Гидробиологиялық зертхана
ҚҚЭА Гидробиологиялық зертханасы ҚҚЭА орындайтын жобалардағы су айдындарының биотасы жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында 2006 ұйымдастырылды
Атқарылатын жұмыс түрлері:
-
Фитопланктон, зоопланктон, мейозообентос, макрозообентос, перифитонның сынамаларын алу және өңдеу.
-
Балықтарды паразитологиялық зерттеу;
-
Балықтардың қоректенуін зерттеу мақсатында сынамалар алу және өңдеу;
-
Балықтарды гистологиялық зерттеу (материалдарды іріктеуді қосқанда);
-
Материалдарды статистикалық өңдеу және жүргізілген зерттеулер бойынша сараптамалық есептерді дайындау;
-
Жобалық құжаттардың «Фитопланктон», «Зоопланктон», «Зообентос (макрозообентос және мейозообентос)», «Перифитон», « Балықтардың гистопатологиясы», « Балықтардың паразитофаунасы», «Балықтардың қоректенуі» тарауларын дайындау ;
-
Жобалық құжаттардың «Фитопланктонға әсерін бағалау», «Зооопланктонға әсерін бағалау», «Бентосқа әсерін бағалау», «Балықтардың гистопатологиясы», «Балықтардың паразитофаунасы», «Балықтарды қоректендіру», «Балықтарға әсерін бағалау» тарауларын дайындау;
-
Жоспарланған жұмыстардың балық шаруашылығына шығынын бағалау бойынша есептеулерді жүргізу мақсатында су айдындарындағы қоректендіру базасының өлшемдерін беру;
-
Гидробионттар бойынша мониторинг бағдарламасын әзірлеу;
Атырау қаласындағы гидробиологиялық тобы бар гидробиологиялық зертханада көп жылдық тәжірибелері бар 11 маман жұмыс атқарады. Штаттағы қызметкерлер сынамаларды өңдеу, материалдарды талдау, есептерді дайындау бойынша ауқымды жұмыстар атқарады.Жұмыстарды орындау барысында, қажет болған жағдайда жан жақтан мамандар жұмысқа тартылады.
|
|
Өзеннің жағалау бөлігінде
зоопланктонға сынама алу
|
Гидробиологиялық сынамаларды өңдеу
|
Начало формы
Зертхана барлық қажетті құралдармен (микроскоптар, таразылар, фототехника және т.б.), гидробиологиялық мәліметтерді талдау үшін арнаулы бағдарламалармен (Primer v6, Canoco) , ғылыми-әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен қамтамасыз етілген. ҚҚЭА- нің ғылыми әдеиеттер жиналған кітапханасында көптеген қажетті мәліметтер көзі бар және олар үнемі толықтырылып отырады.
Сырттан жұмысқа тартылған мамандардың жұмыс істеуі үшін қосымша жұмыс орындары бар.
|
|
Микроскопиялық объектілерде
бейнеленгендерді алуға арналған фотожүйе
|
Фотожүйені қолдану арқылы алынған
тұрқы 160 микрон болатын жәндіктің суреті
|
Зертхана «Сараптама және сертификация ұлттық орталығы» АҚ Алматы филиалының 27.06.2013 ж. №32/13 Гидробионттар қоғамдарының талдауы мен су ортасының экологиялық күйінін бағалауы үшін гидробиологиялық сынамалардың зерттеулерінің талдануын жүргізетін, Зертханадағы өлшем жағдайын бағалау туралы куәлігі негізінде қызмет атқарады
Гидробиологиялық зертханадағы жұмыстар ISO 9001, СТ РК ИСО/МЭК 17025-2007 стандарттарының талаптарына сай жүргізіледі.
Зертхананың қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру жүйесі төмендегілерді қарастырады:
-
сапа бойынша бақылау /бағалау жөніндегі жыл сайын семинар өткізу( жұмысқа тартылған мамандардың қатысуымен);
-
зерттеулердің нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар дайындау;
-
республикалық және халықаралық тренингтерге/семинарларға қатысу;
-
республикалық және халықаралық деңгейдегі халықаралық ғылыми конференцияларға және симпозиумдарға қатысу.
Жобаларды жүзеге асыру барысында әр түрлі мәселелерді шешу үшін, зертхананың қызметкерлері ТМД және Еуропа елдерінің жетекші мамандарымен пікір алысып тұрады.
Қазақстанда алғашқы рет Солтүстік және Орталық Каспийдің су түбі омыртқасыздарының анықтамалық топтамасы дайындалды, онда Солтүстік және Орталық Каспийдің омыртқасыздарының 90 түрі қамтылған. Бұл топтама түрлік құрамды анықтауда бірегейлендіру де және оқыту мақсатында пайдаланылады.
Зертхананың қызметкерлерінің қатынасуымен Қазақстандағы мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша ірі мұнай компанияларымен атап айтсақ, Аджип ҚКО, Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В., Кұрманғазы Петролеум, Қазтрансойл және басқа да компаниялармен келісімшарт негізінде « Каспий теңізі қайраңы мен оның жағалау аймағындағы мемлекеттік экологиялық мониторинг», «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі биологиялық ресурстардың ахуалын бағалау бойынша теңіздегі кешенді зерттеулер жүргізу» сияқты жұмыстар орындалды.
Конец формы
Достарыңызбен бөлісу: |