Химияның күнделікті өмірдегі пайдасы мен зияны



Дата22.06.2018
өлшемі135.29 Kb.
#77444

Химияның күнделікті өмірдегі пайдасы мен зияны
Кенжеғұл Ақерке

Қарағанды қаласы

Қарағанды экономика,бизнес және құқық колледжінің 1 курс студенті, Ст-11к
Химияның мүмкіндітері өте зор: таныс емес материалдарды ойластырады, жердің құнарлылығын артттырады, адам еңбегін жеңілдетіп оның уақытын үнемдейді, киіндіреді, денсаулығын сақтайды, қолайлы жағдай тудырады, адамдардың сыртқы бейнесін өзгертеді. Алайда, химия пайдалы ғана болмай адам өміріне қауіп төндіруі де мүмкін.

Жазушы - фантаст және биохимик ғалым Айзек Азимов өзінің бір жұмысында: «Химия – бұл банкіге және қораптарға салынған өлім». Бұл айтылған ой химияға ғана емес, электр токтарына, радиоэлектрониктерге, көліктерге де қатысты. Күнделікті өмірде электр тоғы бізге қажет, алайда жалаңашталған электр сымдары өмірімізге қаупті; біз теледидар көруді ұнатамыз ,бірақ оның артқы панелінде мыңдаған вольт жиналған заряд бар; және көлік бізге өте қажет, сонда да оның да қауіпі бар екендігі бәрімізге мәлім.

Заманауи техналогияны және химяны қолдануда ұқыптылық, мәдениет және жауапкершілік пен білімділік қажет. Мысалға ,адам өміріне қажетті дәрі- дәрмектерді алайық. Оларды дұрыс қолданбаса, әсері жаман болуы мүмкін, бұндай жағдай көбіне өзін – өзі емдеуде кездеседі.

Сутегі асқын тотығы (Н202) - өте жақсы антисептик. Алайда оны 1-2 пайызды нерокепда ерітіндісін пергидролмен шатастырып алса, адам терісі қатты күйіктерге шалдығуы мумкін.

Спирт - тыныс алу жолдарына әсер етеді. Көп жағдайда оны адам есінен талған кезде пайдаланады . Өте көп мөлшерде қолданса адамның тыныс алуы тоқталады екен. Ал көзге тисе, ол көздін көру жүйесіне дейін зақымдайды .

Аспирин неесе ацетилсалицил қышқылы – дене қызуын және қабынуды асқындырмауға, ауруды басатын дәрі –дәрмектін бірі. Қызықтысы , бұл дәрі қан ұйыуын баяулатады. Дәрігерлер оны отадан кейін тромбтардын пайда болуын тоқтату және қан айналымын ретке келтіру үшін пайдаланады .

Басқа дәрілер сияқты, аспиринды көп мөшерде қолдану жақсыға алып келмейді. Сонымен қатар асприн ол қышқыл, яғни ол асқазанда ақау пайда болуына әкелуі мүмкін.

Жүрек ауруларына қарсы дәрілер – корвалол , валидол, нитроглицерин. Соңғы айтқан дәрі жүрек ауруын тоқтотудаға әсері жоғары . Бәріміз білетіндей жүрек ауруына шалдығатын болсақ, дәрілердін ғана көмегіне жүгінбей, дәрігерлерге барып тексерілген жөн!

Дәрілердін арасында ас қорту жүйесін жақсартатын дәрілер бар. Егер біз жарамдылығы өтіп кеткен тамақ жеген немесе гигиена сақталмаған жағдайда ішімізге таныс емес организмдер түседі, олар кейін көбейіп, ауыр жағдайға – диспесияға соқтырады.

Отандық Пеницилин атты антибиотиктің жаратушысы профессор В. Ермольева. Пеницилин және басқа антибиотиктер арқасында өкпе қабынулары мен қан аурулары азая бастады.

Алайда микрооргонизмдердің кейбірі дәріні белсенділігінен айырғандықтан, оны тиф, туберкулез және басқа жұқпалы ауруларға қарсы қолдану пайдасыз болуы мүмкін.

Үйдегі дәрілердің арасында жиі кездесетін дәрумендер. Олар дәрі қатарына емес , адам ағзасына қажетті заттар қатарына жатады. Дәрумендерді өте сауатты қолдансақ , олар адам ағзасын нығайтуға, тонусты көтеруге көмектеседі [3, 209-213бб.].

Дәрілік препараттар- күшті әсер ететін құрал, оларды байқап қолдану керек.

Егер бір кездердегі дәрігерлердің жазған дәрілерін, жарнамалар бойынша немесе біреуден есту бойынша өзіңізді-өзіңіз емдеумен айналыссаңыз,онда «Көрсету», «қарсы көрсетім», «Мөлшерлеу және Қолданудың жолы» деген дәрі -дәрмектің жазуын қарап, мұқият оқу керек. Әйтпесе, өте көп мөлшерде емделуге қолданылған дәрі –дәрмек уға айналып кетуі мүмкін.

Жақсысы, кез келген тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың қолдануға арналған ескертпелерін оқып, ондағы ережелерді сақтау керек.

Біз күнделікті тұрмыста әртүрлі жуғыш және тазалағыш заттарды қолданамыз: кір жуатын ұнтақ, ыдыс жуатын, қабырға, еден, шұңғыла,терезе, кілем тазалағыштар және жұмсақ жиһазды тазалағыштар.

Кез-келген жуғыш зат майлы дақтармен әрекетке түсіп, оларды сулы ерітіндіге айналдыруы қажет. Ол үшін оның құрамында гидрофобты ( суды итеретін) және гидрофильді (суды сіңіретін) заттар болу керек.

Қазіргі уақытта синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ) кеңінен қолданылады. СЖЗ негізі болып беттік белсенді заттектер болып есептелінеді. Натрий алкилбензолсульфонаты – көп детергенттердің негізі болып келеди , көбінесе жуғыш ұнтақтардың. Суда ерімейтін, қатты сумен жуу кесірінен матада қалып қоятын кальций және магний стеараттарына қарағанда, кальций және магний тұздары суда жақсы ериді. Соған қарағанда, көп СЖЗ қатты және жұмсақ суда да жақсы тазартады. СЖЗ ыстық, суық, жылы суда да әсері жақсы болады , мысалы, көбіне жасанды маталарды жуғанда білінеді. Сонымен қатар олар сабынға қарағанда үнемді болып келеді. Бірақ, беттік белсенді заттектер өте баяу бөлшектенеді, ағынды сулармен су қоймаларына түскенде тірі ағзаларға жаман әсерін тигізеді. Беттік белсенді заттектерден басқа, СЖЗ құрамына: ағартқыштар, жұмсартқыштар, көпіргіштер, хош иістендіргіштер кіреді. Оптикалық ағартқыштар мата құрамына әсер етпейді, олар ультрафиолетті сәулелерді жұтады. Мата ағарады және түсі ашылады. Бұл ағартқыштар басқа жуғыштарға бағынбайтын дақтарды құртады және матаны дезинфекциялайды.

Қышқылды ағартқыштардан натрий пербораты және натрий перкарбонаты ( ол күнделікті өмірде қоланатын «Персоль») кең таралған . Құрамында хлор немесе күкірт бар жуғыштар көбінесе бөлек қолданылады, олар күнделікті өмірдегі «Белизна» сияқты. Бұл заттарды қолданғанда, бөлмедегі ауаны жақсылап тазарту керек және көп киімді бірден ағартпау қажет. Ағарту кезінде қайнату процесіне көп уақыт бөлудің қажеті жоқ, себебі, улы газдар пайда болады. Ақуызды дақтарды кетіру қиынға түседі. Оларды жою үшін арнайы ферменттер бар ,олар жуғыш заттардың құрамына қосылған түрде болады. Бұл ферменттер жоғары температураны көтере алмағандықтан, киімді қайнату әдісімен жумайды,жылы суды пайдаланып жуады.

Жуып – шаю уақытында көпіршіктердің көп болуы міндетті емес. Кір жуғыш машинада көбіршік тіптен керек емес, ал жұмсақ жиһаз немесе кілем жуу кезінде қажет. Сол үшін әр түрлі көпіршік шығаратын заттарды ойлап тапқан: стабилизаторлар, күшейткіштер, көпіршік жойғыштар.

Натрий карбонаты мен натрий силикаты гидролизден кейін, ерітінділерге аз сілтілі реакция береді, соның әсерінен, синтетикалық жуғыш заттардың әсерін көбейтеді, майлы дақтарға қарсы тұра алатын болады.

Мысалы, тұрымыста кеңінен қолданатын, қолмен жууға арналған жуғыш ұнтақ құрамын қарастырайық: үстіңгі белсенді затттектер, натрий пербораты, фосфаттар, стабилизаторлар, полимерлер, карбонаттар, силикаттар, оптикалық ағартқыштар, парфюмерлі қоспалар. СЖЗ құрамына компоненттерді жуғыш әсері көп болатындай қылып қосады.

Қандай да болмасын киімде (жейделер, көйлек, сырт киімдер) әрқашан белгілі –бір таңбалары болады. Ол таңбалар киімді қалай жуу керек, қандай жуғышпен жуу керек, қандай температурада үтіктеу керек немесе қалай кептіру керек екендігін білдіріп тұрады. Бұл мәлімет өте қажетті болса да, оны жаттап алу қиынға түседі. Бұл суретте кең таралған таңбалар бейнеленген.

Ластанудың ерекше түрі қақ. Оның құрамына біріншіден: кальций мен магний карбонаттары, және силикаттар, фосфаттар, сульфаттар. Әрине, шәй немесе сорпаның дәміне еш әсерін тигізбейді, алайда, қызу ұзақтығы ұлғаяды, кейін түбі қатты күйетін болады.

Үй жәндіктеріне қарсы күресуге арналған құралдар. Көп жағдайда үйді таза ұстамаудың салдарынан пайда болатын зиянды жәндіктерден құтылу қиынға соғып жатады. Өйткені, асханадағы жуылмай қалған ыдыс-аяқ, уақытылы төгілмеген қоқыс салатын шелек, тамақ қалдықтары тарақан, шыбын, қандала (клоп), құмырсқа сияқты жәндіктердің өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Күндіз тарақандар мен қандалалар қараңғы жерде тығылып, түнде белсенділіктері артады. Жәндіктермен күресті бірнеше күндер бойына жалғастыруға тура келеді.

Химиялық өнімдерді қолданарда сақ болу керек себебі, бас айналулар, жүрек айнулары, аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін.

Косметика— адамның сыртқы келбетін жақсарту және теріні күту тәсілдері мен құралдары. Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды.

Косметика және гигиена арасында тығыз байланыс бар, себебі, косметикалық заттар арасында гигиеналық қызметті атқаратын өнімдер бар.

Маңызды гигиеналық өнім, ол біздің күнделікті өмірдегі сабын, крем, шампунь және тағы күнде қолданатын өнімдер.

Тістің кең таралған ауру түрі – тісжегі. Тіс шірігі, тісжегі - микробтардың әсерінен тіс эмалі мен дентиннің тесіліп, сонымен бірге минералдық заттардың жетіспеуінен тісте қуыс пайда болады.

Тісті тазалаудың басты құралы - тіс мәсуегі. Ондағы қылшықтардың орташа ұзындығы 25-30 мм, ені 8-12 мм болуы шарт. Жаңа мәсуекті пайдаланудан бұрын сабынмен әрі ыстық сумен жуу керек. Мәсуекті әрбір 2-3 айда жаңартып отыру кажет. Тіс пасталарын да дүрыс таңдай білу керек. Мектеп окушыларына «Ну, погоди», «Буратино», «Карлсон», «Детская», «Мятная», «Апельсиновая», «Олимп» және т.б. пасталар ұсынылады. Тіс кіреукесінің беріктігін сақтау үшін құрамында фторы бар пасталар қолданылады. Ондай пасталарға «Чебурашка», «Фтородент», «Флюродент», «Сигнал», «Пепсодент», «Колгейт» жатады [1, 351-382бб.].

Дезодорант - терінің бетіндегі бактерияларды өлтіретін препараттар. Бұл бактериялар термен қоректеніп (тердің иісі болмайды), терлеген денеден жағымсыз иіс шығуына себепші болады. Дезодоранттар экологиялық тұрғыдан зиянсыз емес, өйткені олардың көпшілігі аэрозольдік қаптамаларда шығарылады, ал олардағы фреондар атмосфераның озон қабатын бұзады. Бұған қоса, дезодоранттар адам терісінің пайдалы микроорганизмдерін де өлтіреді. Дезодоранттар аллергияға себепші болуы мүмкін.

Сіз салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, спортпен айналысасыз. Заманауи косметологиялық дауалар жасап, шашыңызға да күтім көрсетесіз. Алайда теріңіз бен шашыңыздың жағдайы еш жақсармай қойса, косметикалық құралдарыңыздың құрамын зерттеп көріңіз. Мәселе сапасыз косметикада болуы мүмкін. Сіздің сымбатты болуыңызға косметика құрамындағы қандай заттар бөгет жасайды? Олардың қайсысы тері мен шаш үшін зиян болады?

Тағамның химиялық қүрамының өр түрлілігі адам денсаулы-ғының ең басты кепілі. Өйткені олар адам ағзасын қажетті био-лоиялық белсенді заттармен (витаминдермен) А, С, Д, Е, В1, В2, В6, В12, В15, В5, В3 (РР — никотин, қышқылы), инохин,холин, парааминобензой қышқыл (туберкулезді емдейді) қамтамасыз етеді. Адам ағзасына минералды элементтер-кальций (Са), фосфор (Р), темір (Ғе), кобальт (Сo), қалайы (Zп), мыс (Си), мышьяк (Аs), Ванадий (), йод (I), кремний (Sі), өте үлкен физиологиялық-биохимиялық роль атқарады.

Адамның тез қартаюы адам ағзасына тағаммен бірге витаминдердің аз мөлшерде келуіне, немесе олардың жетіспеуіне байла-нысты. Витаминдерді көп пайдаланған адамда қартаю үрдісі өте баяу етеді. Адам тез арада қартая қоймайды. Витаминдер ағзаның ішкі физиологиялық-биохимиялық үрдісінің жүруін жақсартады.

Тағам құрамында минералды элементтер аз болса, олардың ішінде йод (I) жетіспесе және витамин С (аскорбин қышқылы) аз болса, онда щитовид безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдығады. Ол дертті Базед ауруы деп атайды. Сүйек опырылғыш келеді, және өспей қалады, адам өте тез шаршағыш, тез қажығыш келеді. Ақыл-ой нашарлайды.Сондықтан да, тағамның химиялық құрамында жеткілікті түрде минералды элементтер болуы тиіс. Олардың ішінде: Натрий — оны адам ас тұзынан қабылдайды. Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса, солай пайдалана бергеннің жөні жоқ. Тұз кейбір жағдайда дос болудың орнына қас бола кетуі мүмкін. Сондықтан да тұз аз мөлшерде пайдаланған дұрыс. Тұзсыз тамақты (диетаны) дәрігерлердің ұйғаруы бойынша пайдаланған дұрыс. Жалпы алғанда тұссыз тамақ ішу пайдасыз. Натрий ағзадағы Осмос қысымын реттеп тұрады.

Калий - Нерв жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті минералды элемент. Ол негізінен ағзаға жеген картоп арқылы келеді. Сондай-ақ калий фруктылар мен көк өністердің (овощтар) химиялық тамақ ретінде пайдаланғанда ағзаға қажетті калий келіп түсіп отырады. Сондықтан да әр түрлі тамақтар ішкен жөн.

Кальций - сүйектің және жақсы өсіп жетілуіне қажетті элемент. Адам денесінен тер арқылы көптеген кальций бөлініп шығып отырады. Ыстық цехтарда істейтін адамдар көп терлеп кальцииді көп жоғалтады. Кальций азайған ағза аппақ болып азады. Сондықтан да оларға қүрамына кальцииі кеп тамақтар беріп отыру керек. Немесе кальций препаратын беру қажет. Кальций сүтте, суттен жасалған тағамдарда өте көп болады.

Фосфор - сүйек пен тіс құраудың негізгі құрылыс материалы ретінде саналады. Фосфор сүтте, сүттен жасалған тағамдарда көп болады. Сондай-ақ бұршақ, соя, фосольдарда көп кездеседі. Көптеген овощтарда фосфор өте көп болады.

Темір - адам ағзасына қан түзеу үрдісіне қатысады. Қанның қызыл түйіршігі — эритроциттер темірсіз түзілмейді. Ағзаға темір жетіспесе ағзада бірнеше қатерлі аурулар пайда болады. Адамның қаны азаяды (малокровие) дамытады. Сондықтан да құрамында темірі көп тамақтар ішу қажет. Темір сиыр, жылқы, қой, шошқа еттерінде көп болады. Алма, алмұрт, шие және тағы басқа көк-өністер мен фруктыларда көп. Осыларды үнемі үздіксіз жеу керек. Ауру дамымайды, адам тез серігіп жазылып кетеді. Қан аздықпен қыз балалар көп ауырады [3, 183-189бб.].

Йод. Ең қажет ететін орган щитовид безі йод жетіспесе көз шарасынан шығып кетеді, адамның зәресін ұшырататын жағдайға алып келеді. Құдай сақтасын деп сыйынып жүрген дұрыс. Бұл ауру түрі дер кезінде емдетсе адам ағзасына онша қатерлі емес. Адам тез арада айығып кетеді. Химиялық құрамында йод бар азық-түлікгі пайдалану керк. Йод теңіз капустасының құрмада көп болады. Алматыда ол көп сатылады. Онша қымбат емес. Теңіз капустасында (ламинария) деп аталатын балдыр өсімдігінде иод көп болады. Ол да Алматы да сатылады. Сатып алып пайдалануға болады. Теңіз балықтарында йод көп кездеседі. Әдетте астұзына қосып береді. Арал-тұзын сатып алған адам байқайды (солъ йодированная) деген жазу болады. Мұндай тұзды көпшілік халық қолданады. Нәтижесі жаман емес сияқты. Уланған адамдар кездеспейді. Зоб пен ауыратын адамдардың саны күрт азаяды.

Фтор - тістің эмалын түзеуге және сүйек құрылысына қатынасатын ғажап элемент. Фтор жетіспесе адам тістерінен түгелдей айырылып қалады. Ол суда кездеседі. Кейбір өзен, көл, бұлақ суларында аз, немесе кездеспеуі мүмкін. Мұндай жерде тұратын халықтардың тісі жақсы деп айту қиын. Тіс жолақ -жолақ болып ауырып кейіннен мүлдем түсіп қалады. Жан азабын қатты тарттырады. Фтор жетіспегендіктен тістерді тіс жегі қаптап кетеді. Ал суларында фторы көп жерлерде тұратын халықтар арасында тістерін де кариес ауруы бар адамдар, өте сирек кездеседі. Фтор жас балаларға өте қажетті элементтердің бірі. Балалардың тісі құрамында фторы бар препаратпен емдеген де, балалардьң тістері тез жазылып кеткен. Ал ересек адамдардың тісін сондай препаратпен емдегенде мынандай оң қорытынды бермеген. Суларында фтор аз жерлердің тұрғындарына химиялық құрамындағы фторы бар препараттарды беріп отыруды дәрігерлер жөн көреді. Мұның бәрі арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылары деп түсіну керек. Сондай-ақ, өмір тәжірибесінде алынуы сөзсіз [2, 182-185бб.].

Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Егер, сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен

Соңғы кезде «фаст-фуд» өнімдерінің көбеюі де көп адамды семіздік дертіне ұшыратып жатқанын байқай бермейміз. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Мұндай тағамдарды жасау үшін көбіне май қышқылындағы трансизомерді көбейтетін қатты марга­ринді қолданады. Сондықтан бұл та­­ғам­­дардың құрамында дәрумендер бол­майды, есесіне қоректік қуаты (калориясы) жоғары. Құрамындағы белгілі бір мөлшер сақталмағандықтан, «фаст-фуд» өнімдері адамды семіздікке алып келеді. Ал семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады.

Экперимент барысында косметикалық өнімдер туралы ақпараттарды қамти отырып, өзім білім алатын мекемедегі адамдардан сұхбат алдым. Сұхбат алу кезінде косметикаға байланысты түрлі сұрақтар қойылды. Ол сұрақтар мынадай болды:


  1. Косметика қолданасыз ба? Қандай косметика қолданасыз?

  2. Неше жасыңыздан бастап косметика қолдана бастадыңыз?

  3. Косметиканы көп мөлшерде қолдануға болмайтынын білесіз бе? Және ол білгеніңізді ескересіз бе?

  4. Көбінесе қандай өнімдерді қолданасыз?

  5. Косметика өнімдерінің зияндығы туралы не білесіз?

  6. Кейде косметиканы бетіңізден кетірмей ұйықтайтын кездер болды ма? Және оның салдары қандай болды?

  7. Сіз екі немесе одан да көп апта косметиканы қолданудан бас тарта

аласыз ба?

  1. Косметиканы қолданудың салдарынан аллергия туған кездер болды ма?

Осы ғылыми жоба бойынша жұмыс істеу кезінде химиялық өнімдері туралы көп білдім. Адам өміріндегі әр қадамында химиямен кездеседі. Біздің өміріміз, денсаулығымыз, көңіл-күйіміз химиямен және айналадағы химиялық процесстермен тығыз байланысты екеніне көзім жетті. Адам қоғамының дамуы барлық түрдегі химиялық өнімдердің дамуымен бірге жүреді. Химик ғалымдар адамның қолына көп мүмкіндіктер және күш береді, алайда бұның бәрі тиянақтылықты талап етеді. Химияны танып білу, бізге әр түрлі жағдайда , яғни тағам алуда, дәрі қабылдауда және басқа жағдайларда дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Жобаның эксперименттік бөлімде косметикалық өнімдер жайында сауалнама жүргіздім. Алайда бұл сауалнама тек өзім оқитын оқу орынындағы студенттермен жүргізілді.

Сауалнаманың қорытындысы:

Барлық қыз студенттер (қыз балалар) өздерінің косметикасыз жүрмейтіндерін көрсетті. Шамамен олардың барлығы 15 жастан бастап косметика қолданатындарын айтты. Косметиканың ішінде көбіне бетті әрлейтін крем (тональный крем), кірпікке арналған сүрме (тущь), қас бояулары қолданылатынын білдім. Жалпы барлығы дерлік шетелдік брендтерді (Кайли, МаХ, Шанель, Биби крем және т.б.) қолданады екен. Зияны жайлы көп біле бермейтіндігін байқадым, білсе де оны көп ескермейді. Жатар алдында косметиканы беттен жумай ұйықтау, бет терісінің қызаруына әкелетінін мәлімдеді. Косметиканы көбіне уақыт тығыздығына және демалыс уақыттарында қолданбайтындарын айтты. Ал аллергия болған жағдайлар кездеспеген.

Қорытындылай келсем, косметика заман талабына сай барлық қыз-келіншектер қолданатын зат болып табылады. Мен тек студент қыздардан алған мәліметтер бойынша өз ойымды білдірдім. Ал орта буын және 40-тан асқан әйел азаматшалары косметиканы көбірек қолданатынын күнделікті өмірден байқауға болады. Косметиканы өз басым қолданбаймын деп айтпаймын, мен де қолданамын. Бірақ шектен шықпаймын. Және де барлық қыз-келіншектерге шектен шықпай қолдануды ұсынамын.

Бұл жоба - өзіме және басқа да жандарға тәжірибелі, қызықты және ең бастысы «химия» пәніне қызығушылық тудырады деп ойлаймын.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. О.С.Гадриелян., Г.Г.Лысова Химия Москва, 2013г.

  2. Л.А.Цветков Органическая химия Москва, 2012г.

  3. Э.Е.Нифантьев Химия Москва, 2007г.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет