Имандылық негізі – Ислам діні. Адам (а с) өмірі



бет4/11
Дата09.04.2019
өлшемі365.52 Kb.
#102637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Һуд пайғамбар

Жоғалған қауым 
Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Нұх, алейһиссәлам, кемесiне мiнiп аман қалған адамдардан тараған ұрпақтан бiрте-бiрте көбейiп, тiршiлiкке қолайлы мекен iздеп бет-бетiмен тарап кеттi. Уақыт өте келе дүние топан судан бұрынғы қалпына түстi. Адамдар қауымдасып егiн егiп, үй салып өмiр сүрiп жатты. Сол қауымдардың бiрi Иемен жерiнiң оңтүстiгiндегi ақ шағыл құмдар қоршаған тiршiлiкке қолайлы бiр ойпатқа келiп орналасты. Ойпат теңiзге жақын болғандықтан жаңбыр жиi жауып тұратын, жерi құнарлы, шөбi шүйгiн, iздесе таптырмайтын мекен едi.


Осы өңiрдi мекендеген Ад қауымы сол кез үшiн теңдесi жоқ әдемi қала салды. Көшелерi кең, мәрмәр колонналардан салынған қаланың хауыздары мен бақтары құлпырып көздiң жауын алатын. Сондықтан тұрғындар бұл қаланы Ирам зат ал-имад (көп колонналы Ирам) деп атады. Ад қауымның адамдары зор денелi, алып күштiң иелерi едi. Олар мықты қамалдар мен түрлi қару-жарақ соғатын ұстаханалар соқты. Осы игiлiктерге мерейлерi тасыған Ад қауымы өздерiн ең күштi ел санап адамгершiлiкке жатпайтын қылықтар iстей бастады. Айналадағы елге тыныштық бермей, сауда керуендерiн тонап, жолаушыларды жәбiрлеп ойына келгендерiн iстедi. Аяушылық дегендi ұмытып, адамдарды ермекке қырып-жоятын болды. Ең бастысы, өздерiне осынша игiлiк берген Аллаһты естен шығарып, тастан қашап пұт жасап, соларға Тәңiр ретiнде табына бастады. Сөйтiп Ад қауымы Аллаһтан безiп, барлық адамдық қасиеттерден жұрдай болды. Аллаһ Та`ала Ад қауымын тәубаға келтiру үшiн өз араларынан һудты, алейһиссәлам, пайғамбар етiп жiбердi. һуд, алейһиссәлам, олардан Аллаһқа иман келтiрiп, пұттарға табынуды тоқтатуды, адамдарға мейiрiмдi, рақымды болуды, әдiлетсiз, жан түршiгерлiк жамандықтардан арылуды талап еттi.
һуд, алейһиссәлам, қауымына келiп былай дедi: 
– Ей, қауымым! Мен Аллаһтың шын пайғамбарымын. лемнiң әмiршiсi Аллаһтан қорқып тәубаға келiңдер. Мен үгiт-насихатым үшiн сендерден ақы сұрамаймын. Маған оның сауабы Аллаһтан қайтады. 
– Ей, һуд, саған бiзден не керек? – дедi қауымы.
– Ей, қауымым! Құдайға құлшылық етiңдер. Сендерге Құдайдан басқа Тәңiр жоқ. Оның қаӘарынан қорықпайсыңдар ма? 
– Сен бiздiң ата-бабаларымыз бас ұрып келген сенiмiмiздi тастап, Аллаһқа ғана құлдық ұрғызу үшiн келдiң бе? – дедi қауымы. 
– Сендердi жаратқан бiр Аллаһ. Нұх қауымының көзi жойылғаннан кейiн Аллаһтың сендердi олардың орнына бастап әкелгенiн еске алыңдар. Сендердi олардан iрi де жiгерлi етiп жаратты. Бақытқа жетем десеңдер Аллаһтың өздерiңе берген артықшылығын ұмытпаңдар, – дедi һуд, алейһиссәлам.
– Сен бiздiң арамыздан шыққан адамдардың бiрi емес пе едiң? Аллаһ неге сенi таңдап, бiзге пайғамбар етiп жiбердi? – деп күдiк келтiрдi қауымы.
– Сендерге ескерту үшiн өз iштерiңдегi бiреуге Тәңiрiңнен аян келiп тұрса, соған да таңданасыңдар ма? Сендер жол торып, ел тонап жан түршiгерлiк iс iстеп жүрсiңдер. Шынымды айтсам, сендер Ақырет азабына душар боласыңдар ма деп қорқамын, – дедi һуд, алейһиссәлам. Бiрақ оның қауымының үлкендерi:
– Шынын айтсақ, бiз сенi есуас дап бағалаймыз, бiз сенi алдамшы деп күмәнданамыз, – дедi.
– Ей, қауымым! – дедi һуд, алейһиссәлам, – Мен есуас емеспiн. Мен Аллаһ жiберген пайғамбармын. Сендерге оның елшiлiгiн жеткiземiн. Мен сендерге сенiмдi насихатшымын. 
– Жоқ, – дедi кертартпа қауым. – Сен бiзге ешқандай айқын дәлел әкелген жоқсың. Сен айтты деп бiз өз тәңiрiмiздi тәрк ете алмаймыз және саған сенбеймiз. Сенi бiздiң Тәңiрiмiздiң киесi ұрған деп бiлемiз.
һуд, алейһиссәлам, оларға былай дедi:
– Анығында, мен Аллаһты ғана куә етемiн. Сендердiң құдайларың пайда да, зиян да келтiре алмайды, өйткенi олар өздерiң қолмен жасаған тас қана, басқа дәнеңе де емес. Мен сендерге Аллаһтың қаӘарынан қорқыңдар, азапқа ұшырамаңдар деп кеңес беремiн.
– Ей,һуд, сен бiздi қайдағы бiр азаптарды айтып қорқытпақсың ба? Жер бетiнде бiзге қарсы келетiн кiм бар?
– Аллаһ, – деп жауап бердi һуд, алейһиссәлам. – Сендердi жаратқан да, осынша ризықты берген де Аллаһ. Егер ол қаһарланса оның бәрiн қайтып ала алады. 
– Бар, Аллаһқа айт, – дедi бұзық қауым пайғамбарға, – бiзге жiберетiн өлiмiн жiберсiн, көрiп алайық. Бiз сенiң бос сөзiңе сенбеймiз. Жiберетiн азабыңды жiберiп бақ. Бiз күте тұрамыз, – деп мысқылдады.
һуд, алейһиссәлам, пұтқа табынушылардың тәубаға келмейтiнiн түсiндi. Тек бiрен-саран кедей адамдар ғана оның айтқанына иланып, Аллаһқа иман келтiрдi. Ал Аллаһтың берген ризығына мастанған астамшыл қауым өздерiне қарсы келер күш жоқ, жер бетiнде бiздi жеңер құдiрет жоқ деп есептедi. Олар тек һуд, алейһиссәлам, қана емес, Аллаһқа да тiл тигiзiп, келекелеп жүрдi.
һуд, алейһиссәлам, насихатын тоқтатпады. Бiрақ надан қауым оған құлақ аспады. Өстiп жүргенде арада үш жылдай уақыт өттi. Амалы таусылған һуд, алейһиссәлам, Аллаһтан көмек тiледi. Бәрiн көрiп, бәрiн бiлiп тұрған Тәңiрi осы кезде Ад қауымын сынау үшiн көктен жаңбыр жаудырмай қойды. Ала жаздай нәр тамбаған соң жердiң бұрқылдап шаңы шығып, бау-бақшалар қурап қалды. Еккен егiн шықпады. Ел ашаршылыққа ұрынып, мал атаулы шөлден қаталап өлiп жатты. Мұндай құрғақшылық болады деп ойламаған Ад қауымы не iстерiн бiлмей азып-тозып, құрбандық шалып, құдайларына жалбарынып жатты. Бiрақ олар мiз бақпады. Аллаһқа тәуба келтiру бiрде-бiреуiнiң ойына келмедi. Сол кезде һуд, алейһиссәлам, қауымына былай дедi:
– Ей, қауымым! Жаратқаннан жарылқау тiлеңдер! Тәубаға келiңдер. Ол сендерге көп жаңбыр жiбередi. Бұрынғыдан да мол ризыққа кенелтедi.
– Аулақ жүр, – дедi оған қауымы. Бiз өз құдайларымызға сиынып жатармыз. Олар бiзге жаңбыр жаудырады. Егер сенiң Аллаһың бар болса, айта бар, ойына келгенiн iстесiн. Сөйтiп олар ең соңғы сәтте де Аллаһқа тәуба етпедi.
Бiр күнi адамдар аспанда пайда болған қою қара бұлтты көрдi. Бұлт бiрте-бiрте үлкейiп, аспан түнере түстi. Ад қауымы бұған қатты қуанды. Құдайларымыз бiздiң тiлегiмiздi қабыл еттi. Ендi бәрi де бұрынғы қалпына келедi деп қуанды олар. Бiр топ адамдар жер жыртып егiн салуға кiрiстi. Олар мол жаңбырдан кейiн егiн бiтiк шығады деп ойлады. Ендi бiреулер һудқа, алейһиссәлам, былай дедi:
– һуд, бiздi қырып, жояды деген Аллаһың қайда? Мына бұлтты мол жаңбыр жаудырсын деп бiздiң құдайларымыз жiберiп отыр, – деп шаттанды.
– Олай емес,– дедi һуд, алейһиссәлам. – Бұл өздерiң тезiрек келуiн күткен нәрселерiң. Ол сұрапыл құйын, оның iшiнде азап бар. Тәңiрдiң бұйрығы бойынша ол бар нәрсенi тып-типыл етедi. 
Олар пайғамбардың айтқанын елең қылмастан келе жатқан мол жаңбырдың құрметiне тас құдайлардың маңына жиналып мейрам ұйымдастырып, сауық-сайран құра бастады. Бiрақ Тәңiрдiң бұйрығы олар күткендей емес едi.
Кенет аяқ астынан сұрапыл боран көтерiлдi де, жолындағының бәрiн домалатып ала жөнелдi. Мұндай сұрапылды күтпеген Ад қауымы беттерiн басып тау-тасты паналап қашты. Аллаһ оларға сегiз күн, жетi түн соққан тынымсыз боран жiбердi. Бұл жазадан кәпiр қауымның бiрде-бiр адамы құтыла алмады. һудпен, алейһиссәлам, бiрге иман айтқан мүминдер олардың құрма ағашының шiрiк түбiрлерiндей теңкиiп өлiп жатқандарын көрдi. Бұрын әсемдiгiмен, алып адамдарымен аты шыққан Ирам зат ал-имад қаласының орны ғана қалды. Имансыз Ад қауымының адамдары һуд, алейһиссәлам, айтқан сөздердiң ақиқаттығына соңғы сәтте ғана көз жеткiздi. Бiрақ бәрi кеш едi. Сөйтiп Аллаһ Та`аланың қаһарына ұшыраған күнәһарлар қас пен көздiң арасында жоқ болды.
Уа, Тәңiрiм! бiздi тура жолыңа бастай гөр.

Ибраһим – пайғамбарлар атасы

 
Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Ибраһим, алейһиссәлам, Иракта ежелгi Вавилон мемлекетi гүлденiп тұрған тұста ғұмыр кешкен. Оның туған жерi Евфрат пен Тигр өзендерiнiң аралығындағы Ассауат деген елдi мекен. Ол кезде Вавилонға Намруд ибн Канған ибн Қауым атты патша билiк қылатын. Вавилон халқы түгелдей пұттарға табынатын едi. 


Ибраһим, алейһиссәлам, бала күнiнде тастан қашап пұт жасап оған өздерi табынып жатқан әкесi мен туысқандарын көргенде сол пұттардың шын құдай екенiне көзi жетпейтiн. 
Кейiн есейген кезде: "Бұл пұттар дегенiмiз жансыз тастар ғана ғой. Бұларды қалай жасағанын өз көзiммен көрiп едiм ғой, сонда бұлар қалай құдай болмақшы?! Асылы Құдайды адам жарата ма, әлде Құдай адамды жарата ма?! Анығында бiздi жаратқан Аллаһ – мына пұттар емес, басқа бiрдеңе болар. Мен оған ризалығымды бiлдiрiп, құлшылық ету үшiн қалайда Аллаһты табуым қажет”, – деген шешiмге келдi.
Ибраһим сол кезден бастап адамды жартқан Аллаһты iздей бастады. 
Бiр күнi түнде ол Аллаһты қайдан iздерiн бiлмей ойға батып отырды. Кенет оның қарсы алдынан бiр жарық жұлдыз көрiндi. Ибраһим қуанғаннан қарғып тұрып, жұлдызға қарап қолын созды: "Мiне, менiң Тәңiрiм! Ол алыстан жарқырап тұр. Ол қандай тамаша! Тас құдайлар сияқты сынып қалмайды. Көп iздеп таптым-ау, әйтеуiр!”.
Сөйтiп ол өзiне риза боп, жарық жұлдызға табына бастады. Бiрақ оның қуанышы ұзаққа созылмады. Жұлдыз бiраз жарқырап тұрды да көкжиекке сiңiп көрiнбей кеттi. "Жоқ, бұл жұлдыз құдай емес, – дедi Ибраһим. – Егер құдай болса менiң тiлегiме құлақ асар едi”.
Ибраһим Аллаһты қайтадан iздей бастады.
Күндер өтiп жатты. Ибраһим, алейһиссәлам, Аллаһты iздеуiн тоқтатпады. 
Бiр күнi түнде ол мұңды ойға батып отырды. Кенет ол қып-қызыл болып көтерiлiп келе жатқан айды көрдi. Ай арқан бойы көтерiлгенде айнала жарқырап сала бердi. Осы сәт қуанышқа бөленген Ибраһим орнынан атып тұрып: "Мынау менiң Тәңiрiм ғой, бұрын қалай байқамағанмын!” – деп оған табына бастады. Бiрақ оның бұл қуанышы да ұзаққа бармады. Бiраздан соң Ай көкжиекке батып бара жатты.
Жазда далаға ұйықтайтын Ибраһим бiрде күн шықпай оянып кеттi. Соңғы жұлдыздар сөнiп жатқан шақта ол Аллаһты қайдан iздерiн бiлмей ойға батып жатты. лден уақытта шығыстан табақтай боп күн көтерiлдi. Оны көрген Ибраһим: "Менiң Тәңiрiм осы болар, сiрә. Шынында нағыз Тәңiр тiршiлiкке өмiр берушi, Күн екен ғой. О, Аллаһ! Сен бәрiнен даңқтысың! – деп жар салды. 
Алайда оның бұл қуанышы да ұзаққа бармады. Кешке қарай күн батып, қараңғылық түстi. Ибраһим қараңғылық құшағында қалды. Мұңды бiр ойға батқан Ибраһим осы сәт жадырап былай дедi:
– Ақыры мен Аллаһты таптым. Аллаһ қолдан қашаған пұттар да емес, Ай да, жұлдыз да, Күн де емес екен. Аллаһ менi және бүкiл ғаламды жаратқан құдiрет, бiрақ мен оны көре алмаймын. Ол бәрiн бiлiп, бәрiн көрiп тұрады. Аллаһ ұлы, әрi рақымды.
Сөйтiп ол шын Тәңiрiне табына бастады. Сонда ғана ол сабырлы кейiпке түстi.
Таңертең ұйқысынан оянған Ибраһим әкесiнiң пұтқа табынып жатқанын көрдi. кесi шоқынып болған соң Ибраһим оған былай дедi:
– ке, сен меңiреу тасқа неге табынасың?
– Бұл – менiң Тәңiрiм және ата-бабамның Тәңiрi.
– ке, Аллаһ маған сiз бiлмейтiн iлiм бердi. Менiң соңымнан ерiңiз, мен сiздi шындық жолына бастаймын.
– Сен менi ақиқат жолына салмақпысың! Сен менен көп бiлем деп ойлайсың-ау шамасы?
– ке, шайтанға табынба. Шайтан Құдайға қарсы. зәзiлдiң тiлiне ерiп, Құдайдың қарғысына ұшырай көрме.
– Сенiң Құдай деп отырғаның кiм? Сен бiздiң Құдайымызды мойындамайтын болғансың ба? – деп әкесi ашу шақырды.
– Жаратқан Иемiз – бiр Аллаһ. Маған тура жол көрсетушi жалғыз сол.
– Жоғал, көрiнбе менiң көзiме! Егер қараңды өшiрмесең мойныңды үзiп аламын.
– Сау бол, әке. Мен сен үшiн Құдайдан рақым тiлеймiн. Ол – рақымдылардың рақымдысы, – дедi де Ибраһим терiс айналды. кесiнен көңiлi қалған Ибраһим, алейһиссәлам, патша сарайына келдi. Бұл кезде де жұрт айт мейрамын тойлап, пұттарға табынып жатыр едi.
– Сендердiң табынып жатқан мыну пұттарың не нәрсе? – дедi Ибраһим, алейһиссәлам.
– Бiз ата-бабаларымыздың осыған шоқынғанын бiлемiз, – дестi олар.
– Онда сендер де, ата-бабаларың да шын адасушылар екенсiңдер.
– Оу, бұл сенiң шын сөзiң бе, әлде қалжындап отырсың ба?
– Мен қалжындап емес, шын айтып отырмын. Сендердiң Тәңiрлерiң – аспан мен жердi жаратқан Аллаһ. Осы кезде әңгiмеге араласқан патша:
– Сенiң Аллаһың не iстей алады? – дедi.
– Менiң Тәңiрiм өлiнi тiрiлтедi, тiрiнi өлтiре алады, – деп жауап бердi. 
– Мен де өлтiрiп, тiрiлте аламын, – дедi патша. Сөйттi де өлiмге үкiм етiлген екi адамды алдырып, бiрiн өлтiрiп екiншiсiн тiрi қалдырды. Сосын ИбарӘимге, алейһиссәлам, қарап:
– Менiң құдiретiме ендi көзiң жеттi ме? – дедi. Мұндай асқақтықты көрген Ибраһим, алейһиссәлам:
– Аллаһ күндi шығыстан шығара алады, құдай болсаң сен сол күндi батыстан шығаршы, – дедi. Бұған келгенде патша аузын аша алмай қалды.
Тас құдайлардың адам баласына пайдасы да, зияны да жоқ екенiн қанша түсiндiрсе де тоңмайын жұрттың иланбауы оның ызасын келтiрдi. бден амалы таусылған Ибраһим, алейһиссәлам, оларды талқандап тастау керек деген қорытындыға келдi.
Ибраһим, алейһиссәлам, ептеп басып олардың пұттарына жақындады. Сөйттi де лездiң расында пұттардың парша-паршасын шығарды. Тек бiр үлкен пұтқа ғана тиiскен жоқ. Өйткенi жұрттың табынуы бойынша бұл ең беделдi құдай едi. Ибраһим балтасын соның қолына iлдi де ешкiмнiң көзiне түспей кетiп қалды.
Жұрт айт мерекесiн тойлап келе жатқанда қирап жатқан пұттарды көрдi. 
– Тәңiрiмiздi осынша талқандаған кiм? Кiм болса да барып тұрған залым екен, – дестi олар. 
– Ибраһим деген бiр жiгiттiң пұттарды айыптағанын естiгенбiз, – дедi бiреулер. Жұрт бiр-бiрiнен сұрастыра келгенде айыпкердiң Ибраһим, алейһиссәлам, екенiнде күмән қалмады. Бұл хабарды естiгенде патша ойланбастан Ибраһимды, алейһиссәлам, ұстап әкелуге жарлық бердi.
– Ей, Ибраһим, пұттарымызды мына күйге түсiрген сенсiң бе? 
– Жоқ. Мүмкiн мына үлкен пұттың өзi солай еткен шығар. Содан сұрап көрiңдершi.
– Бұлардың сөйлей алмайтынын сен бiлесiң ғой, – дестi олар.
Ибраһим, алейһиссәлам, осы сәттi кезеңдi пайдаланып оларға былай дедi:
– Ендеше, Аллаһ тұрғанда, өздерiңе пайда да, зиян да келтiре алмайтын, құлаған орнынан тұра алмайтын тiлсiз тасқа неге табынасыңдар? Сендердiң түсiнбейтiндерiң қалай осы? Өздерiн қорғай алмайтын пұттарыңды қарғыс атсын!
– Ибраһимға, алейһиссәлам, қарсы уәж айта алмаған патша оны отқа өртеуге бұйрық бердi.
– Кәпiрлер Ибраһимнiң, алейһиссәлам, үстiне ағаш үйiп, от қойды. Ол лапылдап жана бастады. Мұның бәрiн көрiп тұрған Аллаһ Та`ала:
– Ей,от! Сен салқын бол, Ибраһимге зиян тигiзбе,– деп әмiр бердi.
От жанып болған соң Ибраһим, алейһиссәлам, күл астынан сап-сау шықты. Мұндай кереметтi көрген кәпiрлер қайран қалды. Осыдан соң оның айтқанына иланған адамдар Ибраһимға, алейһиссәлам, иман келтiре бастады. Сөйтiп Ибраһим, алейһиссәлам, Құдайдың құдiретiмен кездескен көптеген қиындықтардан құтылып отырды.
Ибраһим, алейһиссәлам, адамдардың өлген соң қайта тiрiлiп, фәни дүниедегi iстеген iстерi үшiн Тәңiр алдында жауап беретiнiне кәмiл сенетiн және Ақырет күнi азап тартпау үшiн тiршiлiкте жамандық жасамаңдар деп халыққа уағыз айтатын. Оның бұл сөзiне көпшiлiк онша сене қоймайтын. "Қырғын соғыста сүйегi шашылып қалған адам қалай тiрiледi?” деп күманданатын жұрт. 
Ибраһим, алейһиссәлам, тiрiлтудiң қалай болатынын тiкелей көру үшiн және көңiлi тыныш болу үшiн Тәңiрдiң мысал келтiруiн талап еттi.
– Жаратушым, өлiктi қалай тiрiлтететнiңдi көрсетшi, – дедi. 
– Оу, сенбеген екенсiң ғой, – дедi Аллаһ. 
– Сендiм бiрақ, көңiлiм орнықсын. 
– Онда төрт құс ал да, адамдарды шақыр. Сосын әлгi құстарды сойып, сүйек-саяғын араластырып әр бөлшегiн әр жаққа апарып таста. Сонан соң құстарды шақырсаң әп-сәтте-ақ ұшып келедi, – дедi Аллаһ Та`ала. 
Ибарһим, алейһиссәлам, Аллаһ Та`аланың айтқанын орындап, құстардың сүйегiн жан-жаққа шашып жiбердi. Мұны көрiп тұрған жұрт iстiң артын асыға күттi. Ибраһим, алейһи ссәлам, құстарды шақырды. Әп-сәтте әлгi төрт құс ұшып кеп Ибраһимнiң, алейһиссәлам, алдына қонды. Бұдан соң жұрттың Ибраһимнiң, алейһиссәлам, айтқандарына сенбеске шарасы қалмады. Ибраһим, алейһиссәлам, Аллаһ Та`лаға өз талабын орындағаны үшiн ризалық бiлдiрдi. 
– Тәңiрiнiң ұлылығы мен данышпандығын осыдан бiл, – дедi оған Аллаһ Та`ала. 
Ибраһим, алейһиссәлам, – халыққа дiн үйрету жолында ерекше еңбек еткен адам. Аллаһ Та`ала Ибраһим, алейһиссәлам, ұрпақтарынан көптеген адамдарды пайғамбар етiп таңдады. Дүниедегi үлкен-үлкен үш дiн – яхуди, христиан және Ислам дiндерiнде оның есiмi құрметпен аталады. Сондықтан оны пайғамбарлар атасы деп атайды.



Иса пайғамбар

 
Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! 
Мәриямның әкесi Ғимран бәни исраил қауымының ұлық адамдарының бiрi едi. Өимран да, Оның зайыбы да Аллаһқа шын берiлген нағыз тақуа жандар болатын. Тәңiрi сондықтан оларды рақымына бөлеп, тiлектерiн қабыл еттi, ұрпақтарын бүкiл адамзатқа үлгi боларлықтай дәрежеге көтердi. 
Мәриям құлшылық үйiнде бой жеттi. Оның ойына Аллаһқа мiнәжат етуден басқа ештеңе кiрiп-шықпады. Бойынан нағыз тақуалық белгiлер көрiнiп тұратын. Жұртпен араласпай ғибадатханада қызмет iстеп, өзiмен-өзi оңаша жүретiн. Бiр күнi оған Аллаһ Та`ала Жәбiрейiл перiштенi жiбердi. Жәбiрейiл, алейһиссәлам, Мәриямға кәдiмгi адам түрiнде көрiндi. 
Мәриям ойда-жоқта кездескен бейтаныс адамнан қорқып қаша жөнелмек болды. Сосын Жаратқанға жалбарынып, көмек сұрады. Перiште оның қорқынышын басып, тыныштандырды. 
– Мен сен ойлағандай адам емеспiн. Мен – Тәңiрi жiберген перiштемiн, – дедi Жәбiрейiл, алейһиссәлам, 
– Сен тақуа болсаң, мен рақымды Аллаһқа шын сыйынып, сенен пана тiлеймiн! – дедi Мәриям оған.
– Мен саған бiр таза ұл беру үшiн келген Тәңiрiнiң елшiсiмiн, – дедi Жәбiрейiл, алейһиссәлам, 
– Маған ешкiм жақындап көрген жоқ, сонда менде қалай ұл болмақ? – дедi Мәриям. 
– "Ол мен үшiн оңай нәрсе” деген сенiң Тәңiрiң, – дедi Жәбiрейiл, алейһиссәлам, 
– Сенiң айтқаның шын. Ал бiздiң дәлелiмiзге келсек, бұл шешiлiп қойған тағдыр.
Мәриям жүктi болды да, үйiнен алыс жаққа кетiп қалды. 
Ойда жоқта жүктi болған Мәриям алдағы күнiн ойлап қамықты. Елдiң өсегiне қалатынына қиналды. Шындыққа жұрттың көзiн жеткiзе алмаған қандай қиын. Ол ендi ешкiммен сөйлеспей оңаша жүретiн болды. Мәриям ой құшағында жүрiп уақыттың қалай өткенiн байқамай да қалды. Сыры жұртқа жария болар уақыт таянған кезде ел көзiне түспеу үшiн ата мекенi Назаретке келiп, жалғыз өзi жеке үйде тұрып жатты. 
Мәриям қинала жүрiп Аллаһқа жалбарынып көмек сұрады. Перiштелер Мәриямға былай деп хабарлады. "Ей, Мәриям! Аллаһ саған Өз құдiретiмен, әкесiз бiр бала беру арқылы қуанышқа бөлейдi. Оның есiмi – МасиӘ– Мәриямұлы Иса. Бұ дүниеде де, Қиямет күнi де ол мәртебесi биiк және Аллаһқа жақындардың бiрi болады. Бесiкте жатқанда да, ер жеткен шағында да адамдарға көрегендiк сөздер айтады, дiндарлығы мол жақсы адам болады. 
Бұл хабарды естiген соң, Мәриямның көңiлi тынышталды. Егер осы айтылғандар рас болса, елдiң мұны бекерге жазғыра алмасы белгiлi. Мәриямның пәктiгiне көздерi жетiп, өсек-аяңға тыйым салынары сөзсiз.
Босанар мезгiл жақындап, толғақ басталған шақта Мәриям үйiнен шығып, жалғыз сенделдi. 
Қатты қысқан толғақтың салдарынан сүйенiп отыру үшiн бiр құрма ағаштың түбiне келдi. " Бүйтiп қиналғанша бұрын-ақ өлiп қалмаған екем! – дедi Мәриям. Атым өшiп, ұмыт болған бiреу болсам еттi!” 
Мәриям айдалада жападан-жалғыз қиналып жатып босанды. лi құрып, қатты шаршады. Қаталап шөлдеп нәр татқысы келдi. Бiрақ оған қол ұшын берер ешкiм болмады. Қамығып Аллаһ Та`аладан жәрдем тiледi. Осы кезде құрма ағашының түбiнен Жәбiрейiлдiң даусы естiлдi:
– Қамықпа, Тәңiрiң сенiң астыңнан ағып жататын бiр бұлақ пайда қылды. Құрма ағашын өзiңе қарай тарт. Алдыңа оның жаңа пiскен жемiсi төгiледi. Же, iш, көңiлiң демделедi. Егер бiрер адам көрiне қалса, " Мен рақымды Аллаһқа шын уәде берiп едiм, бүгiн ешкiммен тiл қатыспауға тиiспiн”, – де.
Мәриямның некесiз бала туғанын естiген жұрт оны сан-саққа жорып, әңгiме көрiгiн қыздыра түстi. "Ол Құдайға таза берiлген қыз емес пе? Некелi күйеуi жоқ, кiмнен туды екен?”, – деп таңырқады олар.
Бөбектi көтерiп Мәриям елiне келдi.
– Ей, Мәриям! Шынын айтсақ, сен бiр өрескел iс жасадың-ау,– дестi олар. – "Ей, Әарунның қарындасы! Сенiң атаң жаман адам емес едi, анаң да жолдан тайып көрмеген әйел болатын”. Ағайындарының тұс-тұстан бораған осындай сөздерiнен қысылған Мәриям тезiрек шындықты айтып, өзiнiң пәктiгiн дәлелдеуге асықты.
– Бұл – мен күтпеген iс, кездейсоқ болды, – деп ақталды ол. Бiрақ жұрт мұндай iстiң кездейсоқтығына сене қоймады. Сол кезде Жәбiрейiл перiште Мәриямға ишарат қылып, бесiкте жатқан баланы нұсқады. Мәриям оларға бөбектi көрсеттi.
– Оу, бесiктегi бөбекпен қалай сөйлеспексiз? – дедi олар.
– Мен Аллаһтың шынайы пендесiмiн, – дедi баланың өзi тiл қатып. 
– Аллаһ маған кiтап (Iнжiл) бердi және пайғамбар еттi. Қайда болсам да менi құптайтын болды да, бүкiл өмiрiмде намаз оқуға, зекет беруге бұйырды. Менi анама мейiрiмдi еттi, өркөкiрек, қиқар болуыма жол бермедi. Туған күнiмде де, қайта тiрiлетiн күнiмде де менiң амандығым қамтамасыз етiлдi.
Сөйтiп бесiктегi бала анасын ғайбат өсектен құтқарып алды. Бесiктегi баладан мұндай кереметтi күтпеген жұрт ауыздарын ашып, таңырқап қарап қалды. Мәриямның сөзiне сенбеске ендi олардың амалдары қалмады. Бұл хабар елге тез тарады. Құдайдың құдiретiне сенетiн адамдар балаға табына бастады.
Пәктiгiн дәлелдеп, бетiн ашып алған Мәриям жұрттың қалған сөзiн елең қылмады. Баласын әлпештеп өсiрудi ғана ойлады. Иса ақылды зерек боп өсiп келе жатты. Мәриям баласының болашақта Аллаһтың елшiсi болатынына, халықты тура жолға бстайтынына сендi. 
Жұрт Исаның жаратылысын сан-саққа жүгiрттi. Бiреу оны Тәңiр десе, бiреу Тәңiрдiң ұлы деп түсiндi. Құранда бұл туралы былай деген:
"Иса Тәңiр де, Тәңiрдiң ұлы да емес, тек бiздiң пайғамбар етуге ниетiмiз ауған пенделердiң бiрi ғана. Бiз оны исраил әулетiне құдiретiмiздiң бiр дәлелi етiп жiбердiк”. (Зүһруф 43:59) 
Иса айтса айтқандай ақылды, көреген жiгiт боп өстi. Ол Құдайдан қорықпай, арам жолмен мал жинаған әкiмдер мен дiн басыларын аяусыз әшкерелеп отырды. Имансыздық жайлаған қоғаммен Иса жалғыз күрестi. Халықтың көзiн ашып, санасына сәуле түсiру керек. Аллаһ Та`ала осы мақсатты орындау үшiн Исаға, алейһиссәлам, отыз жасында пайғамбрлық мiндеттi жүктедi. Исаның жүректен шыққан данышпандық насихаттары көкейiне қонған адамдар оның соңынан ердi. Оның бұл әрекетi дiнбасыларына ұнамады. Олар Исаға, алейһиссәллам, жаулық ойлай бастады. ЯӘудилер тiптi Исаның, алейһиссәлам, пайғамбар екенiне күман келтiрiп, оған сенбейтiндiктерiн бiлдiрдi. Аллаһ Та`ала Исаға, алейһиссәлам, уәхи арқылы нұр кiтабы – Iнжiлдi түсiрдi. Iнжiл-өзiнен бұрынғы Тәуратты бекiтушi әрi дiндарларға тура жол нұсқаушы насихат-кеңес кiтабы. Бiрте-бiрте оған иман айтқандар саны көбейiп, кертартпа дiнбасыларының тынысы тарыла түстi. 
Иса, алейһиссәлам, өзiнiң пайғамбарлығына айқын дәлелдер келтiрдi. 
– Мен сендерге хикаят ала келдiм. Сендер таласып жатқан нәрсенiң кейбiрiн мен өздерiңе айтып бере аламын. Аллаһтан қорқыңыздар, маған бой ұсыныңдар. Менiң Ием де, сендердiң Иелерiң де бiр Аллаһ. Соған бой ұсыныңдар, тура жол – сол,– дедi. 
Алайда қолдарындағы ұлан-асыр биiктен айырылып қалғысы келмеген яӘуди ұлықтары халықты оған қарсы қоюға тырысты.
Иса, алейһиссәлам, ауыл-ауылды аралап уағыз айтып жүрдi. Дұшпандары одан айқын дәлелдер талап ете бастады. Пайғамбар дәлел келтiрген шақта "бұл сиқыр” деп шу көтердi. 
– Ей, исраил ұрпақтары! – дедi оларға Иса, алейһиссәлам, – Сендерге менi Аллаһ жiберген. Өзiмнен бұрын келген Тәуратты растаушы, өзiмнен соң "Ахмет” атты пайғамбар келетiнi туралы қуанышты хабар әкелушi пайғамбармын.
Бiрақ дұшпандар оның сөзiне иланбады. Оның есесiне бұл хабар Аллаһқа иман келтiрген мүминдердi үлкен қуанышқа бөледi. 
– Тәңiрi тарапынан мен сендерге шынайы бiр кереметпен келдiм, – дедi Иса, алейһиссәлам, – Топырақтан құстың мүсiнiн жасаймын да, сонан соң оны үрлеймiн. Сонда ол Аллаһтың әмiрiмен құс болады. Тума соқырды да, алапестi де Аллаһтың әмiрiмен жазамын. Өлгендi тiрiлтемiн. йлерiңде сендердiң не жеп, не iшетiндерiңдi және үйлерiңде не бар екенiн айтып беремiн.
рине, Иса, алейһиссәлам, осы айтқандарының бәрiн жүзеге асырды. Бұдан соң оған сенушiлер көбейе түстi. 
Дегенмен жұрт екiұдай күй кештi. Бiрi сенсе, бiрi сенбедi. Сондай қиын кезде Исаның, алейһиссәлам, соңына ерген сенiмдi шәкiрттерi болды. Олар қобалжып күдiктенбей пайғамбарға шын сендi. Бiрақ олар бар -жоғы он екi-ақ адам едi. 
Бiрде Иса, алейһиссәлам, шәкiрттерiмен бiрге ел аралап, уағыз айтып жүрiп, бiр жерге келiп тыныстады. Осы сапарда олар өздерiнiң сенiмдерiн тағы да нығайта түскiлерi келдi. 
– Сенiң Тәңiрiң бiзге үстiнде тағам толы дастарқан түсiрiп бере ала ма? – деп сұрады. 
– Құдайға сенетiн болсаңдар мұндай сұрақ қоюға қорқар едiңдер, – дедi Иса, алейһиссәлам, оларға.
– Бiз сол тағамнан татуды, көңiлiмiздi орнықтыруды, сенiң айтқаныңның растығына көз жеткiзудi және пайғамбарлығыңа куәгер болуды қалаған едiк, – дестi олар. Иса, алейһиссәлам, олардың айтқанын екi етпедi.
– Ей, Жаратқан Ием! Бiзге үстi тағамға толы дастарқан түсiршi! Осы күн бiзге де, бiзден соңғыларға да бiр мейрам болып қалсын. Сол дастарқан бiзге бiр керемет дәлел болып қалатын болсын. Бiзге ризық бершi! – дедi Иса, алейһиссәлам.
– Оны мен сендерге сөз жоқ түсiремiн, – дедi Аллаһ. – Ал содан кейiн сендерден кiмде-кiм кәпiр болса, оны жаӘанда ешкiмге бұйырмаған, барынша ауыр азаппен жазалаймын. 
Тойып тамақ iшкен хауарилер Аллаһ Та`аланың шәксiздiгiне, Исаның, алейһиссәлам, пайғамбарлығына күмандары қалмады.
Исаның, алейһиссәлам, бұл кереметi де жұртқа тез тарады. – Бұл барып тұрған сиқыр, одан басқа түк те емес,– дедi оның дұшпандары. Сол кезде ол Аллаһтың әмiрiмен молада жатқан өлiктi тiрiлттi. Бәни исраил қауымы сонда да оған иман келтiрмедi.
Иса, алейһиссәлам, заманында еврейлер Рим патшасының қарауындағы ел болатын. Елдiң ұсақ-түйек тiрлiгiне араласпағанмен, негiзгi билiктi патша жүргiзiп отыратын.
Азған қауым Исаға, алейһиссәлам, шамалары жетпесiн түсiндi. Сонан соң Рим патшасына қиянат жасауы мүмкiн деген сөз таратты. Күндердiң күнi бұл қауесет патшаның құлағына да жеттi. Мұны естiген патша Исаны, алейһиссәлам, дарға асып өлтiру керек деген үкiм шығарды. 
Патша жеңдеттерi пайғамбарды тұтқындау үшiн көп әуре-сарсаңға түстi, бiрақ оны ұстай алмады. Сол кезде Исаның, алейһиссәлам, достарының арасынан шыққан бiр сатқын пайғамбарды ұстап беруге бел байлады. Сөйтiп кәпiрлердiң марапаты мен мол олжаға кенелгiсi келдi. Оның түрi, сырт пiшiнi пайғамбарға ұқсайтын едi. Сатқын Иса, алейһиссәлам, шәкiрттерiмен бiрге отырған үйдi жендеттерге айтып бердi. Сөйтiп түк болмағандай өзi де сол жерге келiп отырды.
Кешкi апақ-сапақта жендеттер сол үйге жетiп келдi. Пайғамбар шәкiрттерiмен сол жерден сытылып шыға бердi. Жендеттердiң көзiне сатқыннан басқа ештеңе iлiкпедi. Жендеттер оны әй-шайға қаратпай сүйреп ала жөнелдi. Арада тағы бiраз уақыт өткенде әлгi сатқын дар ағашында керулi тұрды.
Дiн басылары Исаны, алейһиссәлам, өлтiрдiк деп ойлады. Бiрақ олар қатты қателестi. Бұл кезде Иса, алейһиссәлам, халықтың иманға үйiрiлмейтiн надандығы туралы ойға батып отырды. 
– Ей, Иса! – дедi оған Аллаһ – Сенi рухқа айналдырамын да Өзiме әкелемiн, сөйтiп кәпiрлерден құтқарамын. Саған iлескендердi Қиямет күнiне дейiн дiнсiздерден үстем етемiн. Сонан соң бәрiң менiң құзырыма қайтасыңдар. Мен сендердiң араларыңдағы жанжалдарыңа сонда үкiм шығарамын.
Исаның, алейһиссәлам, өмiрбаяны туралы бiзге жеткен деректер, мiне осындай. Оның жаратылысы туралы да талас күнi бүгiнге дейiн тоқтамай келедi. Бiрақ бiз үшiн Құран аяттарынан асқан айқын дәлел жоқ.


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет