Имандылық негізі – Ислам діні. Адам (а с) өмірі


Перзенттің ата-ананың алдындағы парызы жайында



бет8/11
Дата09.04.2019
өлшемі365.52 Kb.
#102637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Перзенттің ата-ананың алдындағы парызы жайында.
Анаға жақсылық істеу

"Мен пайғамбарымыздан (с.ғ.с): "Ей, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Жақсылықты алдымен кімге істейін?" - деп сұрағанымда, ол кісі (с.ғ.с):

- Анаңа! - деді.

- Одан кейін ше?

- Анаңа!

- Ал одан кейін ше?

- Анаңа!

- Одан кейін ше?

- Әкеңе. Сосын жақындығына қарай туысқандарыңа!"

(Муъауия ибн Хайдардан).


Бір кісі Ибн Аббасқа (р.а) келіп: "Мен бір әйелді айттырып едім, бірақ ол маған күйеуге шығуды қаламады. Кейін оған басқа бір кісі айттырғанда,ол әйел онымен некелесуге келісімін беріпті. Сонда мен ол әйелді қызғанғандықтан, өлтіріп тастадым. Мен сол үшін тәубе етсем бола ма?" - деді. Ибн Аббас (р.а) одан "Сенің анаң тірі ме?" - деп сұрады. Ол: "Жоқ" - деді. Сонда Ибн Аббас (р.а): "Аллаһ Тағалаға тәубе ет те, қолыңнан келгенше Аллаһ Тағалаға жақын болуға тырыс!» - деді. Осыдан кейін әлгі адам кетті. Мен ибн Аббастан (р.а): "Оның анасы жайында не үшін сұрадыңыз?" - деп сұрағанымда, ол кісі (р.а): "Расында, мен анаға жақсылық істеуден басқа Аллаһ Тағалаға жақын амалды білмеймін" - деді. (Ьата ибн Ясардан (р.а)).
Әкеге жақсылық істеу

Пайғамбарымызға (с.ғ.с) бір адам келіп: «Маған не бұйырасыз?» - деп сұрағанда, ол кісі (с.ғ.с): «Анаңа жақсылық істе!» - деді. Әлгі адам екінші рет: «Маған не бұйырасыз?» - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Анаңа жақсылық істе!» - деді. Үшінші рет: "Маған не бұйырасыз?" - деп сұрағанда, Пайғамбар (с.ғ.с) тағы да: "Анаңа жақсылық істе!" - деп жауап берді. Әлгі адам төртінші рет: «Маған не бұйырасыз?» - деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с): "Әкеңе жақсылық істе!" – деді. (Әбу Хурайрадан (р.а)).


Ата-анаға жақсылық істеу

"Мен Нәждәт Амир әл-Харижийдің әскерімен бірге болғанымда, біршама күнәға ұрынып, істегенімді ауыр күнә деген ойда болдым. Ол жайында ибн Омарға (р.а) айтқанымда, ол: «Ол қандай күнә?» - деп сұрады. Мен ол кісіге (р.а): "Былай-былай" - деп баяндап бердім. Сонда ибн Омар: "Айтқаның ауыр күнәға жатпайды. Ауыр күнәға тоғыз нәрсе жатады. Олар - Аллаһқа серік қосу, кісі өлтіру, соғыстан қашу, ізгі әйелге жала жабу, өсім алу, жетімнің малын жеу, мешітте тұрып Аллаһ Таьаланың барлығын жоққа шығару, басқаларды мұқатып-кемсіту, баланың ибасыздығынан ата-ананың күйініп жылауы» -деді. Осыдан кейін ибн Омар (р.а) менен: "Сен тозақтан аман болып, жәннәтқа кіруді қалайсың ба?» - деп сұрады. Мен: «Аллаһқа ант етіп айтайын, әрине, қалаймын» - дедім. Ол: «Ата-анаң тірі ме?» - деп сұрады. Мен оған: «Анам тірі» - дедім. Сонда ол кісі: «Аллаһпен ант етіп айтайын, анаңа жылы сөйлеп, (жақсы) тамақтандырып асырасаң әрі ауыр күнәдан сақтанғаныңа қарай, сөзсіз, жәннатқа кіресің» - деді. (Тайсалә ибн Маййастан (р.а)).

Ьуруа ибн әз-Зубайр (р.а) Аллаһ Таьаланың:

"Ол екеуіне кішіпейілдік пен мейірімділік құшағын жай!» - деген аятына «Ата-анаң нені қаласа да, оларды одан тыйюшы болма!» - деп түсінік берген еді. (Һишам ибн Ьуруадан (р.а)).


Перзент ата-анасының қарызынан құтыла алмайды

Расулуллаһ (с.ғ.с): "Перзент құлдықта жүрген әкесінің құнын төлеп, оны азат етпейінше, өсіріп-жеткізгенінің қарызынан құтыла алмайды» - деген. (Әбу Һурайрадан).


"Мен әкемнің былай дегенін естідім. Ол ибн Омарды (р.а) көрген еді. Анасын арқалаған Йемендік бір кісі: "Мінген түйесі мен қомы қанша шайқалып, тербетілсе де, анама ешбір әсер ете алмайды" – деген мағынадағы сөзді айта жүріп, Қағбаны тауаф етеді. Кейін ол ибн Омардан: "Ей, Омар, қалай ойлайсың, мен анамның ақ сүтінен құтылдым ба?" - деп сұрады. Кейін ибн Омар: "Жоқ, сен анаңның таң сәріде босанып жатқан кезіндегі бір рет ыңырсығанынан да құтыла алмадың" – деп жауап береді. Осыдан соң ибн Омар Қағбаны тауаф етіп, Ибраһимнің (ғ.с) мақамына келіп, екі рәкәъат намаз оқиды. Кейін: «Ей, Әбу Мұсаның ұлы! Шынында, екі рәкәъат намаз одан бұрын істелген күнәларды жуып шаяды» - деді". (Саъид ибн Әбу Бурдадан).

Бір кісі ата-анасын жылаған күйде қалдырып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) алдына һижрат етуге ант бергелі келген еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ата-анаңа қайтып бар. Әрі екеуін қалай жылатқан болсаң, дәл солай (қуантқын) күлдірткін» - деп бұйырады. (Абдуллаһ ибн Ъамрдан (р.а)).

"Әбу Һурайрамен (р.а) бірге әл-Ъақиқаға (жер атауы) жол жүрдім. Онда Әбу Һурайраның жекеменшік жері бар еді. Жеріне жеткен уақытта Әбу Һурайра қатты дауыстап: «Анашым! Ассаламу ъалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Сізге Аллаһ Таъаланың сәлемі, рахметі мен берекеті болсын!» - деді. Сонда анасы оған: "Уа ъалейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Саған Аллаһ Таъаланың сәлемі, рахметі мен берекеті болсын!» - деп жауап берді. Әбу Һурайра: «Мені тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін Аллаһ Таъала сізді рахметіне бөлесін!» - дегенде, анасы: «Қартайған шағымда мені құрметтегенің үшін Аллаһ Таъала саған разы болып, рахметіне бөлесін!» - деді. Муса: «Әбу Һурайраның шын аты - Абдуллаһ ибн Амр еді» - деген. (Әбу Муррадан).

Ата-ананы қадірлемеу туралы

Расулуллаһ (с.ғ.с) үш қайтара: «Сендерге ауыр күнәлардың ішіндегі ең ауыры қандай күнә екенін айтайын ба?» - деді. Сахабалар: «Иә, ей Аллаһтың елшісі (с.ғ.с)!" - дейді. Расулуллаһ (с.ғ.с): «Аллаһ Тағалаға серік қосу және ата-ананы қадірлемеу» - деді. Бұл сөзді айтқанда Расулуллаһ (с.ғ.с) сүйеніп отырған еді. Кейін түзу отырып: «Әрі өтірік сөз емес пе?» - деді. Сонда Расулуллаһтың (с.ғ.с) бұл сөзді қайталағаны соншалық, тіпті мен: «Ол кісі (с.ғ.с) үндемей-ақ қойса ғой" - дедім». (Әбу Бакрден (р.а)).

Муьауия аль-Муғираға (р.а): «Маған Расулуллаһ (с.ғ.с) не естігеніңді жазып жіберші» - деп хат жазған болатын. Аль-Муғира Муъауияға беретін жауабын маған айтқан уақытта, мен оны өз қолыммен жазып отырдым. «Мен Расулуллаһтың (с.ғ.с) орынсыз көп сұрақ беруден, қаржыны (орынсыз жерге жұмсап) құртудан және "ол былай деді, мен былай дедім" деген секілді сөз тасудан тыйғанын естідім» - деген. (Аль-Муғираның хатшысы Уаррадтан (р.а)).
Ата-анасына тіл тигізген кісі Аллаһтың лағынетіне ұшырайды

Әлиден (р.а): «Аллаһтың Елшісі (с.ғ.с) сіздерді жалпы адамдар ерекшелендірген қандай-да бір нәрсе мен ерекшелеп пе еді?» - деп сұрағанда, ол: «Жоқ, Расулуллаһ (с.ғ.с) бізді ерекшелемейтін, тек менің қылышымның қынабындағылар болмаса» - деп одан бір қағазды шығарды. Ол қағазда: «Аллаһ Тағаланың атымен емес, (Аллаһтан) басқаның атымен мал бауыздаған кісіні Аллаһ лағынет етті. Біреудің жер белгісін жерінің шекарасынан ұрлаған кісіні Аллаһ лағынет етті. Ата-анасын лағынеттеген кісіні Аллаһ лағынет етті және дінге, шариғатқа жаңа нәрсе енгізгенді Аллаһ Тағала лағынет етті» - деген жазу бар еді. (Әбу әт–Туфайлден (р.а))


Күнә болмаған істе ата-анаға бой ұсыну

Расулуллаһ (с.ғ.с) маған тоғыз нәрсені өсиет етті: «Денең бөлшектеніп кесілсең де немесе отқа салынып күйсең де, Аллаһқа ешнәрсені серік қосушы болма! Парыз намаздарды әдейі оқымай қойма, кімде-кім намаз оқуды әдейі тәрк етсе, Аллаһ Тағаланың қамқорлығынан айрылады. Арақ-шарапты ішуші болма, себебі ол – бүкіл жамандық атаулының кілті. Ата-анаңа мойынұсын, "жаныңды бер" - деп талап етсе, жаныңды бер! Егер сен өзіңді күмәнсіз билікке лайық көрсең де, олармен билікке таласушы, дауласушы болма! Жауға қарсы шапқан уақытта өліп кетсең де және жаныңдағы достарың қашып кетсе де, сен қашушы болма! Күш-жігеріңді отбасың үшін жұмса! Бала-шағаңды әдепке шақырудан тыйылма, оларды Аллаһ Тағаланың азабымен қорқыт!». (Әбу ад-Дардадан).

Бір кісі Нәбиге (с.ғ.с) келіп өзінің жихадқа барғысы келетіндігін айтады. Сонда Нәби (с.ғ.с): «Сенің ата-анаң тірі ме?» - дейді. Ол: «Иә, тірі» - деп жауап берді. Аллаһтың елшісі Расулуллаһ (с.ғ.с): «Олай болса, ата-анаңның разылығын алу үшін әрекет ет!» - деді (Абдуллаһ ибн Амрден).
Аллаһ Тағалаға серік қосушы болса да ата-анаға жақсылық істеу

«Аллаһ Тағаланың кітабында маған қатысты 4 аят түсірілді. Анам мен Мұхаммедпен (с.ғ.с) мен айырылыспайынша ішіп-жемеуге ант еткен еді. Бұған қатысты Аллаһ Тағала: «Егер ата-анаң білмеген нәрсеңді Маған серік етуге зорласа, оларға бағынба! Олармен дүние ісінде дұрыс мәміледе бол!» - деген аятын түсірді.

Соғыстың олжасынан түскен бір қылыш маған ұнаған болатын. Мен оны қолыма алып: «Ей, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Мұны маған беріңізші!» - дедім. Бұған қатысты «Мұхаммед (с.ғ.с), олар сенен соғыс олжасы жайында сұрайды» - аяты түсірілді.

Мен ауырып жатқанымда маған Мұхаммед (с.ғ.с) келді. Мен одан (с.ғ.с): «Ей, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Мен малымды бөліп үлестіруді қалаймын. Маған малымның жартысын үлестіруді ұсынар ма едіңіз?» - деп сұрағанымда, ол кісі (с.ғ.с): «Жоқ» - деп жауап берді. Мен: «Үштен бірін үлестірсем бола ма?» - дегенімде, ол кісі (с.ғ.с) үндемеді. Осылайша малдың үштен бірін үлестіру рұқсат етілген болатын. Күндердің күнінде ансарлардың бір тобымен отырып, арақ-шарап ішіп едім. Олардан бір кісі менің мұрнымнан түйенің жағымен ұрды. Мен Нәбиге (с.ғ.с) келдім де, болған оқиғаны айттым. Осыдан кейін Аллаһ Тағала арақ-шараптың харам етілгендігі жайында баяндалған аятын түсірді» (Саьад Ибн Әби Уаққас (р.а)).

Нәбидің (с.ғ.с) заманында маған анам келді, ол Исламды қабылдауымды қаламайтын. Мен бұл жайында Нәбиден (с.ғ.с): «Мен анама жақсылық істеуім керек пе?» - деп сұрағанымда, ол (с.ғ.с): «Иә» - деді (Асма Бинт Әбу Бәкір (р.а)).
Ата ананы балағаттамау

Нәби (с.ғ.с): «Кісінің өз ата-анасын балағаттауы ауыр күнәға жатады» - деді. Сонда сахабалар: «Өз ата-анасын қалайша балағаттайды?» - деп сұрайды. Нәби (с.ғ.с): «Ол бір кісіні балағаттайды, ол да оның әкесі мен шешесін балағаттайды» - дейді (Ибн Ъамрдан).

Абдуллаһ ибн Ъамр ибн әл-Ъас (р.а): «Кісінің өз ата-анасын балағаттауы Аллаһ Таъаланың құзырында ауыр күнәға жатады» - деген (Ъурва ибн Ъыяд).
Ата-ананы қадірлемеудің жазасы

Нәби (с.ғ.с): «Ахиретте қатты азапқа душар етуден бұрын осы дүниеде азапталуына себеп болатын әділетсіздік және туған-туысқанмен қатынасты үзуден өтер лайық күнә жоқ» (Әбу Бәкр (р.а)).


Ата-ананың көз жасын төгуден сақтану

Ибн Омар (р.а): «Ата–ананың жылауы, оларға құлақ аспау - үлкен күнәлардан» - деген.


Ата-ананың дұғасы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Үш түрлі дұға қабыл, оған еш күмән жоқ. Олар - зұлымдық көрген кісінің дұғасы, жолаушы кісінің дұғасы және ата-ананың баласына жасаған дұғасы» - деді (Абу Хурайра (р.а)).


Аллаһ тағаланы білесің бе?
Бір күні Аллаһтың сүйген құлы Абдуллаһ ибн Мүбәрак жолда кетіп бара жатып сонадайдан бір қора қой бағып жүрген баланы көзі шалады. Ішінен оған жаны ашып: «Кішкентайынан мал бағып өссе, үлкейгенінде Аллаһ тағалаға деген ғибадатын қалай орындамақ?»-дейді. Сосын ойын жинап, «қой, одан ол балаға Аллаһты танытатын сабақ үйретіп кетейін» дейді де, бағытын солай қарай бұрады. Жақындай келіп:

– Балам-ау, Аллаһ тағаланы білесің бе?– деді Абдуллаһ ибн Мүбәрак. Бала да:

– Құл қалайша өзінің иесін білмейді екен?!– деп шапшаң жауап қайыра қойды. Мұнан соң екеуара сөздері жарасып, әңгімелері одан әрі былайша өрбіді:

– Ал, айтшы, Аллаһ тағаланы қалайша білесің?

– Мына бағып жүрген қойларыма қарап білемін.

– Бұл қойларға қарап Оны қалай білесің?

– Байқасаңыз, мына бір қора қой шопансыз өздігінен жүре алмайды. Оларға жем-суын беріп, қасқыр сияқты жыртқыштардан қорғап жүру үшін бір қадағалап жүретін адам керек. Осыған қарап айнала қоршаған он сегіз мың ғалам, оның ішіндегі адамдар, жындар, жан-жануарлар, мына ұшып жүрген қанатты құстар бір қорғаушыға мұқтаж екенін білдім. Осыншама сан алуан жаратылысты қорғап, қамқорына алған Аллаһтан басқа ешкім емесі ап-анық. Алдымдағы қойларыма қарап, Аллаһ тағаланы осылай білдім.

– Аллаһ тағаланы қандай бейнеде түсінесің?

– Ешнәрсеге ұқсатпаймын.

– Оның ешнәрсеге ұқсамайтындыған қалай білдің?

– Тағы да сол көз алдымда жайлып жүрген қойларға қарап білдім.

– Қалайша?

– Мен – шопанмын. Оларды бақылап, қорғаушысымын. Бұл қойларды әрдайым назарымда ұстап, қадағалаймын, әрі жауапкершілікпен қараймын. Қараңызшы, қойлар маған ұқсамайды, сол сияқты мен де оларға ұқсамаймын. Демек, қойшының қойларына ұқсамайтындығына қарап, әлбетте Аллаһ тағаланың құлдарына ұқсамайтындығын осы-дан түсіндім. Мұндай жауапқа тәнті болған Абдуллаһ ибн Мүбәрак:

– Өте жақсы айттың, балам! Аз да болса, білім үйрендің бе?– деді. Әлгі бала:

– Мен мына сайын дала сахарада жүріп қайдан білім алмақпын?!– деді шынын айтып.

– Ал, жарайды. Басқа не үйрендің?

– Үш ілім үйрендім. Көңіл ілімі, тіл ілімі және дене ілімі.

– Бұлар не нәрсе, мен білмейді екенмін?!

– Көңіл ілімі деген мынау – Аллаһ маған жүрек берді және ол жерді кешірім мен махаббат орны етті. Сол үшін жүрегіммен Оны танимын. Сол үшін Жаратушымның жақсы көргендеріне ол жерден орын беріп, жек көрген нәрселеріне орын бермеймін, керек десеңіз, ондайлардан бойымды аулақ ұстаймын. Тіл ілімі дегенім мынау – маған тілді беріп, Жаратушыны еске алып, есімдерін зікір ететін орын етті. Оның қызметі арқылы Жаратушыны еске түсіретін сөздер айтып, ғайбат сөздерден оны қорғап, жаман сөздерден сақтану керек екенін көрсетті. Ал, дене ілімі дегенім мынау – Аллаһ маған дене-бітім берді және оны өзіне қызмет ету орны етті. Сондықтан, Оған қызмет болып саналатын сауапты игі істерді денеммен жасаймын-дағы, қызметіне жарамайтын теріс іс-әрекеттерден тал бойымды аулақ ұстаймын.

Абдуллаһ ибн Мүбәрак дала кезіп қой баққан баланың жауабы мен керемет айтқан ойлы сөздеріне шексіз ризашылығын білдіре келіп: «Ей, балам! Сенің маған үйреткендерің алғашқы, әрі соңғы ілімдер. Сол үшін маған насихат айт!» - деді. Қарғадай бала ол кісінің тегін емес екенін байқап: «Мырзам! Ғалым кісі екендігіңіз жүзіңізден байқалады Егер ілімді Аллаһтың разылығы үшін үйренген болсаңыз, адам баласынан қайтарымын талап етпеңіз, керек болса ол жағдайды күтпеңіз. Жоқ, егер дүние пайдасы үшін үйренген болсаңыз, жәннатқа қауыша алмайсыз»,– деп Аллаһтың сүйген құлы Абдуллаһ ибн Мүбәракқа астарлы сабақ болар ой айтқан екен.



Ибраһимнің қиссасы
Ибраһим (а.с.) бір күні теңіз жағасында жатқан бір жануардың өлексесін көрді. Бұл өлексені жағаға ұрған теңіз толқынымен ілесе келген балықтар жұлып-жұлып жеп, кетіп жатты. Толқын кетісімен төбедегі құстар келіп шоқып-шоқып жей бастады. Осылайша өлексенің бір бөлігі балықтардың, қалған бір бөлігі құстардың құрсағында кетіп жатты. Осы көріністі тамашалаған Ибраһим (а.с.) енді Ұлы Жаратушысының осы бөлік-бөлік боп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жануарды қалай тірілтетінін көргісі келіп, Раббысына: «Ей, Раббым, өлілерді қалай тірілтетініңді маған көрсетші», – деп өтініш жасады. Шынтуайтында Ибраһимнің (а.с.) тірілтуді көргісі келгені Ұлы Жаратушысының құдіретіне деген күмәннан туындамаған еді. Тек Ұлы Жаратушысының қалай тірілтетінін көріп, тамаша етіп, шеберлігіне таңғалып, шексіз құдіретін көрген жүрегі жай тауып, Ұлы Жаратушысына мадақ айтып, бас игісі келген-ді. Бір нәрсеге сену басқа, көру басқа. Сондықтан Ол: «Раббым өлілерді тірілте аласың ба?» деп сұраған жоқ, «Уа, Раббым маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсетші», – деді.

Аллаһ Тағала Ибраһимге (а.с.): «Жоқ, әлде сенбедің бе?», – деді. Негізінде Аллаһ Тағала оның ақыретке күмәнсіз сенетінін білетін еді. Ал, Ибраһимге былай деп сұрақ қоюуының себебі – кейін келетін адамдардың ол туралы қате түсінікке бармаулары үшін-ді.

Ибраһим (а.с.) өтінішіндегі мақсатын былай деп түсіндірді: «Әрине, (өлілерді қайта тірілтетініңе) сенемін. Бірақ (қалай тірілткеніңді көріп, әр нәрсені көргісі келетін) жүрегім жай тапсын деп едім.»

Осыдан кейін Аллаһ Тағала Ибраһим құлына: «Төрт тал құс ал. Сосын, оларды өзіңе әбден үйреншікті ет. (Сосын, төртеуін де сойып бір-бірімен араластырып) оларды (араласқан еттерді) әр таудың басына бөліп-бөліп қой. Сөйтіп олардың әрқайсысының атын атап шақыр; олар саған жүгірген күйде келеді. Аллаһтың (әр нәрсеге күші жететін) азиз әрі (әр нәрсені орын-орынды істейтін) хаким екендігін біл деді».

Ибраһим (а.с.) берілген әмірді бұлжытпай орындады. Құстарды тауып, сосын оларды әбден өзіне үйретті. Сосын оларды сойып, жүндерін жұлып, еттерін бір-бірімен араластырды. Сосын араласқан еттерді төртке бөліп, төрт таудың басына апарып тастады. Сөйтіп құстардың әрқайсысының атын атап шақырғаны сол еді, бәрінің тіріліп, ұшқан бойда жанына келгенін көріп Ұлы Жаратушысының құдіретіне таңғалып, жүрегі жай тапты.


Күйеу ақысы
Еркектің де ақылары көп. Әйел күйеуімен жақсы мәміледе болуы керек!

Заманымыздың жұмыс істеу шарттары өте ауыр, ақша табу өте қиын. Жұмыс ұжымындағы ара-қатынас та шиеленісіп жатады. Еркек көбінесе осындай ауыр жағдайлардан күйзеліп қиыншылық тартады. Шаршап-шалдығып, стреске ұшырап, үйіне әбіржіген күйде келеді. Ендігі бұл жағдайды түзеу, қиыншылықтарын ұмыттыру, оның көңілін көтеру, оған көмекші болу, қолдау әйелдің мойнына түседі. Осындай жағдайда үйге келген күйеуі ең азынан жылы шыраймен жағымды сөз күтеді, өзіне көңіл бөлуін қалайды. Бұны да көре алмаса жағдайы одан төмен түсіп кетеді. Сөздері әрекеттері де өзгереді. Ислам ғалымдары «үйінде тыныштығы болмаған еркек дүние Жаһаннамында жүргенмен тең» деген.

Осыншама азапта жүрген адамнан әртүрлі нұқсан әрекеттер күтуге болады. Әйел онсыз да толып келген жүйке ыдысын тасытатын соңғы тамшы болмау керек. Керісінше дереу жылы шырай танытып, көңілін аулауға кірісуі керек. Оны түсінуге тырысуы, сабыр етуі керек. Ол үйде болған кезде үй тірлігіне де қарамау керек, оның көңілін көтеріп оны қуанту керек. Үй тірлігі т.б. жұмыстарды ол болмаған кездерде жасауы керек.

Тұрмыстағы әйелдерге әрдайым айтатын кеңесіміз мынау: сырттқы дүние отқа толы, күйеулеріңе ие болыңдар, жақсы мінездеріңмен, жылы сөздеріңмен, дәмді тағамдарыңмен, үй тазалығы, тиянақтылығымен немесе күйеулерің ұнататын амалдар арқылы оны үйге байлаңдар. Ол үйге қарай қадам басу үшін жанталасып асығатын болсын. Ұяны ұрғашы құс жасайды, үйді де үй ететін әйелдер осыны ұмытпаңдар.

Ислам ғалымдары «шайтан кәпірлермен емес, Мұсылмандармен әлек» деген. Нәпсіміз қатты құтырады. Қалай құтырады? Орануға, намазға, дұрыс сенімге қарсы құтырады. Шайтан әскерлерін таңертеңгісін жіберіп кешке есеп алады екен. Біреуі намазын бұздырдым десе, жарайды депті. Біреуі оразасын бұздырдым десе, оған да жарайды депті. Біреуі харам жегіздім дегеніне де жарайды депті. Басқа біреуі күйеуімен әйелін араздастырдым дегенде шайтан қуанып, орнынан атып тұрып, жарайсың депті, маңдайынан сүйіп, ең үлкен істі сен атқардың, араздасатын болса қалғанының бәрі уақыт өтуімен бұзылады деген екен.

Сондықтан әрдайым сақ жүру керек, шайтанмен нәпсінің мұндай әрекетіне жол бермеу керек.

Ислам тек әйелге келмеді, тек күйеуге де келмеді. Тек ата-анаға да келмеді, бүкіл адамзатқа келді. Барлық адамдар Исламға мойынсұнуға міндетті. Кім Ислам бойынша жүретін болса дүниеде де, ахыретте де бақыт табады, пайдасын көреді. Егер машинаның бір дөңгелегі жарылған болса машина жүрмейді. Сағаттың да бір тісі сынса істемейді немесе дұрыс жүрмейді. Сол сияқты жанұяда да бір адамның қатесі, кемшілігі бүкіл жанұяның тыныштығын, бақытын бұзады, тіпті ұяның бұзылуына да әкеп соғуы мүмкін.

Сондықтан әркім өзіне мұқият болуы керек, өз міндетін білуі керек, шектен аспауы керек, кемшілігі болса кешірім сұрап жаңа парақ ашып қуанышпен өмірді ары қарай жалғастыруы керек. Дінімізде ренжітуге тыйым салынғаны секілді, ренжуге де тыйым салынған, Мұсылманға үнемі жақсы көзбен қарау керек, кемшілігін көрмеу керек. Мен білмейтін бір себебі болса керек деп оны кешіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. Кешірген кешіріледі, жақсы көрген жақсы көріледі.

Күйеуіне қолынан келгенше жылы шырай көрсетіп, сүйіспеншілігін білдіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Қияметте Аллаһу та’ала күйеуін тіліменен жәбірлеген әйелдің тілін 70 аршын ұзын етіп мойнына орайды. Күйеуіне жаман көзбен қараған әйелді басы кесілген, денесі бөлшектенген күйге айналдырады.» (Шира)

Әйелге әшекей бұйымдар мубах саналады. Алайда әшекей алу үшін күйеуін қиын жағдайға түсірмеуі керек, бөтендерге әшекейлерін көрсетпеуі керек! Сонда ғана әшекейлері Жаннатқа кіруге кедергі болмайды. Хадис шәрифте былай бұйырады:

«Жаннатта әйелдердің аз болғанын көрдім. Себебін сұрадым “Оларды алтын және әшекей бұйымдары алдандырды” деді.» (И. Ахмет)

«Сенен не көрдім» деп күфрани нимет (жақсылықты түсінбеушілік) етпеу керек! Екі хадис шәрифте былай айтылады:

«Егер күйеулеріне күфрани нимет етпегенде, намаз оқыған әйелдер дереу Жаннатқа кіретін еді.» (Шира)

«Жаһаннам халқының көпшілігін әйелдер құрайтынын көрдім. Себебі көп лағынет айтып күйеулеріне қарсы күфрани нимет етуі.» (Бұхари)

Күйеуіне бір жақсылық жасаған болса міндет етпеуі керек. Азық-түлік, киім-кешек сияқты мәселелерде күйеуін ренжітпеуі керек, орындай алмайтын нәрсені одан сұрамауы керек! Күйеуінің намысын қорғауы керек, әркез оның разылығын алып оны қуантуға тырысуы керек! Хадис шәрифте былай бұйырады:

«Әйел мойнындағы күйеу ақысы, сендердің мойныңдағы менің ақым секілді. Олай болса күйеуінің ақысын орындамаған әйел, Аллаһу та’аланың ақысын орындамаған болады.» (Шира)

Әйел күйеуін ренжітпеуі керек.

Бір күні хазреті Фатима, әкесінің алдына жылап келеді. Расулуллаһ алейһиссалам:

- Ей Фатима, неге жылап тұсың?-деді.

- Ойланбай айтқан сөзіме Али ашуланды. Мен кешірім сұрадым. Бірақ оны ренжіткенім үшін жылап тұрмын.

- Қызым білмейтін бе едің, Аллаһу та’аланың разылығы күйеуіңнің разылығына байланысты. Әрдайым күйеуінің разылығын іздейтін, күйеуі де одан разы болған әйел ең бақытты әйел. Әйелдер үшін ең үлкен ғибадат күйеуіне мойынсұнуы. Күйеуі әйелінен разы болса ол әйел қалаған есігінен Жаннатқа кіруге құқылы болады. Күйеуін ренжіткен әйел оны разы еткенге дейін Аллаһу та’аланың лағынетінде болады.» (Р. Насихин)

Күйеуінің ақысына мән беріп орындаған әйел жихад еткендей сауапқа кенеледі. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Күйеуінің ақысын орындау Аллаһ жолында жихад ету секілді.» (Табарани)

«Әйел күйеуінен рұқсатсыз нәпіл ораза тұта алмайды. Егер рұқсатсыз тұтса аш және сусыз жүрген болады, сауап жазылмайды. Күйеуінің рұқсатынсыз сыртқа шыға алмайды. Шықса көктегі періштелер үйіне қайтқанға дейін лағынет айтады.» (Табарани)

«Еркек қажеттілігі үшін әйелін шақырса, әйелі тандыр басында болса да дереу жауап берсін!» (Тирмизи)

«Күйеуі шақырғанымен төсекке келмеген әйелге періштелер таңға дейін лағынет айтады.» (Бұхари)

«Әйел, күйеуінің рұқсатынсыз өз малын да жарата алмайды.» (Табарани)

«Рұқсатсыз үйден шыққан әйелге күйеуі разы болғанға дейін жер бетіндегі барлық нәрсе лағынет айтады.» (Дәйләми)

«Әйел күйеуінен рұқсатсыз ешкімді (әке, шеше, бауырларын да) үйіне кіргізе алмайды, нәпіл намаз оқи алмайды.» (Табарани)

«Әйелдеріңнің сәнді киінулеріне тыйым салыңдар! Бәни Исраил әйелдері сәнді киініп мешітке тәкаппарланып барғандары үшін лағынеттелген еді.» (Ибни Мажа)

«Күйеуі разы боғанға дейін әйелдің намаздары және ешбір жақсылығы қабыл болмайды.» (Табарани)

«Әйел күйеуінің ақысын өтемейінше Аллаһу та’аланың ақысын өтеген болмайды.» (Табарани)

«Әйелдің ең үлкен міндеті күйеуінің ақысын орындау, ал еркектің міндеті анасының ақысын орындау.» (Хаким)

«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.

Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Ерлі-зайыптылар жақсы қарым-қатынаста болып бір-бірлерінің разылығын алуға тырысуы керек



Әйел ақысы
Әйелінің жақсы мінезді болуын қалайтын адам, алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келетін қиыншылықтар өзінің жасаған күнәларының себебімен келетіні білдірілген. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан ұзақ болғандар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады.

Фудайл бин Ияд хазреттері былай деген:

«Дінге сай болмаған іс жасағанымды әйелімнің мінез өзгерісінен аңғаратын едім. Дереу ол ісіме тәубе еткенімде әйелімнің мінезі де дұрысталатын. Осылай тәубемнің қабыл болғанын түсінетін едім.»

Али-ул Хауас хазреттеріне әйелі ренжіген еді. Әйелі күйеуіне қырсығып бөлек ыдыс қолданып жүрді. Али-ул Хауас хазреттері бір күні жаңылысып әйелінің ыдысымен су ішіп қойғанында әйелі ыдысты сындырып тастайды. Хазрет «ыдысты не үшін сындырдың?» деп те айтпай, ешнәрсе болмағансып жүре беріпті.

Осман әл-Хатиб хазреттерінің көршісі Нуреддин Шунидің айтып бергені: Бір түні сыртқа шықтым. Ескі төсенішпен оранып жатқан бір адамды көріп «Сен кімсің, бұл жерде не үшін жатырсың?» дедім. «Көрші бұл мен Осман әл-Хаттаб. Баламның анасы мені үйден қуып жібергені үшін көшеге шықтым, ашуы тарқағанша осында жатуды ұйғардым» деген екен.

Ибни Әбил Хамаили Сәури хазреттерінің әйелінің мінезі жаман еді. Күйеуіне аузына келгенін айтып оның мазасын қашыратын. Ол мубарек кісі өте сабырлы еді. Бір ретінде әйелінің мазалауынан құтылу үшін ұшып қашқан еді. Әйелі артынан қарап «Мынаған қара, ұшып қашумен менен құтылам деп ойлайды» деген екен. Біз сияқты жай адамдар ұша алмасақ та қашып болса да ұрыс-керістен, жанжалдан ұзақ тұруға тырысуымыз керек. Өзіміздікін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.


Хадис шәрифтерде былай бұйырады:
«Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі болса, жақсы мінезі де болады.» (Муслим)

«Әйел – әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!» (Ибни Лал)

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны.» (Тирмизи)

«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам. Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін.» (Нәсаи)

«Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды.» (Мүршид-ун-ниса)

«Күйеуі разы болғанға дейін әйелдің намаздары және ешбір жақсылығы қабыл болмайды.» (Табарани)

«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.

Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Құран кәрімде былай бұйырады:

«Жақсы әйелдер, Аллаһқа мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Аллаһтың көмегімен қорғайды.» (Ниса 34)

Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек, ренішімен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені ол басқалардан үмітсіз және өзіңе ғана байланған жолдасың, дертіңе ортағың, көңіліңді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңді толықтырушы. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Ақысыз (әділетсіз) әйелін ұрған адамның Қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған Аллаһқа және Расулына қарсы шыққан болады.» (Р. Насихин)

«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты. Оларға жылы мәміледе болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Муслим)

«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р. Насихин)

«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И. Лал)


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет