Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі



бет6/8
Дата26.10.2018
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Полкан деген ит

Біз мектепте оқып жүргенімізде ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Поканға бір кішкентай ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады. Сонда мен айттым:

-Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полка сазайыңды берер,-деп.

Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай канденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Артыма қарасам, арт жағымда ұстазымыз келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:

-Көрдің бе, анау Поканның сене гөрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балалармен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың немесе ренжітесің: Полкан, ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, канденге тимей тұр, - дейді.

В деңгейі

Мәтін теру ережелін сақтай отырып, теріңдер.

Ғалым кісі

Бір ғалымнан жаңа дінге кірген адам:

-Тақсыр, мен иманды қалай үйренемін? – деп сұрапты. Ғалым айтыпты:

-Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен, - депті.

Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай дағдарып қалыпты. Сонда ғалым айтыпты:

-Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен жаңбырды – осының бәрін көресің; соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер істер емес; олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір Құдіретті Ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетсең, иманыңның жартысы тамам болғаны ,- депті.

С деңгейі

Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер.

Жақтылықа жақылық – ісі әр кісінің,

Жамьандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.

Жүгірмеее Тіліңмен, біліміңмен жүгір.

Тамырымен мықты Ағаш,

Адамн дос-жарымен мықты.

Аққыл көпке жеткізер

Жеткізер Өнюер көкке.

Бас кеспекқ боллса да, тіл кессспек жоқь.

Біілгенің бірд тоғыз, Білмбегенің тоқсан тоғыз.

ЖЖан қиналмай, жұмыс біьтпес,

Талап қылмай, мұраттқа жетпес

Артында баласы қалсаа, көзі қалды дее,

Арртында сөзі қальса, өзі қалды де.

Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер:

Сәтемір хан

Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая мисая барып, тамның төбесіне шығып кетіпті.

Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай-тағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жасап жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты. Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен деп, ойынын тастап, қалаға барады. Қалада бір білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.

Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен.

  1. Құжатты өз бумаларыңда Сәтемір хан деген атпен сақтаңдар.

  2. Түзету мәзіріндегі Ауыстыру бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі «Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырңдар.

  3. «;» белгісін «.» белгісіне ауыстырыңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.

  4. Өз бумаларыңнан Сәтемір хан файлындағы өзгерістерді сақтаңдар.

В деңгейі

  1. Мақалдар файлын ашыңдар:

Өзін ғана ойлаған – жамандықтыңң белгісі,

Өзгені де өйлаған –

Адамдықтың белгісі. Ағашты жемісінен таниды, Адамды ісінен таныиды.

Өз білмегеніңді кісіден сұра, Оқу - білім бұлақы,

Үлкен болса, кішіден сұра. Білім - өмір шырағы.

Оқусыз білім жок, ьь

Білімсіз күнің жоқ.

  1. Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар.

  2. Мәтінді әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер.

Enter, Backspace, Delete пернелерін қолданыңдар:

  • егер бір жолда екі мақал орналасса, онда курсорды бірінші мақалдың соңына қойып, Enter пернесін басыңдар;

  • егер бір мақал екі жолда орналасса, онда курсорды бірінші жолдың соңына қойып, Delete пернесін басыңдар.

  1. Файлды өз бумаларыңда Мақалдар_1 деген атпен сақтаңдар.

С деңгейі

  1. Сөздер файлын ашыңдар:

Тапсырма Дабыл Бума

Үйдің төбесі Мектеп Бөлме

Қоңырау Программа

  1. Delete, Backspace пернелерін қолданып және алмастыру режимінде (Insert пернесін қосып) символдарды жойып, ауыстырып жаңа сөздер жасаңдар.

  2. Құжатты өз бумаларыңда Сөздер_1 деген атпен сақтаңдар.


Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Мәтіннен атын қисайған және асты сызылған әріппен ерекшелеңдер.

  3. Мәтінді « Менің жұмысым» деген атаумен сақтаңдар.


Іле мен Қаратал

Сиқыршы Балқаштың Іле атты сұлу қызы болыпты. Оның даңқы сайын даланы шарлапты. Сандаған күйеу балалар – байлар мен хандар сөз салса керек. Бірақ олардың бәрі қызға өзінің сұлулығына сай емес болып көрініпті.

Сондықтан Балқаш бозбалалар үшін сайыс ұйымдастыруды ұйғарыпты.

-Кім ең ақылды, епті және күшті болса, сол Ілені жар етіп алады! – деп жариялапты сиқыршы.

В деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Мәтіннің атын жуан көк түсті әріппен ерекшеліңдер.

  3. Мәтіннің негізгі бөлігіндегі әріптің мөлшері – 12пт.

  4. Мәтінді «Кодтау» деген атаумен сақтаңдар.

Кодтау

Ақпарат алмасқанда ақпарат шығу көзінен байланыс арнасы арқылы қабылдағышқа жөнелтіледі. Мұнымен байланысты бұл үдерістің 3 қатысушысын бөліп қарастыруға болады: Ақпарат көзі (жіберуші жақ), байланыс қабылдағышы (қабылдаушы жақ), байланыс арнасы (ақпарат тасушы құралдар жиыны).



С деңгейі

  1. В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

  2. Мәтіннің атауын жолдың ортасына орналастырыңдар.

  3. Мәтіннің негізгі бөлігінде бірінші жолдың шегінісін 1см етіңдер.



Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. WordPad программасын ашыңдар.

  2. «Мен мәтінді пішімдеуді үйренудемін» мәтінін теріңдер және оны тағы да 10 рет көшіріңдер.

  3. Пішімдеудің келесі параметрлерін тағайындаңдар(6-кесте).

  4. Әр жол үшін өзінің түсін таңдаңдар.

  5. Файлды өз бумаларыңда Пішімдеу-А атауымен сақтаңдар.

В деңгейі

  1. А деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

  2. Әрбір екі абзацты әртүрлі тізіммен безендіріңдер.

  3. Өзгертулерді Пішімдеу-В файлында сақтаңдар.

С деңгейі

  1. В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

  2. Табуляция позицияларын, шегіністердіі әріптің параметрлерін анықтап, мәтінді теріңдер және оны мына үлгімен толтырыңдар:

Түсініктеме

Хат

02.02.2013 Мектеп директорына

7-сынып оқушылары үшін

Дайындалған «ДК тұтынушы-

сы» байқауын кейінге қалды-

ру туралы



Ауа райы күрт суытып, ауырып қалған мектеп оқушыларының басым көпшілігінің сабаққа қатыса алмауына байланысты 7-сынып оқушылары үшін 02.02.2013 өткізілуге тиісті «ДК тұтынушысы» байқауы 2 аптаға шегеріледі.
Информатика пәні мұғалімі С.Тортаева

3.Өзгертулерді Пішімдеу-С файлында сақтаңдар.

Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Шежіре ағашы

  1. Paint графикалық редакторында ағаштың кескінін салыңдар.

Ол мынадай болуы мүмкін(106-сурет)

  1. Сурет салатын рамкалар дайындаңдар (Фигураларды қолданыңдар) және оларды ағашқа орналастырыңдар.

  2. Ағаштың кескінін WordPad мәтіндік редакторына көшіріңдер.

Ортасы бойынша түзеуді тағайындаңдар.

  1. Суреттің алдына «Менің отбасым тақырыбын қосыңдар.

Әріпті өз қалауларың бойынша таңдаңдар.

  1. Өз отбасыларың туралы әңгіме құраңдар (теріңдер).

  2. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мүмкіндігінше басып шығарыңдар. Шежіре ағашымен жұмысты үйде аяқтаңдар – туыстарыңның суреттерін желімдеңдер немесе редактордың көмегімен қосыңдар.

В деңгейі

  1. Әңгімеден үзінді теріңдер.

  2. Автордың атын курсивпен, мәтін атауын жуан әріппен ерекшелеңдер.

  3. Бірінші жол үшін шегіністі 1 см етіп белгілеңдер.

  4. Жануарлардың, құстар мен балық атауларының жанына Paint-те дайындалған кескіндерді кірістіріңдер.

  5. Жұмысты өз бумаларыңда сақтап, мұғалімге көрсетіңдер.

Кім қанша өмір сүреді?

Ұзақ жасаудың рекордшылары – тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз – олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр 15 жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан – 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішндегі ең ұзақ ғұмыр кешетін – есек – 50 жылға дейін . Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, иттер 15 жыл жасайды. Құстардың ішінде қаздар басқалардан көп өмір сүреді, 40 жылдай. Балықтар арасында – шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді.

С деңгейі

  1. Өз отбасыларың туралы әңгіме дайындаңдар. Оны WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.

  2. Өз ата-аналарың мен туыстарыңның суреттерін дайындаңдар.

  3. Ерекшелеу→Еркін аймақ сайманын пайдаланып Paint графикалық редакторында суреттерді қырқыңдар.

  4. Суреттерді рамкалаға (мысалы, мынандай виньеткаға) орналастырыңдар.

  5. Графикалық редактордан көшіріп, мәтіндегі есімдердің жанына суреттер кірістіріңдер.

  6. Мәтіннің алдына « Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар. Оны өз қалауларың бойынша безендіріңдер.

  7. Жұмысты өз бумаларыңда сақтаңдар және мұғалімге көрсетіңдер.

Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Төмендегі өрнектерді калькуляторда есептеңдер және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Жұмыстың астына өз тектеріңді теріп, құжатты принтерден басып шығарыңдар.

  1. 100-67=

  2. (30*5)-6=

  3. (456+76)-(76+3)=

  4. 6*(45+5-21)+9=

  5. 207+65-(76+3)*2=

  6. 76-9*(5-2)=

  7. (300+200)-(54+3)=

  8. 66:3+11=

  9. 80:2+4*(34+12)-1=

  10. 100+58-(34+5*2)=

  11. 45:5+15-6*3=

  12. 670+300-2*4+(56-2)=

В деңгейі

Есептерді шығарыңдар, есептеулерді калькуляторда орындаңдар және есептеу нәтижелерін мәтіндік редакторда толтырыңдар. Әртүрлі тәсілдермен көшіріңдер. Жұмыстың астына өз тектеріңді теріп, құжатты принтерден басып шығарыңдар.
1 Есеп

Ботаның салмағы – 35 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем. Қаздың салмағы неге тең?

2 Есеп



Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артықеті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді?

С деңгейі

  1. Калькуляторды іске қосыңдар: БастауБарлық программаларСтандарттықКалкулятор

  2. Түр мәзірінде Инжернелік режимді таңдаңдар.

  3. Қарапайым режимге көшіңдер(108-сурет).

  4. Өз туған жылдарыңды енгізіңдер.

  5. ТүрЦифрлардың разряд бойынша топтасуын таңдаңдар.

Мыңдықтардың разрядтары саннан ажыратылған.

  1. ТүрЖурнал таңдаңдар.2+2 теріңдер. Өрнек журналда көрсетіледі және жұмыс уақытында сонда сақталады.

  2. Журналды тазалаңдар: ТүзетуЖурналТазалау

Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Калькулятор программасының терезесі элементтерінің аттарын жазыңдар. Ол үшін:

  1. Калькуляторды іске қосыңдар.

  2. Калькулятор терезесінің кескінін Windows- тің алмасу буферіне көшіріп алыңдар (Alt+PrintScreen)

  3. Paint графикалық редакторын іске қосыңдар.

  4. Paint құжатына алмасу буферінің мазмұнын кірістіріңдер (Кірістіру'>Контекстік мәзір→Кірістіру).

  5. Мәтін сайманын таңдаңдар және астын толтыруды орындаңдар.

В деңгейі

  1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

  2. WordPad-ті іске қосыңдар.

  3. Шыққан суретті мәтіндік құжатқа кірістіріңдер.

  4. ((0,52+0,017)*177):15 өрнегін WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.

  5. Есептеулерді Калькуляторда орындаңдар. Жауапты WordPad құжатына кіргізіңдер.

С деңгейі

Айталық, сендерге бірнеше құрылғы сатып алу керек: принтер, сканер, құлақтық. Олардың әрқайсысының бағасын мәтіндік құжатқа жазыңдар. Бағандар құру үшін табуляцияны пайдаланыңдар. Жалпы соманы Калькуляторда есептеңдер. Есептеу нәтижелерін тасымалдау үшін алмасу бферін қолданыңдар.

  1. WordPad-ті іске қосыңдар.

  2. Есептің мәтінін толтырыңдар.


Алшақ орналасқан құрылғылар сатып алу

ҚАРАЖАТЫН ЕСЕПТЕУ
Принтер 17700

Сканер 18576

Құлақтық 3395

Барлығы:

  1. Калькуляторды іске қосыңдар және қосуды орындаңдар.

  2. Түзеу мәзірінде Көшіру бұйрығын таңдаңдар.

  3. Мәтіндік редакторға ауысыңдар.

  4. Кірістіру бұйрығын орындаңдар.

Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Оқиғаларды дыбыстық сүйемелдеуді баптау

  1. Дыбыс жазу (Звукозапись) программасын қосыңдар.

  2. Дыбыс қаттылығын ретеушінің баптауын тексеріңдер, жазу құрылғысы ретінде микрофонды орнатыңдар.

  3. «Терезені таңбаша көмегімен қайта қалпына келтіру» деген сөйлемді жазыңдар.

  4. Дыбысты Жұмыс үстеліндегі 1.wav файлында сақтаңдар.

  5. Дыбыс жазу программасының терезесін жиырыңдар.

  6. «Терезені таңбаша көмегімен қайта қалпына келтіру» оқиғасын дыбыстық сүйемелдеуді өзгертіңдер.

  1. Бастау Басқару тақтасы Жабдық және дыбыс бұйрығын орындаңдар, Дыбыс бөлімінде Жүйелік дыбыстарды өзгертуді таңдаңдар (144-сурет)

  2. 1. wav файлын таңдау үшін Шолу батырмасын қолданыңдар;

  3. Қолдану батырмасын шерту арқылы таңдауды растаңдар.

  1. Дыбыс жазу программасының терезесін жойыңдар. Бұл оқиға сендердің Дыбыс жазуларыңмен сүйемелденуі керек.

  2. Өз жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.

  3. Орындалған баптауларды жойыңдар (Бас тарту батырмасы)

  4. 1. Wav файлын қоржынға салмай жойыңдар.

В деңгейі

Дыбысты құжатқа енгізу

  1. WordPad редакторында «Шалқан» ертегісінің мәтінін толтырыңдар.

  2. « Тартып-тартып, шығара алмайды» тіркестерін теріп, файлды өз бумаларыңда «Шалқан» деген атаумен сақтаңдар.

  3. Дыбысты құжатқа қосу үшін Кірістіру Нысан, Файлдан құру бұйрығын орындаңдар.

  4. «Шалқан» файлын ерекшелеп, ОК шертіңдер.

  5. Мәтінде дыбыстың таңбашасы шығады. Ойнату үшін осы таңбашаны екі рет шертіңдер.

Шалқан

Атай шалқан отырғызды. Шалқан үп-үлкен болып өсіп шықты. Шалқанды жерден тартып шығаратын кез келді. Атай тартып-тартып, шығара алмайды.

Атай әжейді шақырды.

Әжей немересін шақырды.

Немере қыз Ақтөс итін шақырды.

Ақтөс иті мысықты шақырды.

Мысық тышқанды шақырды.

С деңгейі

Құжатты дыбысқа енгізу



  1. WordPad редакторында ертегінің мәтінін толтырыңдар.

  2. Әрбір кейіпкер үшін жеке файлға дыбыс жазыңдар да, оны өз бумаларыңда сақтаңдар.

  3. Дыбысты құжатқа қосу үшін Кірістіру Нысан, Файлдан құру бұйрығын орындаңдар

  4. Тиісті дыбыстық файлды көрсетіп, ОК батырмасын шертіңдер.

  5. Мәтінде дыбыстың таңбашасы шығады. Ойнату үшін осы таңбашаны екі рет шертіңдер.

Былықпа

Мысықтар шықты мияулап:

«Мияулаудан жалықтық!

Торайлардай біз енді,

Қорсылдауды қалаймыз!»
Олардан соң үйректер:

«Барылдауды қоямыз

Енді біздің бақаша,

Келеді бақылдағымыз!»


Мияулады торайлар:

Мяу!Мяу!


Қорсылдады мысықтар:

Қорс!Қорс!

Үйректер шықты бақылдап:

Бақ!Бақ!


Тауықтар да қырқылдап:

Қырқ!Қырқ!

Торғай келді секіріп,

Мөңіреді сиыр боп:

Мө-ө-ө!
Тест.

5-класс. Информсатика.
1. Егер ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек, онда:

А) Контекстік мәзір пайда болады В) Ерекшеленген фрагмент жоғалады

С) Фрагмент басқа түске боялады D) Ештеңе болмайды

2. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрығына парапар,

А) Қиып алу В) Көшіру С) Бейнелеу/бұру D) Түсін алмастыру

3. Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі?

А) Экранның ортасына В) Төменгі оң жақ бұрышына С) Жоғарғы сол жақ бұрышына D) Экранның төменгі жағына

4. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, "ізі бар" көшірме алуға болады?

А) Esc B) Tab C) Ctrl D) Shift

5. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?

А) Өшіргіш В) Мәтін С) Қарындаш D) Қылқалам

6. Мәтіннің түсі:

А) Өзгертілмейді В) Фон түсімен бірдей С) Палитра тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады D) Әрқашан қара

7. Егер алмасу буферінен мөлшері Paint-тегі сурет салу аймағынан үлкен суретті кірістірсек не болады?

А) Сурет қырқылады В) Қате туралы хабарлама шығады

С) Сурет салу аймағы кеңейеді D) Түк те болмайды

8. Суретті вертикаль бойынша 2 есе ұлғайту үшін не істеу керек?

А) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 2-ні жазу

В) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 200-ді жазу

С) Суретті тышқанмен созу D) Масштабтан 200% таңдау

9. Масштаб сайманын көрсет

А) В) Ондай сайман жоқ С) D)

10. "Трансформация" сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

А) Түрлену, алмасу В) Компьютер С) Тышқан тетігі D) Принтер

11. Масштабы өзгермеген сурет мәтінінің мөлшері өзгере ме?

А) Өзгермейді В) Өзгереді С) Мәтін жоғалып кетеді D) Жартылай өзгереді

12. Жай күй жолындағы Масштаб жүгірткішінің белгісі:

А) В) С) D)

13. Алдын ала қарау бұйрықтары қайда орналасқан?

А) Менюде Paint батырмасының мәзірінде В) Бас тіркеме бетінің Басып шығару тобында

С) Windows-тің бас мәзірінде D) Түр тіркеме бетінің Басып шығару тобында

14. Алдын ала қарау терезесінде негі баптауға болады?

А) Жұмыс істеу аймағы В) Беттің экранда көрсетілу машстабын

С) Беттің толтырылу бағытын D) Беттің мөлшерін

15. Басып шығару қағазының мөлшері:

А) Принтерден тәуелді В) Әрқашан А4

С) Кез келген D) Беттің параметрлері терезесінің Масштаб өрісінде өзгертіледі

16. Суретті басып шығару үшін қолданылатын бұйрық

А) Paint → Басып шығару В) Пуск → Paint → Программы → Басып шығару

С) Пуск+Ctrl+P D) Пуск → Paint

17. ... батырмасы басып шығарады

А) В) С) Пуск+Ctrl+P D)

18. Ctrl+C пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?

А) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру В) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту

С) Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру D) Құжатты дискіге көшіру

19. батырмасының қызметі:

А) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру В) Құжатты алмасу буферіне жылжыту

С) Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру D) Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру

20. Символдар ... анықталған жерге енгізіледі.

А) Алдыңғы символдың орнымен В) Кез келген С) Адреспен D) Курсордың орнымен

21. Қандай амал басқа барлық таңдалған көрсеткішті бұзады?

А) Мәтіннің бөлігін Жою В) Мәтіннің бөлігін Жылжыту С) Мәтінді сақтау D) Мәтіннің бөлігін Көшіру

22. Берілген үлгі бойынша мәтінде сөз іздеудегі ең маңызды үдеріс:

А) Ақпаратты сақтау В) Ақпаратты жөнелту С) Ақпаратты өңдеу D) Ақпаратты алу

23. Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді?

А) Бас тіркеме беті В) Кірістіру С) Бетті белгілеу D) Шимайлық

24. батырмасы мәтінді ... етеді

А) Курсив В) Асты сызылған С) Жуан D) Жуан курсив

25. батырмасы мәтінді ... етеді

А) Курсив В) Асты сызылған С) Жуан D) Жуан курсив





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет