І облыстық «Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі» байқауы Байқаудың мақсаты мен міндеттері



Дата11.04.2018
өлшемі45.16 Kb.
#66925
І Облыстық «Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі» байқауы

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Ер баланы батылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу;

Бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру;

Шығармашылыққа және жасампаздыққа баулу;

Қабілеттері мен дағдыларын, ізденушілік қасиеттерін дамытып, танымдық қызығушылықтарын ынталандыру;

Жасөспірімдерді қоғамдық көпшілік шараға белсенді ат салысуға баулу, оларды сенімділікке, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Байқаудың өткізу мерзімі және тәртібі

Байқауға қатысу сұраныс-өтініштері 2017 жылдың 9-15 наурыз аралығында қабылданады. Байқауға 2017 жылғы 15 наурызынан кейін түскен және ереже талаптарына сай келмеген сұраныстар қарастырылмайды.

Жас ерекшелігі сай келмеген қатысушылар байқауға қатыспайды;

Байқауға қатысу үшін 1000 (бір мың) теңге қатысу жарнасы төленеді. Жарна 15.03.2017ж кейін төленсе, жарамсыз боп есептеледі.



Қосымша дерек: қалалық оқушылар Сарайының оқушылары байқауға қатысу жарнасын төлемей қатысады.

    1. Қатысу жарнасы Fortebank бөлімшелерінде келесі ревизиттер арқылы жүргізіледі.

Реквизиты

ГГКП «Городской Дворец школьников»

ГУ «Отдел образования города Ақтобе»

Г.Актобе пр. Абилкаир хана, 50

РНН 061 800 067 290, КБЕ 16,

ИИК KZ35965Т151202674095 (код клиента №100433)

БИК IRTYKZKA в АО «ForteBank»

БИН 990440001472

2.5. Байқауға қатысу үшін gdshaktobe@mail.ru электронды мекен-жайына келесі құжаттарды жіберу қажет:

1) Сұраныс 1- қосымшаға сәйкес;

2) Сканерден өткізілген қатысу жарнасы құжаты (түбіртек немесе төлем тапсырмасы);

3) Куәлік немесе төл құжат көшірмесі.

2.6. Сұраныс жіберу 9.03-15.03.2017ж. уакытынан кешіксе, қарастырылмайды.


  1. Байқауға қатысушылар

    1. Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің 9-10 класс білім алушылары қатыса алады.

    2. Жас ерекшелігі: 15-17 жас.

  2. Байқау талаптары

    1. Қатысушылар қосымша белгіленген дайындықтарға қатысуға міндетті, дайындықты жіберіп алған қатысушы байқаудан шеттетіледі (қатысу құқығынан айрылады);

    2. Байқауға өтініш жіберу арқылы, қатысушы байқау ережесінде көрсетілген барлық талаптармен келісетіндігін растайды.

    3. 17.03.2017ж сағ. 10.00де сахнада дайындық күні.

Қатысушлар назарына: сахнада LED экран орналасқан слайд, фильм, фон т.б. көрнекіліктеріңізді қосуыңызға болады. Музыка, фильм, слайдтарды 17.03.2017ж тапсырып тексеріп қарауыңыз талап етіледі. Байқау күні қосымша материалдар қабылданбайды.

  1. Байқау шарттары

    1. Байқау 3 бөлімнен тұрады:

  1. Таныстыру; 2. Өнер сайысы; 3. Тапсырма



  1. Байқаудың бағалануы

    1. Байқаудың ережесінде көрсетілген барлық талаптардың қамтылуы;

    2. Белсенді, жоғары деңгейдегі дайындығы;

    3. Байқау бөлімдерінің ерекшелігін аша білуі, жаңашылдығы;

    4. Талғампаздығы және тапқырлығы;

    5. Байқау «10 балдық» жүйемен бағаланады.

  2. Байқау әділ-қазылары:

Облыстық спорт бөлімінің мамандары, облыстық драма театрының әртісі, «Бриллиант» модельдік агенттігі директоры.

Байқауға телеканалдардар және ақпарат құралдары қатысады.

Байқау демеушілері:


  1. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау:

    1. Байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Әділ-қазылар шешімі өзгермейді және қайта қарауға жатпайды.

    2. Байқаудың жүлделі орындарына ие болған жеңімпаздар

І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен және «Сымбатты жігіт», «Батыл жігіт», «Ақылды жігіт», «Тапқыр жігіт», «Шебер жігіт», «Ержүрек жігіт», «Дарынды жігіт» номинациялармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

    1. Жеңімпаздар «Қалалық оқушылар Сарайының» инстаграмм парақшасы мен веб-сайтында жарияланады.

    2. Байқаудың шарттарына және бағалану ережелеріне әділ-қазы мушелері қосымша өзгерістер енгізуге құқылы.

    3. Анықтама телефоны: 8-702-311-40-01, 8-771-059-45-49 электрондық мекен-жайы gdshaktobe@mail.ru

І Облыстық «Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі» байқауының гала-концерті 2017 жылдың 19-наурыз, сағ. 10.00 қалалық оқушылар Сарайы акт залында өтеді.

Жанкүйерлер және көрмендердің концертке кіру билет құны 300 тг. Билеттерді алдын-ала ұйымдастырушылармен хабарласып алуға болады.

ЕСКЕРТУ:

Ережеде белгіленген мерзімнен кешігіп сұраныс жолдаған және кешігіп жарна төлеген үміткерлерге жарна қайтарылмайды. Ереже талаптарына мұқият болып, толық танысуыңызды сұраймыз.



(қосымша)

Қатысушының сұраныс-өтініш формасы (толық толтыру міндетті)



Аты-жөні толық

Жасы

Аудан, қала, ауыл атауы

Мектеп №, аты

Класы

Ұлты

Байланыс тел. эл.поштасы



























Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет