География және туризм кафедрасы ғылыми жұмыс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы шағын қалалардың проблемалары және олардың дамуы



бет1/3
Дата15.07.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС


Тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы шағын қалалардың проблемалары және олардың дамуы

( Жаркент қаласы мысалында)»
Авторлар: п.ғ.к., профессор м.а. К.Н.Мамирова,

Г.Ш. Оңғарбаева - / 5В011600 – география мамандығының 4 – курс студенті/

Алматы, 2017

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР............................................................................2
КІРІСПЕ....................................................................................................................... 3-4
1 Қазақстан аумағындағы шағын қалалар ...........................................................5-7

1.1 Қала ұғымы. Қаланың пайда болуы және шағын қалалар проблемалары...........5-7

1.2 Шағын қалалардың дамуы. Шағын қалалар болашағы – мемлекет мүдесі............7

1.3 Шағын қалалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ҚР тиімді саясат....8


2 Қазіргі кездегі Қазақстан аумағы шағын қалаларының әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы өзекті мәселелер ....................................................................................9

2.1 Шағын қалалардың даумындағы өзекті мәселелер......................................................9-20

2.2 Жаркент қаласының физикалық-географиялық сиапттамасы.....................................21-22

2.3 Жаркент қаласына байланысты ҚР шағын қалалар дамуының әлеуметтік- эконмикалық саясаты..................................... 23-24


3 Жаркент қаласының инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы және экономикалық- әлеуметтік дамуының бағыттыры ..............................................25-27

3.1 Жаркент қаласының әлеуметтік- экономикалық сипаттама.....................................25-27

3.2 Жаркент қаласындағы өнеркәсіптік дамуының экологиялық салдары......................28-32

3.3 Жаркент қаласынан шағын қала ретінде дамытудың әлеуметтік –экономикалық негіздері.................................33-35


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................... 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 37


БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

КСРО – Кеңестік Социолистік Республикалар Одағы

ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ҮИИДМБ - Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын

т.с.с. – тағы сол сияқты

т.б. – тағы басқа

ж. – жылдар

AS P -Альберт Шпеер және серіктестері



КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шағын қалалар Қазақстанның экономикалық, әлеуметтiк және саяси өмiрiнде маңызды орын алады. Олардың кейбiр бөлiгi қазақ мемлекетiнiң тарихи тамыры, ұлттық мәдениетiнiң қалыптасуы мен халықтың дәстүрлерiмен негiзделедi, сондай-ақ, шағын қалалар Қазақстанның үлкен аумағын бiрiктiретiн негiзгi бекiнiс орталықтары ретiнде қарастырылады және оның бiрлiгi мен тұтастығын қамтамасыз етедi.

Қайсыбір түсінікте моноқала сөзі монофильдік қалалық білім, монофильді экономикалы қала, шағын қалалар т.б. осы сынды сөздердің синонимі, ол бізге Кеңес Одағынан «мұраға» қалған. Өйткені дәл сол кезде елдің ірі республикасы аймақтарының бірінің дамуында негізгі салмақ құрылыс пен монопрофильді қалалық білімге, шағын қалалар мен қалалық типтегі поселкелерге салынып, бұлар елдегі салалардың біріндегі базбір кәсіпорынға қатаң телініп, соларға тәуелді болды. Бірінші кезекте назарды шағын қалаларға бөліп, Кеңес басшылары өз кезегінде халықтың монопрофильді қалаларға деген «қызығушылығын» жоғалтпас үшін ірі қалалардың өсуіне үнсіз шектеу қойды. Бірақ, КСРО-ның ыдырауынан кейін оның кеңістігінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болып, моноқалалар мәселесі өзекті маңызға ие бола бастады. Көпшілік жағдайда бұл ірі бизнес пен инвесторлар, сондай-ақ қаржылық институттар еш толқусыз мегаполистерді таңдап алып, шағын қалаларды назардан тыс қалдыруына байланысты болатын.

Осылайша «моноқала» санатына негізгі белгісі халықтың тұрақты қоныстануымен ерекшеленетін халықтың ықшам өмір сүруі жүйесін жатқызамыз. Заманауи моноқала — әдетте саны 50 мың шамасында тұрғыны бар, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет атқаратын, белгілі дәрежеде дамыған өндірістік базасы бар қала. Оларға инфрақұрылымның жекелеген элементтері мен абаттандыру, көпқабатты құрылыстар, жер телімі жақын орналасқан үй шаруашылығы тән. Моноқалалар территориясы жөнінен біртұтас, халқы ықшам орналасқан, қала халқы үшін керектінің бәрін өндіруге және қала территориясындағы кез келген адамның өмірлік тұтынуын қанағаттандыру үшін қажеттінің баршасымен жабдықталған болып келеді.

Шағын қалаларда өндіріс әртараптандырылмаған.Осыған байланысты үкімет «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қолға ала бастады.Шағын қалалардың дамуына бағдарламалар қабылдап, бюджеттен ақша бөлу аздық етеді.Ең алдымен, елдің , жердің жағдайы, ондағы халықтың тұрмыс-салтын білу маңызды.Өнеркәсіптік өндіріс көлемі кемінде 20 пайызға өсіп, белсенді жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды 2 есе ұлғайытып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету керек


Зерттеудің мақсаты. Қазақстан аумағы шағын қалаларының қазіргі жағдайы мен даму болашағын айқындау (Жаркент қаласы мысалында).

Зерттеудің міндеттері.

  • Қазақстан аумағы шағын қалаларының пайда болуын, дамуын бәсекеге қабілеттілігін саралай отырып қарастыру.

  • Қазақстан аумағы шағын қала Жаркенттің өткенін, бүгінін және болашағын талдау.

  • Жаркент қаласының әлеуметтік – экономикалық және өнеркәсіптік дамуын қарасытру.

Зерттеу нысаны. Талдау объектісі ретінде Алматы облысы Жакент қаласындағы әлеуметтік –экономикалық даму жағдай мен өндіруші кәсіпорындардың бірі алынды.

Зерттеу әдісі. Ғылыми жұмыста статистикалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық сараптама әдістері,экономикалық-математикалық амалдар пайдаланылған. Зерттеудің әдістемелік негізін экономиканы баскаруды жетілдіру жөніндегі үкімет қаулылары,нармативтік құқықтық актілер,экономика саласындағы құжаттар құрады.

Зерттеуден алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы.

  • Қазақстан шағын қалалардың қалыптасу тарихы мен қазіргі даму жағдайы талданады;

  • Алматы облысы Жаркент қаласы дамуы және орналасу ерекшеліктері анықталады;

  • Алматы облысы Жаркент қаласының дамыту мүмкіндіктері анықталып, ғылыми негізде ұсыныстар жасалады;

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар.

  • Қазақстан шағын қалалар қалыптасу жағдайы талданды;

  • Алматы облысы Жаркент қаласының даму жағдайы мен тиімді дамыту жолдары анықталды;

Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері мен ұсыныстары, әдістемелік нұсқаулары келесі бағыттарда қолданылуы мүмкін:


  • «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары іске асыру бағыттары;

  • Шағын қалаларды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы кәсіпорындардың іс-әрекеттерін дамыту;

Ғылыми жұмыстың құрылымы мен көлемі. Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Компьютерден мәтін де терілген 37 бет. Жұмыста 2 кесте, 3сурет берілген.

1.1 Қала ұғымы. Қаланың пайда болуы және шағын қалалар проблемалары
Қала,шаһар- тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала- Тұрғындар районы,Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді. Онда негізінен ғимарат, көше, бақша секілді негізгі құрылыс нысандары болады. Қалада біршама дамыған қызмет көрсету, сауда жасау, тазалық, тұрғын үймен қамдау,қатынас-тасымал, ойын-сауық кешендері, спорт кешендері болады. Қалалар қала районы және қала маңы районы деп бөлінеді.Қалаларды алып қалалар, орташа қалалар, ұсақ қалалар деп бөлуге болады, бірақ әлемдегі елдердің халық саны ұқсас болмаған соң қала деп есептелуіне қажетті ең аз халық саны да ұқсамайды. Мысалы, Данияда 250 адам, Канадада 1000 адам, Германияда 2000 адам, АҚШ-тың біршама штаттарында 12000 адам, Үндістанда 5000 адам, Малайзияда 10 000 адам болғанда барып қала деп есептеуге мүмкін болады. 1800 жылы әлемде тек 3% адам ғана қалада өмір сүрсе, ХХ ғасырдың соңында бұл көрсеткіш 47% жетті. Қазір әлемде 3 млрд адам қалада тұрмыс кешіріп жатыр. Әсіресе Латын Америкасы, Қытай, Үндістан, Африканың бірнеше елдерінде қалаласу өте тез жүруде және қаладағы халық саны тез артуда.Мегақала дегеніміз не?

Мегақала. Әлемдегі ең үлкен мегақала Жапонияның Токио қалсы есептеледі. Әлем бойынша, бүгінде халық саны 10 млн тұрғыннан асқан 29 ең ірі қала бар.Оларға: Токио, Нью-Йорк, Шанхай, Мехико, Мәскеу және тағы басқалары жатады. Алатын ауданының кіші болуы, ал халық саны өте тығыз болуы осындай қалаларда көптеген мәселелер туғызады:мысалы, тұрғын үй қымбатшылығы және тағы басқа.Дегенмен, мұндай алып қалалардың тиімді және артықшылық тұсы қалған Қалалардың орталық коныстандырылған пункт және кішкене қала мен ауылдардан айырмашылығы онда діни, әскери-саяси, экономикалық және мәдени қызметтің жүзеге асырылу деңгейі жоғары және үлкен көлемде болады. Оның тоғыспалы күрделі мүмкіндігі қаланы қоршаған шағын ауылдарға бөліп басқаруға қолайлы болады.Қалада қайткен күнде де біршама дамыған әкімшілік және мәдени орталық болады. Елді мекенді қала дәрежесіне көтеретін басты межелер — ондағы халықтың саны және олардың атқаратын қызметі (өнеркәсіп, мәдени, саяси-әкімшілік орталықтары) оларға қарағанда жоғары болып келеді.Жалпы алғанда қалалардың қашан пайда болғанына тоқталып өтсек.

Қалалар Жер бетінде 6000 жыл бұрын құрыла бастаған еді. Ең алғашқы қала Орта шығыста пайда болған. Ол алғашында сауда жолы тоғысқан тораптарда, қолөнер орталықтарында, мемлекеттік билік орталықтарында пайда болған. Себебі, қала мағынасы - осы өңірде мекен еткен халықтың маңызды оқиғаларын суреттейді. Қала дегеніміз мәдениет, ғылым, білім және өндіріс орталығы болып, сауда-саттық дамыған жерлерде, керемет ғимараттар салынған жерде және ел басқару болған жерлерде қалаласу тез жүрді.Әлем мемлекеттердің билігі үшін өте маңызды қала есептеледі. Онда әлеуметтік, экономикалық әрі мәдени орталықтар болып қоймай, ең маңыздысы онда міндетті түрде мемлекеттік биліктің ең үлкен органдары мен басқару апараттары орналасады. Мемлекеттің ең үлкен қаласы астана ретіндегі қалаға жатпауы мүмкін. Мысалы, Канаданың ең ірі өндірістік, әрі транспорттық орталығы ретінде Монреаль қаласы саналады. Ал, негізгі астанасы ретінде Оттава саналады. Оттава - парламент, үкімет, сыртқы істер және екі университет орналасқан, кітапхана, мұражай, білім ізденуші орталық бар. Сол секілді Қытайдың Шанхай қаласы Пекиннен әлдеқайда үлкен және дамыған. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы да сол елдегі ең үлкен, ең дамыған қала есептеледі. Сондай-ақ Қазақстандағы Алматы қаласы да Астана қаласына қарағанда халқы көп, аумағы үлкен, даму деңгейі жоғары.

Экономикалық қуаттылығына сай қалалар жоғары, орта және төмен деп үшке бөлінген. Олардың орташа және ұзақ мерзімді бағыты да белгіленген. Маңызды мәселені шешуге әлемдік тәжірибе қарастырылып отыр. Германия, Австралия, Швеция, Жапония, АҚШ пен Ресейдің шағын қалаларында экономиканы әртараптандыру, көші-қонды ынталандыру, қажет болған жағдайда жұмысшылар мен мамандарды басқа өлкелердің өндіріс орындарына ауыстыру сияқты тәсілдер бар.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы бағдарлама жасауды тапсырған болатын.Сондықтан, шағын қалаларға тоқталып кетейік.

Қайсыбір түсінікте моноқала сөзі монофильдік қалалық білім, монофильді экономикалы қала, шағын қалалар т.б. осы сынды сөздердің синонимі, ол бізге Кеңес Одағынан «мұраға» қалған. Өйткені дәл сол кезде елдің ірі республикасы аймақтарының бірінің дамуында негізгі салмақ құрылыс пен монопрофильді қалалық білімге, шағын қалалар мен қалалық типтегі поселкелерге салынып, бұлар елдегі салалардың біріндегі базбір кәсіпорынға қатаң телініп, соларға тәуелді болды. Бірінші кезекте назарды шағын қалаларға бөліп, Кеңес басшылары өз кезегінде халықтың монопрофильді қалаларға деген «қызығушылығын» жоғалтпас үшін ірі қалалардың өсуіне үнсіз шектеу қойды. Бірақ, КСРО-ның ыдырауынан кейін оның кеңістігінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болып, моноқалалар мәселесі өзекті маңызға ие бола бастады. Көпшілік жағдайда бұл ірі бизнес пен инвесторлар, сондай-ақ қаржылық институттар еш толқусыз мегаполистерді таңдап алып, шағын қалаларды назардан тыс қалдыруына байланысты болатын.

Бұл кезде ауқымды экономикалық дағдарыс ірі бизнестің ірі қалаларда орнығуға деген ниетін одан әрмен күшейте түсті. Соның арқасында жақсы өмірді іздеумен шағын қалаларды тастап, мегаполистерге қоныс аударуға талпынған халықтың көші-қон белсенділігінің артуы туралы мәселе барған сайын жиі көтеріле бастады. Бұл өз кезегінде елдің әртүрлі аймақтарында үйлері «қаңырап бос қалған», инфрақұрылымы қираған, болашағы жоқ «елес-қалалардың» пайда болуына ықпал етті.

Осылайша «моноқала» санатына негізгі белгісі халықтың тұрақты қоныстануымен ерекшеленетін халықтың ықшам өмір сүруі жүйесін жатқызамыз. Заманауи моноқала — әдетте саны 50 мың шамасында тұрғыны бар, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет атқаратын, белгілі дәрежеде дамыған өндірістік базасы бар қала. Оларға инфрақұрылымның жекелеген элементтері мен абаттандыру, көпқабатты құрылыстар, жер телімі жақын орналасқан үй шаруашылығы тән. Моноқалалар территориясы жөнінен біртұтас, халқы ықшам орналасқан, қала халқы үшін керектінің бәрін өндіруге және қала территориясындағы кез келген адамның өмірлік тұтынуын қанағаттандыру үшін қажеттінің баршасымен жабдықталған болып келеді. Кеңес Одағында елді мекеннің тек экономикалық қана емес, әлеуметтік қызмет те атқаратын, сол арқылы халықтың өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін қала құрушы кәсіпорындармен тығыз байланыстылығы — моноқалалардың өзіндік ерекшелігі болатын. Көп жағдайда қала құрушы кәсіпорындардың жұмысшылары ведомстволық тұрғын үйлерде тұрса, қазандық, балабақшалар, ауруханалар мен білім мекемелері де кәсіпорын балансында болатын. Соған сәйкес әлеуметтік инфрақұрылымдарды ұстап тұруға шығатын шығындар өнімнің өзіндік құнына енгізілетін, бұл оны көпшілік жағдайда нарықтық экономика кезінде бәсекеге қабілетсіз еткен.



1.2 Шағын қалалардың дамуы. Шағын қалалар болашағы – мемлекет мүдесі

Шағын қала немесе моноқала - бұл негізгі бөлігі (20 пайыз және одан жоғары) өнеркәсіптік өндіріс, еңбекке қабілетті халқы, әдетте, бір профильдегі және шикізаттық бағыттағы (мономамандандырылған) бір немесе бірнеше қала құрушы кәсіпорындарда шоғырланған, соған байланысты қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді айқындайтын қала. Моноқалалар санатына халқының саны 10-нан 200 мың адамға дейін жететін қалалар енгізілген, олар төмендегідей белгілермен сипатталады, атап айтқанда:

1. Қала құраушы кәсіпорынның өнеркәсіптік өндіріс көлемі негізгі өндіруші секторда жалпықалалық өндіріс көлемінен (моно-мамандандырылған) 20 пайыздан жоғары болса;

2. Қала құрушы кәсіпорындарда еңбекпен қамту халықтың жалпы санының 20 пайыздан астамын құраса;

3. Қала құрушы кәсіпорындар жартылай жұмыс істесе немесе іс-қызметін мүлде тоқтатса.

Қала құрушы кәсіпорындармен және моноқалалармен байланысты Қазақстан үшін аса маңызды мәселені зерттеу Қазақстан моноқалаларын дамыту Бағдарламасы аясында жүргізілді. Жоғарыда аталған бағдарламаға белгілері бойынша халқының саны 1,53 миллион адамды немесе қала халқының 16,8 пайызын құрайтын 27 моноқалалар өтті, солардың ішінде 16 қала тиісті аудандардағы әкімшілік орталығы болса, 11 қала аудан орталығы болып табылады,олар: Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сарань, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен. Олардың бір бөлігі облыстық маңызға ие қалалар болса, енді бір бөлігі аудандардың қосылуына байланысты аудан орталығы мәртебесін жоғалтқандар. Қазақстан моноқалалары санын негізінен халқы 50 мың адамнан тұратын шағын қалалар құрайды, төрт қала - Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз бұларға кірмейді, оларда халық саны 100 мыңнан жоғары. 27 моноқалалардың 19-ында қала құрушы кәсіпорындар жұмыс істейді, 5-уінде — жартылай, 3-уінде мүлде жұмыс істемейді. Қарағанды облысында 8 моноқала, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында 4, Жамбыл мен Павлодапр облыстарында 2 моноқала бар. Елді алғашқы дағдарыс толқыны келіп ұрған кезде одан негізінен халқының экономикалық белсенділігі төмен моноқалалар үлкен зардап шекті.Мысалы,дағдарысқа дейін моноқалалардағы өнеркәсіптік өндірістің үлесі 43-44 пайызды құраса, дағдарыстан кейін бұл көрсеткіш 25 пайызға дейін төмендеп кетті. Жүргізілген жұмыстар аталған қалалардың дамуына кедергі келтіретін себептерді анықтап, қала құрушы кәсіпорындардың, жалпы қалалардың бизнесінің даму жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді. Сарапшылар пікірінше, төмендегідей белгілері бар болса, қаланы монопрофильді деп те атауға болады екен, атап айтқанда:



  • қалада бір салаға жататын бір немесе бірнеше біртекті кәсіпорындар болса немесе салалық рыноктың тар сегментіне қызмет көрсетсе, ал қаланың басқа кәсіпорындары тек қаланың ішкі қажетін өтеуге иә сонда тұратын адамдарға ғана қызмет көрсетсе;

  • қалада қаланың ішкі қажетін өтеуге қызмет көрсететін кәсіпорыннан басқа бір ақтық рынокқа жұмыс істейтін технологиялық тізбекпен байланысқан ел — қала бюджетінің табыс бөлігі бір (немесе бірнеше) ірі кәсіпорынның іс-қызметіне соншалық тәуелді болса;

  • қала халқын жұмыспен қамту саласы нашар әртараптандырылса (кәсіби құрам біртекті болса);

  • қала едәуір ірі елді мекендерден әжептәуір қашықта орналасса (бұл тұрғындардың жинақылық мүмкіндіктерін төмендетеді), қалада алғашқы екі белгі бар болса немесе қаланы сыртқы әлеммен байланыстыратын дамыған инфрақұрылым (автокөлік жолдары, теміржол, телефон желісі, т.б) жоқ болса.

1.3 Шағын қалалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ҚР тиімді саясат

Еліміздегі шағын қалалрды дамыту барысындағы игілікті істі жүзеге асыру үшін мынандай міндеттерді қолға алу керек.

Біріншіден, жұмыс істейтін өнеркәсіптерді өндірістік көлеміне қарамастан оңтайландыру. Ол үшін экономикалық қуаттылығы анықталып, жаңа мамандықтарға үйрету шаралары атқарылады. Шағын қалалардың әрқайсысының кешенді жоспары бекітіледі. Оған ұзақ мерзімдік дамыту жайы мен тұрғындар саны жөніндегі болжам ұсынылады.

Екіншіден, экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту. Бұл орайда 10 мың жұмыс орнын ашу мақсатында 40-тан астам инвестициялық жоба жасалады. Қосалқы және қызмет көрсететін цехтар құру назардан тыс қалмайды.Мәселен, «Қазцинк» компаниясының Риддер қаласындағы қосалқы цехы жаңғырту мен кеңейтуден соң өз алдына зауытқа айналды.

Үшіншіден, ұлттық компаниялардың шағын қалалардағы өндіріс ошақтарына тапсырыс бойынша қолғабыс көрсетуі де маңызды. Мысал ретінде, Екібастұз қаласындағы темір жол саласына қызмет көрсету мен «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының Степногор қаласында күкірт қышқылы өндірістерін атап өтуге болады.

Төртіншіден, өндірісті бұрынғы қалпына келтіру үшін инвесторлар тарту. Қаратау қаласындағы «Еурохим» АҚ осы істің жарқын көрінісі. Сондай-ақ, өнеркәсіптік жеңілдіктер енгізілмекші. Төмен және орташа қуатты қалалардағы инвесторлардың жарық пен газға, жер телімін сатып алуға, ғимараттар тұрғызу құрылысына кеткен шығындарының белгілі бөлігін төлеу не қайтару көзделген.

Бесіншіден, шағын және орта бизнесті дамыту.

Алтыншыдан, тығырықтан шығу амалдары. Транзиттік қуаттылықты дамыту. «Бизнестің жол картасы-2020», т.б. бағдарламалар қосымша шаралар ретінде қарастырылады. Атап өтер болсақ, шағын қалалардағы кәсіпкерлер несиесіне 10% көлемінде субсидия беру, жаңа өндіріс орнын ашуға 3 млн. теңге грант ұсыну, ірі компаниялармен әріптестік бағдарламаны жүзеге асыру, бизнес-инкубаторлар ашу, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру және жұмыссыздарды және өзін-өзі асырайтындарды кәсіпкерлікке баулу.



2.1 Шағын қалалардың даумындағы өзекті мәселелер

Шағын қалаларда несие алу проблемасы аса көкейкесті. Кепілдеме дүние-мүліктер жетіспейді. Сондықтан, бұл проблеманы ірі өнеркәсіптік мекемелерімен әріптестік құру арқылы шешуді ойластыру қажет. Бүгіннің өзінде Атырау облысындағы «Теңіз­шевройл» ЖШС, Маңғыстау облысындағы «Қазмұнайгаз» АҚ, Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазцинк» ЖШС, Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» ЖШС жоғарыда келтірілген әріптестік тәсілді қолдану үстінде.

Ендігі ретте Индустрияландыру картасы мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының шағын қалаларды дамытуға тигізетін әсері жөнінде тоқталып өтсем. Аталған бағдарламалар 2015 жылдық қорытынды бойынша қазірдің өзінде 114 жоба жүзеге асырылды. Инвестицияның көлемі 1 трлн. 249 млрд. теңге (8,6 млрд. АҚШ доллары). Мәселен, Степногор қаласын дамытуға 1,6 млрд. теңге бөлінген. Екібастұз, Балқаш пен Ақсай қалаларына берілген инвестиция Индустрияландыру картасы шеңберінде барлық шағын қалаларға тиесілі қаржының 76,3%-ын, ал Екібастұз, Теміртау мен Рудный қалаларының инвестициясы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша барлық шағын қалаларға бөлінген қаржының 82,7%-ын құрады. Қазақстанның ең басты даму проблемасы, орнықты болашағы оның қауіпсіздігі, шағын қалалардың дамуына байланысты-әрбір қаланың жеке дамуымен және барлық қалалардың бірге дамуы, шағын және орта қалаларда көп қолданыстағы муниципалдық білім орталықтары басым көпшілікті құрайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 41 шағын қала бар, олардағы халық саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 904,2 мың адамды құрайды. 33 шағын қала тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады. 8 шағын қала ауылдық аудандардың орталықтары болып табылмайды. Географиялық орналасу бойынша қалалардың мынадай типтерін бөліп көрсетуге болады:

1) агломерациялардың ықпал ету аймағында – Ақкөл, Алға, Қандыағаш, Есік, Қапшағай, Қаскелең,Талғар,Леңгір;

2) республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль және теміржол магистральдары бойында – Ақкөл, Атбасар, Ерейментау, Есіл, Макинск, Щучинск, Алға, Қандыағаш, Шалқар, Жаркент, Қапшағай, Қаскелең, Сарқанд, Аягөз, Шу, Приозерск, Арал, Ембі, Үшарал, Үштөбе, Зайсан, Шар, Шемонаиха, Арыс, Сарыағаш, Булаево, Мамлютка,Тайынша;

3) шекара маңындағы аумақтарда Жаркент, Үшарал, Зайсан, Сарыағаш, Шардара, Шар, Шемонаиха, Мамлютка, Булаево.

Елдің көптеген шағын және моноқалаларында негізінен бұрынғы қала құраушы кәсіпорындардың немесе басым саланың жағдайына байланысты проблемалар кешені пайда болды. Проблемалардың бірі – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның қанағаттанарлықсыз жағдайы. Су құбыры, кәріз, жылу және электр желілерінің жоғары дәрежеде тозуы айтарлықтай қаржылық салымды қажет етеді. Мәселен, моноқалалардың жартысында (14 қалада) электр желілерінің тозуы 70 %-ға дейін жетті.

Шағын және моноқалалардың дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі – өндірістік инфрақұрылымның қанағаттанғысыз жағдайы болып табылады. Әсіресе көлік алыстығы және автомобиль жолдарының нашар жағдайының проблемасы өте өзекті [1].

Шағын қалаларда өндіріс әртараптандырылмаған.Осыған байланысты үкімет «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қолға ала бастады.Шағын қалалардың дамуына бағдарламалар қабылдап, бюджеттен ақша бөлу аздық етеді.Ең алдымен, елдің , жердің жағдайы, ондағы халықтың тұрмыс-салтын білу маңызды.Өнеркәсіптік өндіріс көлемі кемінде 20 пайызға өсіп, белсенді жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды 2 есе ұлғайытып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету керек [5].

Қалалар-қоғамның барлық территориялық жүйесінің маңызды бөлігі, елдің халық шаруашылығының негізі болып саналады.Халық тұрғындарының саныа байланысты оларды бірнеше түрге бөлуге болады:

-шағын (халық саны 50 мыңнан аспайтын)

-орта (халық саны 50-100 мың)

-үлкен (халық саны 100-250 мың)

-ірі (халық саны 250-500 мың)

-аса ірі (халық саны 500 мыңнан аса) [7].

Шағын қалалардың мәселелерін шешу үшін, мемлекет тарапынан нақтылы бағдарламалар қабылданып жатыр.Шағын қалалар-өнеркәсіп кәсіпорындарының, ғылыми орталықтардың, көлік- таратушы түйіндердің орналасу аймақтары болып, мәдениет пен білімнің ошақтары болып келеді. республиканың әрбір шағын қаласының мәселелерінің сөзсіз өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олар алғы шарттармен де сипатталады. Қазақстанның шағын қалаларының экономикалық дамуының негізгі мәселелері: өнеркәсіптік бір саласы басым болатын қала мекендерінің болуы, білікті кадрлар мен инвестицияларды қатыстыруда тиімді болмайтын бәсекелес позициялар, өнеркәсптік кәсіпорындарының көпшілігінің технологиялық қалыс қалуы, жастардың неғұрлым ірі қалаларға қоныс аударуы болып табылады. Қазіргі индустриалды – инновациялық жаңғырту жағдайда өзекті мәселенің біреуі шағын қалаларды жандандырудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу болып тұр. Сол себепті моноқалалардың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын ескере отырып, нақты қаланың даму стратегиясын әзірлеу, шағын және орта қалалардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің мониторингісін жүргізу, әлеуетті анықтау өзекті болып тұр. Бұл жағдай моноқалалардың дамуында тағы бір қырын көрсетті – ол әлеуметтік тұрақты дамуын сақтау [6].

Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын жасалды.

Ол бағдарламаның мақсаты:Моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту

Міндеті:1. Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.

2. Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту.

3. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру.

4. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту.

Нысаналы индикаторлары:1. Экономикалық әлеуеті төмен моноқалаларда бір немесе бірнеше «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемін – кемінде 20 %-ға арттыру (2011 жылмен салыстырғанда).

2. Моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 2 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда).

3. Моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6,0 %-дан аспайтындай етіп төмендету.

4. Моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,5 %-дан аспайтындай етіп төмендету .

2020 жылға:

1. Моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 4 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда).

2. Моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6,0 %-дан аспайтындай етіп азайту (2015 жылы күнкөріс минимумы шамасын айқындау әдістемесін жетілдіруді ескере отырып).

3. Моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,0 %-дан көп емес деңгейге дейін төмендету.

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.Моноқалалардың бірінші кезекті проблемаларын шешуге республикалық бюджет қаражаты есебінен 2012 пилоттық жылға қаржыландыру көлемі 6 000,0 млн. теңгені құрайды.Шамамен республикалық бюджеттен:2013 жылға – 38 200,0 млн. теңге,2014 жылға – 43 200,0 млн. теңге,2015 жылға – 5 3 900,0 млн. теңге 1-диограмма [2].



Диограмма-1. Шағын қалаларға бөлінген қардының пайыздық көркесткіщінің диаграммасы.

Қиын жағдайда тап болған қалалардың ахуалы жақсартылмақ. Мысалы, Текелі қаласы оңды нәтижелермен көзге түсуде. Күл-қоқыстар жойылды, арықтар бір жүйеге келтірілді, төрт мектептің жылыту мәселесі шешілді. Ақсай қаласы тазартылды, аулалар көріктендірілді. Жаңатас қаласында көгалдандырылу жүргізілді, орталық демалыс саябағы мен аллея абаттандырылды. Қаратау мен Жаңаөзен қалаларындағы жағдай да көз тартады.

Бағдарламаға сәйкес бос тұрған 521 көп қабатты тұрғын үй қиратылып, орны тазартылады. Бұл міндетті атқаруға екі жылға 1,5 млрд. теңге бөлінген. Жалпы, бұл жұмыс 2015 жылы толығымен аяқталмақ.

Шағын қалаларды қалпына келтіру,

– шағын қалалардағы өнеркәсіп өнімдері көлемін ұлғайту;

– шағын және орташа кәсіпорындар санын екі есеге арттыру;

– күнкөріс көрсеткішінен төмен табыс табатындар санын қысқарту (6%-дан аспауы керек);

– жұмыссыздықты азайту (5,5%-дан аспауы керек);

– апатты жағдайдағы,бос не құлағалы тұрған тұрғын үйлерді мүлдем жою керек [11].

Моноқалалар болашағы — мемлекет мүддесі. Біздің сөздік қорымызда жуықта моноқалалар атты жаңа түсінік пайда болды. Құбылыс ретінде оны жаңа деу аса күрделі болғанымен, сөздің жақында пайда болғаны рас. Өкінішке қарай, бұл біздің экономикамыздың әзірше аз зерттелген шынайы фактісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 30 қаңтарындағы №261 «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 25 қаңтарындағы №683 қаулысымен 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасы бекітілген болатын. Бағдарлама елді 2020 жылға дейін территориялық-кеңістіктік дамытудың Болжамдық сызбасын (схемасын) іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады. Болжамдық сызба (схема) мемлекеттік жоспарлау Жүйесін құрайтын құжаттардың бірі болып табылады және экономика салаларын, инфрақұрылым мен аймақтық дамыту мәселелерін кешенді түрде қарастырған Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың маңызды құралы болып саналады. Аталған бағдарлама моноқалаларды әртараптандыру арқылы халықтың еңбекпен қамтылуын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімді құрылымын қамтамасыз етуге бағытталған. Соған сәйкес, экономикалық күш-қуаты жоғары, орта, төмен моноқалалар анықталады. Сонымен бірге құжат «Аймақтарды дамыту», «Бизнес жол картасы», «2020 жылға дейін еңбекпен қамту Бағдарламасы», т.б. бағдарламалар аясында аймақтардың дамуына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша атқарылатын шаралардың ойлы жалғасы болып табылады және монопрофильдік (әрі қарай-моноқалалар) қалаларды ұзақмерзімдік негізде елді постдағдарыстық даму жағдайында дамытуға бағытталған шараларға назар аудара отырып толықтырады.

Шағын қалалар дамуы шартты түрде экономиканың белгілі саласының дамуы арқылы нақты қалалар дамуындағы аталған салалардың даму тенденциясының көрсеткіштері арқылы сипатталады.

Экономикалық реформалар жылдарында көптеген орта және шағын қалаларда ресурстық потенциалдан, географиялық орнынан, экономикада орын алған жағдайдан, халық миграциясынан, өндірістік инфрақұрылымнан және т.б. факторлардан тәуелді әлеуметтік – экономикалық өзгерістер орын алды. Осыған байланысты қалаларды 3 топқа бөліп қарастыруға болады:

1.Депрессивті қалалар – бұл бұрын әлеуметтік – экономикалық жоспарға сай жеткілікті түрде дамып, бірақ соңғы жылдардағы нарыққа өтумен байланысты дағдарысқа ұшыраған қалалар. Бұл топтағы көптеген қалалар көп бөлігі сәтті географиялық орналасу, жағымды климаттық жағдай талаптарында дағдарыс жағдайынан дербес түрде шыға алады.

Олар орта және шағын бизнесті ынталандыру арқылы өндіріс диверсификациясына, жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыруға және стратегиялық маңызды инвесторлар тартуға, өткізудің жаңа нарықтарына шығуға, ескірген байланыстарды жаңғыртуға мүмкіндік туғызады.

2.Ерекше депрессивті қалалар - бұл әлеуметтік-экономикалық дамудың төмен деңгейі, экономикалық потенциал, инвестиция тартудың қиындығы, еңбектік ресурстардың дефицитімен, жергілікті өндірістің бәсеке қабілетсіздігімен, нашар дамыған инфрақұрылым сияқты көрсеткіштермен сипатталатын депрессивті қалалар.

3.Артта қалған қалалар – бұл қалалардағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері ұзақ уақыт бойы орташа республикалық деңгейден бірнеше есе төмен болып келеді, экономикалық потенциал төмен болып саналады және инфрақұрылым мен әлеуметтік сфераның өте нашар дамуы өндірісті дамытуда жағдайды өзгерте алмайды.

Депрессивті орта және шағын қалалар экономикасы мен әлеуметтік саласын талдау негізінен оларға тән келесі проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді:



  • Тұрғындар елеулі миграциясы, еңбекке қабілетті жастағы кәсіби білікті кадрлардың ағымы;

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістің төмендеуі, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілетсіздігі мен сұранысқа ие болмауы;

  • Облыс пен республика деңгейіндегі орташа көрсеткіштен төмен саналатын жұмыссыздық деңгейі;

  • Тұрғындардың төмен табысы, төмен еңбекақы деңгейі;

  • Коммуналдық объектілердің тозуы, олардың едәуір бөлігі өткен ғасырдың 60-жылдары бой көтерген;

  • Бос тастап кеткен тұрғын санының болуы, олар үлкен эксплуатациялық шығындарды талап етеді;

  • Облыстық және аудандық деңгейдегі маңызы бар автокөлік жолдарының нашарлығы;

  • Таза ауыз суға деген шектеулі қолжетімділік;

  • Қалдық принципі бойынша жергілікті бюджетті қалыптастыруға арналған жеке қаражаттардың жеткіліксіздігі;

Сонымен бірге шағын қалалардың жалпы санынан төмен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге ие депрессивті шағын қалаларды ажыратуға болады

Аталған шаралардың жиынтығы бойынша депрессивті қалалар қатарына келесі шағын қалаларды жатқызуға болады: Державинск, Степняк (Ақмола облысы), Алға, Шалқар (Ақтөбе облысы), Абай, Қарқаралы (Қарағанды облысы), Форт-Шевченко (Маңғыстау облысы). Олар сандық және сапалық критерийлер бойынша депрессивті экономикалы шағын қалалар категориясына жатқызылады.

Қабылданған аймақтық саясат Концепциясына сәйкес депрессивті экономика жағдайындағы орта және шағын қалаларға Абай, Алға, Арқалық, Арал, Державинск, Қарқаралы, Форт-Шевченко, Шалқар қалаларын жатқызуға болады. Мысалы, Алға қаласының депрессивті жағдайының себебі қала түзуші кәсіпорын – химиялық зауыттың толықтай тоқтауы болып табылады, Арқалық тұрғындарының үй қорындағы жылу және сумен қамтумен байланысты үлкен қиыншылықтарды өткеруде, Арал қаласының негізгі проблемасы Арал теңізінің экологиялық дағдарысының алдағы уақытта тереңдей түсуі және шартты түрде тұрғындардың денсаулық жағдайының нашарлауы мен миграция өсімі және т.с.с.

Нарыққа өз өнімдерімен шығу және ірі өткізу нарықтарынан, қалалық агломерациядан, көліктік магистральдардан қашықта орналасуы Державинск (облыс орталығынан 390 км), Арқалық (590 км), Қарқаралы (250 км) және т.б.

Осындай сынды қалалардың жағдайларын төмендетті. Олар тек облыс орталықтарымен үлкен реабилитациялық жұмыстарының автомобиль жолдарымен байланысты аяқталмауына байланысты болып отыр.

Депрессивті экономикалы шағын қалаларда тұрғындардың ақшалай табыстарды сәйкесінше облыстардың өмір сүру минимумдарының 30 – 80%-ын құрайды. Неғұрлым төмен табыс көзі агроөнеркәсіп кешені қала- орталықтарында орын алған, мұнда тұрғындардың елеулі бөлігі жеке шаруа қожалығы есебімен күн көруде. Сонымен, Степняк қаласында тұрғындардың орташа жан басына шаққандағы табысы Ақмола облысы бойынша өмір сүру минимумының 39,6%-ын құрайды, ал Державинск қаласында Ақмола облысы бойынша 48,3%-ын құрайды, Арал қаласында сәйкесінше Қызылорда облысының өмір сүру минимумынан 42,8%-ын құрайды.

Шағын қалалар тұрғындарына экономикалық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша тұрғындар табысының негізгі көзі болып: жалпы табыс сомасы 50-60% үлесті құрайтын кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбекақы, табысы 20-30% - ға дейін зейнетақы, шәкіртақы, әртүрлі жәрдемақылар құрайды, 10-15% жеке шаруашылық түсімдері, қалғаны туысқандары мен достарының көмегі құрайтындығын көрсетеді.

Бұл қалалардағы еңбекақы еңбекақы республика бойынша орташа көрсеткіш деңгейінен 30-60% -ға төмен. Сонымен Алғадағы орташа еңбекақы деңгейі орташа республикалық деңгейдің 40%, ал Степняк қаласында - 55%, Абайда - 57%, Арқалықта – 67 % құрайды. Депрессивті шағын қалалар үшін инфрақұрылымның төмен деңгейі немесе оның болмауы тән, ол өз кезегінде шағын қалалар дамуын тежейтін басты проблемалардың бірі саналады.

Әсіресе, автожолдардың нашарлығы, ауыз су сапасының төмен болуы, қалаішілік инженерлік проблемалардың күрделісі болып табылады. Қала әкімдіктерінің 2006 жылғы мәліметтері бойынша Степняк қаласының-95% тұрғыны, Аягөз қаласының-58%, Арқалық қаласының-28%, Арал қаласының-32 %, Қарқаралының-35% тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Аталған қалалардың тұрғындары ашық су құбырлары мен әкелінетін ауыз суды қолданып келеді. Қалалық су құбырлары мен канализация жүйелері жарамсыз жағдайда және экологиялық ластанудың негізгі көзі болып табылады.

Шағын және орта кәсіпті әрі қарай дамытуға, ауыл шаруашылығының өнімдерін бос тұрған кәсіпорындарды пайдаланып, өндіріс орнын ұйымдастыруға жағдай жасалмақ. Қаланың өнеркәсіптік мүмкіндігінің өркендеуі табыстарын молайтып, енбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Өткізілген сараптама индустриалды түрге жататын шағын қалаларға тән. Шағын қалалардың ары қарай дамуы, оның өндіру өнеркәсіптерінің дамуы шикізат базасы қорларының көлеміне және оның кеңеюіне, мамандану проблемасының шешілуіне, басқа түрдегі өндіріс салаларының ашылуына тікелей байланысты.

Бұған байланысты аймақтық деңгейде шағын қалалардың даму бағдарламасында мыналар бойынша шаралар ойластырылған:



  • қала құру өндірістерін толықтыратын немесе алмастыра алатын альтернативалық өндірістерді орналастыру;

  • жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары өнімді, ресурс жинақтаушы қазіргі заманғы жабдықтар базасында жаңартуды жүзеге асыру;

  • металл рудаларын байыту, негізгі өндіріс қалдықтарын өңдеу үшін кішігірім өндірістерді ашу;

  • қалалардағы шикізат өндіру тиімсіз болған қала құру өндірістерін диверсификациялау;

  • ғылыми- зерттеу ұйымдарын мақсатты қаржыландыру жолымен өнеркәсіптің ғылыми және жобалық әлеуетін қалпына келтіруге ықпал ету;

  • республикалық деңгейде:

Осылайша, шағын қалалардың экономикалық дамуын сараптау кенттенудің жоғарғы серпілісі негізінен мемлекеттің табиғи байлықтарын игеру арқылы жүзеге асқанын көрсетеді. Бұл тұрғыда өңдеу өндірістері, қалалардың әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени инфрақұрылымдары мүлдем елеусіз қалып, нәтижесінде шағын қалалардан тұрғындардың көшіп кетуіне, жұмыспен қамтылу саласының күрделі проблемаларына әкелді. Алайда жағымсыз салдарға қарамастан шағын қалалар Қазақстан экономикасында белгілі бір, тіпті ауқымды рөл ойнады, өйткені олардың басым бөлігі республиканың индустриалды дамуы үшін, оның минералды ресурстарын игеру үшін құрылған. Келешекте мемлекеттің белсенді қолдауымен шағын қалалар ел экономикасы құрылымында өз орнын тауып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлық маңызды қызмет атқаруы әбден мүмкін.

Қазіргі уақытта моноқалалардағы жағдайды өзін-өзі айқындау дағдарысы ретінде сипаттауға болады: бір жағынан, қала, сөз жоқ, оның тұрғындары үшін әлдебір құндылық болып саналса, оған көмектесу қажет әрі мүмкін, екінші жағынан, тұрғындардың қала тағдырына жеке қатыспаушылығы ұстанымы жиі бой көрсете бастады. Қалалықтың бетін қалаға бұру керек-ақ, бірақ ол қазірдің өзінде одан тыс қалған.

Моноқалалар мәселесі шын мәнінде әлдебір жоғалтып алған ірі және алып кәсіпорындардың мәселесі болып табылады. Бұл жерде аталған кәсіпорынның шағын иә ірі қалада орналасқандығы маңызды емес. Бұған тек қабылданатын шаралардың жеделділігі мен мәселенің өткірлігі ғана тәуелді. Ірі қалаларда да, тіпті көп жағдайда қала мәртебесі жоқ шағын елді мекендерде де шамамен бірдей шаралар қабылдануы керек. Егер кәсіпорын жай қала құраушы ғана емес, моноқала экономикасында басымдыққа ие болса, аталған мәселе ерекше өзекті бола түседі. «Бас» кәсіпорын іс-қызметіндегі кез келген мәселе моноқаланың барлығына кері әсерін тигізеді: мәселен, қала бюджетінің табысына, еңбек нарығындағы жағдайға т.б. Қаржы дағдарысы монотерриторияны бүкіл посткеңестік кеңістікте әлеуметтік-экономикалық мәселеге айналдырды да, халықты жағдайдың аманаттары етті. Шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі моноқалалар мәселесінің негізгі шешімі олардың экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру, экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту екендігін көрсетіп отыр. Моноөнеркәсіптік қалаларды қайта құру саласында Германияның тәжірибесі айтарлықтай қызығушылық тудырады. Атап өткен жөн, моноқалаларды жаңғыртудың кешенді бағдарламаларын жасаумен Германияда айтарлықтай талдау және ұйымдастырушылық күш-қуатқа ие, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қаржылық шеңберлерде беделі бар ірі консалтингтік фирмалар айналысады. Осындай ірі құрылымдардың біріне бірнеше ондаған жылдар бойы моноқалаларды қайта құру мәселесімен айналысып келе жатқан AS P (Альберт Шпеер және серіктестері) жатады.

Жалпы орын алған мәселені шешудегі әлемдік тәжірибе мен талдауды есепке ала отырып, Бағдарлама аясында моноқалаларды приотеризация әдісімен үш бағыт бойынша мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қабылданатын болады.

Бірінші бағыт: моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның өндірістік сыйымдылығына қатысты оңтайландыру. Аталған бағыт аясында әрбір моноқаланың экономикалық күш-қуаты, оларды дамытуға кері әсер ететін факторлар, сондай-ақ моноқалаларды болашағы зор жаңа мамандандыру жағы анықталатын болады.

Екінші бағыт: моноқалалар халқын еңбекпен қамтудың тиімді құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандырып, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту. Аталған бағыт аясында Бағдарламаны іске асыруда жергілікті атқарушы органдар индустриялық-инновациялық іс-қызметке мемлекеттік қолдау көрсету саласындағы құзырлы органдармен бірлесе отырып әрбір моноқалада жүзеге асыру үшін 1-3 «зәкірлік» (якорлық) инвестициялық жобаларды таңдап алатын болады.

Үшінші бағыт: моноқалалардың еңбек ресурстарының оңтайлылығын көтеру, халықты әлеуметтік-экономикалық даму күш-қуаты жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен қоныс аударуға ынталандыру. Бұл бағыт халықтың еңбекпен қамтылуына ықпал ететіндей белсенді шараларды іске асыру жолымен еңбек ресурстарының оңтайлылығын көтеру шараларын қарастырады. Бұл оқыту және моноқалалар тұрғындарын еңбекке орналастыруға көмек көрсету, сондай-ақ, моноқалалар жастарының техникалық оқу мекемелері мен кәсіби білім салаларында оқуына жағдай жасау. Моноқалалардың тұрғындарын оқыту мен еңбекке орналастыруғакөмектесу, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарды еңбекке орналастыруға ықпал ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 18 шілдесінде бекіткен №815 қаулысына сәйкес, оқуды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері аясында жүзеге асырылады.

Төртінші бағыт:моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың тиімді санын есепке ала отырып дамыту. Бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыру мақсатында моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту оларды дамытудың ұзақмерзімдік болашағын ескере отырып, моноқаланың даму күш-қуаты дәрежесіне байланысты іске асырылатын болады. Әлемдік тәжірибе мәселені шешудің екі жолы бар екенін көрсетеді. Біріншісі (американдық) — қашан тұрғындар жұмыс бар басқа жерлерге қоныс аударғанда. Сол кезде қала ауқымы қысылғанымен, қала өзінің қалалық қызметін сақтап қалады. Екінші жол (еуропалық) — бұл территорияны санациялаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламалары. Оған экологиялық тазарту, инфрақұрылымды дамыту жобалары мен ескі салаларда жұмыс істейтіндерді жаңа мамандықтарға оқыту кіреді. Қазақстан үшін мәселені шешудің төмендегідей жолдары анағұрлым тиімді сынды: біріншісі -мемлекеттің ауқымды көмегімен, екіншісі — қала қызметінің эволюциясы. Бірінші жол бойынша моноқаладағы жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды жаңа бизнесті дамыту үшін дайын өндірістік алаң ретінде пайдалануға болады. Мұндай жағдайда мемлекетке аталған территорияға кәсіпорынды тарту үшін бірқатар жеңілдіктер беруге тура келеді. Екіншісі — қала өзінің негізгі қызметін ауыстырады. Негізгі кәсіпорынды жапқан кезде, ол өндірістік мәртебесін жоғалтады, бірақ ауылдық жердің орталығы болып қала береді. Моноқалалар мәселесі тез шешіле қоймайды. Бұл жерде тұрғындардың өздерінің атқаратын ролі зор. Оларға да тәуекелді бағалап, бейімделудің өздеріне тиімді отбасылық стратегиясын табуға тура келеді.

Өнеркәсіп өндірісі мен халықтың жұмыспен қамтылуы бір-екі кәсіпорындарға бейімделген бірсалалы қалаларда өміршең индустриялық жобаларды жүзеге асыру – жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін көтерудің бірден-бір жолы. Сондықтан осы шағын шаһарларда тұралап қалған кәсіпорындардың бойына қан жүгіртіп, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік мәселелерді түпкілікті шешу – кезек күттірмейтін өзекті шара.

Елімізде моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында қабылданған бағдарламаның бастапқы қанатқақты кезеңі аяқталуда. Бағдарлама шағын қалалардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларының түйінін тарқатуға, еңбек және экономикалық әлеуетті ескере отырып одан әрі дамытудың перспективалық бағыттары мен табиғи басымдықтарын анықтауға бағытталған. Құжат шеңберінде моноқалалардағы инвестициялық жобаларды іске асыру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, экономиканы әртараптан­дыру, сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін шешу негізгі назарға алынды. Өткен жылы моноқалаларды дамытуға 26 миллиард теңге бөлінген. Бұл мақсатқа биыл 34 миллиард, келер жылы 43 миллиард теңге бөле отырып, қарастырылатын қаражат деңгейін арттыру көзделген. 2020 жылға дейінгі моноқалаларды дамытуға арналған бағдарлама аясында бөлінген қаражаттың игерілуі бірінші кезекте инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту бағытында көрініс табуда. Арнайы бағдарламаның іске қосылуының арқасында қазына қаражаты белгіленген мақсатқа жаңылмай жетіп, жолдарды жөндеуге, көшелерді абаттандыруға жұмсалды. Жылыту маусымына қарай қазандықтар жөнді жұмыс істеп, күл-қоқыстар шығарылып, қалалардың өңі кіре бастады. Бағдарлама жаңа мектептер, ауруханалар, бала бақшалар және сапалы тұрғын үйлер салу мәселесін серпіп, әлеуметтік саланы дамытуға ықпал етуде. Түптеп келгенде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, экономикалық тиімді әрі бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын ашу қалалықтардың кәсіби, сапалы құрылымын қалыптастыруға әсер етеді. Бұл ретте оқыту, қайта даярлау, біліктілікті арттыру, нақты жалақысы бар жұмыс орындарымен қамту – моноқалаларды өркендетудегі келелі міндет. Соған сай үкімет пен қалалар басшылары бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жаңа құрылымның кәсіби мамандарын даярлауға қолдау көрсетулері қажет. Шағын қала әкімдіктері қабылданған кешенді бағдарламалар аясында тек жол жөндеу, құбыр тарту жұмыстарын атқарумен шектеліп қана қоймай, жергілікті ерекшеліктер есепке алынған мақсатты жобаларды жүзеге асыруға мойын бұрулары шарт.

Моноқалалардың мәселесін шешу үшін бөлінген қаражат инженерлік желілер жобаларын және инфрақұрылымды жетілдірумен қатар, несиелік субсидиялауға, кәсіпкерлікке оқытуларға, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының тетігі бойынша шағын несиелендіру шараларына, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы гранттарға, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құруға бағытталады. Шаһарлардағы бизнестің дамуын ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары қарастырылуда. Осы орайда биылдан бастап екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнесті несиелендіруге жұмылатынын айта кеткен жөн. Салалық шектеулерсіз, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер субсидияланып, өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту өріс алады. Жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашқысы келетіндерге кепілдіктер мен жеңілдіктер ұсынылатын болады. Моноқалалар тұрғындары, оның ішінде өздігінен жұмыспен қамтылғандар, табысы аз отбасылар, жұмыссыздар мен оралмандар 3 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. 5 жылдық мерзімге берілетін мұндай шағын несиелердің мөлшерлемесі өңір ерекшеліктеріне және әкімшілендірулерге байланысты 5-тен 9 пайыз аралығында белгіленген.

Шағын қалаларда қазына қаражатынан, үдемелі-индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламасымен, немесе кәсіпорындардың өз қаражатымен қаржыландырылатын ірі жобалар қарастырылған. Оларды жүзеге асыру барысында нысан құрылысының өзінде кем дегенде 100 тұрақты жұмыс орнын, ал нысан іске қосылғаннан кейін қосымша 100 жұмыс орнын ашу шаралары көзделеді. Қала құрушы кәсіпорындар жанынан көмекші және қызмет көрсетуші өндірістерді орналастыру шарасының аясында да ауқымды жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ, қалалардың өндірістік тартымдылығына ықпал ететін факторларды айқындау да маңызды сипатқа ие. Бұл ретте моноқалалардың табиғи ерекшеліктері ескеріле отырып, аумақтық маркетингілеу тұжырымдамасы қолданылады. Мәселен, олар көлік торабы, индустриалды қала, туристік орталық, тарихи қала ретінде танылады. Жаңатас пен Қаратау қалаларында «Еурохим» ірі инвестициялық жобасын құру жоспарланса, Жезқазған мен Арқалықта өңірлердің тұйыққа тірелуін жоятын темір жол желісі өтеді. Шортанды, Сарыағаш, Қарқаралы сынды қалалар туристік кластер ретінде дамитыны белгілі. Ал агломерция әсер еткен аймақта орналасқан шағын қалалар оларды дамыту бағдарламасымен қоса, агломерцияны дамыту бағдарламасы аясында да жүйелі түрде қолдауға ие болмақ.

2015 жылға қарай перспективалы моноқалаларда өнеркәсіп өндірісінің көлемін 20 пайызға дейін көтеру көзделген. Шағын кәсіпорындар санын екі есе ұлғайтып, жұмыссыздық көрсеткішін 5,5 пайызға төмендету арқылы мақсатты нәтижеге жету қарастырылып отыр. Бұл ретте шағын қалаларды қаржылық қолдауды жалғастырып, кешенді шараларды тиімді жүзеге асыру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік ресурстарын кеңінен пайдалану – түпкі мақсатқа жетелейтін тиімді жол болары анық.

Шағын қалалар Қазақстанның экономикалық, әлеуметтiк және саяси өмiрiнде маңызды орын алады. Олардың кейбiр бөлiгi қазақ мемлекетiнiң тарихи тамыры, ұлттық мәдениетiнiң қалыптасуы мен халықтың дәстүрлерiмен негiзделедi, сондай-ақ, шағын қалалар Қазақстанның үлкен аумағын бiрiктiретiн негiзгi бекiнiс орталықтары ретiнде қарастырылады және оның бiрлiгi мен тұтастығын қамтамасыз етедi.

Елдiң шағын қалаларының проблемаларын шешуге бағытталған мемлекеттiк деңгейдегi қаулылылар мен бағдарламалар қабылданды, бiрақ олардың iс жүзiнде көпшiлiгi iске аспады, себебі:

бiрiншiден, олардың ауқымды мiнезделуi мен бiр мезгiлде барлық мәселенi шешуге бағытталуы;

екiншiден, нақты қаржыландырудың болмауынан. 1996 жылы «Қазақстан Республикасында шағын қалалардың дамуының мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданған, бiрақта айтылған себептерге байланысты iс жүзiнде орындалмауда. 2001 жылдың қарашасында үкiмет «Тарихи қалалардың архитектурасын дамыту мен сақтау (2002-2010 жж.)» бағдарламасын бекiттi және тағы басқа.

Қазақстанда тұрғындарының саны 50 мыңнан аспайтын 60 шағын қалалар бар. Олардың 41 шағын қаласы ауылдық аудандардың әкiмшiлiк орталықтары болып табылады, ол шағын қалалардың 68%-ын және ауылдық аудандар санының 25%-ын құрайды. 19 шағын қала ауылдық аудандардың орталықтары болып табылмайды, олар: Степногорск, Темiр, Ембi, Жем, Қапшағай, Текелi, Шар, Серебрянск, Курчатов, Шу, Шахтинск, Сарань, Приозерск, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Қазалы, Жаңаөзен. Олардың бiр бөлiгi облыстық маңыздағы қала болса, бiр бөлiгi аудандардың ыдырауы салдарынан аудан орталығы мәртебесiнен айрылды.



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет