Имандылық негізі – Ислам діні. Адам (а с) өмірі



бет1/11
Дата09.04.2019
өлшемі365.52 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Имандылық негізіИслам діні.

Адам (а.с) өмірі

Ислам тарихы өзалдына үлкен бір ғылым. Ол әлемдердің жаратылуы мен оның хикметтерінен тартып пайғамбарлардың және олардың қауымдарының тарихынан терең сыр шертеді.

Бұл әлемдер жаратылып, біздің Адам атамыз жер бетіне түсірілгеніне дейін, оның алдында алты түрлі адам қауымдары өмір сүрді. Олар біздің Адам атамыздың ұрпақтарына ешқандай қатысы болмағандықтан, олардың тарихы туралы біздерге терең мәлімет берілген емес. Ал енді, біздің Адам атамыз жер бетіне түсірілгелі бері оның ұрпағынан 124000 пайғамбар шықты. Олардың дәрежелері, атқарған міндеттері түрліше болды. Соған қарай олардың кейбіреулері туралы иләһи кітаптарда хабар берілген болса, кейбіреулері туралы мәлімет берілмеген.

Құранда есімдері аталған пайғамбарлардың ұзын саны 25. Олар: 1. Адам (а.с). 2. Идрис (а.с). 3. Нух (а.с). 4. Худ (а.с). 5. Салих (а.с). 6. Ибраһим (а.с). 7. Лут (а.с). 8. Исмаил (а.с). 9. Исхақ (а.с). 10. Яқуб (а.с). 11. Юсуф (а.с). 12. Шуайб (а.с). 13. Айюб (а.с). 14. Зулкифл (а.с). 15. Мұса (а.с). 16. Һарун (а.с). 17. Дауід (а.с). 18. Сүлеймен (а.с). 19. Иляс (а.с). 20. Әляса (а.с). 21. Юнус (а.с). 22. Закария (а.с). 23. Яхя (а.с). 24. Иса (а.с). 25. Мұхаммед (с.ғ.с.).


Бұл пайғамбарлардың тарихы Адам атаның (а.с.) тарихынан бастау алады.
Ислам тарихы

Адам ата тарихы
Аса мейірімді, өте рақымшыл Аллаһтың атымен (бастаймын).
) هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُمْ مِّن طِينٍ ثُمَّ قَضَىۤ أَجَلاً وَأَجَلٌ مُّسمًّى عِندَهُ ثُمَّ أَنتُمْ تَمْتَرُونَ )*(2) Ол - сондай (аса құдіретті) Алла, сендерді (сендердің атаң - Адамды жер жүзінің түрлі жерінен алынған топырақтардан тұратын) балшықтан жаратты.** Сонан соң, ажалды (әрбір жан-жануардың өлім мезгілін) белгіледі (сондықтан, әрбір жанның ажалы Ол белгілеген тағдырға байланысты). Сондай-ақ, белгілі мерзім (қыяметтің басталатын уақыты) де Оның құзырында (қыяметтің қашан басталатынын Одан өзге ешкім білмейді). (Ей, кәпірлер, осындай ашық дәлелдер келгеннен) кейін (де) сендер (шайтанға еріп) күдіктеніп тұрсыңдар.

Түсінік: Алла тағала алдымен Адам атамызды жаратты. Міне сол атамыздан бері қарай оның ұрпақтары тарады. Сондықтан, «сендерді балшықтан жаратты» дегендегі әңгіме негізінде Адам атамыз туралы айтылған. Мұнда Адамды деудің орнына "сендерді" дегеннің хикметі туралы ғұламалар былай деген: Құранда зікір етілген «Адам» негізінде бүкіл адамзатты «тамсил» етеді, яғни, мысалдап бейнелейді. Демек, Адамның (а.с.) жаратылуы да, оның қиссасы да оның тек бір өзіне ғана емес, барша адамзаттың мінезіне, табиғатына қатысты ғибрат болатын оқиғалардың жиынтығынан тұрады. «Нұх» сүресінің 17-18- аяттарында:

«Алла сендерді (адамзатты) жерден өндірді (жаратты). Сосын сендерді (қайтыс болғандарыңда) оған (жерге) қайтарады, (сөйтіп, қыямет күні) сендерді қайта шығарады» деді. Осыған байланысты адамзаттың бүкіл өмірі осы жер мен оның топырағына байланысты.

Алла тағала Адамнан (а.с.) тарайтын барша ұрпақтың ажал мезгілін белгіледі. Әрбір пенденің ажал сағаты міндетті түрде Ол белгілеген мезгілге байланысты болмақ. Демек, пендені бұл дүниеге қай кезде келтіру де, кетіру де тек қана Аллаһтың еркінде. Сондай-ақ, пенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу Бәрза Әл-әсләми (р.а.) келтірген риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):


2341 حَدَّثَنَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ أَخْبَرَنَا الْأَسْوَدُ بْنُ عَامِرٍ حَدَّثَنَا أَبُو بَكْرِ بْنُ عَيَّاشٍ عَنِ الْأَعْمَشِ عَنْ سَعِيدِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ جُرَيْجٍ عَنْ أَبِي بَرْزَةَ الْأَسْلَمِيِّ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَا تَزُولُ قَدَمَا عَبْدٍ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يُسْأَلَ عَنْ عُمُرِهِ فِيمَا أَفْنَاهُ وَعَنْ عِلْمِهِ فِيمَ فَعَلَ وَعَنْ مَالِهِ مِنْ أَيْنَ اكْتَسَبَهُ وَفِيمَ أَنْفَقَهُ وَعَنْ جِسْمِهِ فِيمَ أَبْلَاهُ قَالَ هَذَا حَدِيثٌ حَسَنٌ صَحِيحٌ وَسَعِيدُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ جُرَيْجٍ هُوَ بَصْرِيٌّ وَهُوَ مَوْلَى أَبِي بَرْزَةَ وَأَبُو بَرْزَةَ اسْمُهُ نَضْلَةُ بْنُ عُبَيْدٍ * (سنن التِّرمِذِي(
«Қыямет күні пенденің өмірінде не істегендері, өз ілімін қалай жұмсағаны, мал-дүниесін қайдан тапқаны және қай нәрсеге жұм-сағаны туралы сұралмай тұрып, оның қадамы бір тынбайды» деді.
Хадисте айтылғандай, адам баласы өз өмірін қалай өткізгені, не істегені, өз білімін қалай жұмсағаны, мал-дүниесін қайдан тапқаны және қайда жұмсағаны (яғни, жақсылыққа жұмсады ма, әлде жамандыққа ма) туралы ақырет күні міндетті түрде сұрауға тартылады. Сондай-ақ, осы айтылған ақырет күні мен Адам атаның о бастағы балшықтан жаратылған күнінен бері қарайғы адамзат тағдыры бүкілдей құдіретті Аллаһтың қолында екенін жақсы білуіміз керек. Біздің әрбір қимылымыздан бастап ойлағанымызға дейін түгел Аллаһтың әу баста жазып қойған тағдыры бойынша болады. Алла тағала о баста Адам атамызға қандай қасиеттер берген болса, оның ұрпақтары міндетті түрде оның мұрагері болады.

Құранның бірнеше аяттарында баяндалғандай, Адам ата өздігінен Аллаһтың әміріне қарсы келмейді, сондай-ақ, ол өздігінен күнә жасауға да әрекет етпейді. Бірақ, сұм шайтан оны азғыра бастағанда, алданып, оған сеніп күнәлі істерді істеп, өзіне зұлымдық етеді. Сондықтан, одан тараған ұрпақ та өз өмірінде дәл сондай жағдайларды басынан кешіреді.


آدم أبو البشر، خلقه الله بيده وعلمه الأسماء وأسجد له الملائكة وخلق له زوجته وأسكنهما الجنة وجعله خليفته في الأرض، وهو رسول الله إلى أبنائه وهو أول الأنبياء.
Адам (а.с.) жалпы адамзаттың атасы және жер бетіне түсірілген бірінші пайғамбар. Алла тағала оны өз қолымен жаратты, сөйтіп оған әлемдегі барлық нәрсенің аттарын үйретті. Жұбайымен бірге жұмақта өмір сүруге рұқсат берді. Және оны жерге халифа қылды. Оның пайғамбар болғандығы туралы Құранда тікелей айтылмаған болса да, Алла тағаланың оған дәнекерсіз сөйлегені, кейбір істерге бұйырып, кейбірінен қайтарғаны және оған кейбір нәрселерді адал етіп, кейбірін арам еткені жайлы Құранда баяндалған. Осының өзі-ақ Адам атаның пайғамбар болғандығына жеткілікті дәлел. Адам сөзі Құран аяттарында 20 рет тілге алынып, ол туралы қиссалар он шақты сүренің 78 аятында баяндалған.

Ал, енді Адам (а.с.) жайлы риуаят етілген хадистерге тоқталатын болсақ, оның пайғамбар болғаны анық айтылған. Хазреті Әбу Зәр (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Жер бетіне түсірілген ең алғашқы пайғамбар кім?»- деп сўрағанында, Расулулла (с.ғ.с.): «Бірінші мурсал (жер бетіне жіберілген) пайғамбар Адам (а.с.). Алла оны өз қолымен жасады, оның денесіне рух кіргізді, сөйтіп, оны көркем адам етіп жаратты» деді.

Біз мұнда жер бетіне түсірілген пайғамбарлардың алғашқысы Адам (а.с.) дегенімізбен, негізінде пайғамбарлық ең алдымен Мұхаммедке (с.ғ.с.) берілген. Бірақ, ол жер бетіне Адамнан (а.с.) кейін келді. Бұған хазреті Тирмизи риуаят еткен мына хадисте Әбу Һүрайра (р.а.) былай деген: «Сахабалар: «Сізге пайғамбарлық қашан берілді»? деп сұрағандарында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамның (а.с.) денесі әлі су мен топырақ күйінде жатқан кезде»- деп жауап берген.

Ал, Аллаһпен дәнекерсіз сөйлескен ең алғашқы пайғамбар - Адам (а.с.). Бұл жайлы хадисті хазрет Әбу Зәр (р.а.) риуаят еткен. Ол: «Мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Ей, Аллаһтың Расулы, Адам (а.с.) пайғамбар еді ме?»- деп сўрағанымда, ол: «Әлбетте, Адам (а.с.) Аллаһпен дәнекерсіз сөйлескен, ең бірінші (алғашқы) пайғамбар» - деп жауап берді» деген.

Кейбір риуаяттарда, Адамға (а.с.) өлімтік, шошқа еті, малдың бауызынан шыққан қан, өзгелердің малын тартыб алып жеу сияқты нәрселер арам етілгені туралы нұсқаулар жазылған жиырма бір парақ кітап түсірілгені айтылған. Ал, басқа бір риуаятта оған он парақ кітап түсіріліп, онда Аллаһқа иман келтіру, бұйрықтарын орындау, тиым салған нәрселерден тиылу туралы үкімдер жазылғаны айтылған.

Жалпы иләһи кітаптардың парақ күйіндегілер мен түптеп кітап хәліне келтірілгендерін қосқанда жалпы саны бір жүз төрт. Олардың төртеуі кітап сияқты қомақты болып түсірілген (яғни, түсірілген соң кітап түріне келтірілген). Жүзі «Сухуф», яғни, жинақталмай парақ түрінде қалған. Оның он парағы Адамға (а.с.), елу парағы Шиске (а.с.), отыз парағы Идриске (а.с.) және он парағы Ибраһимге (а.с.) түсірілген. Ал, жинақталған кітаптардан Таурат Мұсаға (а.с.), Забур Дәуітке (а.с.), Інжіл Исаға, Құран пайғамбарымыз Мұхаммедке (а.с.) берілген. Бұлардың баршасын Алла Тағаланың иләһи кітаптары деп білеміз. Олардың ішіндегі бір аяты түгіл, бір әрпін де жоққа шығаруға болмайды (мұнда Құраннан басқаарының түсірілген шағыңдағы әлі бұрмалауға ұшырамаған аяттары жайлы айтылады).

Адамның (а.с.) жаратылуы: Ол жұма күні жаратылған. Бұған «Сүнән Әт-тирмизи» кітабында Әбу Һүрайра (р.а.) келтірген мына хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
حَدَّثَنَا قُتَيْبَةُ حَدَّثَنَا الْمُغِيرَةُ بْنُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ عَنْ أَبِي الزِّنَادِ عَنِ الْأَعْرَجِ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ خَيْرُ يَوْمٍ طَلَعَتْ فِيهِ الشَّمْسُ يَوْمُ الْجُمُعَةِ فِيهِ خُلِقَ آدَمُ وَفِيهِ أُدْخِلَ الْجَنَّةَ وَفِيهِ أُخْرِجَ مِنْهَا وَلَا تَقُومُ السَّاعَةُ إِلَّا فِي يَوْمِ الْجُمُعَةِ قَالَ وَفِي الْبَاب عَنْ أَبِي لُبَابَةَ وَسَلْمَانَ وَأَبِي ذَرٍّ وَسَعْدِ بْنِ عُبَادَةَ وَأَوْسِ بْنِ أَوْسٍ قَالَ أَبو عِيسَى حَدِيثُ أَبِي هُرَيْرَةَ حَدِيثٌ حَسَنٌ صَحِيحٌ * (سنن التِّرمِذِي(
«Жарық әлемдегі күндердің қайырлысы (көркемі) – жұма күні. Ол күні Адам (а.с.) жаратылған және ол күні жұмаққа кіргізілген, сондай-ақ, ол күні жұмақтан шығарылған. Қиямет те жұма күні қайым болады (басталады)» деді.

Хадистегі Адам (а.с.) жұма күні жаратылды дегенде оның денесіне рух (жан) берілген күн айтылған. Адам (а.с) анадан туылған жоқ. Өйткені, одан бұрын мүлдем адамзат атаулы болған емес. Қадір Алла оның денесін жер бетінің түрлі аумағынан алынған топырақтан жаратты. Бұл жайлы «Әлі Имран» сүресінің 59-ші аятында былай деген:


} إِنَّ مَثَلَ عِيسَىٰ عِندَ ٱللَّهِ كَمَثَلِ آدَمَ خَلَقَهُ مِن تُرَابٍ ثِمَّ قَالَ لَهُ كُن فَيَكُونُ .{
«Шындығында, (әкесіз туылған) Исаның мысалы Алла қасында (мүлдем әкесі де шешесі де болмаған) Адамның мысалына ұқсас. Оны топырақтан жаратып, сонан соң оған "бол" деді, бітті, (ол) бола салды».

Түсінік: Аяттың мағынасынан мәлім болғанындай, Адам атаның әкесі де, анасы да болған емес. Құдіретті Алла оны топырақтан жаратты. Ол топырақты Аллаһтың әміріне сай, періште жер бетінен әкелген. Оқиғаның қалай болғаны жайлы «Құртұби» тәпсіріндегі риуаятта Ибн Масғуд (р.а.):


السدي عن أبي مالك وعن أبي صالح عن أبن عباس وعن مرة الهمداني عن أبن مسعود في قصة خلق آدم عليه السلام قال فبعث الله جبريل عليه السلام إلى الأرض ليأتيه بطين منها فقالت الأرض أعوذ بالله منك أن تنقص مني أو تشينني فرجع ولم يأخذ وقال يارب إنها عاذت بك فأعذتها فبعث ميكائيل فعاذت منه فأعاذها فرجع فقال كما قال جبريل فبعث ملك الموت فعاذت منه فقال وأنا أعوذ بالله أن أرجع ولم أنفذ أمره فأخذ من وجه الأرض وخلط ولم يأخذ من مكان واحد وأخذ من تربة حمراء وبيضاء وسوداء فلذلك خرج بنو آدم مختلفين ولذلك سمى آدم لأنه أخذ من أديم الأرض فصعد به فقال الله تعالى له أما رحمت الأرض حين تضرعت إليك فقال رأيت التابعين أوجب من قولها فقال أنت تصلح لقبض أرواح ولده ) تفسير القرطبي (
Алла тағала Жәбірейілді (а.с.) топырақ алып келу үшін жерге жіберді. Жер: «Мен Аллаһқа сиынып, сенің маған нұқсан келтіруіңнен сақтауын тілеймін»- деп Жәбірейілге (а.с.) топырақ бермеді. Сөйтіп, Жәбірейіл (а.с.) топырақ ала алмай қайтып келіп: «Я, Раббым, ол (жер) саған сиынып жалбарынды, сондықтан бос қайттым» деді. Сосын Алла жерге Микаилді (а.с.) жіберді. Жер Жәбірейілге (а.с.) не айтқан болса Микаилға (а.с.) да дәл соны айтты. Сөйтіп, ол да топырақ ала алмай қайтып келді де, Аллаһқа Жәбірейіл (а.с.) не айтқан болса ол да, дәл солай деді. Одан соң Алла өлім періштесін - Әзірейілді (а.с.) жіберді. Жер оған да топырақ бермей: («Мен Аллаһқа сиынып, сенің маған нұқсан келтіруіңнен сақтауын тілеймін»- деп) Аллаһтан пана сұрады. Сонда Әзірейіл (а.с.): "Мен де Оның әмірін орындамай, қайта оралудан (сақтай-гөр деп) Аллаһтан пана тілеймін» -деп, жер бетінің түрлі жерінен қызыл, ақ, қара топырақ алып, араластырып Аллаһқа алып келді. Сондықтан, адамзат баласының түсі де осы топырақтың түсі сияқты түрлі-түсті келеді. Яғни, біреу қызыл, біреу ақ, қара түсті. Осы сияқты олардың мінездері де, қабілеттері де түрліше болып келеді. Адам (а.с.) жаратылған топырақ "Әдимнен", яғни, жердің беткі қабатынан алынғандықтан «Ә′дәм» (жер қабығынан алынған) деп аталған. Құранда келген бұл сөз біздің тіліміздің өзіндік ерекшелігіне сай «Адам» деп тілімізге енген.

Айтып өткеніміздей, алғашқы барған екі періштеге жер топырақ бермеді, Әзірейілге (а.с.) де солай етпекші еді, ол ай-шайға қарамай Аллаһтың әмірін орындауға кірісті, зорлық қылып жерден топырақты тартып алып келгенде, Алла оған: «Жер маған сиынды. Сонда Мен оған рахмет еттім, енді сенің адамзат баласының рухын қабыз етуің (жанын алуың) міндетің болады, сен оған сай келесің» деді. Осыдан соң Әзірейіл (а.с.) «Өлім періштесі» деп те аталатын болған.

Адам организмінің химиялық құрамы түгел жер жынысын құрайтын элементтерден тұратындықтан өлген адамның денесі шіріп, түгелдей топырақпен араласып кетеді. Тіршілікте адам өзіне қажет азықты жерде өнетін (өсетін) заттардан алады.

Алла тағала Әзірейіл (а.с.) әкелген топыраққа су қосып, араластырып, жабысқақ балшық кұйіне келтііп, пісіріп «салсал» (керамика) хәліне жеткенінше тастап қойды. Адамның балшықтан жаратылғаны «Сад» сүресінің 71-72-ші аяттарында да айтылған. Онда Алла тағала періштелерге былай деп бұйырған:


}إِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلاَئِكَةِ إِنِّي خَالِقٌ بَشَراً مِّن طِينٍ }. {فَإِذَا سَوَّيْتُهُ وَنَفَخْتُ فِيهِ مِن رُّوحِي فَقَعُواْ لَهُ سَاجِدِينَ { .
«Әлбетте, Мен балшықтан бір адам жаратамын. Әне сонда, оны тіктеп (дене қалпына келтіріп), оған өз (құдіретіммен жаратып қойған) рухымнан*(1) үрлеп (жан) кіргізгенімнен соң, оған сәжде еткен күйде жығылыңдар!».
Бұл аяттарға Хазрет Құртұби түсініктеме беріп былай деген:
ثم قال للملائكة إني خالق بشرا من طين فإذأ سويته ونفخت فيه من روحي فقعوا له ساجدين فخلقه الله بيده لكيلا يتكبر إبليس عنه يقول أتتكبر عما خلقت بيدي ولم أتكبر أنا عنه فخلقه بشرا فكان جسدا من طين أربعين سنة من مقدار يوم الجمعة فمرت به الملائكة ففزعوا منه لما رأوه وكان أشدهم منه فزعا إبليس فكان يمر به فيضربه فيصوت الجسد كما يصوت الفخار تكون له صلصلة فذلك حين يقول من صلصال كالفخار ويقول لأمر ما خلقت ودخل من فمه وخرج من دبره فقال إبليس للملائكة لا ترهبوا من هذا فإنه أجوف ولئن سلطت عليه لأهلكنه ويقال إنه كان إذا مر عليه مع الملائكة يقول أرأيتم هذا الذي لم تروا من الخلائق يشبهه إن فضل عليكم وأمرتم بطاعته ما أنتم فاعلون قالوا نطيع أمر ربنا فأسر إبليس في نفسه لئن فضل علي فلا أطيعه ولئن فضلت عليه لأهلكنه فلما بلغ الحين الذي أريد أن ينفخ فيه الروح ) تفسير القرطبي(
Алла періштелерге: «Мен балшықтан бір адам жаратамын. Мен оны тіктеп, оған құдіретіммен жаратып қойған рухымнан үрлеп кіргізіп жан бітіргенімнен соң, оған сәжде еткен күйде жығылыңдар!»- деп бұйырды. Сөйтіп оны өз қолымен адам етіп жаратты. Бұл жайлы «Сад» сүресі 75- аятында айтылған. Онда Алла:
} قَالَ يٰإِبْلِيسُ مَا مَنَعَكَ أَن تَسْجُدَ لِمَا خَلَقْتُ بِيَدَيَّ أَسْتَكْبَرْتَ أَمْ كُنتَ مِنَ ٱلْعَالِينَ { .
"Ей, Ібіліс! Мен өз қолыммен жаратқан нәрсеге сәжде етуден сені не нәрсе бөгеді? (Әлде) өркөкіректендің бе немесе сен (Адамға қарағанда) жоғары дәрежелі ме едің?"- деді. Алғашқыда Адамның балшықтан жасалған денесі жансыз күйде қырық жыл жатты. Періштелер оның қасынан өткенде қорқатын болды. Олармен бірге Ібіліс те бар болатын, ол адамның денесін көргенде әсіресе қатты қорқатын. Әйтсе де, ол жақындап барып Адамның денесін теуіп көрген еді, одан кепкен лайдың дыбысындай дыбыс шықты. Шайтан: «Бұл қандай іс (тіршілік, міндет атқару) үшін жаратылды екен» деп, оның ауызынан кіріп, артынан шықты да періштелерге: «Бұдан қорықпаңдар, іші қуыс екен. Егер мұның еркі маған берілгенде, әлбетте, мен оны қиратып тастар едім» деді. Және бір риуаятта айтылғанындай: Ібіліс періштелермен бірге Адамның жанынан өтіп бара жатып: «Бірде-бір басқа мақұлыққа ұқсамайтын мына бір жаратылысты көрдіңдер ме? Егер ол сендерден абзал етіліп, оған бойұсынуға бұйырылсаңдар, сендер одан бас тартыңдар» деді. Сонда періштелер: «Біз Раббымыздың әміріне ғана бойұсынамыз» деді. Періштелерге сөзін өткізе алмаған Ібіліс іштей: «Егер ол менен абзал етілсе де, (бәрібір) оған бойұсынбаймын. Ал, егер де мен одан абзал етілсем, оны қалайда жоямын» деп, Алла Адамға жан бітіретін кезге дейін (арам ойын ішке бүгіп) сыр сақтап жүрді.

«Тәбари» тәпсірінде келтірілген риуаятта Ибн Ұмар (р.а.) былай деген:


حدثنا ابن الـمثنى، قال: ثنا مـحمد بن جعفر، قال: ثنا شعبة، قال: أخبرنـي عبـيد الـمكتب، قال: سمعت مـجاهدا يحدّث عن ابن عمر، قال: خـلق الله أربعة بـيده: العرش، وعَدْن، والقلـم، وآدم، ثم قال لكلّ شي كن فكان . (تفسير الطبري)
«Алла тағала төрт нәрсені өз қолымен жаратты. 1) Арш ағланы, 2) Адн (жұмақтың негізін), 3) Қаламды, 4) Адамды (а.с.). Сөйтіп, олардың бәріне «Бол» деді. Бітті, олардың бәрі сол сәтте бола қалды. Түсінік: Алла өз қолымен жаратты дегенде, Ол ешқандай нәрсені дәнекер етпеді, деп түсінеміз. Тәңір тағала жаратудың барша түрін біледі. Кейде ол бұл істерді періштелерге бұйырып орындатады, ал кейде небәрі «бол» дейді, сол-ақ екен бітті, бұйырғаны бола қалады. Алла Адамды да осылайша жаратты.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла тағаладан риуаят еткен хадис құдсиде: Тәңір тағала "Адамның топырағын қолыммен қырық күн иледім"- деген.

Хадисте айтылған әрбір күн дүние өлшемімен бір жылға тең. Егер Алла қалағанында оны лезде-ақ жаратар еді. Бірақ, Ол оны қырық жыл тастап қоюды қалады. Әлбетте, мұның хикметі бар болатын. Сол хикметтің бірі; айтып өткеніміздей, періштелер мен Ібілістің Адам денесіне байланысты оқиғасы. Ібіліс өркөкіректігінің салдарынан, әлі жан берілмеген Адамды күндеп, «Оның дәрежесі менің дәрежемнен жоғары болып кетуі мүмкін» деген оймен оған дұшпандық қылу жолдарын ойластыра бастады. Өйтіп, Ібілістің Адамға деген дұшпандығы басталып, бұған оның тәкәппарлығы, соқыр көкіректігі себеп болды. Тәкәппарлықтан сақтанудың қажет екендігі туралы «Лұқман» сүресі 18- аятында анық дәлел бар. Онда хәкім Лұқманның өз баласына айтқан насихаты барша адамзатқа арнап айтылған үлгі-өнеге ретінде келтірілген:
}وَلاَ تُصَعِّرْ خَدَّكَ لِلنَّاسِ وَلاَ تَمْشِ فِي ٱلأَرْضِ مَرَحاً إِنَّ ٱللَّهَ لاَ يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ .{
"(Ей, балам) адамдарға паңданып бетіңді тырыстырма және жер бетінде (ел арасында алшаңдап) кердеңдеп жүрме. Әлбетте, Алла (даңдайсыған қуыс) көкіректердің, мақтаншақтардың баршасын ұнатпайды (керісінше, оларды жаман көреді» деді)".

Аятта айтылғандай, Тәкәппарланып басқаларды өзінен төмен санау, өзгелермен санаспау Алла ұнатпайтын, кемшіліктерден саналады. Кезінде шайтанның кәпір болуына да себеп болған індет – дәл осы тәкәппарлық болатын. Ол Алла берген нығметтерге шүкіршілік етудің орнына көкірек керіп даңдайси түсті. Сөйтіп, лағынетке ұшырады.

Алла тағала адамзатқа да аса ұлық нығметтер берді. Солардың бірі Алла Адамның бейнесін аса бір көркем етіп жаратуы. Бұған «Әт-тин» сүресінің 4- аяты дәлел. Онда:
} لَقَدْ خَلَقْنَا ٱلإِنسَـٰنَ } الجنس {فِى أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ { تعديل لصورته.
«Әлбетте, Біз адамды (оның бейнесін) аса бір көркем суретте жараттық».

Міне бұл шынайы Тәңір тағаланың сөзі. Мұндай керемет көркем сөзді Одан өзге ешкім айта алмайды, ал пенденің оған ақылы да, батылы да жетпейді. Егер, салыстырып қарасаң, жер бетіндегі ешбір жануар көркемдікте адамзатқа тең келмейді. Ал, ақыл-ой, сана-сезім, пайым-парасат, шеберлік, іскерлік тұрғысынан әлдеқайда төмен. Өйткені, қадір Алла адамзатқа ерекше сұлу мүсін, ерекше жоғары қабілеттер және оған арнайы дайындап қойылған ғажап рух берді. Ол рухын азықтандырып тұруы үшін пайғамбарлар арқылы Ислам діні деп аталатын сарқылмас рухани азық сыйлады. Жер бетіндегі басқа жануарларға мұндай ұлық ниғметтер бұйырмаған.

*(1) Аятта айтылғандай, Алла тағала Адамның денесіне көркем бейне беріп жаратқан соң, оған рух кіргізіп тірілтті*(2). Абдулла ибн Масғуд (р.а.) риуаят еткеніндей: «Алла тағала Адамның (а.с.) денесіне рух (жан) кіргізетін болды. Сөйтіп, періштелерге: «Мен Адамға рух кіргізіп, сендерге бұйырған кезімде оған сәжде етіңдер»- деді. Алла кіргізген рух Адамның басына жеткенде, ол түшкірді. Періштелер оған: «Әлхамду лилла» деп айт, деп үйретті. Адам: «Әлхамду лилла» - деді. Алла тағала оның шүкіршілігіне жауап ретінде: «Сені Раббың жарылқасын!» - деді. Рух Адамның екі көзіне жеткенде, ол жұмақ жемістерін көрді. Рух қарнына жеткенде, оның тамаққа ынтасы оянды. Жұмақ жемістерінен алғысы келіп, орнынан тұруға әрекеттенді».

Хадистің мағынасында бірнеше мәселе қамтылған. Біріншіден, Адам атаның ең алғашқы айтқан сөзі «Әлхамду лилла», яғни, Аллаһқа мадақ айту мен шүкіршілік білдіру болды. Екіншіден, оған бұл сөздерді періштелер үйретті. Демек Адам оған дейін өздігінен ешқандай білімге ие болмаған. Үшіншіден, Алла тағала оған жарылқау білдірді. Төртіншіден, рух оның көзіне жеткенде, ол жұмақ жемістерін көрді, бірақ та оларды жегісі келген жоқ. Демек, рух үшін рухани азықтан өзге азық қажет емес екен. Бесіншіден, рух Адамның қарнына жеткенде ғана оның тамақтануға деген ынтасы оянды. Демек, дүниеуи азықты қажет ететін – адамзаттың денесі екен. Рух пен дене бірігіп екі қарама-қайшы полярлық қасиетке ие пендені құрайды. Міне осы екі бір-біріне қарсы қасиет бүкіл өмір бойы адамзаттың болмысын айқындап тұрады. Егер пенденің рухы дін негізінде шыңдалып, тақуалыққа жетсе, ол бұл әлемдегі ең мықты жаратылыстың дәрежесіне жетеді. Бұл туралы Малик бин Әнәс (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):


3291 حَدَّثَنَا مُحَمَّدُ بْنُ بَشَّارٍ حَدَّثَنَا يَزِيدُ بْنُ هَارُونَ حَدَّثَنَا الْعَوَّامُ بْنُ حَوْشَبٍ عَنْ سُلَيْمَانَ بْنِ أَبِي سُلَيْمَانَ عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ لَمَّا خَلَقَ اللَّهُ الْأَرْضَ جَعَلَتْ تَمِيدُ فَخَلَقَ الْجِبَالَ فَعَادَ بِهَا عَلَيْهَا فَاسْتَقَرَّتْ فَعَجِبَتِ الْمَلَائِكَةُ مِنْ شِدَّةِ الْجِبَالِ قَالُوا يَا رَبِّ هَلْ مِنْ خَلْقِكَ شَيْءٌ أَشَدُّ مِنَ الْجِبَالِ قَالَ نَعَمِ الْحَدِيدُ قَالُوا يَا رَبِّ فَهَلْ مِنْ خَلْقِكَ شَيْءٌ أَشَدُّ مِنَ الْحَدِيدِ قَالَ نَعَمِ النَّارُ فَقَالُوا يَا رَبِّ فَهَلْ مِنْ خَلْقِكَ شَيْءٌ أَشَدُّ مِنَ النَّارِ قَالَ نَعَمِ الْمَاءُ قَالُوا يَا رَبِّ فَهَلْ مِنْ خَلْقِكَ شَيْءٌ أَشَدُّ مِنَ الْمَاءِ قَالَ نَعَمِ الرِّيحُ قَالُوا يَا رَبِّ فَهَلْ مِنْ خَلْقِكَ شَيْءٌ أَشَدُّ مِنَ الرِّيحِ قَالَ نَعَمِ ابْنُ آدَمَ تَصَدَّقَ بِصَدَقَةٍ بِيَمِينِهِ يُخْفِيهَا مِنْ شِمَالِهِ قَالَ أَبمو عِيسَى هَذَا حَدِيثٌ غَرِيبٌ لَا نَعْرِفُهُ مَرْفُوعًا إِلَّا مِنْ هَذَا الْوَجْهِ ) * سنن التِّرمِذِي(
Алла тағала жерді жаратқан кезде ол (жер шары айналған кезінде тепе-теңтік сақтай алмай) шайқалып тұрды. Сонда Алла тағала (тепе-теңдік сақтайтын) тауларды жаратып, оның үстіне қондырып қойды. Сөйтіп, жер қарар тапты (яғни, шайқатылуын қойды). Бұл заңғар таулардың мықтылығынан періштелер таңданып:

-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде таулардан да мықтысы (қаттысы, күштісі, зоры) бар ма»?- деді. Алла:

-«Иә. Темір мықты».

-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде темірден де мықтысы бар ма»?

-«Иә. От мықты (күшті)».

-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде оттан да мықтысы бар ма»?

-«Иә. Су мықты (күшті)».

-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде судан да мықтысы бар ма»?

-«Иә. Жел мықты (күшті)».

-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде желден де мықтысы бар ма»?

-«Иә. Оң қолының берген садағасын сол қолына білдірмейтіндей тақуалық дәрежесіне жеткен Адамның баласы мықты»- деді.

Міне, хадисте тақуалыққа жеткен Адам баласы бұл әлемдегі жаратылыстардың ең мықтысы болып табылатыны анық айтылған. Ал, енді пенде өз нәпсіне ерік беріп тақулық туын туын қолынан түсіріп, бұл жалғанның әшекейлеріне қызығып кетсе, оның ашыққан көзін топырақтан басқа нәрсе тойдыра алмайды (яғни, тек топырақ қана тойдырады). Бұл туралы Сәләмә бин Ұмару былай деген:


3328 و حَدَّثَنَا زُهَيْرُ بْنُ حَرْبٍ حَدَّثَنَا عُمَرُ بْنُ يُونُسَ الْحَنَفِيُّ حَدَّثَنَا عِكْرِمَةُ بْنُ عَمَّارٍ حَدَّثَنِي إِيَاسُ بْنُ سَلَمَةَ حَدَّثَنِي أَبِي قَالَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ نَزَلَ عَنِ الْبَغْلَةِ ثُمَّ قَبَضَ قَبْضَةً مِنْ تُرَابٍ مِنَ الْأَرْضِ ثُمَّ اسْتَقْبَلَ بِهِ وُجُوهَهُمْ فَقَالَ شَاهَتِ الْوُجُوهُ فَمَا خَلَقَ اللَّهُ مِنْهُمْ إِنْسَانًا إِلَّا مَلَأَ عَيْنَيْهِ تُرَابًا بِتِلْكَ الْقَبْضَةِ ) * صحيح مسلم(
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қашырдан түсіп жерден бір сығым топырақ алды да, сахабаларға көрсетіп тұрып: «Алла тағала осыдан адамзатты жаратты. Сондықтан оның екі көзін осы бір сығым топырақтан басқа ешнәрсе толтыра (тойдыра) алмайды»- деді.

Расында да, егер пенде руханиятсыздық індетіне шалдықса ол әлемдегі ең ашкөз мақұлыққа айналады. Ол қанша көп мал-дүние тапса да, оған аз бола береді. «Кедей байға жетсем дейді, бай құдайға жетсем дейді» деген сөз осындай ашкөздік індетіне тап болғандар жайлы айтылғанына дау жоқ. Иә, өмірде әрекет етсе кедейдің байға жеткені кездесіп жатады. Бірақ, Адам атаның дәуірінен біздің дәуірге дейін әлі ешкім құдайға жеткенді көрген жоқ, көрмейді де! Өйткені, Алла тағала мәңгі-бақи (ешқашан өлмейді, жойылмайды, жоқ болмайды). Ал, пендеге сынақ етіп Алла тарапынан бірілген бұл дүние де, пенденің өзі де пәни (уақытшалық, шектеулі, өмірінің мезгілі таусылатын) мақұлық. Қандай адам болса да күні жетіп өледі, сонда оның өмір бойы тоймаған көзін небәрі бір-ақ уыс топырақ тойдырады.

*(2) Рух (саналы шыбын жан) жайлы ғұламалар өте көп кітаптар жазған. Сонда да оның болмысы адамзат үшін өзінің құпия қалпында қала береді. Себебі, Алла тағала оның мән-жайы туралы адамзатқа көп мәлімет бермеген. Бұған «Әл-Исра» сүресінің 85- аяты дәлел. Онда:
} وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ ٱلرُّوحِ قُلِ ٱلرُّوحُ مِنْ أَمْرِ رَبِّي وَمَآ أُوتِيتُم مِّن ٱلْعِلْمِ إِلاَّ قَلِيلاً .{
«(Ей, Мұхаммед) сенен (адамдар) рух туралы сўрайды. (Оларға) Айт: «Рух тек Раббымның ісі (оның мән-жайын тек өзі біледі). Сендерге (ол жайлы өте) аз ілім (мәлімет) берілген» де.

Аятта айтылғандай, Алла тағала адамзатқа рух жайлы өте аз мәлімет берген. Адамзат өздігінен ғайып сырларының есігін аша алмайды. Ал, енді рухтің қасиеті жайлы ғұламалар мынадай пікір білдірген: «Сад» сүресінің 72- аятында айтылғандай, қарапайым топырақтан жасалған Адамға Алла өз құдіретімен жаратып қойған рухынан үрлеп жан кіргізуі оның дәрежесін көтергеніне нақты дәлел. Жаратылысынан ерекше болған рухтың құрметі үшін Алла тағала періштелерге Адамға сәжде етуге бұйырды. Міне осы рух (саналы жан) арқылы адамзат өзіне берілген ілімді игереді, ой толғайды, өз қабілетін жақсылыққа немесе жамандыққа бағыттайды. Осы (саналы) рух арқылы адамзат айуаннан парық қылады. Ғұламалардың пікірінше рух пәк хәлінде жаратылған. Бірақ, топырақтан жаратылған денеге кірген соң, балшықтың қасиеті оған әсерін тигізіп, оның қасиетін төменге тартады. Себебі, дене үнемі топырақ өндіретін өнімдер (тағамдар) мен топырақ құрамында кездесетін (алтын, күміс сияқты әшекей) заттарды және басқа да ләззат беретін нәрселерді талап етеді. Дененің бұл қасиетіне нәпсі дейді. Ал, рух болса, ол үнемі рухани (діни) азыққа мұқтаж. Егер, оған қажетті азығы беріліп тұрылса, өзінің рухани кемеліне жетіп, рух адам баласын періштелердің дәрежесінен де жоғары көтереді. Егер, қорексіз қалдырылса, рух әлсіреп барып, күресте нәпсіден жеңіледі. Мұндай, рухани азғындыққа ұшыраған адам (санасыз) айуанның дәрежесінен де төмендеп кетеді.

Адам баласына берілген саналы рух - жалпы адамзатқа берілген ең ұлық нығмет болып, ол Аллаһтан келген иләһи кітаптардың мағынасын түсіну, діннің мән-мағынасы, оның өмірдегі орны жайлы ой толғап, жақсы істерге жол ашу қабілетіне ие (басқа жаратылыстарда мұндай мүмкіндіктер жоқ). Сонымен қатар адам рух арқылы өмірде кездесетін түрлі жағдайлардың мән-жайын түсіне алады. Рухани қазыналардан сусындаған пенде дүниеуи ғылымдарды дамытып, соның негізінде ғылыми жаңалықтар ашу мүмкіндігіне ие. Алла тағала адамзатқа міне осындай сарқылмас ұлық нығметтер берді. Осылардай бағалы силықтың шүкіршілігі үшін пенде бар болғаны өзінің Жарылқаушысы – Аллаһқа құлшылық етуі ғана қажет. Бұдан адам баласы ештеңе жоғалтпайды. Қайта, оның жасаған құлшылығы өзінің рухы үшін қажетті азық.


Каталог: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет