Хирургические болезни



бет1/4
Дата28.12.2016
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4
Хирургические болезни
?

Науқас 50 жаста, 12-елі ішектің жара ауруымен 8 жылдан бері ауырады. Соңғы 5 күнде көп ретті құсық болған. Анық дегидратация белгілері анықталды. Операция алдындағы дайындықты жүргізу үшін қышқыл негізді тепе-теңдіктің бұзылысын жою үшін не қолданылады:

- калий,глюкоза;

- магний


- бикарбонат

- кальций;

- полиглюкин
?

Науқас 28 жаста, төс артының ауыруына шағымдалып түсті.Ортаңғы бұғаналық сызық бойынша сол жақ қабырға асты аймағында жара анықталды. Кеуде рентгенограммасында жүректің ұлғайғанын және сол жақ синуста аз мөлшерде сұйықтық анықталады. Лапароскопия кезінде зақымдану анықталған жоқ. Хирургтың тактикасы қандай.

- ЭКГ бақылау;

- перикард пункциясы;

- жара ревизиясы;

- жедел түрде торакоскопия;

- жедел түрде торакотомия.
?

Науқас 26 жаста, кенеттен басталған іштің ауырғандығы және ішкі қан кету белгілерінің дамуынан соң 2 тәуліктен кейін операция жасалды. Ревизия кезінде-бауырдың диафрагмалық бетінің ІІ-ІІІ сегментінде көлемі 8х6 см эластикалық қоңыр –көкшіл түзілістің үстінен жарылған капсуладан тоқтамаған қан кету анықталды. Іш қуысына 1,5 л қан кетті. Бауыр гемангиомасы бетінің бейретті жарылғаны анықталды. Қан кету-жараны қысу арқылы тоқтатылды. Қанның реинфузиясынан кейін не істеу керек:

- жараны гемостатикалық губкамен тампондау;

- жараға гемостатикалық тігіс салу;

- жараны шажырқай аяқшасымен тампондап, гемостатикалық тігіспен бекіту;

- гепатофренопексия жүргізу;

- бауырдың ІІ-ІІІ сегментін резекциялау.
?

Асқазан жарасынан қан кетумен зардап шегетін науқасты жүргізілген емнен кейін шоктан шығарылды, бірақ жүргізілген консервативті шоралар гемостаздың толық қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді. Бұндай жағдайда не істеу керек?

- лапаротомия және асқазанды резекциялау;

- гастростома салу;

- гастростоманы қолдану;

-консервативті терапияны жалғастыру, Мейленграхт диетасымен;

-Лапаротомия, гастроэнтероанасомоз, тамырдан қан кетуді тоқтату
?

24 жасар ер кісіге, 5 сағаттан кейін іштің жабық жарақатына байланысты диагностикалық лапаротомия жасалынды. Бауырдың оң жақ бөлігінің висцеральды беткейіне, өтетін диафрагмальді беткейінде көлемі 12х15 см субкапсулярлы гематома анықталады.Іш қуысында қан және басқа зақымдану жоқ. Не істеу керек:

- гематоманы пункция жасап босату;

- капсуланы ашып, гематоманы босату;

- зақымдалған бауыр паренхимасын; диаметрмокоагуляциялау немесе гемостатикалық тігіс салу;

- бауыр асты кеңістігін дренаждау;

- іс-әрекет керек жоқ.
?

Өт тас ауруына байланысты жасалынып жатқан операция кезінде тасқа толы бүріскен өт қабы және 2 см-ге дейін кеңіген жалпы өт өзегі анықталды. Науқасқа қандай операция жасау керек:

- холецистэктомия жүргізу;

- холецистэктомия және холангиография жүргізу;

- бірден холецистэктомия және өзек ревизиясын жүргізу;

- холецистостома салу;

- үлкен дуоденальды үрпекті ревизиялаумен қатар дуоденоотомия жасау.
?

Диагностикалық лапароскопия кезінде іштің оң жақ бөлігінде серозды перитонит және 12-елі ішек буылтығының тесілген жарасы анықталды. Науқас 42 жаста, анамнезінде ойық жара жоқ,не істеу керек.

- жоғарғы орталық лапаротомия, тесілген жараны 2 қатар тігу.

- лапароскопиялық түрде тесілген жараны тігуге, екі жақты бағаналық ваготомия жасап көруге ұмтылу

- жоғары орталық лапаротомия, асқазан 2/3 резекциясы

- жоғары орталық лапаротомия, ваготомия, пилоропластика.

- тесілген жараны лапароскопиялық әдіспен тігу, іш қуысын жуу дренаждау.
?

Науқас 56 жаста қынап үстілік жатыр ампутациясынан кейін 2 аптадан кейін тік ішек арқылы дугласов кеңістігі ашылды 4 тәуліктен кейін ішек түйілу белгілері пайда болды. Релапоротомия жасалды. Ашып қарағанда іш қуысында жабыспа процессі анықталды, ащы ішек және мықын ішектің бастапқы бөліктері кеңіген, іші сұйықтықпен толған. Жамбас қуысында тығыз қабыну инфильтраты байқалады, мықын ішек 20-30 см бойы инфильтратқа интимді жабысқан. Бұл кездегі хирургиялық іс-әрекет қандай:

- инфильтратты ішектен бөліп алу;

- мықын ішек резекциясы;

- энтеро-энтероанастомоз;

- илео-трансверзоанастомоз;

- илеостома салу.
?

Науқас 26 жаста, қанмен қайта құсуына, үлкен дәретінің қара түсті өзгеруіне шағым айтады. Эритроциттері 2 млн, гематокрит 22, айналымдағы қан көлемінің дефициті 25%, Ps 110 минутына, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Шұғыл түрде гастродуоденоскопия жасалды – 12 елі ішектің созылмалы жарасы анықталды, түбінде тромбталған тамыр бар, асқазан қуысында аз мөлшерде «кофе тәріздес» сұйықтық. Сіздің тактиканыз қандай.

- жедел операция

- асқазан тамырларының эмболизациясы

- медикаментозды ем

- барлығы дұрыс

- барлығы дұрыс емес
?

Лапароскопиялық холецистэктомия жасау кезінде өт қабының қуысы тесіліп кетті, не жасау керек:

- лапаротомияға көшу;

- іш қуысынан конкременттерді алып, санациялау,

- өт қабын бөліп алуды жалғастыру;

- өт қабы тесігін тігу;

- тесілген тесікті поролон немесе дәкелі турундамен тампондау.

?

Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің диаметрі 3 см плеврамен байланыспаған перифериялық қатерлі ісігі бар, науқаста бронх - өкпе лимфа түйінінде метастаз анықталған кезде хиургиялық емнің оптимальді көлемі:



- сына тєрізді резекция

- сегментэктомия

- лобэктомия

- пневмонэктомия

- дұрыс жауап жоқ
?

Диагностикалық лапароскопия кезінде ісіну панкреатиті, ферментативті перитонит табылды, не істеу керек?

- лапаротомия, шарбы май қабын ашу, ұйқы безін мобилизациялау, холецистостомия жєне іш қуысын дренаждау;

- іш қуысын дренаждаумен шектеліп, әрі қарай консервативті еммен жалғастыру;

- лапаростома салу;

- лапаростомия, іш қуысы мен шарбы май қабын дренаждау;

- шарбы май қабы мен іш қуысын лапароскопиялық дренаждау, холецистостомия.
?

60 жасатьғы науқаста асқазан ойық жарасының тесілгені анықталды. Ауырғанына 14 сағат, оған операция жасау керек, таңдап алыңыз:

- селективті проксимальді ваготомияны асқазан тесігін тігумен ұштастыру

- ашылған тесікті тігу

- бағаналы ваготомия, жараны тігу және гастрэнтероанастомоз

- бағаналы ваготомияны Финней әдісімен пилоропластикамен қоса жасау

- асқазан резекциясы
?

Науқас 3 сағ бұрын сол жақ кеуденің пышақ жарақатын алған. Жағдайы ауыр. Есі шатасқан, денесі бозарған, еріндері көгерген, АҚҚ 80/20 мм.с.б. Перифериялық тамырларының соғуы анықталмайды. Кеуде жарасы 2 см, сол жақ парастернальды сызығы бойымен ІІІ қабырға аралық. Жүрек тондары тұйық, сол жақ өкпенің тынысы әлсіреген. Жүректің жарақатына күмән туды. Сіздің іс-әрекетіңіз:

- реанимациялық іс-шараларды бастау

- плевральды пункцияны жасау

- перикард пункциясын жасау

- қан құюды бастау

- алдын ала перикард пункциясын жасағаннан кейін дереу торакотомия жасау
?

Қысылған жарық жөнiнде жасалып жатқан операция үстiнде iрiңдi перитонит табылады. Ащы iшектiң 0,75 м кесiп алынады. Операцияны қалай аяқтау керек:

- iшектi "ұшы-ұшына" әдiспен жалғау

- iшектi "ұшын-бүйiрiне" әдiспен жалғау

- iшектi "бүйiрін-бүйiрiне" әдiспен жалғау

- iшектiң екi ұшында iштiң алдыңғы iргесiне шығару

- iшектi "ұшын-ұшына" әдiспен жалғап бойына анастомоз аймағына дейiн түтiкше орнату
?

Iш қуысына өткен жарақаты бар науқасқа ішағзаларына ревизия жасағанда ащы iшектiң бiрнеше жерден зақымдалуы табылды (20 см аралықта 6 жара, көлемдерi 2,1-0,5-1 см). Операция көлемi қандай

- жараларды жеке-жеке тiгу

- ащы iшек сегментiн сау аймаққа дейiн кесiп, ұштары арқылы анастомоз жасау

- жараларды сына тәрiздi тiлу

- iшектiң зақымдалған бөлiгiн құрсақ қабырғасына шығару

- ащы iшектiң интубациясы

?

21 жасар науқастың бауырының 6-7-8 сегментiнде эхинококк кистасы табылды. Ең қолайлы тiлiк түрін таңдаңыз



- Кохер

- Рио-Бранко

- Черни

- Куино торакофренолапаротомиясы



- жоғарғы, ортаңғы лапаротомия оңға қарай иiлген
?

Бауырдың 5-6 сегментiнде орналасқан, көлемi 15-20 см кистасы анықталған, эхинококкэктомия жасалды, хитиндi қабығы алып тасталды. Фиброзды қабығы жартылай алынды. Қалдық қуысты қалай жабу керек?

- қуысты тампондап дренаж қою

- оментопластика, дренаж

- капитонаж

- диафрагмапексия

- марсупиализация
?

Лапароскопия кезiнде 35 жасар науқаста бауырының 3-4-5 сегменттерiнен альвеококкты түйiн табылды. Механикалық сарғаю (билирубин 320). Операцияның көлемiн таңдаңыз:

- каверностомия

- бауырдың резекциясы

- каверноеюностомия

- жалпы өт жолын бауыр арқылы дренаждау

- гепатоеюностомия (Лонг-Майр бойынша)

?

48 жастағы науқасқа жедел холецистопанкреатит туралы операция жүрiп жатыр. Iштi ашып қарағанда өт қабының кернеп тұрғаны және геморрагиялық панкреонекроздың бар екенi анықталды. Хирург операциялық әдiстiң қай түрiн қолдануы қажет



- шарбы қалтасын ашып, тампон қою, дренаждау

- шарбы қалтасын ашу, ағынды сумен жууға арналған екi түтiк орнату

- шарбы қалтасын ашу, ағынды әдiспен жуу

- ағынды әдiспен шарбы қалтасын жуу, холецистостомия

- шарбы қалтасын марсупиализациялау
?

Перитонит туралы операция барысында төменгi шажырқай артериясының тромбоэмболиясы анықталды. Операция көлемi қандай болады

- эмболэктомия

- айналуы аутотамыр шунтын жасау

-"ұшын-ұшына" әдiсiмен анастомоз

-сол жақты гемиколэктомияны колостомиямен аяқтау

- iшектiң некроздалған иiрiмдерiн тампонмен қоршау
?

Пилородуоденальды тарылумен асқынған ұлтабар ойық жарасы болғанда тиімді операция әдісін таңда (субкомпенсация дәрежесі):

-гастродуоденоанастомоз

-гастростомия

-артқы гастроеюноанастомоз

-діңді ваготомия

-асқазан резекциясы
?

Ұлтабардың үлкен ойық жарасы тесілгенде тігудің неғұрлым тиімді әдісі:

-түйінді тігіспен тігу

-«П» тәрізді тігіспен тігу

-Оппель-Поликарпов бойынша шарбы маймен тампонада

-ойық жараны кесіп алып тігу

-кисетті тігіс салу
?

Науқаста қысылған жарық және жедел миокард инфарктысы.Сіздің әрекетіңіз:

-бақылау, ішке суық басу

-жарықты салу

-спазмолитик

-анальгетик

-шұғыл операция
?

Науқас 26 жаста,іріңдеген аппендикулярлы инфильтрат көрінісімен түсті.Сіздің әрекетіңіз:

-көктамырішілік антибиотиктерапия

-дезинтоксикациялық ем

-физиотерапия

-іріңдікті ашу және дренаждау

-жергілікті рентгенотерапия
?

Жедел аппендицит клиникасымен науқас операцияға алынды. Аппендикс тұқылын неғұрлым тиімді өңдеу әдісі:

-жібекпен байлау және көктеп тігіске ішекке батыру

-байланбаған тұқылды көктеп тігіске ішекке батыру

-ішекке енгізбей жібекпен байлау

- кетгутпен байлап көктеп тігіспен ішекке батыру

-ішекке енгізбей кетгутпен байлау
?

Науқас зерттеуден өткеннен кейін, өт өзегінің жоғарғы тыртықтануы анықталса қандай операцияны жасауға болады:

- эндоскопиялық папиллосфинктеротомия

- Пиковский бойынша холедохты дренаждау

- гепатикоеюноанастомоз

- супрадуоденальды холедоходуоденоанастомоз

- трансдуоденальды папиллосфинктеропластика

?

ЭРХПГ- тексерісінен өткен науқаста холедохтың терминальды бөлігінің 3 смден артық тарылуы болса не істейміз:



- холедохты сыртқы дренаждау

- эндоскопиялық папиллосфинктротомия

- супрадуоденальды холедоходуоденоанастомоз

- панкреатодуоденальдық резекциясы

- гепатикоеюноанастомоз
?

Он екі елі ішектің проксимальді ваготомиясынан кейінгі ойық жараның қайталануында қандай операцияны міндетті түрде өткізу керек:

- дуоденоеюностомияны

- гастрэктомияны

-асқазанның 2/3 бөлігінің резекциясы

- ойық жараны кесіп алу

- гастростомияны
?

Бауыр эхинококк кистасының іріңдеуі кезіңде жасалатын операция:

- эхинококкэктомия және капитонаж

- тиімді эхинококкэктомия

- эхинококкэктомия және шарбымен тампондау

- бауырдың тиісті бөлігін резекциялау

- эхинококкэктомия және марсупиализация
31. Науқаста эхинококк кистасы іріңдегенде қандай операция жасау қажет:

- бауырдың экстраперитонизациясы

- цистоеюноанастомоз

- марсупиализациялау

- Дельбе бойынша капитонаж

- холецистодуоденоанастомоз


?

Ойық жаралы – некрозды эзофагитпен асқынған, кардиоспазмның кеш кезеңінде қандай операцияны жасаған дұрыс:

- өңеш – асқазанның айналмалы анастомозы

- өңештің тарылған бөлігін резекциялау

- эзофагогастростомиямен бірге Финстерер бойынша асқазанның резекциясы

- өңешке пластика жасау арқылы, өңешті алып тастау

- Гобштейн операциясы
?

Эзофагиттің фибринозды – ойық жаралы рефлюксін узақ уақыт консервативті емдегенде нәтижесіз болса, қандай операция жасауға жүгінесіз?

- Бильрот-1 бойынша асқазанның резекциясы

- фундопликация

- селективті проксимальды ваготомия

- дінді ваготомия

- фундопексия
?

Көк еттің өңештік саңылауынан туындаған рефлюкс – эзофагитін консервативті емдеу нәтижесіз болса, қандай операция жасауға жүгінесіз?

- Бильрот-1бойынша асқазанның резекциясы

- Ниссен бойынша фундопликация

- асқазанның проксимальды резекциясы

- дінді ваготомия

- крурорафия
?

Науқаста Бильрот ІІ операциясын жасағаннан кейін келер ішек синдромы дамыды. Міндетті түрде жасау керек:

- дінді ваготомиясы

-дуоденоеюноанастомоз

- Бильрот-II әдісімен асқазанның резекциясын

- гастростомияны

- асқазанның проксимальды резекциясы
?

Оң жақ санның латеральды ортаңғы 3/1 бөлігінің шаншылған – кесілген жарақат бар. Жара инфекциясының тиімді алдын-алу үшін не қолданылады:

- асептикалық таңғыш салу;

- антибиотиктерді көктамырға енгізу;

- жараны біріншілік хирургиялық өңдеу;

- жараға протеолитикалық ферменттер енгізу;

- жараны антибиотиктермен шаншып егу.
?

Іріңді – некротикалық панкреатитпен асқынған жедел панкреатиті бар. Науқасқа оптимальді оперативті емді таңда:

- лапаротомия, ұйқы безі капсуласын кесу, сыртқы дренаждау және парапанкреатикалық клетчатканы тампондау;

- емдік лапароскопия, холецистостомия

- лапаротомия, холецистостомия, шарбы май қалтасын сыртқы дренаждау

- лапаротомия, холецистостомия көрсеткіштер некросеквестрэктомия, барлық іріңді ошақтарды тампондау және дренаждау;

- лапаротомия, некросеквестрэктомия, барлық іріңді ошақтарды тампондау және дренаждау.
?

Көктамырдың варикозды кеңеюі бар науқасқа Маделунг операциясы жоспарланды, оның негізі неде?:

- санда және балтырда лампас тәрізді кесулермен тері асты веналарын алып тастау;

- тоннелдеу әдісі бойынша тері асты веналарын алып тастау;

- зонд көмегімен тері асты веналарын алып тастау;

- тері арқылы варикозды веналарды кетгутпен тігу;

- коммуникантты веналарды субфасциальды байлау.
?

Аяқтың коммуникантты веналарының шамасыздығы, тері асты және терінің трофикалық өзгерістері бар науқасқа қандай операция тиімді.

- Бебкокк;

- Нарат;


- Линтон;

- Троянов-Тренделенбург;

- Маделунг.
?

Жедел қан кету кезінде емдеу мақсатында не құяды?

- эритромасса;

- донор қаны;

- кристаллоидты ерітінділер;

- каллоидты ерітінділер;

- С,Д жауаптары жұрыс

?

Жедел холециститке жасалған операция кезінде панкреатитпен асқынған (ісіну түрі) түрінде хирургтың тактикасы:



- қарапайым холецистоэктомия;

- өт қалтасын алып тастағаннан кейін, холедохты культя арқылы дренаждау;

- холецистоэктомиядан кейін жалпы өт жолын Т-тәрізді дренажбен дренаждау;

- холецистоэктомиядан кейін шарбы май қалтасын дренаждау

- холецистостома жасау

?

39 жасар науқас Р, қалтқының (привратник) субкомпенсациясатысындағы тарылуымен асқынған асқазанның созылмалы ойық жарасы клиникасымен түсті. Асқазан ойық жарасына тиімді жоспарлы операция:



- ваготамия және пилоропластика

- антрумрезекция

- селективті проксималды ваготомия

- асқазан резекциясы

- ойық жараны кесу
?

30 жасар науқас Ж, субкомпенсация сатысындағы аяқтың варикозды кеңейген көк тамырларына жоспарлы түрде Троянов-Трендреленбург-Бебкок-Клапп операциясы жасалған. Клапп операциясы қалай жасалады

- сан және балтырда лампасты тіліктермен тері асты көк тамырларын алу

- тері асты көк тамырын тоннелдеу әдісімен алу

- тері асты көк тамырын зонд көмегімен алу

- варикозды көк тамырды тері арқылы кетгутпен тігуі

- комуникандты көк тамырды шандыр астында байлау

?

33 жасар науқас М, шұғыл түлрде кеуде клеткасындағы ауырсынуға, ентігу, әлсіздікке шағымданып түсті. Жарақат жағдайы: 5 күн бұрын биіктен құлап кеудесін соққан. Медициналық көмекке жүгінбеген. Тексерген кезде үлкен ұйыған гемоторакс анықталды. Қандай әрекет жасау керек:



- кең торакотомия

- плевра қуысын дренаждау

- гемоторакс аймағына стрептаза немесе басқа ферменттер енгізу

- қайталамалы плевра функциясы

- ұйыған гемоторакс аймағына антибиотик енгізу
?

37 жасар науқас Л, аудандық ауруханаға асқазанның теспелі ойық жарасы клиникасымен түсті. Ауруханада анезтезиолог болмады. Хирург Тейлор әдісі бойынша консервативті ем әдісін таңдады. Аталған ем әдісі қандай?

- сілті және асқазан перистальтикасын төмендететін заттарды қолдану

- әрбір 4-5 сағат сайын асқазанды зондтау, көктамыр ішкілік сұйықтық енгізу, және кезбе жүйкені фармакологиялық блокада жасау

- үнемі асқазанды салқын физиологиялық ерітіндімен жуу

- жергілікті гипотермия және көктамы ішілік сұйықтық енгізу

- антибиотик тағайындау, көктамыр ішілік сұйықтық енгізу кезінде азқазан ішіндегісін үнемі аспирациялау
?

68 жасар науқас К, стационарға қысылған жарық клиникасымен түсті. Анамнезінде жуырда миокард инфарктісін өткерген. Ем әрекетін ата:

- жарықты салу

- анальгетик пен спазмалитик тағайындау

- наркотик тағайындау

- бір мезетте кардиальдық ем жүргізе отырып жедел операция

- жарықтың қысылуына қарамастан кардиальдық ем жүргізу

?

56 жасар науқас Н, стационарға Рихтерлік қысылуға күдікпен түсті. Ауыр көтергеннен кейін шап аймағындағы ауырсынуды байқаған. Науқас семіздікпен зардап шегеді. Бұрын жарық байқалмаған Ем әдісін таңда:



- диагнозды нақтылау үшін 1-2 сағат бақылау, содан кейін операция

- жедел операция

- бақылау

- консервативті ем

- жарықты салу
?

56 жасар науқас Р,оң жақ иықтың төменгі 1/3 бөлігінің тесілген жарасымен, жарадан қан кетумен түсті. Жарадан жоғары жерінде жгут салынды. Науқас киімі қанға шылқыған. Науқаста артериялық тамыр зақымданған. Тамыр зақымдалған кездегі хирург әрекеті.

- консервативті ем жүргізу

- консервативті ем әсеріне байланысты кешіктірілген операция

- артериялық қан айналымды қалпына келтіруге бағытталған шұғыл операция

- артериовенозды фистула немесе жалған аневризма дамыған жағдайда жоспарлы операция

- ангиография және операция
?

40 жасар науқас И, жедел панкреатит клиникасымен түсті. Диетаны бұзғаннан бері, 5 тәулік ауырады, емделмеген. Стационарға адекватты консервативті ем жүргізілді, әсері уақытша болып, ауырсыну синдромы сақталып, перитонит белгілері пайда болды. Ем әдісі қандай?

- диагностикалық лапароскопия

- шұғыл лапаротомия және холецистэктомия, санация және дренаждау

- консервативті емді жалғастыру

- динмикалық бақылау

- лапороцентез

?

24 жасар науқас С, жамбас аймағының ауырсынуына шағымданып түсті. Жарақаттану жағдайы: Конкимен сырғанап жүргенде оң жамбасына құлаған. Жергілікті қарағанда ісіну, тері түсінің өзгеруі, ауырсыну және пульстің сезілуі байқалады. Науқаста жамбас артериясының жалған аневризмасы анықталды. Операция жасау керек. Тиімді болып табылатыны:



- жалған қабшықтың барлығын алыптастау

- артерия мен көк тамырды төрт жерден байлау

- коллатералдарды байлау үшін кең кесу

- аневризмада тамыр ақауын жиек-жиегіне тігу

- аневризма қондыруы үшін көк тамыр бөлігін бөліп алу

?

42 жасар науқас Н, бір жыл бұрын басынан жедел панкреатит, оментобурсит өткергеннен кейін стационарға ұйқы безінің жалған кистасымен түсті. Зерттегенннен кейін науқас операцияға дайындалды. Науқасқа асқазан на ішекпен киста арасына трактысымен анастомоз салу жоспарлануда. Ең тиімдісі болып табылады:



- цистогастростомия

- цистоеюностомияны ішек аралық анастомозбен қоса жасау

- цистоеюностомияны шектелген ішек иірімін салу

- еш қайсысы емес

- барлығы
?

22 жасар науқас П, стационарға кеудесінің сол жағы ауырсынуына, ентігу, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Дене шынықтырумен айналысып жатқанда аталған шағымдар пайда болды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, ортопноэ. Перкуссияда сол жақ қорабтық дыбыс. Аускультацияда сол жағында тыныстың болмауы. Рентген зерттегенде пневмоторакс белгілері. Негізгі ем әдісі болып табылады:

- бақылау

- плевра пункциясы

- плевра қуысын дренаждау

- плевра қуысын дренаждау мен торакоскопия

- торакотомия
?

58 жасар науқас Г, механикалық сарғаю клиникасымен түсті. Бір аптадан бері ауырады. Науқас тексерілді. Он екі елі ішек үлкен үрпі аймағында қысылған тас анықталды. Қандай операция жасау керек?

- дуоденотомия тасты алып ішекті тігу

- холедоходуоденоанастомоз

- дуоденотомия және тасты алғаннан кейін өт өзегі тұқылы арқылы холедохты дренаждау

- холедохты ашу және тасты алуға әрекет, дуоденотомия жасау сәтсіз болса, тасты алып ұлтабар жарасына тігіс салу және жалпы өт өзегін дренаждау

- холедохоэнтероанастомоз салу
?

37 жасар науқас М, дене қызуы 38 С дейін жоғарлауына, оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағымданып түсті. Анамнезінде: 4 ай бұрын сепсиспен асқынған санның анаэробты флегмонасына операция жасаған. Аталған шағымдар бір аптадан бері мазалайды. Тексерілді. Бауырдың солитарлы абсцесі анықталды. Операцияның негізі түрі:

- бауыр сегментінің немесе бөлік резекциясы

- билиодигесивті анастомоз салу

- абсцесті ашу және дренаждау

- бауыр трансплантациясы

- гемигепатэктомия
?

34 жасар науқас Ж, өңештің варикозды кеңейген көктамырларынан қан кетумен түсті. Бауыр циррозымен 10 жылдай ауырады. Бірнеше рет портальдық гипертензия, шемені туралы стационарлық ем алған. Қазіргі жағдайының нашарлауы тәулік көлемінде. Блекмор зонды қойылды. Қан кету жалғасуда. Неғұрлым таралған оперативті ем әдісі:

- гастротомия, варикозды венаны тігу

- портокавальдық анастомоз

- спленэктомия

- спленоренальді анастомоз

- портокавальді анастомоз
?

20 жасар науқас Л, жедел аппендицит клиникасымен түсті. 4 тәулік бойы ауырған. Динамикада ішінде оң жақ мықын аймағында ауырсыну сақталған. Объективті қарағанда оң жақ мықын тусында жергілікті ауырсыну Ровзинг, Бартомье-Михельсон, Образцов симптомдары оң. Лейкоциттер 10. Операция жасалды. Ішті қарағанда тығыз аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Операция қалай аяқталады:

- инфильтратты шектеу, аппендэктомия

- дәкемен тампон

- микроирригатор

- резеңкелі дренаж

- жараны тігу, физиотерапия, антибиотик
?

30 жасар науқас Е, дене қазуы 37,8 дейін жоғарлауына сегізкөз аймағындағы ауырсынуға шағымданып түсті. Суық тиюмен байланыстырады. 2 жыл бұрын эпителиалды құйымшақ жолы диагнозы қойылып, операциядан бас тартқан. Жергілікті жерде боксеаралық қатпарда сегізкөз тусында ісік тәрізді түзілім терісі қызарған, флюктуация симптомы оң. Тиімді ем әдісін көрсетіңіз қарағанда ауырсынатын түзіліс, гиперемия, оң флюктуация симптомы оң. Ем әрекеті:


Каталог: media -> kgmudoc
kgmudoc -> Тесты итогового контроля
kgmudoc -> Периодонтитте эом көрсеткіші
kgmudoc -> Егер сіз 60 баллдан бастап 80 баллға дейін жинасаныз- cізге міндетті түрде біліктілік арттыру курсынан келесі пәндер бойынша өтуініз керек: «Гепатобилиарды хирургияның таңдамалы сұрақтары»
kgmudoc -> Геморрагиялық васкулитке тән қан кету түрі
kgmudoc -> Тесты итогового контроля Специальность: «Онкология (химиотерапия, маммология)
kgmudoc -> Қорытынды бақылау тесттері Мамандық: «Онкология (химиотерапия, маммология)
kgmudoc -> Былай пайда болған пневмонияны нозокомиалды деп атайды: бұрын емделмеген адамда
kgmudoc -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет