Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылы №134 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Калмуратова Камшат Муратбековна



Дата05.06.2018
өлшемі68.67 Kb.
#74439
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылы

134 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі



Калмуратова Камшат Муратбековна
Cабақтың тақырыбы: Тотығу.Оксидтер. Олардың аталуы

Сынып: 8

Мақсаты: Оқушыларға тотығу реакциясы және оксидтер, олардың  аталуы  жайында толық  мағлұмат  беру

Міндеттері:

Мазмұнға  байланысты: Оқушыларға    жаңа  тақырып   бойынша   толық ақпаратпен танысып, мәтінді игеру арқылы  жан-жақты  тапсымалар, есептер  шығару  барысында  білімін  кеңейтуге  мүмкіндік   беру.

Сыни  ойлауға байланысты: Оксидтерді басқа заттардан ажырата алуға, халықаралық атау жүйесін алдағы уақытта қолдана алуға,  өмір  тәжірибесінде пайдаланудың  тиімді  жақтарын  талдауға үйрету

Топтық жұмысқа  байланысты: Топта сабақты кезең-кезеңге бөліп өткізу арқылы, оқушылардың танымдық белсендіктерін арттыру, салыстырулар жүргізіп,  шешімін табуға,  дәлелдеуге , өздерін – өздері бағалауға бағыт беру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың  өткен сабақтағы  білімдерін  естеріне  түсіре отырып, жаңа  сабақты  меңгеруге мүмкіндік  жасалады

Тақырыпқа  байланысты тәжірибе  жұмыстарын  жасайды, салыстырады,  дәлелдейді

Есептер шығару арқылы білімдерін  бекітеді

Оқушылар бір-бірімен араласады, ойларын өмірмен  байланыстырады.

Құрал-жабдықтар: Менделеев кестесі, оксидтер үлгілері (су, құм, мыс оксиді), интеарктивті тақта, компьютер, периодтық кесте

І.Қызығушылықты  ояту

1. Психологиялық ахуал  орнату

2. Өткен сабақты қайталауға арналған  топтық жұмыс

Ітоп

1).Сұрақ – жауаптар:

“Оттексіз тіршілік жоқ” дегенді қалай түсінесіз?

Оттек латын тілінде қандай мағнаны білдіреді?

Оттектің атмосферадағы пайыздық мөлшері?

Оттектің жер қыртысындағы пайыздық мөлшері?

Оттектің физикалық қасиетін сипатта



ІІ топ

Оттекті бос күйінде алған кімдер?

Оттектің судағы ерігіштігі қандай?

Өнеркәсіпте оттекті қайдан алады?

Сұйық оттекті сақтайтын ыдыс?

Зертханада оттекті алуға бола ма, неден?



ІІІ топ

Жану реакциясы деген не?

Катализатор деген не?

Оттекті қалай тасымалдайды?

Оттектің таңбасы, оқылуы

Химиялық элемент деген не?



2).Алдын – ала  үйге берілген тапсырманы талдау: слайдтар (5-16)

Оттектің физикалық қасиеттері қандай?


Периодтық жүйеде оттектің орны қандай?

Оттекпен жұмыс істегенде сақталатын қауіпсіздік ережелері:

Ауадағы оттектің мөлшері  23 % -ҒА артса, онда жанғыш заттар тез от алады және қатты жанады.

Ал,сұйық оттек теріні үсітеді, неліктен?

Оттекпен жұмыс істегенде темекі шегуге болмайды.

Периодтық кестені  жасаған кім?

Д.И. Менделеевтің туғанына 175 жыл



ІІ. Мағынаны  тану

Жаңа  сабаққа  дайындық.

Ой  қозғау  сұрағы:  Тотығу дегенімізді қалай  түсінесіздер?

Оқушылардың  алғашқы ойларын  тыңдалады..

Жаңа  тақырыпқа қатысты ақпарат  беру  (  слайд, тақта  қолданылады.)

Зертханалық жұмыс: №9,11

Тотығу  реакциясы деген не,  жану реакциясынан  айырмашылығы неде?  / дайындық  кезеңі/

Зертханалық  жұмыс:  Ca, Cs белсенді металдардың жануы мен Cu –тың тотығу реакция теңдеулерін жазыңыздар



4). Оксид үлгілерін қарау:

Су ,


Мыс (ІІ) оксиді,

құм немесе кварц SiO2

және SO2 улы газы,

азот оксидтері   NO,  NO2 улы газ

Оксидтер алуан түрлі және агрегаттық күйлері де әртүрлі

Қышқыл жауын, жылыжай эффектісі, улы тұмшаларды (у түтін) тудырушы нелер?

1 млн. тонна көмір жаққанда

25 мың тонна күкірт диоксиді  SO2 улы газ ауаға шығарылса,

ал жер шары бойынша атмосфераға 60млн.тонна   азот оксидтері   NO NO2 улы газ шығарылады;  Осы газдардан адамдар ентікпе, тыныс жолының қабынуы,  бронхит ауруларынан зардап шегеді.




Жаңа тақырыпты     меңгертудің ІІ  кезеңі

Оксид дегеніміз –құрамындағы элементтің біреуі оттек болатын бинарлы қосылыс

Шағын зерттеу жұмысын  жүргізейік:

CuO, KNO2, H2S,FeO,KNO3, CH4, MnO2, H2SO4, NO


Жаңа тақырыпты меңгертудің ІІІ кезеңі

6. Оксидтерді х/а жүйемен (СИ) атау

K2O, Fe2O3, FeO, Mn2O7, CaO,N2O5 атаңыздар:  1,2 жолмен атаңыздар


ІІІ. Ой толғаныс.

Сабақты  бекітуге  арналған  тапсырмалар

7).«Білгенге не жетсін» SiO2 SO2 NO2

Осы оксидтердің құрамындағы оттектің пайыздық үлесін анықтаңыздар

8.Топтық  жұмыс үш  топқа  әр  тапсырмалар  бөлініп  беріледі.

Ойлан да тап”? -  орнына не қою керек?

? + ? = ZnО

? + ? =K2O

? + ? =CuO

Жүзден жүйрік” (Есеп кітабынан 53 бетте)

№ 2-61.б

6г С     оттекпен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасы?

№ 2-64

20 г Са     оттекпен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасы ?



№ 2-65

2,7г АІ   оттекпен әрекеттескенде түзілген оксидтің массасы?



Химиялық эстафета ” Айналымды іске асыр:

H2→ H2O

К→К2О

Р → Р2О5



9. „Кім  жылдам” Авторы:Хомченко

№8-1.     8г  оттектегі  молекула саны?

№8-9.     2,1*1023 молекуласы бар сутектің зат мөлшері?

№8-10.   22г Көміртек (IV) оксидіндегі молекула саны?



10.  Сабақты  қорытындылау ВЕНН диаграммасы  арқылы  оқушы  білімдерін  бақылайды.


Сұрақтар

Оксид (су)

ұқсастығы

оттек

Агрег күйі










формуласы










Таб кездесуі










Аталуы










Мr











VIҮй тапсырмасы

§23 Есеп кітабынан:  № 2-66 № 2-67,, 2-68

Оқулықтан: 66 бетте  № 1,3,5



Қолданылған әдебиеттер:

1)Химия 8 сынып, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина



2)Әдістеме 8 сынып
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет