Иә, мемлекеттік қызметкерлер ді жалғандық детекторы арқылы тек



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата24.10.2018
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ИӘ

– Иә, мемлекеттік қызметкерлер-

ді жалғандық детекторы арқылы тек-

серу өзінің оң нәтижесін береді деп 

ойлаймын. Жалпы, жемқорлықпен 

кү ресуде барлық амал-тәсілдерді қол-

данған жөн. Осы орайда жалғандық 

де текторы да жемқорлықпен күресуде, 

мемлекеттік қызметкерлерді іріктеуде 

өз септігін тигізер еді. 

Мемлекеттік қызметкерлер елді 

басқарып отырған азаматтар болғаннан 

кейін оларды іріктеуде үлкен жауапкер-

шілік қажет. Бұл орайда жалғандық 

детекторының көмегіне сүйенуге әбден 

болады. Жалпы, елімізде жалғандық 

детекторынан өту үшін міндетті түрде 

адамның өзінің келісімі керек.   



ЖОҚ

– Жоқ, жалғандық детекторы жем-

қорлықпен күресуде жақсы тәсіл ем ес. 

Жалғандық детекторын қол 

дану жем-

қорлықтың алдын алып, азамат 

тары-

мыздың келеңсіз қылықтан бойын ау-



лақ салуына өз септігін тигізетініне сену 

қиын. Өйткені мұның бәрі — тәрбие мен 

са наға байланысты нәрселер. 

Жалғандық детекторымен терге ген-

нен гөрі біз азаматтарымызды адамгер-

шілікке тәрбиелеп, патриоттыққа бау лы-

сақ, имандылыққа шақырсақ әл де қай да 

тиімді болар еді. Осылай ша, азамат-

тарымыздың  санасына  өз ге ріс  ен гіз сек, 

тіпті ешқандай детек тор дың қажеті бол-

май, азаматтарымыз халқына, еліне адал 

қызмет етіп, ел меншігі мен халық бай-

лығының қорғаушы сы на айналар еді.   

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Владимир НЕХОРОШЕВ, 

Парламент Мәжілісінің 

депутаты: 

– Соңғы он жылда шенеу-

ніктердің саны шамамен екі есеге 

өскен. Шамасы, бізде жыныстық 

қатынассыз тек шенеуніктер ғана 

көбейетін болғаны. 



(Дүйсенбі күні Парламент 

Мәжілісінде «2011-2013 

жылдарға арналған республикалық 

бюджет туралы» заң жобасының 

таныстырылымы кезінде айтқан сөзі)

№157 (383) 

14 қыркүйек

сейсенбі


2010 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

3-бетте

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, 

Мәжіліс депутаты:

Айдар ҚЫРЫҚБАЕВ, 

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты 

«Заңғар» шығармашылық бірлестігінің төрағасы: 

2-бет

5-бет

7-бет

Қыздарымыз қажырлы, 

жігіттеріміз жігерсіз

Қасиет қонған пір Бекет



C

M

Y

K

C

M

Y

K

Шенеуніктер 

15 пайызға қысқарады

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,24

188,73

4,79

21,78

1,28

10462,77

1487,43

1450,85

78,55

1246,3

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы 

сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасына 

мемлекеттік қызметкерлерді жалғандық детек-

торы арқылы тексеру туралы ұсыныс енгізіп отыр. 

Жоба бойынша мемлекеттік қызметкерлердің 

барлығы емес, тек белгілі бір мемлекет-

тік қызметтегілерді, атап айтқанда, қызметі 

қаржылық мәселелермен, материалдық жа-

уапкершілікпен тікелей байланысты шенеу-

ніктерді жалғандық детекторының сүзгісінен 

өткізу ұсынылуда. Аталмыш жоба әзірге пар-

тия филиалдарының талқысына ұсынылуда. 

Егер жоба қолдауға ие болған жағдайда «Нұр 

Отанның» саяси кеңес бюросының кеңейтілген 

отырысында қабылданады. Осы орайда мем-

лекеттік қызметкерлерді жалғандық детекторы 

арқылы тексеру жемқорлықтың жолын кесе ала 

ма деген сауалды біз де мамандар назарына 

ұсынып көрген едік.

Шарқ ұрып іздеген ұлттық 

идея Үкіметтен табылды

Жалғасы 2-бетте

Үкіметтің селекторлық жиынында талқыға түскен 

мәселенің бірі Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму 

бағдарламасының жүзеге асуы болды. Вице-премьер 

әрі индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет 

Исекешевтің айтуынша, биыл іске қосылатын 47 жобаға 

бөлінген 4,9 трлн теңгенің 270 млр-ды игерілген. «Бізде 

2010 жылдың соңына дейін іске қосылуға тиіс тағы 80 жоба 

бар», – деп атап өтті Әсет Исекешев. Ал Премьер-министр 

Кәрім Мәсімовтің ойынша, Қазақстанда инновациялық 

индустрияландыру ұлттық идеяға айналуға тиіс. «Мемлекет 

басшысы индустрияландыру саясатына, индустриялық-

инновациялық бағдарламаға қатысты осындай шешім 

қабылдап, сол жерде инновациялық индустрияландыру 

мәселесін ұлттық идея деңгейіне дейін көтеру туралы нұсқау 

берді», – деді К. Мәсімов.

Осыған байланысты ол Әсет Исекешевке арнайы 

ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. «Республикалық маңызы 

бар жобалау нысандарының басшыларына, облыстар, 

Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне екі 

аптаның ішінде өндіріс орындарына жеке өздері ба-

рып, олардың жүзеге асырылу барысымен танысуды 

тапсырамын. 

Елімізде 

жүзеге асырылып 

жатқан Үдемелі 

индустриялық-

инновациялық 

бағдарлама ендігі 

жерде ұлттық 

идеяға айналуы 

тиіс. Үкіметтің 

кешегі селекторлық 

отырысында ортаға 

осындай ой тасталды.

Бағдат ТЕЛТАЕВ:

ДАТ!

6-б

етте

Ақылы жол 

қызметіне жүгінуді 

халықты тонау деп 

түсінбеу керек

Бағдат ТЕЛТАЕВ:

6-б

етте

Ақылы жол 

қызметіне жүгінуді 

халықты тонау деп 

түсінбеу керек

у

АУ



А Р

АЙЫ


Алматы облысында 

жер сілкінді

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндер рес-

публика аймақтарының басым бөлігінде ызғарлы 

болады. Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтары-

нан бас талған суық ауа ағыны оңтүстік өңірлерді 

де айна лып өтпейді. Дәлірек айтқанда, бүгін түнде 

Алматы және Жамбыл облыстарында сынап бағанасы 

0-3 градусқа дейін төмендеп, күн суытады. Бұл күні 

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауса, рес-

публиканың шығыс өңірлерінде жауынның соңы қар-

ға ұласады деп болжанып отыр. Мұнда сынап баға-

насы түнде 0-5 градус суық, ал күндіз 10-15 градус 

шамасында жылы болады. «Қазгидромет» РМК ма-

ман дарының мәліметіне сүйенсек, алдағы тәулік тер-

де ауа температурасы Батыс Қазақстан облысында 

өзге аймақтарға қарағанда, біршама жоғарылайды. 

Мәселен, бүгін түнде бұл өңірде термометр көрсеткіші 

10-18 градусты көрсетсе, күндіз 20-27 градусқа тең 

бол мақ. Кей жерлерде сынап бағанасы 31 градусқа 

де йін көтерілуі де ықтимал. 



Марина ШМИДТ, «Қазгидромет» РМК 

Болжамдар басқармасының жетекші инженері:

– Қолайсыз ауа райы, дәлірек айтқанда, түнде 

ызғар болатыны жайлы ескертпе тек Алматы жә не 

Жамбыл облыстарын қамтиды. Ал республика ның 

өзге оңтүстік аймақтарында сынап бағанасы түн-

де 3-10 градус жылы болады деп болжанып отыр. 

Жалпы, еліміздегі суық ауа ағыны қыркүйек тің 

15-16-сынан кейін басылып, күн қайта жылиды. 

Мәселен, солтүстік өңірлерде орташа ауа темпе-

ра турасы 17-23 градусқа дейін көтеріледі. 

Жансая СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ

Бүркіт НҰРАСЫЛ

ОЙ-КӨКПАР 



Мемлекеттік қызметкерлерді жалғандық детекторы арқылы тексеру жемқорлықтың жолын кесе ала ма?

Келімсек ұйымның кеселі

ТҮЙТКІЛ


Алматы облысында қуаты Рихтер шкаласы 

бойынша 3-4 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл 

туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің 

мамандары хабарлады. 

Министрлік қызметкерлері таратқан мәліметке 

сүйенсек, оқиға өткен жексенбіде, яғни қыркүйектің 

12-сі күні кешкі сағат 19.01-де Алматы облысы 

аумағында болған. Эпицентрі оңтүстік астанадан 

солтүстікке қарай 220 шақырымда тіркелген жерасты 

дүмпулерінің әсері Алматы қаласында MSK-64 

шкаласы бойынша 2-3 балл шамасында сезілсе, 

Талдықорғанда 3-4 балға жеткен. Мамандардың 

мәлі 


метінше, зілзала қуаты тұрғындар мен 

нысандарға ешқандай зардабын тигізген жоқ. 

Айта кетейік, мұның алдында ҚР cейсмология 

институтының мамандары қыркүйектің 9-ы мен 15-і 

аралығында Алматы облысы аумағында MSK-64 

сейсмикалық шкаласы бойынша айтарлықтай жер 

сілкінісі байқалмайтынын хабарлаған болатын. 

ЗІЛЗ


АЛ

А

Оңтүстікте ызғар болып, 



шығыста қар жауады

Алдағы тәуліктерде еліміздің оңтүстік 

аймақтарында ызғар болады. Шығыс Қазақстан 

облысында қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Бұл 

туралы «Қазгидромет» орталығының мамандары 

хабарлады.

Тоқал ешкі 

жаратқаннан мүйіз 

сұраймын деп, 

құлағынан айырылған 

екен. Қазіргі балалар 

ойыншығына 

қатысты көрініс те осы 

келеңсіздіктің кебін 

киіп тұрған сыңайлы. 

Қуыршақтарды 

қашан қазақы 

кейіпке ендіреміз 

деп жүргенде, одан 

да сорақысы шықты. 

Біз балаларымызға 

ойыншық емес, у әперіп 

жүр екенбіз. 

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағының бірнеше 

дүкен мен базарында уланған ойыншықтардың саудаға 

түсіп жатқаны анықталды. Бұл туралы облыстық про-

куратураның баспасөз хатшысы Тамара Өтелбекова ха-

барлады. Прокуратураның пәрменділігімен мемлекет тік 

санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті ОҚО 

бойынша департаменті облыс аумағындағы сауда нүк-

телерінде сатылып жатқан балалар ойыншықтарының са-

пасына тексеру жүргізген. 



Тамара ӘУЕЗҚЫЗЫ, 

облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы:

– Тексеруге алынған 267 полимер затынан жасал-

ған ойыншықтардың 22-сінде қорғасын, кадмий 

секілді ауыр металл қоспалары (концентрациялары) 

рұқсат етілетін мөлшерден екі есеге дейін жоғары 

болған. Сондай-ақ формальдегид, фенол секілді 

зиянды химиялық қоспалардың да құрамы көп екені 

анықталды. 

Мамандардың тексеру қорытындысына сүйенсек, 

литріне 0,1 миллиграмм мөлшерден аспауы тиіс фор-

мальдегид 0,41, осынша көлем рұқсат етілген фенол дың 

құрамы 0,15 миллиграмды құраған. Мұның бала ден-

саулығына айтарлықтай қауіп төндірері сөзсіз. Сапасыз 

ойыншықтар анықталған сауда орындарының арасында 

базарлармен бірге, Шымқаладағы ірі деген «Дархан» 

атты сауда орталығы мен «Ордабасы», «Мерей» секілді 

орталық дүкендер де бар. Осы оқиғадан кейін «Ойыншық 

қауіпсіздігі туралы» заңға сәйкес, ойыншық сатушылардың 

ойыншықтарды сатуын тоқтатуға ұйғарым жасалды. 



Шадияр МОЛДАБЕК

Жалғасы 3-бетте

Мансұр Х


АМИТ (фо

то

)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№157 (383) 14.09.2010 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Тәуелсіздігі мойындалмаған мемлекеттердің одағы бар 

деп естіп едім. Ол қандай одақ және оған қандай мемлекеттер 

мүше?

Қанат АРМАНҰЛЫ, Алматы

Тәуелсіз мемлекет ретінде 

мой ын далмаған  мемлекеттер дің 

одағын құру идеясы 1992 жы лы 

туғанмен, тек сегіз жыл өткен-

нен кейін жүзеге асты. Бұл одақ-

тың құрылғанына да он жылға 

жуықтады. 2000 жылдың 20 

қарашасында Тираспол қала-

сын 


да Абхазия, Таулы-Қара 

бақ, 


Прид 

нестрлік Молдава және 

Оң түс тік  Осетия  республикала-

ры мойындалмаған мемлекеттер 

ода 

ғын құруға келісті. «СНГ-2» 



деп аталатын құрылымның үнемі 

жұ мыс істейтін сыртқы істер ми-

нистрлер кеңесі және сарапшылар 

деңгейіндегі консультативті кеңе сі 

бар. Алғашында аталған ел дер-

дің басшылары жылына екі реттен 

бас қосып тұруды ұй ғарған. Алай-

да түрлі себептерге бай ланысты 

уәде орындалмай жатады. 

САПАР


Мемлекеттік ресурстардың есебінен 

шетелдік туризмді дамытқанша, одан да 

еліміздегі нысандарды аралап көріңіздер», 

– деді Премьер-министр. 

 

СОЛТҮСТІК ӨҢІР СУЫҚТАН 

ҚОРЫҚПАЙ МА?

Еліміздің қысқы маусымға дайын-

дық барысын индустрия және жаңа 

технологиялар вице-министрі Бейсенбай 

Тұрғанов баяндап берді. Тұрғановтың 

сөзіне сенсек, еліміз алдағы қыста 

«тұралай» қоймайтын сияқты. «Себебі 

қазіргі уақытта еліміздің электр стан-

сыларында барлығы 3,5 млн тонна 

көмір қоры жатыр. Бұл өткен жылдың 

деңгейінен 113 пайызға жоғары», – деп 

ке ле жатқан вице-министр біраз кібіртік-

теп қалды. Сөйтсек, көмір қоры жеткілікті 

болғанымен, мазут жағы біраз қиындық 

тудырып отырған көрінеді. «Қысқы 

маусымға мазут дайындау барысында 

біраз кешігіп қалдық. Қазіргі уақытта 1 млн 

тоннадан астам мазут қоры бар. Бұл өткен 

жылдың деңгейінен сәл төмен. Өңірлерге 

мазут жеткізу жұмыстары бекітілген кесте 

бойынша осы жылдың 1 қазанынан 

басталады. Біз бұл кемшіліктің орнын 

толтырамыз деген үміттеміз», – деді вице-

министр.


Қысқы мерзімге дайындығымыз 

керемет деп күпінгенімізбен, тиісті дең-

гейдегі жұмыстардың әр өңірде түрліше 

жүріп жатқанын айтып, мұң шаққандар 

да табылды. «Жылыту маусымына 

дайындалу үшін барлығы 716 шақырым 

жылу трассаларын жөндеу жоспарланған. 

Бүгін оның 97 пайызы, яғни 692 шақы-

рымы жөнделіп бітті. Алайда бірқа 

тар 


өңірлерде биылғы жылыту маусы 

мына 


дайындық барысында проблема 

лар 


да жоқ емес», – дейді Құрылыс және 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 

істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин. 

Бір қызығы, «ескі жау атыспаққа жақсы» 

демекші, шуақты күнінен аязы мен бораны 

көп болатын Солтүстік Қазақстан облысы 

дайындыққа аса мән бере қоймаған. 

Нокиннің айтуынша, бұл өңірде сумен 

жабдықтау желілерінің тек 75 пайызы 

ғана жөнделген. 

Керісінше, кәрі құда – қаһарлы 

қысқа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс 

Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыс-

тары және Алматы қаласы жақсы дайын-

далыпты. 

ЗАҢСЫЗ ТЕКСЕРУЛЕРГЕ 

МОРАТОРИЙ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН

Отырыста «Атамекен» ұлттық эко-

номикалық палатасының төрағасы Азат 

Перуашев жаңа бастама көтерді. «Бізге 

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасына 

қатысуға өтініш берген кәсіпорындарға 

түрлі тексеруші органдар жиі «шабуылдап» 

жатқаны туралы хабарлар түсіп жатыр. Бұл 

кәсіпорындар іс жүзінде бағдарламаға 

ене алмай, жан-жақтан келіп жатқан 

тексерулерден көз аша алмай отыр. Сол 

себепті «Индустрияландыру картасы» 

мен «Жол картасына» енгізілген кәсіп-

орындарды тексеруге мораторий енгіз-

ген жөн», – дейді А.Перуашев. Азат 

мырзаның бұл ұсынысына Премьер-ми-

нистр қолдау білдірді. «Мен бұл идеяны 

қолдаймын және бұл мәселені Мемлекет 

басшысының қарауына ұсынамын. Ұсы-

нысты Президенттің Жарлығы аясында 

қарастырып, тиісті заңнамаға өзгеріс енгізу 

керек. Барлық бақылаушы және құқық 

қорғау органдары жоғарыда айтылған 

кәсіпорындардан аулақ жүрулері тиіс», 

– деп атап өткен Кәрім Мәсімов Әділет 

министрлігіне мәселені шешу үшін құқық 

қорғау органдарын реформалау жөніндегі 

комиссияға арнайы ұсыныстар енгізуді 

тапсырды. 

Астана

Елбасы елдің индустриялық 

«локомотиві» атанған өлкеде

Жуырда Еуропада сығандарға қатысты үлкен дау болды. Менің білгім 

келетіні, ол неден пайда болды және әлемдегі сығандардың саны қанша?

Нартай АЗАМАТ, Қарағанды

Әлемде қанша сыған бар?

Еуропа үшін сығандар мәселесі – соңғы 

бір-екі аптаның ғана емес, сан жылдар-

дан бері созылып келе жатқан бас ауру. 

Оның себебі сығандар жергілікті мекен-

нің заңдарын құрметтемей, қылмыстық 

оқиғаларды өте жиі тудырады. Соған 

байланысты жуырда Италия мемлекеті 

заңсыз мигрант болып есептелетін 

сығандарды, тіпті олар Еуропа азаматы 

болса да, елден шығарып салу жөнінде 

шешім шығарған еді. Қылмысқа көп 

баратындығына қарамастан, сығандар 

– Еуропадағы ең кедей әрі денсаулық 

көрсеткіші бойынша ең нашар жағдайда 

тұрған нәсіл. 

Жалпы, әлемдегі сығандардың саны 

шамамен 18 миллионнан асады. Соның 

10 миллионы — Еуропа тұрғындары, олар 

әсіресе Румыния, Италия Испания жә-

не Болгария, Словакия, Чехия, Венгрия 

сынды Шығыс Еуропа елдерінде көп 

шоғырланған.

Тәуелсіздігі танылмаған мемлекеттердің одағы бар ма?

«Бейбіт миссия – 2010» оқу-жат-

тығуы Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық 

әскерлерінің «Мәтібұлақ» полигонын 

да 

Қытай, Ресей, Тәжікстан және Қыр ғыз-



стан ның әскери бөлімшелерінің қаты суы-

мен өтеді. 

Оңтүстік астанада өткен Әскери-сая-

си кеңестен соң ұйым қарулы күштері 

бас штабтарының бастықтары ШЫҰ-ға 

мүше бес мемлекеттің қарулы күштері 

шоғырланып жатқан осы «Мәтібұлақ» по-

лигонына ұшып келді. Бұл жерде жоғары 

лауазымды меймандарға жаттығу жетек-

шісі, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы 

генерал-майор Мұрат Майкеев орын алған 

шартты жағдайды баяндап, аймақтағы 

коалициялық күштердің орналасуын жет-

кізді. Сондай-ақ бас штаб бастықтарын 

біріккен күштердің операцияларды орын-

дау барысында бірлесе қимылдау жоспар-

ларымен таныстырды. Одан соң бас штаб 

бастықтары біріккен күштердің далалық 

қосынында болып, инфрақұрылымы 

-

мен танысты. Жауынгерлердің моральдық-



психологиялық ахуалын байқады. 

Биылғы жаттығуға үш мыңнан астам 

әскери қызметші, үш жүздің үстінде әскери 

техника, елуден астам ұшақ пен тікұшақ 

тартылған. Олардың қатарында Қытай 

халықтық азат ету армиясы мен Ресей 

Федерациясы Қарулы Күштерінің әскери 

авиациясы да бар. 

Жаттығудың шешуші кезеңі 2010 жыл-

ғы 24 қыркүйекке жоспарланып отыр.



Сәкен ЖАСҰЗАҚОВ, ҚР ҚМ Штабтар 

бастықтары комитетінің төрағасы, 

генерал-полковник: 

– ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер 

түгелге дерлік қатысатын осындай 

үлкен деңгейдегі жаттығу ұйым тари-

хындағы сөзсіз маңызды оқиға деуге 

тұрарлық. Бұл жаттығулар әлемдік 

қауымдастыққа ШЫҰ-ның аймақтағы 

тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамта-

масыз етуге қауқарлы және замана-

уи қауіп-қатерлерге қарсы тұрарлық 

тапсырмаларды өз бетінше шешуге 

қабілетті екенін көрсете білуі керек.

Айбын БАҚЫТҰЛЫ

ҚОРҒАНЫС


«Бейбіт миссия» жалауын көтерді

Өткен жұмада Алматыда «Бейбіт миссия – 2010» террорға қарсы бірлес-

кен әскери оқу-жаттығуы шеңберінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына 

мүше мемлекеттер қарулы күштері бас штабтары бастықтарының 

қатысуымен әскери-саяси кеңес өтті. Кеңес барысында Шанхай 

ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің әскерлерін шартты 

дағдарыс жағдайын реттеуге пайдалану туралы ұсыныстар қарастырылып, 

жан-жақты пысықталды. Ал «Бейбіт миссия – 2010» оқу-жаттығуының 

жетекшісі генерал-майор Мұрат Майкеев әскери-саяси кеңеске 

қатысушылардың назарына оқу-жаттығудың мақсаты мен маңызын, 

сондай-ақ шартты әскери-саяси жағдайды жеткізді.

Салтан СӘКЕН

МӘЖІЛІС


Шенеуніктер 

15 пайызға қысқарады

«Бізде 2001 жылы мемлекеттік қыз-

меткерлер саны 65 мың болған, 2005 

жылы – 94 мың, ал 2010 жылы 102 

мың 747-ге жеткен. Екі есеге жуық өсіп 

отыр», – деді кеше Мәжілісте өткен 2011-

2013 жылға арналған республикалық 

бюджеттің тұсаукесерінде депутат Влади-

мир Нехорошев. «Шенеуніктердің көбеюі 

мемлекетті байлыққа жеткізбейтінін» 

айтқан депутат 2011 жылы олардың саны 

тағы өсе ме, әлде қысқара ма — соны біл-

гісі келіпті. 

Сөйтсек, Үкімет мемлекеттік қыз мет-

керлердің санын қысқарту туралы Пре-

зидент жарлығының жобасын әзірлеп 

қойған екен. Жобаға сәйкес, 2011 жылы 

мемлекеттік қызметкерлердің саны 15 

пайызға қысқармақ. «Күштік құрылым 

ведомствосындағы қызметкерлерді есеп-

ке алмағанда, 2011 жылы 15 мың 351 

мемлекеттік қызметкер қысқарады. Ал 

орталық аппараттағы күштік құрылым 

қызметкерлерінен 9 мың 315 адам 

қыс 

қарады. Әскери бөлімшелердегі 



қыз 

меткерлер қысқартылмайды», – 

деді қар жы министрі Болат Жәмішев 

депутат тың сауалына жауап беріп. Яғни 

бәрін қос қанда 24 мың 666 адам мем-

лекеттік қызметтен босатылады. Де-

мек, 164 мың 440 адамның 15 пайызы 

қысқарады.



40 ДОЛЛАР 

КӨКТЕН АЛЫНҒАН ЖОҚ

Болат Жәмішев 2011-2013 жылға 

арналған республикалық бюджет ту-

ралы заң жобасына қатысты баяндама 

жасады. Баяндамасына сәйкес, 2011 

жылы еліміздің ішкі жалпы өнімін 105 

пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал 

Болат Жәмішевтің айтуынша, мұ-

найдың экспорттық баж салығының тон-

насына 40 долларға көбеюі жер қойна-

уын пайдаланушыларға салынатын салық 

жүктемесінің көбеюіне әкеледі. Яғни жер 

қойнауын пайдаланушы компанияларға 

салынатын салық жүктемесі келесі жылы 

68,4 пайызға жетеді. Бүгінде тоннасына 

20 доллардан есептегенде, салық жүк-

темесі елімізде 62 пайызды құрап отыр. 

Бұл бюджет түсімін арттыруға мүмкіндік 

береді. 68,4 пайыз деген мұнай өндіре-

тін өзге елдердің көрсеткішінен көп 

емес. Салыстыру үшін Норвегияда жер 

қойнауын пайдаланушы компанияларға 

салынатын салық жүктемесі – 78 пайыз, 

Ұлыбританияда – 75 пайыз, Ресейде 74 

пайызға дейін екендігін алға тартып, 40 

долларды көктен алмағандарын айтқан 

Болат Жәмішев: «Біз бәрін есептедік, ең 

алдымен кәсіпорынның экономикасына 

зиян тимеуін ойладық», – дейді. 

Астана

инфляцияның деңгейі 6,8 пайыз бо-

лады деп күтілуде. Сыртқа шығатын 

мұнайдың құны бір барреліне 65 дол-

лар болмақ. Бюджеттің жалпы түсімі де 

2011 жылдан бастап өсе бермек. 2011 

жылы – 4,1 триллион, 2012 жылы – 4,3 

триллион, ал 2013 жылы 4,6 трилли-

он болады деп жоспарланған. Негізі-

нен, бюджеттің шығыс бөлігінің көбі 

Елбасының Жолдауы негізінде, яғни 

жұ мыс сыздықпен  күресуге,  халықтың 

әл-ауқатын арттыруға, агрокешенді да-

мытуға, шағын және орта бизнесті кө-

теру ге  жұмсалмақ. 

«Бұл бюджеттің ерекшелігі мұнайдың 

экспорттық кедендік баж салығының 

тоннасына 20 доллардан 40 долларға 

көбеюінде болып отыр. Бұл дегеніңіз ендігі 

жерде бюджеттің кіріс бөлігіне қомақты 

қаржы түсетінін білдіреді», – деді Пар-

ламент Мәжілісінің депутаты Төлебек 

Қосмамбетов журналистердің қойған 

сұрағына. 



Каталог: userdata -> editions -> pdf


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет