Имандылық негізі – Ислам діні. Адам (а с) өмірі



бет6/11
Дата09.04.2019
өлшемі365.52 Kb.
#102637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

8. Хасан хадис

ғұламалар “хасан хадистiң” түсiнiктемесiне қатысты түрлi пiкiр айтқан. Соның iшiнде “қандай хадис “хасан” болады?” деген сұраққа – “муттафақун ьаләйһи” болмаған, яғни Имам Бухари мен Имам Муслим “Сыхахтарына” енбеген сахих хадистер” деген жауап бар. “Хасан” хадис “сахих” және “даьиф” хадистерiнiң арасындағы дәреженi иеленедi.



9. Даьиф хадис

Даьиф – “сахих” және “хасан” хадис сипатында болмаған, яғни, иснады мен муснадында және мәтiнiнде белгiлi дәрежеде кемшiлiктерi болған мен хадис. Даьиф хадистер iштей “мурсал”, “мунқотиь”, “муьдәл”, “мудаллас”, “муьалләл”, “мудтариб”, “мақлүб”, “мункар” және “матрук” болып бөлiнедi.



10. Бүкiл әлемге әйгiлi мухаддистер және олардың еңбектерi

Қазiргi таңда кеңiнен тараған, түгел Ислам әлемi мойындаған ең алғашқы алты хадис кiтабы “Сыхах ситтә” – “Атақты Алтау” деп аталады. Оқырмандар үшiн осы “Атақты Алтауды” таныстырған артық болмас, өйткенi бұл еңбектердi жазған кiсiлер хадис ғылымында Ислам әлемiнiң маңдайына бiткен алты жұлдыз iспеттi қаралады. Бұл “алтылықтың” алғашқы төртеунiң жазбагерлерi түркi тектес жандар едi, олар: Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Тирмизи, Имам Насаи. Имам Әбу Дауд та Иранның Систан уәләятынан, ал “Систан” сөзiне Файрузабади сөздiгiнде мынадай түсiнiктеме бар: “Систан” – араби “сижистан”, әсiлiнде “сақстан”, сақ тайпалары жасаған жер”.

1. Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Исмағил ибн Муғира ибн Бардызда (Бiртiзбе болуы да мүмкiн) Әл-Бухари Әл-Жуьфи. 194 һижрада 13 шәууәл айында Бухарада туылған. 256 һижраның Рамазан айының айтында қайтыс болды. Ол жетiм өскен, жастай Құранды жаттаған, 9 жасында хадиске қойған. 210 һижрада анасы және бауырымен қажылыққа барып, хадис ғылымы жолында сонда қалды. Ол 16 жылда “Әл-Жәмиьус-Сахих” кiтабын жазып, оған 600 мың хадистен 9000 хадистi терiп қосты. Имам Бухари жастай көзден зағип болып қалады. Анасы дуалы ауыз, өте пәк кiсi болатын. Соның дұғасының себебiнен Имамның көзi ашылды. Оған түсiнде Ибраһим пайғамбар келiп: “Ей, пәкиза жан! Хақ Тағала мейiрi түсiп, сенiң дұғаңның арқасында балаңның көзi қайта қалпына келдi”, - деп хабар бердi. Ол кiсi қайтыс болып, жерленген соң, оның қабiрiнен қанша уақыт өте жағымды хош иiс тарап жатты. Бұған сол Хартаң қыстағы тұрғындарының бәрi де куәлiк еткен.

2. Имам Муслим, ол Әбул-Хасан Муслим ибн Хажжәк ибн Муслим Ән-Нисабури (206-261 һ.ж.) Ирақ, Хижәз, Шам елдерiн аралаған. Имам Бухариден де пайдаланған, оны бағалай бiлген. Имам Ахмад, Исхақ ибн Роһайуһ және басқа ғұламалар оның ұстазы болды. 4000 түбiр, негiз болған, қайталанбас хадис кiтабы “Сахихтi” жинақтады.

3. Үлкен хафиз, “хүжжәт” – iлiмi хадисте уәж, дәлел, Әбу Иса Мухаммад ибн Иса Ибн Саура Әт-Тирмизи. Имам Бухари мен Ибн Мәдинидiң шәкiртi. Хадис жат алуда оны жұрт үлгiге айтатын. Ол өзiнiң кiтабын былай дейдi: “Мен бұл кiтапты аяқтап, Хижәз, Ирақ және Хорасанның ғұламаларына көрсеттiм. Олар разыдық бiлiдiрдi. Кiмнiң үйiнде осы кiтап тұрса, мысалы оның үйiнде бiр пайғамбар сөйлеп тұрғандай”. Имам Тирмизи 209 жылы туылып, 279 һижрада Термiз қаласында қайтыс болған. “Әл-Жәмиь” кiтабының жазбагерi.

4. Хафиз, Исламның шайхы, Әбу Абдур-Рохман Ахмад ибн Шуғайб ибн Әли Әл-Хорасани Ән-Насаи Әл-Қази. “Сахих” атты хадис кiтабын жинақтаған. өз заманында Мысырдың ең көрнектi машайхтарының (ұстаз) бiрi болып, iлiмi хадис бабында “рижәл” (хадис риуаятшылары) және хадис мәтiндерi бойынша сұңғыла ғалым едi. Имам Насаи 215 һижрада туылып, 303 жылы Палестинада қайтыс болды.

5. Әбу Дауд: Сулеймен ибн Ашғас ибн Исхақ Әл-Әзди Сижистани. “Сунан” аталатын хадис кiтабының аâторы. Имам Мухаммад ибн Исхақ Сағани айтады: “Дәуiт пайғамбарға темiрдi жұмсартып бергендей, Аллаһ Тағала оған да хадистi иiп бердi”. Хадис хафиздерiнiң бiрi Мұса ибн Ибраһим былай деген: “Мына жалғанда Әбу Дауд хадиске, о дүниеде жәннат үшiн жаралғандай. Онан артық жан көрмедiм”. Ол 202 һижрада туылып, 275 жылы дүние салған.

6. Ибн Мажәһ: муфассир (тафсиршi), хафиз, Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Язид Әл-Қазуини. “Ибн Мажәһ” әкесi Язидтiң лақабы. 209 һижрада туған, 273 жылы, Рамазан айында қайтыс болды. Бұл кiсiнiң “Сунан” атты хадис жинағы бар.




Жайнамаз үстіндегі ғажайып өмір


Аллаһу акбар, Аллаһу акбар!

Әшхаду әлла илаха иллааллаһ

Әшхаду әннә Мухаммәдур Расулуллаһ

Хайиа ғалас сәлаһ

Хайиа ғалал фәлаһ

Аллаһу акбар, Аллаһу акбар!

Лә иләһа иллааллаһ! – деп, екі мәртеден Алла тағаланы әуелете шақырған азан әуезі қай мұсылманның болсын жүрегін бәрібір қозғайды. Бұл сәтте Жаратқанның мына әлемі демін ішіне тарта тынысын тоқтатса, біз үшін өткеніміз бен бүгініміз көз алдымызға оралып, болашағымызға еңсе көтеріп қарауға ұялатын  шақ. Жүзімізді жерге төңкеріп, дүниелік нығметтерге бөлеген Жаратушымызды еске ала иманымызды оятамыз, одан сенімімізді бекіте алдан үміт күтетін тәтті де аяулы кезең. Әлбетте, бұл сәтті әркім әрқалай қабылдайды, бірі тұңғиық ойға беріледі, бірі намазды, ал енді бірі ескермеуі мүмкін. Менің ойымша, шапшаң жүрісті бәсеңдететін не баяу жүрісті шапшаңдататын осы қасиетті азан. Біреулер азанға елеңдемек түгілі есіне алмайды, мұнысы  Аллаға деген сеніміне көңіл бөлмегені де. Адамның жүректен басқа аяулы жері бар ма, сол тәрізді Жаратқанның қасиетіне толы жүрек бұл үнге тебіренбесе не алып ұшқан көңілін басып, барлық мүшесі тынбаса, онда мұсылмандығын ұмытқаны. Дегенмен бұл «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады» - деген Абайдың кемеңгерлігінде жатыр. Ал, «Құлшылығым қайда» деп, қам жемейтіндерге айтарым Жаратқан Алла тағала жас құндақталған баланы алақанындағы бесігінде тербеткендей, сүйікті пендесін ғанибет күйге бөлеп, сырласа мұңын тыңдап,  жайған алақанына несібесін беретін мына өмірден мүлдем басқа бір дүние бар, ол – жайнамаз үстіндегі ғажайып өмір дегім келеді. Алланың берген ғұмырының әр күнін санамай – ақ қояйын, әр пенде бір ғана жиырма төрт сағат тәулікті  шағын бес демге бөлсе, бар – жоғы бір – ақ сағат. Ал сол мезетті Жаратқанына арнаса одан мына дүние қараң қалып, қараусыз қалмайды. Сондықтан, бес тіректен құралған дініміздің ең мықты діңгегі яғни шаңырағы болған намазды төбемізде мықтап ұстаған жөн. Алла тағала «Мүминун» сүресінде мұсылман келбетін «Шындығында иман келтіргендер азаптан құтылады. Олар намазды шынайы беріліп, ықыласпен оқиды. Бос сөзден аулақ болады. Зекет беріп, ұятты жерлерін сақтайды» - дей суреттейді. Сондығынан намаз – Алла тағаланың өзгермейтін негізгі және бірінші жарлығы! Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызға Миғражда яғни көкке көтерілгенде Алла тағала тікелей Өзі бұйырған, ал діндегі өзге бұйрықтарын Періште арқылы адамзатқа жіберген. Ақыреттегі Алланың бірінші сұрағы да намаздан болады.http://www.islamdini.ru/_ph/2/2/950683670.jpg

Намаз пендені Жаратушы Алла тағаламен байланыстыратын жол. Ол көзге көрінбейтін бейне тәріздес, таң қаларлық құбылыстағы Жаратқанның рухы. Оған ілесіп, Алламен жүздесу – ғибадаттың шыңына көтерілу. Яғни сенімнен кейінгі жасаған құлшылығымыздың басында намаз тұруы тиіс. Алла тағала жәрдем  сұраушыға да намазбен тілеуді бұйырған. Сондығынан мына дөңгеленген күйбең – тірлік адамдардың күнделікті азығы болса, сол азықты қорытатын намаз. Сенімді нығайтатын, көңілді жұбататын, Алланың құдіретіне көз жеткіздіретін,  өмірді нұрлы, жалғанды шынайы, ақ пен қараны ажыратып, күнәні еске сала егілте жылататын, шайтанды езіп, рухты ұлықтататын зор жиһад. Санаулы ғұмырдың шегін білуші Алла пендесінің өмірін жайнамазбен ғана шектейді яғни осынша жас өткерсе де, дүние толардай байлық жинап, оның қуанышты қызығымен өткізсе де, ерекше бақытқа бөлейтін жайнамаз үстіндегі керемет дүниеге ештеңе жетпейді. Аллаға бет бұрған жан – иманын  оятқан пенде. Ал иман жүректі даярлап, тілді жаттықтыра намаздың құдіретіне  енгіздіреді. Алланың жолы – ақ жол. Оны ластауға, кірлетуге ешкімнің құқысы жоқ. Сондықтан, жүрек тазалығынан басталатын жол - тазалықтағы дәретпен ұласқан жол. Оның да өзіндік реті мен байыбы бар. Дәрет алып, намазға шыққан адам үстіне ихрам киіп, қажылыққа шыққанмен тең. Ал одан кейін жайнамаз жайған пендеге «Жаратушыңа аттаған қадамың құтты болсын!» деймін. Азанның үні қозғаған жүректің алғашқы қадамы яғни тура жолға бет бұруы – Жаратқанның шексіз даналығындағы ұлы тағдыр! Міне, мұны осылай ұғыну керек.  

Бір күні Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз сахабаларымен отырған кезде, Жебірейіл періште (ғ.с.) жолаушы адам бейнесінде келіп: «Ихсан дегеніміз не?» - деп сұрайды. Сонда: «Ихсан Алланы көріп тұрғандай оған құлшылық ету яғни намаз оқу. Себебі, сен Оны көрмесең де Ол сені көреді» - деп жауап берген еді. Сондығынан, осы жерде сәл кідіріс, қай амалымызда болмасын ниет болмаса, ол пенденің әуреге салынған бекер дүниесі болмақ. 
Әрдайым ниет әр іске лайықты болуы тиіс яғни құлшылық Құдайға лайықты болу керек. Алла тағала Өзінің құдіретті назарын намаз бастаған адамның намазы біткенше одан назарын алмайды. «Бар білгенім осы» деп, жұрт істегенді істеп, ниетсіз намазға жығылып, сәждеде бас ұрып, парықсыз тұрып жүре берген өте дұрыс емес. «Құдайдың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалға сүйене «Білмедім, Алла кешірер енді» деген ақылына теріс қылықтар жасайтындар Құдайды өзінің жақын туысынан бетер құрдас көреді. Ол қате. Сондықтан бірінші ниет болуы тиіс.  

Жастайымыздан «Аллаһу әкбар» деген сөзді жиі ести өстік. Бірақ мағынасын біле бермейтінбіз, ал намазда бұл сөз жиі қолданылады. Намаз – жан мен тәннің ғибадаты болғандықтан, оның арнайы сөздері мен іс – әрекеті яғни әдебі бар. Адам дәретін ала жүзін құбылаға бұрып, намазын бастарда ең алдымен «Аллаһу әкбар» деп, тәкбир тахрим айтады. Бұл үлкен мағыналы әрі тілге жеңіл сөз, ал негізінде қияметте салмағы ауыр. Сондықтан оған ой жүгіртелік. Әрбір адамның күніне бірнеше реттен «Аллаһу әкбар» дегенін санасақ,  бір рәкағат намаздың өзінде алты рет «Аллаһу әкбар» деп айтады. Ал, ол «Алла ең ұлы!» деген мағына. Осылайша күніне жүздеген мәрте Алла тағаланы ұлықтаған адамның алатыны тек қана мол сауап. Негізінде, құранның әрбір әрібіне он сауап жазылатын болса, намазды толығымен оқыған адамға қанша сауап жазылатынын есептей беріңіздер. Сондығынан Алланы еске алу ұлы құлшылық, түп мағынасында Алланы зікірлеу жатыр. Ол мұратқа жеткізіп, иманды күшейтеді. Ал, иман – илану яғни Алланың бірлігіне мойынсұну! 


Әуелі келеді ғой памдат намаз,

Оқиды сол намазды қандай сабаз. 

Егер де сол намазды тәмам етсең,

Бір Алла әр пәледен қылар қалас. 


Екінші келе жатыр ұлы бесін,

Өмірдің кім біледі ерте кешін. 

Мұны да мезгілінде тәмам етсең,

Бір Алла береді ғой несібесін. 


Үшінші келе жатыр намаздыгер,

Оқып қал, шамаң жетсе, болса жігер. 

Егер де мезгілінде оқымасаң,

Мағшарға барғаныңда бір тергелер. 


Төртінші келе жатыр тағы ақшам,

Жігіттер жақсы болар дінді бақсаң.

Мұны да мезгілінде оқымасаң,

Қайтер ең тамұқтың сен отын жақсаң. 


Бесінші келе жатыр жашиық намаз,

Ол өзі білгендерге ғашық намаз. 

Бес намаз оразаны тәмам етіп,

Жұмаққа барғаныңда мақтан Сабаз!!! – деп, Байсерке абыз жырлаған. Бірде бір елдің үлкен патшасы өзінің уәзірлерінің бірін үлкен бір қалаға басшылық етуіне әкімдікке жолдайды. Ол уәзір бара сала көптеген игі іс – шаралар атқарады. Кейініректе патша оған хат жолдайды. Ал әкім болған уәзір патшасының тікелей өзіне жолдаған хатына әбден қуанып, жатын төсегінің басына іліп, күніне бірнеше реттен құрметпен бетін сүртіп, мақтанып жүреді. Арада бірнеше жылдар өткізе патша сол әкім – уәзірінің атқарған ісімен танысу әрі есебін алу үшін алдына шақыртады. Уәзір өзінің есебін толықтай береді. Алайда, патша бұған разы болмайды. 

- Менің хатымды алдың ба? – деп сұрайды.

- Иә, ханием, алдым. Тіпті басыма қойдым. Күндіз – түні сізге деген құрметпен хатты сүйіп, бетімді, көзімді сүрттім. Елге оқып бердім – деп жауап берді уәзір. Сонда патша:

- Хаттың ішіндегі тікелей менің бұйырған әмірлерімді орындамай, керісінше оны сүйіп, құрметпен басыңа іліп, төбеңе қойсаң да сені жазалаймын – деген екен. 

Бұл мысалдағы патша – Алла. Хат – Құран. Уәзір – пенде. Бұдан ұғатынымыз, Алланың әмірін орындау – біз үшін өзгертілмейтін парыз! 


«Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын. Рахман мен Рахымды Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Ол Рахман һәм Рахымды. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі. Саған ғана ғибадат етіп, Сене ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз. Бізді тура жолға сал. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс – береке мен ізгі – жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз» деп, басталатын жайнамаз өмірі қасиетті құранның бүкіл мағынасын бойына құт еткен сүремен басталады. Бұл «Фатиха» сүресі, ол - құранның көшбасшысы. Әрине, оқылуы араб тілінде болғанмен, көп адамдар сүренің нақты мағынасын біле бермейді. Сондықтан, қазақ тіліндегі мәнін білген де жөн. Намазда рүкүғ деген бар. Ол – Жаратушыға сәлем берген бейне. Кейінгі кезде, қазақтың ырымындағы келіннің енесіне салған сәлемін «ширк» яғни «Аллаға серік қосқан» деумен шатыстырып, бірді бірге қосумен әлек болған жарым жартылы білімдар қазақтар табылып жатыр. Мұнысы қате ұғым. Ол сәлем мен бұл сәлемнің ниеті басқа. Сондығынан әр істі түгелдей мағыналы тура амалға айналдыратын тек қана ниет!

Құлшылықтың алды – намаз болатын болса, ал намаздағы Аллаға деген ең басты құрмет – сәжде! Қолдар ерлер үшін кіндік тұсында, әйелдер үшін көкірек тұсында. Көз төменде яғни жайнамаздағы сәжде нүктесінен көз алмай оқу – намаздың ең басты әдебі. Тек рүкүғта ғана көзіміз аяғымыздың ұшына келеді. Басқа жаққа жүзді бұру не екі қолмен қимыл – әрекет және т.б. негізсіз қозғалыстар жасау намаз тәртібін бұзуға әкеп соғады. Одан құлшылық қажетінде дұрыс орындалмайды. Ал сәждеде маңдай мен мұрын жерге тию міндет. Неліктен? Алла тағала адамды топырақтан жаратып, топыраққа апарады. Қазақтың пешенесі – маңдай. Ал сол маңдай қара жерге тиіп, мұрынмен сол қара топырақтың иісін сезе, өмір мен өлімді беретін Алламен жүздесу. Хадистерде сәжде – Аллаға ең жақын тұс екендігі баяндалған. Тозақ отына да күймейтін жердің бірі – сәждеге қойған маңдай. Ал, жалпы намазға тұрғаннан дүниелік тірлікті ұмыта намаздың рухына берілу бар. Одан басқа, сәждеде күнделікті күйбелең тірлікті ойлау, сұрау – қателік. Және бір емес, екі реттен сәждеге барғанда, ойшыл Абай айтқандай «Бірінші сәжде топырақтан жаратылғанымызды қабылдау болса, екінші сәжде сонда баратынымызды мойындау». Сондықтан, сәждеде сақ болу керек. Одан кейінгі отырыста Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызға салауат айта береке тілеп, екі дүниелік тозақ отынан сақтау дұғаларын оқу. Сәлемнен кейін «Астағфируллах» айтылып, Алладан кешірім сұрай, намаз аяқталады. Есте сақтайтын бір жайт – намаздағы әр қимыл – қозғалыста үнемі «Аллаху акбар» айтылып отырылады. Кейіннен таспих тарту, құран оқу не дұға жасау, тілек тілеу адамның қосымша құлшылығы. Оны орындау парыз емес. Әйтсе де орындағаны абзал, себебі ғибадат ете білу Аллаға да ұнамды.

 

Жаратқанға жақындаймыз намазбенен,



Жақсылықтың келуі намазбенен,

Бар бәледен құтыламыз намазбенен,

Дүниеден кету де намазбенен! – дегендей, «Бұл дүниеде құлшылық бар, есеп жоқ, қияметте есеп бар, құлшылық жоқ» дегенге, «Мен намазға байланғаным соншалықты, қияметтің өзінде де намазсыз өмір сүре алмайтындаймын» - депті бір ғалым. 

Ұлық Хасан аль – Басри бір күні бір мұсылманның жерлеуіне қатысып, зират басына барады. Қабірге жерленіп жатқан адамды көрсетіп, қасындағы адамнан: «Мына адамның орнында сен болғанда не істер едің?» - деп сұрайды. Сонда, ана адам іркілместен «Басымды сәждеге қояр едім»  - деген екен. «Ендеше, қой тезірек, ажал айтып келмейді» - депті. Міне, дүниеден адам өтсе де, оның жерленуі де намаз /жаназа намазы/. 

Қазақ ұғымында дастархан қалай құрметті болса, жайнамаз да солай үлкен құрметке ие болған. Ертедегі аталарымыз жайнамазын беліне түйіп өткен. Бүгінде ескінің көзін көрген кісілер «Мынау пәленше атамыздың жайнамазы еді»  деп, тозығы жетсе де, көзінің қарашығындай сақтап, сол жайнамаздың үстінде әлі күнге дейін құлшылықтарын жалғастыруда. Сондықтан, әрбір мұсылман үйінде екі теледидар болғанша, екі жайнамаз болсын. Адамның досы – иман, құран, намаз, жайнамаз болып, намаз оқығанда патшаның патшасына есік қаққандай күйде баршамыздың жайнамазда тілектеріміз тоғыссын ағайындар! 




НАСИХАТ СӨЗ
Я,Алла жалынамын жамалыңа,

Ақ жолдың өзің сал деп халалына

Өзіңнен үмітім көп рахметіңнен

Жіберме ахыреттің залалына

Ынсыз-жын, дию-пері жиылғанда,

Рухымды қосқын Алла дана құлға,

Үміт қып бір өзіңнен пәруардігер,

Мұсылман жүрмін бекер санағында

Әгәрда әділіңе алсаң Алла

Біздерде күнә деген сала-құла,

Күнәсін мен пақырдың афу етіп,

Жүзімді маһшар күні қара қылма.

Түскен соң қараңғы көр кайран басым,

Ата-ана дейтін қайда қарағым-ау,

Еркіңде не қылсанда Жаббар құда,

Ажалым жетсе бір күн барамын да.

Істемей айтқаныңды ақымақ боп

Маһшарда арманда боп қаламын ба?

Тілегім жатсам тұрсам бір өзіңнен

Кез болсам рахым атты қаламыңа.

Насуха Алдияр шын тілепті,

Ақыры жетті екеуі талабына.

Ішінде адамзатты абзал қылдың

Жаралған мына аламыңда.

Пайдасы ақыреттің болмаған соң

Боза мен ішпей қойдым арағында.

Сөзімде қате болса кешірерсіз

Жақсылар салып қара сарайыңа.

Деп жүрмін Расул Алла үмметімін

Дозақтың қойма алып тарағына.

Айтқанын кылмай Құданың,

Шәрменде болып қалыппын,

Егесі жалғыз өзіңсің

Жаралған жалпы халыктың.

Күнәға әбден шырмалып

Сауап іске арықпын

Ақымақ боп дүниеде

Нешелерді налыттым

Азаптан қорқып мінеки

Өзіңді енді таныппын

Қараңғыдан қайтарып

Ішіне апар жарықтың.

Не болар деп ахуалым

Енді жылап тарықтым.

Уәжім қайда дейтұғын

Саған Алла неғыппын?

Төрешісі өзіңсің

Әділ менен анықтың

Жүнісің шыкты ішінен

Қырық күн жатып балықтың

Келгенде жасым қырық үшке

Сонда еске алыппын.

Үмметіне Расулдың

Азап жоқ десе наныппын.

Бір лұқма судан пайда боп

Тоғыз ай сақтап ішінде

Дүниеге жарық шығарып

Анамыздан туыппын.

Балағатқа жеткен соң

Жүректі Алла суыттың.

Енді ойладым ақылды

Ағарып шаш пен мұрытым.

Борайы болып түк білмей

Жүре бердім жұрыттың

Қу шайтанды денеме

Неге ләпсім жуыттың.

Өткізіп алып уақытты

Етегін ұстап біз тұрмыз

Тәуекел деген үміттің.

Қай жерде болса күнәлі іс

Соған құлақ түріппін

Мазақ қылып жақсыны

Ұялмай соған күліппін.

Ойламаппын өлімді

Төменінде қырықтың

Істемеген бәлем жоқ

Өзіңді де ұмыттым.

Алмасаң құдай фазылыңа

Кешпестей күнә қылыппын

Аш қалған иттей далада

Енді жылап ұлыппын.

Не бетіммен барамын

Айтканын қылмай ұлықтың.

Жараттың пайғамбарды ұлық қылып

Исламға бердің парыз қырық қылып

Рухымды пайғамбарға үммет қылсаң

Жалғыз-ақ сонан жүрмін үміт қылып.

Мүңкәр-Нәңкір Раббың кім? дегенінде

Қоймағай мен наданды ұмыттырьш

Маһшарда ахуалым не болады

Апарсаң тозағыңа ұрып тұрып.

Бүгінде уайыммен жылап жүрміз

Дүниеде адам қылмас қылық кылып.

Ақуалым мен наданның не болады

Жауап алсаң шәңгекке іліп тұрып.

Нәрсені ит ішпейтін ішіп жүрдік

Жалғанда осы екен деп қызықшылық

Күнә мен қалдырмадым зінәсінда

Өмірді өткіздім деп қызык кылып.

Мұхаммед Расул Алла құрметі үшін

Қоя гөр дозағыңа құлып ұрып.

Құдая пазылыңменен пәк қылмасаң

Боқ жеппіп итжемеген былықтырып

Жасымда ойламастан өлерімді

Мәз боппын күлкі менен тырық-тырық.

Ақыретті ойламай

Қу нәпсім кеттің семіріп

Арық ат мінген адамдай

Ажал келер тебініп

Нәпсінің қылмай айтқанын

Қояйын енді жеңіліп.

Бұрынғыдай емеспін

Ойға түсіп кемідік.

Ақырдың ойлап азабын

Жылаймын кейде егіліп

Ит жемеген боқ жеппін

Жас уағымда ерігіп

Не деп жауап беремін

Қырық парыздан бір Алла

Келдің ба? -десе не біліп.

Арақ бен тойды қызық деп

Әзәзіл шайтан мақтадың

Айтқаныңды мен істеп

Кәнеки сонан тапқаным

Өткізіп алып уақытты

Енді маған жакпадың

Әзэзіл шайтан азғырып

Жамандық жағын жақтадым

Ойыма түсіп мінеки

Енді жылап жатқаным

Лағып жүрдім адасып

Нәпсінің қылып айтқанын.

Өзің кешір құдая

Маһшарға пайда таппадым.

Ибраһимды Намурдтың

Отынан аман сақтадың.

Алдияр Насуха

Шын тілеп қарар тапқанын.

Мен пасықты фазылыңмен

Рахым қылып сақтағын.

Маһшарда қисап болғанда

Мен надан қайсы саптамын.

Жұмағада кірмедім

Ішінде бір ай аптаның.

Туылғаннан мезгедім

Ағарып таңнын атканын.

Өлімге және мезгедім

Қызарып күннің батқанын.

Енді жылап отырмын

Күнәнің басып батпағын.

Істеген жоқпын ғибадат

Мұсылман деген аттамын.

Мені жолдан шығарған

Шайтан лайын атқанның.

Шәрмәнде қылма құдая

Мінеки менің тапқаным.

Өткен іске өкініп

Енді жылап жатқаным.

Акымақ нәпсім асықпа

Қалады бекер тапқаным

Жәннаттан Алла жай бергіл

Дозақтың жауып қақпағын.

Жан тәсілімге барғанда

Кұрады шайтан қақпанын

Жаратқан өзің Рахым ғып

Дозағынан шайтаннын.

Сол уақытта сақтағын.

Абзалсың деп досыңды

Ләбіз ғып өзің мақтадың.

Құрметі үшін солардың

Күнәдан қара ақтағын.

Қиыи емес өзіңе

Әгарда келсе сақтағың.

Төрт жүз жыл сақтап құрмасын

Берді Арыстан баптарың

Сол сияқты әзиздер

Жөнеді тастап тақтарын.

Ноқталы басқа бір өлім

Сөзімнің қара ақпарын.

Ада болмас солардың

Жазғанмен жиып аттарын.

Өлеріңді ойлап жүр

Мұсылман бәнде заттарың.

Қошемет соған қыламыз

Баласын көрсек датқаның.

Істемейміз Алланың

Қырық парыз бұйрық айтқанын.

Ойламадым ақырды

Жасымда мұрын шиырып

Қырық парызды істе деп

Жіберді бізге бұйырып

Істемек түгіл еске алмай

Кетті нәпсім үйіріп

Ахуалым менің не болар

Күнаһым тұрса үйіліп.

Өткен іске жаратқан

Енді жүрмін күйініп

Мәз болыппын мастанып

Көшеге шықсам киініп.

Күнә мен зінә көп қылдым

Аянбай істеп тиылып

Есіме түссе соларым

Кетеді үскін қиылып.

Жасырын ісім халықтан

Өзіңе тұр ғой білініп,

Ойласам қорқьш жылаймын

Көзімнің жасы кұйылып.

Шәрмәнде қылма маһшарда

Тұрғанда халық жиылып.

Хабибің үшін кешіргіл

Өзіңе жүрмін сиынып.

Миғражда айткан бір сөзің

Қаламын содан сүйініп.

Жад еттім Жаппар өзіңе

Енді жүйкем қиылып.

Я, Алла өзің фазылыңа ал


Кез боларда киындық

Біле тұрып бәрінде

Істемедім қиын деп.

Ерте жатып кеш тұрдым

Ғибадат қылмай бұйығып.

Ғапілетбен жасты өткізіп

Қартайғанда иіліп

Мешітке барып бәз-бәздеп

Имамға енді ұйыдық.

Дүниеден өткен ғашығың

Жылаумен көзін қанатқан

Не қылсаңда еркің бар

Құдіретің күшті жаратқан.

Тілегім осы қалдырма

Үммәтім деген санақтан.

Дәргаһыңа өтініш

Мен сияқгы салақтан.

Жасымда қолым тимеді

Боза менен арақтан

Неше мәрте өткізіп

Адал істі талақтан.

Нешелерді налытып

Өшіріп жүрдім санақтан.

Былықпай қанша істерді

Айтуға ауыз бармайды

Еңбегім осы істеген

Ылайық емес жаратқан.

Бір сен үшін зар жылап

Өтіпті неше ғашығың

Мен қол жетпес күнәнің

Іздеп таптым қашығын.

Ақырдың ойлап азабын

Енді жылап жасыдым.

Ақыретті ойламай

Жасымда мас боп тасыдым

Күнәһар надан адамның

Мен бірінші пасығың.

Фазылыңмен Алла кешіргіл

Сөзімнің қате асығын.

Дүниеде сірә бар ма екен

Ыпылас мендей пасығың.

Үміт қылған фазылыңнан

Күнәға ғапыл асымын.

Барды өзің жоқ қылған

Жоқтан өзің бар қылған

Рахмет атты қазаннан

Құр шықпасын қасығым.

Кедей қылып біреуді

Біреуді қойдың бай қылып.

Біреуді түкке жарытпай

Біреуді койдың кұдая

Төрт түлікке сай қылып.

Біреулер ешек таппай жүр,

Біреу жүр ат пен тай мініп

Біреулер қуып жете алмай

Біреулер түгел жай жүріп.

Құдретің күшті кұдая

Күндізге күнді жараттың

Түнге жарық ай қылып.

Нәпсісі үшін дүниеден

Қаншалар кетті сауаптан

Өтерінде айырылып.

Шәрмәнде кылма маһшарда

Айдағанда Сыраттан

Аяғымды тайдырып.

Біреулер шат боп дүниеде

Біреулер жүр қайғұрып.

Араммен нәпсің үшін қиналғаның

Қалады ажал келсе жинағаның.

Болады өте қиын ахуалы

Нәпсісін арамдықган тыймағанның.

Арамнан алыс жүрген мұсылмандар

Үміт қып Ислам дінін силағаның.

Әгарда әділіңе алсаң Алла

Маһшарда шәрмәнде боп қиналамын.

Рухымды Мұхаммедке (с.ғ.с.) қылсаң үммет

Жалғыз-ақ сол жеріңе иланамын.

Айқайлап ақымақ боп шарап ішіп,

Басынан өзімді-өзім силамадым.

Көңіліме келген істі істей бердім

Басынан болмаған соң милы адамның.

Құдая мені жоқтан бар қылғаның

Өлгенде лахатымды тар қылмағын

Дүниеге жаратылып келгеннен соң

Сауап аз, күнә болды бар қылғаным.

Өзімді арамдықгың әскері ұрып,

Жасымнан ақыретке қам қылмадым.

Қанағат бергеніне шүкір қылып,

Ку нәпсім енді еріп каңғырмаймын.

Өзіммен жалпы үммәт кәлимагөйді

Отына жаһаннамның жандырмағын.

Намурдтың Ибраһимды өзің Алла

Отына жанып тұрған салдырғаның

Мінеки құдіретіңнің күштілігі

Сол оттан аман-есен қалдырғаның

Жылаймын азабыңнан енді қорқып

Бұрынғы еске түсіп сан қылғаным.

Миғражда үммәт үшін қам жеме деп

Досыңды есімде бар нандырғаның.

Шаддатқа ерік беріп сонша Алла

Жәннатты құдаймын деп салдырғаның

Сондада бірлігіңе сенбеген соң

Найүмід соның үшін қалдырғаның.

Күнәсін мен наданның афу етіп

Ақырда дозағыңда қалдырмағын.

Кедей қыл дүниеде бай қылмасаң

Болады маһшар күні қайғырмасам.

Барғанда жан тәсілімге пәруардігер Тілегім иманымнан айырылмасам,

Үмметтік дәптеріне атым жазып

Сыраттан аяғымды тайдырмасаң.

Қидыңыз біздей асы кұлыңызды

Білмейде жүрдік кейде мұныңызды.

Маһшарда есеп-сауал болған күні

Есірке біздей асы құлыңызды.

Ғибадат қылғандардың соңындамын

Әшейін адам деген формындамын

Жақсылық-жамандыкты жазып қойдың

Маһфузда адамзатқа болынбағын.

Жаратқан жамалыңнан үміт қылам

Өзіңнен жақсылықтың болынбағын

Ескермей 40-қа шейін сауап істі

Жұмысын надандықтың орындадым.

Я, Алла өзің кешір деп жылаймын

Қате істің бұрын менен болынғанын

Өмірім жеткенінше бұдан бұлай

Келіп жүр әмірінді орындағым.

Жұмысын жамандықтың кәсіп етіп

Өзіме енді отыр тәсір етіп

Байқасам 43 жасқа келіп қаппын

Аз емес келіп қапты-ау жасым жетіп.

Шайтанның уәсуәсінен өзің сақта

Я, Алла тауфық ынсап өзің беріп

Шат қылсаң әжеп емес көңілімді

Туынан хабибіңнің нәсіп етіп.

Күнәнің бастым аяқ ауырына

Надандықтың көп қосылып қауымына

Күнәсін мен наданның афу етіп

Қосқайсың имам Ағзам қауымына.

Қосқайсың Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметіне

Халилулла Ибраһим мілләтіне

Күнәмді афу етіп кешіргейсің

Мұхаммед (с.ғ.с.) сүйген достың құрметіне.

Әбубакір, Әлі, Омар, Оспан

Маһшарда шахаряр ғып дос қып коссаң

Я, Алла бір өзіңнен тілегім сол

Күнәсін өзі алса шайтан қосқан.

Бар адам түсінеді парасаты

Маһшардың бар ма есіңде арасаты.

Бұл күнде досың да көп, жарың да көп

Кім-кімге қияметте қарасады.

Осының бәрін бірдей біле тұрып

Қу нәпсім неге жолдан адасады.

Қу нәпсім ауам айлап қаңғырасың

Қай уақта ақыретке қам қыласың

Ақыретті надандықпен жаста ойламай

Қайғыға енді ойлап қалды басым.

Маһшарда төрт имамды қазы қылсаң

Болады маһфуздағы жазылынған

Күнәнің біле тұрып бәрін істеп

Ғафуын үміт қылам фазылыңнан.

Өткіздім ғапілетбенен өмірімді

Күнәнің мықтап ұстап қазығынан.

Жинадым 43-ке кеп енді есімді.

Қорқамын жаста қылған жазығымнан.

Күнәсін мен міскіннің афу етіп

Жәннаттың нәсіп еткіл азығынан.

Өзіңе сырым мәлім Жаббар Құда

Жасырып халықтардан жүрдім сірә

Я, Алла фазылыңменен кешірмесең

Тірлікте өткізіп ем ауыр күнә.

Әууалдан ақырға шейін қамқор болған

Назар сал үммәтім деп хақ Мұстафа.

Ықыласпен кітап жазып жүрмін енді

Кеселге бола ма деп өткен шипа

Уәли деп жүздің бірін есітуші едім

Дуамен қол көтерсе жазғушыға.

Мінәжат қылдым азырақ

Риза бол енді халайық.

Өткен іс түссе есіме

Кетеді үскін қарайып.

Бәрі мәлім Аллаға

Бәндадан несін танайық

Болар ма екен себепкер

Көптен бата алайық.

Ілаһи амин дұғадан

Ұмытылып қалмайық.

Қалсын дедім артымда

Еңбекпен жазған хатымыз

Атымызды жазылған

Жүрсін деп еске-ап халқымыз

Дүниені қуып іздеген

Емеспін жыршы салтымыз

Дұғадан бізді қалдырма

Қол көтерген жалпыңыз.

Теріңіздер харіпті

Сын менен әліп келеді

Екі те түссе яй менен

Оқыған адам біледі.

Бе менен әліп яй жазсаң

Атымның толық келгені.

Жақсылардан шарапат

Тиеді деуші ед себебі.

Алланың досты пайғамбар

Біздерге еткіл егені

Иманмен Алла жарылқа

Жоқ екен басқа керегі.

Көп ішінде уәли бар

Айтушылар деп еді.

Дұғадан болып үміткер

Қол жайған ғаріп мен еді.

Уаллаһу алам бисауап

Шамалы жазба сөзімнің

Осымен бітті өлеңі.

1960 жылы жазылған. Төтежазудан (араб әріптерін кирилшеге түсірген) аударып жазған:«ӘЛІ БЕКЕН»мешітінің найб имамы Әбдімүтәліп Сәттібайұлы. 2008 ж. 15 тамыз.


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет