Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет1/3
Дата23.04.2017
өлшемі437.66 Kb.
  1   2   3


"Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 сәуірде № 10740 тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    
Министр                                 Е. Досаев

     


«КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ___________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 10 наурыз

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 наурыздағы
№ 190 бұйрығымен   
бекітілген 

    


«Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережеле

1. «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) вакцинаның «ашылған құтысы» – тығыны алып тасталмай, вакцинаны шприцпен тесіп алып, инъекциялық тәсілмен енгізілетін вакцинаның құтысы;

2) өлі вакциналар – өлі немесе белсенділігі жойылған микрорганизмдерден, сондай-ақ микробтық клетканың жекелеген компонеттерінен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерінен дайындалған вакциналар;

3) тірі вакциналар – тірі микроорганизмдерден дайындалған вакциналар;

4) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (бұдан әрі - ИКҚК) иммундаудан кейін орын алатын, медициналық қызметкердің немесе халықтың алаңдатушылығын тудыратын және иммундаудан пайда болды деп есептелетін медициналық жағдай

5) медициналық иммундық биологиялық препараттар (бұдан әрі – МИБП) – инфекциялық және иммундық (аллергиялық ауруларды қосқанда) аурулардың өзіндік алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, басқа аурулардың иммунологиялық әдістері және физиологиялық жағдайлары көмегімен диагностикалауға, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттерді және олардың антигендерін индикациялауға арналған, иммундық жүйе арқылы емдеуші және профилактикалық әсер ететін препараттар.

3. Халыққа эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егу жүргізу кезінде және ИКҚК пайда болған кезінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады.

4. Халыққа профилактикалық егуді жүргізу үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайлардан басқа Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат берілген МИБП (вакциналар, анатоксиндер, иммуноглобулиндер) пайдаланылады.

5. «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен (бұдан әрі – № 2295 қаулы) бекітілген тізбеге кірмейтін инфекцияларға қарсы профилактикалық егу ақылы егу кабинеттерінде жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.


6. Бұрын егілмеген бала немесе вакцинациялау туралы мәліметі жоқ бала жасына қарамастан, алғашқы вакциналық кешенмен - туберкулезге, полиомиелитке, «В» вирусты гепатитіне (бұдан әрі - ВВГ), дифтерияға, көкжөтелге, сіреспеге, қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы егіледі. Диагностикалық препараттар болған жағдайда баланың иммундық мәртебесін алдын ала зерделеуге болады.

2. Халыққа профилактикалық егуді жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

7. МИБП-ды қолдану алдында оған қоса берілген нұсқаулықпен танысу, ампуланың (құтының) таңбасын және бүтіндігін, препараттың қоса берілген нұсқаулыққа сәйкестігін зерделеу қажет.

8. Мыналарды:

1) құрамындағы антигені азайтылған адсорбцияланған дифтерия-сіреспе анатоксинін (бұдан әрі – АДС-М), сіреспе анатоксинін (бұдан әрі – АС), тұтас жасушалы (бұдан әрі - АКДС) және жасушасыз көкжөтел компонентті (бұдан әрі - АбКДС) адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасынан тұратын вакциналарды, вирусты гепатиттерге, пневмококк инфекциясына қарсы вакциналарды және белсенділігі жойылған полиомиелитке қарсы вакцинаны, сонымен қатар мұздатылған басқа да адсорбацияланған вакциналарды;

2) құты индикаторының немесе басқа да термоиндикаторлардың көрсеткіштерінің негізінде жоғары температураның әсеріне ұшыраған вакциналарды;

3) жарамдылық мерзімі аяқталған МИБП-ды, оның ішінде вакциналар мен еріткіштерді;

4) ашық құтылардағы вакциналарға қойылатын тиісті талаптар сақталмаған жағдайда ашық құтылардағы вакциналарды;

5) ампулалардың (құтылардың) бүтіндігі бұзылған МИБП-ды;

6) ампулада (құтыда) таңбасы жоқ немесе айқын емес МИБП-ды;

7) нұсқаулықтағы сипаттамаға сәйкес келмейтін МИБП-ды;

8) қаптамасының бүтіндігі бұзылған және жарамдылық мерзімі аяқталған бір рет қолданылатын шприцтерді пайдалануға жол берілмейді.

9. Лиофилизацияланған вакциналарды (қызылшаға, паротитке, қызамыққа, гемофильдік инфекцияға, туберкулезге қарсы) асептика қағидаларын қатаң сақтай отырып және вакцинаның температурасына сәйкес вакцинаға қоса берілетін стандартты еріткішпен араластырады.

10. МИБП-ды еріту кезінде еріткіштің температурасы МИБП-ның температурасына сәйкес келуі тиіс. Еріткішті мұздатуға болмайды.

11. МИБП-ты енгізу орнын өңдеу, егер, вакцинаға қоса берілетін нұсқаулықтарда басқа нұсқаулар болмаса, 70 % спиртпен жүргізіледі.

12. Профилактикалық егуді жүргізу кезінде бір рет пайдаланылатын аспаптар (өздігінен оқшауланатын шприцтер, инелер, скарификаторлар) пайдаланылады.

13. Туберкулезге қарсы егуді қоспағанда бір күнде әртүрлі профилактикалық егуді қосуға жол беріледі. Вакциналар дененің әр бөлігіне әртүрлі шприцтермен салынады.

14. Егер МИБП бір күнде салынбаған болса, тірі вакциналар арасында кемінде төрт апта аралық сақталады. Тірі және өлі вакциналар арасында аралық сақталмайды.

15. Құрамында АбКДС бар вакциналармен алғашқы вакциналық кешен кеш аяқталған жағдайда бірінші ревакцинациялау кемінде 1 жыл аралықпен жүргізіледі, құрамындағы дифтерия анатоксині жоғары құрамында АбКДС бар құрамдастырылған вакциналар 7 жастан асқан балаларға қолданылмайды.

16. Бұрын егілмеген 7 жастан асқан балалар мен ересектер вакцинациялау түрі бойынша: құрамындағы дифтерия анатоксині төмен 2 АбКДС екпесі 4 апта аралықпен егілуі тиіс, үшінші екпе 6 айдан кейін жүргізіледі.

17. Сіреспенің шұғыл профилактикасы № 2295 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

18. 5 жастан асқан балаларды Хиб-компоненттен тұратын құрамдастырылған вакциналармен иммундау жүргізілмейді.

19. Қан ұюы (гемофилия) бұзылған пациенттерге барлық вакциналарды сақтық шараларын орындай отырып, тері астына немесе тері ішіне салады.

20. Иммуноглобулин немесе қан препараты салынғаннан кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакциналарды егу кемінде үш айға кейінге қалдырылады. Иммуноглобулиндерді немесе қан препараттарын енгізу аралығында аралық сақталмай, құрамында АКДС бар вакцина, АДС-М, туберкулезге, пневмококк инфекциясына қарсы, полиомиелитке қарсы ауыз арқылы ішетін вакцина (бұдан әрі – АПВ) егіледі.

21. Қызылшаға, қызамыққа, паротитке, АПВ, туберкулезге қарсы вакциналарды еккеннен кейін иммуноглобулинді егу үшін кемінде екі апта аралық сақталады. Құрамында АКДС бар вакцинаны, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны, АДС-М препараттарын еккеннен кейін аралық сақталмайды.

22. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АПВ вакцинасымен иммундау кезінде ҚҚП-пен аралық сақталмайды.

23. Иммундау кезінде мыналарды:

1) тырысқаққа және А және В паратифке қарсы вакцинамен сары қызбаға қарсы вакцинаны;

2) іш сүзегіне қарсы тірі вакцинаны және обаға қарсы вакцинаны;

3) дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге (жасушасыз), ВВГ-ға, полиомиелитке (белсенділігі жойылған вакцина), b түрінің гемофильді инфекциясына қарсы құрамдастырылған вакцинаны және желшешекке қарсы вакцинаны қосуға болмайды.

24. Вакцина дозаларының арасындағы аралықтар препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақталады.

25. «Ашылған құтыларды» пайдалануға мына:

1) препараттың жарамдылық мерзімі аяқталмаған;

2) сақтау температурасы сақталған;

3) стерильдігі сақталған;

4) вакцинаның көзге көрінетін өзгерістері болмаған жағдайларда жол беріледі.

26. Құрамында АКДС бар вакцинаның, АДС-М, АС, полиомиелитке, пневмококк инфекциясына қарсы вакциналардың, «А» және «В» гепатиттеріне қарсы вакциналардың «ашылған құтыларын» осы Санитариялық қағидалардың 25-тармағында баяндалған шарттар сақталған жағдайда үш тәулік ішінде пайдалануға жол беріледі.

27. Вакциналардың «ашылған құтыларының» заттаңбасында құтыларды ашу күні мен уақыты көрсетіледі.

28. «Ашылған құтыларды» бір егу кабинетінен екіншісіне тасымалдауға жол берілмейді.

29. Қызылшаға, қызамыққа, паротитке, туберкулезге, сары қызбаға қарсы вакциналар еріткіштермен араластырылғаннан кейін тез арада немесе егер, нұсқаулықта рұқсат етілген болса, кейіннен вакциналардың қалдықтары жойыла отырып, 6 сағат ішінде пайдаланылады.

30. Ампулаларда шығарылатын МИБП ашылғаннан кейін дереу пайдаланылады.

31. Егу бригадалары тұрғындарды үйлерінде иммундау кезінде пайдаланылған құтылар, оның ішінде вакциналардың қалдықтары бар құтылар жұмыс күнінің соңында жойылады.

3. Профилактикалық егуді жүргізуге арналған үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

32. Профилактикалық егу жүргізілетін үй-жайда (бұдан әрі – егу кабинеті) басқа медициналық емшараларды (манипуляцияларды) жүргізуге жол берілмейді.

33. Егу кабинетінің ішкі өңделуі ылғалды жинауға және дезинфекцияға төзімді тегіс беттен тұрады. Егу кабинетінде: табиғи жарықтандырудың, орталықтандырылған сумен жабдықтаудың, кәріздің, жылудың, қол жууға арналған раковинаның болуы көзделеді. Орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз болмаған жағдайда, персоналдың санитариялық-гигиеналық режимді және жеке гигиенаны сақтауы үшін жағдайлар жасалады.

34. Егу кабинеті мынадай жабдықпен жарақтандырылады:

1) қолайлы температуралық режимді қамтамасыз ететін сыйымдылығы МИБП-ды сақтау үшін жеткілікті тоңазытқыш;

2) МИБП-ды тасымалдауға және жұмыс күні ішінде сақтауға арналған термоконтейнер немесе тоңазыту сөмкесі;

3) электр қуаты апатты ажыраған жағдайда МИБП-ды уақытша сақтауға арналған термоконтейнер;

4) жұмыс үстелі, орындықтар;

5) МИБП-ды пайдалануға дайындауға арналған медициналық үстел;

6) аспаптар мен дәрілік заттарды сақтауға арналған медициналық шкаф;

7) жөргекке орау үстелі және (немесе) медициналық кушетка;

8) стерильді материал салынған бикс;

9) тонометр, термометрлер, бір рет қолданылатын шприцтер, шпательдер

10) МИБП-дың қалдықтарын зарарсыздандыруға арналған ыдыс;

11) пайдаланылған бір рет қолданылатын шприцтерді қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі – ҚКК).

35. Егу кабинеті шокқа қарсы терапияның қажетті дәрілік препараттарымен қамтамасыз етіледі.

36. Автокөлікпен, термоконтейнермен, егу материалымен, бір рет қолданылатын және өздігінен оқшауланатын шприцтермен, шокқа қарсы препараттармен толықтырылған көшпелі егу бригадасының құрамына білікті дәрігер және профилактикалық егу жүргізуге рұқсаты бар егу мейірбикесі кіреді.

4. Вакциналарды егуге және егілген адамның вакцинация


кезеңінен кейінгі жағдайын бақылауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

37. Профилактикалық егу жүргізудің алдында дәрігер, ол болмағанда фельдшер егілетін адамды тексеріп-қарайды, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда егілетін адамның медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат береді.

Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде ресімделеді.

38. Профилактикалық егуді жүргізу алдында егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе кәмелетке толмағандардың және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне сауал жүргізу медицина қызметкерлеріне арналған сауалнама бойынша осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

39. Профилактикалық егуді жүргізуге қарсы көрсетілімдер осы Санитариялық қағидаларының 3-қосымшасында көрсетілген.

Инфекциясы бар науқаспен қарым-қатынаста болу, шектеу іс-шаралары жоспарлы егу жүргізу үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.

40. Адамның иммун тапшылығы вирусымен (бұдан әрі – АИТВ-инфекция) өмір сүретін адамдарға профилактикалық егуді ұйымдастыру және жүргізу осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

41. Егуді алғаннан кейін егілген адамдар ИКҚК туындаған жағдайда шаралар қабылдау үшін 30 минут бойы медициналық ұйымда медицина қызметкерінің бақылауында болады. Кейіннен медицина қызметкер өлі немесе белсенділігі жойылған вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы үш күнде және тірі вакцинаны енгізгеннен кейін 5-6 және 10-11 күнінде үйде бақылауды қамтамасыз етеді.

42. Құрамында АКДС бар вакцинаны енгізгеннен кейін клиникалық көрсетілімдері болған жағдайда егілген адамға егуден кейін 1 сағаттан соң әр 6 сағат сайын, бірақ тәулігіне 4 реттен көп емес 1 килограмм салмаққа 10-15 миллиграмнан 1-3 тәулік аралығында парацетамол бере отырып, ИКҚК профилактикасы жүргізіледі.

43. Медицина қызметкері тексеру кезінде ИКҚК туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы егілетін адамға немесе егілетін балалардың ата-аналарына түсіндіру жұмысын жүргізеді

44. ИКҚК-ны дифференциалды диагностикалау кезінде мыналар клиникалық критерийлер болып табылады:

1) белсенділігі жойылған вакциналармен иммундаудан кейін жоғары температурамен, фебрильді құрысумен бірге өтетін жалпы ауыр реакциялар егуден соң алғашқы 3 күнде пайда болады;

2) тірі вакциналарға реакциялар (егуден кейін алғашқы сағаттарда пайда болатын шұғыл түрдегі аллергиялық реакциялардан басқа) қызылша вакцинасынан кейін төртінші күннен ерте және 12-14-күндерден, қызамық вакцинасынан кейін 20-25-күндерден, полиомиелит, паротит және паротит компоненті бар құрамдастырылған вакциналардан кейін отыз күннен кеш пайда бола алмайды;

3) менингеальды құбылыстар паротит вакцинасынан басқа белсенділігі жойылған вакциналарды, анатоксиндерді және тірі вакциналарды енгізгеннен кейінгі асқынуларға тән емес;

4) энцефалопатия паротит және полиомиелит вакциналарын және анатоксиндерді енгізгеннен кейінгі реакцияларға тән емес;

5) «вакцинадан кейінгі энцефалит» диагнозы, ең алдымен, жалпы ми симптоматикалы ауруларының – орталық жүйке жүйесі (бұдан әрі - ОЖЖ) ісіктерінің, тұмаудың, пневмонияның, менингококк инфекцияларының болмауын қажет етеді;

6) ішек, бүйрек симптомдары, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі асқынуларға тән емес және бірге өтетін аурулардың белгілері болып табылады;

7) катаральдық синдром егуден кейін бесінші күннен ерте емес және 12-14-күндерден кешіктірмей пайда болған жағдайда қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы және осындай бір немесе бірнеше комноненттері бар вакциналарға берілген өзіндік реакция болуы мүмкін, бірақ ол басқа вакциналарға (БЦЖ, барлық өлі вакциналар) тән емес;

8) вакцинамен байланыстырылған параличті полиомиелит (бұдан әрі – ВБПП) полиомиелитті тірі вакцинамен иммундалған адамдарда төртінші күннен бастап 30 тәулікке дейін және қарым-қатынаста болғандарда 60 тәулікке дейін дамиды. Бұл ретте, барлық ВБПП оқиғаларының 80%-ы полиомиелитке қарсы тірі вакцинаны бірінші егуге байланысты, аурудың иммунитет тапшылығы бар адамдарда даму қаупі оның сау адамдарда даму қаупінен 3-6 мың есеге жоғары. ВБПП қалдықты құбылыстармен (сылбыр перифериялық парездер және/немесе сал ауруы және бұлшық ет атрофиясы) бірге өтеді.

45. Егілген адамға шақыртылған медицина қызметкері осы шақыртуға тез арада қызмет көрсетеді, кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді және көрсетілімдер болған жағдайда оны ауруханаға жатқызады. ИКҚКА-ға күдіктену кезінде медицина қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның бөлімшесіне жедел хабарлама жібереді.

46. ИКҚК-ны есепке алу және тексеру тәртібі осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

47. ИКҚК жағдайларын тексеру кезінде эпидемиологиялық тексеру актісі және ИКҚК жағдайлары туралы есеп осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес толтырылады.

5. Профилактикалық егілуге жататын контингентті есепке алуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және орындалған профилактикалық егуді есепке алу

48. Иммундалуы тиіс контингентті профилактикалық егулермен толық қамтуды қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың (фельдшерлік акушерлік пункт, селолық дәрігерлік амбулатория, емхана) медицина қызметкерлерінің күшімен жылына екі рет (көктем-күз) санақ журналына балалар құрамына өзгерістерді енгізе отырып, аумақта тұратын балаларды есепке алу жүргізіледі.

49. Санақ журналына туылған, қайтыс болған, келген немесе кеткен адамдардың тегі бойынша деректерді енгізе отырып, балалардың динамикасына ай сайын бақылау жүргізіледі.

50. Қызмет көрсетілетін учаскеге келген балаларды белсенді анықтауды медицина қызметкері науқастардың үйлеріне баруы кезінде, олардың денсаулық сақтау ұйымдарына, консультациялық-диагностикалық орталықтарға медициналық көмекке жүгінуі кезінде, балаларды есепке алудың дұрыстығын ішінара бақылау кезінде жүзеге асырады.

51. Ересек контингентті есепке алу профилактикалық егу жоспарларын құру алдында (тамыз-қыркүйек) жылына бір рет медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерінің күшімен жүргізіледі.

52. Қызмет көрсететін аумақтағы жас топтары бойынша тұрғындардың саны туралы жиынтық деректер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның бөлімшелеріне және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына санақ аяқталғаннан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде беріледі.

53. Профилактикалық егулерді есепке алу есепке алу нысандарына тиісті жазба жасаумен жүзеге асырылады, олар егудің жүргізілген орны бойынша медициналық ұйымдарда сақталады.

54. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген «Профилактикалық екпелердің картасы» 63/е нысаны картотека түрінде сақталады, ол таратып салудың мына принципі бойынша жүргізіледі:

1) ағымдағы жылы егілуі тиіс балаларға, олар егуді тағайындау айлары бойынша бөлінеді. Егілгеннен және ол 63/у нысанына енгізілгеннен кейін ол келесі екпе тағайындалған айдың ұяшығына (пакетіне) қойылады;

2) ағымдағы жылы егілуі тиіс емес балаларға, туылу жылы бойынша;

3) уақытша көшіп кеткен балаларға;

4) медициналық қарсылығы бар балаларға.

55. Профилактикалық екпелердің дербес есебі егу паспортында жүргізіледі.

56. Тұрғындарды егуді толық есепке алуды және қамтуды үйлестіру мен бақылау облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына жүктелген:

1) учаскелік дәрігерлер профилактикалық егудің жылдық жоспарларын құрады, профилактикалық егу жүргізуді ұйымдастырады және ай сайын профилактикалық егулер туралы есептерді аумақтық тиесілігіне сәйкес аудандық немесе қалалық емханаларға (бұдан әрі - Емханалар) тапсырады;

2) Емханалар профилактикалық егу жоспарын жинақтайды, профилактикалық егулер туралы ай сайынғы есептердің жиынтығын жасайды;

3) Емханалар профилактикалық егудің жиынтық жоспарын және профилактикалық егулер туралы ай сайынғы жиынтық есептерді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның бөлімшелеріне ұсынады.

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жиынтық жоспарды және профилактикалық екпелер туралы ай сайынғы есептерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсынады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның бөлімшелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынады.

6. Вакциналар мен еріткіштердің қозғалысы туралы есепке алуға және есептілікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

57. Халыққа профилактикалық егуді жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдары вакциналарды, еріткіштерді және басқа да МИБП-ды есепке алуды жүргізеді.

58. Халыққа профилактикалық егуді жүргізетін медициналық ұйымдар ай сайын вакциналардың айналысы туралы емханаларға айлық есептерді ұсынады.

59. Емханалар вакциналардың қозғалысы туралы айлық есептердің жиынтығын жасайды және вакциналардың қозғалысы туралы ай сайынғы жиынтық есептерді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның бөлімшелеріне ұсынады.

60. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары вакциналардың қозғалысы туралы ай сайынғы есептерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынады.

7. Иммундық-биологиялық препараттардың пайдаланылмаған қалдықтарын жоюға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

61. МИБП-ның пайдаланылмаған қалдықтары бар ампулалар мен құтыларды егу жүргізген медицина қызметкері мынадай тәсілдердің бірімен:

1) 30 минут бойы қайнату (күйдіргі ауруына қарсы вакциналар - 2 сағат);

2) Қазақстан Республикасында тіркелген және рұқсат етілген дезинфекциялау құралына батыру арқылы зарарсыздандырады және жояды.

62. Пайдаланылған бір рет қолданылатын шприцтер және инелер жарақаттануды және ауру жұқтыруды болдырмау мақсатында бөлшектелмейді, пішіні өзгертілмейді, оларды жуу және дезинфекциялауға жол берілмейді, олар жинауға және кәдеге жаратуға жатады.

63. Пайдаланылғаннан кейін бір рет қолданылатын шприцтер мен инелер тесілмейтін, су өтпейтін ҚКК-не дереу салынады және белгіленген тәртіппен кәдеге жаратылады.

64. Егер МИБП партиясындағы 1 % ампулалар (құтылар) қоса берілген нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмесе, онда МИБП-дың барлық партиясы осы Санитариялық қағидалардың 61-тармағында көрсетілген тәсілмен жойылуға жатады.

«Халыққа профилактикалық 


егуді жүргізу бойынша   
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
1-қосымша         

Нысан


Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті ақпараттандырылған

Каталог: assets -> docs
docs -> "Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы
docs -> "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
docs -> "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет