Хаттама №1 10 қыркүйек, 2015 жылы Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінде 10 қыркүйек 2015жылы мектепішілік семинары өтуіне байланысты жиналысы болып өтті. Қатысқандар



Дата05.04.2018
өлшемі60.1 Kb.
Хаттама № 1

10 қыркүйек, 2015 жылы

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінде 10 қыркүйек 2015жылы мектепішілік семинары өтуіне байланысты жиналысы болып өтті.

Қатысқандар: МДТЖО-лар Ахметова.А, Есқуатова.А, қонақ АБҮО-ң МДТЖО-ң әдіскері Ізтілеуова .М, Тәлімгер Досбосинова.А, сынып жетекшілер: Бекбосынова.Т, Маңғыбаева.Р, Тәжіғұлова.Ж, Алпамысова.Б, Өмірзақова.Т, Дайрабаева.А, Тлеубаева.Т, Бупежанова.А,Реукенова.Р

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1. "Отбасы-бақыт мекені" атты апталығын қорытындылау-МДТЖО: Ахметова.А

2. "Отбасы-бақыт мекені" атты мектепішілік семинардың қорытындысы- МДТЖО: Ахметова.А.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша МДТЖО-Ахметова.А : Отбасы күніне орай мектепішілік "Отбасы-бақыт мекені" атты 7-13 қыркүйек аралығында іс-шаралар жоспары жасақталды. 8қыркүйек күні дене пәнінің мұғалімдері Тілешов.Ж, Арғын.Б, Кәрім .Ж ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары мен ата-аналарымен "Өнеге отбасынан" спорттық отбасылық эстафеталық жарыс өткізді. Сайысқа 3 отбасы қатысты. Ұлтанғұловтар отбасы, Халидулла отбасы, Галиевтер отбасы қатысты. І орынды Халидулла отбасы, ІІ орынды Ұлтанғұловтар отбасы, ІІІ орынды Галиевтер отбасы иеленді. Сайысқа қатысушы барлық отбасыларына мектеп директоры бағалы сыйлықтар тапсырды. Сайыс өте жақсы өтті. Жеңімпаз отбасы Халидулла аудандық жарысқа қатысатын болды. 8 қыркүйек күні мектеп психологы барлық сыныптың ата-аналарына психологиялық треннинг жүргізді. 3-4 сынып оқушыларына "Әкем, анам және мен-біз бақытты отбасы" атты қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге тек қана 3ә сынып сынып жетекшісі Өмірзақова Тұран , 4а сынып жетекшісі Бупежанова.А сыныбы қатысты, басқа сыныптар мүлде қатысқан жоқ.(Берішбаева.А(3а,3всынып), Мұқанова.К,(3б сынып), Тәжіғұлова.Б(4ә), Ебелекова.Л(4б), Игібаева.М(4всынып)."Біз бақытты жанұямыз"5-6 сыныптары арасында

үздік селфи отбасымен түскен суреттерден байқау өткізілді. Байқауға тек қана 6а сыныбы(сынып жетекшісі Түйебаева Алтын) мен 6б сыныбы (сынып жетекшісі Маңғыбаева Разия) қатысты.І орынды 6"Б" сыныбының оқушысы Әділхан Назым, ІІ орынды 6"А" сыныбының оқушылары Әділханова Алтынгүл, , Кентан Дина, ІІІ орынды Жылқыбаева Інжу, Жақаева Лаура иеленді. "Отбасы-тіршіліктің тірегі" атты барлық сыныптар өз сыныптарына сынып сағаттарын өткізді.


Күн тәртібіндегі 2мәселе бойынша МДТЖО-Ахметова.А :
Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебінде отбасы күніне орай мектепішілік семинар өткізілді. Семинарда Алпамысова.Б 1в сыныбына "Отбасым-тірегім" атты,Тәжіғұлова.Ж 8в сыныбына "Отбасым-шаттығым, балаларым-бақытым"атты ата-аналармен біріккен ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Мекеп психологы Көкебаева Назереке 9-11 сыныптың қыз балаларына "Отбасын ерте құру дұрыс па?"атты пікір алмасу өткізді, және де МДТЖО Ахметова Айнұр "Мен отбасыммен мақтанамын" атты үлгілі, өнегелі отбасылармен кездесу кеші өтті. Семинардың мақсаты: Бала тәрбиесінде отбасы ықпалы тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі, өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны, отбасы- болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек-арқауы екенін түсіндіру.

Сөйлеу1: АБҮО МДТЖО-лар әдіскері Ізтілеуова Малика:

Сіздерді отбасы күнімен құттықтаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі -бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Бүгінгі семинарда байқағаным жалпы сынып жетекшілер ,МДТЖО-лар ата-аналармен тығыз қарым қатынаста екені көрініп тұр. Қай шараңыз болса да ата-аналарыңызды осындай шараларға қатыстырып отыруларыңыз дұрыс деп есептеймін. Бүгінгі семинар өте жақсы ұйымдастырылып отыр. Жалпы мектеп пен отбасы алдында тұрған үлкен мәселелердің бірі жасөспірімге білім, тәрбиені , мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау керек екенін білеміз. Мен өзім МДТЖО Ахметова Айнұр мен мектеп психологы Көкебаев Назеркенің сыныптан тыс шараларына қатыстым. Жалпы Назеркенің алып отырған тақырыбы күні кеше ғана облыстық семинарда шыққан баяндамалар жинағында қозғаған үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Ал бүгін Назерке өзінің баяндамасын практика жүзінде 9-11 сыныптың қыз балаларына арнап пікір алмасу дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде мен өз пікірімді айтқан болатынмын. Таңдалып отырған тақырып өте жақсы."Отбасын ерте құру дұрыс па? " .Қатысып отырған қыз балалар өз ойларын айтты. Назерке де статистикалық мәліметтерді көрсетті. Пікір алмасу яғни дөңгелек үстел жақсы өтті. МДТЖО Ахметова Айнұр апайдың өткізген кездесу кеші өте жақсы өтті. Тіпті кездесу кешіне ата-аналарымен балаларына дейін шақырылған. Ең баласы аз отбасы шақырылған 6 бала екен. Тіпті таң қалып қойдым жап жас ата-аналар Табынбаевтар отбасы екен. Анасы Анаргүл 8баланың анасы жас болса да. Алтын алқа иегері. Кездесу кеші жақсы ұйымдастырылған.Тіпті әкелерінің де аналары үйлерінде болмаған жағдайда тығырықтан шыға білетіні көрінді. Қыздарының шаштарына дейін әп әсем қылып өріп берді. Осындай өнегелі отбасыларды балаларға таныта беру керек деп есептеймін. Балалар үлгілі отбасыларынан көп үлгі алады. Қатысқан отбасылар біршама сұрақтарға орнықты жауап берді. Айнұрдыңда ұйымдастырған шарасынан түсінген оқушы көп өнеге алады.



Сөйлеу2: 9б сыныбының жетекшісі Бекбосынова Толқын тарих жәні география пәнінің мұғалімі:

Бүгін міне мен семинарға толықтай қатыстым. Себебі бүгін менің сабағым жоқ күні екен. 1в сынып жетекшісі Алпамысова Бибігүл өткізген "Отбасым тірегім "атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына ата-аналар , оқушылар, ұстаздар қатысты. 5 бөлімнен тұратын тәрбие сағаты өте тартымды өтті. Көрнекі құралдарды тиімді пайдаланып ,ата-ана ұстаз арасында байланыс орнады.Ата-анамен оқушының зейінділігі мен тапсырмалар беріліп, қойылған ситуациялық сұрақтарға ата-аналар жан-жақты қамтып, жауаптар берілді. Алпамысова Бибігүл баланың жас ерекшелігін ескеріп, тақырыпты дұрыс таңдап алған. Тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтті.

8в сыныбының сынып жетекшісі Тәжіғұлова.Ж "Отбасым-шаттығым, балаларым бақытым"атты ашық тәрбие сағатында оқушылар 4 топқа бөлінді. "Шаңырақ","Сықырлауық", "Кереге" , "Уық". Миға шабуыл бөлімінде төмендегідей сұрақтар қойылды.

-Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Отан-отбасынан басталады дегенді қалай түсінесіңдер ?

Отбасының құндылығы ата-ана тәрбиесі туралы толық жан-жақты мағлұмат берілді. Келген 12 ата-ана балаларының балалық шақтағы тәтті қылықтарын баяндады. Өнерпаз оқушылардың өнерлері тамашаланды. Т.Абайхан, Г.Жайлымысқызы сыныды оқушылар өздерінің аналарына шығарған өлеңдерін оқып берді. Оқушылар өздерінің шығарған шығармаларынан ой-бөлісіп қорытыланды. Жарқынай "Балаға берілген дұрыс тәрбие -бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие- біздің болашақтағы сорымыз,біздің көз жасымыз " А.С Макаренконың ұлағатты сөзімен аяқтады.

Мектеп психологы Назерке Көкебаева 9-11 сыныптың қыз балаларымен "Отбасын ерте құру дұрыс па?" деген тақырыпта диспут өткізді. Оқушылар отбасын ерте құрудың екі жақты бағытына тоқталды. Көптеген оқушылар оқуылардың мектеп бітірмей тұрып ерте үйленіп, тұрмысқа шығуының қоғам үшін, отбасы, ата-ана үшін зиянды тұстарына тоқталды. "Үйлену оңай, үй болу қиын" деген қазақ мақалының бүгінгі қоғам үшін қандай маңыздылығы бар екендігі жөнінде оқушылар, мұғалімдер, аудандық білім үйлестіру орталығының тәрбие жөніндегі орынбасарлардың әдіскері М.Ізтілеуова өз пікірлерін айтып, әңгіме тербетті. Жастық жалынның, студенттік өмірдің ,балғын жас дәуреннің мәні туралы жан-жақты өзекті ойлар айтылды. МДТЖО Ахметова.А қаламыздағы үлгілі, көпбалалы отбасылардың басын қосып "Мен отбасыммен мақтанамын" тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды. Кешке Қартбаевтар, Жүсіповтер, Жетжановтар, Табынбаевтар отбасылары өз балаларымен келіп қатысты. Барлық отбасылар слайд арқылы таныстырылды. Ситуациялық сұрақтар қойылып, ата-аналар өз ойларын белсенді түрде жеткізіп отырды. Әкенің рөлдері (қызының шашын өру) тамашаланды. Кездесу кешті әрлендіріп, қызықты өтуіне атсалысқан Жүсіп Опа, Қартбаевтар,Жетжановтар отбасыын ерекше атап кетуге болады. Көп жылдардан бері сөйлеу3: МДТЖО: Есқуатова.А

тәрбие саласында жұмыс жасап келе жатқан Айнұрдың өткізген кезлдесу кешін "үлгілі" деп танып, мектепішілік, аудан көлемінде таратуға деп ұсынамын.Осындай кездесулер көп бола берсе, балаларымыз осындай өнегелі отбасыларымен таныса білсе деймін.

Биылғы 2015-2016 оқу жылындағы алғашқы МДТЖО алғашқы өткізіп жатырған отбасы мерекесін жақсы бастама деп ойлаймын. Бүгінгі семинардан біздің ұстаздарымыз, оқушыларымыз , ата-аналарымыз зор әсер алды деп ойлаймын, өйткені отбасы мерекесі бұл республикалық деңгейде тойланып жатырған мереке. Сол мерекеге біздің мектепте ,ата-аналарымызды зор үлесін қосты деп ойлаймыз. Алдағы уақытта да осындай семинарлар ұйымдастырылса , біздің тәрбиелеп отырған жас буынымыз саналы да,сапалы тәрбиелі ұрпақ болатыныныа сенімім кәмел.

Сөйлеу тоқтатылсын.

Қаулы:

1. Семинарда өткізілген Тәжіғұлова.Ж мен Ахметова .А іс-тәжірибелері мектепішінде таратуға ұсынылсын.

Жиналыс төрайымы: МДТЖО Ахметова.А

Хатшы: Досбосинова.А

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы



Форт-Шевченко қаласы

Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебі
Каталог: omirbaev -> files
files -> Тақырыбы. «Еңбектің наны тәтті » Мақсаты
files -> «Педагогтардың көңіл-күйін тұрақтандыруға алналған психологиялық жаттығулар» Тренинг мақсаты
files -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктерін маңызын, құрамын, қызметін, құрылысын түсіндіру
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі маңҒыстау облысы, ТҮПҚараған ауданы форт-шевченко қаласы е.ӨМірбаев атындағы орта мектебі тақырыбы: «Қазақ ертегілерінің ТӘрбиелік мәНІ»
files -> Оқулықтағы №2 тапсырма Кесінділерді қандай топтарға бөлуге болады? Нүктелерді қандай топтарға бөлуге болады ?


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет