Геометриялық оптиканың Қосымша тараулары пәнінің оқу әдістемелік кешені


Әдебиеттер: [12]12 §74. ОЖСӨЖ мазмұны



бет5/5
Дата29.12.2016
өлшемі0.83 Mb.
түріПротокол
1   2   3   4   5

Әдебиеттер: [12]12 §74.

ОЖСӨЖ мазмұны: Айна. Жазық айна. Сфералық айна. Айнаның бас оптикалық осі. Айнаның полюсі. Сфералық айнаның формуласы.

Өткізу түрі: Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша теориялық және практикалық білімді жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша есептер шығарылады және үйге берілген есептер тексеріледі. Теориялық материалдар негізінде білімдерін қорытындылау мақсатында шығарылатын есептердің әдістерін қарастыру. Тапсырмалар ретінде төменде көрсетілген әдебиеттерден студенттерге жеке есептер беріледі.

ОЖСӨЖ мазмұны: Оптикалық приборларда кескін тұрғызу.

Өткізу түрі:Графикалық есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша теориялық және практикалық білімді жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша есептер шығарылады және үйге берілген есептер тексеріледі. Теориялық материалдар негізінде білімдерін қорытындылау мақсатында шығарылатын есептердің әдістерін қарастыру. Тапсырмалар ретінде төменде көрсетілген әдебиеттерден студенттерге жеке есептер беріледі.

Әдебиеттер: [1] §34.

ОЖСӨЖ мазмұны: Линзаның фокустық қашықтығын анықтау.

Өткізу түрі: Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша теориялық және практикалық білімді жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша есептер шығарылады және үйге берілген есептер тексеріледі. Теориялық материалдар негізінде білімдерін қорытындылау мақсатында шығарылатын есептердің әдістерін қарастыру. Тапсырмалар ретінде төменде көрсетілген әдебиеттерден студенттерге жеке есептер беріледі.

ОЖСӨЖ мазмұны: Дифракциялық тордың ажырату мүмкіндіктері.

Өткізу түрі: Түсіндірмелі баяндау.

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша бұрыннан бар білімді еске түсіру арқылы теориялық білімді жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша берілген тапсырмалар орындалады. Әдебиеттермен жұмыстанып көрсетілген сұрақтар топтамасына жауап жазылады, ауызша тексеріледі және балдық жүйеде тексеріледі.

Әдебиеттер: [1] §47;[12]12§79;[8]3§2.

ОЖСӨЖ мазмұны: Ленард, Иоффе тәжірибелері. Сыртқы фотоэффект. Ішкі фотоэффект. Вентильдік фотоэффект. Фотоэффектінің вольт-амперлік сипаттамасы.

Өткізу түрі: Түсіндірмелі баяндау.

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша бұрыннан бар білімді еске түсіру арқылы теориялық білімді жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша берілген тапсырмалар орындалады. Әдебиеттермен жұмыстанып көрсетілген сұрақтар топтамасына жауап жазылады, ауызша тексеріледі және балдық жүйеде тексеріледі.

Әдебиеттер: [1] §70; [11] 10 §50;[8] 15§1-§ 5.

ОЖСӨЖ мазмұны: Көп фотонды фотоэффект.

Өткізу түрі: Түсіндірмелі баяндау.

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша бұрыннан бар білімді еске түсіру арқылы теориялық білімді жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша берілген тапсырмалар орындалады. Әдебиеттермен жұмыстанып көрсетілген сұрақтар топтамасына жауап жазылады, ауызша тексеріледі және балдық жүйеде тексеріледі.

Әдебиеттер: [1] §69; [11]10 §50;[8] 15§1-§ 5.

ОЖСӨЖ мазмұны: Жарық химиялық әсері.

Өткізу түрі: Түсіндірмелі баяндау.

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша бұрыннан бар білімді еске түсіру арқылы теориялық білімді жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша берілген тапсырмалар орындалады. Әдебиеттермен жұмыстанып көрсетілген сұрақтар топтамасына жауап жазылады, ауызша тексеріледі және балдық жүйеде тексеріледі.

Әдебиеттер: [1] §71,72.

ОЖСӨЖ мазмұны: Комптон құбылысының мағынасы және Комптон заңы. Комптон құбылысының теориясы. Комптон құбылысының формуласы.

Өткізу түрі: Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша теориялық және практикалық білімді жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша есептер шығарылады және үйге берілген есептер тексеріледі. Теориялық материалдар негізінде білімдерін қорытындылау мақсатында шығарылатын есептердің әдістерін қарастыру. Тапсырмалар ретінде төменде көрсетілген әдебиеттерден студенттерге жеке есептер беріледі.

Әдебиеттер: [1] §80.

ОЖСӨЖ мазмұны: Лазердің түрлері. Лазер сәулесінің техника және ғылымда пайдаланылуы.

Өткізу түрі: Түсіндірмелі баяндау.

Сабақтың мақсаты:Берілген тақырып бойынша түсінік қалыптастыру

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша берілген тапсырмалар орындалады. Әдебиеттермен жұмыстанып көрсетілген сұрақтар топтамасына жауап жазылады, ауызша тексеріледі және балдық жүйеде тексеріледі.

Әдебиеттер: [11]10 § 51, 52,53,54.
8. Зертханалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар (оқу жоспарында зертханалық сабақтар қарастырылмаған)
9. Курс бойынша жазбаша жұмыстарының тақырыптары (реферат)

  1. Фотометрлердің түрлері.

  2. Линзалар.

  3. Оптикалық жүйелердің аберрациясы.

  4. Фотоаппарат. Проекциялық фонарь. Эпидиаскоп.

  5. Лупа. Микроскоп. Кеплер трубасы. Телескоп-рефлектор. Телескоп-рефрактор.Галилей трубасы.

  6. Голографияның қолданылуы.

  7. Жарық жылдамдығын өлшеу әдістері.

  8. Ленард, Иоффе тәжірибелері.

  9. Фотоэффектінің қолданылуы.

  10. Люминесценция түрлері.

  11. Оптикалық кванттық генераторлар.

  12. Мазерлер.

  13. Сызықтық емес фотоэффект.

  14. Фотолюминесценция

  15. Комптон эффектісі


10. Сараманнан өту оқу жоспарында жоспарланбаған.
11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек:



  1. Шынайылық

  2. Әділдік

  3. Айқындылық

  4. Икемділік

  5. Жоғары дифференция

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау

Семестрдің 8 аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және өткізілген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

- Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

,

мұндағы Р1 – бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті, Р2 –екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті, Е- емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті яғни 30 % (1 рейтинг) + 30 % (2 рейтинг) + 40% (емтихан)



Геометриялық оптиканың қосымша тараулары пәні бойынша білімді бағалау кестесі








Бағалау түрі



Бағалау критерийі

Жұмыс үшін балл

Орындалатын жұмыстар саны

1

Дәріске қатысу

100

15

2

Парактикалық сабақтардағы белсенділік

100

30

3

ОЖСӨЖ сабақтарындағы белсенділік

100

45

4

СӨЖ тапсырмасын орындау

100

45

5

Бақылау жұмыстары

100

2

6

Теория бойынша коллоквиум

100

2

7

Теория бойынша жазбаша жұмыс

100

2

8













Аралық бақылау Р1 Р2

100

Орташа арифметикалық




Ағымдық бақылау

12)/2










Ағымдық *0,6







Қорытынды бақылау

Емтихан


100*0,4







Қорытынды

Жіберілу рейтингісі + Қорытынды бақылау

















Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60 % құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші – 40 % ).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәнінің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді. Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).

Студенттердің механиканың қосымша тараулары бойынша білімі мына кесте бойынша бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық баламасы %

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Курс саясаты және іс-жосығы

1. Сабаққа кешікпеу керек.

2. Сабақ барысында әңгімелеспеу керек.

3. Сабаққа іскерлік киіммен келу керек.

4. Сабақты қалдырмау керек, тек ауырған жағдайда анықтамасы болу керек.

5. Қалдырған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта тапсыру керек.

6. Тапсырманы орындамаған жағдайда, қорытынды баға төмендейді.

7. Сабаққа күн сайын қатысу.

8. Оқу процесіне белсенді қатысу керек.

9. Үй жұмысын ынтамен орындау керек.

10 Оқытушылармен және студенттермен шыдамды, ашық, айқын қарым-

қатынас жасай білу керек.

11. Барлық сабақтарда екі жақты байланысты жүйелі сақтау керек.

12. Тұйық студенттерді коллективтік жұмысқа және дисскуссияға

қатыстыруға көмектесу.

13. Пунктуалды және міндетті болу керек.

14. Себепсіз сабақ қалдырмау керек.

15. Ұялы телефонды өшіруі, семинар уақытында телефонмен сөйлеспеуі

керек.
Академиялық тәртіп және этика саясаты

Ішкі тәртіп сақтау және қарым қатынас ережесі заңдар жинағы (М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ жарғысы, М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ оқытушыларының этика кодексы т.б.)


Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет.



1. Сабаққа қатысу. Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 1/3 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп. Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар. Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

Бақылау жұмысының үлгілері

«Фотометрия және геометриялық оптика»
І вариант

1. Диаметрі 1 м үстелді оның центрінен 1 м биіктікте ілінген шам жарықтандырып тұр. Шамнан шығатын жарық ағыны 600 лм болса, үстелдің шетіндегі жарықталыну қандай болады?

2. Жарық күші 20 кд шам бөлменің төбесіне ілінген. Барлық қабырғаға және еденге түсетін жарық ағыны неге тең?

3. Нәрсенің ойыс айнадан 1 м қашықтықта орналасқан, айнадағы кескіні нәрсеге қарағанда 3 есе кіші. Айнаның қисықтық радиусын, фокус аралығын табыңдар.


ІІ вариант

1. Биіктігі6 м бағанның басында шам ілулі тұр. Оның жарық күші 400 кд. Бағанның түбінен 8 м қашықтықтағы нүктенің жарықталынуы неге тең?

2. Жарықталыну 100 000 лк-ке дейін жететін болса, бұлтсыз ашық күні 0,02 м2 ауданға қанша жарық ағыны түсер еді?

3. Жарық сәулесі сыну көрсеткіші 1,6 болатын шыныдан ауаға өтеді. Түсу бұрышы қандай болғанда сыну бұрышы түсу бұрышынан 2 есе үлкен болады?



Геометриялық оптиканың қосымша тараулары курсы бойынша емтиханға дайындық сұрақтары

  1. Жарықтың табиғаты жайындағы ілімнің дамуы

  2. Жарықтың корпускулалық және толқындық теориялары.

  3. Гюйгенс принципі.

  4. Жарықтың электромагниттік теориясы.

  5. Электромагниттік толқындар үшін Максвелл теңдеуі.

  6. Умов-Пойтинг векторы.

  7. Фотометрия. Жарық шамалары.

  8. Сәулелену қуаты. Сәулелену қуатының спектрлік тығыздығы.

  9. Жарық ағыны. Жарық ағынының спектрлік тығыздығы. Жарық күші.

  10. Энергетикалық жарқырау. Энергетикалық жарықтылық. Нүктелік жарық көзі.

  11. Жарық шамаларының өлшем бірліктері.

  12. Ламберт заңы. Ламберттік жарық көздері.

  13. Фотометрлердің түрлері. Үш жақты призмалы фотометр. Луммер-Бродхун фотометрі.

  14. Геометриялық оптика

  15. Жарықтың түзу сызықтық таралу заңы.

  16. Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы.Ферма принципі.

  17. Жарықтың шағылу және сыну заңдары.

  18. Толық ішкі шағылу құбылысы. Әртүрлі орта үшін шекті бұрышты анықтау.

  19. Жарықтың призмадан өтуі.

  20. Жарықтың жазық-параллель пластинкадан өтуі.

  21. Сфералық бет түсінігі. Оптикалық ось. Параксиаль сәулелер.

  22. Сфералық беттің фокусы. Фокустық қашықтық. Алдыңғы және артқы фокус.

  23. Сызықтық және бұрыштық ұлғаю.

  24. Линзалар. Линзаның түрлері. Бас оптикалық ось.

  25. Жұқа линзаның формуласы. Линзаның фокусы. Алдыңғы және артқы фокус.

  26. Линзаның оптикалық күші.

  27. Шашыратқыш линзаның формуласы. Жалған фокус.

  28. Жинағыш линзадағы нәрсенің кескіні. Шашыратқыш линзадағы нәрсенің кескіні.

  29. Жазық айна. Сфералық айна. Ойыс айна. Дөңес айна.

  30. Айнаның бас оптикалық осі. Айнаның полюсі. Сфералық айнаның формуласы.

  31. Жазық айнада кескін тұрғызу. Сфералық айнада кескін тұрғызу.

  32. Аберрация көздері. Сфералық аберрация. Кома. Хроматикалық аберрация.

  33. Дисторсия. Астигматизм. Көлбеу жарық шоқтарының астигматизмы. Анастигматтар.

  34. Фотоаппарат. Объектив. Объективтің жарық күші. Салыстырмалы саңылау.

  35. Проекциялық фонарь. Эпидиаскоп.

  36. Лупа. Микроскоп. Кеплер трубасы. Телескоп-рефлектор. Телескоп-рефрактор. Галилей трубасы.

  37. Оптикалық приборлардың ажырату күші. Релей шарты. Телескоптың ажырату күші. Микроскоптың ажырату күші.

  38. Голография принципі. Жазық голограмма. Уақыт пен кеңістіктің когеренттілігі.

  39. Голограммалар алу және кескінді қалпына келтіру схемалары.

  40. Көлемдік голограммалар. Голографияның қолданылуы. Нүктелік объектінің голограммасы.

  41. Жарық жылдамдығы. Жарық жылдамдығын өлшеу әдістері.

  42. Ремер әдісі. Брадлей әдісі.

  43. Физо әдісі. Фуко әдісі. Майкельсон әдісі.

  44. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдығы.

  45. Ио серігінің тұтылуы арқылы жарық жылдамдығын анықтау.

  46. Допплер құбылысы.

  47. Физо тәжірибесі. Герц теориясы.

  48. Френел теориясы. Ілесу коэффициенті.

  49. Майкельсон тәжірибесі.

  50. Салыстырмалылық теориясынан шығатын негізгі қорытындылар. Жылдамдықтарды қосу теоремасы.

  51. Сыртқы фотоэффект.

  52. Герц тәжірибелері.

  53. Столетов тәжірибесі. Столетов заңдары. Фотонның қасиеттері.

  54. Фотонның энергиясы және импульсі.

  55. Ленард, Иоффе тәжірибелері.

  56. Ішкі фотоэффект.

  57. Вентильдік фотоэффект.

  58. Фотоэффектінің вольт-амперлік сипаттамасы.

  59. Жарықтың электромагниттік теориясының көмегімен фотоэффектіні түсіндіру.

  60. Сыртқы фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі.

  61. Вавилов тәжірибесі.

  62. Фотоэффектінің қызыл шекарасы.

  63. Шығу жұмысы.

  64. Электронның максимал кинетикалық энергиясы.

  65. Фотоэффектінің қолданылуы. Фотоэлектронды көбейткіштер.

  66. Жарық қысымы.

  67. Лебедев тәжірибесі.

  68. Радиометриялық әдіс.

  69. Жарықтың шағылу коэффициенті.

  70. Люминесценция

  71. Фотллюминесценция

  72. Қатты денелердің люминесценциясы.

  73. Люминесценция түрлері.

  74. Фосфоресценция.

  75. Флуоресценция.

  76. Вавилов заңы.

  77. Энергетикалық шығым.

  78. Фотохимиялық реакциялар.

  79. Сенсибилизацияланған фотохимиялық реакциялар.

  80. Комптон құбылысы.

  81. Оптикалық кванттық генераторлар. Ерікті және еріксіз сәуле шығару. Жарықты күшейту және өндіру.

  82. Лазер сәулесінің негізгі қасиеттері.

  83. Лазер сәулесінің техника және ғылымда пайдаланылуы.

  84. Мазерлер.

  85. Сызықты емес оптика негіздері.

  86. Оптикадағы сызықтық емес эффектілер.

  87. Сызықтық емес дисперсия.

  88. Жарықтың өзіндік фокусталуы. Өзіндік дифракция.

  89. Көп фотондық жұтылу және иондалу.

  90. Сызықтық емес фотоэффект.


Тест сұрақтарының мысалдары

1. Жарықтың корпускулалық теориясын жасаған ғалым?

А) Ньютон

В) Гюйгенс

С) Гук

D) Максвелл.



2. Жарықтың механикалық толқындық теориясын жасаған кім ?

А) Гук және Гюйгенс

В) Максвелл

С) Ньютон

D) Гук және Ньютон

3. Жарықтың кванттық теориясын жасаған кім?

А)Эйнштейн

В) Гюйгенс.

С) Максвелл.

D) Ньютон.

4. Сәуленің қуаты қай формула бойынша анықталады?

А) .

В) .

С) .

D) .

5. Энергетикалық жарықталыну қай формула бойынша анықталады?

А)

В)

С)

D)

6. Жарық ағыны бірдей болғанда сәуледен көру сезім ең көп болады?

А) Жасыл түстен

В) Көк түстен

С) Қызыл түстен

D) Ақ түстен

7. Снеллиус заңы дегеніміз?

А) Жарықтың сыну заңы

В) Жарықтың шағылу заңы

С) Жарық шоқтарының тәуелсіздігі

D) Жарықтың түзу сызықты таралу заңы.

8. Жарықтың толық ішкі шағылу құбылысы байқалады.

A) Жарық оптикалық тығыздығы көп ортадан оптикалық тығыздығы аз ортаға шектік бұрышпен түсіп өткенде.

В) Жарық оптикалық тығыздығы аз ортадан оптикалық тығыздығы көп ортаға шектік бұрышпен түсіп өткенде.

С) Ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші n = 1 тең болғанда

D) Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болғанда.

9. Призма қалай орналасқанда өзіне түскен сәулені 900 –қа бұрады?

А) 1

В) 1



С) 1



D)


10. Сәулелер параксиаль деп аталады, егер:

А) Олар оптикалық өспен аз бұрыш жасайтын болса;

В) Олар сындырушы сфералық бетке түссе;

С) Олар сфералық бетке жүргізілген нормалмен үлкен бұрыш жасаса;

D) Олар жарықтың таралу бағытына перпендикуляр болса.

11. Аббенің нөлінші инвариантық түрі мынадай:

А) .

В) .

С).

D) .

12. Сфералық беттің фокусы мына формуламен анықталады:

А) немесе .

В) .

С).

D) немесе .

13. Апертура дегеніміз :

А) Параксиаль сәулелердің максималь ашылуы.

В)Жорамал сәулелердің максималь ашылуы.

С) Параксиаль сәулелер.

D) Параксиаль сәулелердің минималь ашылуы.

14. Лагранж – Гельмгольц инварианты мына түрде жазылады:

А) y1u1n1=y2n2u2

В)

С)

D) y1ab = y2n2U2

15. Лагранж – Гельмгольц теориясының салдары болып табылатын тұжырым:

А) Ешбір оптикалық жүйе жарық шоғының жарықтылығын ұлғайта алмайды.*

В) Егер түсу бұрыштары апертура бұрыштарынан үлкен болса, онда кескін айқын болмайды.

С) Ешбір оптикалық жүйе нәрсенің размерінің ұлғаюын бермейді.

D) Бұл, әрбір фокустық қашықтықтың сәйкесті сыну көрсеткішіне қатынасы тұрақты шама.

16. Егер ортаның сыну көрсеткіші линзаның сыну көрсеткішінен артық болса, мына берілген линзалардың бірі жинағыш болып табылады.

А) Ортасы шеттеріне қарағанда, жұқарақ

В) Қалыңдықтары бірдей

С) Ортасы шеттеріне қарағанда, қалыңырақ

D) Тек бір бетіғана сындырушы

17. Жұқа линзаның формуласының түрі мынадай болады:

А) .

В).

С) .

D) .

18. Жұқа линзаның фокустық қашықтығы бірдей болады.

А) Егер линзаның екі жағындада бірдей оптикалық орта болса.

В) Егер линза жинағыш болса

С) Егер линза шашыратқыш болса

D) Егер линзаның сыну көрсеткіші оны қоршаған ортаның сыну көрсеткішінен артық болса

19. Егер нәрседен жинағыш линзаға дейінгі қашықтық а=2f болса, кескін линзадан қандай қашықтықта болады?

А) 2f .

В) f .


С) .

D) .

20. Егер нәрседен шашыратқыш линзаға дейінгі а=2f болса, кескін линзадан қандай қашықтықта болады?

А) -f

В) -3.

С) + .

D) 3f.

21. Егер нәрседен жинағыш линзаға дейінгі қашықтық фокустық қашықтықтан кем болса, онда кескін



А) Жорамал, тура,үлкейтілген.

В). Жорамал, тура, кішірейтілген

С) Шын,тура, кішірейтілген.

D) Шын,тура, үлкейтілген.

22. Жазық айнада алынған кескін:

А) Жорамал,тура,үлкейтілмеген.

В) Шын,тура,үлкейтілмеген.

С) Жорамал,кері,үлкейтілген.

D) Шын,кері, кішірейтілген.

23. Сфералық айнаның формуласы:

А)

В)

С) .

D) .

24. Егер айна шашыратқыш болса, онда:

А) Фокус шын.

В) Фокус жорамал.

С) ƒ=R.

D) ƒ=-R.

25. Кескін шашыратқыш линзадан b=2f қашықтықта болса, нәрсе айнадан қандай қашықтықта болады:

А) а=2f

В) a=f

С) a=3f

D) a=-2f

26. Кескін шашыратқыш линзадан b=3f қашықтықта болса, нәрсе айнадан қандай қашықтықта болады.

А) a=3/2f

В) a=-2f

С) a=-3/2f

D) a=f

27.Кескін дөңес айнадан b=- қашықтықта болса нәрсе айнадан қандай қашықтықта болады.

А) 2f.

В) - 2f.

С) .

D) .

28. Максвелл формуласының түрі мынандай:

А) .

В).

С) .

D) .

29. Жарық толқынының толқындық теңдеуі былай жазылады:

А) .

В) .

С) E=E0cos ωt.

D) E=a(r) ei (ωtkR0Ф).

30. , теңдеуіндегі Ф:

А) Ейконал. .

В) Толқындық вектор.

С) Толқын фронтына нормалдың бірлік векторы

D) Сыну көрсеткіші.

31. Таутохронизм принципі аталады:

А) Нәрсе мен линзаны қосатын барлық жолдардың оптикалық ұзындықтары бірдей.

В) Нәрсенің нүктесін кескіннің нүктесімен қосатын барлық жолдардың оптикалық ұзындығы бірдей.

С) Табиғат әрқашанда ең қысқа жолды қалайды.

D) Бірдей фазалар бетінің таралу жылдамдығы ең аз.

32. Фазалық жылдамдық дегеніміз:

А) Толқын тобының жылдамдығы.

В) Монохромат толқынның жылдамдығы.

С) V=C


D) Толқын пакетінің жылдамдығы.

33.Топтық жылдамдық үшін Рэлей формуласы былай жазылады:

А) .

В) =с.

С) .

D) .

34.Толқындар когеренті деп аталады, егер:

А) олар бірдей жиілік пен тұрақты фазалар айырмасына ие болса.

В) олар бірдей жиілік пен бірдей фазаға ие болса.

С) олар бірдей жылдамдық пен жиілікке ие болса.

D) олар монохромат болса.

35. Интерференцияның максимумының шартының түрі:

А) =+mλ.

В) .

С) .

D) =I1+I2.

36.Интерференцияның минимумының шартының түрі:

А)

В) =+mλ.

С). =I1-I2 .

D) .

37. Интерференциялық жолақтың ені:

А) .

В) =+mλ.

С) .

D) .

38. Интерференция дегеніміз:

А) Максимум және минимум интенсивтіліктердің кезектесу картинасы.

В) Монохромат толқындардың бір-біріне беттесуі

С) Жарықтың максимал интенсивтілігінің пайда болуы.

D) Жарықтың минимал интенсивтілігінің пайда болуы.

39. Бірдей көлбеулік жолақтары дегеніміз:

А) Жазық паралель пластинадан пайда болатын интерференция.

В) Параксиал сәулелердің беттесуі кезінде пайда болатын қарапайым картина.

С) Қалыңдығы айнымалы пластинадан пайда болатын интерференция

D) Шексіздікте орналасқан жарық көздерінен пайда болатын интерференция.

40. Бірдей қалыңдық жолақтары дегеніміз:

А) Қалыңдығы айнымалы пластинадан пайда болатын интерференция.

В) Параксиал сәулелердің беттесуі кезінде пайда болатын қарапайым картина.

С) Жазық паралель пластинадан пайда болатын интерференция.

D) Жазық паралель пластинадан пайда болатын интерференция.

41. Дифракция дегеніміз:

А) Геометриялық оптиканың заңдарынан кезкелген ауытқу.

В) Жарықтың түзу сызықты таралуы.

С) Когерентні толқындардың бір-біріне беттесуі.

D) Көлеңкенің және жарты көлеңкенің пайда болуы.

42. Гюйгенс-Френель принципі:

А) Бұл Гюйгенстің геометриялық принципін Френельдің екінші ретті толқындардың интерференциясы жөніндегі идеясын біріктіреді.

В) Бұл таза физикалық принцип.

С) Бұл таза геометриялық принцип.

D) Бұл Френельдің геометриялық принципін Гюйгенстің екінші ретті толқындардың интерференциясы жөніндегі идеясын біріктіреді.

43. Көршілес Френель зоналарының арақашықтығы:

А ) λ/2.

В) λ.


С) 2λ .

D) +mλ.

44. Көршілес Френель зоналарынан толқындар келеді:

А) Қарама-қарсы фазада.

В) Бір фазада.

С) Бір-бірінен қалып отырады.

D) Бір-бірінен озып отырады.

45. Френель зоналары:

А) Бірдей.

В) m артқанда кемиді.

С) m артқанда артады.

D) m кемігенде кемиді.



12. Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыздандыру

«Оптика» курсы бойынша электрондық оқулық. №1 корпус. 307, 102 аудитория. Физика кафедрасы.


13. Лабораториялық аудиториялар

№1 корпус. 304,305,306 аудиториялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет