Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі



бет4/8
Дата26.10.2018
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8




8-класс

Сабақтың тақырыбы:

Логикалық есептердің шешу әдістері.

Мақсаттары:

Компьютердің логикалық негіздері, логикалық есептерді шешу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық абстракциясын дамыту. Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету

Оқыту нәтижесі:

Оқушылардың шапшаң ойлауға төселеді, сыни ойлауға үйренеді.

Түйінді идеялар:

Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін“. Конфуций

Әдіс-тәсілдер

Топтық әдіс, АКТ, дәлелдерді сын тұрғысынан талдау, болжамдар

Уақыты

Ресурсы

Сабақтың мазмұны

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

3 мин






Ұйымдастыру бөлімінен бастаймын. Амандасу. Дене мүшелері арқылы амандасу.

Шеңберге жұптасып тұрады.

  1. Құлақпен

  2. Баспен

  3. Қолмен

  4. Құшақтасып амандасады.

Үлестірмелі қағаз




Мозайка әдісімен 3 топқа бөлу. Оқушыларға үлестірмелі қағаз таратылады. Үлестірмелі қағазда Сөз, Кесте, Графика сөздері жазылған.

Бірдей сөздер бірігіп отырады. Топтағы оқушылар нөмірленеді





Қауіпсіздік ережесін сұрау

  • Сөз, Кесте, Граф сөздерінің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өздері сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз жауаптарын береді.

5 мин

Слайд

Оқушыларды ойлауға жетелейтін сұрақтар қою.

ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес.



Ең тез қол котерген топ логикалық сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақ 1 жетонмен бағаланады.

7 мин

Оқулық

ДЖИКСО әдісімен «Логикалық есептерін шешу тәсілдері» тақырыбын ұғындыру.

1 нөмірлер «Ауызша», 2 –ші «Кесте арқылы шешу», 3-ші «Граф арқылы шешу» тақырыптарын оқып, талқылайды, өз орындарына келіп оқыған тақырыпты түсіндіру

10 мин

Тапсырмалары бар үлестірмелі қағаздар, компьютер

Топтарға келесідегідей кеспе қағаздардағы тапсырмалар тарату.

І- топ тапсырмасы:

Екі пішін өмңр сүріпті: шеңбер және шаршы. Олар тұрған көшеде үш үй болды: біреу терезелі және құбырлы, екіншісі тек терезелі және үшіншісі тек қана құбырлы.

-Әр пішін өз үйінде тұрды.

-Шеңбер мен шаршы терезелі үйде өмір сүрді.

-Шаршы жылылықты сүйді, сондықтан пешті жиі жағып отырды.

Кім қай үйде тұрды?



ІІ топ тапсырмасы:

Жазушы Дорис Кейдің үш қызы да – Джуди, Айрис және Линда, өте дарынды. Олар әртүрлі өнер түрінен, ән салу, балет және кинодан атаққа ие болады. Олар әртүрлі қалада тұрғандықтан, Дорис Париж, Рим және Чикагоға жиі телефон шалады.

Мынау белгілі:

1.Джуди Парижде, ал Линда Римде тұрмайды.

2.Парижде тұратыныкиноға түспейді.

3.Римде тұратыны әнші.

Линда балетке немқұрайлы қарайды.

Айрис қайда тұрады және оның мамандығы қандай?



ІІІ топ тапсырмасы:

Күн жүйесінің тоғыз ғаламшарлары арасында ғарышттық хаттар енгізілген. Зымырандар мынадай бағдармен ұшады: Жер-Меркурий, Плутон-Шолпан, Жер-Плутон, Плутон-Меркурий, Меркурий-Шолпан, Уран-Нептун, Нептун-Сатурн, Сатурн-Юпитер, Юпитер-Марс және Марс-Уран. Жерден Марсқа жетуге бола ма?



І топ оқушылары MS Word бағдарламасын пайдаланып есепті шешеді. Есептің шешімін табады және мәтінді тереді, редакциялайды.

ІІ топ оқушылары MS Excel бағдарламасын пайдаланып есепті шешеді. Eсептің шешімін табады және кесте құрып, есептің шешімін кестемен ұсынады.

ІІІ топ оқушылары Paint бағдарламасын пайдаланып есепті шешеді. Есептің шешімін табады және жауапты сурет түрінде бейнелейді.



3 мин

Слайд

Сергіту сәтін ұйымдастыру

Бауырсақпен бірге билейді

10 мин

Ватман, стикер, түрлі түсті маркер

Әр тәсілге жарнама жасау тапсырмасын беру.

Әр топ өз логикалық есептерді шешу тәсіліне жарнама жасайды.


5 мин

Смайлик среті бар бағалау қағазы

Смайлик әдісімен бағалату

Оқушылар өз топтарын бағалайды.

Егер көңілді смайлик болса, «5», орташа көңілдегі смайлик – «4», көңілсіз смайлик – «3»



2 мин

Стикер

Кері байланыс үлестірмелі қағаздары тарату

Үлестірмелі қағазға сабақтан алған әсерлерін жазады және «Сабақтан алған әсерім» қабырғагазетіне жапсырады.



Класы

9

Сабақтың тақырыбы:

Интернет. Ақпаратты іздеу

Мақсаттары:

Internet ұғымына түсінік бере отырып, мүмкіндіктерін ұғындыру. Интернет желісінде ақпаратты іздеу икемділіктерін дамыту. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру

Оқыту нәтижесі:

Интернетте ақпарат іздеуге, өз ойларын ашық түрде жеткізуге машықтанады.

Түйінді идеялар:

“Біліміді, сауатты адамдар – бұл адамзат дамуының негізгі күші” Н.Ә.Назарбаев

Әдіс-тәсілдер

АКТ, сұрақ – жауап, пікірталас, шығармашылық тапсырма

Уақыты

Ресурсы

Сабақтың мазмұны

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

2 мин






Ұйымдастыру бөлімінен бастаймын. Амандасу, сабаққа дайындығын, құралын тексеру, қауіпсіздік ережесін




2 мин

Кеспе қағаздар, слайд




«Google», «Yandex», «Rambler» жазуы бар кеспе қағаздарын таратып, 3 топқа бөлу.

  • Оқушылар, қолдарыңыздағы кеспеқағаздарға қарап не айта аласыңдар?

  • Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өз жауаптарын айтады.

Оқушылар өздері сабақтың тақырыбын анықтайды.


4 мин

Үлестірмелі қағаз

Мәтін тарату

  • Ендеше, сендерге мәтін таратылады, мәтінді оқып, топ арасында талқылаңдар!

Мәтінді оқып, талқылайды.

6 мин

Түрлі түсті конверттер, слайд

Сары, жасыл, ақ, көк, қызыл конверт ұсыну. Таңдалған конверттің сұрақтарын оқып, түсіндіру.

Топтар таңдалған конвертке қарай жұмыс жасайды. Топ болып сұрақтарға жауап береді.

Конверттердің сұрақтары:



Ақ конверт - Фактілер

Менде қандай ақпарат бар?

Маған қандай ақпарат алу қажет?

Білетіңізді ғана жазыңыз.



Қызыл конверт - Түйсік

Менің түйсіктік реакциям қандай?

Менің түйсігім маған не дейді.

Өз ойларыңды жазыңыз.



Жасыл конверт - Креатив

Менде қандай идеялар бар?

Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?

Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.



Сары конверт - Позитив

Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды? Оң тармақтарын жазыңыз



Көк конверт - шолу

Мен не аштым?Тағы не ашылған жоқ?

Мен оны қалай аша аламын? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.


3 мин

Электронды оқулық

Электронды оқулықпен жұмыс

Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

2 мин

Слайд

Сергіту сәтін ұйымдастыру

Слайдтағы биді қайталайды.

2 мин

Слайд, стикер

  • Оқушылар, интернетте қандай байланысу түрлерін білесіңдер?



  • Өздерін ең жиі қолданатын байланысу түрін атаңдаршы?

  • Ал сендер агенттің пайдалы бағдарлама деп ойлайсыңдар ма?

  • Ендеше, «М – агент – пайдалы бағдарлама» атты пікірталас ұйымдастырайық.

Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары:

  • Вконтакте, агент, мой мир, скайп....

  • М – агент

Оқушылардың ойлары екі

жақты болады.

Стикерлер арқылы сарапшы, жақтаушы және даттаушы топтары анықталады.



10 мин

Стикерлер

Стикерлер арқылы даттаушы, жақтаушы, әділқазылар алқасы анықтау.

Пікірталасты жүргізу.



Топ стикерлерді таңдау арқылы өз атқаратын жұмыстарын айқындайды.Жақтаушы топ жақтайды, даттаушы топ даттайды, әділқазы алқалары қай топтың позициясы айқындау болды соны анықтайды.

10 мин

Компьютер, интенет, ермексаз

Әр топқа тапсырма беру, тапсырмаларды түсіндіріп кету.

  1. Топ: «Интернет – бүкіләлемдік желі» тақырыбында презентация құру

  2. Топ: «Ақпараттық жүйені жетілдіру – заман талабы» ойтолғау жазу және сыныптағы достарына электронды поштамен жіберу

  3. Топ: «Компьютерлердің желіде байланысу арналары» тақырыбында ермексазбен мүсіндеу және әңгіме құрастыру

1 топ оқушылары интернеттен мәлімет, суреттер іздеу арқылы тауып, презентация құрады.

2 топ оқушылары ойтолғау жазып, оны достарына электронды поштамен жібереді

3 топ оқушылары желінің байланысу арналары туралы мәлімет интернеттен іздеп, тауып, ермексаздан мүсіндеу арқылы әңгіме құрастырыңдар.



2 мин

Сатустар бейнеленген бағалау қағазы

Статустар арқылы оқушылар өз – өздерін бағалату

Оқушылар онлайн және сөйлесуге әзірмін , мазалама және уақытша орында емеспін, көрінбей отыру және офлайн статустары арқылы өздерін бағалайды.

2 мин

Стикерлер, қабырғагазеті

Кері байланыс үлестірмелі қағаздары тарату

Үлестірмелі қағазға сабақтан алған әсерлерін жазады және «Сабақтан алған әсерім» қабырғагазетіне жапсырады.

Қосымша тапсырмасы

Электронды пошта мен кәдімгі поштасына Венн диаграммасын құру



Пәні

Класы

Күні

Пән мұғалімі:

информатика

10 "А"

15.10.2012

Қалитова Ж.К.

Тақырыбы:__MS_PowerPoint_деген_не_PowerPoint_терезесінің_құрылымы.___Мақсаты'>Тақырыбы:

MS PowerPoint деген не?

PowerPoint терезесінің құрылымы.



Мақсаты:

PowerPoint бағдарламасымен танысу және онда жұмыс істеу туралы түсінік алу.

Оқыту нәтижесі:

  • Оқушы өз бетімен қосымша материалдар тауып, ізденеді, білім қорын жинайды.

  • Оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілігі жүзеге асады.

  • Сабақта топқа бөліну арқылы бір-бірін қолдауға үйренеді.

  • Әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады.

Түйінді идея:

Ақпараттық сауаттылық - бүгінгі заман талабы

Әдіс-тәсілдер:

Жұптық, топтық жұмыс, АКТ, түсініктерін баяндау, іздендіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары: үш қадамды сұхбат, түртіп алу, ой қозғау, ой шақыру

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың ресурстары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі






Шаттық шеңбері.

Мұғалім оқушылармен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.



Оқушылар мұғалімге қосылып, төмендегідей өлеңдерді айтады.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап. Жұлдыздай жарқырап, Судай таза көңілмен. Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Оқушылар өлең жолдарын топ болып кезектесіп айтады.









Үй тапсырмасын сұрау.


«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы бойынша әрбір топ келесі топқа сұрақ қояды.


Қызығушылықты ояту


MS PowerPoint ортасында жасалған слайдтар, музыка

Сабақтың тақырыбын ашу.

Сынып бөлмесінде қолайлы жағдай туғызу мақсатында "Бәрі сенің қолыңда" флеш-тренинг туралы презентация көрсетіледі. Осы слайд арқылы оқушы ойын, назарын жаңа сабаққа шоғырландыру.


Сұрақ:

  • Қандай программа арқылы жасалған?

  • Презентация неден тұрады?

  • Слайдты көру барысында нені байқап отырсыздар?

  • Қандай ерекшелік бар?

  • Сендерге әсер етті ме? Несімен ұнады?

(оқушы жауабы тыңдалады)

Мағынаны тану.

10 мин.


Үлестірмелі материалдар, кесте

Жаңа сабақ.

ДЖИКСО әдісі.

1. Жанұя мүшелеріне мәтіндер тарату.

Барлық оқушыларды

1, 2, 3, 4 деп санатып,

1-ші мәтінді №1 оқушыларға,

2-ші мәтінді №2 оқушыларға,

3-ші мәтінді №3 оқушыларға,

4-ші мәтінді №4 оқушыларға таратып беру.





1, 2, 3, 4
2. Жұмысшы тобына барып талқылайды.
(1, 1), (2, 2), (3, 3), (4, 4)

Тақырыпты әуелі жұп боп, содан соң топпен оқып, түсініп ең маңызды жағдайды кестенің І бағаны негізгі түсінікке жазады.




Негізгі түсінік

Қосымша түсінік









3. Жанұяға оралады.

Әрқайсысы өзі оқыған және топпен пікірлесіп талқылаған тақырыптың бөліктерін басқа оқушыларға түсіндіріп, кестенің ІІ бағаны қосымша түсінікті толтырып, әр топтан оқиды.









Оқушылар тренинг арқылы диалогқа түсіп, сергіту сәтін жасайды.


- Сендер қайда бардыңдар?

- Дүкенге.

- Не сатып алдыңдар?

- Тігін машинасы (1-ші қолы)

... т.с.с.

- Велосипед (2 аяғы)

- Көкшетауға билет (2 қолы қозғалысқа келеді).





SIN_kaz электронды оқулық

Бекіту.

Электронды оқулықпен жұмыс жасау маршруты: модуль-мәтін-сөздік-сұхбат-бейнежазба-тапсырма-қорытынды тест.



Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.


Ой толғаныс.

Түрлі-түсті бояулар, плакат

"Аяқталмаған сөйлем" әдісі.

PowerPoint - Microsoft Office 2000-ның...



Оқушылар постер құрып, қорғайды.








2 жұлдыз, 1 тілекпенбағалау.
- не жақсы
- нені жақсарту керек


Оқушылар бірін-бірі бағалайды.








Үйге тапсырма.

1.1-1.2 т. оқу

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Класы

Күні

Пән мұғалімі:

информатика

10 "А"

17.10.2012

Қалитова Ж.К.

Тақырыбы:

PowerPoint құжаттарының құрылымы. Графикалық файлдар енгізу.

Мақсаты:

Оқушыларды PowerPoint құжаттарының құрылымымен таныстырып, олармен жұмысты үйрету

Оқыту нәтижесі:

  • мазмұнды игеру қажеттілігін түсініп, өз бетінше әрекет жасайды.

  • дербес компьютермен, интерактивті тақтамен, Activote құрылғысымен еркін жұмыс істей алу дағдылары қалыптасады.

  • топтық жұмыста сыни ойлау және шығармашылық қабілеттері дамиды.

Түйінді идея:

"Бірлік бар жерде - тірлік бар"

Әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, СТО технологиясының түртіп алу, ой қозғау, ой шақыру стратегиялары, жеке, жұптық, топтық жұмыс, АКТ, тест

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың ресурстары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Түрлі-түсті қағаздан жасалған қызғалдақ гүлі

1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеу.
ә) Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

(көңіл-күйлеріңіз қалай?)

Топқа кемпірқосақ түстері бойынша бөлу.



Оқушылар сабаққа келгендегі көңіл-күйін смайлик арқылы білдіреді.
Оқушыларды кемпірқосақтың түсіне қарай топқа бөліп отырғызу 4 топқа бөлінді.





Activote құрылғысы

Жеке жұмыс жүргізіледі.

Үйге берілген тапсырманы пысықтау.


Өткен сабақты еске түсіру мақсатында, Activote құрылғысы арқылы тест жұмысы орындайды.

Тест жұмысын оқушылар Activote программасымен орындайды.

Қызығушылықты ояту.

слайд

Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.



Оқушылар слайдта орналастырылатын объектілерді атайды.

Мағынаны тану.

Интерактивті тақта, Activstudio бағдарламасы флипчарт, интерактивті тақта қаламы, кесте

Мағынаны тану.

Материал таратып беремін.

Түртіп алу.


Оқушылар кестені толтырады.

Маған бұрыннан таныс

V


Мен үшін жаңалық

+


Мен бұл пікірге қарсымын

-


Бұл туралы тереңірек білгім келеді

?























Оқушыларды сергіту және компьютерде тапсырманы жұп боп орындауды "Молекулалар" тренингі арқылы іске асырамын.

Оқушылар молекулалар боп, бір-бірімен араласып жүріп, қол шапалақтағанда екі, үш, төрт, бес, алты атом боп бірігеді.




Компьютер

Практикалық кезең.

Компьютермен жұмыс.



Оқушылар компьютерде кесте құрып, диаграмма жасап, соған сәйкес сурет түсіреді. Фон қояды.

Ой-толғаныс.




«Автор орындығы»

Ортаға шыққан оқушыға қалғандары сұрақ қояды







Үйге тапсырма.

Оқу.







Бағдаршам арқылы бағалау.

Оқушылар сабақта нені түсінгенін, нені түсінбегенін, нені білгісі келетіндігі жайлы стикерге жазып, кері байланыс орнатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет