Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту»



Дата12.04.2018
өлшемі115.5 Kb.
#68752
түріИнструкция


КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК



Аудирование

Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту».

1. Қазақ халқы малды қалай қадірлегенін табыңыз

A) Байлық деп

B) Төрт түлік деп

C) Жеті қазына деп

D) Молшылық деп

E) Ырыс деп


2. Қонаққа ас-су тарту дәстүрінің қалай аталатындығын белгілеңіз

A) Қымыз.

B) Қазы-қарта.

C) Қонақасы.

D) Сарқыт.

E) Соғым.



3. Малға байланысты ырым.

A) Аққуды атпа.

B) Тізеңді құшақтама.

C) Малды басқа теппе.

D) Түнде айнаға қарама.

E) Жағыңды таянба.



4. Мәтін бойынша қазақ халқының сақталған берік әдеті.

A) Елжандылығы.

B) Ұлтжандылығы.

C) Көшпенділігі.

D) Өнерлілігі.

E) Қонақжайлылығы.



5. Мәтіндегі тақырыпқа байланысты айтылған мақал-мәтел.

A) Сыйға - сый, сыраға - бал.

B) Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

C) Демі бардың емі бар.

D) Басы аманның малы түгел.

E) Жаманнан жарты аяқ ас қалады.



Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту».

6. Наурыз мерекесіне сәйкес келмейтін нұсқа.

A) Соғым сойылады.

B) Ақ көбейеді.

C) Наурыз көже пісіріледі.

D) Мал төлдейді.

E) Көк шығады.


7. Наурыз көже пісірудегі сенім.

A) «Дәм-тұзымыз араласқан тату болайық»

B) "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!"

C) "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!"

D) «Ырыс толсын, жауын-шашын көп болсын»

E) «Ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман қылсын»



8. 22 наурыздың ерекшелігі

A) Түн қысқарады.

B) Күн қысқарады.

C) Күн ұзарады.

D) Түн ұзарады.

E) Күн мен түн теңеледі.



9. Наурызда жауған қар

A) «Тап-таза қар»

B) «Ақша қар»

C) «Мінсіз қар»

D) «Аппақ қар»

E) «Кіршіксіз қар»



10. Наурыз сөзінің мағынасы.

A) Жаңа жыл.

B) Ескі жыл.

C) Жарапазан.

D) Жаңа күн.

E) Ескі күн.











Лексико-грамматический блок

Инструкция: «Вам предлагаются задания с одним правильным ответом из пяти предложенных».

1. Синонимдік қатарды анықтаңыз.

A) Есептеу – ескерту.

B) Ертеден – ежелден.

C) Керекті – қажетсіз.

D) Құрал – құрылым.

E) Міндет – меңгеру.


2. «Жәрдем» сөзінің синонимін табыңыз.

A) Оқымысты.

B) Қадірлі.

C) Атақ.

D) Арнау.

E) Көмек.



3. Көп нүктенің орнына үнді дауыссыз дыбыстан басталып жалғанатын қосымшаларды белгілеңіз.

Ән адам... ой-сезімі... білдіреді.

A) –мен, -нен.

B) –ға, -ін.

C) –ның, -дерін.

D) –дың, -ң.

E) –ның, -н.



4. Жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөзді белгілеңіз.

A) Бөлме.

B) Атырау.

C) Ақпарат.

D) Қарағанды.

E) Орындық.



5. Түбір сөзді белгілеңіз.

A) тамыр


B) жұмысшы

C) күндік

D) мінезсіз

E) қыркүйек



6. Екі түбірден біріккен жалпы есімді анықтаңыз.

A) Көкшетау.

B) Мұражай.

C) Ақтау.

D) Екібастұз.

E) Ақтөбе.



7. «Әйтсе де, сөйтсе де» жалғаулықтарының түрін анықтаңыз.

A) Қарсылықты шылау.

B) Ыңғайластық шылау.

C) Күшейткіш шылау.

D) Талғаулықты шылау.

E) Шартты жалғаулық.



8. Синонимдес жалғаулықтарды көрсетіңіз.

A) Бірақ, алайда.

B) Кейін, кейде.

C) Сондықтан, сайын.

D) Дейін, ғана.

E) Бірге, біресе.



9. «Кім?» сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.

A) Әке.

B) Мысық.

C) Ағаш.

D) Ит.

E) Сынып.



10. Анықтауышты сөйлемді табыңыз.

A) Әдебиетшілер бас қосты.

B) Әмина ауылына кетті.

C) Бүгін аспанда алақандай бұлт жоқ.

D) Кітапты қайтару керек.

E) Бүгін семинар басталды.



11. Сөздің тура мағынасын анықтаңыз.

A) Қалың ой.

B) Ащы тіл.

C) Қисық ағаш.

D) Мінезі ауыр.

E) Қисық мінез.



12. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

A) Құрмет.

B) Үлкен.

C) Дәреже.

D) Қарындас.

E) Байлық.



13. Туынды сөзі бар қатарды анықтаңыз.

A) Ас қадірін тоқ білмейді.

B) Ас – адамның арқауы.

C) Той тамағы тәтті.

D) Сыйлап берсе, суын іш.

E) Жаманнан жарты қасық ас қалады.



14. Бұрынғы өткен шақтағы етістікті табыңыз.

A) Бөлді.

B) Аяқтар.

C) Оқыған.

D) Бастамақ.

E) Жүреді.



15. Күшейткіш демеуліктерді анықтаңыз.

A) -ақ, -ау, -ай, -шы.

B) бірақ, сондықтан.

C) ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.

D) -мыс, -міс.

E) түгіл, тұрсын.



16. Дара бастауышты сөйлемді табыңыз.

A) Ер Төстік алтын жұмыртқаны қорғап қалады.

B) Астана қаласы – қазақстандықтардың мақтанышы.

C) Самұрық құс алтын жұмыртқа салады екен.

D) Көк теңіз жағалауында алып бәйтерек өседі екен.

E) Монумент тұғырында Алтын адам тұр.



17. «Да, де, әрі» жалғаулықтары арқылы салалас құрмаластың қай түрі жасалатынын табыңыз.

A) Түсіндірмелі салалас.

B) Қарсылықты салалас құрмалас.

C) Кезектес салалас құрмалас.

D) Себеп-салдар салалас құрмалас.

E) Ыңғайлас салалас құрмалас.



18. Мақал-мәтелдің сәйкес баламасын көрсетіңіз.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

A) Друзей много – шире дорога.

B) Дружба – богатство бесценное.

C) Друзья познаются в беде.

D) Друга хвалить, что себя похвалить.

E) Не имей сто рублей, а имей сто друзей.



19. Септік жалғауындағы сұрау есімдігін табыңыз.

A) Өзім.

B) Сендер.

C) Сіздер.

D) Кімі.

E) Кімнен.



20. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

A) Екеуі сурет салды.

B) Анам жинап жатыр.

C) Тіршілік атаулы оянды.

D) Сусын ішіп отыр.

E) Ауыл орналасып жатыр.







Чтение

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

... Берке қала сыртындағы қамысты көлге барды. Онда асыранды қос аққуы бар, келген сайын күнде таңертең осы құстарды көріп қайту – мұның әдеті. Осы аққу құс – ханның ең бір осал жері. Адамды да, аңды да аяуды білмейтін Алтын Орда ханы асыранды осы қос аққуға үнемі жаны ашып тұрады. Дүниеде ешкімді жаратпаған хан бұл құстарды жанындай жақсы көреді. Қыс түссе, оларды әдейі арналған жылы жерде ұстайды, жаз шыға айдын көлге жіберіп, сыртынан бақылаушы қояды. Бұл аққу құстарды атпақ түгілі, біреу шошытатын, үркітетін болса, ондай адамды хан аямайды.

Ол кезде Берке он бірде еді. Атасы Шыңғыс хан Қытайдың бір қаласын шапқанда, немересі Беркеге осы асыранды екі аққу құсты алып келген. Ол кезде бұлар да жас еді. Балапан еді. Ұлы атасы: «Бұлар киелі құстар, сенің де киең болады, ешкімге тигізбей асыра», – деген.

Содан бері Берке бұл екі құсты асырап келеді. Ата сөзіне сенген, киелі көреді.

Ол бір күні бір құсбегі қарттан сұраған:

– Аққу қанша жасайды?

– Жүз жетпіс, жүз сексен, – деген құсбегі қарт.

– Бүркіт ше?

– Әрі кетсе жетпіс, сексен.

Берке не дерін білмеген.

– Әлді бүркіт неге әлсіз аққудан аз жасайды? – деп сұраған.

– Бүркіт құстың қасқыры ғой, күші жеткенінің етін жейді, жауыздықты сүйеді. Ал аққу гүл шашағымен және қамысты көлдің таза, биязы шөбімен қоректенеді, сұлулықты жақсы көреді. Бүркіт шомылмайды, ал аққу шомыла алмаған күні суды сағынып өле жаздайды.

Қарттың сөзі Беркеге ұнамады. Сөйтсе де ол:

– Аққу неден өледі? – деп сұрады.

Қарт ойлана жауап берген.

– Адамның, құс пен аңның зорлығынан, не қайғыдан.

– Қайдағы қайғы?

– Әлде сен білмейтін бе едің? – деген қарт. – Аққу құс жалғыз өмір сүре алмайды, көлде де жалғыз жүре алмайды. Аққудың осындай асылдығы жайында халықта көптеген өлеңдер, ертегілер, мақал-мәтелдер бар.






1. Мәтіннің тақырыбы.

A) Шыңғыс ханның немересі.

B) Алтын Орда ханы.

C) Қамысты көл.

D) Қарт құсбегі.

E) Киелі аққулар.



2. Неліктен қарттың сөзі Беркеге ұнамады?

A) Бүркіт – жауыздықтың, аққу – сұлулықтың символы болғандықтан.

B) Хан мен бүркіттің мінезінде ұқсастық болғандықтан.

C) Құсбегі сөзі дәлелсіз болғандықтан.

D) Қарттың сөзі қисынсыз болғандықтан.

E) Ханның бүркіт туралы ойы басқа болғандықтан.



3. Аққудың асылдығы туралы пікірді табыңыз.

A) Аққулар жалғыз өмір сүре алмайды.

B) Аққулар жылы жаққа ұшады.

C) Аққу құстар жүз жетпіс, жүз сексен жыл жасайды.

D) Аққулар ән салады.

E) Олар тазалықты, әдемілікті жақсы көреді.



4. «Киелі» сөзінің баламасы.

A) Асыл.

B) Қасиетті.

C) Сұлу.

D) Бақытты.

E) Биязы.



5. Бүркіт пен аққуға қатысты нұсқа.

A) Менмендік, тәкаппарлық.

B) Қатыгездік, адалдық.

C) Қайырымдылық, өжеттік.

D) Сұлулық, мейрімділік.

E) Қарапайымдылық, пәктік.








Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Шоқан бастаған сыныптың балалары өз бөлмелерінде дуылдасып, әңгімелесіп отырған. Кенет тәлімгер офицер кіріп келді. Бұл өзі бір мазасыз адам еді. Балалар тым-тырыс бола қалды. Төсек-орын ұқыпты жинаулы, еденде сынық шөп жоқ, айнала мұнтаздай таза. Офицер Шоқан бастаған сынып балалары жататын бөлмеден ешбір мін таба алмай, шығып кетті. Кенет Анатолий деген бала офицердің соңынан жүгіріп барып, жабулы тұрған есікті жұдырықпен қойып-қойып қалды. Ол жүгіріп келіп орнына отыра бергенде, есік ашылып, офицер қайта кірді.

– Есікті ұрған кім? Кәне, тез айтындар!

Балалар тым-тырыс, тіс жарып еш нәрсе айтпайды. Ешкім мойнына алмады. Ашуға булығып, түтіккен офицер корпустың бастығына келіп рапорт жазып, Шоқанның сыныбын жазалауын өтінді. Келесі күн корпус бастығының өзі келіп, Шоқаннан бастап бәрінен:

– Тәртіпсіздік еткен кім? – деп сұрады. Бірақ ешкім ләм демеді. Корпустың бастығы бұл сыныптың балаларын түгелдей жазалады.

Бірде бастық Шоқанды шақыртып, әдепсіздік істеген баланы айтып бер деп қайта сұрады.

– Мұны істеген мен емес. Ал тентектікті кім істесе, сол өзі айтсын, – деді Шоқан. – Батылы барса, өзі айтсын, жолдастарын мына жазадан құтқарсын, біз қорқаққа куә бола алмаймыз! – деді.

Бөлмеге келген соң, Шоқан балалармен бірге әлгі Анатолийді ортаға алды.

– «Қорқарың бар, қораға кірме» деген біздің қазақта мақал бар, Анатолий, сен жұдырығыңды офицердің сыртынан түйгенше, батыр болсаң, айтарыңды неге көзіне айтпадың? Қорқақ! – деді.

Қысқы демалыс кезінде Анатолийді балалардың ешқайсысы шығарып салмады. Үйіне жалғыз кетті. Сол бетімен ол корпусқа «қорқақ» деген атақтан да қорқып келмей қойды.






6. Мәтінге сәйкес емес ақпарат

A) Корпустың бастығы бұл сыныптың балаларын түгелдей жазалады.

B) Ал қорқарың бар, қолыңа ие болуың керек еді.

C) Шоқанның сыныбын жазалауын өтінді.

D) Ол корпусқа «қорқақ» деген атақтан да қорқып келмей қойды.

E) Тәлімгер офицер Шоқанға ұрысты.



7. «Қорқарың бар, қораға кірме» деген мақалды кім айтты?

A) Тәлімгер офицер.

B) Шоқан.

C) Шоқанның жолдастары.

D) Анатолий.

E) Корпус бастығы.



8. Анатолий қысқы демалыстан кейін неге корпусқа қайтып келмеді?

A) Корпус бастығынан қорықты.

B) Тәлімгер офицерден қорықты.

C) Шоқаннан қорықты.

D) Ол «қорқақ» деген атақтан қорықты.

E) Жолдастарынан қорқып келмей қойды.



9. Мәтіннің идеясы неде?

A) Ал тентектікті кім істесе, сол өзі айтсын.

B) Батыр болсаң, айтарыңды көзіне айт.

C) Тәлімгер офицер мазасыз, жөн-жосықсыз ұрыса береді.

D) Ал қорқарың бар, қолыңа ие болуың керек еді.

E) Корпустың бастығы бұл сыныптың балаларын түгелдей жазалады.



10. Мәтін жастарды неге баулиды?

A) Еңбекқорлыққа.

B) Іскерлікке.

C) Көңілділікке.

D) Батылдыққа.

E) Білімділікке.








Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет