Имандылық негізі – Ислам діні. Адам (а с) өмірі



бет5/11
Дата09.04.2019
өлшемі365.52 Kb.
#102637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Исмайыл пайғамбар

Исмайылды құрбандыққа шалу 
Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Ибраһим, алейһиссәлам, Аллаһқа иман айтқан мұсылмандарды ертiп Харан деген жерге келiп ұзақ уақыт тұрды. Сонда тұратын бiр туысының Сара атты қызына үйлендi. Бiрақ олар егде жасқа келгенше бала көрмедi. Бiр күнi Сара күйеуiне былай дедi:


– Жасым ұлғайды. Тәңiрiм маған перзент бермедi. Сен қызметшi қыз Ажарға (Әажар) үйлен. Аллаһ Та`ала тiлегiңдi қабыл алып перзент берсе, үйiмiзге қуаныш кiрер, – дедi.
Бұл сөз Ибраһимнiң, алейһиссәлам, көкейiне қонып, Ажарға үйлендi.
Көп ұзамай Ажар жүктi боп, Исмайл атты ұл туды. Аллаһ Та`ала тiлегiн қабыл қылып, перзент бергенде Ибраһим, алейһиссәлам, қатты қуанды. Ол ендi ұлы мен жас әйелiнiң жанында көбiрек болып жүрдi. Мұны көрген Сараның бойында қызғаныш оты жана бастады. 
– Балаң мен әйелiңдi менiң көзiм көрiп, құлағым естiмейтiн алысқа апарып таста, – дедi Сара бiр күнi. Ибраһим, алейһиссәлам, көп сөзге келмей оның тiлегiн орындауға бел байлады. Оған Ажар мен Исмайылды Мекке ойпатына апарып тастау туралы Аллаһ Та`ала уахи келтiрдi. Ол Аллаһтың әмiрiмен әйелi мен емшектен шықпаған баласын елсiз шөлге тастап керi қайтты. 
– Сендердi бiр Аллаһқа тапсырдым, – дедi Ибраһим, алейһиссәлам, соңында қалып бара жатқан Ажарға. 
– Аллаһ бiздi өлтiрмес, қор қылмас, – деп Ажар жыламсырап қала бердi.
Бiрнеше күннен кейiн Ибраһим, алейһиссәлам, қалдырған су таусылып, Ажар мен Исмайылды шөл қыса бастады. Қаталап шөлдеген Исмайыл жанын қоярға жер таппай шыңғырып жылады. Не iстерiн бiлмей сасқан Ажар жүгiрiп Сафа тауына шығып, айналаға көз тастады. Маруа тауы жағынан бұлдырап су көрiндi. Жүгiрiп онда барғанда, бұлдырап көздi алдаған сағым болып шықты. Осылайша ол екi тауға жетi рет шығып, түстi.
Кенет әбден қалжыраған Ажардың құлағына бiр дауыс естiлдi. Жалт қараған Ажар баласының өкшесi тиiп жатқан жердi перiштелердiң бiрi қанатымен қазып жатқанын көрдi. Сол-ақ екен атқылап су шықты. Бұл бүкiл мұсылман жұртына қасиеттi зәмзәм суы едi. Сөйтiп Аллаһ Та`ала өзiнiң сүйiктi пенделерiн зәмзәм суымен жарылқады. Қуанышқа кенелген Ажар:
– Аллаһқа шүкiр! Аллаһқа шүкiр! – деп баласын құшақтап сүйе бердi. 

Бiрде бiр топ арабтар сол маңнан өтiп бара жатты. Бұл жердiң сусыз шөл дала екенiн олар бұрыннан бiлетiн. Таңырқаған жүргiншiлер бұлақ басында отырған Ажарға келдi.


– Мына су қайдан шықты?,– деп таңырқасты олар. Ажар оларға болған жайды түгел айтып бердi. Бұл Аллаһтың нұры жауған бала екен. Егер қаласаң бiз сенiмен бiге болайық, мына бұлақтың иесi сенсiң ғой, – дедi жолаушылар. Ажар Аллаһтың берген ризығын жұрттан қызғанбады. Кейiн мұнда қоныстанушылар көбейдi. Осылайша Мекке ойпаты бiрте-бiрте елдi мекенге айналды. 
Ибраһим, алейһиссәлам, әйелi мен ұлын елсiз шөлге апарып тастағанда, Аллаһтан түбiн қайырлы қылғай деп тiлек тiледi: Олардың амандығын бiлiп тұру үшiн жиi-жиi келiп тұрды. Ол бiр келген күндерде түс көрдi. Түсiнде Аллаһ аян берiп, Исмайылды құрбандыққа шалуды бұйырды. Осы түс үш рет қайталанды. Аллаһтың әмiрiн орындау – пайғамбарлардың басты парызы. Ибраһим, алейһиссәлам, бұйрықты орындауға бел буды. Бұл Исмайылдың әжептәуiр жасқа келiп қалған шағы едi. 
– Ей, ұлым! Мен сенi бауыздап, құрбандыққа шалатын түс көрдiм. Ойлан, сонсоң пiкiрiңдi айт, – дедi Ибраһим, алейһиссәлам, баласына. 
– Ей, әке! – дедi ұлы. – Өзiңе не бұйырылса, соны орында. Құдай бұйырып тұрса, менi соған көнедi деп бiл. 
Бұйрыққа екеуi де бой ұсынды. Ибраһим, алейһиссәлам, ұлын бауыздауға кiрiсе бастады. 
– Ей, Ибраһим! –деп үн қатты сонда Аллаһ Та`ала. – Түсiңдi iске асырдың. Бiз iзгiлердi жарылқаймыз. Бұл сен үшiн айқын сынау едi. 
Сөйтiп Аллаһ Та`ала "Ибраһимге сәлем!” деп үнемi айтылып жүретiн даңқ сыйлады және баланың орнына басқа бiр құрбандық берiп, көктен көк қошқар түсiрдi. Бұрынғы кезде адамдар құрбандыққа ең жақсы көретiн перзенттерiн шалатын едi. Аллаһ Та`аланың әмiрiмен көктен көк қошқар түсiп, Исмайылдың, алейһиссәлам, орнына құрбандыққа шалынған күннен бастап (құрбан айт мерекесiн тойлау – Ид әл-Адха) бұл әдетке тыйым салынды. Содан берi Исмайылдың, алейһиссәлам, құтқарылу құрметiне орай құрбандыққа мал шалынатын болды.
Осыдан кейiн Аллаһ Та`ала Ибраһимға, алейһиссәлам, Меккеде Аллаһқа құлшылық қылатын ең басты үй – Қағбаны тұрғызуды бұйырды. Бұл бiр кездегi елсiз ойпатқа қоныстанушылар көбейiп, Меккенiң қалаға айнала бастаған кезi едi. Ибраһим, алейһиссәлам, баласына Аллаһтың бұйрығын жеткiздi. 
–Тәңiрiңiз бұйырған iстi iстеңiз, –дедi Исмайыл, алейһиссәлам, – Аллаһтың бұйрығын орындау үшiн мен сiзге көмектесуге әзiрмiн. 
ке мен бала бөгелмей iске кiрiстi. Аллаһтың ишаратымен Ибраһим Халилулла Қағбаның қабырғасын қалай бастады.
Қағбаның қабырғасы кiсi бойындай көтерiлген кезде Ибраһим, алейһиссәлам:
– Исмайыл, мына бұрышқа қоятын бiр жақсы тас әпер, адамдар оны бiлетiн болсын. Бұл Қағбаны айналушылар үшiн қажет белгi болады, –дедi.
Сол кезде Аллаһтың әмiрiмен Жәбiрейiл перiште Исмайылға, алейһиссәлам, қасиеттi қара тас – Хажар Асуадты ал деп хабар бердi. Исмайыл, алейһиссәлам, Хажар Асуадты әкесiне алып бердi. Бiрақ жасы ұлғайып, күшi қайта бастаған Ибраһимға, алейһиссәлам, кiсi бойындай қабырғаға Хажар Асуадты көтерiп қою оңай болмады. Ол аяғының астына тас қойып барып Хажар Асуадты тиiстi орнына қалады. Ибраһим, алейһиссәлам, аяғының астына қойған сол тасты Мақам Ибраһим – Ибраһим тұрған орын деп атайды. Ибраһим, алейһиссәлам, Қағбаның қабырғаларын қалап бiткенше әлгi тасты пайдаланды. 
Сөтiп Ибраһим мен Исмайыл, алейһиссәлам, Аллаһтың тiлегiн орындап шықты. Олар Қағбаны салып бiткенше Аллаһтан тiлек тiлеумен болды. 
– Тәңiрiм! Бiздiң тiлегiмiздi қабыл ет! Бiздiң әулетiмiздi де өзiңе ғана табынушы ете гөр! Хақ жолдарын үйретiп, өзiңе құлшылық ететiн үмметтер шығара гөр, тәубамызды қабыл ал. Раббым, аяттарыңды оқитын, кiтаптарыңды және оның тағылымдарын басқаларға үйрететiн, сөйтiп оларды күнәдан тазартатын, бiздiң ұрпақтарымыздың өз iшiнен бiр пайғамбар жiбер,–деп жалбарынды олар. 
Аллаһ Та`ала олардың тiлегiн қабыл алып, Қағба ең басты ғибадат орнына айналды. Дүниеге бүкiл мұсылман жұрты қасиет тұтқан пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, келiп, Ислам дiнiн әлемдiк дәрежеге көтердi, барша адамзаттың игiлiгiне айналдырды. 
Исмайыл, алейһиссәлам, ер жетiп, ЖүрӘум руының бiр қызына үйлендi. Баласының шаңырақ көтергенiн естiген Ибраһим, алейһиссәлам, бiр күнi Исмайылдың үйiне келiп түстi. Баласы үйде жоқ екен. Келiнi қайын атасын танымады. 
– Исмайыл қайда? – дедi Ибраһим, алейһиссәлам.
– Аңға кеткен, – деп жауап бердi келiнi.
– Тұрмыстарың қалай? Жағдайларың жақсы ма?
– Жағдайымыз мәз емес, iшерге асымыз, мiнерге көлiгiмiз жоқ, қиыншылықта тарығып отырмыз, – деп зарлап қоя бердi келiнi. Келiннiң зердесiн таныған Ибраһим, алейһиссәлам: 
– Шырағым, мен дәм ауыз тиейiн де қайтайын, көрсететiн сый-сияпатың бар ма? – дедi. 
– Дәм татарлықтай үйде ештеңе жоқ, – деп аузын қу шөппен сүрттi келiнi. 
Бұл әйел Ибраһимге, алейһиссәлам, ұнамады. Оның баласының отанын көгертпейтiнiн, басына бақыт әкелмейтiнiн анық сездi. 
– Ерiң келген соң менiң сәлемiмдi жеткiз, босағасын өзгертсiн,– дедi де, жүрiп кеттi. Зердесiз әйел бұл сөздiң мәнiсiн ұқпай қала бердi. 
Кешкiлiк Исмайыл, алейһиссәлам, саяттан қайтып оралды. 
– Мен жоқта үйге бiреу келдi ме? – деп сұрады ол.
– Иә бiр шал келiп сенi сұрады, – деп көрген бiлгенiн айтып бердi.
– Ол ешқандай өсиет қалдырмады ма?
– Қалдырды. Босағасын өзгертсiн деп сәлем айтты, – дедi әйелi.
Исмайыл, алейһиссәлам, келген әкесi екенiн бiлдi.
– Ол – менiң әкем. Маған сенiмен ажырасуды бұйырыпты. кемнiң бұйрығын орындамасқа шарам жоқ, – дедi ол әйелiне. 
Сөйтiп Исмайыл, алейһиссәлам, әйелiн талақ қылып, басқа бiр әйелге үйлендi. 
Күндер өтiп жатты. Бiр күнi Ибраһим, алейһиссәлам, жолы түсiп баласының үйiне тағы келдi. Оны ашық жүздi ажарлы әйел қарсы алды. 
Келген кiсiнi танымаса да, асты-үстiне түсiп жақсы күттi. Исмайыл үйде жоқ екен, сонда да әкесiнiң өсиетiн орындағанын көрiп, баласына риза болып қалды. 
Келiнi дастарқан жайып, сый-сияпат жасады, қонаққа құрмет көрсеттi. 
– Хал-жағдайларың қалай? – дедi Ибраһим, алейһиссәлам. 
– Аллаһқа шүкiр, жақсымыз, – дедi келiнi.
Бұл әйелге Ибраһимнiң, алейһиссәлам, көңiлi толды.
– Ерiңе менен сәлем айт, босағасы берiк болыпты, – дедi ол кетерiнде.
Исмайыл, алейһиссәлам, келген соң, бiр шалдың келiп кеткенiн және айтқан сәлемiн жеткiздi.
– Ол – менiң әкем, саған риза болып, көңiлi толып кетiптi, –дедi Исмайыл, алейһиссәлам.
– Ендi мен сенiмен өмiр бойы бiрге боламын. 
Сөйтiп Ибраһимнiң, алейһиссәлам, батасын алған ерлi-зайыптылар өмiр бойы жұптарын жазбады. Исмайылдан, алейһиссәлам, Набыт және Хизар атты екi ұл туып, олардан бүкiл хижаз арабтары тарады. Яғни, дүйiм араб жұртының атасы Исмайыл, алейһиссәлам, болып табылды. 


Құран

"Құран" араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген мағынаны білдіреді.

Құран - барша адамзатқа тура жолды көрсету үшін Ұлы Жаратушы тарапынан уахи арқылы ақырғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) түскен, оқылуының өзі ғибадат саналатын мәңгілік иләһи кітап.

Құдіреті күшті Аллаһ Тағала бүкіл жаратылыс атаулының ішінде адамды ерекше көркем бейнеде жаратып, оған баға жетпес сый ретінде ақыл-ой, сана дарытқан. Міне, осыдан барып адам баласына жасаған әрбір іс-әрекеті үшін ақыретте жауап беру міндеті жүктелген. Өзі қонақ ретінде табалдырығын аттаған жұмбақ әлемнің сан қырлы сырлары мен неше алуан түйіндерін шешіу мақсатында адам баласына Жаратушы тарапынан Құран Кәрім түскен.

Адам баласы Құранның арқасында Аллаһпен тілдесу шыңына көтеріледі.

Құран - Исламның рухани кеңістігінің көгінде жарық шашкан нұрлы шырақ. Құран - Исламның негізі мен мәні. Құран - ақырет әлемінің де қасиетті картасы. Ол - тек қана бұл ғұмырлық адамдар арасындағы қарым-қатынас емес, сонымен қатар, келешек мәңгі әлемді де тамаша түсіндірген кітап. Құран - акыреттік мекен-жайды, ондағы жәннаттың аса ғажайьштығы мен сұлулығын және жаһаннамньң жан шошырлығы мен қорқыныштылығын суреттеп, бізге нендей қам жасауымызды үйреткен кітап.

Кұран - адамзаттың тәрбиешісі. Құраннын басты мақсаты - адам баласының жан-тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жәннатқа лайық ету. Асылында, Құраннан тәлім-тәрбие алған адамның бұл дүниесі де жәннатка ұқсас. Өйткені, адамның жан дүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең кемел әдісті адамды жоқтан жараткан Аллаһ Тағала ғана біледі.. Ендеше, Құран - адамзаттың жалғыз тәрбиешісі.

Кұран - күллі адамзаттың заттық және рухани қажеттілігіне сай, кең ауқымға ие, қасиетті дара кітап. Кұран - адам баласының тән азығы мен жан азығы, бұл фәнилік ғұмыры мен ақыреттік өмірі, адамның жеке басы мен отбасы, экономика, саясат, басқару жүйесіне бірдей жеткілікті кітап. Құран - адам өміріне немқұрайдылықпен қарамай, онын барлық қажеттілігін қамтыған кітап. Адам баласы дүрбелең өмірдегі бөгеттер мен асулардан соның көмегімен өтіп, дертінің дауасын, рухының азығын Құраннан ғана табады. Құран - сөзі де, мағынасы да өзіне тән Хақ тағаланың адамзатқа жіберген ақырғы кітабы.

Адамзатқа келген ақырғы дін Ислам әлемдік дін болған соң, әлбегте, оның кітабы да әлемдік болуы ләзім. Құран өзінен бұрынғы кітап пен парақтар секілді арнайы бір елге яки ұлтка түскен кітап емсс. Онын түскен ортасы Араб түбегі, ал тілі арабша болғанмен тек қана арабтарға арналған кітап емес. Ешбір араб Құранды бізге ғана тән кітап, ендеше, оған лайық біз, дінді біз өзгеден артық білеміз дей алмаған. Десе, Кұранға ең қашық пенде сол болмақ еді. Араб әлемінде христиан арабтар да бар. Сонымен қатар, Құран бір заманға ғана сиярлык өлшеулі кітап та емес. Ол - қияметке дейінгі барлық ғасыр мен заманға ұстаздык етуге келген кітап. Кұранның «Ей, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан дәлел (Құран) келді» аяты осының бұлтартпас айғағы.

Иә, Құран - күллі адамзатқа түскен ақырғы кітап. Сондыктан ол барлық заман мен мекенді тұтас қамтып, көріп, білетін һәм Өзі сол мекен мен заманнан ада, әуелі мен ақыры болмаған Ұлы Жаратушынын жаратылмаған мәңгілік «әзәли» (бастауы жоқ) сөзі. Міне, осы мекен мен заманнан пәк Хақ тағаланың әзәли сөзі Кұран әр түрлі заман мен әр түрлі мекендерде ғұмыр кешкен адамдарға лайықты түрде жол көрсетіп, ұзтаздық ете алады. Яғни, ол күллі заман мен мекеннің тізгінін құдырет қолына ұстаған һәм шексіз ілім мен құдырет иесі Құдай тағаланың уахиы болғандықтан, Құран өзінің шексіз ілім тұрғысынан барлық ғасыр мен мекендерге ұстаздық етіп, кез-келген заманның караңғы қапасын өткір алмас жарығымен қақ айырып, нұрға бөлеп, адамдарды тура жолға бастайды. Кұран бейне заманның әрбір ғасырына жеке-жеке түскендей ондағы адамдарға тікелей әсер етеді. Әсері сол әр ғасырдың адамдары өз заманының көкейтесті мәселелерін осы Құран арқылы шешіп, оны ұстаз етіп қабылдайды.

Құранның Аллаһ Тағаланың кітабы екендігінің бір дәлелі - оның оқыған адамды еш жалықтырмауы. Он бес ғасырдан бері сәт сайын, сағат сайын оның барлық аяттарын миллиондаған адамдар тынымсыз оқып, тыңдауда. Адамдарға ерен тәлім-тәрбие беріп, нәпсілерін тазартып, жүректерін жаңартып, рухтарына қанат бітіріп, ақылына туралық беріп, санасына сәуле ұялатқан һәм тіршілікті нәрлендіріп, бақыттылық әкелген Құран мың рет қайталанып окылса да, оқығанды қайта-кайта оқудан, тыңдағанды қайта-қайта тыңдаудан жалықтырмақ емес. Сан мәрте оқылып, тындалған сайын пенденің кенезіген бар болмысына кәусар бұлақтай әсер етіп, нұрына малындырып, ынта-жігерін арттыруда. Өйткені, Хақ Тағала кітапқа ғажайып рухани ләззат берген. Сондықтан да, өзге көркем сөздер мен әссм әуендердің көп қайталануы адамды жалықтырса, Құранның қайталануы жалықтырмақ былай тұрсын, ынтықтығын жоғалтпаған кісінің алған ләззатын арттыра түседі.

Құран адам баласының жұдырықтай жүрегі мен рухына тән күллі қажеттілік пен мынау дүрбелең, күйгелек дүниеде бойын жылытып, денесіне кан жүгіртетін һәм көңілін тарқамас нұрға малып, болмысын қанағаттандыратын барлық ілім мен негіздерді қамтыған.

Құран шамамен алты мыңнан астам аяттан тұрады. Әрі онда бір-біріне ұқсаған аяттар бар. Сондықтан да Құранды бастан, аяқ жатқа білетін қаридың бір сүрені жатқа оқығанда, басқа сүредегі аяттармен шатастырып алуы мүмкін жағдайлары бар. Сол себепті, сырттай қарағанда жатталуы мүмкін еместей көрінген Құран оңай жатталады. Кұранды үлкен тұрмақ, миллиондаған жас балалардың оңай жаттап алулары Құранның теңдесі жоқтығына айқын куәлік етеді. Құранды исі мұсылман әлемінде миллиондаған адамдар тілі мен мағынасын білмесе де, ұғынбаса да, тез арада жаттап алып, жалықпай күндіз-түні қайталап жатады. Бұл араб тілінің ерекшелігінен туындаған қасиет емес, сол тілмен түскен Құранның мұғжизалық қасиеттілігі.

Құран адамзаттың сан ғасырлар бойы санасы дамып, кемелдік деңгейге жеткен сәтте түскен. Ол осыдан он бес ғасыр бұрын түссе де қазір де, қияметке дейін де адамзаттың барлық мәселелерін шешуге жетіп артылады.

Бүкіл адамзат баласы өзіне жіберілген бұл қасиетті Құранды мұқият оқуды, тереңіне бойлап, тұңғиығындағы сарқылмас мән-мағынаға толы інжу маржандарын түсініп, түйсінуді өзіне жүктелген қасиетті борыш әрі міндет деп білуі тиіс.

Өйткені, Құран оқу сауабы мол ғибадат саналумен қатар көңілді кірбіңнен тазартып, жүректегі иманды арттыра түсетін рухани азық әрі өлшеусіз қазына.

Бұл жайт Құранда былай деп суреттеледі: «Оның (Аллаһтың) аяттары окылған кезде, бұл олардың имандарын арттырады және тек Раббыларына тәуекел етеді» (Әнфал, 8/2)

Пайғамбарымыз: «Сендердің ең қайырлыларың - Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің»,- деп, Құран үйренудің әрбір мұсылман үшін үлкен міндет болып саналатындығына баса назар аудартуда.

Ендеше, кұрметті бауырлар, Жаратушымыздың бізге жіберген кітабын окып үйренейік!

Аллаһ жар болғай! Әмин!






ХАДИС ҒЫЛЫМЫ ЖАЙЛЫ ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ1.

Хадис” сөзiнiң мағынасы



1. “Хадис” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – жаңа, сөз, әңгiме. Шарғи мағынасы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқан сөздерi, iстелген iстерi мен төрелiктерiнiң жинағы.

2. “Хадис” пен “сүннәт”-тiң айырмашылығы

Мухаддистердiң (мухаддис – хадис ғалымы) айтуынша “хадис” және “сүннәт” сөздерi шарғи мағына жағынан бiр-бiрiне өте жақын. Толығырақ айтқанда, “хадис” және “сүннәт” – Пайғамбардың (с.ғ.с.) айтқан сөздерi, iстеген амалдары, шарғи үкiмдерi. Алайда, бұл екi сөздiң түпкiлiктi мағыналарына үңiлер болсақ, арасында бiршама айырмашылық барын аңғарсақ болады.

“Хадис” – сөйлеу және айту арқылы келген хабар. Әрi Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзi не болмаса iстеген амалы “хадис” деп айтылады. ғұламалардың кейбiрi “хадис” сөзiнiң “жаңа” деген мағынасы бар екенiн ескере тұрып, оны “қадим” (ескi, бұрын болған) сөзiне қарсы мәндес сөз ретiнде қолданып, “қадим” дегенде Қасиеттi Құран Кәримдi, ал “хадис” дегенде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөздерiн назар тұтқан. Осы себептен ғұламалардың көпшiлiгi Аллаһ Тағаланың сөзi болған Қасиеттi Құран Кәримдi “хадис” деуден сақтанған.

“Сүннәт” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – жол. Шарғи мағынасы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) iстеген iсi, ұстанған дiни жолы. Бұған дәлел ретiнде “хадис” және “сүннәт” сөздерiнiң түпкiлiктi мағынасынан хабардар болған ғұламалардың: “Бұл хадис қиясқа, сүннәт пен ижмаьқа (ижмаь - ғалымдардың ұжымдық қаулысы) қарсы келедi”, “хадис имамы (ғалымы)”, “сүннәт имамы”, “хадис және сүннәт имамы”, - деген сөздерiн келтiрсек болады.



3. “Құдси” хадис

Хадистер iшiнара “нәбәуи” және “құдси” (сөзбе-сөз: қасиеттi) болып екi түрге бөлiнедi.

“Нәбәуи хадис” - сөзi және мағына жағынан тек Пайғамбарға (с.ғ.с.) қатысты болған хадис. Мысалы: “Менiң атымнан жалған айту басқалардың атынан жалған айтқандай жай нәрсе емес. Кiм менiң атымнан жалған сөз айтса, тозақтан өзiне орын әзiрлей берсiн.” (Имам Бухари және Имам Муслим)

“Құдси хадис” - Құран аяттары тәрiздi анық уахи (хабар) етiлмеген дiнге қатысты Аллаһ Тағаланың бұйрығы. Осы себептен “құдси хадис” дәрежелiк жағынан Құран аяттары мен “нәбәуи хадистiң” арасында тұрып, “Аллаһ Тағала айтады…” деген сөзбен басталады. Осы себептен, кейбiр ғұламалар: “Құдси хадис” – Аллаһ Тағаланың сөзi”, - деген пiкiрде болған. Алайда, ғұламалардың көпшiлiгi: “Құдси хадистiң” сөзi - Пайғамбардан (с.ғ.с.), мағынасы – Аллаһ Тағаладан”, - деп айтқан. Әбу Әл-Бақоның “Күллийатү Әбил-Бақо” атты еңбегiнде осы айтылғанға қатысты былай деген: “Құран –анық уахи арқылы Аллаһ Тағала хұзырынан түсiрiлген сөз және оның мағынасы. Хадис құдси – илһам (көңiлге салу) немесе түсiнде хабар ету арқылы Аллаһ Тағала хұзырынан келген сөз.”



4. Хадис ғылымындағы дәрежелер

“Риуаят етушi” – хадистi айтып берушi. “Риуаят” сөзiнiң өзi – “айтып беру”, “айту”, “хабар ету” деген мағынаны бiлдiредi.

“Муснид” – хадистi, оны айтып берген адамдардың тiзiмiнде қателеспей айтып берушi. “Муснидтiң” хадис ғылымы саласында арнайы бiлiмi болуы шарт емес. Оның мiндетi тек хадистiң мәтiнi мен тәртiп бойынша оны риуаят етушiлер тiзiмiн айны-қатесiз айтып беру.

“Мухаддис” – хадистi, оны айтып берушiлердi, олардың қандай адам екенiн (мысалы, өтiрiк айтпайтын немесе жалған сөйлейтiнiн) бiлген, мүмкiндiгiнше хадистердi жатқа бiлген, “кутубу ситта”-ны, Имам Ахмад ибн Ханбалдың “Муснад”-ы, Имам Байһақидiң “Сунан”-ы мен Имам Табаронидiң “Муьжам”-ын оқып, зерттеген, әрi бұған қоса мың жүзге жуық хадистердiң мәтiнiнен хабары болған адам.

“Хафиз” – хадис ғылымымен шұғылданғандардың арасында ең жоғары дәреге ие болған адам. “Хафиздер” түрлiше сипатталған. Кей ғалымдардың пiкiрiнше ол сипаттамалардың кейбiрi төмендегiше - Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннәттәрiн бiлiп, олардың муснидтерiнен хабары болу. Тек дұрыстығында күмән болмаған хадистермен амал етiп, iшiнде қайшылық болған хадистердi жатқа бiлу. Хадистердi мағынан жағынан айыра бiлу. “Хафиздер” мыңдаған хадистi жатқа бiлумен ерекшеленген. Мәселен, Имам Бухари: “Мен жүз мың сахих (дұрыстығында күмән болмаған) және екi жүз ғойри сахих (дұрыстығында күмән болған) хадистi жатқа бiлемiн”, - деп айтқан. Алайда, “хафиздер” мыңдаған хадистердi жатқа бiле тұрып, қате не болмаса жат нәрсенi Исламға телуден сақтанып, оның белгiлi мөлшерiн, яғни сахих хадистердi ғана риуаят еткен. Мухаддистердiң мұндай тақуалығына қатысты Әл-Аьмаш былай деп айтқан: “ғылым, шариғатқа бiр “уау”, “әлиф” не болмаса “дәл” (яғни, бiр әрiп) қосудан көрi, аспаннан жерге құлап жан тапсыруын артық көргендердiң қолында болды. Ал, қазiргi таңда ғылым ойланбастан ант ететiндердiң (яғни, ынсапсыздардың) қолына өттi.”

“Хаким” – хадис ғылымында керемет көп хадистердi жатқа бiлетiн, оның назарынан кейбiр хадистер ғана шет қалғандай шалқар бiлiмдi адам.



5. Иснад және муснад

Иснад сөзiнiң екi мағынасы бар. Оның бiрiншiсi – хадистi айтқан кiсiсiне тиiспеу. Екiншi мағынасы – хадис мәтiнiне жеткiзетiн рауилердiң шежiресi (тiзбегi). Сонымен қатар, мағынасы жағынан жақын болу себебiнен хадис ғылымында “иснад” сөзiмен қатар “санад” сөзi де қолданылуы мүмкiн. өйткенi, “санад” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – “таяныш, сүйенiш” болса, ал хадис ғылымы саласында “иснад” тәрiздi – “мәтiнге жеткiзетiн рауилердiң шежiресi” мағынасында қолданылады.

Иснадтың маңыздылығына жайында Имам Аузағи: “Иснадтың жоғалуы – iлiмнiң жоғалуы”, - десе, белгiлi ғалым Абдуллаһ ибн Мүбарак: “Иснад – дiн, егер иснад болмаса кiм не қаласа соны айтады”, - деп айтқан.

Иснад – риуаятты бiреуге сүйеу, яғни “пәленше айтты” деу. Ал олай дейтiн кiсi хадистi кiмнен естiгенiн, ол ұстазы хадистi кiмнен нақыл еткенiн, оның соңы Пайғамбарға (с.ғ.с.) тұтаса ма, жоқ па екендiгiн толығымен, жаңылмай, шатастырмай айта бiлуi қажет. Осы талапқа жауап бере алмаған “мен мухаддиспiн” дей алмайды. Демек, иснадсыз, бiреуге сүйемей хадис айтудың қадiр-құны жоқ. Мұса пайғамбардың Таураты қанша мадақтаса да, сонау кiтапты қабылдап алған пайғамбарынан неше мың жылға ұзақтап кеттi, ал Iнжiлдiң нұсқаларының көптiгiнен христиан дүниесiнiң басы қатып отыр. “Жоханнан” (от Иоанна) немесе “Матайдан” (от Матфея) деп жазылған кiтаптың “от”-ты айтып отырған кiсiнiң кiм екендiгiн бiз түгiл, соншама ынталы христиандардың өздерi де бiлмес. Тiптi, сол дәрiптелген Iнжiлдiң қай тiлде түскенiн де ешкiм дөп басып айта алар ма екен? Ал (Құран аяттарын былай қойғанда) Исламда “дағиф” (сенiмдiк дәрежесi әлсiз) хадистiң де иснады бар, оны айтқан кiсi мен оны тiркеген жандар атаулы. Ислами кiтаптарда күдiк тудыратын тұжырымдар жоқ.



6. Хадистердiң түрлерi

Хадис, дұрыстығында күмән болу немесе болмауына байланысты “мақбүл” (қабыл етiлетiн) және “мардуд” (қабыл етiлмейтiн) болып бөлiнедi. “Мақбүл” хадистi – сахих (дұрыстығында күмән болмаған), “мардуд” хадистi – дағиф (әлсiз, нашар) деп айтады. Сонымен қатар, екеуiне де ортақ болған хадистi “муштәрәк” деп атайды.

Дiн саласында хабары аз адамдардың арасында көп кездесетiн жағдай - оң-солына жетпей Пайғамбар (с.ғ.с.) не болмаса сахабалардың р.л.ғ. аузынан шықпаған сөздi “хадис” деп айтуы. Мұндай жағдайда ондай адамның айтқан сөзi “хадис” емес, жалған болады. Бұл айтылғанға мысал ретiнде Имам Хакимнiң сөзiн келтiрсе болады: “Бiзге Мухаммад ибн Хатим Әл-Каши келдi. Ол Абдi ибн Хумайд атынан хадис айта бастады.

Әбдi қашан қайтыс болды? – деп сұрадым.

206 жылы – дедi ол.

Бұл кiсi Әбдi ибн Хумайдтын өлген соң 13 жыл кейiн хадис естiптi.”

Мұндай әңгiме “маудуь (жалған) хадис” деп айтылады.

7. Сахих хадис

Хадис саласында дұрыстығына қарай хадистердiң дәрежелерi болады.

Сахих – муснады мен иснады үзiлмеген және нұқсансыз, оны айтушы мен одан риуаят етушiнiң ақыл-есi дұрыс, дұрыстығында күмән болмаған хадис.

Сахих хадистер iштей “мутауатир”, “ахад”, “машһур”, “мустафиз”, “азиз” және “ғариб” болып бөлiнедi.

1) Мутауатир – рауилердiң шежiресiнде тек шыншыл, жалғандыққа барматын рауилердiң айтқан хадистер. “Мутауатир” хадистер өз кезегiнде:

Мутауатир ләфзи – сөзi (лебiзi) де, мағынасы да “тауаутур” үкiмiнде болған хадис. Мысалы: “Менiң атымнан әдейi жалған сөйлесе, тозақтан орнын дайындай берсiн” хадисi. Бұл хадистi жиырмадан аса сахаба р.л.ғ. риуаят еткен.

Мутауатир маьнауи – мағынасы “тауаутур” дәрежесiне жеткен, сөзi тауатур дәрежесiнде емес. Мысалы, намазда қол көтерiп құлақ қағу, дұғада қол көтеру сияқты хадистердi жүз қаралы сахаба риуаят еткен. Осы тәрiздi хадистер тым көп, бiрақ түрлi орындарда әртүрлi себептерге байланысты келiп, олардың арасында дұғада қол көтеру белгiсi ортақ болып жеткен. Дұғаның басқа түрi жоқ.

Мұндай хадистердiң түрi көп, мысалы, мәсiнiң немесе етiктiң үстiнен мәсiх тарту, намазда екi қолды көтеру және: “Аллаһ Тағала бiр пендесiн көркейтсiн, ол Менiң айтқан хадисiмдi естiп…” деп басталатын хадисi. Бiз мұндай хадистi iздесек тым аз.

2) Әәхәд – бiр ғана адам риуаят еткен, “мутауатир” хадистiң дәрежесiне жете алмаған хадис. “Әәхад” хадистерiнiң үкiмi дәлелдi, зерттеудi қажет етедi.

3) Машһур – бұл да “мутауатир” хадистiң дәрежесiне жете алмаған, үш немесе одан көп мухаддис риуаят еткен хадис. Мысалы: “Аллаһ Тағала ғылымды суырып алмайды…” хадисi. Хадистi Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Тирмизи, Имам Ибн Мажәһ және Имам Ахмад риуаят еткен.

4) Мустафиз – машһурге ұқсас, бiрақ машһурге қарағанда жалпылау хадис. “Мустафиз” хадистiң рауилерi екеуден артық болуы шарт.

5) Азиз – рауилерi екеуден кем болмаған хадис. “Азиз” хадистiң рауилерi екiден артық болуы мүмкiн, алайда екiден төмен болмауы тиiс.

“Машһур” хадистiң иснады дұрыс болса, “мустафиз” және “ғариб” хадистерiнен жоғары тұрады. Ал, “ғариб” деп бiр ғана рауи риуаят еткен хадистi айтады.


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет