Г сөйлеудің алдында кедергілер



Дата23.05.2017
өлшемі17.03 Kb.

Кекештік – бұл перифериялық сөйлеу аппаратының әр түрлі бөліктерінде түйілулерді тудыратын сөз қарқынының, ырғағының, жатықтығының бұзылуы.

Бала кекештенгенде біз оның сөйлегенінде амалсыз кідірістерді немесе жеке дыбыстар мен буындардың қайталауын байқаймыз. Кекештену екіден бес жасқа дейінгі балаларда жиірек пайда болады. Балаларға дер кезінде көмектесу үшін, кекештіктің бірінші белгілерін жіберіп алмау керек:

а) жеке сөздердің алдынан артық дыбыстарды (а, и) қолдану;

б) бастапқы буындарды немесе сөйлемнің басындағы толық сөздерді қайталау;

в) сөздің, сөйлемнің ортасында амалсыз кідірістер;

г) сөйлеудің алдында кедергілер.

Кекештенудің пайда болуының себебі орталық нерв жүйесінің әлсіздігі болып табылады. Кекештенудің туындауына себептер әр түрлі болуы мүмкін. Кейде ол ағзаның әлсізденгенінен кейін бірнеше жұқпалы аурулардан соң пайда болады. Кекештік жиі қорыққаннан немесе ұзақ психикалық зақымданушылықтан кейін – баланы қоршаған адамдардың оған үнемі әділетсіз, дөрекі қарым-қатынасынан туындайды. Кекештікке өмір жағдайының жаманырақ жағына (отбасындағы ахуал, тәртіп) күрт өзгеруі әкеліп соғуы мүмкін. Балаларда кекештенудің жиі жағдайы сөйлеуінің ерте дамығанынан, ата-аналарының тым көп өлеңдерді, ертегілерді оқуларынан, үнемі өтініштермен жүгінеді: «айтып берші», «қайтала», жиі жасандылыққа айтуға мәжбүрлейді.

Кейде кеш сөйлей бастаған балаларда (үш жас шамасында) сөйлеудің қарқынды дамуымен қатар кекештену де пайда болады. Кекештік қалыптастырушы қозғаушы саласы бәсең балаларда пайда болатынын білу қажет. Осындай балалар епсіз, өздеріне жаман қызмет көрсетеді, босаң жейді, оларда қолдың кішкене моторикасы жеткіліксіз дамыған. Осы себептерді білу тәрбиешіге, әсіресе бірінші мен екінші сәбилер тобында, осындай балаларды дер кезінде айқындауға, оларға көбірек көңіл бөлуге: біреулерге – тіл дамыту сабақтарында, басқаларына – дене тәрбиесі мен музыкалық сабақтарда, ата-аналармен балаларға көмек туралы, сонымен қатар дұрыс тәрбиелеу туралы әңгімелесулерді өткізуге көмектеседі, өйткені кекештікті алдын алу, емдеуден гөрі жақсырақ. Бұл балалардың нерв жүйесі әлсізденгеніне байланысты, олар үшін жеке бабын табу, отбасында тыныштық жағдай, дұрыс жалпы және сөйлеу тәртібі қажет.



Кекештенетін бала үнемі логопед пен психоневрологтың бақылауында болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет