«Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары тарау. Жалпы ережелер Осы «Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар»



Дата27.04.2018
өлшемі217.51 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2017 жылғы « »

№ бұйрығына

5-қосымша

«Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары



  1. тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы ұсынылады.

Жобаларға Кодекстің 62 бабының 8 тармағы 3 тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы ұсынылады

2. Санитариялық қағидалар мыналарға санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қояды:


  1. химиялық өнеркәсіп объектілерінің жобалануы және аумағына;

  2. объектілердің өндірістік ғимараттар мен құрылыстарына;

  3. жабдықтарына;

  4. өндірістік үй-жайлардың ауасына, жылуына, желдету, жарықтығына;

  5. физикалық факторлар көздеріне;

  6. химиялық заттар, реагенттерді сақтау шарттарына;

  7. жұмысшылардың қызметтік үй-жайларына.

3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) ауамен себезгілеу – үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;

2) әсері күшті улы заттар – жоғары уытты және белгілі бір жағдайларда (мысалы авария) адамдарды, жануарларды жаппай улануға әкелетін, сонымен қатар қоршаған ортаны зақымдайтын күші бар химиялық қоспалар.

3) жұмыс аймағы – тұрақты түрде немесе уақытша жұмыскерлер болатын өндірістік үй-жайлар кеңістігі;

4) зиянды заттар – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық талаптарға сәйкес ауадағы рұқсат етілген шекті концентрациядан асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;

5) зиянды өндірістік фактор – жұмыскерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;

6) өндірістік объект – адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім өндірумен, жұмысты орындаумен және қызметтер көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;

7) өндірістік үй-жайлар – тұрақты (ауысыммен) немесе кезең-кезеңмен (жұмыс күні ішінде) адамдардың еңбек қызметі жүзеге асырылатын арнайы ғимараттар мен құрылыстардағы жабық кеңістіктер;

8) рұқсат етілген шекті концентрациясы (бұдан әрі - РШК) – қазіргі немесе болашақ ұрпақтың барлық өмірі кезеңінде тікелей немесе жанама қолайсыз әсер ететін, адамның көңіл–күйін нашарлатпай, жұмыс істеу қабілетін және өмір сүрудің санитариялық – тұрмыстық жағдайын төмендетпейтін концентрация;

9) табиғи жарық – үй-жайларды сыртқы қабырға конструкциясындағы жарық ойықтары арқылы түсетін аспан сәулесімен (тікелей немесе шағылысу) жарықтандыру;

10) химиялық заттар – табиғаттан немесе өнеркәсіптік жолмен алынатын химиялық қоспа немесе химиялық қоспа қосындылары;

11) химиялық өнеркәсіп – көмірсутектен, минералдыардан және басқа да шикізаттардан оларды химиялық өңдеу арқылы өнім алу өндірісін қосатын өнеркәсіп саласы;

12) шлам – сарқынды суларды тазарту процесінде алынған, құрамында 60-70 пайызға дейін минералды бөлшектер мен органикалық материал бар лайлы шөгінді;

13) шлам үйіндісі – шламды жинау және сақтау орны.



2 тарау. Химиялық өнеркәсібі объектілерін жобалауға және аумағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4. Санитариялық-қорғаныш аймағының өлшемі, санитариялық ажыраулары, олардың абаттандырылуы Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сай бекітілген «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

5. Орналастыруға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, сумен қамтамасыз ету, су бұру және өнеркәсіптік қалдықтарды жоюға, жұмысшылардың еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетілуіне, медициналық қамтамасыз ету мен тамақтануына қойылатын талаптар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сай бекітілген «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сай болуы қажет.

6. Кәсіпорын аумағы таза ұсталуы қажет. Кірер-шығар жолдардың қатты жабындысы болуы керек, оларды уақтылы жөндейді. Жазғы уақытта оларға су шашып, қысқы уақытта қардан тазартады, мұз қатқан жағдайда құм шашылады. Түнгі уақытта кірер-шығар жолдар жарықтандырылады.

7. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы жолдарды, өткелдер мен аумақты бұйымдар мен материалдарды жинап қою үшін пайдаланбайды, сондай-ақ шикізатпен, жабдықтармен және құрылыс материалдарымен үйіп тастамайды. Шикізатты, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды сақтау осы мақсатқа арнайы бөлінген алаңдарда жүзеге асырылады.

8. Кәсіпорынның аумағында электрод пештері сынықтарының бөлшектелген жабдықтарын уақытша сақтауға арналған арнайы алаңдар көзделуі тиіс. Алаңдар жақсылап желдетіледі, олардың тұғырларының конструкциясы жерасты суларын ластауға кедергі келтіреді.

3 тарау. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
9. Өндірістік учаскелерді бөлінетін зиянды заттарды ескере отырып, оқшаулау қамтамасыз етіледі және мынадай өзара әсер етулер болмауы тиіс:

1) шикізат материалдарының қоймалары;

2) материалдарды ұсақтау және майдалау учаскелері;

3) күйдіру, қыздыру, пісіру, агломерациялау, балқыту, гидрохимиялық цехтар;

4) ерітінді дайындау және тазарту бөлімшелері;

5) реагенттерді дайындау, сақтау;

6) сілтіден айыру, қоюлату, сүзу, кептіру;

7) кен қыздыру пештерінің жиынтығын жөндеу;

8) өндірістік сарқынды суларды залалсыздандыру;

9) шаңнан, газдан тазалау;

10) вакуум сорғыш бөлімшелері;

11) өзі жүретін техникалар мен электркарлар паркі;

12) басқару пульттері;

13) демалыс және тамақтану орындары;

14) шаң аулау, өңдеу, дайын өнімдерді қаптау, қоймалау бөлімшелері;

15) ыстық агломератты, коллекторлар мен циклондарды түсіру, қайтару желілерінің учаскелері;

16) шикізатты қабылдау және сынама алу бөлімшелері.

10. Агломерациялық бөлімшелерде агломерациялық машиналардың артқы бөлігін агломерациялық корпустың барлық негізгі үй-жайларынан оқшаулайды, агломерациялық бөлімшелердің үй-жайлары мен ленталардың бос қозғалуы арасында тор көзді жабын орнатуға жол берілмейді.

11. Жылудың елеулі артықшылығымен сипатталатын үй-жайлардың төбелеріне жел ұшырмайтын аэрациялық шамдар немесе шахталар орнатылады.

12. Көп қабатты бөлімшелердің төбелеріндегі ашық ойықтардан жылудың көп мөлшері мен зиянды заттар бөлінетін болған жағдайда әр қабатқа бөлек желдету жабдығы орнатылады.

13. Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сай бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтеріне және қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауасының гигиеналық нормативтеріне сәйкес қызмет көрсететін персоналдың тұрақты болатын (өндірістік үй-жайда болатын) алыстан бақылау және жабдықты басқару пульттері қызмет көрсететін персоналдың жұмысына арналған нормаланған жағдаймен қамтамасыз ететін (дыбыс оқшаулау, бапталған немесе таза ауа беру) құрылғылармен жабдықталған оқшауланған үй-жайларда немесе арнайы кабинеттерде орналасады.

4 тарау. Жабдықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
14. Тазарту құрылғыларынан шаңды тазалау және оны тасымалдау шаңның жиналуын болдырмау мақсатында механикаландырылады.

Реагенттер дайындайтын және қолданатын учаскелерде залалсыздандыру аппаратурасынан өндірістік қалдық суларды залалсыздандыру бөлімшесіне жіберетінжұмыс істеп тұрған жергілікті сорғылар көзделеді.

15. Ерітінді күбілері мен шығыс бактарын тазалау, реагент ыдыстарын жуу механикалық әдіспен жүзеге асырылады, жуынды сулар өндірістік кәріздерге ағады.

Құрамында қауіптілігі 1–3 сыныпты зиянды заттар бар қойыртпақтарды сүзуге арналған сүзгі-престер мен вакуум-сүзгілер сорушы жаппалармен жабдықталады.

Реагент және дренаж бөлімшелерінің сорғыларын іске қосу автоматты түрде орындалады.

1 және 2 сыныпты қауіптілігі бар заттарды залалсыздандыру, аспирация, бақылау аспаптарымен жабдықталған, тығыз жабылатын жабдықта жүзеге асырылуы тиіс.

Құрғақ концентраттарды түсіру, елеу және шихтовка жасау процестері механикаландырылады.

16. Ыстық агломератты суыту, ылғалдандыру және қайтаруды ылғалдау үшін су беруді автоматты түрде реттейтін арнайы құрылғыларда орындайды. Суытқыш бу ішінде жиналатын бу мен шаң алдын ала тазартылып, жұмыс істеп тұрған жергілікті желдеткіштер арқылы шығарылады.

17. Шаң қаптарындағы шаңды аспирациялау үшін агломерациялық машиналардың коллекторындағы вакуумды пайдалану кезінде ауа арнасының клапандарында шаң қаптарының қақпағымен тежелуі көзделеді. Клапандардың тежелуі шаң шығарудан бұрын іске қосылып, қаптағы шаң түскеннен кейін тоқтауын қамтамасыз етеді.

18. Агломератты тасымалдау және қайтару жабық көлікпен орындалады.

19. Төгу агрегаттары механикалық ыдыстармен жабдықталуы тиіс. Күйдіру пештерінен шыққан ыстық күйіктер жабық тәсілмен тасымалданады.

20. Рудалар мен концентраттарды ерітуге арналған электр пештерден шығатын газдар тазаланады.

21. Шахталық пештердің тиеу құрылғылары тиеу кезінде газдар мен шаңдарды қақпауы керек.

22. Құрамында қауіптілігі 1–3 сыныпты зиянды заттар бар ерітінділерді тасымалдау өндірістің барлық кезеңдерінде жабық құбырлар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай ерітінділерді ашық ағызуға, науаларды пайдалануға жол берілмейді.

23. Құрамында уытты заттары бар жабдықтарды жөндеу алдында оны материалдардан босатады және бейтараптандырғыш заттарды қолдана отырып, жуады.

24. Бак аппаратураларын, булау және түтікті аппараттарды, автоклавтарды, реакторларды тазалау бойынша жұмыстар механикаландырылады және жұмыс істеп тұрған желдеткіш кезінде орындалады.

25. Тазалау бөлімшелеріндегі барлық процестер, дайын өнімдерді өңдеудің барлық түрлері мен тасымалдау механикаландырылады.

Шламды шығару, тазалау бойынша операцияларды қолмен орындауға жол берілмейді.

26. Бас сынамаларға талдау жасау тығыз жабылған електерде жүргізіледі. Елеу процесі механикаландырылады және сорып тарту шкафында жүзеге асырылады.

27. Химия өнеркәсібі кәсіпорындарында қалдықтарды өңдеу тәсілдері ұйымдастырылады (шлактар, шламдар, қорытпалар және тағы басқалар).

Шикізат пен дайын өнімге арналған бункердің конструкциясында оларды түсіруді механикаландыру көзделеді (аэрация және жабысқан материалды қопсыту, конустық бөлігін қыздыру және тағы басқалар).

Шламдарды сақтауға және өңдеуге арналған жабдықтың конструкциясы тығыз жабылады және жергілікті желдету құрылғыларын қамтиды.

28. Шлак пен қорытпаларды салқындатуға және уақытша сақтауға арналған ыдыстардың, құймақалыптардың ішкі бетін өнімдердің жабыспауы үшін арнайы өңдеу (мысалы, әктеу) қажет, ыдыстарды түсіру және «суыған қабатынан» тазалау механикаландырылады.

29. Жабық өндірістік үй-жайларда орналастырылатын және едәуір жылу мен инфрақызыл сәуле бөлу көздері болып табылатын кептіру аппараттарының, пештердің, электр сүзгілердің, газ шығу науаларының, «коттрельді сүт» бактарының қайта бөлінген барабандары мен басқа да жабдықтардың сыртқы беттерін жылумен оқшаулауды немесе суытуды көздеу қажет.

30. Кендітермиялық пештердің токөткізшгіштері жұмысшыларды тұрақты электромагниттік өрістерден сақтайтындай оқшауланады.      

31. Химиялық заттар және шламдары бар ыдыстарды жинау және өндірістік кәріздерге немесе арнайы жинағыштарға жіберетін түптермен жабдықталуы тиіс. Түптер тұрақты түрде айына кемінде 1 рет, ал апатты жағдайларда апатты жойғаннан кейін тазалануы тиіс.

32. Жылжымалы крандардың кабиналарында өндірістік үй-жайлардың айналасындағы ауада зиянды заттардың құрамы жұмыс аймағына арналған РШК жоғары болмаса қосымша өңдемей-ақ пайдалануға болады, ал микроклимат параметрлері Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сай бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтеріне және қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауасының гигиеналық нормативтеріне сәйкес болады.

33. Балқытылған шлакты түйіршіктеуге арналған жабдық кешеніне фосфор және құрамында фосфор бар газдарды аспирациялауға арналған және оларды кейіннен тазалау және залалсыздандырумен өндірістік қалдық суларды жинау құрылғылары кіреді.

34. Шламдарды (форсункалар орналасқан жерлерде) өртеу камераларының конструкциясын, шикізат пен дайын өнімдерді ұсақтау және елеу аппараттарын, қозғалтқыш пен желдету қондырғыларының желдеткіштерін жабдықтың жұмыс істеуінен пайда болатын шудан қорғауды көздейді. Егер шудан оқшаулауды ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда персоналды шудан қорғайтын жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтайды.

35. Уыттылығы жоғары сусымалы қоспаларын бөлшектеп қаптау автоматтандырылады. Бөлшектеп қаптау жабдығының конструкциясында сорылатын ауаны тазалай отырып, шаң және газ басатын аспирациялау құрылғылары көзделеді.

36. Сары фосфор мен оның органикалық емес қосылыстарының, хром өндірісінде тасымалдау, шикізатты, материалдар мен өнімдерді тиеу және түсіру бойынша барлық операциялар механикаландырылады және шикізатты тиеу және түсіру орындарында жергілікті соруға арналған механикалық желдету орнатылады.

37. Егер шу параметрлерін Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сай бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтеріне талаптарына жеткізу мүмкін болмаған жағдайда:

1) стационарлық жабдықтар үшін дыбыс оқшаулау кабиналарын көздеу, процестерді қашықтықтан басқару;

2) қол саймандары үшін басқа жұмысшыларға шу әсер етпейтіндей жұмыс орындарын орналастыруды көздеу.     

38. Кептіру барабандары жұмыс істейтін газды тарту және шаңды аулау жүйелерімен жабдықталады. Өндірістік үй-жайларда газ бен шаңның бөлінбеуін болдырмау үшін кептіру барабандары ауа қысымы төмен жағдайда жұмыс істейді.

39. Еденді жуған, фосфорға арналған сүзгіні жуғаннан, гидрожапқыштардан, хром, фосфор ыдыстарынан пайда болған, ластанған сарқынды сулар жиналып, тазартуға жіберіледі.



5 тарау. Өндірістік үй-жайлардың ауасына, жылытуға, желдетуге және жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

40. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылытылады.

Цехтың үй-жайларынан ауа алу кезінде оның қыс уақытындағы көлемі жылытылған сыртқы ауаның шоғырландырылған ағынымен толықтырылады.

Екі және одан көп қабатты корпустардағы әрбір қабатты желдету төменде орналасқан қабаттан келетін зиянды заттарды ескере отырып, бөлек есептеледі.

41. Егер техникалық себептермен сыртқы ауа келтірілмесе, 30-градус Цельсийден (бұдан әрі – 0С) артық температурадан жоғары аймақта ауаны тазарту қажеттіктері үшін аэраторды пайдалануға болады.

42. Ерітінділері бар барлық ыдыстар жұмыс істейтін жергілікті механикалық сору желдеткіштерімен қамтамасыз етіледі. Шығарылатын ауа көлемі технологиялық нормалар бойынша айқындалады.

43. Шаң мен бу бір мезгілде бөлінетін тораптарда ылғалды шаңұстағыш орнатылады.

44. Шикізат материалдарының құрамдауыштарын ұнтақтауға, майдалауға, кептіруге, елеуге, өлшеуге, араластыруға арналған жабдық, дайын шихта мен құрғақ материалдарға арналған ленталық транспортерлер шығарылатын ауаны тазалайтын аспирациясы бар технологиялық жабынды көздейді. Тарелка, лоток, барабан, шнек түріндегі және басқа да қоректендірушілер технологиялық жабдықтың аспирациялық жүйелерінің ауа құбырларымен біріккен (тиеу тесіктері арқылы) жабындармен жабдықталады.

45. Ауа құбырлары, газ тарту арналары, тазарту құрылғылары шаң мен шламнан кезең-кезеңмен тазалайтын механикаландырылған тазарту құрылғысымен жабдықталады.

46. Өндірісте шлак тесіктері мен астаулардан, тарата құюшы машиналардан төгукезінде жергілікті желдету жабдығымен жабдықталады:

1) материалдарды тасымалдауға арналған кюбельді тиеу және түсіру орындары аспирацияланады;

2) бақылау-өлшеу аспаптарының, басқару пульттерінің үй-жайлары, демалу бөлмелері, сынамаларға талдау жасайтын зертхана бөлмелері артық ауа қысымымен қамтамасыз етіледі.

47. Шар тәрізді диірмендердің құрғақ майдалайтын түсіру тесіктері аспирациялайтын жабындармен жарақталады.

48. Бір мезгілде ластаушы заттардың елеулі көлемін бөлу мүмкіндігімен сипатталатын өндірістерде дыбыс және жарық дабылы, сондай-ақ жұмыс істейтін авариялық желдеткіш көзделеді.

49. Ауа тартатын желдету жүйелерінен ауа жұмыс аймағынан тұрақты жұмыс орындарына беріледі.

50. Өндірістік үй-жайлар жасанды және табиғи жарықтармен жабдықталады.



6 тарау. Физикалық факторлардың көздеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

51. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс орындарындағы физикалық факторлардың РЕШД Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сай бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтеріне талаптарына сәйкес болады.

52. Химиялық өнеркәсіп объектілерінде өндірістік (ведомстволық) бақылау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сай бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын жүргізіледі.

7 тарау. Реагенттерді сақтау жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
53. Ұйымдарда технологиялық процестерді жүргізу үшін қолданылатын реагенттер (қышқылдар, сілтілер, цианидтер, аммиакты су, аммиак селитрасы, карбонаттар мен сілтілі және сілтілі жер металдардың гидрокарбонаттары және тағы басқалар) шығыс қоймаларында сақталады.

54. Химиялық заттарды және реагенттерді пайдалану және сақтау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын сақтау арқылы жүзеге асырылады.

55. Реагенттер қоймасын топырақтың, жерасты суы мен атмосфералық ауаның ластануын болдырмайтын шараларды міндетті түрде қабылдай отырып, жер үстіне және жартылай жер бетіне орналастырады.

56. Бір қойма үй-жайында өзара химиялық белсенді реагенттер мен бөгде материалдарды сақтауға жол берілмейді. Химиялық заттарды және реагенттерді сақтау кезінде ыдыстар этикеткасының, өздерінің физика-химиялық қасиеттеріне қарай(ұшу, қышқылдану және т.б. қасиеттері) сәйкес келмейтін препараттарды бөлек сақтау үшін жағдай жасауды қосқанда нақты химиялық заттар мен реагентердің қолданылуы туралы нұсқаулықтарының, өртке және жарылуға қауіпсіздік, реакциялық активтілігінің, сақтаудың температуралық режимдерінің талаптары сақталуы тиіс.

57. Теміржолдарда тұрған теміржол цистерналарын стационар, қойма (шығыс) ыдыстары ретінде пайдалануға жол берілмейді.

58. Тез жанатын, сондай-ақ уытты заттардың бос ыдыстары тығындалып, арнайы алаңдарда сақталады.

59. Қышқылдар, сілтілер мен басқа да уытты сұйықтықтар қоймаға арнайы ыдыста беріледі, тасымалдау, қабылдау және босату нұсқаулыққа сай жүргізіледі.

60. Қышқылдардың қоймасын ашық алаңдарда резервуаларды орналастыра отырып, жер бетіне орнату қажет.

61. Түбінің едені қышқыл төгілген жағдайда ағатындай етіп, жинау лотогіне қарай еңкіс етіп орналастырады, сондай-ақ атмосфералық жауын–шашын су жинайтын шұңқырға ағады. Олар бейтараптандырылғаннан кейін өндірістік кәрізге жіберіледі.

62. Күйік шалу қаупі бар жерлерде қол мен бетті жуу үшін шүмектер мен су бұрқақшалары, сондай-ақ дененің көп күйген жерін жуу үшін ағынды суы бар ыдыстар мен душтар орнатылады.

63. Аммиак суының қоймаларын жер бетіне орналастыру қажет. Аммиак селитрасы қаптарда 2500 тонна (бұдан әрі – тн) есеппен бір қабатты қоймаларда сақталады. Суға төзімді селитра әрқайсысы 500 тн аспайтындай бөлінген сыйымдылығы 1500 тн бір қабатты бөлек қоймаларда сақталады.

64. Қойма ғимаратында жертөлелер, арналар, шұңқырлар, еден ойықтарын, сондай-ақ учаскеге көрінбейтін шығу тесіктері мен басқаларды орнатуға жол берілмейді. Аммиак селитрасының қоймалары жұмыс істейтін эффективті жасанды желдеткіштермен жабдықталады. Аммиакты селитра қоймаларында ауалы жылыту орналастырылады.

65. Қоймаға және жүк тиеу–түсіру алаңдарына жақын орналасқан аумақ аммиак селитрасының әсеріне төзімді материалмен жаппай жабылып, атмосфералық судың ағуына оңтайлы еңкіс болуы тиіс.

66. Төгілген селитраны, зақымдалған қаптарды жыртылған қағаздарды және тағы сондайларды тез арада жинастыру жүргізіледі.

67. Аммиак селитрасы қоймасының үй-жайын тұрақты, ағымды тазалаумен қатар, жылына кем дегенде бір рет (немесе қойманың әрбір бөлігі немесе учаскесі кезекпен), еденді жабысқан селитрадан мұқият тазалай отырып, толық босату қажет.

68. Тиеу–түсіру жұмыстары механикаландырылады.

69. Синильді қышқыл тұздарының технологиясында қолданылатын – натрий, калий, кальций цианидтері мен цианидті препараттар (цианид балқытпасы) базисті, шығыс және цех улы қоймаларында сақталады.

70. Цианидты тұздарды сақтауға арналған ғимараттарда босатылған ыдыстарды залалсыздандыру құрылғылары орнатылады. Реагенттердің қоспаларын дайындау бөлмелерінде педальмен басқарылатын жылы және салқын су берілетін қолжуғыштар, ауалы орамалдар, арнайы киімдерді және газқағарларды сақтайтын шкаф, желдеткіштерді және жасанды жарықтандыруды қосатын қондырғылар орнатылады.

71. Хлорлы әктер мен сөндірілмеген әктерді бөлек сақтайды. Құрғақ және сұйық флотореагенттерді бір бөмеге сақтауға тыйым салынады. Улы емес сусымалы флотореагенттерді сақтау бөлмелерінде қыршу орналастырылады. Аталған флотореагенттерді қамбадан тыс жерде сақтауға тыйым салынады.

72. Флотореагенттерді дайындау бөлмелерін жұмыс істейтін ағынды-сормалы желдеткіштерімен қамтамасыз етеді. Ағынды ауа жағарғы зонаға беріледі. Цианид қоспаларын дайындау бөлек бөлмелерінде ауаның 70 % көлемін жоғарғы зонаға, 30 % көлемін шлюзге жібереді.

73. Флотореагенттерді майдалау және бөлшектеу қондырғылары, және де дайындауға, сақтауға арналған барлық ыдыстар аспирациалық жабындылармен жабдықталады.

74. Көп көлемдегі флотореагент қоспаларын дайындайтын және сақтайтын стационарлық ыдыстар, оларды толық босата алатындай етіліп орналастырылады. Олар деңгей өлшегіштерімен, бейтараптандырғыштарға шығарылған құю құбырлармен жабдықталады.

75. Флотореагенттердің ыдыстарын ашу, қоспаларын дайындау, күбілерге (қоспалы, шығынды, жарықтандыру) құю, ыдыстарды және басқа да ыдыстарды тазалау қолды операциаларды болдырмайтындай механизациаланады. Цианидты тұздардың ыдыстарын қолды жабдықпен ашуға және қолмен тасымалдауға тыйым салынады. Флотореагенттердің салу тәсілі олардың қоспалары және булары бөлмеге түспеуді көздейді.

76. Әсері күшті улы заттарды қалқа астында, ашық аспан астында, сондай-ақ ылғалды үй-жайлар мен жертөлелерде сақтауға жол берілмейді.

77. Қойма ғимараттарының габаритінде орналасқан тұрмыстық үй-жайлар әсері күшті улы заттарды сақтауға және қаптауға (құюға) арналған үй-жайлардан оқшауланады және жеке тамбур арқылы өтетін бөлек есігі болады.

78. Әсері күшті улы заттарды сақтауға, қаптауға (құюға) арналған қойма үй-жайларының қабырғаларын, төбелері мен ішкі бетін әрлеу үшін әсері күшті улы заттардың химиялық әсерінен қорғайтын қасиеті бар, өз бетінде шаң мен буды жинамайтын немесе жұтпайтын, тазалауға, жууға жеңіл материалдардан жасайды. Қабырғалар еденмен, төбемен дөңгеленген түрде жанасуы тиіс.

79. Химиялық заттарды, әсері күшті улы заттарды сақтау бөлмелері әрдайым жұмыс істейтін ағынды-сормалы желдеткішпен және апаттық жағдайларға механикалық сормалы желдеткіштермен қамтамасыз етіледі. Механикалық сормалы желдеткіш қондырғыларын тұрмыстық бөлмелерге және химиялық заттарды, әсері күшті улы заттарды сақтау және еріту бөлмелеріне бөледі.

80. Желдету құрылғысы шығыс қоймасына кірерден 15 минут бұрын іске қосылады. Ол туралы кірер есікте ескерту плакаты ілінеді. Құрылғыны іске қосу тетігі кірер есіктің қасында сыртта орналасады. Желдету құрылғысының дабылы болады: жұмыс уақытында – жарық арқылы, жұмысты кенеттен тоқтату жағдайы туындаған кезде – дыбысты болу керек.

81. Әсері күшті улы заттарды сақтауға, қаптауға және құюға арналған қойма үй-жайларында ауаның жағдайына олардың рұқсат етілген шекті шоғырлануынан асқан жағдайында жарықтық және дыбыстық дабыл мен апаттық желдету бірге қосылатындай құрылғысымен газоанализатор арқылы үздіксіз бақылау жүзеге асырылады.

82. Тұз қышқылы көміртекті болаттан жасалған, тоттануға қарсы қорғаныс құралдарымен жабдықталған резервуарларда сақталады.

83. Әсері күшті улы заттардың барлық базистік және шығыс қоймалары уды залалсыздандыратын құралдармен, жеке қорғаныш құралдарымен, алғашқы көмек көрсетуге арналған аптекамен және байланыс құралдарымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етіледі.

84. Тез жанатын және күйдіргіш сұйықтықтарды цистерналардан ағызу механикалық тәсілмен жүзеге асырылады.

85. Қауіпті және зиянды заттармен жұмыс істеу, қорғаныш көзілдіріктерін немесе арнайы көзілдірікті бетперделерді, респираторларды, резеңке қолғаптар мен етіктерді, алжапқыштарды пайдалана отырып, арнайы киіммен жүргізіледі, әрбір жұмысшы зиянды заттардың буы мен аэрозольдерінен қорғайтын тиісті сүзгімен қорабы бар апатты газтұтқырмен, ал терілерді қышқылдар мен сілтілердің әсерінен қорғайтын қорғаныс пасталарымен қамтамасыз етіледі.

86. Қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау Кодекстің 144-бабы 6-тармағына сай бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Радиоактивті қалдықтармен, ионды сәулелермен жұмыс істеу, тасымалдау Кодекстің 144-бабы 6-тармағына сай бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес жүргізіледі.

87. Жөндеуге жататын құрылғы жұмыс басталар алдында ластанған заттардан тазартылады және улы заттар қалдықтары болған жағдайда, зарарсыздандырылады. Қондырғыны тазалау әдісі улы заттардың жұмысшыға әсер етуін болдырмайды.

88. Радиоактивті изотоптары бар технологиялық бақылау құралдары мен жабдықтарын жөндеу Кодекстің 144-бабы 6-тармағына сай бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

89. Қондырғыны жөндеу кезіндегі барлық этапта дәнекерлеу жұмыстарын өткізгенде, жұмысшыны зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғау шаралары көзделеді. Жеке қорғаныш құралдарын қолданбай жұмыс жүргізуге жол берілмейді. Дәнекерлеу жұмыстарын сорып шығару желдеткіші істемеген жағдайда жүргізуге жол берілмейді.



8 тарау. Жұмыс істейтін тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

90. Арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдерді кептіруге арналған гардероб үй-жайлары жұмыс істейтін механикалық жалпы алмастырғыш сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

91. Душ қабылдайтын үй-жайлардың құрылғыларын жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып еденін, қабырғалары мен төбесін жеңіл тазалауды және жууды көздейді, сондай-ақ душ кабиналарынан қолданылған судың суағары болуы керек.

92. Өндірістік үй-жайларда тамақты сақтауға және тамақтануға жол берілмейді. Барлық негізгі технологиялық цехтарда арнайы киімдерді шаңнан тазартатын үй-жайлар мен жабдықтар көзделеді.

93. Денсаулық пукттерінде теріге немесе көзге түскен өндірістік агрессивті заттарды бейтараптандыруға мүмкіндік беретін инактиваторлар (зақымдалған жерді жуғаннан кейін) болады.

94. Барлық жұмысшылар алдын ала(жұмысқа қабылдану кезінде) және кезеңдік медициналық тексеруден Кодекстің 155-бабының 4-тармағына сай бекітілген «Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне» және «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына» сәйкес өтеді.

«Химиялық өнеркәсіп объектілеріне
қойылатын санитариялық–эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
1-қосымша

1-кесте
Жұмыс аймағының ауасындағы зертханалық өндірістік бақылануға жататын негізгі зиянды заттардың тізбесі




Р/н №

Өндірістік учаске

Зиянды заттар

1

2

3

1

Қабылдау құрылғысы

кокс, фосфорит, кварцитшаңы

2

Кептіру–майдалау бөлімшесі

коксшаңы

3

Агломератөндірісі

кокс, шихта, агломерат, фосфоритшаңы, фосфорангидриді, фосфорлысутек, фторлысутек, көміртегітотығы

4

Пешөндіріс

фосфор, фосфорангидриді, фосфорлысутек, фторлысутек, көміртегітотығы, шихташаңы, коксшаңы, электродмассасыныңшаңы, агломерат, кварцитшаңы

5

Фосфор қышқылының өндірісі

фосфорангидриді, фосфорлысутек, күкірттісутек, күкірттіангидрид

6

Сары фосфорды одан әрі өңдеу

әк, кальцилісодашаңы, фосфор, фосфорангидриді, фосфорлысутек, фторлысутек

7

Триполифосфат өндірісі

кальцилісодашаңы, ТПФН, фосфорқышқылыныңбуы

8

Қосалқы өндіріс

күкіртқышқылыныңбуы, резинашаңы, мысшаңы, ксилол, толуол

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет