Инволюциялық орталық хориоретинальды дистрофияның емдеуінде фезам және танаканды қолдану



Дата04.06.2017
өлшемі22.33 Kb.
УДК 617.735-002-007.17-08:615.03

Инволюциялық орталық хориоретинальды дистрофияның емдеуінде фезам және танаканды қолдану
Б.Б. Танабаева
Талдықорған қалалық емханасы

Кілт сөздер: хориоретинальды дистрофия, емдеу.

Дәрі- дәрмекпен емдеу алгоритмі – танакан, фезам.



Кіріспе: соңғы кездері тор қабықтың дистрофиялық аурулары соқырлық пен нашар көрушіліктің басты себептерінің бірі болып отыр. (С.Ф.Шершевская, 1985, Л.А. Кацнельсон 1990, В.С. Лысенко, Т.В. Михеева 1999).

Макула зақымданудың ең көп кездесетін түрі орталық хориоретинальды дистрофиясы (ОХРД) болып табылады. 60 жастан асқан адамдардың көбінде ОХРД кездеседі. (Bessiere E 1969, Newsome D.A. 1988).



Жұмыс мақсаты: ОХРД кезіндегі емдеуге қолданылатын фезам және танакан дәрі дәрмектерінің нәтижесін зерттеу. Біздің бақылауымызда ОХРД мен ауырған 50-70 жас аралығындағы 40 науқас болды.

Барлық науқастарға визометрия, офтальмоскопия, периметрия, орталық көру кеңістігін тексеру жасалынды. Көру жітілігі орта есеппен 0,6-0,7, Көру кеңістігін тексергенде 10 градусқа дейін орталық скотомалар байқалды. Көз түбінде макулада ұсақ, жұмсақ және қатты друздар, пигменттің көбеюі байқалды.

Комплексті емдеуінде макуланың негізгі пигментін қамтыған дәрі дәрмектер, өткізгіштікті жақсартатын В топтағы дәрумендер топтамасы және фезам немесе танаканның біреуі ұсынылып отырды.

Зерттеу әдістері және материалдар: Фезам – құрамында пирацетам және циннаризин бар, ноотропты әсерлі, қан тамырларды кеңейтетін дәрі.

Танакан – өсімдіктен жасалған, антиагрегантты, көк тамырды кеңейтеді, нейропротекторлы әсерлі.

Зерттеу тобында қалыпты қан қысымы және артериялдық гипертония немесе вегетотамырлы дистония бар 30 адам кірген. Оларға фезамды 2 капсуладан күніне 3 рет ішу ұсынылды. Фезамды 2-3 күн қолданғаннан кейін біреуінде бас ауруының күшеюі, әлсіздену белгілері байқалды. Және қан қысымын 10-20 мм сын.бағ төмендеткенін байқауға болады. Ал қан қысымы қалыпты 10 адамды 2-ші топқа алып, танаканды 1таблеткадан 3 реттен бір ай ішу ұсынылды.

Қорытынды: 1 айдан соң бағаланды. Курстық емдеу алғандардың көбісінде көру жітілігі жоғарлағаны байқалды. Көз түбінде артерия кеңейіп, артерияға венаның қатынасы қалпына келді. Көру кеңістігінде салыстырмалы скотома жоғалды. Осылай ОХРД-ның бастапқы сатысында жүргізілген комплексті емдеу нәтижесінде көру жітілігі және тор қабық жағдайы жақсаратынын байқауға болады. Қан қысымы жоғары науқастарға фезамды, ал қалыпты қан қысымды науқастарға танаканды ұсынуға болатынын білдік.

Тұжырым

Инволюциялық орталық хориоретинальды дистрофияның емдеуінде фезам және танаканды қолдану


Б.Б. Танабаева

Бұл мақала инволюциялық орталық хориоретинальды дистрофияның емдеуінде фезам немесе танаканды қолданудың әсерін көрсетуге арналған.



Резюме
В данной статье приводятся данные по использованию воздействий фезама и танакана при хориоретинальной дистрофии в инволюционной среде.

Summary
This article presents data on the use and effects of phezam and tanakan treatment with chorioretinal dystrophy in involutional environment.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет