып тастап,

Жастық етіп жасырып жастанамын,-деп жырлаған Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі желісінде

ұйымдастырып отырған «Білімді ұрпақ –елдің бағы» атты әдеби сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.

Сайысымыздың шарты

1.Әрбір топ өздерін таныстырып өтеді.

2. Монолог оқу.

3.Көрініс.(Шығарма кейіпкерлерін сомдау)

4.Кім жүйрік? (Шығарма бойынша сұрақ-жауап)


«Жігер» тобы «Тұлпар» тобы «Қыран »тобы


«Кім жүйрік» шарты бойынша сайыскерлерге қойылатын

сұрақтар:


  1. Повестің басты кейіпкері Қожа қандай бала?(Қожа ақылды тентек. Ол тентек болғанымен адамның жан дүниесін түсіне білетін бала. Тентек болуының себебі Сұлтанға еріп, жаман әдеттерге жолығуы. Қожаның бойында жақсылық жасауға ұмтылу, басқаларға көмек қолын созу сияқты қасиеттер мол)

  2. Повестегі Жанар қандай оқушы деп ойлайсыңдар? Ол Қожаға несімен ұнайды?(Жанар сыныпта үздік оқушы. Ол Қожаны ақылды тентек деп бағалайды және ішкі жан дүниесін түсіне біледі.Екеуі де дойбы ойнағанды жақсы көреді)

  3. Қожаның қателіктерге ұрына беруінің себебі не, қалай ойлайсыңдар?

  4. (Қожа тентек бала, ол өзін қаншалықты түзелемін деп жолға қойғанымен, түзеле алмайды.Бұл оның әлсіздігін көрсетед)

  5. Жантас қандай бала? (Жантас пәлеқор, мақтаншақ, өзімшіл бала, Қожаны сыныбында оқудан шығарылсын деген жалғыз сол ғана. Бұл оның өзімшіл, басқаға жаны ашымайтын,қызғаншақ екенін көрсетеді))

  6. Сол кездегі мектеп өмірі мен қазіргі кездегі мектеп өмірінің айырмашылығы бар ма?(Қожа өте қиыншылық кезде өмір сүрді.Ал қазіргі мектептің өмірі мүлдем басқаша. Қожа кезіндегідей кітапты кезекке тұрып сатып алмайсың. Оқимын деген балаға ем кедергі жоқ оқулықтар тегін үлестіріледі. Қазір компьютерлік залы бар кітапханалар ашылды. Алайда олардың ішінде кітаптардың алатын орны ерекше. Кітаптың бізге берер рухани байлығы көп.)

7)Қожа кімнің тәрбиесінде болды? ((Қожа жастайынан әжесінің тәрбиесінде болды)

8)Қожа Майқанованы не үшін жек көрді?(Қожа мен Майқанованфың ерегесі,Қожаның өтірік айтып, кезексіз кітап алып шығуынан басталады.Қыркүйекте сабақ басталғанда Майқанова Қожаға «біз екеуміз таныс сияқтымыз» деп айтқанын, кекеткені деп түсінеді)

9) Қожаның жақсы көретін мұғалімі кім?(Қожа орыс тілінен сабақ беретін Анфиса Михайловнаны жақсы көреді)

10) «Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да, тәуекел деп ішке кезексіз кірмекші болдым... Өзге болмаса да,әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған болар едім: «Қожа қандай мақал айтты?

(Оқулығы сай бала-көңілі жай бала)

11) Қожа Майқанова мен мектеп директорынан өзі жөніндн қандай пікір естіді?

( «Қадыров түбінде адам болатын бала»,-дейді Майқанова.

«Оты бар», деп қостады Ахметов)


12) «Менің атым Қожа» фильмінде Қожа ролін сомдаған актер(Нұрлан Санжар)

Нәтижесі:

1-орын «Тұлпар» тобы Әбдуалиевтер отбасы

2-орын «Жігер» тобы



3-орын «Тұлпар» тобы Иманбаевтар отбасы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет