Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналып 2014 жылы өткізілген іс-шаралар туралы АҚпарат 4т



Дата19.07.2017
өлшемі30.56 Kb.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне

арналып 2014 жылы өткізілген іс-шаралар туралы

АҚПАРАТ

4т. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 қаулысымен бекітілген Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасының 3.1 – тармағын орындау бойынша Ақтөбе облысының аумағында халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Таңдауымыз- салауатты өмір салты!» ұранымен апталық өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты- қоғам мен жұртшылық назарын нашақорлық мәселесіне аудара отырып, барлық мүдделі ведомстволарды нашақорлықтың дамуына қарсы күреске жұмылдыру.

Апталық аясында жасөспірімдер мен жастарды есірткі мен психотроптық заттарды пайдаланудың зияндығы мен оның салдары туралы ақпараттандыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылдың 18, 20 маусымында мектептер мен қала сыртындағы лагерлерде «Дұрыс жолды таңда!» атты салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттайтын сурет салу байқаулары өтті.

Ағымдағы жылдың 16 маусымында «Локомотив» кинотеатрында кинолекторий өткізіліп, онда салауаттылықты насихаттайтын роликтер көрсетілді.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс – қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының екі отырысы өткізілді.

Бірінші отырыста есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес нәтижелері, нашақорлық профилактикасы мен оның тиімділігін көтеруге бағытталған шаралар туралы, екінші отырыста Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған акцияны өткізу туралы мәселелер күн тәртібінде қаралды.

26 маусым –Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Ақтөбе облысы ІІД ЕБҚКБ облыс Әкімшілігінің басқармаларымен өзара іс-қимыл жасасып, кең көлемді акциялар өткізді.

Ағымдағы жылдың 26 маусымында таңертеңгі сағат 10.00-де Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы стадион алдында Ақтөбедегі әскери бөлімшелердің жауынгерлері мен қаладағы оқу орындарының студент жастары атсалысқан іс-шара «Флешмоб» би бағдарламасымен ашылып, акция ІІД кинологиялық қызмет орталығының кинологтарының қызметтік иісшіл иттерінің есірткіні іздеу мен оны табу сәтін көрсеткен көрініске ұласты. Ізінше ІІД жедел қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері қарулы қарсыласты ұстау кезіндегі қол ұрысының әдістерін көрсетті

2014 жылғы 26 маусымда тәуліктің екінші жартысында 16:00 сағаттан 22:00 сағатқа дейін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта ІІД ЕБҚКБ қызметкерлерінің, медицина қызметкерлерінің, наркологтардың, СӨСҚО мен «Қазақстан жастары Альянсының», жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерінің және жоғары, арнайы оқу орындарының студенттерінің қатысуымен қалың қоғам өкілдерін кеңінен тарта отырып, жастар мен жасөспірімдер үшін игілікті психологиялық және әлеуметтік жағдайларды туғызуға бағытталған, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттайтын кең көлемді акция өткізілді.

Акция алдында қаладағы Әбілхайыр хан даңғылы бойымен Тұңғыш Президент атындағы саябаққа дейін автошеру ұйымдастырылады. Автошеруді алдымен автокөліктер, содан соң байкерлер мінген мотоцикльшілер және велосипедшілер сүймелдеді.

Қала мектептерінің оқушылары атсалысқан «Есірткісіз өмір!» атты асфальтқа сурет салу байқауы да талап деңгейінен шықты.

Сахнаға қаламыздағы ЖОО,АОО студентері мен «Қазақстан жастарының альянсі» жастар ұйымдарының өкілдері шығып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ұрандатып шақырды. Іс-шара соңы ашық аспан астындағы флешмогқа ұласты.

Акция барысында қатысушыларға есірткіге қарсы тақырыпта жазулары бар футболкалар мен бейсболкалар үлестірілді, ҚР ІІМ ЕБҚКК шығарылған «Наркопост», «Будущее без наркотиков» атты журналдары таратылды.

Акция өткізу барысы барлық жергілікті және республикалық деңгейдегі БАҚ-қа жіберілді.

Айлық барысында 12 материал бұқаралық-ақпарат құралдарына жіберілді, оның 3-і респубикалық БАҚ-қа шықты.

Нашақорлықтың көкейкесті мәселелері туралы материалдарды радио-теле және баспасөз беттерінде жариялау, роликтерді электронды билбордтарда шығару және есірткі пайдаланудың ақыры орны толмас қайғы-қасірет әкелер зардаптарға ұласатыны жайлы ақпараттармен жастар мен жасөспірімдердің түсінігін қалыптастыру жұмыстары, жұртшылықты ішкі істер органдарының есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес бойынша қабылдап жатырған іс-шараларымен, заңнамалар аясындағы жаңалықтармен ақпараттандыру ұдайы негізде жүргізіліп отыр.



5т. Ақтөбе облысы ІІД бастығының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 145 ж/қ бұйрығымен Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының 6 қызметкері ақшалай марапатталды.

Ақтөбе облысы ІІД ЕБҚКБ
Каталог: portal -> page -> portal -> kbn -> kbn page -> real mol pol -> prof event
prof event -> Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ
portal -> Кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 2012. 13. 02. берілген
portal -> Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты Жалпы ережелер
kbn page -> Күрес күшейіп, қауіп сейілді ме?
prof event -> Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша ОҚО бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат (2014 ж)


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет