Иманбердиева Айжан Сапарханқызы



Дата17.06.2017
өлшемі134.05 Kb.
Иманбердиева Айжан Сапарханқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы,

Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп

интернат-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі



Ойын түрлері арқылы шығармашылыққа баулу


  • Ойынның академиялық мақсаты неде?

Бала саналы түрде жан-жақты дамиды. Айналадағы өмір құбылыстарын ұғына алады. Тіл байлығы артып, сөздік қорлары молаяды. Көркем сөйлеуге бейімделеді. Шығармашылық қабілеттері дамиды.

Қандай жас шамасына арналған?

Бастауыш сынып (1-4-сынып) оқушыларына арналған.



Неше минутқа есептелген?

Сергіту ойындары 5-10 минут аралығына есептелген. Жазылым ойындарына 10-15 минут кетеді.

1 ойын «Жұмбақ кейіпкер»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру, тілдерін ұстарту.

Ойынның шарты: оқушы қорапқа салып бір зат әкеледі. Оқушы сол заттың ерекшелік терін жұмбақ етіп жеткізеді. Бұл ойынды «Зат есім» тақырыбын өткенде қолдануға болады. Оқушы кез-келген жансыз затты жанды зат ретінде бейнелеп, суреттеп береді. Ал қалған оқушылар жауабын табады. Бұл ойын оқушыны ұшқырлыққа баулиды.

Үлгісі: Төрегелді Рамазанның ата-анасымен бірлесе отырып дайындаған жұмбағы.



  • Жаздың жайма шуақ түні. Аспанда жұлдыздар «Мені көрдің бе?» дегендей жымың-жымың етеді. Сол сәтте ай сәулесіне шағылысқан сенің бейнеңді көрдім. Ай да бала-шағасының іс-әрекетіне күлімсіреп, сүйіспеншілікпен қарайды. Сол түндегі самал жел сенің толқынды шаштарыңды аймалап жатқандай. Толқынды сары шаштарың өзіңе жарасымды-ақ. Неткен паң едің? Бойыңды тік ұстайсың. Жапсыра киген жасыл көйлегің денеңе құйып қойғандай. Ақ маржандай қаз-қатар тізілген тістерің жалт-жұлт етеді. Бірақ сен оны жасырғың келеді. Бұл ... (Әкемнің көктемде еккен жүгерілері болатын)

Алайда оқушылар бұл жұмбаққа орыс қыз, әдемі қыз, көкірек қыз дегендей жауаптарды беріп жатты. Осы оқушының жұмбағы сыныпқа қатты әсерін тигізді. Осыдан кейін ақ парақ, тышқан т.б. заттарды жанды түрде бейнеледік.

2 ойын «Ұйқастар өлең сұрайды»

Шарты: мұнда сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, ұйқасқа сөздер беремін. Сынып өскен сайын ұйқасты да күрделендіремін.


  • Астанам

Бас қалам

Мақтанам


  • Анашым

Данасың

Дарасың


Баласын

  • Әкешім

Тірегім

Ірі едің


Жүрегің

Ал бұл ойын-жаттығуларды сыныпта орындатсақ, төмендегі тапсырманы М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін өткенде үй жұмысына беруге болады.



«Үш бақытым»

Отаным, қосамын, атағың.

Тілім менің, күнім менің, бүлінбегің.

Халқым менің, алтын елім, көкте сенің.

3 ойын «Бір артық»

Оқушылар ішінен тақырыпқа сәйкес келмейтін сөзді алып тастайды.

Мысалы сөз таптарын өткенде артық сөздерді табады.

Күнделік

Көркем

Жеті

Жазды

Сызғыш

Сөмке

Бір жарым

Шыдама

Бор

Шыдамды

Тазарт

Өзгерт

Жазды

Сұлу

Он шақты

Мекен

Тақта

Көрді

Тарт

Ұзын бойлы

Тоқта

Әдемі

Жүзге жуық

Алдырмады

Дәптер

Жасыл

Екіден бір

Барды

Алмұрт

Қышқыл

Жарты

Шайқама

4 ойын «Ғажайып жауап»

Бұл тапсырмада оқушыларға сұрақтар беріледі, ал оқушылар берілген сұрақтарға бір дыбыстан басталатын жауаптар берулері керек.




қ/с

Сұрақтар үлгісі

Жауаптар үлгісі

1

Абай кім?

Абай –ақын, аудармашы, ағартушы

2

«А» дыбысынан басталатын жалқы есімдерге мысал келтір

Ахмет, Астана, Алатау, Алматы, Асқар, Айдана

3

«А»-дан басталатын ақын-жазушылар

Абай, Ахмет, Алтынсарин

4

«Е»-ден басталатын зат есімдер

Есік, етік, еден, ермексаз

5

«Қ»-дан басталатын болымсыз етістіктерді ата

Қашпа, қума, қуалама, құлама, қайрама

6

«Ж»-дан басталатын етістіктер

Жылама, жыртпа, жаздыр,

жүгір, жүр, жап, жат



7

Аты-жөні де бір дыбыстан басталатын басшы

Нұрсұлтан Назарбаев

8

Бір әріптен басталатын компоненттерді ата

Көбейткіш, көбейткіш, көбейтінді т.б.

9

Аты-жөні де бір дыбыстан басталатын жерлес жазуларымыз

Батима Батырбекова,

Төлеген Тоқбергенов,

Жұпар Жүзбаева


10

«Ж»-дан басталатын сан есімдерді ата

Жүз, жиырма, жеті, жетпіс, жетпіс жеті, жүз жеті т.б.

5 ойын «Өз жүрегіңнің үні»

Бұл ойында оқушы актерлік қабілетін көрсете білуі тиіс. Бірінші оқушыларға өз жүрегінің үнін шағын етіп жазғызып, ақ парақ бетіне түсіргіземін.

Оқушы өз ойын лепті, хабарлы, сұраулы сөйлемдермен жеткізеді.

Мысалы: Алақай, көктем келді!

Жаңбыр жауды ма?

Құстар келді.

6 ойын «Ұйқасын тап!»

Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу.

 Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу.

                        Қайсы күні қандай сабақ,

                        Қалай менің үлгерімім?

                        Еш жаңылып қалмай, санап

                        Жүреді ылғи ... .                      (күнделігім)

                        Достастырып әріптермен,

                        Білімге жол салып берген,

                        Алдымнан шам жағып берген

                        Айналайын   ... .                      (“Әліппемнен”)

                        Мекендеген портфелімді,

                        Беттер аппақ, ақ көңілді.

                        Қызаратын қатем үшін

                        Кірлетпеймін   ... .                      (дәптерімді)


7 ойын «Диалог – ертегі»

Ойынның шарты: Мұғалім не бір оқушы ойдан шығарып кез келген бір әңгіме немесе ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар бір – бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: “Ертеде бір байдың еркетотай ұлы болыпты...”. Бірінші оқушы: “Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп адасып кетіпті...” – десе, екінші оқушы одан ары жалғастырады: “Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса,алдынан бір ешкі кезігіпті...”. Міне, ертегі осылай жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Кімде – кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.

8 ойын «Лимерик»

         Бұл ойынды Эдвард Лир деген ағылшын ойлап тапқан.

         Ойынның шарты: Белгілі бір құрылымға бағынатын мазақтама, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылым бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармаққа сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ – кейіпкер, екінші тармақ – кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақ – қимыл - әрекет, оқиға, бесінші тармақ – оқиғаға автордың көзқарасы, кейіпкердің іс - әрекетіне  бағасы.

 Мысалы:

         Болыпты бір пенде            кейіпкер

         Өзі аңғал, әпенде               мінездеме

         Түбі тесік шелекпен          қимыл - әрекет, оқиға

         Су тасыпты күн ұзақ  

         Әй, жарымес әпенде         автордың көзқарасы.   

Сейтан Мағжанның А. Байтұрсыновтың мысалдарын өткендегі өлең жолдары сәтті шыққан.

         Аққу, шортан һәм шаян           кейіпкер

         Береке, бірлік жоқ адам.          мінездеме

         Тартып жүкті әр жаққа          қимыл - әрекет, оқиға

         Қозғалта алмай дал болған  

         Үлгі алма сен одан.          автордың көзқарасы.   

9 ойын «Болжамдар сөйлейді»

Бұл ойын «Бұдан әрі не болады?» , «Не болар еді ...?», «Мен не істер едім, егер ...» деген сұрақтарға негізделеді. Мұғалім әңгімені оқып келе жатып, белгілі бір жерге тоқтайды да, «Бұдан әрі не болады?» дегендей сұрақ қояды. Оқушылар әр түрлі болжамдар айтады. Ойын мәтінді мұқият тыңдауға және сөйлеу қабілетін жетілдіруге көмектеседі.

10 ойын «Бізде»

Ойынның шарты: Мұғалім балаларға бір әңгімені бастап айтады. Әр сөйлемнен кейін балалар “бізде” деп отырады. Егер олардың біреуі “бізде” деп қате айтса, ойыннан шығып отырады.

1. Мен өзенге бардым. Бізде

2. Онда үйрек ұстап алдым. Бізде

3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. Бізде.

11 ойын «Сәтті ертегі»

Ойынның шарты: Ертегі сәтсіз болса, сәтті аяқтау.

Мысалы: Ешкі апан ішінде қалып қояды. Ешкі апаннан қалай шығар екен? (ары қарай оқушы ойы)

12 ойын «Сандар әлемі»



Мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөзді қорларын кеңейту.

Ойын шарты: ойынды жұптық жұмыс ретінде өткізуге болады. Қай жұп құрамында сан есімдері бар сөздерді көп жазса, сол жұп жеңімпаз атанады.

Мысалы:

2+бастұз, 1+қазан, 7+су, 6+бақан, с+2+р, Б+6+қ, 9+құмалақ, 90+күл, т-10,

к+3+ік.


13 ойын «Ұқсату»

Ойынның шарты: Бір – біріне ұқсамайтын, байланыспайтын суреттерді беріп әңгіме жаздыру. Мысалы: күн, кітап, қасқыр, кесе, тамақ, сабынның суреттері т.б



Үлгі: Кітапта қасқырдың күн көрсетпейтіні және тамақты кесемен ішіп, қолды сабынмен жуу керектігі айтылған.

№14 ойын «Кім жүйрік?»

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тақта үшке бөлінеді де, оған сұрақтар жазылады. Оқушылар осы сұрақтың астына сын есімдерді тауып жазулары керек.

Үлгі:


Қандай бала? Қандай ат? Қандай үй? Қандай кино?

Кішкене бала. Жүйрік ат. Аласа үй. Қызық кино.

Ақылды бала. Сұлу ат. Биік үй. Ұзақ кино.

Жақсы бала. Шабан ат. Жаңа үй. Қайғылы кино.

Қай топ бұрын, әрі көп сөз жазып шықса, солар жеңіп шығады. Бір сын есімге бірнеше зат есім тауып жазу керек.

№15 ойын «Оймен өрілген өлең»

«Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек сөздерді қолданамыз. Жаңбыр,ауыл, дала, қала, тау, бау, бас, бақша, т.б.

                        I нұсқа                                                             II нұсқа

Мұғалім

Оқушылар

 

Мұғалім

Оқушылар

Жаңбыр жауды           далаға,

 

Жаңбыр жауды          тауға да,

Жаңбыр жауды          қалаға.

 

Жаңбыр жауды          тасқа да.

Жаңбыр жауды           ауылға,

 

Жаңбыр жауды          басқа да,

Жаңбыр жауды           бауға да.

 

Жаңбыр жауды          бақшаға.

Қандай мезгіл тамаша? – сұрақ-жауап арқылы оқушы өзіне ұнайтын жыл мезгілін таңдайды. Сыныпта осылайша өзінен-өзі төрт топ іріктеледі. Тірек сөздерін пайдалана отырып, әр мезгілді бейнелейтін өлең тармақтары шығады. Тірек сөздер: әдемі, керемет, көрікті, сұлу, жаңаша, тамаша, т.б.

Оқушының шығармашылық қабілеттеріне сай, талғамына және ойының ұшқырлығына байланысты өлең қатары әр түрлі болып шығады. Ол үшін оқушының шебер қолдана білуі қажет.

«Қандай мезгіл тамаша?» деген сұрақты әр өлең шумағының алдыңда пайдалануға болады.

 Оқушылардың шығармашылығынан туындаған өлең шумағын сыныпта оқып беру арқылы оның осындай істерге деген ынтасын арттыруға болады



                        I нұсқа                                                             II нұсқа

Мұғалім

Оқушылар

 

Мұғалім

Оқушылар

Көктемгі кез             көрікті,

 

Көктемгі кез              тамаша,

Жазғы мезгіл            жаңаша.

 

Жазғы мезгіл             әдемі.

Күзде бәрі               әдемі,

 

Күзде бәрі                   көрікті,

Қыста бәрі                тамаша.

 

Қыста бәрі                 жаңаша.

16 ойын «Санамақ – ойымды айтайын саралап»

Шарты: Бұл ойын әдеттеген санамақтан өзгеше. Балалар бірыңғай адам аты, жануар, өсімдік, жәндік, ағаш, құс түрлеріне байланысты сандарға ұйқас шығарады.

Мақсаты: Балардың зеректікгін, ептілік пен икемділігін қалыптастырады.

3-сынып оқушысы Жарылқасын Фаризаның санамағы:

«Аң-құс санамақ»

Бір дегенім - барыс,

Құрбыңмен жарыс

Екі дегенім - елік.

Елік маған көлік

Үш дегенім - үкі,

Үкіні оят, жұлқы.

Төрт дегенім - түлкі.

Бізге керек күлкі.

Бес дегенім - бөкен,

Төрде отырар көкем.

Алты дегенім - арыстан.

Жолбарыспен жарысқан.

Жеті дегенім - жылан,

Таңертең ерте тұрам

Сегіз дегенім - суыр.

Тамақты тез қуыр.

Тоғыз дегенім - торай,

Жақсы оқушы Арай.

Он дегенім - ортеке.

Санамадым мен текке.

Болымды және болымсыз етістіктерін өткенде санамақ шығарттым.

Үлгісі:

Бір - білім алдым,

Бірақ екілік алмадым.

Екі - егін салдым.

Егінді жинай алмадым.

Үш -үй жинадым,

Қыдыруға бармадым.

Төрт -төл өсірдім.

Төлін сатпадым.

Бес- өрге шықтым,

Ешкімге ақыл айтпадым.

Алты- асық ұттым.

Ойнап үйге қайтпадым.

Жеті - желім жақтым,

Қағазды жапсыра қоймадым.

Сегіз - серке бақтым.

Етіне тоя алмадым.

Тоғыз — тойға бардым,

Тойхананы шарламадым.

Он - отын жардым.

Алайда шаршамадым.

17 ойын «Сөзді тап»

Шарты: тақтаға өткен тақырып бойынша бір сөз жазылады. Оқушылар сол сөзге қатысы бар сөздер жазуы тиіс. Мысалы сөз таптары тақыбына «Демалыс» сөзін алсақ:

Шомылу, ойнау, қыдыру, кино көру, ән тыңдау т.б.

18 ойын «Қалалар»

Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.

Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.

Үлгі:


кент – Шымкент, Таукент

қар – Қарағанды

ас – Астана

алма – Алматы

тау – Көкшетау

рау – Атырау

19 ойын «Буынды ұйқас»

Шарты: оқушылар берілген буынға ұйқас құрайды.

Үлгі:

1.Са-са са буындарын пайдалану арқылы ұйқас сөздер құрастыру.



Са-са-са сары маса

Са-са-са мектебіміз жаса т.б

2. Ла-ла-ла буындарын пайдалану Ла-ла-ла жалқау бала

Ла-ла-ла оның ісі шала т.б

3. Ға-ға-ға буындарын пайдалана отырып,сөздер құрастыру

Ға-ға-ға қара қарға

ға-ға-ға қоңыр қоға т.б

4. Рай-рай-рай буындары арқылы өлең құрастыру

Рай-рай-рай үлкен сарай

Рай-рай-рай әдемі Арай т.б

5. Лақ-лақ-лақ буындарын пайдалану.

Лақ-лақ-лақ шұбар ала лақ

Лақ-лақ-лақ сатып алдым қалақ т.б

6. Ыз-ыз-ыз буындарын пайдалана отырып,шумақ құрастыру.

Ыз-ыз-ыз ызылдайды қоңыз

Ыз-ыз-ыз қорсылдайды доңыз т.б



Ойын аяқталғанда оны балалармен қалай талдайсыз?

«Кері байланыс» арқылы, сұра-жауап, әңгімелеу, өзара талқылау арқылы талдаймын.



Осы ойынды қолдануда тағы қандай ұсыныстарыңыз бар?

6-10 жас аралығындағы балалардың ойынға деген қызығушылығы өте жоғары болады. Өйткені олар – ойын баласы. Ойын түрлерін пайдаланудың бала өмірінде маңызы зор. Кез-келген тапсырма немесе жаңа тақырыпты өткенде ойын элементтерін қолдансақ, жеңіл әрі тез түсінеді, сабаққа деген белсенділігі артады.



Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойынның түрлері өте көп. Соның ішінде дидактикалық ойын элементерін көбінесе пайдаланамын. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен белсенді қатысатыны анық. Сондықтан бала өмірінің бір бөлшегі ойын болса, әр сабақтың бір бөлігін неге ойынға айнадырмасқа? Бізге аманат етілген шәкірттерімізді білім шыңына шығару үшін, әр сабақты жауапкершілікпен ұйымдастыруымыз керек. Қазіргі жаңа технологияның қарыштап дамыған заманында күнделікті дәстүрлі сабақпен дәріс беру «уықсыз шаңырақ көтергенмен тең» деп ойлаймын.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет