Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі



бет5/8
Дата26.10.2018
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8



Пәні

Класы

Күні

Пән мұғалімі:

Информатика

10 "А"

24.10.2012

Қалитова Ж.К.

Тақырыбы:

PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану

Мақсаты:

PowerPoint бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау

арқылы оқушылардың білімін жүйелеу



Оқыту нәтижесі:

Оқушылардың танымдық қызығушылығын, ақыл-ойын жан-жақты дамыту,

шығармашылық қабілеттерін арттырып, эстетикалық талғамын жетілдіру

және патриоттыққа тәрбиелеу.


Түйінді идея:

“Естігенімді ұмытамын, көргенімді сақтаймын, өз жасағанымды меңгеремін”

Конфуций



Әдіс-тәсілдер:

Маршрут картасы, ойлаудың алты қалпағы, жұптық, топтық жұмыс, шаттық шеңбері, тренинг

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың ресурстары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі.

Түрлі-түсті қағаздан жасалған қызғалдақ гүлі

1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеу.
ә) Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Ынтымақтастық қалыптастыруда "Әріптер сөйлейді" психологиялық тренинг арқылы амандасу.

(көңіл-күйлеріңіз қалай?)

Қазір мен сендерге түрлі түсті қызғалдақ гүлін ұсынғым кеп тұр. Ұнатқан түстеріңе қарай таңдап аласыңдар. Топқа түстер психологиясы бойынша бөлу және сипаттама беремін.

Қызыл түс - адамның энергияға толы екенін, жеңіске, оқуға деген құлшынысын білдіреді.

Сары түс - қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді.

Жасыл түс - еркіндікке деген жігерлілікті, табандылықты, мақсаткерлікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтеді.

Көк түс - жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Олар бір-біріне деген сенімді қолдайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.


«Әріптер сөйлейді» тренингі бойынша, парақшаға жазылған әріптер таратылып беріледі. Сол әріпті айтқанда оқушылар орнынан тұрады. Мысалы : «Қалың қалай», «Сәлем», "Есенсіз бе", "Саумысыз" деп бірі-бірімен амандасады.
Оқушылар сабаққа келгендегі көңіл – күйін

смайлик арқылы білдіреді.

Оқушылар гүлдің түсіне қарай 4 топқа бөлінді.


Парақшаға жазылған әріптер, смайлик


Қызығу-шылықты ояту




Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз MS PowerPoint бағдарламасы бойынша алған білімдерімізді тереңдету, жалпылау және қорытындылау мақсатында ертегі-саяхат сабағы ретінде өткізгелі отырмыз.

Оқушылар тыңдайды.




Мағынаны тану





Сонымен ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Access, Outlook және PowerPoint. Солардың ішіндегі үлкені PowerPoint 18 жасқа толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып-білгендерін жұртқа қөрсету үшін жолға шығады. Оның алға қойған мақсатына жетуі үшін біз мына сұрақтарға жауап берелік.

1. MS PowerPoint-ты іске қосу әрекеті

2. Оң жақ шетіндегі үш батырманы ата. Қызметі қандай?

3. Құжат қалай сақталады?

Енді біз PowerPoint-қа өзін таныстыруына көмектесейік. Мына PowerPoint терезесінің элементтерін жазайық.

Оқушылар тыңдай отырып, жауап береді.


Интерактивті тақтаға жазады.









Практикалық жұмыс.

Оқушыларға Қазақстан Тәуелсіздігіне байланысты презентация жасауға тапсырма беремін.

Топқа ролдік көшбасшы, таймкипер, дизайнер, баяндаушы қызметтерін түсіндіріп өтемін.


Оқушылар өздері

ақылдасып, бірауыздан критерий құрады.

Содан соң компьютерде презентация құрады.

Оқушылар топ боп ақылдасып, қызметтерін бөлісіп алып, жұп және топ болып тапсырманы орындайды.












Сергіту сәті. Электронды көз талғанда және шаршағанда жасалатын жаттығулар.

Оқушылар ілесіп, орындайды










Оқушылар компьютерде "Қазақстан" тақырыбына жасаған презентациясын топ болып қорғайды.


Жұмыстарын көрсетеді.




Ой-толғаныс.

Ойлаудың 6 қалпағы

Оқушыларды санау арқылы 6 топқа бөлемін. Әр топқа 6 қалпақтың бірі сеніп тапсырылады. Әр топқа қалпақтың түсінен өз ойы мен әсерін, өз тәжірибесін көрсете отырып қорытынды шығаруға ұсыныс жасалынады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ойлау арқылы жеткізеді.










Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға ризашылығымды білдіріп, белгілі бір критерий бойынша әр топ бір-бірін бағалайды. Қорытынды бағасын шығару.






Критерий бойынша
Бірін-бірі бағалау
Қол шапалақтау







Шаттық шеңбері.

Бәріміз шеңбер бойлай кезегімен өміріміздің тағы бір тамаша күні үшін өз ата-аналарымызға, ұстаздарымызға және Табиғат-Анаға ризашылығымызды білдірейік. Ендеше осы күнді жақсы өткізуге ойша уәде берейік. Бүгінгі сабақты "Ризашылық әнімен" тәмамдайық.



Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, "Ризашылық әнін" айтады.

Бәрі бірге ән салады.

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.







Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі

  1. Компьютер нысанының терезесін ашыңдар.

  2. Терезенің мөлшерін айналдыру жолақтары көрінетіндей етіп өзгертіңдер. Айналдыру жолақтарымен жұмыс істеп машықтаныңдар. Терезенің оңтайлы(өз қалауларыңмен) мөлшерін таңдаңдар.

  3. Терезенің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар(49-сурет).

  4. Әртүрлі белгішелерді таңдаңдар.

  5. Терезедегі белгілердің орнын жылжыту арқылы өзгертіңдер.

  6. Анықтама терезесін шақырыңдар.

  7. Есептер тақтасын пайдаланып, ашық терезелердің бірінен екіншісіне ауысыңдар.

  8. Пернетақтаны пайдаланып, терезелерді жабыңдар.

В деңгейі

  1. Компьютер терезесін ашыңдар.

  2. Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар (50-сурет)

  3. Дөңгелектің суретін салыңдар.

  4. Екі терезенің екеуі де толық көрінетіндей етіп орналастырыңдар.

  5. Екі терезені де жиырыңдар.

  6. Терезеледің біріншісінен екіншісіне пернетақтаның көмегімен ауысыңдар.

  7. Компьютер терезесінде белгішелердің түрлерін әртүрлі тәсілмен өзгертіңдер.

  8. Графикалық редакторды жабыңдар.

  9. Жұмыстарыңды сақтаңдар.

С деңгейі

  1. Компьютер терезесін ашыңдар. Терезені кейін оның негізгі элементтерінің атын жаза алатындай етіп орналастырыңдар.

  2. Paint Screen пернесімен компьютер экранының фотографиясын жасаңдар.

  3. Графикалық редакторды ашыңдар.

  4. Кірістіру бұйрығын таңдаңдар (51-сурет). Графикалық редакторда экранның бейнесін алыңдар.

  5. Алынған суреттегі негізгі нысандардың аттарын жазып шығыңдар.

  6. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіп, оны Құжаттар бумасында өз тектеріңді көрсетіп сақтаңдар.



Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар.

  2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.

  3. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.

  4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.

  5. Құрылған бір жарлыұты Қоржынға апарыңдар.

  6. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.


В деңгейі

  1. Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрвңдар.

  2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.

  3. Жұмыс үстелінде өздеріңнің бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар.

  4. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.

  5. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.

  6. Құрылған бір жарлыұты Қоржынға апарыңдар.

  7. Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.


С деңгейі

  1. Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар.

  2. Алынған құжатты Жарлық құру деген атпен сақтаңдар.

  3. Тура осылай Бума құру деген құжвт құрыңдар.

  4. Осы екі файлды Жұмыс үстелінде өз аттарыңмен аталған бумаға сақтаңдар.

  5. Осы бума үшін жарлық құрыңдар.

  6. Буманың атын Жұмыс деген атауға алмастырыңдар.

  7. Жұмыс бумасын жасырын етіңдер.

  8. Жұмыс бумасын жойыңдар.

  9. Жұмыс бумасын қоржыннан қайта қалпына келтіріңдер.


Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс


А деңгейі

  1. D:дискісінде Оқыту пәндері атты бума құрыңдар.

  2. Оқыту пәндері бумасының ішіндегі Информатика, Әдебиет, Математика бумаларын құрыңдар.

  3. Оқыту пәндері бумасының мөлшерін аңықтаңдар.

  4. Өздеріңнің бумаларыңның ішіндегі бірнеше файлдың аттарын өзгертіңдер.

В деңгейі

  1. Дискіде бумалар ағашын құрыңдар:D:\Оқыту\Сынып\Оқушылардың тегі

  2. Дискіден SOL.EXE файлын тауып, оны өз бумаларыңа көшіріңдер. Осы файлдың қасиеттерін тексеріңдер.

  3. Жұмыс үстелінде осы программаны іске қосатын жарлық құрыңдар.

  4. Жұмыс үстелінде осы жарлықтың көшірмесін алыңдар.

  5. Өздерің құрған барлық нысандарды Қоржынға жойыңдар.

  6. Барлық жойылған файлдарды қайта қалпына келтіріңдер.

  7. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.

  8. Өздерің құрған нысандарды Қоржынға орналастырмай, бірден жойыңдар.


С деңгейі

  1. Менің құжаттарым бумасында Children бумасын құрыңдар.

  2. Children бумасында 1-мысал және 2-мысал бумаларын құрыңдар.

  3. 1-мысал және 2-мысал бумаларының көшірмесін жасаңдар.

  4. 1-мысал және 2-мысал бумалары көшірмелерінің атауларын Lesson1 және Lesson2 деп өзгертіңдер.

1-мысал бумасын 2-мысал бумасына жылжытыңдар.

  1. Өз бумаларыңның мөлшерін анықтаңдар.

  2. Кез келгенекі файл үшін жарлық құрыңдар және оларды (жарлықтарды) Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.

  3. Жарлықтың көмегімен файлдардың бірін іске қосыңдар.

  4. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.

  5. Өз бумаларың мен файлдарыңның жарлықтарын жойыңдар.

  6. Қоржынды тазалаңдар.


Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар.

  2. Сурет салыңдар.

  3. Өз суреттеріңді Бейнелер бумасында сақтаңдар.

  4. Осы файл үшін жарлық құрыңдар.

  5. Жарлықты Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.

  6. Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып, іске қосыңдар.

В деңгейі

  1. Компьютерлеріңдегі дискілерден атауларында «информатика» сөзі файлдарды табыңдар

  2. Осы файлдарды Информатика бумасына сақтаңдар.

  3. 1-2 пунктерді әдебиет пен математика пәндерінің файлдары үшін қайталаңдар. Көшіру үшін әртүрлі тәсілдер қолданыңдар.

  4. Файлдардың біреуі үшін Жұмыс ұстелінде жарлық құрыңдар.


С деңгейі

  1. WordPad программасын іске қосыңдар.

  2. 71-суретте көрсетілген мәтінді теріңдер.

  3. Мәтінді Мысал1 бумасында Тізім атауымен сақтаңдар.

  4. Калькулятор программасын іске қосыңдар.

  5. Бірінші сынып оқушысының жиынтығына қанша зат кіретінін санаңдар.

  6. Шыққан нәтижені Калькулятордан Блокнот мәтіндік редакторына кірістіріңдер.

  7. Шыққан файлды Мысал2 бумасында сақтаңдар.

  8. Paint графикалық редакторын іске қосыңдар.

  9. Таңдауларың бойынша: компьютер, жануардың, адамның суретін салыңдар.

  10. Суретті Сурет деген атаумен Children бумасында сақтаңдар.

  11. Мысал1, Мысал2 бумаларының екеуінде Іздеу терезесіне шығарыңдар.

  12. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.

  13. Өздерің құрған нысандарды Қоржынға орналастырмай, бірден жойыңдар.

Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі

  1. Жаңа сурет салыңдар(Paint Құру батырмасы)

  2. Сурет салу аймағындағы маркерлерді (кішкене тіктөртбұрыштарды) жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10х15см етіңдер.

  3. Белсенді түстерді таңдаңдар.

  4. Қылқаламды, Қарындаш сайманын, Сызық және Сопақ (Овал) фигураларды пайдаланып сурет салыңдар(77-сурет). Бояу үшін контурлардың «тесіктері» болмауы керек екеніне көңіл аударыңдар. Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Масштаб сайманын қолданыңдар.

  5. Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. Бірінші тәсіл – алдымен қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар.

  6. Екінші тәсіл – қажетті түсті – фонның, ал қараны Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгертіңдер.

  7. Суретті өз бумаларыңда Ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.

В деңгейі

А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар (78-сурет)
С деңгейі

В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар. Суретке мәтін қосыңдар(79-сурет).

Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Paint-ты іске қосыңдар.

  2. Жұмыс үстелінің мөлшері бойынша суреттің мөлшерін (Paint батырмасы →Қасиеттер) белгілеңдер. Жұмыс үстелінің мөлшерін былай білуге болады: Бастау→Басқару тақтасы→Экранның шешімділігін баптау. Шешімділік нүктемен көрсетіледі, яғни, суреттің мөлшерін де нүктемен көрсетіңдер.

  3. Парақты көкшіл түспен бояңдар. Түстің атын оған тышқанның сілтемесін апарып білуге болады.

  4. Бұлттың суретін салыңдар:

Ол үшін:

  • Сопақ фигурасын таңдаңдар;

  • Ішін бояу түсін (Цвет 1) – 25% етіп белгілеңдер;

  • Shift пернесін жібермей ұстап; дөңгелекті тышқанның оң батырмасымен созыңдар;

  • Ішін бояу тәсілін таңдаңдар;

  • Әртүрлі ішін бояу тәсілдерін таңдап, тағы бірнеше дөңгелек салыңдар.

  1. Айдың суретін салыңдар:

  • Ішін бояу түсін (Цвет 1) – сары етіп белгілеңдер;

  • Сопақ фигурасын таңдаңдар;

  • Фигураның келесі баптауын орындаңдар – ішін бояу біртұтас, контурсыз;

  • Тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып, сары түсті дөңгелек салыңдар;

  • Тышқанның оң жақ батырмасын ұстап тұрып, онымен қиысатын көкшіл түсті дөңгелек салыңдар;

  1. Қылқаламның түрін таңдап, жауған қардың суретін салыңдар.

  2. Қисық сызықты ( Контуры – Біртұтас түс ) және Түспен ішін бояу құралын пайдаланып, суреттің төменгі шекарасына күртік қардың суретін салыңдар. Контур үзіліссіз болу керек, әйтпесе бояу суретке жойылып кетеді.

  3. Файлды өз бумаларыңда «Түн» деген атаумен сақтаңдар.

  4. Paint Жұмыс үстелінің фоны ету бұйрығын орындап, нәтижесін қарап шығыңдар.


В деңгейі

  1. А деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

  2. Суретті кішкене шыршалардан тұратын орманмен толықтырыңдар. Шыршаларды Көпбұрыш фигурасын пайдаланып салыңдар.

С деңгейі

  1. В деңгейінің тапсырмаларын орындаңдар.

  2. Суретке аққаланы қосыңдар. Сурет салу үшін үйренген құралдарыңның мүмкіндіктерін пайдаланыңдар.


Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Paint-те жаңа құжат құрыңдар.

  2. Сурет салудың оңтайлы тәсілін таңдаңдар.

  3. Жұмысты «Электровоз» файлында сақтаңдар.

В деңгейі

  1. Paint-те жаңа құжат құрыңдар.

  2. Мынадай түрдегі сурет салуға арналған рамка дайындаңдар.

  3. Paint-ті тағыда іске қосып, Ойыншық файлын ашыңдар.

  4. Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.

  5. Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.

  6. Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар:

  7. Файлды «Рамка» деген атаумен сақтаңдар.


С деңгейі

  1. Paint-те жаңа құжат құрыңдар.

  2. Баптау→Барлық программалар→Microsoft Office→Office құралдары →Microsoftтың бейнебаян ұйымдастырушы бұйрығын орындаңдар.

  3. Пайда болған коллекциялар тізімінен (91-сурет) Office Коллекциялары → Безендіру (Оформление) бұйрығын таңдаңдар.

  4. Шекараны таңдаңдар және оны алмасу буферіне көшірңдер.

  5. Paint-ке алмасып, шекараны алмасу буферінен кірістіріңдер.

  6. Кескін бұру бұйрығын пайдаланып, шекаралық сызықтар мен әшекейлерден фоторамка құраңдар.

  7. Paint-ті тағыда іске қосып, Ойыншық файлын ашыңдар.

  8. Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.

  9. Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.

  10. Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар:

  11. Файлды «Рамка» деген атаумен сақтаңдар.


Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Суретке (Құттықтаймын!» мәтінін орналастырыңдар.Суреттің масштабын өзгертіңдер. Түспен толтыру сайманын пайдаланып, әр әріпті өз түсіне қайта бояп шығыңдар.

В деңгейі

  1. Көбелектің суретін салыңдар (95-сурет).

  2. Кескінді бірнеше рет көшіріңдер.

  3. Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгертіңдер.

  4. Әр өзгертуді жазып белгілеңдер. Мысалы, «30 градусқа бұру»

  5. Суретті сақтаңдар.


С деңгейі

«Жаңа жылдық орман».

  1. Шыршаның суретін салыңдар. Алдымен бір бөлігін:

  2. Оны көшіріңдер және бұрыңдар:

  3. Бірінші сол жағын, одвн кейін оң жағын көшіріп, қосыңдар және бояңдар:

  4. Файлды өз бумаларыңда «Шырша» деген атумен сақтаңдар.

  5. Paint-тің тағы бір терезесін ашып, орманның суретін салыңдар.

  6. Шырша файлынан шыршаның суретін қайта-қайта көшіріп, оларды созып және бұрып әртүрлі шыршалардан орман жасаңдар.

  7. Суретке ағаштарды, бұталарды, гүлдерді, жеміс ағаштарын,жануарлар мен өзендерді қосып салыңдар.

  8. Файлды өз бумаларыңда «Орман» деген атаумен сақтаңдар.


Практикалық жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі

Мәтін теру ережелін сақтай отырып, теріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет