Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері


Құдайға сиынуларының күші орасан зор



бет18/18
Дата25.02.2017
өлшемі3.04 Mb.
#4876
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Құдайға сиынуларының күші орасан зор. Ілияс пайғамбар да біз сияқты пенде болатын. Алайда ол жаңбыр жаумасын деп шын көңілімен сиынғанда, үш жарым жыл бойы жерге жаңбыр тамбады. Ол қайтадан сиынғанда, аспаннан жаңбыр құйылып, жер өнімін берді. Бауырластарым, қайсыбіреулерің ақиқат жолынан тайса, басқа біреулерің оны кері қайтарсын! Естеріңде болсын: кім күнәкарды теріс жолдан қайтарса, сол оның рухани өлімнен құтқарып, көптеген күнәларының кешірілуіне себепші болады.» (Жақып; 5-тарау) «Сонымен, ақыл-ойларыңды іс-әрекетке дайын ұстауға бел буыңдар! Сергек болып, Иса Масіх салтанатпен қайтып келгенде көретін рахымға толығымен үміт артыңдар! Құдайдың рухани балалары ретінде Оған (аруаққа) бағыныңдар; бұрын оның шынайы хабарын (бата, аян) білмей, өмірлерің жаман істерге жетелейтін құштарлықтың жетегінде болып келді. Бұған енді жол бермеңдер! Қайта өздеріңді шақырған Құдайдың қасиетті болғаны сияқты, сендер де бүкіл іс-әрекеттеріңде қасиетті болыңдар! Киелі жазбада Оның «Қасиетті болыңдар, себебі Мен қасиеттімін!» дегені бар ғой. Сендер әр адамды бет-жүзіне қарамай әділ соттайтын Құдайға «Әкем» (Раббым) деп сиынасыңдар. Ендеше жер бетінде жат жерлік болып сүретін өмірлеріңді Оны терең қастерлеп, Оған ұнамайтынды істеуден шошынып өткізіңдер... Сондықтан барлық жамандық атаулыдан арылып, бұдан былай алдамшы, екі жүзді, күншіл немесе басқаны қаралаушы болмаңдар! Жаңа туған сәбидің сүтке шөліркегеніндей, әрдайым Құдай сөзінің (бата, аян) «таза сүтіне» (аян, уахи, батаға) құштар болыңдар. Содан нәр алғанда рухани өсіп, күнәнің құлдығынан толығырақ құтыла аласыңдар. Себебі «Иеміздің (Раббымыздың) қандай ізгі екенін» өздерің біліп алдыңдар!» «Қымбатты бауырластарым, (осы күнәкар дүниеде) жат жерлік (басқа жан болып тірілу) адамсыңдар, сондықтан сендерге ескертемін; өз жандарыңа ұдайы қарсы шығатын, арам құмарлықтардан бас тартыңдар! Құдайға мойынсұнбайтын халықтар арасында адал өмір сүріңдер! Олар сендерді жамандық жасаушылар деп айыптайды. Алайда өз көздеріңмен көріп жүрген игі істеріңе бола, Тәңір бізге құтқаруға келген күні олар Оны мадақтайтын болады. Сонымен сендер Жаратқан Иенің (Раббымыздың) меншігі болғандықтан, Ол тағайындаған әрбір билік иесіне мойынұсыныңдар! Ел басшысы ретінде патшасына да, оның жамандақ жасағандарды жазалап, жақсылық істегендерді мақтауға бекітіп жіберген әкімдеріне де бағыныңдар! Құдай сендердің игілік істеулерің арқылы ақымақ адамдардың (парызшылармен, надандар) надан әңгімелерін тойтаруларыңды қалайды. Рухани азатсыңдар, соған сай өмір сүріңдер! Дегенмен осы еркіндіктерің жамандақ жасауға сылтау ретінде пайдаланбаңдар, қайта, Құдайдың адал қызметшілері болып өмір кешіңдер! Әркімге лайықты құрмет көрсетіңдер; рухани бауырластарыңды сүйіңдер, Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамайтынды істеуден шошыныңдар, патшаны қадірлеңдер!» (Інжіл; Елші істері) Ал енді бұл жазбадағы жалпы інжіл кітабындағы сандармен белгіленген барлық аяттарға Құран арқылы растап және Масіх-Ахметтің негізінде екі сипаты болып, Ғиса пайғамбарымыз менен кейін «Сол келеді» деп Мұхаммед пайғамбарымыздың Сол Масіх болып; «Жерден Мәді шығады» деген әулиелер ескертуінде Мәділік болып, пайғамбарымыздың аруағының ислам құндылығының ғылыми маңызының ашылуы осымен түркі елінде екіші қайталануы деп біліңіз. Мәділік қасиет, оны бүкіл адамзатқа ортақ тек ислам құндылығын, Құран ғылымын меңгеріп арнаулы кітап алуға яғни жер есіктері, әулиелер кітабы арқылы көке жолдарға жалғану әрбір мұсылманға ортақ несібе екенін де білгеніңіз жөн. Бұл қазақ еліне келген үлкен бақ және рухани да сынақ. Сондықтан; «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ғана шығатын мұндай додаға түсіп сыналу да үлкен ерлік, қазақтық рухани болмысқа, номадтық тегімізге ғана тән екенін де ұмытпаңыз. Енді сенім негізі Інжіл, Таурат арқылы рухани қасиеттерді меңгерумен айқындалып, және қасиеттің де сынақпен тағдырдағы қателіктермен, күнәлік жазуларды жоюға арналатынын білмей көптеген аққу, сұңқарларымыз дүниемен айырбастап, иман байлығын жинай алмағандықтан 9-жылдық сынақтан тек сенімі арқылы өтіп, ақиреттің негізгі несібесінен құр қалғандар және сынақтан сүрінгендер, алдыңғы топтағылардың басым көпшілігі болып, ата-жолының негізгі хикметі ашылмауына себепші болғаны да хақ. Иман байлығы негізінен ислам құндылықтарын құранды меңгеруге байланысты және әрбір пенденің тағдырындағы ерекшеліктерге байланысты аян, уахи, батамен аруақтардың жетелеуімен Мұхаммед пайғамбарымыздың тікелей өзіне және шапағатымен, шапағатшыларға жалғанумен ғана зейнетеліп, сенім арқылы қорғалатынын да білген жөн. Сондықтан да аманаттармен жүктеліп, оны намаз орындау амалына және зекет, хаж амалдарын аруақ тапсырмасына қарай орындаумен мұндай байлыққа, кітапқа қолы жеткендер, исламдық топтар түгіл әлем діндері алдында да үлкен ерекше хикметпен сый алып, ата-жолының барлық діндердің ағасы болып, сопылық ағымдағылар да «біз нені білгенбіз?» деп пірлеріне қарсы шығып, ата жолына келіп, сынақтардан өтуге, қасиеттілікті меңгеруге жапай жүгіретіні де хақ. Бірақ мұндай жағдайдағы қазіргі ата -жолында әлі бейқам жүргендердің, Алланың берген алтынмен бағаланбайтын уақытының, ертерек келген мүмкіндігін ,өз қалінше ысрап қылмай пайдаланбаса, қазіргі мақтан дәреже ертең шариғат, ата ғұрпын жетік меңгерген нағыз сенімнің батырларының ортамызға келуімен, қарапайым дін ісі болып қана болып, шаң қауіп, сыйсыз қалу де қаупі бар екенін жадыңызға тоқып алыңыздар. Осы басылымдардағы құпия сырлы түсініксіз сандармен көрсетілген бүгінгі ертек, ертең хикметімен ғылым-білімі кітаптары ашылып, дәлелденетін ақпарттардың тек аққуларымызды ерекше қадағалап тазарту арқылы ғана және еркектерге тақуалықты меңгеріп, құранды қазақ тілінде меңгеру арқылы ғана ашылатын сыры бар. Оған негізгі себеп нахыл болып, қазақ сөзінде бүкіл жан және рухани сырдың философиялық сөз қуаттары, кітап болып жасырылып және сандық мәндермен Құран, Інжіл,Тәурат аяттарымен сәйкес келіп, болашақ әлем халқының меңгеруге құлшынысын артыратын жоғары дәржелі тілге айналуы да хақ. Ал Зәбур жазбаларының отырар кітапханасында түп нұсқасы қазақтың ежелгі тура жолдың мұрагерлігін растап, Құлтегін-Дәуіт пайғамбар да сақтың ұрпағы екені де расталатыны шүбәңіз де болмасын. Осы ақпараттардың негізі сол кітапхандағы теріге жазулы кітапты аян арқылы ұстап, көріп және аян арқылы жалғанып жазылып жатқанын да білу, тек ата-жол хикметіне түсінген, сенімде бауырлас, ағайындарға түсінікті болары хақ. Сол кітапхананы және алтын сауыт пен діннің тәжін күзетіп жатқан Қазақ бабамыздың анасы Ұлсай Емер анамыздың да сақ қорғанынан табылып, жауынгер деп аталып, Қарағанды маңынан табылған осындай ұқсас дүниенің әйел заты екендігі анықталып, бірақ оған әлі мән бермеген ғалымдарымыздың арқасында асыл анмыздың бейнесі өзге жұртқа сыйға ұсынатын мүсінге айналып жатқанын, және тарихта шежіреде көптеген асыл аналарымыз бен бабаларымыздың, пайғамбарлардың бастары көтеріліп, зияраттап хикметі ашыла алмай жатқанына да негізгі кінәлі ата-жолдық сарбаздардың өз-ара көре алмастықпен талапсыздықтардан, бірліктің жоқтығынан, әйелдік үш күндікке (30-жылға) негізделген, жіңішке мінезділіктің, «гендірлік» ауруға ұшыраған, қатының соңына ерген «қатынбасты» ер азаматтардың ескергені дұрыс болар еді. Енді қазақ тілінің әлемдік дәрежеге көтерілуіне себептің екінші нақты дәлелі болып, қазақ әйел затының текті қыздарымызда болатын ділдік 147-сандық жоғарғы номадтық белгінің, болашақ ғылымда анықталумен белгілі болатыны, ал онан кейінгі орынды арап халқының 143-санды ділдік белгісі құранда нақты, санмен берілгені де да сөзсіз. Сондықтан да, әрбір аққу, сұңқар аталағандардың осы ділдік белгіні қанына зейнетеуге мүкіншілігі болып, ол үшін ең басты қағида ана тілін шұбарламай таза сөйлеу, тіл мінезі мен ұлттық ғұрыпты сақтау, салттарды орындау арқылы ғана ер, әйел бірлігімен ғана мұнан да жоғары жаратушымыздың беретін жетістік, хикмет сыйы да бар екенін біліп; «Бірлік бар жерде ғана тірлік болып», ал тәкәппар өз атақ дәрежесін қамдаған, қандай да бір қасиетті пенденің мұндай рухани сынақтардан өте алмай, орта жолда қалатынын да даусыз. Және қандай да бір ғұлама тақуа ер азаматының да әйел тазалығы, жарының тақуалығынсыз жетістікке жетіп, миғраждан кітабын алуы да екі талай және жұбайының мұндай жан, қан тазалығы болмаған жағдайда арты қайғы, өлімен аяқталу да хақ. Қазірдің өзінде бұл сырдың біраз белгілері мәлім болып, іс жүзінде тәжірибелерден өтіп дәлелденіп, ата-жолына және Ақ ұлдың жеке басына келген осындай сынақтан аз ғана мәліметті, алдыңғы басылымда жазылды, халыққа да әшкере болды. Соған байланысты бұрын Ақ ұлға жәрдемге тұрып, көмекші болған не бір керемет аққу, сұңқарлардың орта жолда қалып, және қайта 9-жылдық сынақтан өтпесе, көшке де ілесе алмай мүлде ескерусіз қалатыны да өкінішті. Және осындай 3-ші дәрежелі өлім сынағынан, Мұхаммед пайғамбарымыздың меңгерген дін істерін орындаумен, батасын алмай мөр, жүрек көзін ашушылардың да,түрлі топ бастаған пірлердің де алдағы уақытта нақты ғылымы сыры ашылып, масқара болмауын да ескерген жөн. Сондықтан қазіргі таңдағы керемет болып, халықты бастап жүрген ақкуларымыздың еркектің жетегінсіз, құранды меңгерген ұстаз, жетекшісіз жоғары дәрежелі жетістікке жетуі мүмкін емес екенін де білген жөн және жаратақанан міндетті түрде сынағы болатыны да хақ. «Еркек бастаған көш озар, әйел бастаған көш тозар» деген Айша анамыз батасында. Оған елімізде кейбір әйел бастаған топтардың қазіргі таңдағы да жағдайы айқын дәлел болып, болашақта сыналудың тіптен қиындай бертінін де ескерген жөн. Және бұл рухани сынақтардың, әулие бастарынан шығатын нұр бұлақтарының көзін, құран арқылы тазартып ашумен, зиярат басының тазалығын қалыптастырумен, тылсым көздермен, аруақтық қуаттармен тікелей қатысты болып, осы жолда тазалық сақтауда күресіп, нәпсісін, мінезін сынайтын «жиһад», «майданға» шықандардың ғана ниеттерінің тазарып, сенімі қуаттанып иманды зейнетеудің жетістіктеріне жете алтыны сөзсіз. Болмаса жоқ. Сонымен бірде Жамбыл ата басына барып зираттаған кезде, зиярат басын к..н ашып, басын қалай болса солай орай салған және дәретсіз жалаңаш әулие бастарын былғап жүрген, үйлеу тойын сылтау қылған жастарды және осыған ұқсас ата-жолдық керуен тобын көріп, қатты ренжіп ұрысқан, өз дін бауырластарымыздың мұндай тажалдық әрекеттеріне де налыған жағдай да болды. Сонда Жамбыл атадан ақулар арқылы; «Мұндай шайтанға айналған пенделерге кітап ашылды» деген ескерту түсті. Ол кітапты да біраз уақыт күтумен, жоғарыдағы жазылған аурулардың негізгі себептері, ел басшылары сенсін, сенбесін қасірет болып, сенбегендерге сынақ болып түсуімен талай ұрпақтардың тамырлары қиылатын, шежірелік бұтақтарының қырқылатын, көптеген осындай дін қандастарымыздың да тірдей тозаққа түсіп азапталатын жағдайы да жақын қалды. Бір ғана мысал; Бастың қадірін кетіріп және оны ашықтай мазаққа айналдырғандарға жоғарыда себептері келтірілген 7-түрлі бас ауруы басталып және оның дәрігерлік білімде емі болмай, дәрігер ғалымдардың, ел басшыларының өзі де осы жағдайға түсіп, дүние түгіл басымен қайғы болып, арпалысқа түсетін болады. Америка елінде басталған «минигит», ми құрты ауруының жетілген түрі осы құбылыстың басталып, әкеден ұлға, шешеден қызға жұғатын алда талай түрлерін еститініңіз, өз арамыздан да көретініңіз де хақиқат. Сондықтан Ата жолындағы жалаңбас еркектермен, екі жүзді аққуларда, тәндерінің арамдалуын әдейі сатып алған, біліп істеген күнә ретінде бұл сынаққа алдымен түсіп, аруақтың екі айтпайтынын сонда білетін болады. Бұндай рухани сынақтардың аз ғана білімі болған кітаптың енді екінші, үшінші жақтары бар екенін, соны меңгеруге аққу, сұңқарлардық жарысқа түсетін де уақыты өтіп те барады. Және бұл рухани байлықты ел, дін басшыларымыз, ғалымдарымыз мойындамағанмен, еліміздегі орыс ұлттары мен християн елдерінен де келіп, исламдық шарттарды иман байлығын меңгеруге жарысып және де ата-жолының хикметтерінің ғылымын көрсетіп, дәлелдеуге жарысатын, ал арамыздан озат шыққан аққу, сұңқарларымызды әлем жұрты шақырып, рухтан хабар, бата алуға құрметтеп ордалар ашып беріп, қаражат төлеп, ардақтап мемлекеттерінің төрлеріне шақырып, шығаратын да уақыт келеді. Мысалы Америка еліндегі бас ауруларды қазақ әулиелері бастарын зиярттатып, рухани тазалықты үйретумен оп-оңай ешқандай дәрісіз емдеуге болатынын күні бүгін де дәлелдеуге болады. Бірақ ескеретін жағдай мұндай рух және жан арқылы емделуге жетекші болған аққу, сұңқар, емшілердің толық тақуалығы және құран арқылы мақамы бақсылық қасиеті де бекіп, аруақтардың ауысуын қамтамасыз ете алмаған жағдайда және зиярат басындағы тазалық, дәретсіздіктен де кейбір керуен істерінің нәтиже бермей жатқаныны да ескерген жөн. Біздің кейбір зиярттау барысында әулие басында осындай пенделердің кетіп, иістердің тазаруын күтіп, кейде құранды зікімен оқуға да ұлықсат бермей бос қайтатын, нұр алмайтын уақыттар жиі кездеседі. Бұндай сырлы көбінесе христян бауырларымыз тез түсініп, тақуалық сақтауға оңай келісетінін де жиі кездестіремін. Сондықтан ата-жолының негізгі қағидасы таурат, інжілден бастау алып, християн халық қанша дегенмен жан ғылымы тағдырында жазылып, біздердің исламдық тажалдардың, әулие бастарына тағзым етіп сиынғанды «серік, шерік» деген аю қапандарына түспейді де. Біздер; «Лә илаһа илла Алла, Мұхамадур расулла» деп пайғамбарымызға табынып, сиынамыз да, Алланың қалаған достарына сиынуды серік қосу яғни жындану, жындылық деген надандықпен, пайғамбарымызды жеке бөліп дәріптеумен тәңірге айналдырып алғанымызды, және осындай түрлі тек ислам дін ғалымдарына ғана тән надандықты әзірге християн халқы білмей-ақ қойғаны да абзал. Және адамдық қасиетіліктің өлшемі 24-пайғамбарлық қасиеттердің «Ек»-тің; 25-ші «Ен»- елшілік көрнісі болып төменнен жоғарыға қарай шектері «Ер»-і, «Ақ» болып, бүкіл исламдық ғалымдармен ел басқарушылары өздерінің бұрынғы жоғары ақыл болған, қазіргі заманның қарапайым кез келген пенделік төменгі ақыл, білім дәрежесімен өлшеп, дінді, ата жолының көріпкелдік жолындағы ілім істерін мазаққа алушылар, өздерінің ішкі ілім айнасын, қандай адамдық қабілет дәрежесі бар екенін бейнелеп, халыққа өздерін жария қылып зұлымдыққа түсушілер қатарынан болып есептеледі. Аталарымыз; «Немен өлшесең сонымен аласың» дегеніміз осы. Ал жоғары ақыл заман талабынын, хикметті көрніс, сынақтарын шешуге арналған көріпкелдік, пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру және ол негізінен көкке шығатын 24-саты болып саналады. Інжілдегі 24-ақсақал, пайғамбарлар батасымен ғана көтеріледі. Сондықтан осындай хикметке ашық қарсылық білдірген қақпаншылардың тұзағына түскен; Жер- «Қара»-дін-жан нәсілі негізі екенін қазақ ел басшылары бас тартқанмен, әлем халқы мойындап, қазақ жерінің нәсілдік қуаттылығы ата бамыздың ұстанған, «Ақ»-пен «Ар»-ға табынған дінінің хақтығы да дәлелденетін күн, ата жолының да толық ақталатын күні жақын қалды. Осындай хикметтердің көрніс беру жағдайында, енді халқымыздың негізгі сауатты, білімді топтарының зияратауы, аруақтан бата алуға, көке шығатын күміс «Бапалдаққа» келуі де басталып, мұндай жағдайдағы бүгінгі көрнісімізді, екі жүзді ата жолындағы салтымызды өзіміз сынап, түзеп және тәкәпарлық, мақтаннан аулақ болып, мұндай бақты көтеретін салмақты да осы бастан жетілдіре берген абзал. Әрине мұндай өтпелі кезеңге тап болған, екі жүзді тәубаның, күмәнің құдығынан шыға алмай жүрген мемлекетіміздің ел, дін басшыларына және құр атақпен, шенмен қолдан дәрежелеп, бұхара халықпен салыстыру арқылы өздерін ғұлама қылған философ, психолог, шипагерлік ғалымдарымыздың жүректерінің аруағын көретін және жақсылық пен жоғары ақыл сөзді, уахиды еститін құлақ көздері де жабық болуына байланысты, мұндай тылсымнан берілетін аруақтың анық білімін, өздері көре алмағандықтан, күдік күмәнін де туындатуы, сенбестік те болуы қалыпты жағдай. Бірақ әрбір нәрсені парымен, жұбымен түсіретін Раббымыздың үкімі бойынша, бұл ақпараттардың екінші ұшы қазақтың ғалымдары қабыл алмағандықтан да, болашақта құран құпия ғылымы, білімді европа халықтарына да берілуі де әбден мүмкін және мұндай жағдайда ел дін басшыларымыздың, зиялы атаған қауым мен ғалымдарымыздың әлемге мазақ, күлкі болғанынан, ешқандай қазақтың абыройы асып, мәртебесі өсіп, көсегесі де көгермейтінін де ұмытпаған жөн. Сондықтан бұл қауымдықтар, өздерін халықтан бөлек санап тәкәпарланғанмен; «Қол сынса жең ішінде, бас жарылса бөрік ішінде», «Алдыңа келсе атаңның құнын да кешір» деген аманатты да ұмытпай, мүмкін болса осы ата жолының негізгі басылымдарын, бабаларда қалған аманат жазбаларын кең түрде таратып, алдын ала пайғамбарымыздың; «Зұлымдыққа, құдыққа түскен ағайындарыңды құтқарыңдар!» деген өсиетін де орындай білген, имандылық шартына лайық деп түсінген жөн. Сонымен бірге қазіргі таңда белгілі болған ғылми маңызы әлемді таң қалдыратын жаратылыс құпия сырлары мен сызықтық, сандық, түрлік бейнелермен бірге, ғылымда «днк»-ар сәулесі арқылы алыстан ағзаларды жаңалап, қалыптастыруға болатынын дәлелдегендемен, оның негізгі амалын, намазын қазақ аталарымыз мыңдаған жылдар бұрын-ақ меңгергенін дәлелдеу, осы ата жолының негізгі мақсатының бірі болып, бірақ бұған тосқауыл болған халқымыздың, ұрпақтарымыздың несібесін жат жұртқа жем қылған ел, дін, сөз, көш басшыларымыздың көздеріне түскен бөрендерін қалай алып тастай аламыз? Әрине тек құдайдан жәрдем келмей және олардың басына келетін азаптары көрініп, тәубеге келгенше, сабырмен күтіп, тек араларынан бір пенденің болса да, иманына жәрдем беруге, осы басылымдарды алдарына жеткізіп таныстыру арқылы ғана өзіңізге сауап, аруақтың ризашылығына бөленіп, Құдайдан қайтар деп, ақпарат жүзінде «жиһадқа», мылтықсыз майданға үлес қосуға сапқа тұрсаңыз, елімізге көктен түсетін нұр үстіне нұр болары да хақ. Пайғамбарымызға; «Мұхаммед енді құран арқылы ұлы күрес жаса!» деген аяттың сыры да пайғамбарымызға құранды жүректеріне иман қылып құй, демеген. Керісінше ескертулерін жеткіз, сенімге келіп уәде бергендерді, намазын оқып, амалын орындағандарды Құдай сынақпен ретейтінін білдірген. Сондықтан түсінсін, түсінбесін өзі құранды жетік білемін, масхабтың ғұламасымын, «сопы-ишанмын» дегендердің бәріне; Абай-Шәкірім еңбектерінің қазақтың философиялық түрдегі құран тәпсірі екенін білдіру керек. Ал қарсы болып құдайдың бейнеленген құранына, кітаптарына иманға келмегендері мейлі әлемнің патшасы дәрежесінде болсын, сынаққа түсері де хақ. Бұл жағдайды әлем шаруашылығын дөңгелеткен Сүлеймен пайғамбарымызға да Раббымыз ашық ескерткен. Осы уақытқа дейін баяндалған 1000-бетерден аса жазбалардан да бөлек, алда әлі талай құпия сырлары баяндалатын, сонымен бірге мазаққа айналаған аққу, сұңқарлармен ата-жолдық бауырластардың жүрегіндегі ашу ызасын шығарып, Құдайдың қулықты да жаратушы екенін білдіретін, біздерді діни сауатсыз деп айыптағандардың масқара, мазаққа ұшырап, жазған кітаптарының бастарына бәле болып жабысатынын да естен шығармаңыз. Әрбір істердің нәтижеленетін мезгілі және алдын ала белгіленген, дін шегі болатын ұмытпаған дұрыс. Сондықтан алда әлі талай асулар мен баяндалатын аруақтардың аманаты бар екенін және осы аз ғана әулие бабаларымыздың, бақсы болған аталарымыздың меңгерген мағрипат білімінің, ар білімінің философиясын ата жолында хикметті істерге қанық болған, сенімдері бір бауырларыма аққу, сұңқарларға түсінікті болып, сенімдері нығайып, өздеріне ғана тиісті құран арқылы келетін, кітап болып бейнелеген аруақтық иман байлығын іздеп, халыққа жол көрсетуге нұсқаулық білімге жараса болғаны деп білеміз. Әрине бұл жазбалардың көптеген қазақ бауырларымызға ертек сияқты, кейбіреулеріне түсініксіз, біреулеріңіздің жүрегіңізге жылу болып жақанымен, сырын толық ұғына алмау қалыпты жағдай. Сондықтан әрбір оқырман Халифа Алтай құран аудармасын, түсінбесе де таза дәретті яғни тақуалық киімді үнемі сақтай отыра, 30-рет оқып шығуға міндеттеніп, әрбір екі-үш оқығаннан кейін осы жазбалармен бірге, Абай-Шәкәрім аталарымыздың өсиеттерін оқып отырса, мүлде басқа қырынан көрініп, ойдың тазарумен, кітаптардың ашылатын хикметтері және үнемі зияртауды үзбеумен, аян алумен де байланысты болып, иманның қуаттана беретін, кейбір шәкірттеріміздің осындай тәсілмен меңгеріп жатқан сыры да бар. Сонан кейін ғана Ясауи бабамыздың құран насихаты түсінікті бола бастайтыны хақ. Келесі басылым, жазба бетінде сұхбатас, пікірлес, ниеттес, сенімде бауырлас болып кездесуге жазсын деп сиынайық Құдайға! Бұл жазбалардағы ақпараттар да бір адамға келмегенін, оған себепші құранмен арадағы жалғануға тұрған шәкірт ақуларымыз және оларды күзетіп, тазартуышы бақсылықты меңгеріп жатқан ер азаматарымызда бар екенін білгеніңіз жөн. Осындай қатарымыз толып, ата жолы аруақтар аманатын болашақ алдында; «Ат ататырып, сүйек сындырмай, аман есен, бай қуатты болып, ақтап шығуға жазсын!» деп бір-бірімізге тілектес болайық! Ата жолын біреулеріңіз біліп, екіншілеріңіз сыртай тілектес болып жүрген сенімде ниетіміз бір, дін қандастарымызға; Иманға бай, сенімен өсірген малдарыңыз көбейіп, сезімдеріңіз тазарып, иманмен суғарған жандарыңыз-бақшаларыңыз өркен жайып көбейе берсін, ана тіл ардақтап, өсіріп отырған діл бақшаларыңыз да жемісті болсын ағайын! Сіздерге Раббымыз, Иеміз, рухани әкеміз; ұшқыр ой, азат ақыл, таза ниет, естуші құлақ, түсінетін жүрек беріп, біздерге осы аманаттарды шашпай төкпей, халыққа түсінікті тілмен баяндайтын шабыт сабыр мен қабілет, қуат берсін деп тілейміз!...

Алғабас ауылы.Бейбітшілік көшесі №6 үй. Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.(Қазан. 2012жыл)


Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет