Имандылық негізі – Ислам діні. Адам (а с) өмірі



бет9/11
Дата09.04.2019
өлшемі365.52 Kb.
#102637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әйелдердің жұмыс істеуі

Садети Әбәдия кітабында былай делінген:

«Бір әйелдің әкесі, шешесі және махрем туыстары жоқ болса немесе бар бірақ кедей болса, қарайтын ешкімі болмаса, мемлекет те көмек бермесе, бұл әйел өзінің, балаларының және ауру, кәрілік себебімен жұмыс істемейтін кедей әке-шешесінің нафақаларын (тамағы, киімі, тұратын жері) қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге міндетті. Еркектермен аралас болмаған әйел жұмысында істеуі керек. Еркек жоқ жұмыс табылмаса, денсаулығын, дінін, намысын, Мұсылмандық қадірін қорғай алатын мөлшерде, еркектер бар жерде оранған күйде жұмыс істеуі жайыз болады. Бұл нафақасын қамтамасыз етуіне кедергі болмау керек. Мұндай қажеттіліктерден артық ол жерде қалу жайыз болмайды.

Жұмыста басын қолдарын ашуға мәжбүрлесе, ашпасаң жұмыстан шығасың десе, оранған күйде жұмыс істейтін басқа жұмыс таппаса, қолдарын ашып жұмыс істеуі Имам Әбу Юсуптың қауылы бойынша жайыз болады. Әйелдердің құлақтарынан төменгі ұзын шаштарын жабуы фарыз емес деген ғалымдар да болған. Басқа шара болмаған кезде бұл зайыф (әлсіз) қауылымен амал ету жайыз болады. Бастағы шаштарды жабу фарз екені ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген болса да, құлақтан төменгі ұзын шаштарды ашу қиыншылыққа түсу себебімен жайыз болады.

Мұндай қиыншылыққа түскен әйел әркез еркектермен аралас болмаған немесе оранып жұмыс істеуге болатын жер іздеуі керек. Көшеде жүргенде шаштарын, қолдарын жабуы керек. Мұсылман еркекке тұрмысқа шыққанда оның нафақасын күйеуі қамтамасыз етуге мәжбүр. Бай болмаған әке-шешесіне және балаларына нафақа беруге міндетті болмаса да күйеуінің рұқсатымен жұмыс істеп оларға қарауы керек.»

Дінімізде әйел күн көріс дертінен, табыс табу уайымынан босатылған. Ол жұмыс істеп ақша табуға мәжбүр емес. Керісінше барлық нәрсені оның аяғына алып келу мәжбүрлігі бар. Дініміз әйелге осындай қадір берген.

Мұсылман әйел сауда-саттық, ғылым, егіншілікпен айналысуға мәжбүр болмаса да, бұлармен шұғылдануы, ақша табуы күнә емес, өз қалауымен жұмыс істей алады.

Тек бұлармен шұғылдануда харамдардан сақтануы шарт. Харам істей отырып еңбек етуге де ғибадат жасауға да болмайды.



Шайтан адамды қалай азғырады екен?

А.Т. Адамды(а.с)-нің денесін жаратқан кезде оны рухсыз жәннатты бір жеріне қойган. Сол кезде бүкіл періштелер (олардын арасында Ібілісте бар) бұл адамнан денесін айтылып қатты қорқу ішінде болган, қатты қорыққанда Ібіліс болды. Ібіліс періштелерден сұрады:-Егер бұл сендерден жоғары болса, оған бас иесіндерме?

Періштелер:-Алланың әмірін орындаймыз! - деп жауап береді.

Ібіліс:-Уаллаһи егер бұл менен үстем (жоғары) болса, мен оған итағат етмеймин, бойын ұсынбаймын.

Ібіліс жәннаттан қуылған кезде Ібіліс Хз. Аллаға жалбарынады:-Ей жаратушы ием! Адамның кесірінен мені жәннаттан қудың, мен өз басыма ондай ала алмаймын, тек қана сен маған рұқсат берсен ғана өшімді аламын.

Аллаһ Тағала:-Оның ұрпағынан өш аласың? Өйткені пайғанбарлар сенін істеген қапқандардан сақтанған.

Ібіліс:-Тағы да баска үстемділіктерді мүмкіншіліктерді сұраймын?

Аллаһ Тағала:-Онын ұрпағынан шыққан 1 балаға қарсылық сенің ұрпағынан шыққан екі есе тез өседі.

Ібіліс:-Тағы басқаларды сұраймын.

Аллаһ Тағала:-Онын ұрпақтарының жүректері сенің жатағың, қан тамырларында да айналып жүре бересің, Қалаган нәрселерімен оларды алда. Мал-мүлік болсын, балалары болсын әр нарсемен. Пұттарға табындыруға үйрет. Тәубәсін соңына калдыруды үйрет,- деп жауап береди.

Адам (а.с.)-да:-Шайтанға бұл нығметтер берілгенде, ия Раббым! Бұл шайтанды үстем қылдың, яғни мені азғыру үшін оған күш бердің, егер сенің жәрдемің болмаса, менің күшім оған қарсылық беруге еш жоқ- деп жалынады.

Аллаһ Тағала:-Сенің ұрпағынан болған әрбір сәбидің басына бір қорғаушы періште беремін- деп жауап береді.

Адам (а.с.): -тағы да сұраймын?

Аллаһ Тағала: -Жасаған жақсылықтың қарсылығы сауабы 10 кат.

Адам (а.с.): -тағы да сұраймын?

Аллаһ Тағала: -Жандары шыққанга дейін тәубе етуге мүмкіншілікті қолдарынан алмаймын.

Адам (а.с.): -тағы да сұраймын?

Аллаһ Тағала: -Қатты қиыншылықты түсирмей оларды кешіремін.

Адам (а.с.): -Сенің кешірімің жетеді.

Бұдан кейін Шайтан тағы да Алланың жанына келіп:-иа Раббым! Адам ұрпағынан пайғамбарларды жараттың, оган кітаптарды түсірдің, қане менің елшілерім?

Аллаһ Тағала: - Бақсылар-деп жауап береді.

Шайтан: -Кітаптарым не болады?

Аллаһ Тағала: -Денелерге жазылған жазулар, бастырылган суреттер.

Шайтан: -Сөзім не болады?

Аллаһ Тағала: -Өтірік.

Шайтан: -Құраным не болады?

Аллаһ Тағала: - Өлеңдерің.

Шайтан:Муедзин(азан шауырушы) кім болады?

Аллаһ Тағала: -

Шайтан: мешітім қай жер болады?

Аллаһ Тағала: -базарлар.

Шайтан:- Үйім кай жер болады?

Аллаһ Тағала: - Моншалар.

Шайтан:- тағамым не болады?

Аллаһ Тағала: -Қалдықтар, жеуге келмейтін

Шайтан: - не ишемін?

Аллаһ Тағала: -бас айландыратын барлық арақ-шарап сенікі

Шайтан:- қапқаным (азғыратын құралым) не болады

Аллаһ Тағала: - Әйел-деп жауап береді екен

Аллаһ Тағала сіздерді және біздерді қуылған шайтаннан қорғасын. Амин!




Қиямет белгісі: Меккеде биік үйлер салынады...


Меккеде биік үйлер салынады, Замануи көліктер пайда боладыМүминдердің жанын алу үшін жайлы жел жіберіледі: Бұл Қияметтің үлкен белгісіне жатады.  Аллаһ тағала мүминдердің ғана жанын алатын  жайлы самал жібереді. Яғни, Аллаһ тағала мүминдерді жанын алу арықлы Қияметте болатын үрейлі көріністерден сақтап қалады. Қияметті яғни үрейлі оқиғаларды адамдардың ең жамандары ғана көреді. Наууас ибн Самғаннан (р.ғ.) жеткен хадисте Пайғамбар (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Олар осылай жүргенде, Аллаһ бір жағымды жел жібереді де, ол (жел) олардың қолтықтарының астынан ұстап, әрбір мүмін мен әрбір мұсылманның жанын алады. Сөйтіп адамдар арасынан есектердің бір-бірімен шағылысатыны сияқты ашық жақындасатын ең жамандары қалады. Қиямет міне соларға келеді», деген. ( Мүслімде келген хадис). Абдуллаһ ибн Амрден (р.ғ.) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Сонан соң Аллаһ Шам жақтан салқын жел жібереді де, жер бетінде жүрегінде тозаңның салмағындай жақсылық (немесе иман) бар ешкім қалмастан, (жел) оның жанын алады. Тіпті біреуің таудың бауырына кіріп кетсе де, (жел) оның жанын алу үшін соңынан кіреді», деген. (Мүслімде келген хадис). Бір айтып өтер жайт: бұл жел Дәжжал шыққаннан кейін және Мәрямұлы Иса (ғ.с.) келіп, ол өлгеннен кейін болады.http://www.islamdini.ru/suretter/janalyk2/kiyamettin-belgisi-mekkede-uiler-zaulim-salynady.jpg
Меккеде биік үйлердің салынуы:  Көне замандарда Мекке қаласының тұрғындары және ондағы ғимараттар өте аз еді. Ал, Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мекке ғимараттарының төңіректегі тау жоталарынан да асып, көкке тірелерліктей биік етіп салынуы қияметтің белгілеріне жататындығын айтып кетті. Яълә ибн Ато өзінің әкесінің былай дегенін жеткізеді: "Мен Абдуллаһ ибн Амрдың астындағы жануардың ноқтасынан ұстап келе жатқанымда ол: "Үйді (яғни, Қағбаны) бірде-бір тасын қалдырмай қирататын өздерің боласыңдар”, деді. Адамдар: "Біз исламда болсақ та ма?” деді. Ол: "Сендер исламда болсаңдар да”, деді. Адамдар: "Содан кейін не болады?” деп сұрады. Ол: "Содан кейін бұрынғысынан да көркем (ғимараттар) салынады. Сонда, Меккенің тесіліп қазылғанын көресің және (ол кездегі) ғимарат таулардың шыңдарынан да биіктетілгенін көресің. Сол кезде іс (яғни, қиямет) сенің басыңа үйіріледі деп біле бер”, деді” (Ибн Әби Шәйбә мен әл-Әрзақийда келген хадис). "Меккенің тесіліп қазылғанын көресіңдеген мәтінге келер болсақ, мұнда тауларды жонып жасалған жер асты өткелдер мен Зәм-Зәм суы үшін тартылған аса жуан трубалар меңзеліп тұрған болуы мүмкін.
Үмметтің ақырғылары әуелгілерін лағынаттайды:  Заман ақырына таяғанда дінге жаңалық боп енетін бидғаттар көбейеді. Кейінгі мұсылмандар алғашқы мұсылмандарды мойындамайтын болады. Ардақты сахабалардың артықшылықтары мен дін қызметіндегі орнын ұмытады. Сахабаларды Аллаһтың Өзі мақтағанын елемейтін немесе елегісі де келмейтін болады. Тіпті, ақырзаман мұсылмандары бұл үмметтің алғашқы буындарын лағынеттеп қарғайды. Хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Үмметтің ақырғылары әуелгілеріне қарғыс айтқанға дейін қиямет болмайды”, деген. (Әл-Һәйсумиде келген хадис). Мұндағы "үммет” деп отырғаны Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметі. Анығын бір Аллаһ ғана біледі.
Заманауи көліктердің пайда болуы: Кейбір хадистердің жалпы ұғымынан ақырғы заманда ойлап табылатын техникалық жетістіктерді байқауға болады. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге Қиямет таяғанда базарлардың көбеюі, уақыттың жылдам өтуі сияқты нақты мәтінмен айтылған белгілермен қоса, астарлы ұғыммен келген белгілерді де нұсқап кетті. Ғалымдардың кейбірі осы заманымызда біз білетін автокөлік жөнінде де хадистерде астарлы түрде айтылып кеткен деп санайды. Ибн Омардан (р.ғ.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Үмметімнің ақырына таман ертоқымдарға ұқсас нәрселерге мініп, мешіттердің қақпалары алдына тоқтайтын кісілер болады. Олардың әйелдері киімі бар жалаңаш (болады)…”, деп айтқан. ( Ибн Хиббәнда келген хадис). Мұнда Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі көрмеген көлік түрін айтып тұр. Осы сияқты хадистерде қазіргі біз білетін автокөліктер меңзеледі. Анығы бір Аллаһқа ғана аян!

Тағдырдан тағдырға қашу


Хижреттің 17-18 жылдары Шам төңірегінде «Әмуас обасы» деп аталатын оба ауруы кең тарады. Ең алғашқы шыққан жері Палестинаның Әмуас аймағы болғандық-тан осылай аталған. Бұл жұқпалы ауру әкелген кеселден 25 мың адамның өмірі қиылып, тіпті үлкен сахабалардың қатарындағы Әбу Үбәйда ибн Жәррах пен қоса Муаз ибн Жәбал да айықпас дерттің қармағына іліккен-ді .
Сол жылы Омар (р.а.) Шамға бармақ болып жолға шықты, Оны ірі қолбасшыларымен бірге Шам әкімі Әбу Үбәйда қала сыртынан күтіп алды. Бірақ Шамда ауруының тарағанын естіген соң халифа мен сахабалары қалаға кірместен кері қайтуды жөн көрді. Оны естігенде Әбу Үбәйда (р.а.) таңырқап:

- Аллаһтың тағдырынан қашқаның қалай?- дегенде, Хазірет Омар оған қарап:

- Иә, Аллаһ жазған тағдырдан және Соның тағдырына қашып бара жатқан жоқпын ба?! Сен түйелеріңді бір жағы жоңышқа, бір жағы жусанды бетке жайып түйелерің қайсысынан оттаса да сен Аллаһтың тағдырымен жайған болып саналмайсың ба?- деп ойланта жауап қайырды.

Қасындағылармен бірге Мәдинаға қайтқан хазірет Омар оба ауруының тез жайылып бара жатқандығына алаңдағандықтан тым болмаса Әбу Үбәйданы құтқарып қалмақ болып келе сала былай деп хат жолдайды:



«Ассалаумағалейкум! Бір мәселе жайлы ақылдасу үшін сен маған аса қажет болып тұрсың. Хатты ала сала дереу жолға шық!»

Хазірет Омардың ойын айтқызбай-ақ ұққан Әбу Үбәйда іле-шала мынадай жауап жазады:


«Әй, мүминдердің басшысы! Мені неліктен қажетсініп тұрғаныңды білемін. Алайда мен мұсылман әскерлермен бірге болғандықтан өзімді олардан артық санай алмаймын. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген. Мен де пешенеге жазылғанды көрермін. Маған оларды таста да, кел дегеніңе келісе алмаймын.»






Ғибрат аларлық оқиғалар

Адам баласының бақытты болуының бір сыры...

 

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Адам баласының бақытты болуының бір сыры Аллаһ Тағаланың үкімдеріне ырзашылық көрсетуінде. Ал (өмір жолына көңілі толмай) арызданып жүруінің себебі Аллаһ Тағаладан жақсылықты талап етуді доғарып қоюында. Сол сияқты тағы бір себебі Аллаһтың үкімдеріне ырзашылық танытпауында.»



 

 

Бір құрманың жартысын берумен болса да...

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Бір құрманың жартысын (садақа етіп) барумен болса да, тозақ отынан сақтаныңыздар. Егер сіздерден біреу бұны да жасай алмаған болса, ең болмағанда бір мұсылман бауырын қуантатын сөз айтсын», - деген.



 

 

Бауырыңа жәрдем ет...

 

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сахабасына:



 - Бауырыңа ол жауыз болса да, жәбірленуші болса да жәрдем ет, - деп айтты. Мұны естіген сахаба таң қалып:

 - Жәбірленушіге жәрдем етермін, ал жауызға қалай жәрдем етемін, - деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.а.у.) :



- Оған жауыздық іс-әрекетін тыюға көмек беруің – оған сенің жәрдемің болады, - деп жауап берген.

 

 



Жәннатқа баруға ең күшті себеп...

 

Бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.у.) – нан бір кісі сұрайды:



- Жәннатқа баруға ең күшті себеп не? – деп сұралғанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.):

 - Аллаһтан қорқу және жақсы мінез, - деп жауап берген.

 

 

 Жәннат пен жәһаннамның дұғасы...



 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: Мұсылман адам үшін үш рет Аллаһтан жәннатты тілесе, жәннат: «Аллаһым, оны жәннатқа кіргіз», - деп сұрайды. Және мұсылман адам үш рет Аллаһтан жәһәнамнан алыстауды тілесе, жәһаннам : «Аллаһым, оны менен алыстат», - дейді.

 

 

Бес дәрі



 

Бір падишах уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып, тек қана қара нан су берілуін әмір етеді. Күндер ұзап бара жатқанға қарамастан уәзірдің шағымданбай мойынсұнып отырғанын байқаған падишах, зынданға барып уәзірді алдына алып келуді бұйырады. Жегені тек қара нан, ішкені қара су болса да, уәзірдің наразылық көрсетпей қалайша сабыр сақтай алғанын білгісі келеді:

 - «Мәртебелім, менің бес дәрім бар, соларды ішіп жүрмін». Падишах « қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін» деген әмірін көмекшілері орындамағанына қатты ашуланады. Уәзірге:

- «Қайда ол дәрілер? Көрсет маған!». Сонда Уәзір:

«Бірінші дәрім – тәуекел! Яғни, Аллаһқа иман етіп, істерімді Оған тапсырдым.

Екінші дәрім – тағдырға ризашылық «Жазмыштан озмыш жоқ». Маңдайыма жазылғандардың бәріне көніп еш шағымданбаймын.

Үшінші дәрім – сабыр.

Төртінші дәрім – қанағат! Жағдайы менікінен де жаман болғандарды ойлаймын да, шүкір етемін.

 Бесінші дәрім – үміт! Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан шығатыныма үміттімін, - деп бес дәріні айтып, падишахты аң-таң қалдырған екен.»

 

 

 Анаға құрмет!



 

Атақты сахабалардың бірі, Пайғамбар (с.а.у.) ілімін жалғастырушы Әбу Хурайра өзінің барлық өмірінде анасына үлкен инабаттылықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын. Әрқашан ол үйінен шығарда анасының бөлмесіне кірмей, есігінің жанына тоқтап :

- Анашым, саған тыныштық тілеймін. Аллаһ Тағаланың саған құрметі мен оның рақымы жаусын, - дейтін. Оған анасы:

- Саған да тыныштық тілеймін, ұлым. Аллаһ Тағаланың құрметін иелен, оның рақымы түссін, - деп жауап қайтаратын. Әбу Хурайра :

 - Аллаһ Тағала саған, кішкентайдан мені өсіргеннің үшін рақымшылық берсін, - деп сөзін жалғастыратын Әбу Хурайра. Сонда анасы :

 - Саған да Аллаһ Тағала маған деген қайырымдылығың үшін нұрын төксін, - дейтін анасы. Әр сапарының үйіне қайтып келгенде де Әбу Хурайра жүрек тербейтін осы сөздерді жиі қайталайтын болған



Ғибратнамалар

 

Қабыл болған қажылық

Ерте заманда Бағдат деген шаһарда бір етікші адал еңбегімен Меккеге қажылыққа баратындай қаржы жинайды. Сапарға енді шыққалы отырғанда, мүгедек көршісі қатты ауырып қалады. Ол бағып-қағатын ешкімі де жоқ баласы жас, жалғызілікті кісі болса керек. Әлгі етікші сырқат көршісіне қарайласу үшін сапардан қалады. Бір таңқаларлығы келесі жылы да тап осы жағдай қайталанып, екінші рет қажылық сапардан қалады. Үшінші жылы Меккеге аттануға қамданып, керуеннің жолына қарайлап отырғанда әлгі сырқат көршісі қайтыс болады. Етікші енді, қажылыққа мүлде бара алмайтынын сезеді. Көршісінің жетім баласын өзінен басқа қарайтын жан жоқ еді. Етікші қажыға аттанғандардан Пайғамбарымызға (с.а.у.) сәлем айтып баруын өтінеді.

Ең ғажабы сол қажыдан оралған жерлестерінің көбі етікшіге: «Сенің қасиетті Қағбаны тәуап етіп жүргеніңді көрдік!» - деп, таң-тамаша болса, ал жолдастары болса Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Ол етікші қажылардың қажысы болды!» - деген сүйіеші хабарын жеткізген көрінеді.

 

Жақсылық жасауда батыл болыңдар...

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Егер басқасы бізге жақсылық жасаса, біз де оған жақсылық жасаймыз. Жамандық жасаса біз де жамандық жасаймыз, дейтіндерден болмаңдар. Жақсылықта батыл және табанды болыңдар. Басқалары сендерге жақсылық жасағанда сендер де оларға жақсылық жасаңдар. Жамандық жасаса, оларға жамандықпен жауап қайтармаңдар» деп айтқан.

 

Артық бір нәрсе айтайын ба?

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларынан:

 - Сендерге намаз, ораза және садақадан да артық бір нәрсе айтайын ба? – деп сұрады. Сахабалар:

 - Иә, ей Аллаһтың Елшісі! – десті. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

 - Жарастыру мен татуластыру. Себебі, араның бұзылуы шаштың түбінен емес, діннің түбінен шығады, - деді.

 

Қарттың ұлына өсиеті

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:

- Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке:

- Неғып отырсың? – дейді. Жігіт:

 - Жәй отырмын, - деп жауап береді. Шал:

- Шыныңды айт! – деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:

- Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді. Жігіт:

- Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, - дейді. Шал:

- Қандай өсиет айтып еді?- дейді. Жігіт:

- Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал» - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды,-дейді. Шал тұрып жігітке:

- Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» - дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» - дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» - дегені еді. «Ас ішсең бал же» - дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» - дегені еді, деп қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.

 

Жолым жарық болсын

Бір кісі көзі тірісінде жасалыну керек ғибадаттарды жасамай, мен жасамасам да артымнан балаларым жасаған ізгі амалдардың сауабы маған жетеді деп жүреді. Солкісі бір күні түс көреді. Түсінде тас қараңғы бір жолда келе жатыр екен. Балалары да артынан шам көтеріп жүр екен. Шам балалардың қолында болғаны үшін, әлгі кісінің жолына жарық толық түспей тұрады. Алдын дұрыстап көре алмай қалғаннан шаршаған әлгі біреу балаларына:

- Түүй, мына бір шамды алға қарай ұстасаңшы. Сендердікіндей менің де жолым жарық болсын. Баласының жауабы қысқа әрі нұсқа болады:



- Әке, артыңыздағы шам сәулесі тек осыншалықты ғана жарық бере алады. Сол түсінен кейін есін жинаған кісі, өзінен кейін біреудің жасаған жақсылығына үміт артудан бас тартып, ғибадат пен жақсылықтарды өзі жасауға тырысқан екен.

Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет