Қылмыстық-атқару қҰҚЫҒының ҚАҒидалары исрапулова Сымбат Бакытовна І. Жансүгіров атындағы жму-нің 6М030100 «Құқықтану» 1 курс магистранты



Дата08.03.2018
өлшемі84.85 Kb.
#60819
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Исрапулова Сымбат Бакытовна

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің

6М030100 «Құқықтану» 1 курс магистранты
Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары ретінде, барлық нормалардың бағытын бір жолға салып біріктіретін, сол бағытта нормаларын түзететін, құқықтық қатынастарды реттеу жолында басшылыққа алып отыратын заңның ізгі пікірлері алынады. Демек, қылмыстық-атқару құқығының қағидалары дегеніміз – құқықтың осы саласының сипатына, оның мазмұны мен міндеттеріне қоғамның пікірін білдіретін негізгі ережелер, жетекшілікке алынатын идеялар болып табылады. Осы құқықтық қағидалар арқылы қылмыстық-атқару құқығының қандай бағытта жұмыс істейтіндігін байқауға болады. Қылмыстық-атқару құқығының объектісі қылмыстық құқық тәрізді құқық салаларымен ұқсас болғандықтан, оның қағидаларында ішінара ұқсастық байқалады. Бірақ қағидалардың атауында ұқсастық, біркелкілік байқалғанымен, оларды түсіндіру кезінде осы құқық саласына ғана тән бағыт қолданылып, ерекшеліктері анықталады.

Әдетте, құқықтық қағидаларды жалпы құқықтық, салааралық және салалық деп бөледі. Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салаларына тән болып келеді, олар барлық құқықтарда кездеседі. Салааралық қағидалар белгілі бір құқықтарда кездеседі. Біздегі салааралық қағидалар қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу құқығымен ұқсас болып келеді. Ал белгілі бір құқық саласына ғана тән, сол құқықтың мазмұнын, маңызын білдіретін қағидалар салалық қағидалар деп аталады. Олар заңның өзінде, жеке нормаларда аталып көрсетілмейді. Қылмыстық-атқару заңының қағидалары заңның мазмұнын сипаттайды. Қағидаларды заңда жеке бап ретінде атап көрсетудің бір жақсы жағы – ол осы құқықтың қағидаларын атау кезінде орын алуы мүмкін әралуандыққа, әртүрлілікке алатын идеясы ретінде пайымдаған ойлары, кейде даулы болуы да мүмкін. Ал, қағидаларды заңда тікелей атап көрсету, қағида жүйелерін бірдей түсінуге, демек, заң актілері нормаларының біркелкі қолданылуына жағдай жасайды. Қылмыстық-атқару Кодексінің 6-бабында мынадай қағидалар келтірілген: заңдылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, гуманизм, демократизм, жариялылық, жазаларды атқарудың саралануы мен жеке даралығы және жазаны түзеу ықпалымен біріктіруді қамтамасыз ету[1].

Заңдылық қағидасын тар және кең мағынада қарастыруға болады. Тар мағынада, заңды барлық азаматтар және барлық лауазымды адамдар бұзбай, дәл сақтауы керек. Ал қылмыстық жазаны атқару, өтеу мәселесіне келгенде, заңды және конституциялық нормаларды барлық сотталған адамдар және жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлері қатал, бұлжытпай сақтауы керек. Бас бостандығынан айыру мекемелерінде заңдылықты сақтау қоғам өмірі үшін аса қажет болып табылады. Себебі, жазаны атқарушы көпшілік органдар, мекемелер жабық түрде жұмыс істейтіндіктен, оларда заңдылықтың бұзылуы әбден ықтимал. Қоғам жабық түрде жұмыс істейтін мекемелердегі заң талаптарының бұзылуын біле алмауы мүмкін. Заң өз нормаларын ізгі мақсатқа, яғни сотталған адамдарды түзеуге бағыттағандықтан, осы нәтижеге жету үшін, сол заң талаптары барынша бұзылмай сақталуы тиіс. Егер жазаны атқарушы мекемелердің қызметкерлері мен сотталған адамдардың арасындағы қатынастарда заңдылық бұзылмаса, онда заңның өзігнің алдына қойған мақсатына жетуіне мүмкіншілік туындайды. Сотталған адамдарда мемлекетке, заңға деген өшпенділік емес, керісінше, сыйластықпен қарау орын ала бастайды.

Заңдылық қағидасы кең мағынада барлық адамдардың заңды қатаң сақтауын білдіреді. Бұл – біріншіден, ал екіншіден – заңдылық қағидасы мемлекетте сапалы жасалған заңның өмір сүруін талап етеді. Сапалы, жетілген заң, қоғамдағы объективтік өмірге сай келетін заңның өмір сүруін білдіреді. Жақсы сападағы заң болсын, ақауы мол, өмірден қала бастаған заң болсын, ол күшінде тұрған заң болғандықтан, оның баршаға міндетті күші болады. Ол заңды адамдар бұлжытпай сақтауы тиіс. Жақсы дайындалған заң жүйесін дүниеге әкелу – заң шығарушының міндеті. Заң шығарушы заңды өзгерте немесе алып тастай алады, бірақ оның заң өзгергенге немесе алынып тасталғанға дейін оны елемеуге қақысы жоқЗаңды сақтау дегеніміз, заңның өзінен кіші заңдардан жоғары тұруын білдіреді. Егер негізгі заң мен кіші заңның (подзаконный акт) арасында айырмашылық немесе қайшылық байқалса, онда негізгі заң қолданылады.

Заңды сақтау дегеніміз – заңның жеке адамдардың мақсатынан жоғары тұруын білдіреді. Жеке ниет-мақсаттар әртүрлі бола береді. Мысалы, саяси-экономикалық, әскери, т.б. мақсаттар.

Заңның, кейде заңгерлердің немесе жеке адамдардың тарапынан сынға үшырайтын кездері болады. Оның себебі заңның ескеруі немсе нақты өмірден қала бастауы болуы мүмкін. Әрине, қоғамда заң бірінші емес, өмір бірінші, сондықтан заң қашан да қоғам өміріне ілесіп отырады. Бұл біріншіден. Екіншіден, адам мен заңның арасында қарама-қайшылық байқалуы мүмкін. Оның себебі – заңның дұрыс, сапалы берілмеуінде, яғни нақты қоғам өмірінің шындығына сай келмейтіндей болып шығарылуында. Мұндай жағдайда да заңды өзгерту туралы ой келеді. Мұндай жұмыстар үнемі атқарылып та жатыр. Мысалы, жаңадан қабылданған қылмыстық заң, қылмыстық-атқару заңы, т.б. заңдар мұның дәлелі бола алады. Сонымен, заңның, сапасы жағынан қандай деңгейде болса да, сақталуы баршаға міндетті болып табылады.

Гуманизм қағидасы қайбір мемлекетте болмасын, адамды бір-біріне жау тұтып қарамай, бір-біріне ізгілікпен, кешіріммен, бауырмашылықпен қарауды білдіреді. Сол сияқты, адам мен адамның арасындағы қатынас қана ізетті, ізгілікті болып қоймай, мемлекет пен адамның, дәлірек айтқанда, заң мен адамның арасындағы қатынастар да ізгілікті, кешірімді болуы керек [2].

Қылмыс жасаған адам жазаға тартылғанда, жаза, сол адамды тәрбиелеу, түзеу үшін қолданылады. Сондай-ақ, қылмыскерлерді қылмыскер ретінде қалдырмай, заң сол адамнан ертеңгі қоғамның пайдалы мүшесін көруді көздейді. Қылмыскер жазаға тартылғанда уақытша қоғамнан аластатылған, дәлірек айтқанда психикалық тұрғыдан сауықтыру үшін қоғамнан ажыратылған адам ретінде танылады. Сотталған адамды жазаға тартқанда азап шектіру, қинау мақсатқа алынбайды. Жазаның орындалу мазмұнында ондай жат мақсаттар жоқ, ол заңда көзделмеген. Егер сотталған адам жаза тәртібіне бойсұнбаса, қарсылық көрсетсе, онда осы әрекеттің жолын қию мақсатында күш қолданылады. Оған дейінгі кездерде күш қолдануға заң тыйым салады.

Қылмыстық құқық тәрізді, қылмыстық-атқару құқығы да сотталған адамды тузеуді мақсат ретінде көздейтіндіктен, сотталған адамда түзелудің нышаны байқала бастаса, одан кейбір құқықтық шектеулер алына бастайды немесе жағдай жеңілдетіледі. Қылмыстық-атқару заңы мазмұнының көптеген жерлерінен гуманистік бағытты кездестіруге болады. Мысалы, сотталған адамның жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оған дәрігерлік көмек көрсету, оқу, мамандық беру, түзелу жолына түсуіне байланысты жеңілдетілген жағдайға ауыстыру немесе жазаны жеңілірек жазалармен ауыстыру, шартты түрде ерте босату, т.б. жағдайлар. Гуманистік қағиданың негізінде мемлекеттің сотталған адамға жеңілдіктер жасау туралы қөзқарасы емес, негізінен сотталған адам мен мемлекеттің арасында бірін-бірі сыйлаушылық бағытын ұстану жатыр. Бас бостандығынан айыру тәрізді жазаларда, басқа жазаларға қарағанда құқықтық шектеулер көп қолданылса, сол қылмыскердің жасаған қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сол қылмыс жасаған адамның мінез-құлқына байланысты. Мұндай сотталған адамдардың құқықтарын көптеп шектеу оларды түзеудің құралы ретінде қолданылады.

Гуманизм қағидасын сотталған адамға жеңілдіктер жасау деп біржақты түсінуге болмайды, Бұл қағиданың мазмұнында, қылмыскерлердің қауіптілігіне қарай қаталдықты қолдану арқылы, қоғам үшін дұрыс, ізгі қатынас жасалады деген ұғым да жатыр.

Демократизм және жариялылық қағидасы сотталған адамдардың хал-жағдайымен қоғамның хабардар болуын білдіреді. Қылмыстық жазаны атқару қызметі барлық жаза түрі бойынша жабық түрде жұмыс істемейді. Бас бостандығынан айыру жазасын атқаратын мекемелер де мемлекет, қоғам алдында жабық жұмыс істемейді. Ондай түзеу коллониялары мемлекет, қоғам тарапынан бақылауда болып, өздерінің жұмыстары туралы мемлекет алдында есеп беріп отырады. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметі баспасөз, ақпарат құралдары үшін ашық жұмыс істейді. Демократизм қағидасы сотталған адамдардың баспасөз алдында сөз сөйлеуімен, пікірін білдіруімен де анықталады. Демократизм қағидасы сотталған адамды қылмыстық-атқару қатынасының субъектісі ретінде танумен көрініс береді. Жазаны өтеу кезінде олардың конституциялық кейбір құқықтары мен мүдделері бұлжытпай сақталады [3].

Баршаның заң алдындағы теңдігі қағидасы сотталған адамның нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шығу тегі мен әлеуметтік жағдайына қарамай, олардың заң алдында теңдігін білдіреді. Ол мемлекеттің негізгі байлығының бірі болып табылады және әр адамның ұлтына, дініне, мүліктік және т.б. жағдайларына қарамай заң алдында теңдігі конституциялық нормалардын туындайды. Барлық қазақстандық азаматтар Қазақстан Республикасы азаматтары үшін берілген құқықтарды иеленеді және міндеттіліктерді атқарады. Сол сияқты сотталған адамдар да өздерінің жеке ерекшеліктеріне қарамай заң алдында бәрі бірдей, бәрі тең болып есептеледі. Және бірдей құқықтар мен міндеттіліктерді атқарады. Адамды нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, саяси, діни сеніміне, әлеуметтік жағдайына қарай алалауға, бөліп қарауға, осы негізде артықшылықтар мен жеңілдіктер беруге жол берілмейді.

Жазаларды атқарудың саралану (дифференциация) қағидасы сотталған адамдарды белгілі бір категорияларға бөлуді талап етеді және жазаны атқарушы орындарда әр категориядағы сотталған адамдарды бөліп ұстауды білдіреді. Сотталған адамдарды әртүрлі категорияларға немесе топтпрға бөлу негізі, олардың жынысы, жасы, қылмыстарының рецидивтілігі, жазаның түрі, түзеу мекемелеріндегі мінез-құлқы, т.б. бола алады. Бір тектес топтағы сотталған адамдарды басқаларынан бөліп жаза өтету, түзеу шараларын қолдануға және сотталған адамдармен түзеу мекем елерінің жұмыс істеуіне ыңғайлы болып табылады.

Жазаны атқарудың жеке-даралығы (индивидуализация) қағидасы сотталған адамдарды топтастырғанда құқықтық белгілерді қолдануға итермелейді. Бұл қағиданың негізі ретінде, сотталған адамның жасаған қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипаты, қылмысты жасау жағдайы, сотталған адамның мінез-құлқындағы жекелеген ерекшеліктері және олардың түзеу мекемелерінде жаза өтеу кезіндегі мінез-құлқының өзгеруі алынады. Сотталған адамның түзеу мекемесінде жаза өтеу кезінде, мінез-құлқы өзгеріп отыруы мүмкін. Соған сәйкес, ол адамға түзеу шарасын қолдану көлемі мен түрі де өзгеріп отырады. Жаза өтеу кезінде сотталған адамдар қоғамға деген пікірі бір-біріне ұқсас, өзі тәріздес адамдармен бірге ұсталады. Бұл қағиданың көрінісі, сотталғандардың мінез-құлқының өзгеруіне қарай жазаны ауырлатуды немесе жеңілдетуді қолданғанда анық байқалады. Жалпы айтқанда, қылмыстық-атқару заңының негізгі мақсатының бірі, сотталғандарды түзеу болғандықтан, жазаны жеке-дара атқару қағидасын жазаны атқарушы мекемелердің жұмысында басшылыққа алынатын негізгі қағида деуге болады [4].

Жазаны түзету ықпалымен жалғастыру қағидасы сотталған адамдарға қолданылатын түзеу құралдарын кешенді түрде қолдануды міндеттейді. Сотталғандармен түзеу жұмыстары жалпы және жеке жүргізіледі. Жалпы түрде барлық сотталғандарға ортақ түзеу тәсілдері қолданылса, жеке түрінде әр адамға көңіл бөлінеді. Ол адамның мінез-құлқындағы ерекшеліктерді ескере отырып, жекеше жұмыс жасау қажет болады. Әрине, сотталған адамдар жаза өтеп жатқандықтан, жазаның құрамының бір белгісі жазалауды да басынан кешіреді. Жазаны түзеу ықпалымен байланыстыра атқарғанда адамды жазалау және тәрбиелеу шаралары біріктіріле қолданылады. Бұл шаралардың көлемі мен жүйесі, жазаның түріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Оны қолдану сотталған адамды түзеу үшін міндетті, әрі қажетті. Келтіріп отырған қағидалардың өмірде көрініс алуы адамның құқықтық санасын, моральдық сапасын көтереді, сондай-ақ жазаны өтеу мен орындаудың әділетті екендігін көрсетеді.

Жазаны атқару жұмысын тым ауырлатып немесе жеңілдетіп жүргізу де қауіпті. Яғни тым ауырлдатып немесе жеңіл түрде жазаны өтеу де әділеттілікке әкелмейді. Ал, нәтижесінде жазаның мақсатына жету тіпті қиындайды [5].

Жазаны түзеу ықпалымен байланыстыру мәселесі қылмыстық-атқару ғана емес, мемлекеттің, қоғамның алдындағы мәселе болып отыр. Себебі бұл қағидаға келгенде қоғамда қарама-қайшы пікірлер қалыптасты. Біреулер сотталған адамдарды «ендігі жерде адам болуы қиын» - деп, күмән келтіреді. Бұл ойдың қандай да бір деңгейде шындығы бар болар. Бірақ, сотталғандарды түзеу үшін заң нормаларында дұрыс бағыттар көрсетілген. Бұл бағыттар әлі де жеткіліксіз болуы немесе әлі де толықтыруды қажет етуі мүмкін. Қылмыс жасаған немесе сол жолға бейімделген адамдарды түзеу, күрделі мәселе болып қалуда. Оның тәсілдері мен амалдары әлі де зерттелуге жатады.

Қылмыстық-атқару заңының қағидаларын сақтау – сотталған адамдарды түзеу бағытындағы барлық жұмыстарға жағдай жасайды.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. С.М.Әпенов. Қылмыстық-атқару құқығы – Алматы. ҚазМЗА. 2011

  2. Толеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. – Алматы, 2013. 132-205-беттер.

  3. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право РК. – Алматы: Жеті жарғы, 1998.

  4. Ақпарова Р.Н. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары. – Алматы: «Дәнекер», 2010.

  5. Өтебаев Ғ.Қ. Сотта мүдделерді білдіру. ҚР әділет органдары, мемлекеттік және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты. – Астана, 2014. – 204 б.

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> ТалдықОРҒан қаласы бойынша жартылай дайын ет өнімдерінің сапасын анықтау
2016-04 -> ТҰТЫҚпаны түзету әдістері ерғалиева Гүлім Бексұлтанқызы
2016-04 -> Азаматтық ҚҰҚЫҚ Қатынастардағы заңды тұЛҒалар түсінігі имангалиев Самат Сайлаубекович
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Желтоқсан оқИҒасына қатысқан жастардың ерлік мұрасы арқылы жасөспірімдерге патриоттық ТӘрбие беру боранбай Қуат
2016-04 -> Стресске төзімділік психологиялық саулықТЫҢ кепілі б. Е. Күребай
2016-04 -> Балқаш ойысындағы рай көлінің емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы алатын орыны
2016-04 -> Тері ауруларына қолданатын негізгі дәрілік өсімдіктердің ТҮр ерекшеліктерін, химиялық ҚҰрамын зерттеу. Б. Б. Мұхамедярова


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет