Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к семипалатинского государственного



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата23.10.2018
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:  Оқушыларға  Қасым  хан  басқарған  кезең  Қазақ  хандығының  қалай  күшейіп, 
халықаралық  беделінің  өскені;  Қасым  ханның  ел  басқару  және  дипломатиялық  шеберлігін 
оқушыларға таныстыру. 
Дамытушылық:  Оқушыларға  Қасым  ханның  кім  екендігін,  қазақ  халқының  тарихи 
санасында қандай істермен қалғандығын, қазақ тарихындағы алатын орнын сезінуге, осы ұлы хан 
туралы ізденуге, білуге деген шәкірттердің ынтасын ояту. 
Тәрбиелік: XVI ғасырда тек қазақ халқына ғана емес, Еуразияда да есімі мәлім болған Қасым 
хан  сияқты  мемлекет  басшысына  деген  шәкірттер  бойында  мақтаныш,  сүйіспеншілік,  құрмет 
сезімін қалыптастыруға ұмтылу. 
Сабақ түрі: Жаңа материалды игеру сабағы. 
Сабақтың өткізу әдісі: Ауызша тірек-сызбалар арқылы баяндау, бақылау. 
   Жаңа сабақ: 
  1.Қасым ханның тұсындағы Қазақ мемлекетінің өрлеуі; 
  2.Қасым ханның заңдары; 
  3.Қасым ханның ішкі саясаты; 
  4.Қасым ханның сыртқы саясаты 
Қазақ хандығы ең жоғары қуаттылығына XVI ғ. Бірінші ширегінде Қасым хандығы тұсында 
жетті. Қасым-Әз Жәнібектің ұлы. Қасым хан-хандықтың кеңеюі мен нығаюына белсене араласып, 
өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға, бүкіл Дешті-Қыпшақтың ханына 
айналды. 
“Қасым ханның қасқа жолы” 
Заңға енген ережелер
1. Мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы) 
2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, тонау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу) 
3. Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат) 
4. Елшілік жоралары(майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, 
ибалылық) 
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге 
режелері, жасауыл) 
 

 
 
96 
 
Қасым ханды халқының бақытына туған ерекше тұлға деп бағалаған. 
Қасым  ханның  тұсында  Қазақ  хандығының  өрлеуін  сол  кездегі  ортағасырлық 
авторлардың өздері де атап өткен 
Қасым ханның ішкі саясаты 
 
 
 
 
 
                 
 
Қасым ханның сыртқы саясаты 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бабыр хан 
М.Х.Дулати 
Қадырғали 
Жалайыри 
Еуропа 
тарихшылары 
Қазақ 
сұлтандары мен 
хандарының бірде-
біреуі бұл халықты дәл 
Қасым хан сияқты 
бағындыра алмаған. 
Оның қарамағындағы 
атты әскер саны 300 
мыңғы жуық еді. 
Қасым 
ханның  әскер  саны 
-300 
мың. 
Жошыдан 
кейін 
Қасымнан  ұлы  хан 
болған емес. 
Жәнібек  ханның 
ұлдарының  арасында 
аса  белгілі  болғаны 
Қасым  хан  еді.  Ұзақ 
уақыт  бойы  атасының 
ұлысына  билік  етті.Ол 
туралы  аңыздар  әр 
жерде  көп  тараған, 
көпке мәлім болған.  
“Мәскеулік 
жазулар”  қолжазбасында 
бірінші  болып  қазақтар 
қазақ  хандығы  туралы 
пікір айтты. 
Қасым ханға  
замандастарының берген 
сипаттамасы 
 
Нұрлы  
жүзді 
Дана 
Жомарт 
Кең 
Тәкаппар 
Өр мінезді 
Әдепті 
Оңтүстікте
Сырдария алабын, Түркістан аймағы, Сырдария бойындағы  
қалаларды қосып алды 
Шығыс-оңтүстікте
Жетісу жерінің басым бөлігі, Шу, Талас, Қаратал, Іле
 
өзендерінің алабы
 
Солтүстік және шығыс солтүстік: 
Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау 
тарамдарына дейін жетті. 
Батыс солтүстік: 
Жайық өзенінің алабы 
Халқының саны 1 млн адам 
Орта Азия хандарымен 
Еділ бойындағы елдермен 
Ресеймен 
Батыс Сібір хандығымен 

 
 
97 
Дипломатиялық байланыс:   
XVI ғасырдың басында сыртқы саясатының басты бағыты:Сырдария бойындағы қалаларды 
қаратып алу. Қазақ ордасының басты қарсыласы Мұхамед Шайбаниды талқандағаннан кейінгі 
кезеңде  Қасым хан мемлекетінің төңірегіндегі елдермен түгел тату, бейбіт жағдайда болды. Қазақ 
хандығы деген қуатты мемлекетті, қазақ деген халықты әлемге танытты 
Әлихан Бөкейханов: 
“Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды.Қарауындағы 
халықтың бақытына орай ол өзінің бейбітшілік сүйгіш саясатымен халқының махаббатына 
бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды” 
 Шығармашылық жұмыс: 
Оқулықты оқып, сұрақтарға жауап бер. 
I-топ 
Қасым ханның тұсында қазақ хандығы нығайды деп айтуға негіз бар ма? 
II-топ 
“Қасым ханның қасқа жолын” енгізудің қандай маңызы болды? 
III-топ 
 Қасым ханның басқа елдермен дипломатиялық қатынас орнатуының қандай тиімді жақтары 
болды? 
Сабақты бекіту: 
Тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруге арналған тест сұрақтары 
1. Қазақ хандығымен алғашқы достық қарым-қатынас орнатқан көрші мемлекеттер? 
а.Әбілқайыр хандығы    ә.Моғолстан     б.Орыс мемлекеті 
2. Керей мен Жәнібек хандар Қазақ ордасын сақтап, нығайту үшін қай мемлекетпен соғысуға мәжбүр 
болды? 
а. Моғолстан    ә. Әбілқайыр хандығы  б. Орыс мемлекеті  
3.Қасым ханға баға берген авторлар тізіміндегі қатені тап 
а. Бабыр   ә. М.Х.Дулати   б. Абай 
4. Қасым ханның дипломатиялық шеберлігі қай елдің кім деген билеушісімен келіссөзінде көрінеді? 
а.Моғолстан билеушісі Мұхаммед Шайбани   ә.Мауараннахр билеушісі Мұхаммед    Шайбани     
б.Көшпелі өзбек мемлекетінің ханы Әбілқайыр 
5. Қасым хан қай жерде қаза тапқан? 
а.Сарайшық      ә.Түркістан     б.Моғолстан 
6. Қасым хан көрші елдермен қатынаста негізінен қандай  жолды ұстанды? 
а. Күш қолдану   ә. Бейбіткерлік    б. Алдап-арбау 
7. Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығы туралы мына батыс Еуропа авторларының қайсысы жазды? 
а.А.Дженкенсон    ә.С.Гейберштейн   б. Д.Кэстли 
8.  Көршілес  үлкен  мемлекеттердің  ішінде  бірінші  болып  Қасым  ханның  тұсында  Қазақ  хандығымен 
дипломатиялық байланыс орнатқан ел? 
а.Қытай    ә.Мауараннахр  б.Орыс мемлекеті 
9. Қасым ханның өлген жылы деп көрсетілген жылдардың ішіндегі қатені тап 
а.1518 ж     ә.1521 ж   б.1525 ж 
10.Қасым ханмен тұстас өмір сүрген мемлекет басшыларындағы қатені көрсет 
а.III Василий   ә.Сағит хан б.Әбілқайыр хан 
 
ӘОЖ 94 (574.4) «1991/2010» 
Карибаев М.С. Семей мемлекеттік педагогикалық институты 
 
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАСЫНДА 
АДАМ РЕСУРСТАРЫНЫҢ  ДАМУЫ 
 
В  этой  статье  расматриваеться  вопросы  человечески  ресурсов,  при  комплексном  изучени 
этой  проблемы  выяснилось  что  Восточного  Казахстане  блогоприятный  климат  для  ведения 
бизнеса. 
This  article  is  about  the  issues  of  human  resources.  Comprehensive  studying  of  the  problem 
discovered that the East Kazakhstan climate is favorable for conducting business. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2012    жылға  арналған 
Жолдауында  көзделгендей,  елдің  дамуы  барлық  қазақстандықтардың  білім  деңгейіне,  әл-
ауқатына, әлеуметтік және табиғи жағдайына тікелей байланысты екенін атап көрсетеді. Сонымен, 
экономикалық  өсудің  нақты  факторы  және  ұлттық  байлықтың  ерекше  буыны  болып  табылатын 
адам ресурстарын дамыту мен қалыптастыру ерекше маңызға ие. 

 
 
98 
«Адам  ресурстары»  түсінігі  –  экономика  ғылымының  негізін  салушы  санаттардың  бірі 
болып  табылады.  Адам  ресурстарын  дамыту  сыртқы  ортаның  өзгеруіне  бейімделген  адамның 
мүмкіндіктерін  үздіксіз,  тұрақты  кеңейту  үдерісі  болып  табылады.Бұл  кезде  адам  дамуының  әр 
кезеңінде негізін қалаушы ретінде үш басты мүмкіндіктер танылады- лайықты өмір сүру деңгейін 
қамтамасыз ететін ресурстарға еркін қол жеткізу; белсенді, салауатты, ұзақ өмір сүру; өмір сүру 
ағысында  үздіксіз  қажетті,  кәсіби  білім  алу.Бұл  тұжырымдамалар  адам  ресурстарын  дамыту 
теориясының 
негізін 
қалайды 
және 
қоғамның 
әлеуметтік 
прогрестік 
өлшемдерін 
қалыптастырады.[1] 
Адам  ресурстарының  тұрақты  дамуы  –  олардың  табиғи,  әлеуметтік-психологиялық  және 
интеллектуалдық қабілеттерінің позитивті өзгеруі нәтижесіндегі сыртқы орта мен қоршаған ортаға 
зиянын тигізбейтін әртүрлі іс-әрекет саласындағы әрбір адамның мақсаттарын жүзеге асыруы мен 
мүмкіндіктері  ауқымының  кеңеюін  қамтамасыз  ететін  үздіксіз  үдерісін  білдіреді.Бұл  үдерістің 
жүзеге  асырылуы  адам  ресурстарын  дамытуға  жеке  адамның  өзімен  қатар  жергілікті  өзін-өзі 
басқару  органдарының,  мемлекеттік  билік  органдарының,  әртүрлі  деңгейдегі  қоғамдық 
институттардың үйлесімділігін талап етеді. 
Адам  ресурстарының  тұрақты  дамуын  басқару  жинақталған  әлеуетті  жетілдіру  және 
сақтауды қамтамасыз ететін, адам ресурстарына үздіксіз және мақсатты әсер ету үрдісін білдіреді. 
Адам  ресурстарының  тұрақты  дамуын  басқарудың  алғышарты  болып  олардың  даму  жағдайына 
дұрыс баға беру болып табылады.[2] 
 Қазақстан  Республикасында  адам  ресурстарының  дамуы  келесідей  факторлармен  тығыз 
байланыста  екені  анықталды:  экономиканың  даму  жағдайы,  демографиялық  ахуал,  экологиялық 
жағдай,  мәдениет  және  спорт  саласының  дамуы,  білім  беру  жүйесі  мен  денсаулық  сақтау 
саласының  жағдайы,  еңбек  нарығының  дамуы,  еліміздегі  қауіпсіздік  және  ақпараттық  құқықтық 
негізі  болып  табылады. Шығыс  Қазақстан  облысы  Қазақстан  Республикасы  бойынша  өндірістік-
дамыған,  өркениетті  аймақ  болып  саналады.  Облыстың  экономикалық  жағдайында  шешуші 
орынға  ие  металлургия  өнеркәсібі  базалық  сала  болып  табылады.  Облыста  ет,  сүт  пен  балық, 
өсімдік  майы  мен  сары  май  шығаратын,  ликер-арақ  өнімдерін  және  басқа  да  өнім  түрлерін 
шығаратын  тамақ  өнеркәсібінің  ірі  кәсіпорындары  бар.Сондай-ақ,  адам  ресурстарының  дамуына 
қажетті әлеуметтік сала – білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелер желісі жеткілікті түрде 
дамыған.Ал тұрмысы төмен отбасылардың саны 2001 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 83 %-ға 
төмендеді.  Бұл  облыста  соңғы  10  жыл  бойы  әлеуметтік  саланың  неғұрлым  басым  бағыттары 
ретінде  тұрғындардың  өмір  сүру  сапасын  арттыруға  бағытталған  іс-шаралар  белсенді  жүзеге 
асырылуының  көрінісі.  ШҚО  бойынша  2005-2009  жж.  аралығындағы  тұрғындардың  өмір  сүру 
деңгейі,  халық  табысы  жыл  сайын  өсуде,  тұрғындардың  жан  басына  шаққандағы  тұтынуға 
пайдаланылған  табыс  мөлшері  4  жылда  4,4%-ға  көбейген.Адам  ресурстарының  даму  жағдайын 
сипаттайтын  көрсеткіштердің  қатарына  адам  дамуының  үш  негізгі  компоненті  –  көп  жасау, 
білімділік  және  тұрмыс  деңгейі  негізінде  әлемнің  барлық  елдерінде  есептелетін  адам  дамуының 
индексін  (АДИ)  жатқызуға  болады.Адам  дамуының  көрсеткіші  республика  бойынша  да,  облыс 
бойынша  да  өсу  үрдісін  көрсетуде,  бұл  еліміздегі  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  жылдан 
жылға  жақсара  түсуінің  белгісі.  Алайда  бұл  көрсеткіштің  құрамындағы  индикаторлар  күтілетін 
өмірдің орташа ұзақтығы ҚР бойынша тұрақты дамуға көшу концепциясына сәйкес 2009 ж. 67,9 
болу керек деп болжанса, 2009 ж. нәтижелері бойынша ҚР – 66,3, ШҚО – 65,8 тең. [4] 
Қазақстан  Республикасының  Шығыс  Қазақстан  облысы    бойынша  жалпы  адам 
ресурстарының  саны  төмендеуде,  егер  2005  жылы  ол  1249  мың  адамды  болса,  2009  жылы  1228 
мың адамға дейін төмендеген. Құрамдық өзгерістеріне келсек, жұмыспен қамтылғандардың саны, 
керсінше  1,03  есе  ұлғайған: егер  2005 жылы  698 мың  адам  есептелсе,  2009  жылы  721  мың адам 
болды. 
Шығыс  Қазақстан  облысы  кәсіпорындарындағы  адам  ресурстарының  дамуының  облыс 
экономикасының  дамуына  сәйкестігіне  талдау  жүргізілді.  Сараптамалық  сұхбатқа  «ҮМЗ»  АҚ, 
«Азия Авто» АҚ, «Қаз Мырыш» АҚ, «Шығыс Сүт» АҚ,  «Востокэнергоремонт» ЖШС сынды 55 
кәсіпорын  басшылары  мен  жұмысшылары  қатысты,  барлығы  79,8  мың  адам.  Сараптама 
нәтижесінде  келесіндей  қорытындыларға  қол  жеткізілді:  ауыл  шаруашылығы    саласының  70  %, 
көлік және байланыс кәсіпорындарының 25%, сауда мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының 
35%  негізінен  жөндеу  жұмыстарын  жүргізетін  және  жаңа  технологияларда  жұмыс  істей  алатын 
білікті  маман    кадрлардың  жеткіліксіздігін  атап  көрсетті,  өнеркәсіп  саласындағы  жұмысшылар 
жұмыс  істеу  шарттарының  ауырлығы  мен  зияндығын      атап  көрсетті.  Адам  ресурстарының 
дамуын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – жұмыс берушілердің адам ресурстарының біліктілігін 
жоғарлатуға  деген  талпыныстары  мен  көзқарастары.Жүйеленген  салалардың  ішінде  адам 

 
 
99 
ресурстарын  дамытуға  белсенді  үлесін  қосатын  экономикалық  нақты  сектор  салалары,  сауда, 
қызмет  көрсету  салаларында  мамандарды  оқыту,  біліктілігін  арттыру  мәселелеріне  әлі  де  толық 
көңіл  бөлінбейді.  Көбінесе  Шығыс  Қазақстан  облысы    мемлекеттік  және  ірі  кәсіпорындарының 
үлесі  өте  төмен,  себебі  ол  мекемелерде  адам  ресурстарын  дамытуға  мүлде  көңіл  бөлінбейді. 
Сондықтан  әлемдік  тәжірибеге  сүйене  отырып,  заманға  сай  сұранысқа  ие  жоғары  деңгейлі 
мамандарды  дайындау  секторына  ивестицияларды  арттыруда  мемлекет  пен  бизнес  пен  бизнес 
сектордың  әріптестік  қатынастарын  орнату  қажет.Сонымен  Шығыс  Қазақстан  облысы    адам 
ресурстарының  дамуына  барлық  жағдайлар  жасалған,  аймақтық  әлеуметтік-экономикалық 
жағдайы тұрақты десек те, әлі де нақты шешімін таппай отыр.[3] 
Адам  ресурстарының  дамуын  белсінді  қаржыландыру  тұрақты  экономикалық  өсуге  қол 
жеткізуге  материалдық  алғышарттарды  қалыптастыруға  ықпал  етеді,  себебі  адам  ресурстары 
жалпы  ішкі  өнімді  өндірудің  негізгі  факторы  болып  табылады.  Жалпы  ішкі  өнім  көлемі  өз 
кезегінде аймақ немесе республика деңгейінде адам ресурстарының тұрақты дамуын сипаттайтын 
бірегей  көрсеткіш  болып  табылады.  ШҚО  бойынша  халықтың  жан  басына  шаққандағы  жалпы 
өңірлік  өнім  көлемі,  адам  ресурстарының  тұрақты  дамуына  әсер  ететін  факторлық  көрсеткіш 
ретінде  білім  беру  жүйесін,  денсаулық  сақтау  жүйесін,  әлеуметтік  көмек  және  әлеуметтік 
қамсыздандыруды,  тұрғын  ұй,  коммуналдық  қызметті,  мәдениет,  спорт  және  ақпарат салаларын, 
көлік  және  коммуникация  салаларын,  ауыл,  балық,  су,  орман  шаруашылығын  және  қоршаған 
ортаны  қорғауды,  қоғамдық  тәртіп  пен  қауіпсіздікті  қаржыландыруға  жұмсалған  шығындар 
алынады. 
Шығыс  Қазақстан  өңіріндегі  адам  ресурстарының  тұрақты  дамуына  әсер  ететін  маңызды 
факторлардың  қатарына  экология  мен  қоршаған  ортаны  қорғау;  мәдениет,  спорт  және  туризм 
салаларын  қаржыландыруды  қосу  негізделді.Сондай-ақ  денсаулық  сақтау  саласы  мен  әлеуметтік 
көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінетін қаржының тиімсіз пайдаланылуы байқалады.  
Адам  ресурстарының  дамуын  нәтижелі  басқару  үшін  осы  органдардың  жұмысында 
тұжырымдамалы  және  функционалды  теңгерімді  табу  қажет.Адам  ресурстарының  дамуы  өте 
күрделі,  жан-жақты  үдеріс  болғандықтан,  оны  басқару  жүйесі  республикалық  және  жергілікті 
басшылық, департаменттер (еңбек, білім беру, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, жастар мәселелері, 
денсаулық  сақтау  бойынша  және  т.б.),  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  өзара  байланысы  мен 
әріптестігі  негізінде  қалыптасуы  тиіс.Ұсынылып  отырған  ұйымдастырушылық  –  функционалды 
жүйе  аймақтағы  адам  ресурстарының  тұрақты  дамуын  басқару  үрдісіне  қатысатын  барлық 
деңгейлердегі құрылымдардың кешенін құрайды. Ол  өзіне адам ресурстарының тұрақты дамуын 
басқарудың  бір  бірімен  тығыз  байланысты  екі  деңгейін  –  стратегиялық  және  жедел  басқаруды 
біріктіреді. 
Басқарудың стратегиялық деңгейін адам ресурстарының дамуын басқарудың республикалық 
және жергілікті билік органдары қамтамасыз етеді. Олар келесідей  қызметтер атқарады: жүйенің 
сыртқы  ортасымен  байланыс  орнатады,  республикалық  және  жергілікті  деңгейде  кадрлық 
саясатты  белгілейді,  адам  ресурстарын  қалыптастыру  және  дамыту  жөнінде  стратегиялық 
шешімдер, ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсатты бағдарламалар, жоспарлар мен жобаларды 
қабылдайды. 
Жедел  басқару  деңгейінде  мемлекеттік,  республикалық,  аймақтық  стратегиялық  мақсаттар 
мен  бағдарламаларға  сай  адам  ресурстарын  дамыту  жөніндегі  нақты  қызметтер  атқарылады. 
Атқарылатын  барлық  жұмыстардың  үйлестірушісі  және  стратегиялық  деңгеймен  байланыс 
орнатушы  болып  Адам  ресурстарының  тұрақты  дамуын  басқару  департаменті  табылады.Бұл 
деңгейдегі  негізгі  қызметті  адам  ресурстарын  жалпы  және  кәсіби  дамуын  қамтамасыз  ететін 
барлық  ұйымдар  мен  институттар  атқарады.  Адам  ресурстары  дамуының  әрбір  кезеңі  бойынша 
басқаруды  жүзеге  асыруға  қажетті  ақпаратты  жинақтап,  талдау  жүргізеді.  Сонымен  қатар  адам 
ресурстарының  дамуына  әсерін  тигізетін  факторларды  зерттеп,  талдау  негізінде  адам 
ресурстарының  даму  жағдайын  бағалау  және  болжаудың  әдістемелерін  жасайды, 
кәсіпорындардың  мәліметтерін  жинақтап,  талдау  арқылы  аймақтағы  адам  ресурстарының 
қолданылуы  жөнінде  қортындылар  шығарылады.Бұл  жүйенің  қызмет  етуі  аймақтағы  адам 
ресурстарының  тұрақты  дамуына  қажетті  ұйымдастырушылық  құрылымдарды  анықтауға,  осы 
саладағы  барлық  мекемелер  мен  институттардың  ведомствоаралық  интеграциясы  мен  үйлесімін 
қамтамасыз етуге, адам ресурстарын тұрақты дамыту үшін қажетті әртүрлі салалардың шараларын 
біріктіруге,  адам  ресурстарының  қолданылуының  тиімділігін  арттыруға  және  оларды  дамытуға 
бағытталған іс-шараларды қамтиды. 
 Аталған 
шаралардың  орындалуы  өзара  байланысты,  тұтас,  үздіксіз  үдеріске 
айналады.Ұсынылып  отырған  жүйе  адам  ресурстарын  дамыту  мен  қалыптастыру  бойынша 

 
 
100 
аймақтық  әлеуметтік  –  экономикалық  саясаттың  стратегиялық  бағытталуы  аймақтағы  билік 
органдары  іс-әрекеттерінің  көп  аспектілі  екендігін  тура  көрсетеді.  Осыған  байланысты  Шығыс 
Қазақстан  облысында  адам  ресурстарын  тұрақты  дамытуды  басқару  жүйесінің  барлық 
субьектілерінің  өзара  әрекеттерін  қамтамасыз  ететін,  үйлестіруші  орталық  ретінде  танылатын 
облыс  әкімдігінің  құрлымында  немесе  тікелей  оған  бағынатын  арнайы  органның  құрылу 
қажеттілігі  негізделеді.Адам  ресурстарының  тұрақты  дамуын  басқару  департаменті    аталмыш 
жүйенің  жүзеге  асыру  тетігі  ғана  емес,  жүйеге  қатысушы  субьектілердің  құрылымдардың  іс-
әрекетінің мазмұнды және құқықтық үйлесімділігін қамтамасыз ету құралы да болып табылады. 
Осы Департамент қызметінің мақсаты, адам ресурстарының даму мәселесін бағалау, талдау, 
зерттеу,  болжамдау  негізінде  олардың  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  негізгі  бағдарламалар 
мен  жобалар  жасау  болады,  яғни    тәжірибедегі  мақсатты-бағдарламалық  басқару  әдісі.  Бұл  әдіс 
мақст-шарлар  –  нәтиже  қағидасы  бойынша  жүзеге  асырылады.  Бүгінде  ҚР  әлеуметтік-
экономикалық  дамуы  арнайы  қабылданған  бағдарламалар  аясында  қаржыландырылады.  Алайда, 
олар  түрлі  себептер  мен  факторлардың  әсерінен  тиісті  нәтижеге  жете  қоймайды.  Басқаруда 
мақсатты-бағдарламалық  әдісті  қолданудың  құралдарын  жетілдірудің  маңызды  орны  бар 
болғанымен,  осы  салада  бірқатар  басқару  міндеттерін  шешудің  деңгейін  көтеру  өзекті  болып 
табылады.[5] 
Адам  ресурстарының  даму  деңгейін  кешенді  бағалау  нәтижесінде  Қазақстан 
Республикасында  және  Шығыс  Қазақстан  облысында  адам  ресурстарының  дамуына  қажетті 
барлық алғышарттардың бар болуы анықталды. Шығыс Қазақстан өңіріндегі адам ресурстарының 
тұрақты  дамуына  әсер  ететін  маңызды  факторлардың  қатарына  экология  және  қоршаған  ортаны 
қорғау, мәдениет, спорт және туризм салалары жатқызылады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы 
мен  әлеуметтік  көмек  және  әлеуметтік  қамсыздандыруға  бөлінетін  қаржының  тиімсіз 
пайдаланылуы байқалды. 
Аймақтағы  адам  ресурстарын  дамытуды  басқару  міндеттерін  тиімді  жүзеге  асыру  атаулы 
мәселені  шешуге  қатысуға  мүмкіндіктері  мен  ресурстары  бар  экономиканың  әр  түрлі  өкілдері  
әрекеттерінің үйлесімділігін талап етеді.Шығыс Қазақстан облысында адам ресурстарын тұрақты 
дамытуды  басқару  жүйесінің  барлық  субьектілерінің  өзара  әрекеттерін  қамтамасыз  ететін, 
үйлестіруші  орталық  ретінде  танылатын  облыс  әкімшілігінің  құрылымында  немесе  тікелей  оған 
бағынатын  арнайы  институционалдық  құрылымның  болу  қажеттігін  негіздеді.Ұсынылған  адам 
ресурстарының  тұрақты  дамуын  басқару  департаменті  жергілікті  статистика,  жұмыспен  қамту 
қызметі,  адам  ресурстарын  ұдайы  өндіру  үрдісіне  қатысатын  ұйымдардың  бірлестігін  құрайды. 
Бұл  қызметте  жалпы  және  кәсіби  еңбекке  қабілеттіліктің  дамуын  қамтамасыз  ететін,  адам 
ресурстарының  дамуын  жедел  басқаруды  жүзеге  асыратын  және  оның  аймақ  экономикасына 
қажетті деңгейін қамсыздандыратын ұйымдар маңызды рөл атқарады. Олар бұл мақсатта адамды 
оқыту мен тәрбиелеуді, біліктілігін арттыру мен рухани дамуын қамтамасыз етеді.  
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Қара күштен  адам  ресурсына дейінгі кейбір түсініктер жайы // Т. Рыс-құлов атындағы ҚазЭУ 
Хабаршысы: Алматы.–№4, 2008.– 64-68 б. 
2.
 
Тұрақты даму жағдайында  адам   ресурстарын  басқару ерекшеліктері // ҚАЕУ          Хабаршысы: 
Өскемен. – 2009. –239-243 б.  
3.
 
Сүйеубаева С.Н. Шығыс Қазақстан облысының еңбек нарығы проблемаларын шешуде әлеуметтік 
әріптестік механизмін жүзеге асыру // Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Хабаршысы:  Алматы. – № 2. –2010. – 
283-285 б. 
4.
 
Шығыс   Қазақстан  облысының еңбек нарығы проблемаларын шешуде әлеуметтік әріптестік 
механизмін жүзеге асыру // Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Хабаршысы: Алматы. – № 2. –2010. –282-289 б.  
5.
 
Сүйеубаева С.Н. Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару //  Экономика ғылымдарының 
кандидаты   авторефераты. Алматы. – 2010. – 29-34 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
101 
ӘОЖ 94 (574) «18» 
Кемешев Д.Т. Семей мемлекеттік педагогикалық институты 
 
ШЫҒЫС ӨҢІРІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК – АУМАҚТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ 
КЕЗЕҢІНДЕГІ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР 
 
В  статье  рассматривается  о  исторических  личностях  восточного  региона  в  период 
административно – территориального деления. 
In the article considered about historical persons of the east region period in system of territorial – 
administrative was introduced. 
Қазақстанның  патшалы  Ресейге  тәуелді  болуының  басы  XVIII  ғасырдың  30  –  жылдарына 
жатса да, бірақ патша үкіметі Қазақстанды тек XIX ғасырдың алғашқы жартысында ғана түпкілікті 
бағындыра  алды.  XIX  ғасырдың  басында  Қазақстан  Ресейге  тек  сөз  жүзінде  ғана  бағынды  және 
онда  да  тұтас  емес,  өйткені  оның  бір  бөлігі  Қоқанның,  Хиуа  және  Қытайдың  ықпал  өрісінде 
болғандықтан  патша  үкіметі  бірінші  кезекте  қазақтардың  саси  тәуелсіздігінің  қалдықтарын 
құртуды бастады [1]. 
  Бұл  кезеңде  ел  тағдыры,  жер  тағдыры  найзаның  ұшына,  қылыштың  жүзіне  ілінбесе  де, 
Ресейдің  қазақ  даласын  толықтай  отарлап  алуға  білек  сыбана  кіріскен кезі еді. Тарих  сахнасына  
шыққан  қай  халықтың  болса  да  өз  көсемі  мен  шешені,  батыры  мен  ақыны  болатыны  сөзсіз. 
Адамзат үрдісі сан рет көрсеткендей, даңғыл жолға апаратын азаматтар болмаса мешел халықтың 
тағдыры  талқыда,  болашағы  бұлыңғыр  болатыны  белгілі.  Бірақ,  қазақ  даласы  жаңа  саяси 
өзгерістерге бейімделіп, ел мүддесі үшін қызмет істеген тарихи тұлғаларға әсте кем болмаған. 
1822  жылғы  Сібір  аймағы  шығыс  және  батыс  болып  болып  бөлініп,  «Сибирские 
учреждения» мен «Устав сибирских киризов» жарлығы басылып шығарылды. Бұл бойынша Орта 
жүз мекен еткен қазақ даласы «сібір қырғыздарының облысы» атағын алды [2]. 
  Ресей  бодандығында  болған  Орта  жүз  аудандары  Омбының  құрамына  енгізілетінболды. 
Бұл  бойынша  Сібір  қырғыздарының  облысы  сыртқы  және  ішкі  округтерге  бөлінді.  Ал  Семей 
қаласы  Омбы  облысының  округтік  қаласына  айналды  [3].Орта  жүздегі  дәстүрлі  мемлекеттілікті 
таратып, хан атағын «мүлде артық» деп есептеген үкімет Сібір қазақтары туралы жарғыға сүйеніп,  
басқарудың  жаңа  нысанын  енгізді.  Ал  «Сібір  қазақтары  облысы»  ең  алдымен  1838  жылы 
Батыс  Сібір  қазақтарын  шекаралық  басқару  құрылғанға  дейін  Омбы  облысына  бағынып  келген 
сыртқы округтерден құралды[4].   
Ресей  үкіметі  шығыс  өңіріне  ішкерілей  ену  мақсатында  Шыңғыс  ұрпақтарының  беделін 
пайдаланды.  Сұлтандарға  Ереже  бойынша  артықшылықтар  мен  жеңілдіктер  беріліп,  өздерінің 
түпкі мақсаты – қазақ жерін отарлау саясатын жалғастыра берді. Шен – шекпенге мәз болған ел 
ағалары патша үкіметі нұсқап отыратын бұйрықтардан аса алмады [5]. 
Мәселен, қызметке тұрған аға сұлтандар жоғары үкіметке елде болып жатқан болып жатқан 
оқиғаларды  баяндап  отырған.  Мәселен,  Ақмола  сыртқы  округтік  приказының  аға  сұлтаны 
Қоңырқұлжа  Құдаймендин,  Баян  –  ауыл    сыртқы  округтік  приказының  аға  сұлтаны  Боштай 
Тұрсынбаев  және  Аягөз  сыртқы  округінің  аға  сұлтаны,  подполковник  Жабай  Шанхаевтың  1839 
жылы ағымдағы жыл бойынша Омбы облысын басқарушы мырза полковник – кавалер Талызинге  
халқының  хал  –  ахуалы  туралы  есеп  беруі  туралы  құжаттардан  көруге  болады  [6].  Сонымен 
қатар,подполковник  Жабай  Шанхаев  Шекара  басқармасының  үкімін  орындау  үшін  сұлтандар, 
билер, старшындар және басқа да ел басында тұрған азаматтар туралы мәліметтер беріп отырған 
[7].    
Бірақ,  Жарғыда  басқару  тек  Шыңғыс  ұрпақтары  тиесілі  деп  бекітілсе  де  дала  сахарасында 
еркін өсіп – өнген, қалың халық бұқарасынан іскер азаматтар да шыға білді. Солардың бірі – Шоң, 
болашақ Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны өзінің іскерлігімен, алғырлығымен, қараның да 
қолынан ел басқару келетінін дәлелдеді. Шоңның іскерлігін көрген Батыс Сібір әкімдері  би 1836 
жылы  дүние  салғаннан  кейін,  округтер  аға  сұлтандығына  қара  қазақ  өкілдерін  батыл  сайлай 
бастаған. Яғни, Шоң өзінен кейін Күшіктің Шорманының, оның баласы Мұсаның, Тұрсынбайдың 
Боштайының,  Сатыбалдының  Қазанқапының,  Өскенбайдың  Құнанбайының,  Жайықбайдың 
Ыбырайының,  Жылқараның  Мүсетінің,  Естеместің  Есенейінің,  қарадан  шыққан  тағы  басқа 
кемеңгер  қазақтардың  әр  уақытта,  әр  округтарға  аға  сұлтан  болып  сайлануларына  жол  ашып 
кеткен[8].   
1822  жылы  шыққан  Сібір  қазақтарын  басқару  жайындағы  Ережеден  кейін  іле  –  шала  1824 
жылы сыртқы округ дегендер пайда бола бастаған. «Сыртқы округ» деп аталуы халықтарды кілең 
қазақ  болып,  Ертістің  сол  жағалуына  орналасқанын  белгілеу  үшін  аталған.    Сонымен  аймақта 

 
 
102 
барлығы 7 округ ашып, кейін олардың саның 8 - 10 – ға дейін жеткізу көзделді, мақсат одан әрі 
Орта  Азия  шебіне  шығу  болатын.  Олар  мыналар  еді:  Аманқарағай,  Құсмұрын,  Көкшетау, 
Баянауыл, Ақмола, Аягөз кейіннен Көкпекті сыртқы округтері. 1830 жылы Көкпекті қонысының 
құрылысы басталып, алты жылдан кейін аты станицаға өзгерді.  
Алғашқы сыртқы округ  - Қарқаралы округі 1824 жылғы 8 сәуірде ашылды.  Полковник С.Б. 
Броневскийдің  Батыс  –  Сібір  генерал  –  губернаторы  П.М.  Капцевичке  жеткізілгендей,  марқұм 
Бөкей  ханның  үлкен  балаларынан  қызметіне  үшеуі  –  Батыр,  Тәуке  және  Тұрсын  сұлтандар 
үміттене  алатын  еді.  Соңғысы  Бөкей  хан  қайтыс  болысымен    -  ақ  «осындағы  болыстарда»  хан 
тағына отырды, ал он бұл қызметке үкімет бекітпеген еді. Бөкей кенеттен қайтыс болғаннан кейін 
оған  берілген  патша  грамотасы,  сондай  –  ақ  «аса  қадірлі  сыйлықтар»  Абылай  ханның  ұлы 
Шыңғыс сұлтанның үлкен баласы Тұрсынға тиген еді. Сұлтандардың көпшілік бөлігі Тұрсынның 
кандидатурасын  батыл  қолдағанына  қарамастан,  басқа  үміткерлердің  «асқан  зор  қаскөйліктері, 
зымияңдығы  мен  зұлымдығы»  Жарғыға  сәйкес  алғашқы  аға  сұлтанды  сайлауға  тиісті  барлық 
Шыңғыс ұрпақтарының приказға келуін қиындатты. 
Сол  жерде  ақсақалдар  мен  байлар  екі  заседатель  етіп  Олжабай  Ордауов  пен  Жұмабай 
Нуралинді  сайлады.  Соның  ізінше  1824  жылғы  22  тамызда  подполковник  А.  Григоровский 
Көкшетау  округі  мен  приказын  ашты,  оның  шегінде  атығай,  керей,  қанжығалы  және  қарауыл 
рулары  шоғырланған  еді.  Марқұм  Уәли  ханның  ұлы,  Абылай  ханның кенже  баласы  Қасым  төре 
бастаған  сан  тарам  ұрпақтары  қолдаған  Ғұбайдолла  сұлтан  аға  сұлтанболып  сайланды; 
заседательдер  болып  сайланғандар  –  «аса  құрметті  ақсақалдар»  Желқара  Байтоқин,  Мүкет 
Жәнібеков [9]. 
Шығыс өңірінде 1831 жылы Аягөз округі құрылды. Оған 18 болыс найман, алты болыс керей 
және  екі  болыс  уақ  тайпасы  болды.  Наймандардан:  матай,  сыбан,  мұрын,  қыржы,  семіз  найман, 
садыр,  тума,  болатшы  және  т.б.  рулар,    керейлерден  сибан,  ақымбет,  ажы  рулары,  ал  уақ 
тайпасынан  - сарман және шоға рулары енді [10].  
Округтердің ашылуына жер үшін күрескен қазақ руларының қақтығыстары да себеп болды.  
Ел  ағалары  өзінің  жайылымдық  жерлерін  сақтап  қалу  үшін  келісіп  қана  қоймай,  округтердің 
ашылуына  өтініш  білдіріп  отырған.  Мұндай  дәлелде  мұрағатта  тайға  таңба  басқандай  анық 
жазылған.  Мысалы,  Сыбан  –  Найман  болысы  1824  жылы  жаңа  құрылысқа  келісе  отыра  өзінің 
«чтобы  земли,  занятые  летовками  и  зимовками  были  по  обмежевании  остановлены  на  вечные 
времена во владении Сиван – Найманской волости. На владение должен быть дан указ»,  - деген 
тілек білдірген [11].  
Жер мәселесімен қатар, әрбір болыстарда билік үшін таласқан сұлтандардың қақтығыстары 
байқалды.  Соның  шінде  найман  болысының  беделді  екі  сұлтаны  Сыбаңқұл  Ханқожин  мен  Сарт 
Жошиннің  күресі  ұзақ  әрі  күшті  болды. Далада  болып жатқан  оқиғаларға байланысты генерал – 
губернатор  арнайы  Везигин  бастаған  отрядын  Мұрын  -  Назар  болысына  жіберіп,  жағдайды 
реттеуді тапсырады.   
Әр жерді мекендеген бірнеше руларды бір басқару аймағына енгізген округтің ашылуы қазақ 
халқы  үшін  оңай  болған  жоқ.  Алдағы  уақытта  Найман  руының  төрелері    Сарт  пен  Сыбанқұл 
сұлтандардың жер үшін таласы істі күрделендірді. Бұл мәселеде Сыбанқұл Тобықты руына арқа 
сүйесе,  ал  Сарт  Жошин  орыс  үкіметін  өз  жағына  шығарып,  сыртқы  округ  ашылысымен  өзі  аға 
сұлтан  болып  сайланып,  көмекшілері  округке  кірген  болыстарды  басқарушы  –  сұлтан  міндетін 
атқарады.  1831  жылы  Көкпекті  әскери  отрядының  хорунжиі  Нюхаловтың  хабарлағанындай, 
Ханқожин  Аягөз  сыртқы  округінің  ашылу  салтанатына  қатысудан  бас  тартқан.  Текетірес 
нәтижесінде Аягөз, сосын Көкпекті округтері ашылды [12].  
Өлкеде саяси өзгеріс үрдісі нығайса да, қазақтарда жоғары қызметке сайлаушыны ақ кигізге 
көтеретін  ежелгі  ғұрып  сақталды.  Көп жыл  өткен  соң  «момын,  кедей»  Бөленнің  Аягөз округінің 
аға  сұлтаныболып  сайлануын  көзімен  көрген  Адольф  Янушкевич  бұл  рәсімді,  міне,  былайша 
суреттейді:  «ел  билеушілері  мен  ақсүйектер  ашық  аспан  астында,  қаптаған  көпшілік  отасында 
өткен қысқа кеңесінен кейін, аға сұлтандыққа дәл сол ортада, бүкіл халық көзінше кедей, момын 
Бөленді сайлайды. Әлсіз шыбыққа тірек болсын дегендей, кандидат немесе оған орынбасар етіп, 
өзіне таныс, күшке мығым Барақ сұлтанды сайлады.  Барақ сұлтан әлі жас, алып дене күшіне сай, 
жүзінен  нұр  төгілген  және  Дала  Геркулесіндей  күшпен  қоса  ақыл  мен  қайсар  мінездің  үстіне 
жүрек жұтқан батылдықты қоса сыйлапты.  Бір кезде өз жерлесін хан етп сайлау кезінде сақталып 
келген бабалар ғұрпына адал қазақтар болыстың жаңа президентінің қарапайым шапанын тәбәрік 
етіп қас қағымда өзара жыртысып алысты» [13].   
Аягөз сыртқы округтеріне сол кездегі Үріжар мен Көкпекті жеріндегі болыстар түгел кірген. 
Дуанды аға сұлтан басқарды. Деректерге үңіліп отырсақ бұрыңғы Аягөз сыртқы округі аумағында 

 
 
103 
бірталай болыстар болған екен. Мысалға Аягөз округіне 16 болыс, Үріжар округіне 11 болыс және 
Көкпекті  округіне  15  болыс  кірген.  Санақ  тұсында  аталған  болыстар  болмай,  кейін  де  құрылуы 
мүмкін. 
Көкпектіге  бір  орнығып  алғаннан  кейін  патша  үкіметі  енді  Тарбағатай  жеріне  бекініс  салу 
мақсатымен  1826  отряд  шығады.  Осы  Тарбағатайдың  күнгей  жақтағы  кең  алқабын  ежелден 
Найман елінің Қаракерейден тарайтын Жолымбет руы мекен еткен. Жанболаттың Тоқабай деген 
руынан өз дәуірінде Атанұлы Қожагелді батыр жасағы Боғас өзенінің бойында үкімет отрядымен 
кездеседі.   
Ақыры  орыс  атаманы  қалың  шидің  ішінде  көрінбей  жасырынып  тұрып,  ақбоз  атқа  мініп, 
топтың  алдында  келе  жатқан  Қожагелді  батырды  мылтықпен  көздеп  атыпты.  Мылтықтың  оғы 
кеудесіне тиіп, сыртқа шықпай қалған екен. Батыр ертеңгі күнге жетпей, қаңсырап жатып өліпті.  
Мұның арты үлкен дау – дамайға айналады. Қожакелдінің құнын қуған адамдар Петербургке дейін 
барады.  Патща  үкіметі  істің  арты  үлкен  бүлікке  айналады  деп  қауіптеніп,  істі  ел  адамдарының 
пайдасына шешеді. Осылайша Тарбағатайда бекініс салу жоспары іске аспай қалады [14]. 
1844 жылы Көкпекті округі құрылады. Бұны 1844 жылғы 6 сәуірдегі І Николай  патшаның 12 
болыстыққа  бөлінетін  Көкпекті  сыртқы  округын  ашу  туралы  жарлығынан  көруге  болады.  Оның 
құрамына Аягөз округінің Мұрын – Назар, Мұрын – Құттымбет, Мұрын – Қыдыр, Мұрын - Кенже 
болыстары кірген [15]. Округке аға сұлтан болып Қисық Тезеков сайланады. Руы Кенже – Мұрын, 
шын аты – Салмақ, өте бай, қызметке беделді деп анықталған. Аға сұлтан болып сайланғанға дейін 
1831  жылдан  Мұрын  –  Кенже  болысында  болыс  болған.  Қисық  Тезекұлының  қазақ  тарихында 
тарихи тұлға ретінде алатын орны ерекше. Қисықтың саяси қызметі Қожагелді батырдың құнын 
сұрап  Петербурге  барған  сапарынан  басталады.Бұл  ұзақ  та,  қиын  сапарға  Қисық  және 
Қожагелдімен  бірге  туысқан  адам  –  Көтебайдан  туған  Айдарбек  бастаған  топ  барады.  Осыдан 
кейін  генерал  –  губернатор  Қисық  пен  Айдарбекке  «Көкпекті  округіне  қайсың  аға  сұлтан  болар 
едің?» дейді. Сонда Айдарбек өзінің жасы келіп қалғанын және Қисықтың беделі халық арасында 
зор екенін айтып, соның аға сұлтан болғанын қалайтынын білдіреді... Кетерінде бұл екеуіне үлкен 
сый – құрмет жасалып, үстеріне алтын тон (зерлі шапан) жабылады. Қисық хан әрдайым маңында 
беделді билер, аузы дуалы шешендер, көпті тоқтатар кемеңгер адамды ұстап, олармен сырласып, 
ақылдасып  отырған.  Ол парасатты,  әділетті  адам екен.  Сол куәлікпен  өмір  бойы  ел  басқарыпты. 
«Қисық қарадан хан болды» деген сөз осыдан шыққан[16].  
Сонымен 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы, алғашқы патшалық реформа ретінде, 
бүкіл дәстүрлі билік құрылымын қиратып, әлеуметтік – саяси және шаруашылық өмірдің барлық 
жақтарын қамтыды, қазақ қоғамы ішіндегі ең алдымен патшалық өзгерістерді, негізінен, қиналмай 
қабылдаған шеп маңайындағы ауылдар арасындағы және кең далада еркін көшіп жүріп, көшпелі 
тәуелсіздіктін  ең  берілген  жақтаушылары  ретінде  сұлтандардың,  билердің  ақыл  беруі  бойынша 
патшалық өзгерістерге көнбегендер арасындағы онсыз да өткір қайшылықтарды тереңдетті. 
Каталог: pars docs -> refs


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет