Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы



бет1/3
Дата02.07.2017
өлшемі446.58 Kb.
  1   2   3



«Астана Медицина университеті»АҚ

С - 07.1.16





Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы

бет








СИЛЛАБУС
GIS 1205 «Гистология» пәні бойынша
5В130200 Стоматология мамандығына арналған
Дәрістер: 36 сағат
Тәжірибелік сабақтар 72сағат
СӨЖ 54 сағат
Емтихан 4 семестр
Сағаттардың көлемі 162
2 курс
4 семестр

Астана 2016


1.7 Оқытушылар туралы жалпы мәлімет

Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы

Кафедраның меңгерушісі, профессор Кикимбаева Айсулу Айтыкеновна, биология ғылымдарының докторы, ұстаздық стажы – 31 жыл

Ғылыми жұмыс саласы: Адам ұйқыбезінің және бауырдың морфологиясы.

Ғылыми мектебі: докторлық диссертация тақырыбы: «Қант диабетінің әр түрлеріндегі ұйқыбез, бауыр және гипоталамус нейросекреторлы жасушалардың құрылымдық-қызметтілік өзгерістері және олардың алдын алу жолдары», Алматы қаласында 2008 жылы профессор Г.Г.Мейрамовтың жетекшілігімен қорғалған. 123 ғылыми жұмыстардың авторы. 2 медициналық ғылымдарының магистрін дайындады. Қазақ тілінде дәріс оқиды, қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

– аға оқытушы Исаева Земфира Кахаровна, ұстаздық стажы – 31 жыл.

Ғылыми жұмыс саласы: Адам тінінің филогенезі. 23 ғылыми жұмыстардың авторы. Қазақ тілінде дәріс оқиды, қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтарды жүргізеді

– аға оқытушы Тулиева Алия Молдабаевна, медицина ғылымдарының магистрі, ұстаздық стажы – 6 жыл. 17 ғылыми жұмыстардың авторы. Қазақ, орыс тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтарды орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді.

– аға оқытушы Қошыбаева Құралай Төлеуғажиновна, ұстаздық стажы –6 жыл. 5 ғылыми жұмыстардың авторы. Қазақ тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтарды орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді.

– оқытушы Қожахметова Ұлжан Абдуллаевна, ұстаздық стажы – 5 жыл. Тәжірибелік сабақтарды қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

– оқытушы Усербаева Айсулу Еркеновна, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, ұстаздық стажы – 1 жыл. 2 ғылыми жұмыстың авторы. Тәжірибелік сабақтарды сабақтарды орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді.

– оқытушы Боксенова Салтанат Қайырбековна, жаратылыстану ғылымдарының магистрі. 10 ғылыми жұмыстардың авторы. Тәжірибелік сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.

– оқытушы Иманбай Ажар Кадыралиевна, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, 4 ғылыми жұмыстардың авторы. Тәжірибелік сабақтарды сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.

– оқытушы Тлеубекқызы Перизат, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, 8 ғылыми жұмыстардың авторы. Тәжірибелік сабақтарды сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.



1.8 Байланыс ақпараты:

Оқу кестесіне сәйкес сабақтар гистология кафедрасында өткізіледі . «АМУ» АҚ, №49 корпус, Бейбітшілік көш., 49, телефон: 53-94-29


1.9 Пәннің саясаты

Студенттер гистология, цитология және эмбриология кафедрасына оқу кестесіне сәйкес дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей келуге міндетті.

Студентте болуы тиіс: ауыстырып киетін аяқ-киім, медициналық ақ халат және колпак, гистологиялық препараттардың, сызбалардың, электронды микросуреттердің суретін салу үшін альбом және түрлі-түсті қарандаштар, дәріс жазатын дәптер және қаламсабы.

Әрбір студент аудиторияда болған уақытта кафедра мүлкіне (жиҺаз, интерактивті тақта, теледидар, микроскоптар, препараттар және т.б.) залал келтірген және шығын үшін жауапты.

Дәрістердің, практикалық сабақтардың және емтиханның кезінде студенттерге ұялы телефон, смартфон және басқада аудио, видео аппараттарды пайдалануға тиым салынады.

Оқу нәтижелерінің бақылау және бағалануы «АМУ» АҚ қабылданған бірыңғайлау рейтинг әдісі бойынша өткізіледі. Оған кіреді: күнделікті, аралық бақылау, СӨЖ және қорытынды-емтихан.

Гистология кафедрасында білімді бағалаудың қорытынды әдістеріне жатады: студенттердің өзіндік жұмыстары барысында орындалған ағзалар мен тіндердің гистологиялық препараттардың микроскопиялауы, электроннограмма және сызбалардың тапсырмаларын зерттеуі, тестілеу және жағдаяттық тапсырмалардың шешуі, ауызша сұрауы, гистологиялық препараттардың диагностикасы және электрондық микросуреттердің диагностикалауы, тестілеу.

Студенттер СӨЖ тапсырмаларын күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыру керек. Өз уақытында тапсырма орындалмаса студентке «0» (нөл) балл қойылады және оны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Егер себепті болған жағдайда студент СӨЖ-ді мерзімінде орындай алмаса, онда ол деканаттан себебі көрсетілген рұқсатнама әкеліп 2 аптаның ішінде өтеуі тиіс.


Күнделікті және аралық бақылау кафедрада өткізіледі. Қорытынды бақылау 2-кезеңде өткізіледі: 1-ші кезең (практикалық дағдылар) – гистологиялық препараттарды диагностикалау және жағдаяттық тапсырмалардың шешімін табу;

2-ші кезең (теория) – ауызша тапсыру. Емтиханға СӨЖ, дәрістер және тәжірибелік сабақтардан қарыздары жоқ, жіберілу рейтингісі 50% кем емес студенттер жіберіледі.

Студенттердің дәріс және практикалық сабақтарға кешігіп келуі, сабаққа катыспауы және жоғарғы аталған талаптар орындалмауы жағдайда деканатқа хабар беріледі.

Себепті жіберілген СӨЖ, дәріс және тәжірибелік сабақтары толық өтелуі тиіс.

Себепсіз жіберілген дәріс үшін баллдар шегеріледі. (әр келмеген сабаққа –минус 1 балл)
2.Бағдарлама

2.1 Кіріспе

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша Гистология бағдарламасы болашақ дәрігердің дайындығын негізденетін фундаментальді теориялық білімдерді қамтамасыз ететін, осы ғылымды қазіргі заманның табысын көрсететін медико-биологиялық ғылымның жүйесінде міндетті түрде және маңызды бөлігі болып табылады.

Гистология әр түрлі ағзаларда мамандалудың барысында пайда болатын құрылымның тіндік денгейіне және тіндердің нақты ерекше-ліктеріне сәйкес, жалпы зандылықтар тұралы ғылым. Жасушалардың, тіндердің және ағзалардың қалыпты құрылымының білімі, олардың әр түрлі биологиялық, физикалық, химиялық және басқа факторлардың әсеретуінің нәтижесінде бейімделу механизмдерін түсіну үшін қажетті шарты болып табылады. Зерттеу объектілері ретінде тірі және фиксацияланған жасушалар мен тіндер, олардың жарық және электронды микроскоппен алынған бейнелері.

Қазіргі заманда гистологияның даму дәрежесі, физика, химия, математика, информатика табыстарына негізденеді. Гистология медициналық білім беру орнында адам организмінің қалыпты және патология тірішілігінің талдауында құрылыс-қызметтілік жүйені қамтамасыз етіп, негізгі орын алады.



2.2 Пәннің мақсаты:

Тіршілік процесстердің құрылымдық ұйымдасуы туралы студенттерде қазіргі заманның білімдерін қалыптастыру. Құрылымдық ұйымдасуының жасушалық, тіндік және ағзалық деңгейлерін қарастыра отырып, олардың дамуының заңдылықтарын ашу туралы және осыған байланысты белгілі деңгейге бағытталған әсер ету мүмкіншіліктері туралы білімдерді қалыптастыру.



2.3 Оқыту мақсаттары:

  • Жасушалардың құрылысы мен кызметін және олардың туындыларын

белгілеуді үйрету.

  • Тіндер гистогенезінің, құрылысының, гистофизиологиясының және

қалыпқа келуінің жалпы зандылықтарын белгілеуді үйрету.

  • Әртүрлі ағзалардағы маманданудын барысында пайда болатын, тіндердің ерекшеліктерін айыра білуін үйрету.

  • Гистологиялық препаратардың микроскопиясының және тіндерді

айыра білуін үйрету.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері :
А. Студент білуге және түсінуге тиісті:

  • тіндер жасушаларының, жасушааралық затының құрылымдық ұйымдасуының негізгі заңдылықтарын;

  • светооптикалық, электронды микроскопия және гистохимия мәліметтерінің негізінде тіндік элементтердің гистофункциялық ерекшеліктерін және олардың негізгі биологиялық процесстерде (қорғаныштық, трофикалық, пролиферативті және т.б.) қатысуын.

  • тіндердің эмбриональдік дамуының негізгі заңдылықтарын.


В. Студент келесі білімдерді және түсініктерді қолданып, білуге тиісті:

  • микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде тіндердің жасушалық және жасуша емес құрылымдарын айыру;

  • организмннің әртүрлі физиологиялық және қорғаныштық-бейімделу реакцияларына байланысты жасушалармен тіндер құрылымының өзгерістерін анықтау.

С. Студент келесі дағдыларды меңғеріп алуға міндетті:

  • биологиялық микроскоптың құрғақ және иммерсиялы жүйелерін қолдана отырып, ағзалардың гистологиялық препаратттарын микроскопиялау;

  • гистологиялық препараттардың диагностикалауын және суреттерін салуын;

  • хаттаманың құрастыруын.


D. Студенттің келесі коммуникативтік қабілетіліктері болуға тиісті:


  • пән аралық топтарда жұмыс істей білу;

  • өзінің зерттеулерін және әдебиеттердегі ізденісінің нәтижесін медицина саласы мамандарына жеткізе білу.


Е. Студент оқуға келесі қабілеттілікті көрсету және білуге тиісті:

  • зерттеу обьектілердің микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысының және гистохимиялық ерекшеліктерінің мәліметтерін олардың функцияларын түсіндіру барысында салыстыру.

  • ағзалардың гистология және гистофизиология бойынша меңгеріп алған білімдерді клиникада диагнозды дұрыс қоюға және аурудың алдын алуға қолдана білу.

  • Өз бетінше жасайтын жұмысты орындағанда интернетті, отандық заманауи және шетел әдебиеттерін қолдана білу.


2.5 Реквизитке дейінгі: молекулалық биология мен медициналық генетика, анатомия және физиология.

2.5 Реквизиттен кейінгі: патологиялық анатомия, патологиялық физиология.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны

Пәннің мазмұны, гистология, цитология және эмбриологияның ғылым ретінде дамуы.

Ғалымдардың қосқан үлесі. Зерттеу әдістері. Гистологияның басқа пәндерімен байланысы. Жасуша - тіннің негізгі құрылымдық компоненті. Адам эмбриологиясы. Тін туралы ұғым. Эпителий, қан және лимфа,қанның жасалуы, дәнекер, қанқа, бұлшықет және нерв тіндері. Нерв жүйесі. Сезім ағзалары. Жүрек-тамыр жүйесі. Қан жасаушы және имундық қорғаныс ағзалары.Тынысалу жүйесі, жалпы жамылғы. Аскорыту жүйесі. Несепжыныс жүйесі.
2.7 Тақырыптық жоспар

2.7.1 Дәріс тақырыптарының жоспары



Дәріс тақырыптары

Өткізу түрі

Ұзақты-

лығы


Апталар

1

Тін туралы ұғым. Эпителий тіндері.

Шолу дәрісі

2

1

2

Қан және лимфаның гистологисы.

Қанның жасалуы.



Шолу дәрісі


2

2


3

Дәнекер тіндері. Құрылымдық элементтері Арнайы қасиетті дәнекер тіндері

Шеміршек тіндері Сүйек тіндері



Шолу дәрісі


2

3


4

Бұлшықет тіндері.

Шолу дәрісі


2

4


5

Нерв тіні. Нейронадардың құрылым-қызметтілік сипаттамасы Нерв тіні. Нейроглия, нерв талшықтары, нерв ұштықтары

Шолу дәрісі

2

5

6

Шеткі нерв жүйесі.

Орталық нерв жүйесі.



Шолу дәрісі


2

6


7

Көру және иіс сезу ағзаларының гистологиясы. Есту, тепе-тендік және дәм сезу ағзаларының гистологиясы

Шолу дәрісі


2

7

8

Жүрек-қан тамырлар жүйесі.

Шолу дәрісі

2

8

9

Қан жасау және иммуногенез ағзалары. Иммундық реакциялардағы жасушалардың өзара әрекеттесуі

Шолу дәрісі

2

9

10

Орталық зндокринді жүйе.

Шеткі эндокринді жүйе.



Шолу дәрісі


2

10

11

Ас қорыту жүйесі. Ауыз қуысы. Ауыз қуысының шырышты қабықшасы құрылысының заңдылықтары. Сілекей бездері. Тіл. Бадамшалар.

Шолу дәрісі

2

11

12

Ас қорыту жүйесі. Ауыз қуысы. Тістің құрылысы және оның тіректік аппараты. Парадонт туралы түсінік

Шолу дәрісі

2

12

13

Ас қорыту жүйесі. Тістің дамуы.

Шолу дәрісі

2

13







14

Ас қорыту жүйесі. Беттің, ауыз қуысының және мұрынның дамуы. Өнеш. Асқазан

Шолу дәрісі

2

14

15


Ас қорыту жүйесі. Ішектер

Ұйқыбез. Бауыр



Шолу дәрісі


2

15

16

Несеп шығару жүйесі.

Шолу дәрісі

2

16

17

Жыныс жүйесі. Аталық жыныс жүйесі

Шолу дәрісі

2

17

18

Жыныс жүйесі. Аналық жыныс жүйесі

Шолу дәрісі

2

18




Барлығы







18


2.7.2 Практикалық сабақтардың тақырып жоспары




Практикалық сабақтардың тақырыптары

Оқытудын және өткізудін әдісі

Ұзақты-

лығы


Апталар

1.


Гистологиялық техника. Цитология. Жасуша және жасуша емес құрылымдар. Плазмолемма. Гиалоплазма. Органеллалар қосындылар. Жасуша ядросы. Жасушалардың бөлінуі. Жасушалық цикл

Микроскопиялау техникасын меңгеру,гистологиялық препараттарды бояу әдісітерін үйрену, электронды микросуреттерді талдауды үйрету, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

1


2

Адам эмбриологиясы. Прогенез.Эмбриональдік дамудын алғашқы кезеңі. Эмбриональдік дамудың ұрықтық кезеңі. Ұрықтан-тыс ағзалар.

Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

2

3

Аралық бақылау –

коллоквиум

1,2 сабақтың материалы бойынша. Ауызша сұбхаттасу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

3

4

Жамылғы эпителийлер. Бездер. Қан және лимфа

Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

4

5

Дәнекер тіндер және оның түрлері. Қанқа дәнекер тіндері. Бұлшықет тіндері.

Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

5

6

Аралық бақылау – коллоквиум.

4,5 сабақтың материалы бойынша. Ауызша сұбхаттасу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

6

7

Нерв тіні. Нерв жүйесі. Сезімтал түйіндер. Нервтер. Жұлын. Нерв жүйесі. Ми бағанасы. Мишық. Үлкен мидын қыртысы.

Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

7

8

Сезім ағзалары. Көру және иіс сезу ағзалары. Сезім ағзалары. Есту, тепе-теңдікті сақтау және дәм сезу ағзалары

Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

8

9

Аралық бақылау –

коллоквиум

7-8 сабақтың материалы бойынша. Ауызша сұбхаттасу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

9

10

Жүрек-тамырлар жүйесі

Қан жасау және иммундық қорғаныс ағзалары



Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

10

11

Орталық эндокринді жүйе. Шеткі эндокринді жүйе

Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

11

12

Тыныс алу жүйесі.

Тері. Шаштар.



Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

12

13

Аралық бақылау –

коллоквиум

10-12 сабақтың материалы бойынша. Ауызша сұбхаттасу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

13

14.

Ас қорыту жүйесі. Ауыз қуысының ағзалары: еріндер, ұрттар, қызыл иектер, қатты және жұмсақ тандай, ауыз қуысының түбі, тіл, еріндерлің және тілдің жүгеншігі. Сілекей және бадамшалар. Жұтқыншақ

Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

14

15

Ас қорыту жүйесі. Тістің құрылысы. Парадонт. Ау-ыз қуысының, беттің және мұрынның, тістердің дамуы.

Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4



15

16

Ас қорыту жүйесі. Өңеш, асқазан, ішек. Бауыр, ұйқыбез.

Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

16

17

Аралық бақылау-

коллоквиум

14-16 сабақтың материалы бойынша. Ауызша сұбхаттасу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4

17

18

Несеп шығару жүйесі

Жыныс жүйесі.



Микропрепараттарды зерттеу, электронды микросуреттерді талдау, жағдаяттық есептерді шешу, тестілеу

4


18

Барлығы

72





Каталог: student -> specialty
student -> Министерство здравоохранения республики беларусь
student -> Субъективная оценка гч – цифровая рейтинговая шкала nrs; визуальная аналоговая шкала vas
student -> Занятие № Местные анестетики. Конспект. М. Д. Гаевый, Л. М. Гаевая, Фармакология с рецептурой, Москва, Норус 2013, с. 131 137
student -> Тестовые задания по дисциплине «фармакология»
specialty -> Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда запастағы медицина қызметін офицерлерін даярлаудың үлгілік оқу бағдарламасы әскери-есептік мамандық бойынша: 901000 – «Жерүсті әскерлеріндегі емдеу ісі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет