Іріспе. Өсімдіктер туралы ғылым



бет1/5
Дата24.01.2018
өлшемі0.73 Mb.
#55875
  1   2   3   4   5
Кіріспе. Өсімдіктер туралы ғылым.
1-деңгей
1.Биология ғылымы нені зерттейді.

2.Тірі ағзаға нелер жатады

3.Тірі ағзаның ортак белгілері қандай

4.Тірі ағзалардың табиғаттағы. Адам өміріндегі манызы

5.Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктер.

2-деңгей
1.Биологиялық диктант.

Өсімдіктер ауада................. тыныс алып,............ газын бөліп шығарады.

Топырақты қарашірікпен байытатын.........

Жемістерде кездесетін нәруыз көмірсулар, майлар.............

Ауадағы газдар мөлшерінің қалыпты болуына қандай газ әсер етеді......
3-деңгей
Сәйкес келе ме?




өсімдіктер

Ерекшелігі




Итмұрын

индикатор




Саңырауқұлақ

Шипалық манызы бар




қына

Селбестікте өсетін өсімдік




балдыр

Құрамынан иод,спирт алатын ағза



Тақырыбы: Мәдени және жабайы өсімдіктер.
1-деңгей
1. Мәдени өсімдіктер дегеніміз не?

2. Жабайы өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады.

3. Біржылдық және екі жылдық өсімдіктерді ата

4. Көпжылдық өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

5. Дәрілік өсімдіктердің мәні неде?
2-деңгей
1. Мына кестені толтыр.

Май өндірілетін түрлері

Көкеністік түрлері

Дәрілік түрлері

Сәндік түрлері














3-деңгей
1. Мәдени өсімдіктер туралы баяндама.
Тақырыбы: Гүлді өсімдіктер.

1-деңгей
1. Жер бетіндегі гүлді өсімдіктердің саны

2. Өсімдіктердің тіршілігіне әсер ететін факторлар

3. Өсімдіктердің күзгі тіршілігі қандай?

4. Гүлді өсімдіктердің тіршілік факторларын ата

5. Гүлді өсімдіктердің маңызы
2-деңгей
1. Дәлелде, жабық тұқымымен жемісі неден пайда болады?

2. Ашық және жабық тұқымдыларды өсімдіктердің тұқымдарын салыстыр.

3. Өсімдіктердің тіршілік формаларына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

4. Өсімдіктер тірі ағза екенін дәлелде

5. Өсімдік ағзасынан алынатын дәрумендер
3-деңгей


Споралы өсімдіктер

Тұқымды өсімдіктер

ұқсастығы




























Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік жаңдайлары өсімдіктердің тіршілік әрекеттеріне әсер ететін негізгі экологиялық факторлар
1-Деңгей
Өсіммдіктің тіршілік жағдайларына нелер жатады?

Өсімдіктердің тіршілік әрекетіне әсер ететін экологиялық факторларды ата ?

Өсімдіктердің тіршілік әрекетін жақсарту үшін қандай шаралар жүргізу керек?

Елді мекендерде егістіктің айналасын неліктен көгалдандырады?

Өсімдіктердің таралу жолдарын ата?
2-Деңгей
Тіршілік орталарына байланысты өсімдіктер қалай таралған?

Өсімдіктердің күзгі тіршілігі қандай табиғи жағдайға байланысты өзгереді?

Күзгі құбылыстың өсімдіктің тіршілігіне әсері қандай?

Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы?
3-Деңгей
Өсімдіктердің тіршілік әрекетінің экологиялық факторларына әсер ететін эссе жаз?
Тақырыбы:Ұлғайтқыш құрадарл.Ұлғайтқыш құралдарды қолдану ережелері.

1-деңгей
1. Ұлғайтқыш құралдардың түрлерің ата

2. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану ережелері

3. Микраскоптың құрлысын талда

4. Микраскопқа қажетті жабдықтарды ата

5. Микроскопты ашқан кім?
2-деңгей
1. Микраскоптың негізгі бөлктерін ата

2. Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады

3. Окульяр мен обьективтің құрлысың, айырмашылығын көрсет

4. Тұтқалы ұлғайтқыш әйнек затты неше есе үлкейтеді

3-деңгей
1.Ұлғайтқыш құралдары туралы хабарлама дайында.
Тақырыбы: Өсімдік жасушасының құрылысы.

1-деңгей
1. Жасуша деген не?

2. Пішіндеріне қарай жасушаның түрлерін ата

3. Жасуша бөліктерің ата

4. Саңылау дегеніміз не,оның қызметі қандай?

5. Қабыөша неден тұрады?

2-деңгей
1. Цитоплазманың қызметі.

2. Ядро жасушаңа не үшін қажет?

3. Вокуольдың атқаратын қызметі

4. Жасуша қабықшасының қасиетің талда

3-деңгей


Жасушаның құрылысы

Атқаратын қызметі

Цитоплазма




Ядро




Вакуоль




Қабықша




Пластидтер




Тақырыбы: Жасушалардың тіршілік әрекеті
1-деңгей
1. Жасушалардың тіршілік әрекеттері дегеніміз не?

2. Жасушаның өсуі мен бөлінуі қалай іске асады?

3. Жасушаның тыныс алуы

4.Жасушаның қоректенуі

5. Жасушаның тіршілік әрекеттерінің сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі деген не?
2-деңгей
1. Жасушаның тыныс алуын анықта

2. Жасушаның тіршілік әрекеттерінің сыртқы орта жағдайларына байланысты екенін дәлелде

3. Өсімдіктердің тыныс алуын жақсарту үшін қандай шаралар жүргізу қажет екеін анықта

4. Қандай жағдайлар тыныс алуға әсерін тигізеді?

5.Тыныс алу жылдамдығын дәлелде
3-деңгей
1. Жасушаның тіршілік әрекетіне кері әсер ететін факторларды мысалмен дәлелдеп түсіндір.

2. Жасушаның тіршілік жағдайын сызбанұсқаға түсір.

3. Жасушаның негізгі тіршілік әрекетіне қысқаша сипаттама бер.
Тақырырыбы: Тұқым

1-деңгей
1. Тұқым неден дамиды?

2. Қос жарнақты тұқымның құрылысын талдап беріңдер.

3. Дара жарнақты тұқымның құрылысы қандай?

4. Бидай тұқымының құрылысы.

5. Ұрықтан өсімдік дамитының қалай түсінесің?

2-деңгей
1. Дара жарнақты және қос жарнақты тұқымдардың құрлысын салыстыр

2. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы қандай қызмет атқарады?

3. Гүлді өсімдіктерді класына қарай жікте

4. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы қандай қызмет атқарады?

3-деңгей
1. Қосжарнақты тұқымның құрлысындағы ерекшеліктерін сипатта.

2. Ұрық қажетті заттарды тұқымның қай бөлігінен алады?

3. Эндоспермнің қызметі қандай?
Тақырыбы: Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары.Тұқым ішіндегі өсімдік ұрығы. Тұқымдардың алуантүрлілігі. Тұқымдардың өнуі
1-деңгей
1. Тұқымның органикалық, бейорганикалық заттарын сызбаға түсір

2. Тұқым ішіндегі ұрық дегеніміз не?

3. Тұқымдардың түрлерін ата

4. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар

5.Тұқымдардың таралу жолдары қандай?
2-деңгей
1. Тұқым өнуі үшін қоректік заттарды қайдан және қалай алады деп ойлайсыз?

2. Тәжірибедегі тұтінші ыдыстағы тұқымдардың өнбеу себептерін түсіндір

3. Су тұқымның өнуіне не үшін қажет?

4. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды көрсетіңіз

3-деңгей
1. Суреттегі өсімдіктердің тұқымдарының әрқайсысы қандай жолмен таралатынын түсіндір

2. Тұқымның өнуіне неліктен ауа қажет?

3. Өсімдіктердің тұқымын кеппе шөптерден анықта

Тақырыбы: Тамыр – өсімдіктің вегетативті мүшесі. Тамырдың сыртқы жұәне ішкі құрлысы.
1-деңгей
1. Мүше дегеніміз не?

2. Қандай мүшелер болады?

3. Тамыр типтерін ата.

4. Вегетативті мүшелерді атаңдар.

5. Вегетативті мүшелер өсімдікке неүшін қажет?
2-деңгей
1. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді, олар қайдан пайда болады?

2. Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды, олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады?

3. Жанама тамырлардың қызметін көрсет.

4. Қосалқы тамырлардың қызметін сипатта.
3-деңгей
1. Тамыр қайдан пайда болады?

2. Негізгі тамырдан қандай тамырлар пайда болады, оның қызметі қандай?

3. Тамыр жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер, анықтамасын айтыңдар.
Тақырыбы: Тамыр аймақтары, бөлінуі, өсу, сору өткізу. Тамырдың тіршілік әрекеті.
1-деңгей
1. Тамыр бөлімдерін ретімен ата.

2. Тамыр түктері бар аймақты неліктен сору аймағы деп атайды?

3. Тамыр оймақшасының қызметі қандай?

4.Өткізу бөлімінің құрылысын, қызметін ата.

5.Тамыр оймақшасының тамыр бөліміне кірмейтінін 10а-суретте жеке берілген тамыр оймақшасын түсіндір.
2-деңгей
1. Тамырдың ұшынан өсетінін тәжірибе арқылы түсіндір.

2. Бөліну аймағында неше қабат болады?

3. Әр қабаттың ерекшелігін түсіндіріп қай үлпаға жататынын көрсетіңдер.

4.Жас жасушалар бөлінбейтін аймақты ата, себебін түсіндір.
3-деңгей
1. Тамыр бөлімдерінің орналасуын сызбанұсқа арқылы көрсетіңдер.

2. Жанама тамырлар қай тамырдан дамиды?

3. Мына кестені толтырыңдар.


Тамырдың бөлімдері

Атқаратын қызметі








Тақырыбы: Тамыр жүйесінің типтері: кіндік және шашақ тамырлар. Атқаратын қызметіне қарай тамырдың түрөзгерістері.
1-деңгей
1. Тамыр жүйесіне қарай нешеге бөлінеді?

2. Қандай өсімдіктерде кіндік жіне шашақ тамыр болады?

3. Қоректік заттарды қорға жинайтын тамырларды атаңдар.

4.Түрөзгеріс деген не, және оның қандай маңызы бар?

5.Түрін өзгертетін тамырдың түрлерін атаңдар, өсімдік тіршілігінде қандай маңызы бар?
2-деңгей
1. Тамыр түрөзгерісі дегенді қалай түсінесіңдер, анықтамасын айтыңдар..

2. Шашақ тамыр жүйесі деп неліктен аталған, шашақ тамырлы өсімдіктер мен кіндік тамырлы өсімдіктерге мысал келтіріп, кесте толтырыңдар:

3. Түйнек тамырдың жемтамырдан айырмашылығы қандай?.

4.Емізік тамырдың нағыз тамырдан айырмашылығы неде, дәлелде.
3-деңгей
1. Тіреу тамырлар мен ауа тамырлары өсімдікке не үшін қажет?

2. Жемтамыр қандай өсімдіктерде болады?

3. Кіндік тамыр мен шашақ тамыр жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар.

Тақырыбы: Өсімдік өркендерінің құрлысы мен маңызы. Бүршік өсімдіктің ұрықтық өркені. Бүршіктен өркеннің дамуы.
1-деңгей
1. Бүршің неліктен бастапқы өркен деп аталады?

2. Өркеннің негізгі орталық бөлігі.

3. Бүршіктер орналасуына қарай қалай бөлінеді?

4.Буын, буынаралықты қалай түсінесіңдер?

5.Қосалқы бүршіктердің ерекшеліктерін атаңдар.
2-деңгей
1. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде?

2. Өсу бүршігі мен гүл бүршігін салыстырып, қандай айырмашылықтары бар екенін анықтаңдар?

3. Өркеннің буыны мен буынаралығын сипаттаңдар.

4.Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды?
3-деңгей
1. Бүршікте қандай өзгерістер болатынын бақылаңдар.
Тақырыбы: Жапырақ өркеннің бүйірлік мүшесі. Жапырақтың құрылысы. Фотосинтез. Газалмасу. Жапырақтың түрөзгерістері.
1-деңгей
1. Жапырақ өсімдіктің қандай мүшесі?

2. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай?

3. Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?

4.Бөбешік жапырақша деген не?

5.Қынапты жапырақты ата.
2-деңгей
1. Жапырақтардың сабаққа орналасуының түрлерін талдаңдар?

2. Жапырақтың сыртқы құрылысы неден тұрады?

3. Жүйкеленудің түрлері және атқаратын қызметін сипатта.

4.Фотосинтез қандай құбылыс?
3-деңгей
1. Жай жапырақ пен күрделі жапырақты ажыратып, мысал келтір.

2. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы?

3. Жапырақшалардың сабаққа орналасуының түрлерін талдаңдар.
Тақырыбы: Сабақ.
1-деңгей
1. Сабақтың ішкі құрылысы неше қабаттан тұрады?

2. Сабақтың неше түрлері бар?

3. Қабықтың құрылысы неден тұрады?

4. Сабақ қандай қызмет атқарады?

5.Өзектің атқаратын қызметі.
2-деңгей
1. Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар?

2. Жасмықша қай қабатта орналасқан?

3. Қабық бөлімдерін атқаратын қызметін талдаңдар.

4.Ағаш діңінің сүрек қабаты басқа қабатына қарағанда қалың болу себебі неліктен?
3-деңгей
1. Жылдық шеңбер қалай түзіледі?

2. Биология кабинетінде өсіп тұрған бөлме өсімдіктерінің сабақ түрлерін ажыратып, өсімдік түрлерін жақыздар.

3. Сабақтың жапырақ өсетін жуанжері қалай аталады?

Тақырыбы: Өркеннің көптүрлілігі және өркеннің түрөзгерістері.
1-деңгей
1. Жер асты өркендерге не жатады?

2. Тамырсабақ дегеніміз не?

3. Түйнек дегеніміз не?

4. Пиязшық деп нені айтады?

5. Қысқарған сабақ деген не?
2-деңгей
1. Түйнектік құрылысын талдап, өркен екндігіне кз жеткізіңдер.

2. Картоптың түйнегі мен жуаның пиязшығын жеміс деп атауға бола ма? Дәлелде.

3. Қандай пиязшықты, тамырсабақты, түйнекті өсімдіктерді білесіңдер?

4. Түйнек пен тамырдың айырмашылығын сипатта.
3-деңгей
1. Пиязды тек түбіртегі батып тұратындай етіп ыдыстағы суға салып, тамырлары мен бүршіктері қанша күнде дамып шығатынын ділелде.
Тақырыбы: Қыс кезіндегі өсімдік өркендері.
1-деңгей
1. Қыс кезінде өсімдік өркендерінің жағдайы қандай?

2. Қысқарған, ұзарған өркен дегеніміз не?

3. Бұйыққан бүршік дегеніміз не?

4. Ашық бүршіктердің сыртын не жауып тұрады?

5. Өркен қабыршақтары неден қорғайды?
2-деңгей
Биологиялық диктант.

Бұйыққан бүршіктер............баяу өседі.

Бұйыққан бүршіктер.......... қандай бұталармен шөптесін өсімдіктерде болады.

Бүршіктердің өсуі байаулағанда ...........өсе бастайды.
3-деңгей
1. Ағаштың бес, он сантиметр бүршігін суға салып, бүршікте қандай өзгеріс болатынын бақылаңдар. Суға салған күннен бастап бүршік жарғанға дейңнгі аралығын бақылап, жаз.
Тақырыбы: Гүл, оның құрлысы мен маңызы. Гүл бөлімдері.Гүл шоғырлары. Биологиялық маңызы.
1-деңгей
1. Гүл дегеніміз не?

2. Көбею мүшелеріне не жатады?

3. Гүлден не дамиды?

4. Гүлдің құрылысы неден тұрады?

5. аталық пен аналықты салыстыр.
2-деңгей
Керекті сөздерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтыр:

1. Қос гүлсерікті гүлде ... мен .... болады.

2. Гүлдің тостағаншасы ... , күлтесі пайда болады ...

3. Гүлдің негізгі бөлімдері бұлар ... аналық.

4. Аталық ... және ... аналлық .... тұрады.
3-деңгей
1. Гүлдердің күлтежапырақшаларынан жасалатын парфюм түрлерінің алынуы туралы хабарлама жаса.

Тақырыбы: Өсімдіктердің гүлденуі және тозаңдануы.
1-деңгей
1. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдерін ата.

2. Тозаңдану деген не?

3. Жәндіктер гүлге неге қонады?

4. Айқас тозаңдану деген не?

5. Тозаңданудың неше түрі бар?
2-деңгей
1. Жынысты көбеюге гүлдің қандай бөлімдері қатысады?

2. Жеміс пен тұқым қалай түзіледі?

3. Шірне қай жерде алынады?

4. Тропикте өсетін өсімдіктерді қандай жәндіктер тозаңдандырады?
3-деңгей
1. Өсімдіктер жел арқылы тозаңдануға қалай бейімделген?

2. Бунақденелермен және желмен айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстырыңдар.
Тақырыбы: Жемістің түзілуі. Жемістің түрлері. Біртұқымды, көптұқымды жемістер.
1-деңгей
1. Жемістер неше топқа бөлінеді?

2. Жидек жемісті өсімдіктерге сипаттама бер.

3. Жеміс гүлдің қай бөлімінен пайда болады?

4. Біртұқымды өсімдіктер және көптұқымды өсімдіктер деп неге бөлген?

5. Өздерің көріп жүрген жемістерді қандай топқа жатқызар едіңдер?
2-деңгей
1. Тұқым неден дамиды?

2. Қос және дара жарнақты тұқымдардың құрылысын анықта.

3. Эндоспермнің атқаратын қызметі.

4. Ұрық жетті қоректі тұқымның қай бөлімінен алады?
3-деңгей
1. Тұқым кіндігінің маңызын сипатта.

2. Ұрықтан өсімдіктің дамитынын схема арқылы дәлелде.

3. Тұқым арқылы көбейетін өсімдіктер.
Тақырыбы: Өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта.
1-деңгей
1. Қоршаған ортаға өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

2. Өсімдік мүшелерінің өзара байланысының бар екеніне мысалдар келтір.

3. Қоршаған ортаны қорғау не үшін қажет?

4. Өсімдік мүшелері қандай басты қызмет атқарады?

5. Табиғатты қорғау жолдары қандай?
2-деңгей
1. Өсімдікке қажетті қандай тыңайтқышты білесіңдер?

2. Қорғауға алынған қандай өсімдіктер бар?

3. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?

4. Өсімдікке қажетті нәрлі заттарды өсімдік қайдан алады?
3-деңгей
1. Көгалдандырудың маңызы.

2. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер туралы ақпараттық хабарлама жаса.

Тақырыбы: Органикалық және минералдық тыңайтқыштар
1- деңгей

1. Өсімдік жақсы өсу үшін топырақта қандай тыңайтқыштар болуы керек?

2. Азот жетпегенде өсімдікте қандай өзгеріс болады?

3. Органикалық тыңайтқыштар түріне қандай тыңайтқыштар жатады?

4. Өсімдіктер қоректік заттарды қай кезде пайдаланады?

5. Тыңайтқыш неше топқа бөлінеді
2- деңгей
1. Тыңайтқыштарды қай мезгілде шашуға болады?

2. Неге топырақ арқылы қоректену дейді?

3. Топырақта қандай элементтер өсімдікке қажет?

4. Тыңайтқышты қандай күйде беру қолайлы?
3- деңгей

1. Құс саңғырығын суға езіп бөлме өсімдіктеріне үстеме қорек берудің маңызы.

2. Органикалық, минералды тыңайтқыштардың түрлерін сызбанұсқа арқылы көрсет.

Тақырыбы: Фотосинтез
1-Деңгей
Фотосинтез дегеніміз не?

Тимирязевтің еңбегі қандай?

Жапыраққа күн сәулесі түскенде қандай құбылыс болады?

Фотосинтез кезінде қандай газ бөлінеді?

Өсімдікті қараңғы жерге неге қоюға болмайды?
2-Деңгей
Қандай өсімдіктерде фотосинтез жүрмейді?

Фотосинтез кезінде қандай зат бірінші түзіледі, содан соң қандай затқа өзгереді?

Жасыл өсімдік оттегін қай кезде көп мөлшерде бөледі?

Фотосинтез кезінде хлорофильдің ролі?
3-Деңгей
Фотосинтез кезінде оттегі бөлінетінін дәлелдейтін тәжірибені басқаша тағы қандай жолдармен өзгертуге болады?
Тақырыбы: Өсімдіктің тыныс алуы.
1 деңгей


  1. Өсімдіктердің тыныс алуы дегеніміз не?

  2. Өсімдіктен бөлінетін энергия қайда жұмсалады?

  3. Қандай жағдайлар тыныс алуға әсерін тигізеді?

  4. Қыста картоп түйнектерінің тыныс алуы неге баяулайды?

  5. Өсімдікте тыныс алу жылдамдығы қай кезде артады?


2 деңгей


  1. Фотосинтезбен тыныс алуды неге бір-біріне қарама-қарсы процесс дейміз?

  2. Тыныс алуға жарықтың әсері қандай?

  3. Өсімдіктің тыныс алуы қай кезде бәсеңдейді?

  4. Өсімдіктің тыныс алуына тағы қандай жағдайлар әсер етеді?


3 деңгей


  1. Өсімдіктердің жарық және қараңғы жерде тыныс алуына тәжірибе жасау арқылы дәлелде.



Тақырыбы: Жынысты жыныссыз көбею.
1 деңгей


  1. Өсімдіктер қандай жолдармен көбейеді?

  2. Вегетативті және генеративті көбею дегеніміз не?

  3. Гүл дегеніміз не?

  4. Гүлде не дамиды?

  5. Қос және дара жынысты көбею дегеніміз не?


2 деңгей


  1. Жыныссыз гүлдерде не дамымайды?

  2. Неше үйлі гүлдер болып бөлінеді?

  3. Тозаңдану мен ұрықтанудың айырмашылығы қандай?

  4. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері, олардың құрылысын ата?


3 деңгей


  1. Мектепте гүл құмырасына қалемшеден өсірген өсімдікті отырғызып, бақылап, қорытынды шығар.



Тақырыбы: Өсімдіктердің өсуі дамуы, қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі, өркен мен тамырдың өсуге бағытталуы. Өсімдіктердің тіршілік ұзақтығы.
1 деңгей


  1. Өсімді мүшелерге не жатады?

  2. Тамырлар жыл мезгілдеріне қарай қалай өседі?

  3. Тамыр қарқынды өскенде нені жақсы пайдаланады?

  4. Өркеннің түрлерін ата?

  5. Қазіргі кездегі қоршаған ортажағдайлары қандай?


2 деңгей


  1. Өсімдіктердің жақсы өсуі қандай тіршілік жағдайларына байланысты?

  2. Бүршіктер өркенге қандай тәртіппен орналасқан?

  3. Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталынады?

  4. Гүл бүршігі қандай өркенге орналасқан?


3 деңгей


  1. Өсімдіктердің тіршілік ұзақтығына хабарлама әзірлеу.


Тақырыбы: Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері.
1 деңгей


  1. Өсімдіктерге тән ортақ белгілерді ата?

  2. Өсімдіктерді жіктеу дегеніміз не?

  3. Түр дегеніміз не?

  4. Өсімдіктерді қалай жүйелеуге болады?

  5. Жүйелеудің жоғарғы сатысы не?


2 деңгей


  1. Жүйенің кіші бірлігі не?

  2. Түрді анықтаудың қандай жағдайлары бар?

  3. Өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілірді білесің?

  4. Түрді анықтауда қандай жағдайлар әсер етеді?


3 деңгей
Төңіректе өсетін өсімдіктерді жүйелеу системасын құрастыр.

Тақырыбы: Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы.
1 деңгей


  1. Балдырлар қайда тіршілік етеді?

  2. Таллом дегеніміз не?

  3. Хромотофор дегеніміз не?

  4. Балдырларды неге бір және көпжасушалы балдырлар деп бөлген?

  5. Балдырлар қалай көбейеді?


2 деңгей


  1. Спирогира, улотрикс не себепті көпжасушалы балдырларға жатады?

  2. Табиғаттағы, шарауашылықтағы маңызы қандай?

  3. Қандай теңіз балдырларын білесің?

  4. Шаруашылықтағы маңызы қандай?


3 деңгей


  1. Балдырлардан қалай қағаз алуға болады екен, соның технологиясын зертте, анықта, қорытындысын шығар.


Тақырыбы: Тұщы су, теңіз балдырларының көптүрлілігі табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы.
1 деңгей


  1. Қоңыр балдырлар қайда кездеседі?

  2. Балдырларжынысты көбейгенде гаметалардың қосылуынан не пайда болады?

  3. Бадырлардың қандай маңызы бар?

  4. Балдырлардың тамырын не деп атайды?

  5. Табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы қандай?


2 деңгей


  1. Қызыл балдырларда қандай пигменттер болады?

  2. Қоңыр балдырлардың құрамында қандай заттар бар?

  3. Қағаз өндірісінде пайдалынылатын қандай балдыр?

  4. Балдырлар қандай жолдармен көбейеді?


3 деңгей


  1. Тағамға пайдалынылатын балдырлардың адам ағзасына қажетті қандай заттар бар екенін анықта.


Каталог: uploads -> doc -> 1179
1179 -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
1179 -> Сабақ №57 Химия Күні: Тақырыбы: Белоктардың құрылымы, жіктелуі Оқу мақсаты
1179 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Допты кеудеден, иықтан, бастан асыра беру әдістерін үйрету
1179 -> Сабақтың тақырыбы: Желілілер типі Сілтеме
1179 -> Батыс Қазақстан облысының апатты аймақтары. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет