I. Темперамент ұғымы II. Темперамент туралы теориялар III. Темперамент түрлері



Дата03.07.2017
өлшемі445 b.



I. Темперамент ұғымы II. Темперамент туралы теориялар III.Темперамент түрлері



Темперамент – 25 ғасылдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тінінің биологиялық және физиологиялық құрылымымен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.





Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б,э,д, II) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:

  • Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б,э,д, II) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:

  • Сангвиник(sangius-қан)

  • Флегматик(phlegma-шырыш)

  • Холерик(chole-өт)

  • Меланхолик(melanchole-запыран)

  • Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүз жылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді



Адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология. Бұл теорияның негізін қалаған – Э.Кречмер.Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:







  • И.П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе- теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П. Павлов жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:

  • күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;

  • күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;

  • күшті, қозуы басым – холерик;

  • әлсіз тип – меланхолик.





  • Сонымен, И.П. Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті – жоғарғы жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.



  • Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтернің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт түрінің психологиялық сипатын түзу үшін төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда:

  • Сезімталдық

  • Жауап-әрекетке келу

  • Белсенділік

  • Жауап-әрекетке келу мен белсенділік қатынасы

  • Икемділік

  • Жауап-әрекет қарқыны

  • Экстраверсия, интраверсия

  • Сезімдік қызбалық



  • Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман психологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы төмендегіше:



Сангвиник Жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Әдетте бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субьектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді обьектив бағамдауға бейім, экстраверт





Флегматик Әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайтуда оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол міз бақпас. Жаңа адмдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді, интраверт



  • Меланхолик

  • Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп – толық интраверт.





Сонымен, темперамент – бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы.





Каталог: ebook -> umm
umm -> «Мал патологиясы» пәнінің 5В120200 -«Ветеринариялық санитария», 5В120100 -«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқытушыға арналған ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы әдістемелік нусқаулар 1-тарау. Жалпы ережелер
umm -> Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий
umm -> Ауыр металдар
umm -> Бауыржанова А. З., Асенова Б. К., Тері және былғары өнімдерін өңдеу технологиясы Оқу құралы мазмұНЫ
umm -> Былғары және мех өҢдеу технологиясы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет