Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2016 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасы



Дата21.12.2017
өлшемі39.42 Kb.
Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2016 жыл ішінде

атқарған жұмыстары туралы есепті баяндамасы

2016 жыл ішінде атқарылған жұмыстар Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларынан туындайтын тапсырмаларды орындауға, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуына жұмыс жасауға, облыс басшысының берген тапсырмаларының іске асырылуы, бюджеттің орындалуы және бюджет қаражатының игерілуі, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да мәселелердің қамтылуына, өткен жылғы есеп беру жиналыстарында тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелерін іске асыруға бағытталды.

Ауылдық округке 3 елді мекен жатады. Олар Құрылыс селосы, Жаныс би және Шеңбертал ауылдары. Округ аумағының жер көлемі - 28,8 мың шаршы метрді құрайды. Округ бойынша жалпы халық саны – 2325.


Округте 3 орта мектеп, 3 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, «Мәні» мәдениет үйі, орталықтандырылған модельдік кітапхана, «Қазпошта» бөлімшелері, электр желілерін тарату, телеарна тарату, «Қазақтелеком» байланыс бөлімшелері мен су шаруашылығы мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Сондай-ақ мектептер жанынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және өнер мектебінің бөлімшелері қызмет жасауда.

Ауылшаруашылығы. Ауылдық округте 64 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс жасайды. 5 өндірістік кооператив, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 57 шаруа қожалығы бар. Мал басы барлық түрінен өсімді көрсетті. Оның ішінде мүйізді ірі қара - 4232, қой-ешкі - 15089, жылқы - 2017, түйе - 273, құс – 1528 басты құрады. Ет 10029 цн, сүт 13060 цн өндірілді. Округте шаруа құрылымдары мен жеке қожалықтың қатысуымен далалық алқаптан 21945 тн табиғи шөп дайындалып, тасылды.

Округіміздің елді мекендерін жеке кәсіпкерлер қысқы отынмен және жем азығымен қамтамасыз етуде.

Құрылыс ауылынан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Досболат» шаруа қожалығы 20 бас аналық cиыр, 2 бас асыл тұқымды бұқа, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Маймақ» шару қожалығы 230 бас саулық қой, 16 бас асыл тұқымды қошқар және «Құлан» бағдарламасы бойынша «Шабаған-Р» шаруа қожалығы 11 бас бие, 1 бас асыл тұқымды айғыр малдарын алып мал мал басын өсіруде.

Ақтөбе қаласындағы «ТАБЫС» коммуналдық базарында өткізілген облыстық ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне округімізден «Досболат», «Тұлпар» шаруа қожалығы өз өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағамен ұсынды.



Кәсіпкерлік. Жыл басынан бері салық жиналымы 100 пайызға орындалды.

Округ бойынша кәсіпкерлік субъектілер саны - 106. Жеке кәсіпкерлер саны – 42, оның ішінде - 21 сауда нүктесі халыққа қызмет көрсетіп отыр. Округ бойынша биыл жаңадан 4 кәсіпкер тіркеліп, 1-уі жолаушылар тасымалы қызметін көрсетсе,

3-уі шағын бөлшек сауда қызметін ұсынуда.

«Барс-62» ЖШС және «Тұлпар» шаруа қожалығы Самара-Шымкент автомобиль жолы бойынан кемпинг салу үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Жеке кәсіпкер Жамалбеков Айбол өз жеке қаражатынан 2 мүмкіндігі шектеулі отбасына 19 мың теңгеден, 2 тонна көмір түсіріп қайырымдылық көмек көрсетті.

Жұмыссыздықпен күрес. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында бөлінетін қаржыға Құрлыс ауылындағы «Балдәурен» балабақшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы бағдарлама бойынша жөндеу жұмыстарына Құрлыс ауылында есепте тұратын 2 жұмыссыз тартылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» жол картасы бағдарламасының 2 бағытын іске асыру шеңберінде мал басын өсіру мақсатында «Аймар» ШҚ (төрағасы Т.Әлжанов) – 6 млн теңге, «Қаракесек» ШҚ (төрағасы Е.Қоблашов) – 1,1 млн теңге, жеке кәсіпкерлер Б.Шайманова 800 мың теңге, А.Жамалбеков 1,5 млн теңге, жеке тұлға М.Сарманов 6 млн, А.Сәдуов 1,5 млн теңге несие алып жұмыс жасауда.

«Ауыл бизнесі» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер «Барс-2010» Е.Жұмағали 5,0 млн теңге, «Айтбай»ШҚ төрағасы З.Айтбаева 2,9 млн теңге мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие алып жұмыс жасауда.

«Аумақтық дамыту» бағдарламасы бойынша «Абзиком» ЖШС арқылы Жаныс би ауылындағы медициналық пункт құрылысын жүргізуге жергілікті жерден 5 жұмыссыз азамат уақытша жұмысқа тартылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» жол картасы бағдарламасының 2 бағыты бойынша «Әйгерім» ШҚ 2 жұмыссызды, «Күмісбек» ШҚ 3 жұмыссызды «Әзірбай» ШҚ 2 жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына тартты. Жыл бойы 12 жұмыссыз ауыл аймақты тазалау, ауыз су құдығын күтіп ұстау жұмыстарына ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Жыл сайын жоғары, арнаулы оқу орындарын бітірген жастарымыз 6 айға 2 жас іс-тәжірибесіне жіберіледі. Жұмыссыздар, жазғы демалыс кезінде студенттер және жалпы білім беретін жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстарға тамыз, қыркүйек, қазан айларында 5 студент, 19 жұмыссыз жас жұмысқа тартылды.



Әлеуметтік сала. Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы заңнаманы басшылыққа алып, жыл басынан бері 55 отбасының 187 баласына 3854,7 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді.

Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2,107 000 теңге қаралып, Жаныс би, Шеңбертал елді мекендерінің көшелерін жарықтандыру жұмысына 1787 187 теңгеге 52 нүктеге жарық шамдар орнатылды.

Пошта байланысы бойынша халыққа еңбекақы. зейнетақы және т.б. төлемдер уақтылы таратылып тұрады. 2017 жылға баспасөз басылымдарына жазылу толық аяқталды.

Коммуналдық сала. Округ бойынша 3 елді мекенде телефон байланысымен қамтылған.

Құрылыс селосында орталықтандырылған су құбыры тұрақты жұмыс жасап тұр. Жаныс би және Шеңбертал елді мекендеріндегі ауыз су құдықтарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Құдықтар ақылы қоғамдық жұмыс негізінде күтімге алынған.

Округтегі барлық әлеуметтік мекемелер мен кәсіпорындардың жылу жүйесі қалыпты жұмыс жасауда.

Жазғы уақыттағы емдеу сауықтыру мақсатында «Ақбота» сауықтыру орталығына 2 бала тынығып қайтты.

Қызылжар ауылдық округінің



әкімі М.Сарманов


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет