Имандылық негізі – Ислам діні. Адам (а с) өмірі


ТУРА ЖОЛҒА ӘРДАЙЫМ БАСТАҒАЙСЫҢ



бет7/11
Дата09.04.2019
өлшемі365.52 Kb.
#102637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТУРА ЖОЛҒА ӘРДАЙЫМ БАСТАҒАЙСЫҢ
Жеті қабат аспан мен қара жерді,

Адамзатты жаратып, сана берді.

Мақтау айтам әлемнің Раббысына,

Жоқтан бар ғып жаратқан бар әлемді.


Әсер алмай мешіттің азанынан,

Құлдарың көп намазын қаза қылған.

Ғафу еткін, ия Рахман, ия Рахим,

Мейірімің басым ғой азабыңнан.


Барған кезде алдына ақыреттің,

Тыс қалдырма біздерді назарыңнан.

Әміршісі өзіңсің қияметтің,

Есеп күні аулақ ет азабыңнан.


Бойымда күш-қуатым, шамам барда,

Ықыласпен ден қойып амалдарға,

Жәрдем сұрап тек қана бір өзіңнен,

Құлшылықты етемін Саған ғана.


Тозақ отын біз үшін жақпағайсың,

Арбауынан шайтанның сақтағайсың.

Қисық жолдан аулақ ет құлдарыңды,

Тура жолға әрдайым бастағайсың.


Жараттың бізді Мұхаммед үмметінен,

Амал ет деп Құран мен сүннетіне.

Дұрыс жолын нәсіп ет баршамызға,

Құлдарыңның бөленген нығметіне.


Тауфиқ сұрап бір өзіңе жалынам,

Ілімменен ризық бергей молынан.

Жаңылысқан, ұшыраған қаһарға,

Аулақ еткей адасқанның жолынан!..





ІЗГІЛІК ЖАРШЫСЫ
Пайғамбар боп өмірде жаратылған Мұхаммед (с.ғ.с.),

Ілімдері халқына таратылған Мұхаммед (с.ғ.с.).

Әминадай анадан туған бала Мұхаммед (с.ғ.с.),

Ақиқаттың ақ жолын қуған дара Мұхаммед (с.ғ.с.).

Жаратқанның хақ жолын аян қылған Мұхаммед (с.ғ.с.),

Алғаш рет Құранды баян қылған Мұхаммед (с.ғ.с.).

Дінсіздіктің көгіне күн боп туған Мұхаммед (с.ғ.с.),

Әр жүрекке иманды үн боп тұнған Мұхаммед (с.ғ.с.).

Қиындықтың қамалын бұза білген Мұхаммед (с.ғ.с.),

Қамыққанға қолұшын соза білген Мұхаммед (с.ғ.с.).

Бар адамды бауырға тарта білген Мұхаммед (с.ғ.с.),

Жылдар сайын білімі арта берген Мұхаммед (с.ғ.с.).

Дінсіздермен соғыста қол бастаған Мұхаммед (с.ғ.с.),

Жақсылықтың шыңына жол бастаған Мұхаммед (с.ғ.с.).

Тұтастығын халқының қалап өткен Мұхаммед (с.ғ.с.),

Алла сөзін майданда жарақ еткен Мұхаммед (с.ғ.с.).

Қиындыққа мойымай шыдай білген Мұхаммед (с.ғ.с.),

Ерен еткен еңбегін Құдай білген Мұхаммед (с.ғ.с.).



МҰХАММЕД (С.Ғ.С.) ПАЙҒАМБАРДЫҢ БАҚИҒА КӨШУІ


Бисмилләһи медет бер тілімізге,

Пайғамбар соңғы ахуалын сөз етейін.

Бір күні Жәбірейіл Хақтан келді,

Хақ әмірін Пайғамбарға алып келді.

Дүниеде аманатын аяқтады,

Рахатқа кіресің миқнаттан,

Ақыретке келетін болды уақыт.

Расул Алла Мұхаммед

Алпыс үште жасы еді.

Көшерін дүниеден ерте сезген,

Аллаға разы болып шүкір еткен.

Пайғамбар көшпек екен бұ дүниеден,

Шапағатын нәсіп қылсын о дүниеден.

Хақ Рәсул бұны естіп жатқан түні

Түс көрді Мәдинада сегіз кісі

Түс көріп әуел ерте Сыдық келді.

Әдеппен хақ Рәсулға сәлем берді.

– Үстіме киген көйлек жерге түсті,

Тақсыр-ау бұ не түс деп сұрай түсті.

Ол түсті хақ Пайғамбар жорып берді:

– Үстіңдегі көйлегің шешпестен жерге түссе

Сапары бізге ақырет жақын деді.

Омар хазрет әдеппен келіп жетті,

Сәлемнен соң ол тағы баян етті:

– Мен де бір түс көрдім Рәсул Аллаһ

Мөрім екі бөлінді қолымдағы,

Жерге түсіп көзімнен ғайып болды.

Мөрің сынып көзіңнен ғайып болса,

Болармыз бұл дүниеден бізде ғайып.

Бұдан соң түс көріп Оспан келді,

Нәбиге қол қусырып сәлем берді:

– Құраным қолымдағы жерге түсіп

Қағазы бөлек-бөлек пәре болды.

– Иә, Оспан Маған ажал келер деймін,

Мен көшіп бұ дүниеден сіздер қалып.

Сахабалар арасына пітне кіріп,

Үмметім бөлек-бөлек болар деймін.

Содан соң Әли келді сәлем беріп,

Таң қалды жиылғанды көзі көріп:

– Тақсырлар, не себепті жиылдыңыз,

Мағанда білдіріңіз мағлұм қылып.

Біз көрдік әрқайсымыз ғажайып түс,

Құдайым бізге салды бір қиын іс.

Бақиға рәсул Алла көшеді-ау деп,

Асхабтары отырмыз қайғы жесіп.

Әли айтты: Мен де бір түс көрдім дейді

Боларын бір сұмдықтың білдім дейді

Сауытым өзім шешпей жерге түсті.

Шешімін Сізден сұрай келіп едім.

– Әли, балам, бұл дәурен өтер деймін,

Бізден өтіп Сіздерге жетер деймін.

Сауытың киіп жүрген жерге түссе,

Бабаңыз бұл дүниеден көшер деймін.

Күш-қуатың Менде еді, Әли, балам,

Мен кеткен соң қуатың кетер деймін.

Бұны естіп батыр Әли қайғыланды,

Көл қылып ағызды қанды жасын,

Күш-қуат жәрдем болған дана баба,

Ісіне бір Алланың бар ма шара?!

Бұл дүние баяны жоқ бекер екен,

Бұл ажал әр бірімізге жетеді екен.

Бір түс көріп Рәсулға Айша келді:

– Басыма қара жамылғы жамылыппын

Шешімін Рәсулдан сұрай келдім.

Рәсул айтты: Мүһарбан сүйген жарым,

Тәнімнен сапар қылар ғазиз жаным.

Мен өлсем, Сізге келер қара күндер,

Басыңа қара жамылғы жамылғаның.

Айтып бітпей Фатима кіріп келді:

– Бір түс көріп көңілім күпті болды,

Түсімді Сізге айтқалы келіп едім

Айтайын рұқсат болса тақсыр баба

Рәсул айтты: Айта-ғой жаным балам,

Фатима айтты тыңдаңыз, жаным бабам,

Түсімде сырт киімім дал-дал болып,

Жағасынан жыртылып тәмам болды.

– Бәрімізді жаратқан Жаппар Аллаһ

Ғазизім, көзім нұры, жаным балам,

Жағасы киіміңнің жыртылып тәмам болса,

Сөзімді сабырлықпен тыңда, балам,

Ғаріп болып бабаңнан алыстайсың.

Хасан келіп инабатпен сәлем берді,

Бәрінің жабырқау жүзін көрді.

– Рәсул ата, Мен бір түс көрдім,– деді,

Көрмеген ғажайып іс көрдім дейді

Басымда бөркім, аяғымда кебісім жоқ,

Табаныма тас батып жүре алмадым,

Мұны естіп Пайғамбар қапаланды:

–Мен кеткен соң көп дұшпан болар дейді,

Басыңа сенің әлек салар дейді.

Қабырғасы қайысып басын сипап,

Қайтесің жазу солай Жаратқанның.

Жеңілдік өзі берсін Хақ тағала,

Хүсейн сәлем беріп кіріп келді,

Көпшілік жиылғанды көзі көрді:

– Мен бүгін бір түс көрдім, Рәсул баба,

Бір тақты зейнетімен тәмам көрдім,

Сол таққа Сіз мініп ғайып болдың.

Келмеді бір ұстауға бізден шама,

Бұл дүние енді бізде қалады екен.

– Жаратқан жан аманатын алады екен,

Түсіңде таққа мініп көкке ұшсам,

Бабаңыз енді дүние салады екен.

Баршасы мұны естіп зар жыласты,

Көзінің қан аралас төкті жасын,

Қайғырды пайғамбарға шәһәриялар,

Сіз кеткен соң артымыз не болар деп.

Алланың бұйрығына амал жоқ деп,

Пайғамбар баршасына тоқтау айтты.

Күйзелсе де баршасы сабыр етті,

Бір Алладан басқаның бәрі пәни деп,

“Лә иләһә илла Аллаһ” деп келді бәрі иманға.

Көрген түстер Алла аяны болды тәмам,

Қате болса оқыңыз өзің түзеп,

Қиссадан оқып жаздым естелікке.

Келмеді бұдан артық менің шамам,

Артық кем болса кешір Хақ тағалам!



ҚАСҚЫР

(аңыз-ертегi)

Бірде жалғыз жортқан қасқыр байқаусызда адамдар құрған торға түсіп қалды. Сойдақ тістерімен қанша шайнаса да жіп-жіңішке тор жібін қия алмады. Түс ауа бір топ аттылы кеп торды сүйреп әкетті.

Қап-қараңғы жерде екі күн жатқан қасқырды сыртқа бүгін алып шықты. Екіаяқтылар жіп торды темір торға ауыстырды. Алғашында жарықтан көзін аша алмай біраз әуреленген жыртқыш айналасына бағдарлай қараған сәтте, өте аң-таң қалды. Жағалай қойылған темір торға аң патшасы арыстаннан бастап, барлық аңдар қамалыпты.

Сол-ақ екен бұған қыр көрсеткендей бір адам кеп, арыстанды қолындағы жіңішке шеңбер сымның ортасынан өткізіп секірте бастады. Адамға әбден мойынсұнған арыстанның лып етіп кіп-кішкентай шеңберден оп-оңай өтіп, әрі-бері секіргенін көрген қасқыр:

– Аң патшасы, азулы да, ашулы арыстан, адамға қалай бағындың?! Оу, сонда адам аң патшасынан да күшті болғаны ма?! Айлалы деп, өжет деп, патша деп бағынып келген арыстан, қоян секілді қорқақ па едің?!– деп ызалана айқай салды. Темір торды тістелеп қатты аласұрды. Ақыры тынышталып, құйрығын қимылдатып, ызалы дауыспен ырылдап тыным тапқандай болды.

Сол сәт бір адам келіп қасқырдың аяғын қолындағы ұзын темірімен түртті. Қасқыр да арс етіп темірді қауып алмақшы болып еді, торға тұмсығы кептеліп қалды. Енді дыбыс шығармай мұрнын кіржитіп айбат шеге бастады. Қасқырдың әр жерінен бір түрткілеген адам темірді ара-арасында әдейі қатты батыңқыратып та жіберді.

Содан бері қасқыр адамға қатты ызалы. Арада бірнеше күн өткенде темір тордың ішін бірнеше жерден ағаш таяқшалармен бөліп, оның ұшына ет байлап қойды. Етке ұмтылған қасқыр ағаштың үстінен асылып, бірде астынан етбауырлай жата қап жорғалап өтіп, етті жұлып жей бастады.

Қасқырдың бұл қимыл-қозғалысы адамдарды қатты қуантты. “Енді біраз уақыттан соң қасқыр бәрін де бұлжытпай орындайды” деп сенді. Бір апта тұрған ағаштың орнын енді шеңбер сыммен бөлді. Бұл арыстанға қолданған шеңбер сым еді. Қасқыр тым-тырыс жатып алды. Етті де жемеді.

Жыртқыштың бұл әрекетіне таңданған адамдар қалай да қасқырды шеңбер ортасынан өтуге үйреткісі келді. Олар қасқырды тағы да түрткілей бастады. Бұл әрекет бөрінің әбден ызасын келтірді.

Шеңбер ортасынан қасқырды өткізе алмаған адамдар енді оған тамақ беруді тоқтатты. Бұл екі күнге созылды. Ашу мен аштық бойын жайлаған жыртқыш бар ашуын ішіне бүгіп жатып алды.

Үшінші күні қасқырдың таң ертеңнен түс ауғанға дейін қозғалмай жатқанын байқаған адам оны таяқпен түртіп көрді. Қасқыр тырп етер емес. Жыртқыштың айлакерлігін білетін адам таяғын бірнеше жерден батыра нұқыды. Таяқ жанына қанша батса да, қасқыр сыр бермеді. Оның өлгеніне көзі жеткен адам есікті ашып жайбарақат торға енді. Осы кезде арс еткен қасқыр даусы мен сұсты бейнесінен шошынған адам сілейіп тұрып қалды...

* * *


Қасқыр беті ауған жаққа қарай жорта берді...

Іңірде мұрнына бір иіс келді. Мал иісі танауын жыбырлатып барады. Жақын маңда ауыл барын сезді. Ауыл оты көрінгенде қас карайған еді. Ол түннің аууын күтті. Көздегені ауыл шетіндегі саяқ қора.

Апыл-ғұпыл қамыс қораны тісімен қарш-қарш шайнап тесе бастады. Қорадағы қойлар дүр етіп көтерілгендей болды. Ет қызуымен қораның екінші бұрышын тескен қасқыр бір тесіктен жанталаса мұрнын тығып ырылдаса, екінші басынан құйрығын кіргізіп бұлғаңдата бастады. Сайтан секілді тұмсық екінші жерден құйрық боп көрініп, қойлардың “мә” деп маңырауға ғана шамасын келтірген еді.

Қорыққан қойлар бір-бірін таптап бір түнде бес қой бірден өліп қалды. Адамдар аң-таң. Ауылды неше түрлі аңыз аралап кетті. “Қой өлтіретін кесіртке пайда болыпты”,– дейді.

Адамдар арам өлген бес-алты қойды ауыл шетіне апарып бетін кұммен бүркей салды. Қойлар бір аптаға азық болды. Осы уақыт аралығында ауылға қой жегіш “кесіртке” де келмеді. Енді-енді тыныштала берген адамдар бүгін тағы дүрлігіп қалды. Бүл күнгі жемтігі он күнге емін-еркін жететін секілді.

Жалғыз қасқыр жаз бойы осы маңдағы ауылдың түгел мазасын кетірді. Әбден семіріп қор жинап, адамнан мүлдем сескенбейтін болды. Қайта, енді адамдар түнде кезекпен қой күзете бастады.

Қойларды өлтіріп жүрген қасқыр екенін сезген ауыл иттері иелеріне түсіндіре алмады. Оларға қалайда қасқырды ұстап алу керек болды. Кеш бата өте сақ жүретін болды.

Түн ауа ауылға кірген қасқыр бір күзетші итпен кездесіп қалды:

– Ізіңді білдірмейтін қу қасқыр екенсің?– деді салған-нан ит.

– Адам мені қатты зәбірледі. Сол кегімді алып жүрмін!– деді қасқыр.

– Адам – менің ием, мен оған адал қызмет етуім керек. Сондықтан, сені ауылға жібере алмаймын,– деді ит те қалыспай.

Адам – ием деген сөз қасқырдың қытығына тиді.

– Иә, бір кездері мен де арыстанды патша көргем. Сөйтсем, ол адамның қолында түкке тұрмайтын мысық боп қалды. Сен де мен секілді адамды ием деп қателесіп тұрсың. Сенің адамың – менің қолымдағы ұршық. Мен оны шыр айналдырып жүрмін. Сенімен мен іздеген ие ол бөтен сияқты,– деді қасқыр.

Бұл кезде таң бозамықтана түскен еді. Кенет, ауыл жақтан бір күңіренген дауыс естілді. Сай-сүйегіңді сырқыраткан, жан-дүниеңді босатқан сондай бір азалы да, әдемі әуен. Дауыс шыққан жаққа мойын бұрған қасқыр адамның көкке қарап тұрған түрін көріп таң қалды. Дауысты ұйып тыңдап қалған қасқырды ит бас салды. Шаң-шұң төбелесті ауыл адамдары да көрді. Олардың кесіртке деп жүргендері кәдімгі шұбар төс, дәу арлан қасқыр екеніне сол сәт көздері жетті. Бұл хабар ауылдан-ауылға тарап, бәрі қасқырға қарсы шайқасқа дайын отырды.

Сонда ғана адам мен қасқыр арасындағы бітіспес жаулық шын басталып еді.

Түс ауа ауылға қарай құлаған отар дөңге көте-рілгенде қасқыр ту сыртынан тиіп, он-он бес қойды тамақтап үлгерді. Қапталда алаңсыз келе жатқан шопан қой арасында қасқырдың жүргенін білмей де қалды. Аяқ астынан үрке жан-жаққа бытырай қашқан қойларға ие бола алмай: “Айт! Айттап!”– жүргенде қу қасқыр көзіне түспей сайға түсіп кетті. Аңқау қойшының отар соңын-да әр жерде бір теңкейіп қалған өлі қойларды көргенде зәресі ұшты. Қалтырап-дірілдеп, ат үстінде еркін отыра алмай, жүрегі атқақтап, артына алақтап, әйтеуір, қалған қойды ауылға жеткізді.

Қасқыр осы оқиға ұмыт болғанға дейін ауылға бір жоламайда. Керісінше, көрші ауылды шулатып одан әрі кете беретін.

Бір күні көрші ауылдан мынадай әңгіме шықты. “Қой бағып жүрген бақташы анадай жерде ойнақ салып жүрген жалғыз қасқырды көреді. Қасқыр көзге кішкентай секілді көрінеді. Шопан қолындағы сегіз өрім қамшысына сеніп қасқырға тұра шабады. Жақындай бергенде жын ба, сайтан ба қасқыр жоқ боп кетеді. Түсінбей қалған малшыға әлгі қасқыр сопаң етіп тағы бір жерден көрінеді. Қуа жөнелгенде тағы жоқ боп кетеді. Солай қасқыр адамды арбап алысқа апарып тастап, отарды түгел қырып кетіпті” деген әңгіме малмен отырған ауыл-ауылдың үрейін ұшырады.

Араға бірнеше ай салып қасқыр алғашқы ауылға қайта соқты. Бұл кезде қыс түсіп, айнала аппақ қарға оранған еді. Мал – қорада. Шашау шықпайды. Қатты ашыққан қасқыр ауылға тағы да жақындады. Иек астында ауыл оты жарқырайды. Мал иісі мұрынды жарып барады. Көз қарауытып, бас айналып кетті... Кенет! Кенет бір нәрсе жүрегін суырып алғандай болды. Бір алып күш өзін екіге бөліп жібергендей болды... Сарт еткен ащы дауыс құлағын бітеп тастады. Бар екпінімен сырт айналды. Қақпан тізеден жоғары аяғын анадай жерге ұшырып түсірді. Жаны қысылып, аспанға қарап күңірене ұлып жіберді. Сол сәт құлағына өткендегі адамның жан дүниесін идір-ген үні келгендей болды. Ауырсынғаны сәл басыл-ғандай ма-ау! Әлде жан-дүниесінде бір нәрсе тыншыды ма-ау! Ол бір рахат сезімді басынан өткізді. Көктен бір көмек қол созғандай болды. Ол өзін балқытқан үннен айырылып қалғысы келмей ынтыққан үстіне ынтыға тыңдай берді... тәтті сәтті қасына шәуілдеп үріп келген ит сетінетіп жіберді. Дауыс та тына қалды. Артынан дабырлап адамдар да келе жатты. Ол сол сәт адам дауысы деп ойлағаны өз даусы екенін білді. Күңіренген азалы дауыс өз жүрегін қақ айыра шығып жатқанын сонда ғана сезді. Аяғы сынып, өлім мен өмір арасында арпалысып жатса да, өзіне бата алмай шәу-шәу етіп тұрған итке қарап:

– Менің ием көкте! Сенің адамыңның да иесі сонда секілді!– деді. Ит жауап қатып үлгермеді, адамдар келіп қалды. Сол сәт ауыр соққы қақ маңдайға тиіп, қақыратып өтті. Қасқыр сылқ түсті... “Адамдар ақылға шорқақ. Бұл дүниедегі барлық тіршілік иесін өзіне қара күшпен бағындырғысы келеді. Бұл – оның ең әлсіз тұсы. Ақыл иесі, Ол мейірімді, оның шапағатынан тек шуақ шашып тұрады. Ол ештеңені зорлықпен істемейді. Яғни, адамнан да құдіретті біреу бар... адамның көкке қарап бірдеңе тілегенін көргенмін...”

Қасқыр соңғы рет көзін әлсіз ашып көкке қарады, таңғы жұлдыздар әр жерде бір жарқырайды. Бірте-бірте жұлдыздар сейіліп, көгілдір аспанға жұтылып кете барды...

* * *


Содан бері қасқыр атаулы қиналғанда көкке қарап ұлитын болды...

ТАМҰҚ ОТЫ
Ей, Аллаһтың құлы! Әзірше бір жұтым ауа жұтуға қабілетті болып, әзірге сенің қолдарың өзіңе бағынып тұрғанда жүзіңді Жаратушыға бұр және тамұқтың жалынынан, ең болмаса, жарты құрмамен, ал егер оны таба алмасаң, онда жылы сөзіңмен болса да құтылуға асық.

Мұсылман бауырлар! Істегендерінің өтемі үшін адамдарға дайындалған Тозақ пен Жәннатқа сенбейінше – дініміз кемелді болмайды. Бұл екеуінің бар екеніне иман келтірмесек, онда Аллаһқа сенгенімізден еш мағына болмай қалады.

Адам жер бетінде Жұмақтың ғажайыптарын көре алмайды, Тозақты мекендеушілердің зарлы дауыстарын ести алмайды. Алайда, олардың бар екендігінің дәлелі – Құранда жазылған айқын аяттар болып табылады. Аллаһ тағала айтты: «Ендеше, отыны адамдар мен тастардан болатын, кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар! (Әй, Мұхаммед!) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында, олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннаттар бар» (1, 24-25).

Шынайы мұсылман болсаң, бұл екеуінің бар екеніне мойынұсын. Тамұқта даярланған азаптан құтылып, Жәннаттың сен үшін әзірленген бақтарына жету үшін амал ет!


ТОЗАҚҚА ИМАН КЕЛТІРУ

Жәннат пен Тозаққа иман келтіру – олардың жаратылғанын және қазіргі кезде бар екенін, сондай-ақ, Аллаһтың әмірімен олар мәңгі тұратынын және ешуақытта жоқ болып кетпейтінін көңілмен бекітіп, растауды білдіреді. Жәннаттың рахаты мен Тозақтың азабына иман келтіру – осының құрамды бөлігі.

Тозақтың қазіргі кезде бар екеніне қандай дәлелдер бар? Сахих хадистерден дәлел іздейік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Мен Миғражға көтерілгенде маған Жәннат көрсетілді, сонда оның тұрғындарының басым көпшілігі кедейлер екенін көрдім. Сонан соң маған Тозақ көрсетілді, сонда оның тұрғындарының басым көпшілігі әйелдер екенін көрдім» (Бұхари, Мүслім).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және айтты: «Кезінде Тозақтың жалыны Аллаһ тағалаға: «О, Тәңірім, менің бір бөлігім екінші бөлігімді жұтып қояды»,– деп шағым жасады. Сонан соң Аллаһ оған екі рет – қыста, бір рет – жазда, бір рет – дем шығаруға рұқсат етті. Сол кезде сендер барынша ыстық пен барынша суықты сезесіңдер» (Бұхари, Мүслім).

Құранда да олардың қазіргі кезде бар екені туралы айтылған. Мысалы, Жәннат туралы: «...және тақуалар үшін әзірленген»,– делінсе («Имран», 133), тозақ туралы «...қарсы болғандар үшін дайындалған»,– делінеді («Имран», 131). Аллаһ тағала Адам (ғ.с.) мен оның жұбайын Жәннатқа орналастырғанын және олар тыйым салынған ағаштың жемісін жегенше Жәннатта болғанын бізге баяндаған. Сондай-ақ, Аллаһ тағала кәпірлерге қабірлерінде таңертең және кешке Тозақтың көрсетіліп тұратыны туралы да айтқан.
ТОЗАҚТЫҢ АПТАБЫ

Әбу Хурайра Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтты деп хабарлайды: «Күнәһарлармен толтырылатын тамұқ отын адам елестете алмайды. Осы дүниедегі от Тозақ отының жетпістен бір бөлігін құрайды» (Әл-Бухари).

Пайғамбар (с.ғ.с) тағы да былай деген: «Тозақтың отын ол ақ болғанша мың жыл өсірді, сосын қашан ол қызыл болғанша тағы мың жыл өсірді, ал сосын қашан ол қара болғанша тағы мың жыл өсірді. Ол – қара, қараңғы түн сияқты, түнек түстес» (Ат-Тирмизи).
ОТТЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕР ТАМАҒЫ

Құдіреті күшті Аллаһ Құранда тозақтағылардың сасық тікеннен басқа тамағы болмайтынын, әрі ол аштықты баспайтындығын айтқан болатын. Олардың дәмі адыраспаннан да ащы, ал иісі шіріктің иісінен де жиіркенішті. Қашан оны біреу жесе, ол асқазанға түспейді және қайтадан ауызға шықпайды, екеуінің арасында тұрып қалады.

Жаратушымыз өзіне сенбейтін, әмірлеріне қарсы келетіндер үшін Тозақта күйзелтуші азап дайындады. Тамұқтың түпсіз терең, отты тұңғиығында Заққұм деп аталатын ағаш өседі. Бұл ағаштың жемісінің түрі шайтандардың бастары тәрізді. Ашыққан жандар одан жеп, қарындарын толтырғысы келеді. Алайда, Тозақтың мекендеушілері Оны қанша тістесе, олар да күнәһарларды сонша тістеумен жауап қайтаратын болады.
ТОЗАҚТАҒЫЛАРДЫҢ СУСЫНЫ

Аллаһ тағала Құранда тозақтағыларға қайнақған су ішкізіліп, ішектері туралатынын баяндаған. Бұл су қайнап тұрады, әрі үстінде жалын пайда болады. Ақиқатында, бұл жай қайнаған су емес, бұл – жанып тұрған су.

Сондай-ақ, Құран аятында тозақтық жандар азапталып жатып, шөлдерін басу үшін бірінің денесінен аққан іріңдерді екіншісі жалайтыны жайлы айтылған. Бұл қанды іріңді татып алу – өте жиіркенішті.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір сусын – Садид суы туралы былай дейді: «Тозақтың азап шегушісі оны аузына апара бергенде, ол күйдіріп жібереді, оның бас терісі сыпырылып түседі, қашан ол әйтеуір ішкен кезде оның ішектері жидіп түседі» (Ахмад). Бұл сусын – еріген кен тәрізді, беттерді қуыратын сұмдық бір сусын.


ОТТЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕР КИІМІ

Тозақтағыларға оттан киім кигізілген, төбелерінен қайнап тұрған су құйылады. Онымен олардың терілері ерітіледі.

Күнәһарлардың төсеніштері мен жамылғылары да оттан жасалған. Тамұқ олар үшін түрме болады. Жан төзгісіз азап пен қасіретке толы бұл түрмедегілердің тамағы – от, сусыны – от, киімі де – от. Бұл жандар Аллаһ тағала оларға не сыйлаған болса, соның бәрін пәни дүниеде қалдырды. Өздерімен бірге тек олардың амалдары ғана соңына дейін еріп келді. Нендей өкінішті?
АЗАП ШЕГУШІЛЕРДІҢ ЖАН ДАУЫСЫ

Отты мекендеушілер Аллаһ тағаладан кешірім сұрап жалбарынады, мерзімін қысқартуды өтінеді және мүлдем жоқ етуін сұрап зарлайды. Олардың шырқыраған жан дауысына Жаратушымыз құлақ аспайды, себебі, олар осы дүниеде Аллаһтың бұйрығына, әмірлеріне құлақ аспаған болатын.



ТОЗАҚТАҒЫ ЖАЗАЛАУЛАР

Тамұқ күзетшілері жуан денелі, қатал періштелер күнәһарларды шоқпармен ұрады. Тозақтың биігіне көтереді де, түбіне лақтырады және түбіне жетіп құлағанша самсаған қылыштармен кескіленген оның денесінде бір кесек те ет қалмайды. Ыстық жалынды леп уатылған денені қайтадан жоғары үрлейді. Бұл азап осылай жалғаса береді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтты: «Қиямет күні адамдарға берілетін ең жеңіл жаза – табанның орта тұсында жататын екі түйір көмір шоқтары болады, оның қызуынан бастың миы қазан қайнағандай сарқырап қайнайды».

Алайда, адамдар үшін ең үлкен жаза – Аллаһтың дидарын көру мүмкіндігінен айырылу болып табылмақ. Аллаһтың назары қайырымсыз құлдарына бұйырмайды.



ТОЗАҚТАН КІМДЕР БОСАТЫЛАДЫ?

Имам Ахмад (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) келесі хадисін жеткізді: «Менің үмметімнен күнәлі болғандар Отқа кіреді және онда Аллаһ тағала қанша қаласа, сонша болады. Ақырында, күнәларының жазасын өтеп болған соң, ең соңғы мұсылмандар тамұқтан еңбектеп шығып, Жәннатқа кіреді. Жәннаттың өзге тұрғындарынан айырмашылығы – олардың маңдайларында «кешірілген» деген жазу болады. Ал, тозақ отында тек Аллаһқа серік қосқандар (одан өзгеден жәрдем тілегендер) ғана мәңгіге қалады». Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл ескертуі баршамызға ортақ.

Құран кітабында Тозақта мәңгі қалатындар туралы ескертулер жетерлік. «Кім Аллаһқа, Оның елшісіне қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар» («Жын»,23). «…кім Аллаһқа серік қосса, расында, Аллаһ оған Жәннатты харам етеді. Оның орны – ішінде мәңгі қалатын Тозақ оты. Сондай-ақ, залымдар үшін жәрдемші жоқ…» («Ниса»,72-аят).

Аллаһ тағала бізді оған серік қосу күнәсінен сақтасын және бізді Тамұқ отының азабынан құтқарып Жәннат бақтарына кіргізе көрсін. Әмин!


Ата-ана алдындағы әдептілік

Сахих хадистер

 

«Алла Тағаланың разылығы ата-ананың разылығында, ашуы ата-ананың ашуында».

(Абдулла ибн Омардан (р.а.) имам Бұхари риуаят етті)

 

 «Нәби (с.а.у.) (ата-анасына жақсылық етушінің ақысына): «Ата-анасына жақсылық етуші қуанышқа бөленсін! Алла Тағала оның ғұмырын ұзақ етсін!», - деп дұға етті».http://www.islamdini.ru/_ph/6/2/644476453.jpg



(Асбағ ибн әл-Фарәждан (р.а.) имам Бұхари риуаят етті)

 

 «Бір адам ата-анасын жылаған күйде қалдырып, Алла елшісінің (с.а.у.) алдына һижра жасауға (қоныс аударуға) ант бергелі келеді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Ата-анаңды жылатқан екенсің, енді барып қуандыр (яғни, ата-анаң рұқсат берген жағдайда ғана һижра жасауға құқылысын)», - деп бұйырады».



(Абдулла ибн Ъамрден (р.а.) имам Бұхари риуаят етті).

  

 «Қайсы бір мұсылман таңертең тұрып, сауап алу ниетімен мұсылман болған ата-анасына қызмет ететін болса, Алла Тағала оны жәннатқа жақын етеді. Ата-анасының біреуі ғана тірі болып, сауап алу үшін оған қызмет етсе де солай. Ата-ананың бірін ашуландырған болса, оны қайта разы етпейінше, Алла Тағала да одан разы болмайды. Сол кезде: «Ата-ананың өзі қайырымсыз болса да ма», - деген сөзге Расулулла (с.а.у.) : «Ата-анаңның өзі қайырымсыз болса да», - деп жауап берді».



(Ибн Аббастан (р.а.) имам Бұхари риуаят етті).

  

«Ата-ананы құрметтемей жылатудан және үлкен күнәлардан сақтаныңдар!»

(Мусадан (р.а.) имам Бұхари риуаят етті).

  

«Біз нәбидің (с.а.у.) жанында тұрғанымызда бір кісі : «Я. Расулулла (с.а.у) ата-анам қайтыс болғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?», - деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.у.) : «Иә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа төрт жолмен жақсылық істесең болады: олар үшін дұға етіп, күнәләрі үшін жарылқау тілеу, орындай алмай кеткен уәделерін орындау, достарын құрметтеу, ата-анаңды себепші қылып олардың туыстарымен қатынасты үзбеу», - деді».

(Әбу Наъимнен (р.а.) имам Бұхари риуаят етті).


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет