Имандылық күллі тәрбиенің атасы



Дата07.07.2017
өлшемі11.2 Kb.
#27722
Имандылық – күллі тәрбиенің атасы.

Имандылық тәрбиесі- халқымыздың болашағы. Үлкенді сыйлау әрбір ата-ана имандылық тәрбиесіне баса назар аудару керек. Өйткені имандылық- күллі тәрбиенің жиынтығы, атасы деп түсінемін. Кейінгі кезде имандылыққа тәрбиелеуді адамгершілікке тәрбиелеудің синонимі ретінде пайдалану байқалады. Имандылыққа тәрбиелеу дегенді ізгілікке , қайырымдылыққа , мейірімділікке тағы басқаға тәрбиелеу деген ұғым алмастыра бастағандай . Әрине имандылық бұдан алыстау емес, керісінше осыларды жүзеге асыру деп қараған жөн. Абай атамыз «Иман деген Аллаһ тағаланың барлығына бірлігіне және Пайғамбар арқылы жіберген жарлығына мойын ұсыну,оған сену, илану» деген. Имандылық – ізгіліктің бастауы. Иман бұл сенім деген сөз яғни Алланың барлығына сенім білдіру. Ал имандылық ізгілікке, мейірімділікке деген сенім. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды , оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қомқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып ,халық оны иман жүзді адам дейді. Халқымыздың қонақжайлығы, кең пейілділігі, көпшілігі , дос көңілділігі –әлеуметтік имандылықтың белгісі. Имандылық тәрбиесін қастерлей біліп иманды адам болу-кісілік борыш. Осы кісілік борышымыз әрдайым сақталса екен деп ойлаймын .

Астана қаласы № 55 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі



Дулатхан Қарлығаш
Каталог: materialy -> makala
makala -> Шарты: Сөз құрау
makala -> Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі
makala -> Ганишев Надир Джахангирович тест тапсырмаларын оқыту процесінде қолданудың жолдары мен оның ҚҰру жолдары
makala -> Утенова Айкерим Абибуллаевна Сыни тұрғыда ойлау технологиясының маңыздылығы
makala -> Бегиева Гулсара Шариповна 5-6 сынып оқушыларының математика сабақтарында логикалық ойлау қабілетін жетілдіру жолдары
makala -> Турсунбаева Рухсара Ирисметовна Математика сабағында есеп шығарудың әдістемелері мен талдауы
makala -> Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алға орта мектебі, Бастауыш сынып мұғалімі
makala -> Әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдары мықтыбеков Дүйсехан Мамытқанұлы ОҚО, Мақтарал ауданы Ә. Жангелдин ат. №52 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
makala -> Жылыжай жұмысын жүргізу тәжірибеміз
makala -> Ағылшын тілі” пәнінің оқытушысы Давлятова Ю. А


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет