Имандылық негізі – Ислам діні. Адам (а с) өмірі



бет2/11
Дата09.04.2019
өлшемі365.52 Kb.
#102637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Рух жайлы айтылған хадистердің мағыналарына назар салсақ, онда иманды рух – көркем рух, имансыз рух – нашар (былғаныш, жексұрын) рух деген сипаттамаларды кездестіреміз. Хазрет Матуридиден «Иман рухпен бірге ме (тек рухқа қатыстыма), әлде денемен бе (денеге де қатысы бар ма?» деп сұрағанда, ол: «Иман бұл (рух пен дене) екеуін тұтас қамтиды» деген. Демек, иманды пенденің рухы да, денесі де иманды, әрі көркем, ал, имансыздың рухы да, денесі де имансыз, әрі нашар саналады.

Шебер Алла жұма күні Адамға (а.с.) рух еңгізіп жан бітіргеннен соң, сол жұма күні оны жұмаққа кіргізді. Жұмақта оның жұбайын жаратты. Сөйтіп, ол екеуі қашан жұмақтан қуылғандарынша сонда өмір сүрді. Олардың жұмақта қанша уақыт тұрақтағандығы туралы аяттарда да, хадистерде де ашып айтылмаған. Сондықтан, бұл мәселе жайлы пікірталас жасалмайды. Тек, кейбір болжамдарға сүйенсек, олар жұмақта бірнеше миллиондаған жылдар тұрған болса керек. Ал, енді одан көптеген уақыт бұрын ұлық хикмет иесі – Алла тағала Адам және оның ұрпағы үшін жер бетінде сан-алуан нығметтерді дайындап қойған болатын. Бұл жайлы «Бақара» сүресінің 29- аятында:

«(Ей, Адам балалары) Ол (Алла) сондай бір (құдіретті) Зат, жердегі барлық нәрсені сендер үшін (игілік етіп) жаратты» деген.

Түсінік: Міне аятта жер бетіндегі нәрселердің барлығы адамзаттың игілігі үшін жаратылғандығы айтылды. Әлбетте, жердің Адамнан (а.с.) бұрын жаратылғаны анық. Ал, жердегі нәрсенің барлығы адамзаттың игілігіне қызмет етуге арналған. Мұның есесіне адамдар өздерінің қамқоршы Раббына шүкіршілік жасаулары, Ол сыйлаған нәрселердің қадіріне жетіп, күтіп, сақтап тұтынулары қажет. Ал, бағзыбіреулер (болса) Алла берген нығметтерге шүкір етудің орнына, қайдағы бір керексіз, орынсыз пікірталастармен өмірлерін босқа өткізеді. Бұл туралы «Лұқман» сүресінің 20- аятында айтылған:

}أَلَمْ تَرَوْاْ أَنَّ ٱللَّهَ سَخَّرَ لَكُمْ مَّا فِي ٱلسَّمَاوَاتِ وَمَا فِي ٱلأَرْضِ وَأَسْبَغَ عَلَيْكُمْ نِعَمَهُ ظَاهِرَةً وَبَاطِنَةً وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يُجَادِلُ فِي ٱللَّهِ بِغَيْرِ عِلْمٍ وَلاَ هُدًى وَلاَ كِتَابٍ مُّنِيرٍ .{

«(Ей, адамдар) Алла аспандар мен жердегі барша нәрселерді сендерге бойұсындырып қойғанын тағы да сендерге барлық жария (дүниеуи – материалдық) да, құпия (рухани) нығметтерді кәміл етіп бергенін көрмедіңдер ме?! Адамдар арасында (өздері мүлдем) ілімсіз, тура жолды таппаған және анық (иләһи) кітабы болмаған кейбір адамдар Алла жайлы пікірталас жасайды».

Міне осы аяттың мағынасына байланысты, Алла жайлы ешқанбай білімге қол жеткізбей тұрып, Ол жайлы пікірталасқа салыну үлкен күнә болып саналады.



Мұхаммед Пайғамбардың, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, өмiр жолыМұхаммед Пайғамбардың, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, өмiр жолы

Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Абдуллаұлы бдул-Мүтәлiп немересi милади жыл санауы (григориан календары) бойынша, 571 жылы 20 көкекте, дүйсенбi күнi дүниеге келген. Бұл Әижра есебiндегi – рәбиғул-әууәлдiң тоғызыншы немесе он екiншi күнiне тура келедi. Пайғамбарымыздың ата-тегiн тiзе берсең хижаз арабтары тараған Исмайыл пайғамбарға, алейһиссәлам, барып тiреледi. Пайғамбарымыздың Мұхаммед, Ахмет, Нәби, Расулуллаһ секiлдi т.б. бiрнеше қосалқы аттары болған.

Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахаб қызы мина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Расул дүниеге келетiн жылы Пiл оқиғасы аталып кеткен таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазiргi Эфиопия) патшасының уәзiрi әрi атақты қолбасшысы АбраӘа деген кiсi Сана қаласында (қазiргi Иемен мемлекетiнiң астанасы) үлкен шiркеу салдырады. Шiркеу өте биiк, басына қараған адамның тақиясы жерге түседi екен. Осы кәнисаны салдырып болғаннан кейiн, АбраӘа мың сан жаужүрек әскерлерiн пiлдерге мiнгiзiп, Меккеге қарай жорыққа шығады. Ондағы мақсаты – қасиеттi Қағбадағы “Қара тасты” күштеп тартып алып, оны Сана қаласындағы өзi салдырған зәулiм кәнисаға орналастыру. Сөйтiп, Қағбаға табынуға келген барлық жұрттың бетiн Сана қаласына қарай бұру едi.

Олар Меккеге жақындаған тұста күтпеген жерден жайсыз оқиғаға тап болады. Құдiретi күштi Аллаһ Та`аланың әмiрiмен әбәбил деген құстар кенет аспанға көтерiледi де, тұмсықтарына, аяқтарына қыстырып алған қатты тас кесектердi жауынгерлерге қарша боратады. Құстардың атқан тастары жай оғындай ысқырып, жауынгерлердiң басынан кiрiп, аяғынан бiр-ақ шығып отырады. Мұндай сұмдыққа тап болам деп ойламаған Абраһа қалған әскерiн керi бұрып, бас сауғалап қашады. Пiлдер дүркiреп кейiн шегiнедi. Өзiнiң сұм мақсатына жете алмаған АбраӘа ернiнен жараланып, көп шығынға ұшырап, салы суға кетiп керi қайтады. Сөйтiп атақты қолбасшы “жырық ерiн АбраӘа” аталып кетедi.

Бұл оқиға туралы “Құран Кәрiмнiң “Пiл” сүресiнде былай деген: “Пiл иелерiн Тәңiрiнiң қалай еткенiн көрген шығарсың? Олардың қулық-сұмдықтарын күл-талқан етпедi ме? Оларға Тәңiрi топ-топ құстарды жiберген. Құстар оларға балшықтан жасалған тастарды атты. Сөйтiп оларды дәнi желiнбеген сабандай етiп тастады”. (Пiл 105:1-5)
Расулуллаһтың сәбилiк шағы
Араб халқында жаңа туған сәбилердi таулы салқын жерлерде өз анасынан басқа әйелдерге тәрбиелететiн әдет-ғұрып болған. Мұндағы мақсат – жас сәбилердiң таза ауада денi сау болып, зейiн-зердесiнiң кiршiксiз толысып еркiн өсуiне жағдай жасау едi. Мұның тағы бiр себебi арабтар қалада өскен сәбилердiң зердесi далалы жерде өскен балалардың ой-санасынан төмен болады деп бiлген.

Осындай жақсы ниетпен анасы мина Пайғамбарымызды алғаш рет Субай Бата деген әйелге тәрбиелеуге бередi. Бiрер жылдан кейiн Субай Батаның орнына Үби Зубай қызы Халима деген әйел келедi. Халима анамыз болашақ Пайғамбарымызды өз тәрбиесiне алғанда, тұрмысы өте нашар, iшiп-жемi кем, кембағал адам болған екен. Пайғамбарымызды қарамағына алғаннан кейiн көп ұзамай береке-байлық бiтiп, бiрте-бiрте денсаулығы да жақсарып, оңала бастайды. Ол Пайғамбарымызды бес жасқа келгенше тәрбиелейдi. Беске толған соң оны анасы мина өз қолына алады.

Арада бiр жыл өткеннен кейiн мина баласымен бiрге Иасриб қаласындағы нағашы жұртына барып, әрi сонда жерленген ерiнiң басына зиярат етiп қайтпақшы болады. Ол ерiнiң басына зиярат етiп болған соң Мәдинадан Меккеге сапар шегедi. мина екi қаланың ортасындағы Әл-Абуа деген жерге келгенде кенеттен қатты ауырып, қайтыс болады. Оны сол жерге жерлейдi. Сөйтiп, болашақ Пайғамбарымыз алты жасында анасынан айырылып, жетiм қалады. Бiрақ бұл кезде Пайғамбарымыздың әкесiнiң әкесi Абдул-Мүтәлиб тiрi едi. Содан бастап Абдул-Мүтәлиб немересiн өз қолына алады. Тағдыр Пайғамбарымызға бабасымен де бiрге көп болуды жазбаған екен. Арада екi жыл өткенде, жасы келген қария Абдул-Мүтәлиб қайтыс болады. Сөйтiп, әлi буыны бекiп бұғанасы қатпаған сегiз жасар баланың басына жетiмдiк тақсiретi түседi. Бiрақ барлық жанашырларынан айырылған жас бала далада жалғыз қалмайды. Ендiгi жерде баланы әкесiнiң туысы бутәлиб бауырына басады. Бұл кiсi кедей болғанмен, жомарттығымен аты шыққан, қолы ашық сақи адам екен. Оның үстiне өзiнiң бала-шағасы да көп болса керек. Бiрақ соған қарамастан, Әбутәлиб болашақ Пайғамбарымызға жетiмдiк тақсiретiн таттырмай, өз балаларымен бiрдей көрiп тәрбиелейдi. Тiптi жатар кезде оны өз қойнына алып ұйықтататын болса керек.

Сөйтiп ол бутәлибтiң тәрбиесiнде қала бередi. Он екi жасқа келгенде, бутәлиб оны өзiмен бiрге Шам елiне (қазiргi Сирия) сапарға алып шығады. Бұл оның ес бiлгелi шыққан тұңғыш сапары едi. Олар Басра деген үлкен шаһарға керуен тартып келедi. Бұл шаӘарда болашақта келетiн Пайғамбардың белгiлерiн өз кiтаптарынан оқып бiлiп-отырған Бұһайра атты христиан дiнiнiң ғалымы тұрады екен. Бұһайра бұлардың керуенiне келiп, болашақ Пайғамбарымыздың ғаламат белгiлерiн айтып бередi. Оған қоса Әбутәлибтен бұл баланы яһуди дiнiндегi адамдарға көрсетпей, Меккеге алып қайтуын және тез арада бұл қаладан бiлдiрмей шығып кетуiлерiн өтiнедi. Өйткенi болашақ пайғамбар болатын баланың сол елде жүргенiн естiсе, яһудилер қастандық жасауы мүмкiн едi. Бұл кеңеске құлақ асқан бутәлиб бөгелместен Меккеге қарай бет түзейдi.

Осы оқиғадан соң, Әбутәлиб алыс сапарға шыққанда, оны қасына ертпейтiн болған.

Болашақ Пайғамбарымыз жиырма жасқа толғанда, бұзықтар соғысын көрiп, көңiл қаларлық келеңсiз жайларға куә болады. Бұл құрайш руы мен олардың одақтасы қайыс руының арасында болған ең бiр мағынасыз соғыс едi. Нағыз қантөгiс Мекке мен Тайф қаласының аралығындағы Нахлатум деген жерде болған. Болашақ Пайғамбарымыз сол кезде өзiнiң жастығына қарамай, осы қантөгiстi тоқтату үшiн, екi арада болған бiтiм шартына қатысады. Сөйтiп, ол тiршiлiк ағымына тереңдеп енiп, тарихи маңызы бар күрделi оқиғаларға араласа бастайды.

Пайғамбарлық келуден бұрынырақ Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, – өте тамаша мiнездi, кең пейiл, ашық жүздi, мейiрiмдi, шыншыл, ақиқатты сүйетiн және оны жан тәнiмен жақтайтын, берген уәдесiне берiк, аманатқа қиянат қылмайтын, жат қылықтардан, жаман iстерден аулақ болған кiсi. Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, осындай тамаша қасиеттерiн бiлiп, адамгершiлiк iстерiн жоғары бағалаған сол аймақтағы жұртшылық оған пайғамбар болмай тұрып-ақ, әл-мин деген қосымша ат бередi. Мұның мағынасы – өте таза, пәк, сенiмдi дегендi бiлдiредi. Болашақ Пайғамбарымыз сол қасиеттерiне қоса түрлi пұттарға, мүсiндерге табынудан бойын аулақ ұстайды.

Пайғамбарымыз, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ер жеткеннен кейiн ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, өзiнiң адалдығымен, әдiлдiгiмен жұртқа таныла бастайды. Ол жиырма бес жасқа келгенде, Шам (Сирия) елiне екiншi рет сапарға аттанады. Бұл жолы болашақ анамыз Хадиша Хуайладқызының сауда керуенiн бастап барады. Хадиша анамыз оның жанына өзiнiң Майсара атты қызметшiсiн қосып жiбередi. Болашақ Пайғамбарымыздың сауда жолындағы бұл тұңғыш сапары жемiстi де берекелi болып, керуеншiлер масайрап қайтады. Сапардан келген соң, Майсара Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, туралығын, әдiлдiгiн, iскерлiгiн, бойындағы тағы да басқа жақсы қасиеттерiн Хадиша анамызға майын тамызып әңгiмелеп бередi. Бұл кезде Хадиша қырық жаста болатын. “Жiгiттi ел мақтаған қыз жақтаған” дегендей, Майсараның аузының суы құрып айтқан сөздерi Хадишаның жүрегiне шоқ тастап, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қызығып қалады. Көп ұзамай өз көңiлiн бiлдiрiп, болашақ Пайғамбарымызға кiсi салады. Мұхаммед алейһи уә сәлам, Хадишаның бұл тiлегiн қабыл алып, әке орнына әке болған бутәлибтi құда түсуге жiбередi. Сөйтiп, көп ұзамай Хадиша анамызға үйленедi.

Өз алдына үй болып, отау тiккен Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадиша анымызбен бiрге бiрсыдырғы ғұмыр кешiп жатады. Бұдан кейiн де ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, үлкен беделге ие болады. Халық оны әдiлдiгi үшiн Мұхаммед мин деп атап кетедi.

Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, отыз бес жасқа келгенде, қасиеттi Қағбаның қабырғасы әбден бүлiнiп, құлауға айналған кез едi. Мұны қалпына келтiрудi Құрайш руы өз мiндеттерiне алып iске кiрiсiп кетедi. Жөндеу жұмысы бiтiп, “Қара тасты” бастапқы орнына қояр кезде, араб руларының арасында келiспеушiлiк пайда болады. Шынын айтқанда, бұл бақталастықтан өрбiген дау-жанжал едi. Мұның арты тағы бiр қантөгiске ұласып кету қаупi туады. Осы кезде құрайш руының жасы үлкен ақсақалы, қадiрлi қария Әбу Умайата әл-Мұзираұлы мынадай келiсiмге шақырады. “Менiң айтқанымды дұрыс көрсеңiздер, бұл құрметтi iстiң шешiмiн iштерiңдегi ең сенiмдi, ақылы кемел, халыққа қалаулы және зор бедел иесi Мұхаммед Әминге тапсырайық”, – дейдi ол. Бұл ұсынысты ру басылары түгел құп алады.

Әрине дауы көп бұл iстi ешбiр ру басылары ренжiмейтiндей әдiл бiтiру жеңiл шаруа емес едi. Бiрақ ақылы асқан болашақ Пайғамбарымыз мұның түйiнiн оңай шешедi. Ол үстiндегi шапанын жерге жаяды да, ру басыларын шақырып, соның шалғайына айнала ұстауын өтiнедi. Өзi қара тасты көтерiп, киiмнiң үстiне қояды. Содан соң шапаннан ұстаған бойы қазiргi тұрған орнына барлығы бiрлесiп жеткiзедi. Бiрақ Мұхаммед Қара тасты тұғырына өзi көтерiп қондырады. Бұл шешiмге бәрi ризашылық бiлдiрiп, Мұхаммедтiң тапқырлығына, туралығына, даналығына тағы да тәнтi болады.

Қасиеттi Қағба туралы “Құран Кәрiмде” былай деген

“Ақиқатына келсек, адамдардың ғибадат етуi үшiн тұңғыш салынған үй Меккеде. Бүкiл әлемдегi қасиеттi және тура жолға бастайтын үй сол. (Бұл үйдi перiштелер Адам, алейһиссәлам, жаратылғаннан бұрын салған. Адам содан 40 жылдан соң дүниеге келген”. (Әл Имран 3:96)

Пайғамбарлық келерден бұрын уәхи түсердiң алдында Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ақихи түстер (түсiнде көрген iстiң өңiнде болуы) көрiп жүрдi. Осы кезде жұрттан аулақтап, өзiмен-өзi оңаша қалуды көбiрек қалайтын болады. Бұрынғысынша жұрт тәңiр тұтып табынатын пұттардан, мүсiндерден бойын мүлден аулақ салып, оларды тiптi жек көрiп кетедi. Оның оңашалықты қалағаны соншалық Хира тауындағы үңгiрге барып түнеп жүредi. Кейде сол жерде тiптi айлап жатып қалатын кездерi болса керек. Бұл уақытта ол ИбраӘим, алейһиссәллам, дiнiне иман келтiрiп, құлшылық ете бастайды.

Осындай күндердiң бiрiнде, Хира үңгiрiнде жатқан кезiнде Аллаһ Та`ала оған уәхи түсiредi.
Пайғамбарымызға ең бiрiншi `Алақ сүресi нәзiл болды.

“Оқы, жаратқан Иенiң атымен оқы! Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенiң Тәңiрiң – ең жомарт! (Ол) қаламмен (жазу) үйреттi. Адамдарға бiлмегенiн бiлдiрдi”.

Осыдан кейiн Мұхаммед үйiне дiрiлдеп-қалшылдап зорға жетедi де, Хадиша анамызға “үстiмдi қымтап жап” деп үш рет қайталайды. Бiраз жатып тынығып, өзiне-өзi келген соң, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадиша анамызға көрген-бiлгенiн тәптiштеп баяндап бередi, көңiлiндегi қорқыныштарын да жасырмайды. Күйеуiне Аллаһ Та`аланың нұры жауайын деп тұрғанын сезген Хадиша оны өзiнiң туысы Нуфайл ұлы Уарақаға алып барады. Ол кiсi Інжiлдi толық меңгерген ғалым адам болатын. Өкiнiшке орай, оны әбден қарттық меңдеген кез едi. Сонда да Хадиша анамыз ол кiсiге Мұхаммедтiң көрген-бiлгенiн тыңдауын өтiнедi. Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, болған жайды түгел баяндап бередi. Оны ықылас қойып тыңдаған қария: “Ей, бауырым, бұл – ғажайып iс, – дейдi. – Аллаһ Та`ала саған бiр ұлы iстi бастатқалы тұр екен. Егер мен жас болғанда сенiң бұл iсiңе үлкен жәрдем берген болар едiм, бiрақ амал қанша! – деп өкiнiш бiлдiредi. Көп ұзамай Уарақа қария дүниеден өтедi. Ал арада қырық күн өткеннен кейiн Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Аллаһтан екiншi уәһи түседi.
Пайғамбардың Исламды жасырын насихаттауы

Аллаһ Та`ала Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, жұртқа ибадатты жасырын оқуға шақыруды бұйырады. Ислам дiнiн қабылдаған ең бiрiншi адам – Хуайладқызы Хадиша анамыз болды.

Кейiн басқа да көптеген адамдар осы дiндi қабылдады. Арада көп уақыт өтпей-ақ, бұл хабар жалпақ елге тарай бастады. Мұны естiген құрайш руының басшысы бужәӘiл бұл жүгенсiздiктi тыйып, оларды райынан қайтаруға белсене кiрiстi. Ол Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, “Сен әкеңнiң дiнiн тастап, басқа дiндi артық көргенiң не? Бұл райыңнан қайт”, – дедi. Бiрақ Пайғамбарымыз алған бетiнен таймайтынын ашып айтты. Содан бастап бужәӘiл оған дұшпандық ниетте болып, адамшылыққа сыймайтын ауыр сөздермен балағаттап, тiптi орынсыз жала жауып, қолынан келгенше қарсы әрекеттер жасап бақты. Пайғамбарымыз оның мұдай пасық қылықтарына сабырлылық танытып, өз iсiн одан әрi жалғастыра бердi. Бұл жолда ол айтарлықтай табыстарға да қол жеткiзе бастады. Бұл Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Ислам дiнiн зорлықсыз, қантөгiссiз, халықты үгiттеу арқылы таратуды мақсат еткенiн көрсетедi.
Ислам дiнiн ашық насихаттауға көшу

Ислам дiнiн жасырын уағыздау тұп-тура үш жылға созылды. Төртiншi жылы Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызға Ислам дiнiн ашық насихаттауды бұйырды. Тәңiрiнiң әмiрiне бой ұсынған Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Сафа тауына шығып: “Ей, бдул Мүтәлiптiң баласы, ей, бдiманаптың баласы” – деп, өз жақтастарының аттарын атап шақыра бастады. Мұны естiген жұрт “бұл не дауыс?” – деп таңданды. Аты аталғандар жинала келе, үлкен топқа айналды. Жиналған жұртқа Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: “Мен сендердi Ақырет азабынан құтқарушымын”, – деп жар салды. Осы кезде топ iшiнде тұрған Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, туыстарының бiрi булақап Пайғамбарымызды балағаттап жаман сөздер айтты. Құран Кәрiмде булақап туралы былай деген:

“Әбулақаптың екi қолы құрысын! Ол өзi де құрыды. Мал-мүлкi де, басқалары да оған пайда бермейдi. Ол алаулаған отқа кiредi. Оның отын тасығыш (әзәзiл) қатыны да лаулаған отқа түседi. Оның мойнында мықты есiлген арқан болады”. (л-Масад: 111:1-5)
Мұхаммедке құрайш руының қарсы шығуы

Ислам дiнiне дейiн араб халықтары түгелдей пұттарға, түрлi мүсiндерге табынатын. Мұндай тас құдайлар сиынушыларға пайда да, зиян да келтiре алмайтын жай жансыз нәрселер едi. Бiрақ ықылым замандардан берi ата-бабалары табынып келе жатқан сенiмнен бас тарту кiмге болса да оңай болмасы белгiлi. Пайғамбарымыздың пұттар мен мүсiндерге бүтiндей қарсы болып, жұртты Ислам дiнiне уағыздауы жалпы араб халықтарына, оның iшiнде құрайш руына қатты тидi. Олар Пайғамбарды райынан қайтару үшiн түрлi әрекеттер жасап бақты. Бiрақ ол әрекеттерiнен ештеңе шыға қоймады. Пайғамбарымыз жұрттың пұттарға жалбарынудан қайтып, Аллаһқа иман келтiруге, Аллаһтың жердегi Елшiсi – өзiне бой ұсынуға шақырды. Оның мұндай “өрескел” қылықтары жандарына жақпаған қауым Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мәжнүн, өтiрiкшi, сиқыршы деген өсек жайып, жұрттың одан аулақ жүруiн талап еттi. “Оның айтып жүрген насихатының бәрi бұрынғы бабаларымыздан қалған ертегi-аңыздарға ұқсас бос нәрселер” деген сөз таратты. рi-берiден соң оған иман келтiрiп, соңына ерген адамдарды айнытып, терiс жолға салуға да әрекеттендi. Бiрақ олардың бұл әрекеттерi де нәтиже бермедi. Бiрте-бiрте Ислам дiнiне сенушiлердiң саны көбейiп келе жатты.


Пайғамбарға жасалған қастандық әрекеттер

Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қарсы шыққан халықтардың қоқан-лоққысына, олардың айтқан балағат сөздерiне көңiл аудармай, Ислам дiнiн насихаттау iсiн жалғастыра бердi. Бiрте-бiрте Аллаһқа иман келтiрiп, оның соңына ерушiлердiң саны арта түстi. Ендi құрайш ұлықтары шындап саса бастады. Бiраз уақыттан кейiн олардың қарасы мүлдем көбейiп, бұл жаңа дiн жалпақ жұртқа жайылып, бой бермей кететiнiне көздерi жеттi. Сондықтан қалайда олардың жолын кесiп, Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, алған бетiнен қайтару керек болды. Өзара кеңес құрған құрайш ақсақалдары Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қарсы батыл әрекеттерге көшу керек деген ұйғарымға келдi.

Бiр күнi олар бәрi жиналып келiп, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, былай дедi:

– Ей, Мұхаммед, бiз сенiмен сөйлесуге арамыздан бiр адамды жiберiп едiк, бiрақ сен оны тыңдамадың. Керiсiнше, бабаларымызды айыптап, дiнiмiздi қорладың, құдайымызды балағаттадың, өзiмiздi ақымақ етiп, халықтың арасына жiк салдың. Сенiмен арамыз ажырады. Алда-жалда райыңнан қайтам десең, әлi де кеш емес. Егер iздегенiң байлық болса, бәрiмiзден асқан бай болғаныңша қалағаныңды берейiк, егер тiлегенiң ұлықтық болса, оны да орындаймыз. Ал бiздiң құрметiмiзге бөленгiң келсе, райыңнан қайтпай, ол ниетiңе жете алмайсың, бiз саған лағнет айтып, қарғыс жаудырамыз. Сенiмен ашық жауласамыз.

– Мен сiздер айтып отырған байлықты, ұлықтықты, құрметтi ойлап та, iздеп те жүрген жан емеспiн, – дедi Мұхаммед. Мен – Аллаһтың сiздерге жiберген шын Елшiсiмiн. Аллаһ маған сiздерге ненi жеткiз десе, соны жеткiзушi ғанамын. Егер ықылас қойып, қабыл алсаңыздар, менiң сөздерiм сiздерге екi дүниелiк бақыт әкеледi. Мен тек Аллаһтың бұйрығын орындаушымын, менiң еркiм Аллаһтың қолында.

– Ендеше, осы екi дiндi қатар қабылдап, екi құдайға кезектесiп, табынайық. Яғни бiздер бiр күнi Аллаһқа бас ұрайық, бiр күнi сен бiздiң құдайымызға табын, – деген шарт қойды олар. Сонда Аллаһ Та`ала Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мына аяттарды нәзiл қылды:

“Ей, кәпiрлер! Сендер табынатын пұтқа мен табынбаймын. Мен ғибадат еткен Аллаһқа сендер де ғибадат етпейсiңдер. Сендер шоқынған пұтқа мен шоқынған жоқпын, мен ғибадат еткен Аллаһқа сендер ғибадат еткен жоқсыңдар.

“Сендердiң дiндерiң өздерiң үшiн, менiң дiнiм өзiм үшiн” – де.(Кәфирун 109:1-6)

Мұхаммед алейһи уә сәллам, Аллаһ Та`аланың сөзiн кәпiрлерге бұлжытпай жеткiздi.
Мүминдердiң көрген азабы

Құрайш кәпiрлерi тек Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ғана қастандықтар жасап қойған жоқ, оған бой ұсынып, Ислам дiнiн алғашқы қабылдаған мұсылмандарды да зәбiрлеп, ашық қудалай бастады.

Солардың бiрi Ясир ибн Имар және оның кәрi әке-шешесi, тағы да басқалар болатын. Қожайындары бұларды шыжыған күн астына жатқызып қойып, кеуделерiне ыстық құм басып азаптады. Мұны көрген Пайғамбарымыз: “Ясир ұрпақтары сабыр етiңдер сендердiң Ақыреттегi орындарың жәннаттың төрi”, – дедi. Мұндай ауыр азапқа шыдай алмаған Ясир ибн Имардың анасы көп ұзамай қайтыс болады. Бұл кiсi Ислам дiнi үшiн Аллаһ жолында шәһит болған тұңғыш мұсылман саналады.

Бұлар сияқты отпен, қызған темiрмен, таспен, құммен азапталған, сондай-ақ, ауыр соққыдан, аштықтан және қамауда бейнет шегiп өлген мұсылмандар да аз болмады.


Қабажстанға қашып барып паналау

Мұсылмандарды жазалау тоқтаусыз жүргiзiле берген соң, Пайғамбарымыз оларға бiраз уақыт Қабаж елiне барып паналай тұрыңдар деп кеңес бердi. Пайғамбарымыздың нақ Қабаж елiн таңдауының да себебi бар едi. Өйткенi бұл елдiң сол кездегi патшасы Нажаши жалпақ жұртқа әдiлдiгiмен аты шыққан, халықтың құрметiне бөленген, туралықты сүйетiн адам болатын.

Аллаһ жолында азап көрген мұсылмандар Пайғамбарымыздың кеңесiн құп алып, Қабаж елiне бет түзейдi. Алдымен он бiр еркек, төрт әйел кеме жалдап, аман-есен жеттi. Бiртiндеп олардың саны көбейiп, сексен үш еркек, он тоғыз әйел болды. Қашқандардың Қабажстанды паналап жүргенiнен құлағдар болған құрайш кәпiрлерi Нажаши патшаға өкiл жiбередi. Өкiл боп келген Умар Ибн әл-Уәлид пен мiр Ибн әл-с Нажаши патшаға жолықты.

– Мұнда көшiп келгендердiң өздерiн көрiп, сөздерiн тыңдамай тұрып, оларды сiздердiң қолдарыңызға бере алмаймын, – дедi Нажаши патша. Сөйтiп, Қабаж елiн паналап келген Пайғамбардың сахабаларын шақыртып алып, оларға құрайш өкiлдерiнiң айтқандарын жеткiздi.

– Сiздердi қуғынға ұшыратып, ел iшiне жiк салғандай бұл қандай дiн? Одан да менiң дiнiме кiрмедiңiздер ме? – дедi Нажаши патша.

Оған сахабалардың iшiндегi жөн бiлетiн Жафар Ибн бутәлiп деген кiсi жауап бердi.

– Ей, патшам! Бiз пұттарға табынған надан ел едiк. Арам өлген малдың етiн жеп, ойымызға не келсе соны iстеп күн кештiк. Халқымызда мейiрiм-шапағат, қанағат қалмады. Көршi құқы, обал-сауап дегендi ұмыттық, күштiлер әлсiздерге күн көрсетпедi. Бiздер және бiздiң ата-бабаларымыз адамға пайда-зияны жоқ, өз қолымызбен жасаған жансыз тастарға, пұттарға, мүсiндерге табынып келдiк. Бiздiң бұл қасiреттен бүкiл дүниенi жаратқан, әлемнiң әмiршiсi Аллаһ Та`аланың Өзi жiберген Елшiсi Мұхаммед арқылы құтылатынымызға көзiмiз жеттi. Сол Елшiнiң арқасында шыққан тегiмiздi бiлдiк. Шындық пен өтiрiктiң, аманат пен тазалықтың не екенiн таныдық. Ол бiздi тек қана бiр Аллаһқа ғибадат етуге шақырды. Пайғамбарымыз бiздердi адасқандардың жолынан бас тартып, тура сөз сөйлеуге, аманатқа қиянат қылмауға, мейiрiм шапағатқа ие болуға, көршiлермен тату тұруға, барлық харамнан, арам қағидалардан, жамандықтан аулақ болуға үйреттi. Ол бiзге тек бiр Аллаһқа ғана ибадат етуге, намаз оқуға, ораза тұтуға, зекет беруге, жетiмнiң және басқалардың ақысын жемеуге бұйырды, – дедi Ибн бутәлiп. Ол сонымен бiрге Ислам дiнiндегi барлық жақсы қасиеттер мен артықшылықтарды саусақпен санағандай ғып айтып бердi. – Бiз бiр Аллаһқа және оның жердегi Елшiсi Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, сенiп, бой ұсындық, – деп сөзiн жалғастырды Ибн бутәлiп. – Пайғамбарымызға ерiп, бiр Аллаһқа сиынып, харам iстерден тыйылып, халал iстердi ғана iстедiк. Бiрақ бiздiң елдiң ұлықтары жақсылыққа бет бұрған түзу бағытымызды түсiнгiлерi келмей, мұсылман болғандарды қуғындап, азапқа салды, қорлады. Баяғыша пұтқа табыныңдар деп зорлады. Бiздiң дiнiмiздi ақиқаттан алыс нәрсе деп жұртқа өңiн айналдырып түсiндiрдi, сөйтiп халықты қарсы қойып, барлық оң iстерiмiздi жоққа шығарды. Ендi мiне, ата-мекенiмiзден безiп, сiздiң елдi паналауға мәжбүр болып отырмыз. Бiрақ мұнда да бiзге тыныштық бермей, зорлықпен керi қайтарып, ит қорлықпен өлтiрмек. Ибн бутәлiп бастан кешкен азаптарын айтып болды да, әңгiме желiсiн үзбей, Мәриям сүресiн жатқа оқыды.

Мұның бәрiн тыңдап отырған Нажаши патшаның көңiлi босап, көзiне жас келдi.

– Бұл Иса туралы айтылған жай ғой,– дедi сәлден кейiн. – Дегенмен шыққан жерлерi бiр екен, – деп толғанды. Патша бiршама уақыт ойға батып отырды да, бiр шешiмге келгендей, кенет басын көтерiп алып:

– Сiздердi Омар Ибн әл-Уалид пен мiр Ибн әл-сқа бермеймiн – деп уәде еттi.

Нажаши патша Ислам дiнiнiң түпкi мәнiн терең сезiндi. Өйткенi бұл негiздердiң ақиқат екенi айқын едi. Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, түскен Құран Кәрiм мен Исаға, алейһиссәлам, түскен Інжiлдiң негiздерi бiр екенiне көзi жеткен патша:

– Ақылы кемел зерек адамдар бұл шындықты жасыра алмайды, – дедi. Сөйтiп, Нажаши патшаға келген құрайш өкiлдерiнiң жолы болмай, тауы шағылып кейiн қайтты. Олардың сұм ниетiн таныған Қабаж патшасы мұсылмандарды екiншi рет жәбiрлеуге жол бермедi.

Уақыт өткен сайын құрайш кәпiрлерiнiң жасаған зұлымдықтары ашылып, мұсылмандарға қарсы ұйымдастырған әрекеттерi iске аспай қала бердi. Мұндай сәтсiздiктер олардың мазасын алып, тұйыққа тiредi. Олар өзара кеңесе келе Пайғамбарымыз Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәлам, өлтiруден басқа жол қалмады деген ұйғарымға келдi. Құрайш ұлықтарының бұл сұм ниетiн бiлiп қойған Пайғамбарымыздың туысы бутәлiп бүкiл туыстарын шақырып алып, оларға Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Меккенiң жанындағы тау халықтарына апарып қосуды және оны өлтiрудi ниет еткен барлық зұлымдарды райынан қайтарып отыруды бұйырды. бутәлiп үйiнде өткен осы кеңестен құлағдар болған құрайш ұлықтары ендi Бәну бдул Мүтәлiп ұрпақтарымен қыз алысып, қыз берiсiп жекжаттасу және сауда-саттық жасаспау туралы бұйрық шығарды. Бұл үкiм жазылған қағазды Қағбаның iшiне iлiп қойды. Бұл бұйрық Қағбаның iшiнде үш жыл сақталды.

Осы күннен бастап Пайғамбарымыз бен оның соңына ерген мұсылмандарға нағыз қара түнек заман орнады. Айналадағы елмен араласып сауда-саттық жасамаған соң, алдымен аштыққа тап болды. Басқа жұрт бұларға көмектесiп, қол ұшын беруге ұлықтардан қорықты. Азықтары таусылып, арып-ашқан жұрт ағаш жапырақтарын талшық қып жеп жан бақты. Алайда бұл азаптау жас сәбилерге ауыр тидi. Тәулiктiң қай мезгiлiнде болсын олардың үйлерiнен адамның төбе құйқасын шымырлатар сәбилердiң үздiксiз жылаған дауыстары естiлiп жататын. Басқа түскен ауыртпалық көп уақытқа созылса да, Пайғамбарымыз бен мүминдер сыр бермей шыдап бақты. Керiсiнше, бұл азаптауға құрайш ұлықтарының көпшiлiгiнiң жүйкесi шыдамай, араларына жiк түстi. Олар қауым басында тұрған бес ұлықтан азаптаудың бұл масқара түрiн тоқтатуды қатал талап еттi. °лықтардың бұл орынды талаппен санаспауға лажы қалмады. Олардың жазбаша үкiмiнiң кейбiр қатаң тарауларынан бас тартуларына тура келдi. Сөйтiп, бiр Аллаһқа иман келтiрген жазықсыз мұсылмандар үш жылға созылған ауыр азаптан құтылып, өз мекендерiне қайтты. Көпшiлiктiң көмегiмен келген бұл жеңiс дауыл алдындағы уақытша тыныштықтың бiр ғана сәтi едi.


Пайғамбарымыздың Меккеден Масжидул-Ахсаға пырақпен ұшып жетуi және көкке көтерiлуi

Бұл ғажайып iстi Аллаһ Та`ала пенделерiнiң иманын тексеру үшiн әдейi жасаған болатын. Яғни Пайғамбарымыздың осы iсiне кiм сенедi, кiм сенбейдi, соны анықтап адамдардың көзiн жеткiзу үшiн Өзiнiң құзырына сай ғаламат жасады. Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызды бiр түнде (бұл түн қазiргi Һижра айпарағындағы 26-27 раджаб айына тура келедi) Меккедегi Мәсжидул-Харамнан Құдыстағы, яғни қазiргi Иерусалимдегi Масжидул Ахсаға жеткiзген болатын. Бұл туралы Құран Кәрiм былай дейдi:

“Аллаһ – пәк. Тағылымдарымыздың тамаша дәлелдерiн көрсету үшiн Ол бiр түнде Өз пендесiн (Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам,) Мәсжидул-Харамнан төңiрегi тұнған байлық – Мәсжидул-Ахсаға алып келдi. Аллаһтан бiлгiр, Одан көреген ешкiм жоқ”. (Исра 17:1)

Мұнан соң Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Байтул-Махдистен пыраққа мiнiп, жетi қат көкке көтерiлдi. Онда барған соң, Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызға және оның үмметiне күнiне бес уақыт намаз оқуды парыз еттi. Соңыра Расулуллаһ сол пырақпен қайтадан Меккеге оралды. Мiне, осылардың бәрi небәрi бiр түннiң iшiнде болған оқиғалар едi.

Таң атқаннан кейiн, Расулуллаһ өзiнiң қауымына түндегi көрген-бiлгенiн баяндап бердi. Құрайш руының кейбiр адамдары бұған сендi, ал базбiрi бос сандырақ деп қарады. Кейбiр иманы нашар адамдар бұл туралы Пайғамбарымыздың өз аузынан естiген соң, Ислам дiнiнен бас тартты.

Бұл оқиға жұртты екiұдай күйге түсiрiп, қызу пiкiрталас тудырды. Сосын көпшiлiк бубәкiрге барып, оның жеке пiкiрiн сұрады. бубәкiр жиналған қауымға мен ол айтқан нәрселердiң бәрiне сенемiн”– деп жауап бердi. Сол күннен бастап жұрт оны бубәкiр Сыддық деп атай бастады.

Пайғамбарымыздың сөзiне сенбеген кәпiрлер қауымы жиналып, оның айтқандарының рас-өтiрiгiн тексерiп, сынап көрмекшi болды. Олар Мұхаммедтен, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, алдымен Байтул-Махдистiң жалпы көрiнiсiн сипаттап беруiн сұрады. Өйткенi олардың арасында Байтул-Махдистi көргендерi, оның iшi-сыртын жақсы бiлетiндерi бар едi. Пайғамбарымыз iркiлместен Байтул-Махдистiң жалпы көрiнiсiн қолмен қойғандай ғып тәптiштеп айтып бердi. Кәпiрлер мұны өтiрiк дей алмады.
Ислам дiнiнiң Иасриб қаласында тарауы

Ислам дiнiн құрайш руының шағын бөлiгi ғана қабылдады. Бұл Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қанағаттандыра қоймады. Сондықтан ол мереке күндерi басқа араб руларының арасына барып, үгiт-насихат жүргiздi. Олардың бiрi Расулуллаһқа оң қабақ бiлдiрсе, екiншiлерi жақтырмаған сыңай танытты. Иасрибтен келген кейбiр арабтар өздерiн Расулуллаһтан аулақ ұстауға тырысты.

Бiр күнi Пайғамбарымыз көшеде келе жатып, Иасриб қаласынан келген бiр топ кiсiлерге жолығып қалды.

– Мен сiздермен сөйлессем деп едiм, азырақ аялдамайсыздар ма? – деп өтiнiш жасады. Расулмен олар келiсiп, Пайғамбардың жанына тiзе бүктi. Пайғамбарымыз оларға Ислам дiнi туралы сөз қозғап, оның қағидаларын, негiзгi шарттарын жан-жақты түсiндiрдi. Құраннан аяттар оқыды. Сөзiнiң соңында оларды Аллаһқа иман келтiруге, осы әдiлеттi дiндi қабылдап мұсылман болуға шақырды.

– Бұлар Иасриб қаласына оралғаннан кейiн, Пайғамбарымызға берген уәделерiнде тұрып, халықты Ислам дiнiне кiруге шақыра бастады. Бiрте-бiрте Аллаһтың жердегi Елшiсi туралы хабарды естiмеген бiр де бiр адам қалмады.
Иасриб халқының Пайғамбарға серт беруi

Арада бiр жыл өткеннен кейiн, Құдайға құлшылық қылу маусымында (хаж) Иасрибтен Меккеге он екi адам келдi. Олар Пайғамбарымызбен Ақаба деген жерде кездесiп, Ислам дiнi туралы келелi әңгiме қозғалды. Олар бiр ауыздан алдағы уақытта бiр Аллаһқа ғана сенуге, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық жасамауға, бiреуге жала жаппауға, балаларын өлтiрмеуге, қысқасы күнәлi iстерден аулақ болуға ант бердi.

Кiмде-кiм осы айтқан серттерiнде тұратын болса,– дедi Пайғамбарымыз, – Аллаһ Та`ала олардың жақсылық жолында жүргенiн ескерiп, Ақыретке барғанда жұмақтың төрiнен орын бередi. Расулуллаһтың айтқан әрбiр сөзi Иасрибтықтарды толқытып, олардың Аллаһтың бiрлiгiне деген сенiмдерiн бекiте түстi.

Арада тағы да бiр жыл уақыт өтiп, әдеттегiндей хаж өтеу маусымы басталған кезде, Расулуллаһқа ант берген әлгi кiсiлер өздерiмен бiрге Меккеге жетпiс үш еркек, екi әйел ертiп келдi. Пайғамбарымыз олармен жүздесiп, былтырғы Ақаба деген жерде түнде бас қосуға уәде еттi.

– Абай болыңыздар, араларыңызға түнде құрайштар енiп кетпесiн. °йқы – дұшпан, сақтық – дос, – деп ескерттi Расулуллаһ кетерiнде. Өйткенi бұл құрайш ұлықтарының дұшпандық әрекеттерi әлi басылмаған, жамандықтың асқынып тұрған кезi болатын.

Ел ұйқыға бас қойған мезгiлде, Расулуллаһ қасына бдул-Мүтәлiп ұлы Өаббасты ертiп алып, уәделi жерде иасрибтықтармен аман-есен бас қосты. Пайғамбарымыз Ислам дiнiнiң артықшылықтары туралы насихат айтып, Құраннан аяттар оқыды. Пайғамбарды тыңдап отырған иасрибтықтардың Аллаһтың бiрлiгiне деген күмәнi қалмады. Олар ешбiр кедергiсiз түгелдей Ислам дiнiн қабылдап, мұсылман болды.

Жиын соңында Пайғамбарымыз:

– Араларыңнан өз қауымдарына сөзi өтетiн он екi адамды iрiктеп шығарып берсеңдер, – дедi. Өйткенi бұл адамдар өз қауымдарына басшылық жасау үшiн қажет болды. Иасрибтықтар көп ұзамай араларынан он екi адам iрiктеп бердi.

– Сiздер өз қауымдарыңызға жауаптысыздар, – дедi сонда Расулуллаһ оларға. – Мәриям ұлы Исаға, алейһиссәлам, сенген хауарилердiң сенiмiндей сенiмге ие болуларыңыз керек. Ал мен барлық қауымым үшiн жауаптымын.

Осы кездесуден кейiн Иасрибқа оралған жаңа мұсылмандар тобының тың күшпен үгiт-насихат жүргiзуiнiң нәтижесiнде бұл өңiрде Ислам дiнi кең қанат жайып, шапшаң тарай бастады. Ал керiсiнше Меккеде мұсылмандардың жағдайы қиындай түстi. Мұнан әрi бұл азапқа төзудiң мүмкiн еместiгiн ескерiп, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мүминдерге Меккеден Иасрибқа орын ауыстыру туралы кеңес бердi. Көп ұзамай-ақ алғашқы мұсылмандар тобы құрайштарға бiлдiрмей астыртын орын ауыстыра бастады. Бiрақ бұл әрекеттi жұрттан жасыру мүмкiн болмады. Бұдан құлағдар болған құрайш ұлықтары бұрынғысынан бетер құтырына түстi. Олардың бұл қылықтарын ұнатпаған мұсылмандар ашықтан-ашық Меккеден көше бастады. Аздан соң Меккеде мұсылмандардың аз ғана тобы қалды.

– Құрайштар тарапынан бақылаусыз болған бутәлiп ұлы ли мен букақафа ұлы бубәкiр ғана едi. Күн өткен сайын жағдайдың қиындап бара жатқанын көрген бубәкiр Пайғамбардан орын ауыстыруға рұқсат сұрап, кәпiрлер жағынан қауiптiң бар екенiн есiне салып қоятын. Бұл кезде құрайш ұлықтары Расулуллаһтың Иасриб халқымен астыртын араласып, оларды Ислам дiнiне бой ұсындырғанын бiлген едi. Осыған байланысты олар кеңес құру сарайына жиналып, Расулуллаһқа не iстеу керектiгi туралы ақылдасты. °лықтардың бiрi Расулуллаһты Меккеден шығарып жiберу керек десе, ендi бiрi оны уақыт оздырмай қамауға алу керек деген пiкiр айтты. Бәрiнен асып түскен бужәӘiл болды. Ол шiмiрiкпестен Пайғамбарды өлтiру керек деп салды.

Бiрақ бұл жауыздық пiкiрдi кеңеске жиылғандар қолдамай тастады. Сөйтiп, бұл кеңес белгiлi бiр шешiмге келе алмай, әрi-сәрi күйде тарқады. Дегенмен Пайғамбардың өмiрiне зор қауiп төнгенi аян болды. Бұл кеңес туралы Жәбiрейiл перiште Расулуллаһқа хабар бердi және бұл түнi өз үйiне қонбауын ескерттi.


Пайғамбардың сапарға дайындалуы және құрылған тордан құтылуы

Расулуллаһ Әбубәкiрдiң үйiнен қас қарая оралды. Құрайштың екi жiгiтi оның үйiнiң жанына келiп, ұйықтайтын мезгiлдi күтiп отырды. Бұл екi жiгiттiң өзiн өлтiруге келгенiн бiлген Пайғамбарымыз: “Әбутәлiптiң баласы менiң төсегiме жатып ұйықта”, – дедi. Сөйттi де өзi сыртқа шықты. Аллаһ Та`ала қара ниеттi жiгiттердiң көздерiн көлегейлеп, Пайғамбарымыздың үйден шығып кеткенiн байқатпады. Қарақшылар жұрттың бәрi ұйықтады-ау дегенде, Расулуллаһтың үйiне баса-көктеп кiрдi де, төсектiң жамылғышын ашып қалды. Осы кезде олардың көздерi атыздай болып, бiр-бiрiне бақырайып қарап қалды. Өйткенi төсекте олар iздеген Расулуллаһ емес, Әбутәлiп ұлы Әли жатыр едi.


Пайғамбардың соңынан қуғын салу

Құрайш ұлықтары Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, күндiз өз үйiнде екенiне әбден сенiмдi едi. Пайғамбардың төсегiнде ли болғанын естiгенде оларды бұл оқиға абыржытып тастады. Зұлымдықтары iске аспай, өздерiнiң жер сипап қалғандарын бiлген ұлықтар: “Егер кiмде-кiм Мұхаммедтi тауып, оны Меккеге алып келсе, жүз түйе сыйлық берiледi”, – деп жар салды.

Бұл сыйлықтан дәмеленген кәпiрлер шарық ұрып Расулуллаһты iздеуге кiрiстi. Бiр топ қуғыншылар Пайғамбарымыз жасырынған тауға көтерiлiп, Сәуiр үңгiрiнiң аузына тақап келдi. Бiрақ үңгiр iшiне кiре алмады, өйткенi аузына өрмекшi қалың тор құрып тастаған едi. Олар мұқият қарап, өрмекшi торының сетiнемегенiне көз жеткiздi де, келген iздерiмен керi қайтты. Сөйтiп құдiретi күштi Аллаһ Та`ала қауiптiң бетiн аулаққа бұрды.
Аллаһтың Пайғамбарды қорғауы

Айнала төңiректi итше тiмiскiлеп, Расулуллаһты таба алмаған қуғыншылар ұнжырғалары түсiп үйлерiне қайтты. Бiрақ құрайш кәпiрлерi уәде еткен жүз түйеден үмiтiн үзбеген Сурака деген адам iздi дұрыс кесiп, Пайғамбардың соңына түстi. Оған құрайштың бiр адамы “үш кiсi Иасрибқа қарай беттеп бара жатқанын көрдiм” деп хабар берген болатын.

Сурака өте зор денелi, екi иығына екi кiсi мiнгендей батыр тұлғалы адам едi. Хабарды естiсiмен көп бөгелмей сауытын киiп, атын ерттеп, үшеуiнiң соңына түсiп бердi. Суыт жүрген Сурака бiраз уақыттан соң қашқындардың қарасын көрдi. Аздан соң олардың арасы жақындай түстi де, Расулуллаһты тұтқынға алатынына Сураканың күмәнi қалмады. Кенет бубәкiр қаруланған атты адамның келе жатқанын көрдi. Сураканың суыт та тосын жүрiсi жолаушыларды ерiксiз сескендiрдi. Бiрақ Расулуллаһ сыр бермей түйе үстiнде қаннен-қаперсiз отыра бердi. Ол сырттай сабырлы болғанмен, iштей Аллаһқа сыйынып, Құраннан дұға оқып келе жатты.

Іздеген жоғының үстiнен түскенiне қуанған Сурака атын тақымдап, жүрiсiн үдете түстi. Кенет оның астындағы аты сүрiнiп құлап, қайта тұрды. Мұны елең қылмаған қуғыншы атын сабалап жолаушыларды қуып жетуге асықты. Жолаушыларға таяқ тастам жер қалғанда, аты екiншi рет жығылып, төрт аяғы бiрдей жерге кiрiп кеттi. ҚаӘарға мiнiп, ашуланған Сурака қолындағы найзасын қашқындарға қарай лақтырды. Жайшылықта осындай қашықтықтан арыстанды шаншып өлтiретiн Сураканың найзасы бұл жолы нысанаға дарымай, басқа жаққа лақты. Оның бұл шалт қимылына шыдымаған аты шатқаяқтап барып құлап түстi. Атымен бiрге құлаған қуғыншының көз алды тұманданып, тұла бойы қалтырап, көңiлiне қорқыныш ендi. Бұл әрекеттерiнен түк шықпайтынын сезiп, жiгерi құм болды. Өзiнiң кенеттен мүсәпiр халге түскенiне ызаланған және Расулуллаһтың жеңiске жететiнiне күмәнi қалмаған оның көз алдынан суық елес жүгiрiп өттi. Ол атымен бiрге құлап түскенде, жолаушылар тоқтап, оған қарап тұр едi. “Мен сендерге қиянат қылмаймын, сендер де маған қиянат жасамайтындықтарың жөнiнде сенiм хат жазып, берiңдер”, – деп өтiндi ол. Расулуллаһ рихат ұлы Абдоллаға сұраған сенiмхатын жазып берудi бұйырды. Сенiмхатты алған Сурака келген iзiмен кейiн қайтты.

Меккеге оралған Сурака Расулуллаһтың соңынан қуғынға шыққалы жатқан бiр топ адамға жолықты. Ол Пайғамбарға берген уәдесiнде тұрып, қуғыншыларды басқа iзге салып, адастырып жiбердi. Бiраздан кейiн Сурака Пайғамбар мен өз арасында болған оқиғаны жұртқа жыр қылып баяндап бердi.
Пайғамбардың Құбаға жетуi

Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, келе жатқан хабарын естiген Иасриб жұрты күнде жол қарап, асыға күттi. Қаланың шыға берiс аузына жиналып, күн қызғанша күтiп отыратын болды.

Пайғамбарымыз шыжыған ыстыққа қарамай сапар шегiп, Иасрибқа екi шақырымдай жердегi Құбаға келiп жеттi. Бұл кезде дұшпандардың зұлым ниетiнен қауiптенiп, оларды ансарлардан (иасрибтықтар) құрылған бiр топ қарулы жасақ күтiп жүрген едi. Расулуллаһты бiрiншi болып солар қарсы алды.

Құбада Пайғамбарымыз Ауф ұлы мiрдiң үйiне қонақ болды. Мұнда он күндей тұрақтады. Бұл кезде мұсылмандар салған мешiт дайын болып қалған едi, халық мұны Құба мешiтi деп атады. Бұл Исламдағы тұңғыш салынған мешiт едi.




Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет