Исламға дейінгі Қазақстандағы діни наным-сенімдер



Дата10.04.2018
өлшемі32.81 Kb.
#65555
Исламға дейінгі Қазақстандағы діни наным-сенімдер
Тапсырма: Мәтінді оқып түркілердің діни-наным сенім түрлерін анықтаңыз.
Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік дін (тенгрианство) тұр деп саналады.
Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды.

Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және  оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен.

Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген.

Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіруші рөл атқарады.

Моңғол, қазақ, қырғыз тағы да өзге халықтардың дәстүріндегі қыстау, күзеу, жайлау ұғымдарының болуы;   - ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы;   - «Көк шөп жұлма», «Бастау басына ақтық байлау» сияқты ұғымдары табиғатты қастерлеумен байланысты.

- Аңның, малдың пірінің болуы (Көк бөрі, түйе атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар Ата, Шопан Ата). Түркілер аңыз бойынша қасқырдан тараған. Сондықтан оны құрмет тұтқан.



Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады.

Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, “… оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, – дейді.

В.В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады.

Бұлардан басқа көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай – Ұмай ерекше құрметтелген. Әйел тәңірі Ұмай – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған.

Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: “Көк, Ұмай құдай, қасиетті жер-су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!”,  – делінеді.

“Шамандар аспан Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған”. Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең таралды.

Бақсылар ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек. Бақсылар өз ойыны (зікір салуы) арқылы ұжымда қордаланып қалған  жағымсыз психикалық қуатты бейтараптандырып, әлеумет өмірін үйлестіріп отырған.

Екінші жағынан, сыры беймәлім сырқатты тек бақсы ғана емдей алады деп саналады. Сондықтан бақсысыз аурудың алдын алу мүмкін емес.

Ата-баба аруағын қастерлеу – сақтар заманынан осы күнге дейін жалғасқан дәстүр. Қазіргі күндері ел мен жерді жаудан жан аямай қорғап, ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, сол арқылы халық жадында сақталған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты батырларды, Төле, Қазыбек, Әйтекедей билерді  қастерлеп, оларға атап ас беру – осы дәстүр көрінісі.

Артында қалған ұрпағы о дүниелік болған адамның аруағын риза етуді парыз санаған. “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген халық даналығында аруаққа деген көзқарас айқын көрініс тапқан.  

Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.
Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/692
© e-history.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет