Интернет және оның қамтылуы
Қай кітапқа көз жүгіртіп қарасақ та 20 ғасыр алтын дәуір деген сөздерді көрмеу мүмкін емес. Өйткені бұл ақын-жазушылар ғасыры бола тұра, нағыз керемет заңдардың, технологияның ашылулар кезеңі қызметін де атқарады. Оның бірден бір дәлелі өзімізге белгілі 1957 жылы дүниеге келген «интернет». Бұл ғажайып идея бүкіләлемдік желі ретінде танылады, яғни ол қазіргі таңдағы компьютерлік серверлерді байланыстыра отырып, ақпаратты енгізіп қабылдауға мүмкіндік береді. Әрине интернет спутник арқылы іске қосылу үшін алдымен арнайы порттарды қондыру қажет. Бірақ қазіргі таңның өзінде ол Жер планетамыздың барлық региондарда қамтылмаған.Неліктен? Бүл сұраққа жауапты бірнеше топқа бөліп қарастырайық.
Ең алғашқысы, бұл – әлеуметтік жағдай: Өзімізге белгілі Жер шарында 7млрд халық қоныстанған , оның әрқайсысы әр түрлі жаста, әр түрлі сауаты бар, әр түрлі отбасыда туылған, әрі әр түрлі социалды статустары бар, яғни көп жағдайда интернетті қондыру адам қаражатына , кей жағдайда адам жасына да байланысты. Мысалы, Маслоу пирамидасы ертеде құрылғанымен, бүгінде сақталып келе жатыр. Оңың пайымдауы бойынша ең бірінші орында физиологиялық қажеттілік, яғни қай адам болсын алдымен өзін тағаммен қамтамасыз етеді. Сондықтан, аз қамтылған кедей мемлекет үшін ғаламторды қондырудағы маңыздылық нешінші орында екені белгісіз.
Оған дәлел ретінде Африканың Эфиопия, Мозамбик, Ангола, Конго, Чад сияқты мемлекеттерде 2012 жылғы статистика бойынша ашыққандар саны 35-50% пайызды құрады. Демек, ол аймақтарда интернет мүлде дамымамаған. Екінші себеп ретінде, географиялық және тарихи жағдайды бірлестіре отырып қарастырайық. Барлығына белгілі дүниежүзіндегі мемлекеттер дамыған және дамушы боп екіге бөлінеді. Көбіне дамыған мемлекеттер яғни АҚШ, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия сияқтылары ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін бастаушылары, әрі жалғастырушылары. Мысалы, әйгілі интернеттің өзін АҚШ алғаш рет жарық көзіне шығарды, ал Солтүстік Америка болса тез қабылдушылығы бойынша 78,6%-ды құрап отыр. Демек, интернеттің таралуы мемлекет статусымен байланысты, ал мемлекет статусына оның географиялық жағдайы тікелей әсер етеді . Егер орналасқан аймақ таулы жерде шоғырланса, желі дұрыс қондырылмайды. Алысқа бармай, Қазақстанға тоқталсақ , елімізде ғаламтор алғаш рет 1998 жылы ашылды. 14 жыл ішінде оны қолданушылар саны біраз өсті, бірақ дүниежүзімен салыстырғанда бұл көрсеткіш өте аз болып санылады. Оның ең негізгі себебі , Қазақстанның тарихи жағдайы. 1922-1991 жылдар аралығында Республика КСРО құрамына кіре отырып , артық жағдай жасай алмайды. Сондықтан, 2млн. 724мың км2 жерді құрап жатқанымен халық саны азайды. Нәтижесінде, болашақ экономикасына кедергі келтірді. Сөйтіп келе интернет еліміздің жазық жерлерімен қоса, тіпті қарапайым миллионер атанған қалалардың өзін дұрыс қамти алмады. Тағы бір айта кететін жай, яғни үшінші себеп ретінде халық санын келтіруге болады. 
Мысалы, Азия берілген статистикада интернет таралуы бойынша бірінші орында тұр. Талқыламас бұрын, алдымен онда орналасқан халық санына назар аударайық, яғни тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ популяция мен тығыздылық жоғары дамыған Қытай менен Үндістан осы Азия аймақтарына кіріп отыр. Демек, интернет дамуының өзі бұл тұрғын санымен тікелей байланысты. Келесі соңғы себеп ретінде әйел мен еркек арасындағы айырмашылықты қарастырып кетуге болады. Мысалы,Сауд Арабиясында әйел теңсіздігі қатты орнағандықтан, әйел адамға, қыз балаға ғаламтор арқылы тума-туысынан басқаларымен қарым-қатынас жүргізуге, тіпті оны қолдануға тыйым салынған. Сондықтан, ол түбекте интернет дұрыс қондырылмаған.
Қорытындылайтын болсақ, интернеттің маңыздылығы күннен күнге артып отыр,бірақ оған қарамастан адамның өз қажеттіліктері де аз емес. Өйткені, желі, тек қана компьютер, ал компьтер ешқашанда өмір бола алмайды. Сондықтан, «болашақта технология адамды басып алып, нағыз өмір құрып кетуінен үлкен қорқынышым бар» , деп ұлы Альберт Эйнштейн айтқандай, шынымен де, дұрыс тұрмысымызды сақтап, барлығын өз балансымен қолдана білейік, достар!
Назарова Алтынай 11 «В»
БИбЛИОГРАФИЯ
http://nisaktobegp.weebly.com/
http://ru.wikipedia.org/wiki/интернет-
http://14496.kz.all.biz/
http://ru.wikipedia.org/wiki/Развитые-страны
http://megaline.kz/ru/help/internet-statii/internet-almaty-kazakhstan/
Достарыңызбен бөлісу: |