Хіх ғасырдағы-хх ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды



Дата15.11.2017
өлшемі445 b.
#45229



ХІХ ғасырдағы-ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды:

  • ХІХ ғасырдағы-ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды:

  • 1) рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2) әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.



ХІХ ғасырдың аяғында Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:

  • ХІХ ғасырдың аяғында Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:

  • Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан(1835-65), А.Құнанбаевтан(1845-1904), және Ы.Алтынсариннен (1841-89) бастау алады;

  • Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: М.Сералин, С.Торайғыров (1893-1920), С.Дөнентаев.



Қазақстандағы әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасу процесі Батыс Еуропада әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың білім әлеуметтануы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады.

  • Қазақстандағы әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасу процесі Батыс Еуропада әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың білім әлеуметтануы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады.



Шәкәрімнің философиялық, әлеуметтанушылық, көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады:

  • Шәкәрімнің философиялық, әлеуметтанушылық, көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады:

  • 1) Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттың еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты ұстанымын білдіреді;

  • 2) дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді;

  • 3) ақиқат ғылымды іздеу - басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. Ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажеттігін айтады.



Екінші бағыт - таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтынсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізуінде.

  • Екінші бағыт - таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтынсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізуінде.



Үшінші бағыт - “Адам дүниені қалай танып біледі” атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды.

  • Үшінші бағыт - “Адам дүниені қалай танып біледі” атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды.

  • Білім берудегі әлеуметтану бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады.



Қазақ ойшылдарының әлемдік қоғамдық ойға қосылғандығы және қоғам мен прогресс идеяларын айрықша қабылдауы Қазақстанда әлеуметтану көзқарастарын қалыптастырудың негізі болды.

  • Қазақ ойшылдарының әлемдік қоғамдық ойға қосылғандығы және қоғам мен прогресс идеяларын айрықша қабылдауы Қазақстанда әлеуметтану көзқарастарын қалыптастырудың негізі болды.

  • Бұл қағидалар әлеуметтанудың пайда болуының қажетті шарттары болды. Теориялық әлеуметтану Спенсердің және Конттың ұғымдарындағы прогрестен бастау алады.







Қазақтың классикалық ағарту ісінде проблемалар мынадай бөліктерге бөлінеді:

  • Қазақтың классикалық ағарту ісінде проблемалар мынадай бөліктерге бөлінеді:

  • адам, оның әлеуметтік мәні;

  • білім, білім беру, ғылым;

  • әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесі;

  • қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке адамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс-тіршілігінің механизмдері, тәсілдері мен әдістері.



Әлеуметтанудың біршама бой көтеруі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында “хрущевтік жылымық” дейтін кезеңде ғана атап өтілді. 1962 жылы Кеңестік әлеуметтанушылар қауымдастығы құрылды, ол әлеуметтанудың ресми институттануын білдіретін еді. 1960 жылы КСРО ҒА Философия институтында әлеуметтану бөлімі ашылды, оны Г.В.Осипов басқарды. 1968 жылы Нақты әлеуметтік зерттеулер институты және оның басқа қалалардағы бөлімдері жұмысын бастады.

  • Әлеуметтанудың біршама бой көтеруі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында “хрущевтік жылымық” дейтін кезеңде ғана атап өтілді. 1962 жылы Кеңестік әлеуметтанушылар қауымдастығы құрылды, ол әлеуметтанудың ресми институттануын білдіретін еді. 1960 жылы КСРО ҒА Философия институтында әлеуметтану бөлімі ашылды, оны Г.В.Осипов басқарды. 1968 жылы Нақты әлеуметтік зерттеулер институты және оның басқа қалалардағы бөлімдері жұмысын бастады.

  • Қазақстанда 1964 жылы ҚазКСР ҒА Құқық философиясы институтының жанындағы қылмыстың әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерделеу жөніндегі топ ұйымдастырылды, оны заң ғылымдарының кандидаты У.Жекенбаев басқарды. Топ қылмыс әлеуметтануы саласындағы проблемалармен шұғылданды. Ғылыми өмірдегі маңызды оқиға КСРО-ға Батыстың көрнекті ғалымдары Р.Аронның, Р.Мертонның, Т.Парсонстың келуі болды.



1970-ші жылдары Қазақстанда мына бағыттар бойынша бірнеше әлеуметтанулық топтары құрылып, жұмыс істеді:

  • 1970-ші жылдары Қазақстанда мына бағыттар бойынша бірнеше әлеуметтанулық топтары құрылып, жұмыс істеді:

  • ұлттық қатынастардың дамуын басқару проблемаларын зерделеу жөніндегі топ (1970), жетекшісі - М.М.Сужиков;

  • ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) рухани-идеологиялық салдарларын зерделеу жөніндегі топ (1974), жетекшісі - В.А.Черняк;

  • Қазақ политехникалық институты жанындағы өнеркәсіптік әлеуметтану лабораториясы (1975), жетекшісі – М.Б. Батырбеков.



Осы даму кезеңінде әлеуметтану маркстік әдістеме шеңберінде белгілі бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың - С.Н.Соскин, А.А.Рогачев, У.М.Ысқақов, А.Ш.Алтаев, Н.А.Аитов В.А.Сапрыкин, В.А.Черняк, Т.С.Сәрсенбаев сияқты ғалымдардың әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелері бойынша алғашқы ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен ауылдың әлеуметтік құрылымы проблемаларын зерделеуге әлеуметтанушылық зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі әр түрлі әдістемелік ұсынымдары жарыққа шықты.

  • Осы даму кезеңінде әлеуметтану маркстік әдістеме шеңберінде белгілі бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың - С.Н.Соскин, А.А.Рогачев, У.М.Ысқақов, А.Ш.Алтаев, Н.А.Аитов В.А.Сапрыкин, В.А.Черняк, Т.С.Сәрсенбаев сияқты ғалымдардың әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелері бойынша алғашқы ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен ауылдың әлеуметтік құрылымы проблемаларын зерделеуге әлеуметтанушылық зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі әр түрлі әдістемелік ұсынымдары жарыққа шықты.



ХХ ғасырдың 80-ші жылдары әлеуметтану қоғамға саяси және экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесе,

  • ХХ ғасырдың 80-ші жылдары әлеуметтану қоғамға саяси және экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесе,

  • 1987 жылдың жазында Кеңес әлеуметтану қауымдастығының Қазақ бөлімшесі құрылды.

  • С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың философиялық-экономикалық факультеті базасында әлеуметтану бөлімшесінің ашылуы Қазақстан әлеуметтану ғылымының қалыптасуында шешуші рөл атқарды және мамандар даярлаудың базасына айналды.

  • 1988 жылдың екінші жартысында екі ғылыми орталық ашылды: Қоғамдық пікірді зерделеудің республикалық орталығы (ҚПЗРО) және ҚазКСР ҒА Экономика институтының жанындағы әлеуметтану орталығы.





  • XX ғасырдың әлеуметтанулық теориялары



П. Сорокин АҚШ-та үстемдік еткен эмпиризмдік тенденцияны сынап, кең түрде танылған мәдениеттің жалпы социологиялық жақтарын қамтитын “интегралды социология” туралы ілімді дамытты. Мәдени өзгеріс теориясын ұсына отырып, П.Сорокин диалектиканың көмегімен әлеуметтік-мәдени өзгерістердің дұрыс қайталанып тұру тәртібін түсіндіруге тырысып, оның негізін іздеді.

  • П. Сорокин АҚШ-та үстемдік еткен эмпиризмдік тенденцияны сынап, кең түрде танылған мәдениеттің жалпы социологиялық жақтарын қамтитын “интегралды социология” туралы ілімді дамытты. Мәдени өзгеріс теориясын ұсына отырып, П.Сорокин диалектиканың көмегімен әлеуметтік-мәдени өзгерістердің дұрыс қайталанып тұру тәртібін түсіндіруге тырысып, оның негізін іздеді.





П. Сорокин - ірі әлеуметтанымдық тұжырымдамалардың авторы ретінде белгілі болған ғалым. Осы тұжырымдамалардың көмегімен ол дүниедегі өзгерістерді түсіндіруге талпынды.

  • П. Сорокин - ірі әлеуметтанымдық тұжырымдамалардың авторы ретінде белгілі болған ғалым. Осы тұжырымдамалардың көмегімен ол дүниедегі өзгерістерді түсіндіруге талпынды.

  • Бұлардың бірі - әлеуметтік-мәдени динамика тұжырымдамасы.

  • Екіншісі - қоғамның интегралдық (тұтастыққа) жақындау түрінің тұжырымдамасы.



Әлеуметтанымдық тұжырымдамалардың бірі — шиеленіс (дау-жан-жалдар) теориясы. Бұл теорияны неміс әлеуметтанушысы Г.Зиммель (1858 -1918) негіздеген болатын.

  • Әлеуметтанымдық тұжырымдамалардың бірі — шиеленіс (дау-жан-жалдар) теориясы. Бұл теорияны неміс әлеуметтанушысы Г.Зиммель (1858 -1918) негіздеген болатын.

  • Мұнда ол қақтығыстарды әлеуметтік процестерді талдаудың өзекті мәселесі ретіндегі адам қоғамының табиғатына тән құбылыс деп қарайды.

  • Соңғы жиырма жылдың ішінде шиеленіс теориясы Д.Беллдың, К.Боулдинттің, М.Крозьенің, А.Туреннің, т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды





Қазіргі Батыс әлеуметтануының бірден-бір қызықты және табысты ағымы символдық интеракционизм болып табылады. Бұл ағымды негіздеген - Америка ғалымы Дж. Мид (1863-1931).

  • Қазіргі Батыс әлеуметтануының бірден-бір қызықты және табысты ағымы символдық интеракционизм болып табылады. Бұл ағымды негіздеген - Америка ғалымы Дж. Мид (1863-1931).



Постмодернистік дамудың жаңа жалпытеориялық тұжырымдамасын ағылшын әлеуметтанушысы Э. Гидденс ұсынды.

  • Постмодернистік дамудың жаңа жалпытеориялық тұжырымдамасын ағылшын әлеуметтанушысы Э. Гидденс ұсынды.

  • Бұл постмодернизм тұжырымдамасының жақтаушылары қазіргі болып жатқан және келешекте болатын өзгерістерде мәдени факторлардың ерекше рөл атқаратынын көрсетіп, соны баса айтады. Басқаша айтқанда, дәл осы факторлар қоғамдық прогрестің өлшемдері ретінде қаралады.



Қазіргі кезеңдегі әлеуметтанудың тағы бір тұжырымдамасы ол - әлеуметтік айырбастау теориясы. Бұл теорияны неғұрлым тез дамытушылар - американ әлеуметтанушылары Дж. Хоманс, П. Блау, Р. Эмерсон болды.

  • Қазіргі кезеңдегі әлеуметтанудың тағы бір тұжырымдамасы ол - әлеуметтік айырбастау теориясы. Бұл теорияны неғұрлым тез дамытушылар - американ әлеуметтанушылары Дж. Хоманс, П. Блау, Р. Эмерсон болды.

  • Бұл теорияның тұжырымы бойынша, адам мен қоғамның өзара әрекет етуі, әр түрлі әлеуметтік игіліктер мен іс-әрекеттер түрлерінің алмасуы арқасында өкімет, құқықтық жағдай, тәртіп, т.б. өмір сүреді деп түсіңдіріледі. Адамның айырбастауға деген ұмтылысы (психологиялық деңгейде)

  • оның қызметі мен тәртібіндегі негізгі бастаманың көзі ретінде қаралады.



Фредерик Уинслоу Тейлор (Frederick Winslow Taylor; 1856–1915) — инженер, зерттеушібасқаруды ұйымдастырушы, ғылыми еңбекті ұымдастырудың және өндірісті басқару өкілі

  • Фредерик Уинслоу Тейлор (Frederick Winslow Taylor; 1856–1915) — инженер, зерттеушібасқаруды ұйымдастырушы, ғылыми еңбекті ұымдастырудың және өндірісті басқару өкілі







Каталог: files -> teacher-presentations
teacher-presentations -> Компьютерлік графика негіздері; Компьютерлік графика негіздері
teacher-presentations -> Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы электрондық есептеу машинасы (эем) немесе компьютер болып саналады
teacher-presentations -> Тар мағынада құрылымдық және генетикалық құрылымдағы
teacher-presentations -> Сақабекова Ш.Қ. Т. Түс теориясы және түсті шығару. Оқу әдістемелік кешен. Алматы: ҚазҰТУ, 2014ж
teacher-presentations -> «Білдекжасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы» кафедрасы
teacher-presentations -> Философии түсінігі
teacher-presentations -> Презентациясы 5В072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
teacher-presentations -> Өндірісті басқару дегеніміз өндірістік ұжымдарға экономикалық, табиғи, техникалық және басқа заңдарды саналы түрде пайдалануға негізделген мақсатқа лайық ықпал ету болып табылады
teacher-presentations -> Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары кафедрасы
teacher-presentations -> техника ғылымдарының кандидаты, –техника ғылымдарының кандидаты


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет