Имандылық негізі – Ислам діні. Адам (а с) өмірі

Ораза Туралы Ғибратты Әңгімелер

бет10/11
Дата09.04.2019
өлшемі365.52 Kb.
#102637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ораза Туралы Ғибратты Әңгімелер

Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?
Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Аллаһ тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені Жаратушы иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: – Аузың берік пе? – деп сұрағандарға, – Шынымды айтсам… ораза ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым да, – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым» деуге де аузы бармайтын.
Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: – Өзіңнің ауыз бекітіп, бетікпегеніңді білмейсің бе? – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен ол жай ғана күлімсірейтін…
Сабырдың шыңы
Құлшылыққа берілген нәзік жан иесі Рабиға Адауия үшін оразаның орны ерекше еді. Жиі-жиі нәпіл ораза ұстайтын. Бір жолы үйінен тіске басар ештеңе таппай, қатарынан сегіз күн бойы ораза ұстады. Аштық қатты есеңгіретіп, көзі қарауытқанда «апырым-ай, өзімді қолдан қауіпке итермелеп жатқам жоқ па» деген ой келді. Осы мезет есік қағылды. Көршісі бір табақ сорпа әкелген екен. Үй іші қараңғы болғандықтан, тамақты жерге қойды. Майшамды әкелу керек болды. Шамды әкеліп жаққанда, тамақты мысықтың төгіп қойғанын көрді. Ештеңе етпес, сумен ауыз ашармын деп ойлады. Суды енді іше бергенде, қолындағы тостағаны түсіп кетіп қақ бөлінді.
Шарасыздықпен қолын жайып: – Уа, Раббым, бейшара құлыңды сынап жатырсың-ау, бірақ әлсіреп кеттім, сабырым жетер емес, – деп аһілеп-уһіледі.
Осы сәт ғайыптан бір дауыс естілді: – Уа, Рабиға, қаласаң, жер әлемнің байлығын үстіңе жаудырайын. Қаласаң, күллі рухани дертіңді жоқ қылайын. Алайда біліп қой, бұндай дерт пен байлық бір жерде тұрмайды!
Бұны естігенде әулие:
– Уа, Раббым, бар есіл-дертім сенде ғана болсын, көңілімді басқаға бұрғызба, – деп күбірлеп дұға етті…
Екі қыздың оразасы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады:
– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын!
Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:
– Уа, Расулаллаһ! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді.
Алайда рұқсат берілмеді.
Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Өкініштісі, олар бүгін ораза ұстаған жоқ.. Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып, ғайбаттаған) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып тастасын, – деді.
Әлгі кісі айтылғандарды қыздарына айна-қатесіз жеткізді. Олар бұйрықты орындап, өздерін күштегенде кесек-кесек қан құсып жіберді. Әлгі кісі келіп бұл жайды Пайғамбарымызға білдіргенде, ол:
– Құдіреті күшті Аллаһ тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамағанда, тозақта күйдіретін от асаған болар еді, – деді.
Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де, көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ.
Ораза неге бұзылды?
Әулие құлдардың оразасы астан тыйылумен ғана шектелмеген. Олар ауыз бекіткенде бойды барлық жаман қылықтардан аулақ ұстап, рухани тазалыққа көп көңіл бөлген. Жаратушы иенің разылығын мақсат тұтқандықтан, жыл он екі айдың барлығын Рамазан айындай құрметтеп, үнемі ораза ұстаған.
Ауыз бекіткен бір күні қасындағылар үндістанның патшасын сырттай өсекке таңды. Осы сәт Дыхләуи: «Қап, оразамды бұзып алғанымды қарашы» деп өкініш білдірді.
Әулиенің бұл тосын қылығына қасындағылар «Айтылған өсек оразаны бұзатынын меңзедіңіз бе, алайда өсекті сіз емес басқалар айтқан жоқ па?» деп таңырқағанда, ол «Ғайбат – айтушыға да, тыңдаушыға да ортақ» деген хадиспен жауап берді.
Қабыл болмайтын амал

Сахабаларымен отырған бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді.

«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Аллаһ тағала жоққа санайды».
Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.): – Уа, Аллаһтың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді.
Сонда Пайғамбарымыз оған: – Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда харамға тап келгенде, Жаратушыдан қорықпайды. Міне, Аллаһ тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді.
Әбубәкір (р.а.) және ауызашар
Хазірет Әбубәкір ми қайнаған жаздың күні ораза ұстады. Кешкісін ауызашарда дастарханда бар болғаны бір тостаған су тұрды. Суық суды енді ауызға ала бере Әбубәкір (р.а.) әлдене еске түскендей еңкілдеп жылап жіберді. Өз-өзіне келгенде, қасындағылар одан неліктен жылағанын сұрады. Әбубәкір (р.а.) былай деп жауап берді:
– Бір күні пайғамбарымызбен (саллаллаһу алайһи уәсәлләммен) отырғанда, әлден уақытта қолымен бір нәрсені кері итергендей қимыл көрсетті. Жақындамақшы болған біреуді өзіне жақындатқысы келмегендей әсер берді. Сәлден кейін мен: – Уа, Аллаһтың елшісі, жаңа қолыңызбен бір нәрсені кері итеріп жаттыңыз? – деп әлгі қимылының мәнін білмек болдым.
Сонда ол: «Дүние қызылды-жасыл күйінде таяп келіп, өзін қабылдатқысы келді. Мен оны қасымнан қудым. Ол «Ант етейін, сен менен қашып құтылсаң да, сенен кейінгілер менен құтыла алмайды, қайткенде де құрығыма ілінеді» деп кетті» деп түсіндірді.
Хазірет Әбубәкір осыны айтып:
– Осы суық суды ішем деп мен де дүниеге құмартқан жоқпын ба?! – деп жыладым деді.
Әйгілі сахаба су ішкенге бола қорықса, күн сайын түрлі астан дәм татып жүрген біздерге қайткен жөн? Өлшемді ұмытып, дүниеге тым салынып кеткен жоқпыз ба?
Шілде айындағы ораза

Нөкерлерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып бір бұлақтың басында тынығуды жөн көрді.

Дастархан жайылғанда, Хажжаж «Маңайға қараңдаршы, жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе шақырыңдар, астан ауыз тисін» деді. Нөкерлер үстіне ілген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жатқан жерінен оятып ертіп келді.
Хажжаж оған: – Кел, бірге тамақтанайық, – деді.
Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж себебін сұрағанда, «Мені бұдан да артық дастархан күтіп тұр» деп жауап берді.
– Ол қандай дастархан? – дегенде, – Аллаһ тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын, – деді.
Хажжаж: – Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп ауыз бекітіп жүрсің? – деп таңырқағанда, ол:

– Иә, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы ыстықта шыдап ораза ұстап жүрмін, – деп жауап берді.

Аятқа себеп ауызашар

Пайғамбар немерелері Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Уайымдап қалған Али мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады. Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап келіп жетімдерге қиды. Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауызашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті. Үшінші күні де дәл осы жағдай қайталанып, ауыздарынан жырған асты табалдырыққа келіп көз сүзген жалынышты тұтқындарға берді.

Кейіннен осыған қатысты аят түсті:

«Олар уәдесін орындады. Ұзын әрі тоқтаусыз қиямет күнінен қорыққандықтан, өздері ұнатып іштей қалап тұрған тамақты бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. «Біз бұларды Аллаһ тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден қайтарым ретінде алғыс та ештеңе күтпейміз» деді. Осы себепті оларға Хақ тағала Тахур шарабын ішкізді» («Инсан» сүресі, 7-9, 21).

Құранда аты аталған сахаба

Құранда аты аталған жалғыз сахаба – ЗӘЙД ИБН ХАРИСА http://www.islamdini.ru/suretter/makala1/kuranda_aty_atalgan_sahaba.jpg

(Милади 575-629)

Зәйдтің дүниеге келуі

Зәйд ибн Хариса ұлты Йемендік. Кәлб руынан шыққан және Милади жыл санағы бойынша шамамен 575 жылы дүниеге келген. Толық есімі Зәйд ибн Хариса ибн Сураһил әл-Кәлби. Сахабалардың арасында Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) сүйіспеншілігіне бөленгендігі себепті әл-Хубб және ұлының есіміне сәйкес Әбу Усама деп те атала беретін. Әкесінің есімі Хариса, ал шешесі Суғда бинти Сағлаба.

Зәйдтің балалық шағы

Зәйд анасы Суғдамен бірге Бәну Мағн руында тұратын туыстарына бару үшін жолға шығады. Жолда Бәну Қайн ибн Жиср руына тиісті атты әскерлерінің шабуылына тап болады. Сол кездері шамамен сегіз жасындағы Зәйд ибн Хариса мен тағы басқалары тұтқынға түсіп қалады. Кейін тұтқындарды Меккеге алып келіп Указ жәрмеңкесінде сата бастайды. Жәрмеңкеге келген Хаким ибн Хизам да бірнеше құл сатып алып кетеді. Хаким ибн Хизам Меккеге оралғанда әкесінің қарындасы Хадиша анамызға «Қалағанын таңдап ал», - дейді. Хадиша анамыз Зәйд ибн Харисаны таңдап алады. Зәйд ибн Хариса Хадиша анамызға жәрдем етіп жүреді.

Зәйдтің жастық шағы

Зәйд ибн Харисаның жастық шағы Хадиша анамыздың жанында өтеді. Кейінірек Хадиша анамыз Зәйд ибн Харисаны Хазірет Пайғамбарымызға (с.а.у.) тұрмысқа шыққанда сыйға тартады.

Зәйдтің мұсылман болуы

Зәйд ибн Хариса алғаш мұсылман болған төрт адамның бірі. Ал құлдардың арасынан алғаш мұсылман болған Зәйд ибн Хариса болатын. Оның мұсылман болу жолындағы сапары ерекше, әрі үлгі-өнеге аларлық.

Кәлб руынан шыққан бір топ адам қажылық мезгілінде Меккеге келеді. Олар Зәйд ибн Харисаны көріп танып қалады. Зәйд ибн Хариса да оларды таниды. Жолығып жағдай сұрасады. Кәлб руының адамдары елдеріне оралғанда Зәйд ибн Харисаның тұратын жерін әке-шешесіне баяндап береді. Көптеген жылдардан бері ұлдарын іздеумен келе жатқан Зәйд ибн Харисаның әке-шешесі бір қуанып қалады.

Зәйдтің әкесі Хариса және көкесі Кағб қолдарына сыйақы алып Меккеге келеді. Хазірет Пайғамбарымызды тауып алып: «Ей, Абдулмутталибтің ұлы! Ей, осы ру көсемінің ұлы! Сендер осы харам мекенінің тұрғынысыңдар, құлдарды азат етіп тұтқындарды тамақтандырасыңдар. Қарамағыңдағы ұлымыз үшін келдік. Бізге бір жақсылық жасағайсың, саған артығымен сыйақы берейік», - дейді.

Әкесінің сөздерін есітіп жүрегі сыздаған Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйд ибн Харисаны қасына шақыртады. Зәйд келгенде мына адамдарды танисың ба деп сұрайды. Зәйд бірі әкем, ал бірі көкем дейді.

Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хариса мен Кағбқа: «Сіздерден сыйақы алмаймын. Таңдау еркін Зәйдке берейік. Зәйдтің сіздермен оралып оралмауын өзі шешсе сіздер разы боласыздар ма?» - дейді. Хариса мен Кағб бұған келісеміз дейді. Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйдке: «Қаласаң олармен бірге үйіңе орал, қаласаң менің жанымда қал», - деп таңдау еркін береді. Сол сәтте-ақ әкесі Хариса мен Кағб қуана бастайды. Алайда, Зәйд еш ойланбастан Хазірет Пайғамбардың жанында қалатынын айтады.

Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйдті ертіп Хижр деген жерге барады. Онда халыққа: «Куә болыңдар! Зәйд менің ұлым. Ол менің, мен де оның мирасқорымын», - деп жар салады. Хариса мен Кағб болған оқиғаны көріп таң болады. Бірақ ұлы Зәйдтің жақсы адамның қарамағында қалғанына көңілдері толып кері оралады.

Осылайша біреуді бала етіп алу Исламнан бұрын араб халқының әдет-ғұрпы болып есептелетін. Бұл жолмен бала асырап алуға «табанни» деп атайды. Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) Хижрадағы сөздерінен кейін жұрт Зәйдті Зәйд ибн Мухаммад деп атайтын болды. Бірақ, кейіннен Аллаһ Тағала бұл іске тыйым салады.

«Оларды әкелерінің есімдерімен атаңдар. Бұл Аллаһтың құзырында дұрысырақ болмақ. Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар сендердің дін бауырларың және жолдастарың. Ол жөнінде қателесер болсаңдар сендерге күнә жоқ. Бірақ жүректерің біле тұра жасасаңдар бұл бөлек. Аллаһ өте жарылқаушы, тым мейірімді» (Ахзаб сүресі, 5-аят).

«Мұхаммед сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың соңғысы. Аллаһ әрбір нәрсені толық білуші» (Ахзаб сүресі, 40-аят).

Осы аяттардан кейін мұсылмандар Зәйдті қайтадан Зәйд ибн Хариса деп атайтын болды.

Зәйдтің атқарған қызметтері

Зәйд мұсылман болған күннен бастап Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанында болды. Онымен сапарда да бірге жүрді. Мәселен, Тайфта Пайғамбарымыз (с.а.у.) халықты Ислам дініне шақырады. Ешкім тыңдамай тас боратып қаладан қуып шығады. Сол кезде жанында болған Зәйд атылған тастарға денесімен тосқауыл жасап Пайғамбарымызды қорғайды. Зәйдтің сол күні басы жарылып, басқа да көптеген жарақаттар алады.

Зәйд Пайғамбарымыздың қатысқан және қатыса алмай әскер жолдаған шайқастардың барлығына қатысады. Ал кей шайқастарда әскерді де басқарған. Тек қана Мурайси шайқасына қатыса алмаған. Өйткені, Пайғамбарымыз Зәйдті өз орнына өкіл етіп Мәдинаға басшы етіп қалдырған болатын.

Зәйдтің тұлғалық ерекшелігі

Зәйд қысқа бойлы, сары реңді және қыр мұрынды. Аллаһқа және Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігі өте мол адам болатын. Сабырлы, парасатты және басқару қабілеті ерекше жоғары болатын.

Өмірінде бес мәрте үйленген. Алдымен Зейнеб бинти Жахшпен үйленеді. Кейін Умму Кулсум бинти Уқбамен үйленеді. Кейін Дурра бинти Ләһәбпен үйленеді. Кейін Зубайр ибн Ғаууамның бауыры Һинд бинти Ғаууаммен үйленеді. Соңында Пайғамбарымыздың балдызы, әрі күңі Умму Айманмен үйленеді. Атақты жас сахабалардың бірі Усама осы неке саясында дүниеге келеді.

Зәйдтің қайтыс болуы

Зәйд өзі қатысып басшылық еткен соңғы соғысында шейіт болады. Бусра әміршісіне Пайғамбарымыз Харис ибн Умайрды елші етіп жіберген болатын. Алайда Бусра әміршісі Харис ибн Умайрды қастықпен өлтіреді. Хазірет Пайғамбар әскер жасақтап оларға қарсы шабуыл жолдайды.

Сапарға аттанғалы тұрған үш мың сахабасына Хазірет Пайғамбарымыз: «Сендерге Зәйдті басшы етіп тағайындадым. Ол шейіт болар болса орнына Жағфар ибн Әби Талиб өтсін. Ол да шейіт болатын болса орнына Абдуллаһ ибн Рауаха өтсін. Ол да шейіт болса өздерің ақылдасып лайықты деп тақан адамды басшы етіп алыңдар», - дейді.

Мәдинада қалған сахабалардың жүзін мұң қаптайды. Өйткені бұл сөздер үш сахабаның да шейіт болатындығын меңзеп тұрды. Ислам сарбаздары Сирияның Мута деп аталатын ауылында дұшпандардың қалың қолына тап болады. Шайқас басталып үш басшы да шейіт болады. Сахабалар өзара ақылдасып халид ибн Уәлидті басшы етіп таңдайды. Ислам сарбаздары өжеттілік танытып Мәдинаға аман-есен оралады.

Осылайша елу жылдан астам өмірін тамамдаған Зәйд Милади 629 жылы шейіттік мәртебесіне жетіп жан тапсырады.

Хазірет Пайғамбарымыз үш бірдей ардақты шейіт сахабалары үшін Аллаһтан кешірім мен мейір-шапағат тілеп, Жаратқан Раббысына жалбарынады. Сүйікті елшісінің дұғасын қабыл алған Аллаһ Пайғамбарымызға үшеуінің де жәннатқа кіргенін хабар береді.

Аллаһ барша сахабалардан разы болғай! Ақырет күнінде біздерді де олардың қатарына алғай!

Құранда аты аталған сахаба

Құранда аты аталған жалғыз сахаба – ЗӘЙД ИБН ХАРИСА 

(Милади 575-629)

Зәйдтің дүниеге келуі

Зәйд ибн Хариса ұлты Йемендік. Кәлб руынан шыққан және Милади жыл санағы бойынша шамамен 575 жылы дүниеге келген. Толық есімі Зәйд ибн Хариса ибн Сураһил әл-Кәлби. Сахабалардың арасында Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) сүйіспеншілігіне бөленгендігі себепті әл-Хубб және ұлының есіміне сәйкес Әбу Усама деп те атала беретін. Әкесінің есімі Хариса, ал шешесі Суғда бинти Сағлаба.http://www.islamdini.ru/suretter/makala1/kuranda_aty_atalgan_sahaba.jpg

Айша Әбу Бәкірқызы

"Егер өз дәуірінің бүкіл ғалымдары мен Пайғамбарымыздың басқа жұбайларының ілімдерін бір жерге топтаса, хазірет Айшаның ілімі асып түсер еді".

(Имам Зуһри)

Ислам тарихында Аллаһ расулының (с.а.с.) пәк, сүйікті әйелі, "мүминдердің анасы" әрі Әбу Бәкір әс-Сыддықтың қызы Айшаның маңызды орны бар.

Аса ақылды, мінез-құлқы көркем, пәктігін тақуалықпен ұштастыра білген мүминдердің анасы - Айша фиқһ, хадис, Құран тәпсирі ілімдерін де жетік меңгерумен ерекшеленді.

Хазірет Айша өмірінде пұттарға табынбаған, асыл текті, Меккенің беделді, ықпалды әрі білгір адамы Әбу Бәкірдің отбасында дүниеге келді. Әкесі қараңғылық дәуірінің өзінде бір құдайға сенген (тәухид) һаниф дінін ұстанса, анасы Үмму Румман Пайғамбарымыздың хақ дініне жүрегімен сенген алғашқы мұсылмандардың бірі еді. Болмысынан ақылына көркі сай, болашақ "мүминдердің анасы" Айша осындай тәрбиелі де иманды отбасында тәрбиеленді.

Хадиша анамыз қайтыс болған "қаралы жылда" Осман ибн Мазғұнның әйелі Хәула Пайғамбарымызға келіп Айшамен некелесуін ұсынды. Пайғамбарымыз оның ұсынысын қабылдап, оны бұл істе өзіне уәкіл етіп тағайындады.

Хәула Айшаның әке-шешесіне бұл қуанышты хабарды жеткізгенде, олар қатты толқиды. Әбу Бәкірдің жан дегенде жақын досы ендігі жерде онымен туысқан болатын болды. Ол үшін Аллаһ расулымен (с.а.с.) туысқан болу - дүниедегі таптырмас бақыт еді.

Ол кезде хазірет Айша әлі алты жасар кішкентай қыз еді. Сондықтан да үш жылдай олардың некесі қиылмай, Айша анамыз әке-шешесінің қолында болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға ірге аударғаннан кейін ғана Айша анамызбен некесі қиылды. Ол кезде хазірет - Айша тоғыз жаста. Тарихшылар оның некелескен кезіндегі жасы жайлы әр түрлі пікірлер айтқан. Кейбіреулері сол кезде ол он бір жаста десе, кейбіреулері Айша анамыздың он алтыда болғандығын алға тартады[1].

Осы арада мына жайтты да еске сала кеткен жөн. Ол кездері, яғни, мың төрт жүз жыл бұрын арабтардың салттары бойынша, қыз бала тоғыз немесе онға толған кезде ұзатыла беретін. Қыз он немесе он екі жаста ұзатылмаса, отырып қалған болып саналатын. Әрі ыстық жерлерде қыз балалардың ерте бойжететінін де естен шығармау керек.

Пайғамбарымыздың оның тоғызға толғанын күтіп, содан кейін ғана қасына алуы, әке-шешесінің де бұған еш қарсылық көрсетпеуі, сол кездегі үйреншікті жайт екенін көрсетеді.

Әлемдерге рақым етіп жіберілген Пайғамбарымыз жас жұбайы Айшаны (р.а.) ерекше жақсы көретін. Бір ретінде одан: "Әйелдердің ішінде ең жақсы көретініңіз кім?", - деп сұрағанда, ол "Айша", - деген болатын. "Ал ер кісілердің арасында кімді?", - деп сұрағанда, - "Оның әкесін", - деп айтқан болатын[2].

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған сүйіспеншілігін "Хумәйра" деп лақаб ат қойып білдірген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) хазірет Айша туралы: "Дініңіздің жартысын осы Хумәйрадан үйреніңіздер" деген[3].

Мүминдердің анасы Айша (р.а.) Мәдина кезеңінде болған шайқастарға қатысып, Пайғамбарымыздың басқа жұбайлары сияқты ол да жарақаттанғандардың жарасын таңып, азық-су тасумен болды. Пайғамбарымыз қайда жүрсе де қасынан қалмады. Ұхұт шайқасында қолына қару алып, жауға қылыш сермеп, ұрыс салмақшы болғанда, Расулаллаһ (с.а.с.) оған рұқсат бермей қояды.

Айша анамыз Пайғамбарымыздың жүрегіндегі басқа әйелдерінен өзінің артықшылығын:

"Расулаллаһтың жұбайларының арасында менен басқа оған қыздай тұрмысқа шыққан ешкім жоқ";

"Расулаллаһтың әйелдерінің ішінде тек менің қасымда уаһи келді";

"Менен басқа ешқайсысының әкесі мен шешесі екеуі бірдей һижрет еткен емес";

"Аллаһ тағала менің пәк екенімді айтып, Құранда аят түсірді";

"Аллаһ расулы жан тәсілім етерде, оның мүбәрак басы менің кеудемде сүйеулі еді";

"Ол менің бөлмемде қайтыс болып, сол жерде жерленді", - деу арқылы білдіріп, Аллаһқа шүкір ететін [4].

Пайғамбарымыз өте мейірімді, жанашыр, кішіпейіл болатын. Айша анамыздың айтқанындай, үй тірліктерінде жұбайларына көмектесетін, тіпті киімдерін де өзі жамайтын[5]. Әлдебір әйел Айша анамыздан Пайғамбарымыздың үйде болған кездегі жағдайы жайлы сұрағанда: "Ол да сендердің күйеулерің сияқты кісі еді, бірақ адамдардың ішіндегі ең жұмсағы әрі мейірімдісі, маңайындағыларға үнемі күлімсіреп қарайтын", - деген еді[6].

Айша анамыз құлшылық пен тақуалыққа айрықша мән беретін. Күндерінің көбісін ораза ұстап өткізетін. Аз нәрсеге қанағат ететін. Қолындағы барын кедей-кепшікке таратып беретін. Тіпті өз үйін сатып мұқтаж адамдарға садақа еткен дейді.

Хазірет Айша жетім балаларды алып, тәрбиелеп өсіріп, ер жеткенде ұлын ұяға, қызын қияға қондыруды өзіне парыз деп санайтын[7].

Мүминдердің анасы Айша (р.а.) Аллаһ расулымен (с.а.с.) бірге түнгі тәһәжжуд намаздарын үзбей оқитын. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін де бұл ғибадатын жалғастырды.

Айша анамыз дін жолында барлық ауыртпалықтарды көтеруге өз еркімен көніп, бұл өткінші дүниенің бақытынан гөрі бақилық өмірдің бақытын артық санады. Аллаһ расулының көрген қиындықтарын бөлісуге шын пейілімен разы болды. Өмірдің ләззаттарынан қағылдым-ау деп қабақ шытқан емес. Өйткені мүминдердің басқа да аналары сияқты хазірет Айшаға Аллаһ расулымен бірге болудан асқан бақыт жоқ еді.

Пайғамбарымыз бақиға аттанғаннан кейін Айша анамызды барша мұсылман қауымы төбелеріне көтере құрметтеп, білмегендерін одан келіп сұрайтын. Оның үйі еркек-әйел, жас-кәрінің ілім үйренетін қасиетті ордасына айналды. Қызының бойындағы бұл ақылдылығын мақтан еткен әкесі Әбу Бәкір хал үстінде жатқан кезде, "О, қызым! Артымды қалдырып бара жатқан ең сүйкімді байлығымсың. Сені жоғалтып алудан асқан қасірет бар ма екен?!" - деп елжіреген көрінеді[8].

Әбу Бәкір Сыддық Айшаны (р.а.) өзі тәрбиелеп, өсірді. Жастайынан оқу-жазуды үйренді. Айша өте зерек, әрі білімге деген қабілеті елден ерек, естігенін бірден қағып алып, оңайлықпен ұмытпайтын.

Сүйікті елші Мұхаммедпен (с.а.с.) тоғыз жыл бірге отасқан Айша анамыздың отау құрып, көңіл қосуының ең басты хикметі: Исламды терең үйреніп, кейінгілерге жеткізуінде жатыр. Діни үкімдердің көпшілігін, әсіресе, кез келген адамның біле бермейтін, отбасына қатысты мәселелерді ең жақсы білген де Айша анамыз еді. Жас болуы әрі алғырлығы аз уақыттың ішінде Пайғамбарымыздан талай нәрсе үйренуіне оған көп көмектесті.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін талас тудырған кейбір даулы мәселелерде сахабалар Хазірет Айшаның төрелігіне жүгінетін. Хадис, фиқһ және діни мәселелерде мұсылмандардың қойған сұрақтарына дәлелді дұрыс жауап беруімен ерекшеленді.

Ғалым сахабалардың бірі Әбу Мұса әл-Әш'ари оның хадис іліміндегі дәрежесі жайлы: "Біз, пайғамбардың сахабалары бір хадистің сырын ұға алмағанда хазірет Айшадан сұрайтынбыз. Хазірет Айшаның міндетті түрде ол хадис жайлы мәліметі бар болатын", - деп атап көрсеткен[9].

Айша анамыз 2210 хадис риуаят ету арқылы ең көп хадис риуаят еткен сахабалардың арасынан ойып тұрып орын алды. Үлкен, білгір сахабалардың өзі Пайғамбарымыздың жеке басына қатысты мәліметтерді одан сұрап, үйренетін. Сахабалармен діни мәселелерде пікір таластырып, келтірген айқын дәлелдерімен оларға өзінің пікірін мойындата білетін[10].

Имам Зуһри ол жайлы: "Егер өз дәуірінің бүкіл ғалымдары мен Пайғамбарымыздың басқа жұбайларының ілімдерін бір жерге топтаса, бәрінен хазірет Айшаның ілімі асып түсер еді", - деп ілімінің дәрежесін көрсеткен-ді.

Білгір де дана хазірет Айша хадис және фиқһ саласында көптеген шәкірт тәрбиелеп шығарды. Оның ілімінен нәр алып аттары мәшһүр болған Айша бинт Талха, Әмрә ибн Абдуррахман және Хафса бинт Сирин сияқты әйелдер бар.

Хазірет Айшадан табиун ғалымдарының Саид ибн Мусәииб, Әлқәма ибн Қайс және Мәсрук ибн әл-Әждә сияқты хадис алыптары хадис риуаят еткен. Сахих хадис кітаптарында хазірет Айшаның берген пәтуалары өте көп кездеседі. Бұл Айша анамыздың Ислам тарихындағы айрықша тұлға бола білгендігін көрсетеді.

Хадис, фиқһ ілімдерін жақсы білумен қатар өлең және әдебиет саласында да мықты майталман еді. Әрі сахабалардың арасында сөзге шешендігімен де ерекшеленді.

Пайғамбардың жұбайы болумен қатар шынайы иман келтіруімен де кейінгі мұсылман әйелдері үлгі аларлықтай мағыналы ғұмыр кешкен Айша (р.а.) халифа Муғауияның тұсында, хижраның елу сегізінші жылының Рамазан айында бақилық өмірге көшті.

Оның өлімі мұсылмандардың қабырғасын қайыстырды. Жаназасына қарақұрым халық көп жиналды. Жаназасын өзі секілді ең көп хадис риуаят еткен хазірет Әбу Һурәйра шығарып, сүйегі өз өсиеті бойынша, Бақи зиратына қойылды.

Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет