Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғани Мұратбаев ауылы, №15



Дата25.01.2018
өлшемі110.82 Kb.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғани Мұратбаев ауылы,

15 «Балдәурен» бөбекжай – балабақшасы, «Айгөлек» тобының тәрбиешісі



Кожабаева Турсынкул Жубанышовна

Білім беру саласы: «Қатынас»«Таным»

Бөлімі: Тіл дамыту.Экалогия негіздері

Тақырыбы: «Қызғалдақ өлеңі»Гүлдер әлемі.

Мақсаты: Балаларды бөлме гүлдерімен таныстыру, бөлме гүлінің бөлшектерін (тамыры, сабағы, жапырақтары гүлі) танып атауға үйрету. Өлең сөздерін жаттату арқылы,сөздік қорларын байыту.

Еңбексүйгіштікке, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу. Өсу реттілігін көрсетіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Гүлдер туралы көркемсөздер айтқызу арқылы, балалардың тіл байлықтарын дамыту.



Қажетті құрал жабдықтар: топ гүлдері, дала гүлдері, қағаздан жасалған гүлдер, гүлдердің суреттері слайд, гүлдің топырағы, ыдыстары, су.

Сөздік жұмысы: қып-қызыл боп жалындап, кілемше боп құлпыртып.

Билингвалды компонент: гүлдер-цветы, бөлме гүлдері- комнатные цветы, қызғалдақ- тюльпан.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотиватциялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Білгеніме қарашы

«Сәлем» - сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп апайды қарашы.

Бәрімізде ізетпен

Иіліп сәлем береміз

Сәлеметсіздер ме апайлар

Сәлеметсіңдер ме достарым


Балалар апайлармен амандасады қыимылымен шаттық шеңберін жасайды

Ұйымдастырушылық ізденістік

Әдемі табиғат әуені ойналады.

Ортаға «Гүл ханшайымы» билеп қонаққа келеді. Балалармен, қонақтармен амандасады! Өзі Гүл ханшайымы екенін таныстырады.



  • Балалар Гүл ханшайымының қолындағы адемі затқа көздері түседі, не екенін білгілері келеді?

  • Балалар бұл менің қолымдағы сиқырлы құмыра. Бұл сиқырлы құмыраның ішінен түрлі гүлдер шығады. Мысалы сендер таяққа ұқсас ұзынша затты осы құмыраның ішіне салсаңдар ол сәлден соң гүлгеайналып шығады. Алсендер менің сиқырлы құмырамды сынап көргілерің келе ме?

  • Ендеше бір бала ортаға келіп, таяқшаға ұқсас бір затты осы құмыраға салыңдар.

  • Сәлден соң құмыраның ішінен әдемі гүл шығады.

  • Сиқырлы құмыраның гүлге балаларға сыйға береді.



  • Иә,Ақбаянның туылған күнің құтты болсын. Үлен адам бол.

  • Керемет балалар!

  • Менің құмырама ендеше біраз уақыт тынығып тұрукерек. Сендер біраз күтулерің керек. Құмырам көп гүлді бірден сиқырлап шығарса, шаршап қалады. Оған біраз уақыт берсеңдер сендерге бірнеше гүлдер сиқырлап шығарады.

  • Құмыраның аузына қолдарыңды қойып 3-4 бала тілек айтыңдар.

  • Ия.

  • Гүл ханшайымы керемет екен сиқырлы құмыраңыз. Сіздің сиқырлы құмыраңыздың гүлдері дайын боламын дегенше біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбыда «Гүлдер әлемі»деп аталады. Сіз біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қатысып қонақ болыңыз. Біздің балалар бүгін гүлдер туралы көп нәрсені үйренеді, білетін болады.



Балалар біздер қандай гүлдер білеміз.

Гүлдер туралы слайд




Амандасады. Гүл ханшайымын қарсы алады.

Гүл ханшайымы қолыңыздағы не зат?

-Иә

Бір бала құмыраға қалаған затын салып күтеді. Балалар таңдана гүлді алады.



Гүл ханшайымы бүгін біздің тобымызда

Ақбаянның туылған күні, біз оған гүл сыйлағымыз келеді. Апай біздің де туылған күніміз болады, бізге де гүл керек.

Сіздің құмыраңыздан біздерге жететіндей гүл сиқырланып шыға ма?

Балалар тілек терін айтады.

Балалар жауап береді.



Рефлексивті түзетушілік

Балалар гүлдер туралы білгілерің келе ме?

Ендеше экранға азар аударыңдар

Компьютерден гүлдер туралы слайд көрсету.

Гүлдер- дала гулдері және бөлме гүлдері болып бөлінеді. Гүлдердің көптеген түрлері бар.

Гүлдер адамға нәр береді, жақсы көңіл күй сыйлайды. Ең алдымен гүлдердің құрылысымен таныс болайық.


  1. Тамыры

  2. Сабағы

  3. Жапырағы

  4. Гүл (гүл қауашағы )

Міне осындай бөліктерден тұрады. Гүлдерді жұлып, лақтырып, аяқпен басып тастауға болмайды. Гүлде- тіршілік иесі. Оны күтіп баптасаң, әдемі болып өседі. Ал қарамасаң өліп қалады.

Бөлме гүлдеріне-тоқталсақ.

Бөлме гүлдері –бөлмені шаң тозаңнан қорғайды, бөлменің ішін әдемі етіп көрсетеді.

Бөлме гүлдерін аптасына бір рет суарып, жапырақтарын ылғалды мақтамен сүртіп тұру керек. Топрағын тыңайтып, түрлі дәрумендер құйып тұру қажет, ол сонда ғана әдемі өседі.

Бөлме гүлдерінің түрлері өте көп:

Мысалы: алоэ, теңгегүл, кактус т.б көптеген түрлері бар.

Осының ішінде алоэға тоқталсақ. Ол өте емдік гүл

Мысалы: сендер далада ойнап жүріп құлап қалсаңдар, қолдарың немесе аяқтарыңды жарақаттап алсаңдар. Ол кезде осы алоэ гүлінің шырынын сығып жараның бетіне таңып тастаса, жара тез жазылады.

Ал, доллор, теңгегүл гүлдері үй ішінде болса, ол әрбір үйге ақша шақырады деген ұғым бар.

Ал, кактус- компьютер алдына қоюға өте тиімді гүл. Ол көздің шаршауын болдырмайды, көз жанарына және емдік қасиеті де бар гүлдердің бірі.

Дала гүлдері:Дала гүлдерінің түрлері де өте көп. Дала гүлдерінің жабайы түрі бар. ол далада елсіз, сусыз жерлерде, жер талғамай өсетиін гүлдер. Олардың да адамдарға пайдасы орасан зор. Мысалға алатын болсақ жалбыз дала гүлдеріне жатады. Жалбыз гүлі біздің жергілікті гүліміз.

Аула гүлдері

Бұл аула гүлдері адамның еңбегімен шығатын гүл. Аулаға жерді тыңайтып қилап, гүл тұқымын сеуіп оның бетіне азғантай құм тастап тырмамен араластырамыз. Сөйтіп су құйғышпен оған су құйамыз. Күнделікті суын құйып баптап отсақ ол әдемі боп шығады.

Міне балалар біздер гүлдер туралы мәліметтер білдік. Ендеше кішкене жұмбақ, рубустар шешуге қалай қарайсындар



  • Дайынсыңдар ма ?

Жұмбақ:

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасақ сәні бұзылады

Бұл не?


Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді.

Алақанын жазып (Гүл)

Ребус.


Жарайсыңдар балалар көп көп рахмет.

Балалар біздер бүгінгі кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді тәй-тәй бағдарламасы бойынша «Гүлдер әлемі»тақырыбына байланысты 4 орталықпен жұмыс жасаймыз



  1. Әдебиет орталығы

Бұл орталықта «Қызғалдақ » өлеңін жаттаймыз және кітапшадағы өлеңдермен танысып әр гүлдің өздерінің ретін тауып жабыстырамыз.

  1. Өнер орталғы

Қағаздан жасалған торттың бетін әдемі гүлдермен безендіреміз. Жапырағын қиып жабыстырамыз.

  1. Құм-су орталығы

Бұл жерде бөлме гүлдерін отырғызуды үйренеміз. Гүлдің түрлі ыдыстары, топырағы, қиы және тамырланған түрлі гүлдер бар. Осы кішкентай тамырланған гүлдерді ыдысқа қалай отырғызу керектілігін күтіп баптауды уйренеміз.

  1. Желілік рөлді ойын орталығы.

Бұл орталықты гүлдерді сатып алу ойынын ойнаймыз. Анамызға , достарымызға қандай гүл сыйлау керектігін, сатушымен ақылдасып, қажетті әдемі гүлдерді таңдап сатып алуды үйрену. Гүлдер таңдауды үйрену.

Ал ендеше балалар түсінікті болса қажетті карточкаларымызды алып қалаған орталығымызға барып жұмыс жасайық. (5-7 минуттан соң)

Сылдырмақпен балаларды ортаға жинау.

Балаларға сұрақ қоя отырып әр орталықтан алған білімдерін сұрау.

Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, бой сергітіп көңіл көтеріп би билеуге қалай қарайсыңдар?

Би билейміз бе?

Би терапиясы:

А.Қалаубаеваның «Көңілді күн» әніне қимылмен би билеу

2-айналым.

Сағат тілімен ауысым жасап,

орталықтарға бөлініп жұмыс жасауға отырады.

5-7 минут. соң

Ортаға жинап

«Иә, Жоқ» ойынын ойнау

Балаларға бірнеше сұрақтар қойылады балалар «иа» немесе «жоқ» деп жауап берулері керек.


  • Кітап гүл ме?

  • Бәйшешек гүл ме?

  • Бәйтерек гүл ме?

  • Айна гүл ме?

  • Түймедақ гүл ме?

  • Роза гүл ме?

  • Бақбақ гүл ме?

  • Құмыра гүл ме?



Жарайсыңдар балалар рахмет.

3-айналым

Қалаған орталықтарына бару .

Ортаға жинау

Не істегендерін сұрақ қоя отырып сұрау.

«Гүлдерді ажырат» ойынын ойнау.

Дала гүлдері, бөлме гүлдері деп екіге бөліп тақтаға қағаз ілінеді. Үстел үстінде гүлдердің суреттері жатады. Осы көптеген гүлдердің суреттердің ішінен дала гүлдері мен бөлме гүлдерін ажыратып, біртіндеп жылдам ажыратып, орналастырып шығу керек. Дала гүлдері, бөлме гүлдерін тауып, ажыратып жылдам ұяшығына орналастырады.

Гүлханшайымы біздің балаларымыздың оқу іс-әрекетіне қатысуы сізге ұнайды ма?

Гүлханшайымы:

Жарайсыңдар балалар, сендер гүлдер туралы көптеген мағұлматтар білдіңдер. Сендердің оқу іс-әрекетіне жақсы араласқандарың маған қатты ұнады.

Менің сиқырлы құмырамның гүлдері дайын болған сияқты. Ендеше сендердің Ақбаянның туылған күніне сыйлайтын гүлдеріңді табыс етейін.

Сендер гүлдер туралы тақпақ білесіңдер ме?



Тақпақтар

Бәйшешке: Бес дегенім бәйшешек ,

Бірінші гүлі көктемнің

Бәйшешкеті оятар

Баяулап түртіп, көктен нұр.

Түймедақ:

Түймедейін сары дақ ортасында,

Тарала өскен ақ гүлі бар қасында

«Түймедақ» ұқсас сол дақтың арасында

Қызғалдақ:

Қырқалардың төрінен

Лаулап көзге ұрады

Қызғалдақтар өңірде

Қып-қызылғып тұрады

Лалагүл:

Лаулап оттай шілде айында лалагүл

Лала гүлмен құлпырады дала бір

Ләззат алмау мүмкін болмас көркінен

Лалагүл де өзгеше асем, дара гүл

Раушангүл:

Менен қай гүл аса алған

Әуелден ақ «Гүл патшасы» аталған

Әсемдік пен хош иістен нәр алдым

Әлемнің көп жерлеріне таралған

Бақытгүлі:

Бұл әсем гүл күзде, ұзақ гүлдейді

Басқа гүлдей шілде де өмір сүрмейді

Бір мереке бар жапонда елінде

Бақытгүлі тұрады оның төрінде


  • Гүлді жұлуға бола ма?

  • Гүлді басуға бола ма?

  • Гүлдерге не құямыз?

  • Гүлдердің құрылысын атаңдаршы.



Балаларды мадақтап марапаттап қортындылаймын.


Ия

Балалар мұқият тыңдайды

Ия жұмбақ шешейік

Ия

Гүл



Айгүл

Мақтагүл


Ақгүл

Айнагүл


Балалар әр орталықтармен танысып мұқият тыңдап алады.

Балалар әр орталықтардың жұмысымен танысып, мұқият тыңдап алады.

Балалар картошкаларын алып орталықтардың

қалташасына салып

орталықтарға

жайғасады

Балалар әр орталықта қандай жұмыс жасағандарын айтып береді

Ия билейік

- -Ия

Балалар қимыл жасап би билейді, бой сергітеді



Жоқ

Ия

Жоқ



Жоқ

Ия

Ия



Ия

Жоқ


Балалар қалаған орталықтарына барады

Балалар жауап береді.

Балалар қызыға гүлдерді ажырату ойынын ойнайды.

Кішентай гүлдер тақпақтарын айтып өздерін таныстырады

Балалар гүл ханшайымының «сиқырлы құмырасынан» алған гүлдерін достары Ақбаянға сыйға береді

Ия, білеміз

.

Еішкетай қыздардың тақпақтары тыңдалады.



-Жоқ

-Жоқ


-Су

Тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Гүлдерді жұлмауды.

Нені игерді: Гүлдердің адам үшін қажеттілігін

Нені білді: Гүлдердің бөлшектерін (тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі ) танып , атауды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет