1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
ИСАЕВ ОҚУЛАРЫ
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
материалдарының жинағы
Алматы, 2013
2
ББК
Пікір жазғандар:
О.Жұбаева
–
А.Байтұрсынұлы
атындағы
Тіл
білімі
институтының аға ғылыми қызметкері, кафедра меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы.
Ғ.Б.Шойбекова – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.
Жауапты редактор:
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ж.К. Отарбекова
Редакция алқасы:
П.А.Байтимбетова, Н.А. Жаңабаева, Ә.Т.Исламова
Исаев оқулары (республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференция материалдарының жинағы). Алматы, 2013. 378-
бет.
Филология ғылымдарының докторы, профессор С.М.Исаевтың
75 жылдығына орай ӛткізілген дәстүрлі оқуларға студент,
магистрант, оқушылардың ғылыми мақалалары енгізіліп отыр.
Ғылыми мақалалар жинағын баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасы
ұсынған
ISBN
3
Алғысӛз
Профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаев (1938-1999)
- тіл білімінде ӛзіндік мектебін қалыптастырған, ұстаздық пен
ғалымдықты тең ұстаған тілші ғалым. Ғалымның қаламынан
туған тіліміздің барлық дерлік салаларына қатысты еңбектері
бүгінде студенттер мен ізденушілердің тың ізденістерінің
бастауына әрі жол сілтеушісіне айналып отыр.
1995 жылдан бастап жыл сайын кафедрада ғалымның
шәкірттерінің ұйымдастыруымен «Исаев оқулары» ӛткізіліп,
студенттердің ғылыми мақалаларының жинақтары жарияланып
тұрады. Биыл ғалымның туғанына 75 жыл толуына орай
қыздар университетінде зияткерлік олимпиада, халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция ӛткізіліп отыр.
Қолдарыңыңызға ұсынылып отырған бұл жинаққа қазақ
тілі мен әдебиеті, оқыту әдістемесі мен тәлім-тәрбие
мәселелеріне арналған студенттер мен магистранттардың,
оқушылардың, жас мамандардың іріктеліп алынған
тырнақалды мақалалары енгізіліп отыр. Оқуларға белсене
қатысып, ӛз зерттеулерін ұсынып отырған әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық
университеті,
Ақтӛбе
мемлекеттік
педагогикалық
институты,
Қазақ
мемлекеттік
қыздар
педагогикалық
университетінің
филология
мамандығы
студенттері
мен
магистранттарына,
олардың
ғылыми
жетекшілеріне, Алматы облысы Қарасай ауданы Дарынды
балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
мен олардың шәкірттеріне, басқа да қатысушыларға зор
алғысымызды білдіреміз.
Бұл мақалалар туған тілі мен әдебиетіне бей-жай
қарамайтын жас буынның алғашқы ізденістері деп қабылдап,
білім-ғылым жолында ақ жол тілейік, ағайын!
Ұйымдастырушылардан
4
1-СЕКЦИЯ.
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ МЕН ТІЛ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
СӚЗ ТОПТАСТЫРУДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Адылбекова Фариза,
ҚазМемҚызПУ, 4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: П.Байтимбетова
Биылғы жыл халқымыздың кӛрнекті қоғам қайраткері,
кешегі
Абай,
Ыбырай,
Шоқан
салған
ағартушылық,
демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, кӛсемсӛз
шебері, әдебиет зерттеуші, түркітанушы, дарынды ақын –
аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толған
мерейлі жыл.
А. Байтұрсынұлы ӛз заманында қараңғы қазақ еліне
шырақ жаққан ұлт зиялыларының бірегейі. Сауаттылық
жағынан
ақсап
тұрған
ұлтына,
қазақ
мектептерінің
мұқтаждығын ӛтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін
тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бӛлімнен тұратын «Тіл –
құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бӛлімі 1915
жылы, морфологияға арналған бӛлімі 1914 жылы, синтаксиске
арналған бӛлімі 1916 жылдан бастап жарық кӛрді. «Тіл – құрал»
– қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі
оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл
білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп,
ғылыми негізін салған зерттеу. Яғни, қазақ тіл білімінің қайнар
кӛзі, ӛзегі болып табылатын еңбектің бірі. Осы еңбегі арқылы
біз Ахмет Байтұрсынұлын қазақ тіл білімінің негізін салушы
ғалым ретінде танимыз. Оның тілдік ұғымдарға берген
анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін
ӛте маңызды. Ол тұңғыш тӛл грамматикалық терминдерді
қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік,
одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау,
сӛйлем, құрмалас сӛйлем, қаратпа сӛз, т.б. жүздеген ұлттық
терминдерді түзді.
5
Ғалымның морфологияға қосқан үлесі ӛте кӛп. Дәл осы
кезеңге дейін кӛптеген пікірлері қазіргі қазақ тіл білімінің
ӛзінде ӛзгеріссіз сол қалпында қолданылып келеді. Ӛзгешелігі
де жоқ емес, бар. Мәселен, сӛз топтастыруда, таптастыруда
қазіргі қазақ тіл білімінен айырмашылығы бар екенін кӛруге
болады.
Ғалым сӛздерді мағынасына қарай 2 топқа бӛліп
топтастырады: 1) есімдеуіш атау сӛздер; 2) шылау сӛздер. Ал
қазіргі қазақ тіл білімінде сӛздерді мағынасына қарай 3 топқа
топтастырады: 1) атауыш сӛздер; 2) кӛмекші сӛздер; 3) одағай
сӛздер.
Ахмет Байтұрсынұлы сӛздерді мағынасына қарай
таптастырғанда 9 түрін кӛрсетеді. Олар: зат есім, сын есім, сан
есім, есімдік, етістік, үстеу (үстеуіш), демеу (демеуіш), жалғау
(жалғауыш), одағай (еліктеуіш, лептеуіш). Қазіргі қазақ тіл
білімінде сӛздерді мағынасына қарай таптастырғанда 10 түрі
бар екені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлының демеу, жалғау деген
сӛз таптары қазіргі таңда тіл білімімізде шылау атты сӛз
табының ішінде қарастырылады. Ғалым одағай сӛз табының
ішінде қазіргі таңда ӛз алдына бӛлек қарастырылып жүрген
еліктеу атты сӛз табын бірге қарастырған.
Сӛз таптары
Сӛз топтары
Зат есім
Есімдеуіш атау сӛздер
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Шылау сӛздер
Демеу
Жалғау
Одағай
Ахмет Байтұрсынұлының сӛздерді таптастыруы мен
топтастыруы.
Қазіргі қазақ тіл білімінде сӛзді таптастыру мен
топтастыру.
Сӛз таптары
Сӛз топтары
Зат есім
6
Сын есім
Атауыш сӛздер
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу
Шылау
Кӛмекші
сӛздер
Кӛмекші етістік
сӛздер
Модаль
Кӛмекші есім сӛздер
Одағай
Одағай сӛз
Қазақ
тіл
білімінің
негізін
салушы
Ахмет
Байтұрсынұлының
сӛздерді
топтастыруы
мен
таптастыруындағы қазіргі қазақ тіл білімінен айырмашылығын
мына екі кестені салыстыру арқылы байқаймыз.
Ахмет Байтұрсынұлының сӛздерді топтастырудағы
шылау сӛздер тобына тоқтала кетсем. Шылау сӛздер тобына:
үстеу, демеу, жалғау, одағай атты сӛз таптарын жатқызды.
Ғалымның бұл сӛздер тобын шылау деп атауының себебі
мынада: үстеу, демеу, жалғау, одағайлар жеке дара ӛз алдына
жүре алмайды, басқа сӛздердің мағынасын толтыру мақсатында,
сӛйлемнің арасын жалғастырушы демеу болатын сӛздер ретінде,
басқа сӛздердің шылауында тұрмаса, ӛз алдына жеке-дара
мағына бере алмайтындығы үшін осылай атаса керек.
Қазіргі қазақ тіл білімінде үстеу атауыш сӛздердің ішіне
кіреді. Ахмет Байтұрсынұлы «Кей сӛздер басқа сӛздердің
мағынасын толтыру үшін үстеу болады. Мәселен: «әрең келдім»
дегенде, «әрең» демесем де, келгенім кӛрініп тұр. «Әбден
бітірді» дегенде «әбден» демей де, бітіргендік кӛрініп тұр; бірақ
қалай бітіргендік кӛрінбейді: «Бітірді»-нің үстіне «әбден» деген
сӛз жамалса, қалай бітіргендігі де кӛрінеді...
Осындай сӛз үстіне қосылып сӛздің мағынасын
толықтыратын сӛздерді үстеу дейміз» - деп үстеуге осылайша
анықтама береді [1,194]. Ахмет Байтұрсынұлының үстеуді
атауыштық сӛздер тобына жатқызбай шылау сӛздер тобына
кіргізуінің бір қисынды жері, ақиқатқа сай жақындығы бар.
Атауыш сӛздер жеке тұрып бір толыққанды мағына бере алады.
7
Мәселен, гүл, ағаш, кӛк, қызыл, оқыды, сызды, бір, үш т.б.
Толыққанды мағынаға ие сӛздер басқа да сӛз таптарымен еркін
тіркес жасауға қабілетті, әрі бейім болады. Мысалға, әдемі гүл,
гүл ӛсті, бір бума гүл, кітап оқыды, бір рет оқыды, әдемі оқыды
т.б. Ал енді үстеудің сӛз таптарымен тіркесу айырмашылығына
келсек, бүгін келдім, ӛте әдемі, ілгері жүрді, ала жаздай
қыдырдым т.б бұдан байқайтынымыз үстеу тек бір ғана сӛз
табымен тіркеседі (ӛте әдемі дейміз бірақ «ӛте оқыды» деп
күшейткіш үстеумен тіркестіріп айта алмаймыз) Үстеу
түрлеріне тоқталатын болсақ күшейткіш және мӛлшер
үстеулері тек қана сын есіммен тіркеседі (тым қымбат,
анағұрлым биік). Үстеудің осы екі мағыналық тобынан басқа
топтары тек етістікпен ғана тіркеседі (ертең барады, тӛмен
түсірді, шалқасынан құлады, әдейі айтты). Яғни, үстеу етістіктің
сипатын болмысын толықтырып тұратынын байқаймыз. Осы
айтылған пікірді С.М.Исаевтың үстеудің осы қызметіне қатысты
айтылған мына бір пікірі дәлелдей түседі «... қимылдың, іс-
әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік,
мӛлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен
мақсатын, т.б. білдіреді» [2,318]. Жоғарыда күшейткіш пен
мӛлшер үсетеулерінің сын есіммен тіркесіп келетінін айттық,
әрине, бұл кездейсоқ емес. Ғалым С.М.Исаев үстеудің кейбірі
сын есімнің шырай категориясын қабылдайтынын айтады. Оның
себебін үстеумен сын есімнің тарихи шығу жағынан тӛркіндес
екендігінде дейді. Бұл мәселе нақты зерттелмегендіктен
үстеудің сын есіммен тіркесіп келуін біз де осы себептен болса
керек деп жорамалдаймыз.
Тағы бір айта кететін жайт, мезгіл үстеуінен басқасының
барлығы жеке тұрып атауыштық мағынаға ие бола аламайды.
Мысалға, мүлдем, жоғары, амалсыздан, әдейі, аса, тым т.б. үстеу
сӛздері жеке тұрғанда мағынасы толық емес, неге қатысты
айтылып тұрғаны нақты кӛрініп тұрған жоқ. Демек, үстеудің
мағыналық ауқымының тар екендігін және белгілі бір сӛзге
қосымша мағына үстеп қана тұрғандығын кӛреміз.
Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда келтірілген
пікірлерді алға тарта отырып, үстеу толыққанды атауыштық
8
мағынаға ие емес екендігін түсінеміз. Ахмет Байтұрсынұлының
үстеуді есімдеуіш атау сӛздер тобына кіргізбей, шылау
сӛздердің қатарында қарауының жаны бар. Үстеу сын есім және
етістікпен ғана тіркесіп, мағына бере алады. Жеке ӛзі
толыққанды мағынаға ие емес, сондықтан да үстеуді атауыштық
сӛздер тобында қарастыру қисынсыз. Бұл әрине алдағы уақытта
толық зерттеледі деген үміттеміз.
Әдебиеттер:
1.А. Байтұрсынов «Тіл тағылымы», Алматы: «Ана тілі», 1992.
Құрастырушылар: Ғарифолла Әнесов, Аманқос Мектепов.
2.С.М. Исаев «Қазіргі қазақ тілі», Алматы: «Ӛнер», 2007.
ТҦРАҚТЫ СӚЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СЕМАНТИКАСЫ
(тӛрт тҥлікке байланысты)
Алпарова Тоғжан,
ҚазМемҚызПУ, 4-курс студенті.
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент М.Ҽ.Жүнісова
Қазақ халқы - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан
халық. Сол себепті мал шаруашылығының ежелден бері қазақ
халқының дәстүрлі ӛндірісінің негізі, тіршілік кӛзі болғандығын
баршамыз білеміз.Соған орай кәсіби лексиканың бір тармағы
мал шаруашылығымен байланысты. Ертеде ата-бабаларымыз
амандасқанда: «Мал-жан аман ба?»-деп сұраған. Осы бір ауыз
сӛздің ӛзінен-ақ қазақ халқының ӛмірінде тӛрт түліктің
орнының ерекше болғандығын кӛруімізге болады. Тӛрт түліктің
балдай сүті, жұмсақ жүні, қызыл еті,қайрат күші, қымбат терісі -
халқымыздың ішер асы, киер киімі, баспанасы,ӛмірінің негізі
болған. Мінсе - кӛлігі, ішсе - сусыны, жесе -тамағы, кисе - киімі.
Тұтынса - бұйымы да, мақтан, салтанаты да осы мал болған.
Жалпы тұрмыстың бұл түрінің адамзат ӛркениетіне,
мәдениетіне қосқан үлесі зор.
Малшылық
-
халқымыздың байырғы дәуірден бері бірге жасасып келе жатқан
ата кәсібі. Ол қоғамның әлеуметтік дамуына зор әсер етті, жаңа
қарым-қатынастар,мәдениет, ӛркениет, ӛнер, қолӛнер, ой-
сананың қалыптасуына әкелді. Сондықтан мал ӛсіруге қолайлы
Қазақстан жерін тӛрт түліксіз елестету мүлде мүмкін емес.
9
Сӛздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас, бірақ іштей,
яғни тілдік табиғаты жағынан, оған қарама-қарсы қойылатын
оймақ ауыз, жүрек жұтқан, жүрегі тас тҿбесіне шығу, ат-
тонын ала қашу, ер қашты болу тәрізді тіркестер бар. Сол
себепті мақаламызға мақсат етіліп қойылған аталған жайттарды
сараламас бұрын тіл біліміндегі тұрақты тіркестер мен ғалымдар
«фразеологиялық сӛйлемше » деп сипаттайтын мақал-
мәтелдердің ӛзіндік сипатын анықтап алайық. Жоғарыда аталған
тіркес түрлері құрамы жағынан тұрақты болып келеді де,
бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен, дағдылы қалпын
сақтайды, сыңарлары «ешкімнің еркіне кӛнбей», «ӛзінен-ӛзі
тіркесіп қойған» тәрізді болып ұғынылады. Мұндай тіркестер
сӛздердің еркін (ерікті) тіркесіне (свободное сочетание слов)
қарсы қойылып, сӛздердің еріксіз тіркесі (несвободное
сочетание
слов)
немесе
фразеологиялық
оралымдарды
фразеология зерттейді. Бұл фразеологиялық оралымдардың,
фразеологиялық тіркестердің әрқайсысы сӛздердің бір-бірімен
тіркесе жұмсалуынан жасалғанмен, мағынасы жағынан біртұтас,
құрамы мен құрылымы жағынан тұрақты бірлік ретінде
ұғынылады. Фразеологиялық оралым тілде басқабірліктермен ,
атап айтқанда, бір жағынан, сӛзбен, екінші жағынан, еркін сӛз
тіркесімен шектесіп жатады. Фразеологиялық тіркестерді сӛзден
де, еркін сӛз тіркесінен де ажырату үшін, оған (фразеологиялық
тіркеске) тән басты белгілер мен қасиеттерді айқындап алу
қажет. Бұл арада фразеологиялық тіркестерге тән белгілерге
қатысты алдын ала ескертетін бір жай бар: фразеологизмдер
ӛзінің табиғаты жағынан, құрылымы жағынан - екі жақты
құбылыс. Фразеологиялық оралымға ӛте-мӛте тән, басты белгі -
оның даяр қалпында жұмсалу белгісі. Фразеологиялық
оралымдар қарым – қатынас процесінде, сӛйлеу кӛзінде
жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас (бүтін) бірліктер ретінде
жұмсалады. Фразеологиялық оралымға тән белгілер бірден екі
бағытта қызмет етеді деуіміз де осыдан.
Фразеологиялық
оралым
–
сӛйлеу
кезінде
конструкцияланбайтын, ӛзінің даяр тұрған қалпын сақтай отыра
жұмсалатын, біртұтас (бүтін) тілдік бірлік , ал еркін сӛз тіркесі -
10
сӛйлеу кезінде белгілі бір үлгілер бойынша конструкцияланатын
(құрастырылатын), осыған орай, сӛйлеушінің тілдің белгілі бір
заңдарына сәйкестендіріп, ӛзінше құрастыруына кӛнетін тілдік
бірлік (синтаксистік единица). Фразеологиялық оралым мағына
тұтастығымен сипатталады. Оның ӛзіне ғана тән, меншікті
мағынасы бар және ол мағына фразеологиялық оралымды
құрастырушы сыңарлардың мағыналарына тәуелсіз, ӛздігінен
ӛмір сүреді. Фразеологиялық оралымның мағыналық тұтастығы,
оның семантикасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарының
жиынтығына сәйкес келгенде де сақталынады [1, 36].
Сӛз бен фразеологизмдердің арасында да бірінен біріне
ауысып жататын ӛтпелі қарым-қатынастық байланыстар
болады. Тұрақты тіркестер о баста сӛз бен сӛздің тіркесуі
арқылы пайда болса, фразеологизмдердің кейбіреулері кей
жағдайда қос сӛз бен біріккен сӛзге айналып кеткен. Мәселен,
түйетабан, атқұлақ, атқамінер, атсайман, атарман,
шабарман, мысыққұйрық, т.б. Мұндай сӛздер біріккен сӛздер
идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму,
ӛзгеру процестерін басынан ӛткізген.
Фразеологиялық тұтастықтар мүлдем ажыратылмайтын
мағыналық бірлікте болады да,осыған орай,жеке сӛздердің
эквиваленті ретінде қызмет атқарады. Мысалы,адамның іс-
әрекетіне қатысты тілімізде тӛмендегідей тілдік қолданыстар
кездеседі. Олар: қол қусырып – бостан-бос, мойны жар бермеу
немесе кежегесі кейін тарту - еріну, жалқаулану, қас қаққанша
немесе қас пен кҿздің арасында - лезде, жылдам және т.б.
Фразеологиялық оралымдардың тағы бір түрі -
фразеологиялық бірлік. Тұрақты тіркестердің аталған түрі
фразеологиялық тұтастық сияқты, семантикалық жақтан
бӛлінбейтін, бір тұтас (бүтін) тілдік бірлік. Мысалы, тілімізде
адамның іс-ҽрекетіне қатысты жатқан жыланның құйрығын
басты, ескі жараның аузын ашты, мойнына мініп алды деген
сияқті фразеологиялық бірліктер бар.
Фразеологиялық
оралымның
үшінші
түрі
-
фразеологиялық тізбек. Фразеологиялық оралымның бұл түрі
ерікті мағынасындағы сӛз бен фразеологиялық байлаулы
11
мағынасындағы сӛздің тіркесінен жасалып ӛзінің даяр
қалпында,
тіркескен
күйінде
жұмсалады.
Аталған
фразеологиялық тізбектерде адам бойындағы түрліше қасиеттер
мен сапа белгілері сӛз болады. Олар: бота кҿз, қоян жүрек, тоң
мойын, күміс кҿмей, шҿп желке, аршын тҿс, салқын қанды, ақ
саусақ, сойдақ тіс , қауға бас, жез таңдай.
Фразеологизмдерге
тән
үш
түрлі
ортақ
белгі
болғанымен, бұлар бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла
бермейді. Бұл белгілер, әсіресе, мағына тұтастығы, біреуінен ап-
айқын кӛрінсе, екіншісінен кӛмескі, үшіншілерінен ӛте
солғындау болып кӛрінеді. Осыған орай белгілі ғалым
Ә.Болғанбаев
ӛзінің
зерттеуінде
былай
дейді:
«Фразеологизмдерді түр-түрге бӛліп топтастыру – тіл
біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірі болып
саналады. Сол себепті зерттеушілердің бір тобы тұрақты
тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы
сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бӛлсе, екіншілері
құрылым – құрылысы жағынан. Үшіншілері атқаратын қызметі
мен стильдік мәні жағынан топтастырады» [2, 83]. Орыс тіл
білімінде академик В.В.Виноградовтың классификациясының
негізінде үш топқа жіктейді.
Тіліміздегі
тӛрт
түлік
малға
байланысты
фразеологизмдер, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер де ұлт
тілінің даму ерекшелігін және ұлт мәдениетінің негізгі
кӛрсеткішін айқындайтын тілдің ажырамас бір бӛлігі болып
табылады. Сол себепті қазіргі қазақ тіл білімінде тұрақты
тіркестер
тұрақты
теңеулер
мен
мақал-мәтелдердің
семантикасында ұлттық мәдениеттің бейнеленуіне ерекше кӛңіл
бӛлінуде. Әр халықтың тұрақты тіркестері,тұрақты теңеулері
мен мақал–мәтелдері - сол ұлттың болмысына сай қалыптасқан
тӛл мәдениетінде сақталған негізгі кӛздері.Олардың ұлттық
мысалы, тіліміздегі ӛресі биік тіркесін алайық. Ӛре сӛзінің қазақ
тіліндегі тура мағынасы - «құрт, ірімшік кептіру үшін ағаштан
жасалған биік сӛре» [3, 565]. Ҿре сӛзінің түбірі - қазіргі тілімізде
кеңінен қолданылатын ӛр сӛзі. Оның мынадай мағыналары бар:
12
1)биік, кӛтеріңкі жер; Бұдан туындайтын ауыспалы мағынасы да
бар. Мысалы, ӛр кӛңіл, ӛр мінез, ӛр кӛкірек.
2)кӛтерілу, тарау, кӛріну. Мысалы, мал ӛру, ұрпақ ӛру, аман
ӛрдіңдер ме? (диалектологияда). Осы кӛрсетілген мағына тіл
білімінде «ӛресі биік» тіркесін «ӛркенің ӛссін» деген де
тіркеспен жақындастырады. Сол себепті ӛр мағынасының
метафоралық мағынада жиі қолданылуы байқалады. Яғни
тілімізде бірнеше тілдік қолданыстар туындайды, ал мұның ӛзі
аталған сӛздің этнолингвистикалық аясын кеңейтеді. Міне,
сондықтан тіліміздегі тұрақты тіркестер, тұрақты теңеулер мен
мақал-мәтелдерді этнолингвистикалық тұрғыдан саралау бүгінгі
таңда тіл білімндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар
халқымыз мал ӛрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін жетік
білген. Тіпті ел ішінде тӛрт түлік малдың айрықша қасиетін,
ерекшелігін танитын Толыбай сияқты сыншылар да шыққан.
Сӛйтіп дана халқымыз ӛздерінің қоғамдық ӛмірін осы мал
шаруашылығымен байланыстыра жасаған. Негізінен тек мал
шаруашылығымен айналысқан халқымыз ӛзінің малын қой-
ешкі,жылқы, түйе, сиыр деп тӛрт түлікке бӛлген.Осы тӛрт түлік
малдың әрқайсысын қазақ халқы барынша ӛнімді, толық
пайдалануды үйренді. Әр малдың пірін сайлап (Мысалы: қойдікі
- Шопан ата; ешкінікі - Шекшек ата; сиырдікі - Зеңгі баба;
жылқынікі - Қамбар ата; түйенікі - Ойсылқара),малдың
қасиетін, кемшілігін жете білген. Сол себепті малды ӛсіру ерте
заманнан бері ерекше бағаланып, олар туралы түрлі наным-
сенімдерге, әдет-ғұрыпқа байланысты кӛптеген сӛз орамдары,
тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеулер қалыптасқан.
Мұндай мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерде, теңеулерде
олардың әрқайсысының сыр-мінезі, түр-түсі, ерекшелігі,
шаруаға пайдасы жан-жақты анықталып, мінездеріндегі кейбір
ерекшеліктері адамның мінезіне, психологиясына аударылады.
Жалпы қазіргі тіл білмінде, сӛздік қолданысымызда тӛрт түлікке
қатысты этнографиялық қызықты атаулар ӛте кӛп. Мысалы
белгілі этнограф ғалым, жазушы С.Кенжеахметұлы ӛзінің
этнографиялық еңбектерінде тӛрт түліктің әр түріне байланысты
13
этнографиялық атауларды былай таратады: «Түйені қасиетіне
қарай - біртуған, бекпатша, мая, желмая, күлпатша, нар, аруана,
жампоз, қоспақ, балқоспақ, үлек деп бӛледі. Оның ӛсу жолымен
бота, тайлақ, буыршын, науша, атан, бура деп жіктейді. Қазақ
үшін ең құнды, ең қасиетті мал жылқыны ӛсу жолына қарай
құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дҿнен, қулық,
бесті, бие, сҽурік, айғыр деп, ал сиыр малын жасына қарай -
бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын,
дҿнежін, сиыр, ҿгіз, бұқа деп бӛлсе, қойды - қозы, марқа,
тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз қой, қошқар, саулық
деп жіктеп, ешкі малын лақ, туша, бҿртпе, шыбыш, серке деп
топтастырады»
[5,
62].
Енді
ақын-жазушылардың
шығармаларынан, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мысал
келтірейік. «Айырдан туған жампоз бар, нарға жүгін салғысыз»
(Шалкиіз жырау ); « Түйе жаманы - кӛрт, шӛп жаманы - керт»
(мақал); «Ат, айғырлар, биелер, Бүйірі жүр ыңқылдап» (Абай);
«Пұл жібердім қалаға, Бұзау, баспақ, танаға» («Қобыланды
батыр» жыры).
Малдың қадірін біліп, қасиетін ерекше бағалаған
бабаларымыз адам есіміне де мал атауларын қосуды әдетке
айналдырған. Мысалы, Ботакҿз, Нартай, Атанбай, Бурабай,
Жылқыайдар, Қозы, Құнанбай, т.б. Негізінен балаларын
еркелетіп, ботам, құлыным, қошақаным, қозым деп айтуда да
терең мән бар. Тіпті ертедегі халықтық жыр, әңгіме, ертегілерде
де тӛрт түлік мал қасиетті түлік есебінде батыр, ер, хас
сұлулармен қатар аталады. Мұның бәрі халықтың ұлттық
табиғатымыздағы малсақтық, малжандылық ерекшеліктерін
кӛрсетеді. Тілімізде мал сүтінен жасалатын этнографиялық
тағам атаулары да баршылық. Түйе сүті - шұбат, жылқының
қымызы адам ағзасына пайдалы шипалы сусын. Сиыр мен қой
сүтінен айран, қатық, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, ежігей, тағы
басқа кӛптеген ұлттық тағамдар жасалады.
Тӛрт түлікке оның тіршілік, ӛмірдегі орнына
байланысты тілімізде айтылатын сӛздер мен сӛз тіркестері де
ӛте кӛп.
14
Тіліміздегі фразеологизмдерде Адам, Қоғам, Табиғат
жӛнінде тілдік ұжымның сан ғасырлық дәстүрлі білімдер жүйесі
сақталған. Сол себепті фразеологизмдерді тіл қазынасының
ерекше бір қымбат дүниесі-сӛздік қорымыздың шоқтығы деп
білеміз. Мысалы, сиыр құйымшақтанды, түйенің үстінен
түскендей, бие сауым уақыт, қозы кҿш жер, тел қозыдай,
ешкінің лағындай, атүстінде күн кҿрді. Сол секілді тілімізде
мал шаруашылығына қатысты қалыптасқан сӛздер мен
атаулардың, тыйым сӛздер мен жӛн-жоралғылардың ӛзі бір
тӛбе. Мысалы, тӛл ауызданады, отығады, жылқы жусайды, сиыр
күйіс қайырады. Түйені түрегеп, биені тізерлеп, сиырды оң
жағына отырып, қой ешкіні артқы жағынан сауады. Сауып
жатқан кезде орнынан жүріп кеткен биені исініп кетті дейді,
оны жүріп кетпес үшін артқы екі аяғын байлап қояды. Мұны
күделеу деп атайды.
Қазақ халқының сӛздік қорында тӛрт түлік малға
байланысты тыйым сӛздер мен ырым-жоралғылар да жетерлік
Мысалы, қазақ ырымы бойынша ҿздері белгілеген малдың басын
ешкімге бермейді; малды қу шыбықпен ұрмайды; мал тҿлдеп
жатқан кезде мал бермейді; жайылған малдың ішіне бҿтен
адамды жібермейді, түнде мал санамайды; біреуге мал атаса
оған ен салдыртады; т.б.
Мал терісін шаруашылықтың әр саласына қолдана
білетін қазақ халқы жылқы терісінен жақы деген тон тігеді
(жақына аса құрметті адамдарға кигізеді), сиыр терісіне илеп
сәнді ер-тоқым, барлық ат әбзелдерін оюлап, ӛрнектеп, ӛріп
жасаған. Қамшы ҿріп, кісе белбеу жасап, сҽнді етік, кебіс
тіккен. Міне, сол себепті тілімізде мал шаруашылығына, тӛрт
түлікке қатысты білім, тәрбие, ӛнеге беретін этнографизмдер ӛте
кӛп. Сол себепті қазіргі кезеңде этнофразеологизмдерді жинап,
бір жүйеге келтіру этнолингвистиканың үлесі деп түсінуіміз
керек. Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық мектепті
қалыптастырушы Ә.Қайдар былай дейді : «Этностың басып
ӛткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге
тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы,
мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі
15
мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос ӛмірінің мың бір елесі ғана.
Оның шын мәнісіндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде
ғана сақталады. Әрбір дәуірде ӛмірге қажет болған құрал-
сайсанның, қару-жарақтың, киер киімі мен ішер тамақтың,
тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып, наным-сенімге,
ойын-күлкі, той-томалаққа байланысты ұғымдардың аты-жӛні,
сыр-сипаты, т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана, яғни жеке сӛздер
мен сӛз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы
ғана бізге жетуі мүмкін» [4, 34]. Сол себепті ғалымның
пікірінше, кӛненің кӛзіндей тілдің қат-қабат қойнауларында
сары майдай сақталған, осы дүниенің сыры мол тіл әлемінің
тереңіне үңіліп, тарихымен, әлеуметтік ортасымен тұтас қарап
сырын ашу- этнолингвистиканың үлесі.
Ғалым С.Сәтенованың зерттеуінде адамның ӛмірінде
маңызды қызмет атқаратын мал шаруашылығына қатысты
лексика мен зоолексикаға негіз болған мақал-мәтелдер,
жұмбақтар, фразеологиялық тіркестер, т.б. қазақ этносының кӛп
ғасырлар бойғы таным-түсінігінің, іс-тәжірибесінің нәтижесі,
ұлт болмыс-бітімімен сабақтастығы қарастырылды [4, 43].
Ғалымның зерттеуі барысында ассоциативті-бейнелі танымның
арқасында ұлт ӛкілінің бар болмыстық сипаты (мінез-құлқы,
түрі, сын-сипаты, тұрмыс-тіршілігі, т.б.) сол ұлт мәдениетіне,
әлеуметтік-қоғамдық ӛміріне, кәсібіне, мамандығына сәйкес
қалыптасқан мал шаруашылығына қатысты белгілермен тілде
белгіленгені толық кӛрсетіледі. Мысалы, тіліміздегі тӛрт түлікке
байланысты тілдік қолданыстар ауыз екі сӛйлеуде тіліміздегі
осындай жағдайларға байланысты қалыптасқан. Бұл фразалық
тіркестерде адам баласының мінез-құлқын адам ӛмірімен,
тұрмыс-тіршілігімен,
болмыс-бітімімен,
мінез-құлқымен
байланыстырады. Олар: қой мінез, жон терісін сыпыру, ақ
қаптал, қойдай қоңыр, қой аузынан шҿп алмас, қамшының
сабындай қысқа ҿмір, бҽйге атындай аңқылдап, бұқа кҿзденіп,
т. б.
Бұл
қолданыстардан
біз
дана
халқымыздың
дүниетанымы мен ойлау жүйесінің ұшқырлығын байқаймыз.
Сол себепті біздің тілдік қолданысымызда тӛрт түлікпен
16
қатыстырып
айтылған
жылдың
мезгіліне,
табиғат
құбылыстарына, уақыт, ӛлшем бірліктерге қатысты тілдік
қолданыстар, тұрақты тіркестер мен ұлағатты сӛздер кӛптеп
кездеседі. Тіпті қазақ даласына тән, қой малының жейтін негізгі
шӛбі бетеге мен жусанға байланысты тілімзде қолданыс бар.
Яғни бұл атаулар арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет деген
ниетпен «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген тұрақты тіркес
туған.
Достарыңызбен бөлісу: |