Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі



бет3/8
Дата26.10.2018
өлшемі1.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8



Пәні:

Информатика

Класы:

7 "В"

Тақырыбы:

Компьютер-әмбебап есептеуіш машина.

Мақсаты:

Компьютермен оның негізгі және сыртқы құрылғыларымен, архитектурасымен танысу;

АКТ ақпаратын тиімді түрде өңдей, жеткізе білуге, сұрақ қоюға үйрену, өзінің, өзгенің жұмысына сыни тұрғыда қарай білу, бағалай білу, топтық-ұжымдық жұмысқа дағдылану.



Күтілетін нәтиже:

ДК негізгі және сыртқы құрылғыларын, архитектурасын біледі;

ақпаратты өз бетінше меңгере алады; түсінікті тілмен ақпаратты жеткізе біледі; мәтінге байланысты сұрақ қоя білуге дағдыланады; кластастарын тыңдай білуге үйренеді; өзінің және өзінің кластастарының оқуы үшін жауапкершілікті бөлісе біледі; өзін-өзі, бірін-бірі бағалай алады, топтық- ұжымдық жұмсқа дағдыланады.



Түйінді идея:

«Адам мен адамды теңестіретін – білім»

Әдіс-тәсілдер:

сыни тұрғыдан ойлау, ой қозғау, ой шақыру жұптық, топтық жұмыс, автор орындығы




КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)



Психологиялық тренинг жүргізеді.

Жұптасып әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдерін жасайды. Түстерді таңдау арылы топқа бөледі.




Оқушылар жұптасып амандасу түрлерін жасайды.
Оқушылар өзіне ұнаған түсті таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1топ -1 саны, 2- топ 2 саны, 3 топ -3 саны.





Компьютер, енгізу –шығару құрылғыла

ры, ДК архитектурасының суреттері


Қызығушылықты ояту

(3 минут)



Жұмбақ жасырады.

Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам қағазсыз.

(Компьютер).

Олай болса оқушылар бүгінгі сабақта біз компьютермен және оның ақпараттық құралдарымен, жалпы схемасымен танысамыз.


Әр топ сурет бойынша өз ойларын ортаға салады.
Жұмбақты шешеді

3 шапалақ

Компьютердің суреті.

Мағынаны тану

(15 минут)

(15 минут)


Топтарға оқулықты пайдаланып тапсырма беру. 7 тақырып. «Компьютер – әмбебап есептеуіш машина».

Тақырып бойынша болжамды жүк журналының сол жағына жазу.

Жүк журналы

Болжам

Жаңа ақпарат

Тақырып бойынша бұрыннын не білемін? Бұл туралы не білуім керек?

Бұл туралы енді не білдім?

Әр топ тапсырманы постер жасау арқылы түсіндіру.


Компьютердің құрылысымен таныстырылым жасауына бағыт беріп, әр топтың жұмыс жасау бағыты бақыланады
1 тапсырма

1. Дербес компьютердің құрылғыларының атауларын жазыңыз.

2. Компьютерді ұйымдастыру схемасын толтырыңыз
2 тапсырма

Кестеге бір –біріне сәйкес компьютер құрылғылары мен адам мүшелерінің атауларын жазыңдар.


3 Тапсырма.

-Адамның кейбір мүшелері мен компьютер құрылғыларының ақпараттық процестерді жүзеге асырудағы міндетін салыстырыңдар.

- ақпараттың процестерді орындайтын компьютердің құрылғылары мен адам мүшелерін бағдаршалармен көрсетіңдер.


Әр топ берілген тақырыпты оқып танысып, топта талдайды.

Оны постерге салады. Әр топ қорғайды.

Сұраққа жауап берді.

Әр оқушы өз бетімен орындайды.


ДК құрылғыларының атауларын жазады.
Компьютерді ұйымдастыру схемасын толтырады.

- кестеге бір –біріне сәйкес компьютер құрылғылары мен адам мүшелерінің атауларын жазады.

-Адамның кейбір мүшелері мен компьютер құрылғыларының ақпараттық процестерді жүзеге асырудағы міндетін салыстырады.
- ақпараттың процестерді орындайтын компьютердің құрылғылары мен адам мүшелерін бағдаршалармен көрсетеді.


Топтар бір –бірін бағалау критерийі бойынша бағалайды.

Бағалау парағы бойынша бағалайды.



Бағалау парақшасы

Ой толғаныс

(10 минут)



Жүк журналы

Болжам

Жаңа ақпарат

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек?

Бұл туралы енді не білдім?

І. «Автор орындығы» бір оқушы шығып бүгінгі тақырып бойынша ақпарат береді, оқушылардың сұрақтарына жауап береді.


.

Компьютер-әмбебап есептеуіш машина тақырыбы бойынша жаңа ақпарат жазады.


Сұрақтарға жауап береді.


Рефлексия.

Екі жұлдыз, бір тілек.

Жетон арқылы

Өзін –өзі бағалайды





Класы

8

Сабақтың тақырыбы:

Кестелік процессор

Мақсаттары:

“Excel кестелік процессор” тақырыбы бойынша білімдерін тереңдету. Кестеге мәліметтерді енгізуді автоматтандыру үшін автоматты толтыру маркерін қолдануды үйрету. Оқушыларды жұппен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және кестелік процессорде жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту

Оқыту нәтижесі:

Кестеге мәліметтерді енгізуді автоматтандыру үшін автоматты толтыру маркерін қолдана алады.Жұптық жұмысты орындау барысында шығармашылық қабілеті дамиды

Түйінді идеялар:

«Қайталау – оқу анасы»

Әдіс-тәсілдер

АКТ, СТО, жұптық жұмыстар, сұрақ - жауап

Уақыты

Ресурсы

Сабақтың мазмұны

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

2 мин





1 – әрекет. Ұйымдастыру бөлімінен бастаймын. Амандасу, сабаққа дайындығын, құралын тексеру, қауіпсіздік ережесін сұрау.

Оқушылар әр тілде амандасады.

2 мин

Әртүрлі түсті әріптер жазылған кеспе стикер




2 – әрекет. Жұпқа бөлу.

Мұғалім сұрақтары:

Үлестірмелі қағазға қарап не естеріне түсті?

Бағалау парағын тарату.



Оқушыларға үлестірмелі қызыл,жасыл, көк, сұры, сары қағаз таратылады.

  1. жұп: 2 латын әрпі

  2. жұп: 2 сан

  3. жұп: «жол», «баған»

  4. жұп: «А1», «В4»

  5. жұп: «В5:С5», «D1:H3»

Оқушылар MS Excel кестелік процессорінің элементтері жазылған сөздерді қағазға орналастырады. Жұптар анықталады.
Оқушылар сабақтың тақырыбын табады

5 мин

Электронды оқулық
Слайд



3 – әрекет.

Электронды оқулық арқылы оқушылардың есіне түсіреді

Мұғалім интерактивті тақтаның көмегімен MS Excel кестелік процессоры туралы сұрақ қояды.


Өз түстерін тауып жұптасып сұрақтарға жауап береді.

7 мин

Оқулық

4 – әрекет

Оқулықтан «Автотолтыру, тізім құру» тақырыпшаларын оқуға береді.

Интерактивті тақтаның көмегімен оқушылармен бірге автотолтыру, тізім құру әрекеттерін орындайды.

Жұптағы 2 оқушы тақырыпшаларды оқып, талқылайды.



15 мин

Слайд

5 – әрекет.

1 – тапсырма. 1-бетке Автотолтыруға тапсырма

2 – тапсырма. 2-бетке Апта күндерінің тізімін құруға арналған тапсырмалар беріледі (тізім құруға көмек ретінде маршрут картасы беріледі)

1 - тапсырма



  1. «Сәлем!»

  2. «Hello!»

  3. «Привет!»

  4. «Рахмет!»

  5. «Thank you!»

2 – тапсырма

Маршрут картасының көмегімен қазақша апта күндері, жеті қазына, жеті керемет, жеті ата, жеті жұт тізімін құрады.




3 мин

Сергіту

6 – әрекет. «Қарлы кесек» ойыны арқылы көз, бұлшық ет жаттығуларын орындату

Оқушылар

  1. Көзді айналдырады

  2. Алақандарын уқалайды

  3. Аяқтарын тарсылдатады.

5 мин

АctiveStudio

«Ширату» терме диктант Әр жұпқа қағаз таратылады.

3 сөзді тауып, 1 сөзді таңдап, 3 тілде айтады.

  1. Бормиркестепабағанлтожол

  2. Апұяшықрпқсанрпағформула

  3. Ывапмекенжайқұәріпғңфайл

  4. Шгежұмысрпнкітабырпыпарақ

  5. жыдмәтінвадшдиаграммалоржабу

3 мин

Бағалау парағы

Бағалау парағы арқылы бағаланады

Әр жұп өзінің жұбын бағалайды.

3 мин

Стикерлер, қабырғагазеті

Кері байланыс үлестірмелі қағаздары тарату

Үлестірмелі қағазға сабақтан алған әсерлерін жазады және «Сабақтан алған әсерім» қабырғагазетіне жапсырады.

Қосымша тапсырмасы

MS Excel бағдарламасындағы формуланы қолданып, кесте құру




8-класс

Сабақтың тақырыбы:

Формулалардағы сілтемелер

Мақсаттары:

Excel электрондық кестесінде салыстырмалы және абсолютті сілтемелер мен формулалар құруды үйрену, сілтеме түрлерін зерттеу

Оқыту нәтижесі:

Кестеде формулалармен жұмыс барысында берілген есептерді шешу үшін әртүрлі сілтемелерді қолдануды үйренуі тиіс

Түйінді идеялар:

«Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін – білім» М. Әуезов

Әдіс-тәсілдер

АКТ, сұрақ – жауап, «Insert» кестесі, рөлдік ойын, тренинг

Уақыты

Ресурсы

Сабақтың мазмұны

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

2 мин



Ұйымдастыру бөлімінен бастаймын. Амандасу, сабаққа дайындығын, құралын тексеру

Өз есімінің бастапқы әрпінен басталатын сын есім тіркестіріп амандасу. Мысалы, «Сәлем, мен әнші Әсемгүлмін »

3 мин




Жұпқа бөлу. Оқушыларды «Молекула» тренингі арқылы жұпқа бөлу

«Молекула» тренингін ойнайды. Қосылған 2 млекула жұп болады.

5 мин

Видео

Сұрақ қою арқылы оқушыларды сыни ойлату

  • Оқушылар, бұл өмірде не өзгереді, не өзгермейді деп ойлайсыңдар?

Тақтадан видео (өмірде тарихтың өзгермейтінің және біз де, техникада өзгеретінің) көрсету

  • Өмірдегідей MS Excel бағдарламасында да өзгеретін және өзгермейтін сілтемелер болады.

Оқушылар өз ойларын айтады.


10 мин

Үлестірмелі қағаз

Мағынаны тану (түсіне білу) Бұл кезенде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін көрсетуіне жағдай жасалады. Стратегиялар бойынша жұмыс жүргізіледі.

V Білемін.

- Білмеймін.

+ Мен үшін жаңалық.

? Сұрағым бар.

Жұптар бір – біріне сұрақ қою арқылы тақырыпты талқылату.



Жұптар тақырыпты оқып, бірігіп «Insert» кестесін толтырады. «Сұрағым бар» бағанындағы сұрақты басқа жұптарға қояды.

2 мин

Компьютер

MS Excel бағдарламасында формуладағы сілтемелерді қолдануды көрсету.

Мұқият есте сақтап тыңдайды.

15 мин

Компьютер, үлестірмелі қағаз

«Бөлмені жөндеу» іскерлік ойынын ұйымдастыру. Жөнделетін коттедж, офис, балабақша, үй, мейрамхана көрсету.

Жұптағы 1 оқушы тапсырыс беруші, 1 оқушы мердігер рөлін сомдайды. Екеуіне нұсқаулық беріледі. Мердігер көрсетілетін қызметтерін қымбатқа бағалай алады, ал тапсырыс беруші бағасын төмендетуді мақсат етеді.

3 мин




«Ыстық арқа» тренингі өткізу арқылы ойындағы жұптардың іс – әрекетін талқылату

Жұптар бір – бірінің арқаларын тақап, рөлдік ойын барысындағы іс - әрекеттерін талқылайды

5 мин

2 жұлдызша кеспе қағазы

«2 жұлдыз, 1 тілек» тренигі арқылы бағалайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет